Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 3 глава





 

Олжабай батыр.


тыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек, Саңырық, Жа бай, Бердiқожа, Жарылғап сияқты басқа да көптеген батырлары ма ңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқасқа, ерен ерлiк көрсете отырып, өздерi бастап кiрдi.

Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұлан бай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қањармандық пен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелi Гауњар батыр барлау шылар жасағын басқарды. Ол барлық iрi шайқастарға да қатысты. Кейiнiрек балалы болып, босанғаннан кейiн соғысқа өзiнiң үлкен қызы Назымды жiбередi. Қазақ ауыз әдебиетiнде Гауњар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, елiңнiң ерi болып ту».

Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресiнiң интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға қарсы қазақ тармен бiрге қарақалпақтар мен қырғыздар да аянбай соғысты.

Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңiндегi жеңiлiстер қазақ хал қының рухын түсiрген жоқ. Олар жеңiске жетемiз деген рухы мен ерiкжiгерiн сақтай бiлдi. Халықтың жаппай ерлiк көрсетiп, қањар мандық танытуы, өздерiн арнамыс жолында құрбан етуге дейiн баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттерiне төзе бiлiп, төтеп берiп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тасталқан етiп жеңiп шықты.

Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе – қазақ батырлары бас қыншыларға қарсы кеңбайтақ Қазақстан аумағының барлық же рiнде бiрдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және руруға бөлiну дегендi ұмытты. Жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбiрлiк танытты. Қазақтың халық жы рауы Тәтiқара үш жүздiң өкiлдерi бiр кiсiдей ұйымшылдықпен ерлiк көрсеткенiн былай деп суреттейдi:


 

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы



«Қамыстың басы майда, түбi сайда, Жәнiбек Шақшақұлы болат найза.

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жiгiттiң ерлiгi осындайда.

 

Бөкейдi айт Сағыр менен Дулаттағы,

Дерiпсәлi, Маңдайды айт Қыпшақтағы, Gзге батыр қайтса да, бiр қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.

 

Ағашта биiктi айтсаң, қарағайды айт,

Жiгiттiк, ерлiктi айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мiнгiзген

Еменәлi Керейде ер Жабайды айт».

 

Батырлардың ерен ерлiгiн бiздiң заманымызға дейiн өз шы ғармалары арқылы жеткiзген ақынжыраудар Үмбетей, Ақтамбердi, Тәтiқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олар дың көпшiлiгi сұрапыл соғысты өз көздерiмен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлiкпен шайқасқа түскен жалынды жаужү рек жауынгерлер де болды.

3. Бұланты шайқасы. Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенiнiң бойында, Қара сиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет iрi жеңiске жеттi. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Бiрiккен күштердiң құрамындағы жауынгерлердiң жалпы саны 60 мың адамға жеткен едi. Қанды шайқас болған жердiң аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есiнде тарихи атау ретiнде мәңгi сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгерi қаза тапты. Бұланты өзенiнiң

бойындағы жеңiстiң баға жетпес зор ма ңызы болды. Ол жауынгерлердiң мо ральдық рухын әлдеқайда күшейттi. Жоң ғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңiлiстiң не екенiн бiлмейдi деген жал ған аңыздың күлiн көкке ұшырды. Оның есесiне қазақ жауынгерлерiн жiгерлендiре түстi. Бұланты шайқасын дағы жеңiс жалпы халықтың жүрекжар ды қуанышына ұласты, қањарлы жауға қарсы күресте бүкiл халықтың күшжiге рiн әлi де бiрiктiре түсiп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпiн бердi.


Бұланты өзенi бойындағы жеңiстiң стратегиялық маңызы да зор болды. Ол


БұлантыБiлеутi шайқасы.

Суретшi Р. Қожағұлова.


 

Бөгенбай батыр.

 

Қабанбай батыр.


алдағы Аңырақай шайқасында жауға есiнен тан дыра, ойсырата соққы берудiң сенiмдi кепiлiне айналды.

4. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресi барысын дағы өте елеулi оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлiнiң оңтүстiкбатыс жағындағы Итiшпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр тiкелей басшылық еттi. Оған қазақтың үш жүзiнiң жасақтары қатысты.

Аңырақай шайқасы дәстүрлi жекпежек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жа ғынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбiлмансұрдың жасырын аты) шықты. Саба лақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлiк ұранмен атой сала ұмтылды.

Жекпежекте қазақ батыры жеңiп шықты. Мұның өзi қазақ жауынгерлерiн арқаланды рып, олардың жiгерiне жiгер қосты. Жау жа ғының берекесi қашып, қатты абыржыды. Жоң ғарлардың рухы төмен түсiп кеттi. Осы жек пежек шайқастан кейiн Сабалақ Абылай ата нып кеттi. Аңырақай шайқасында қазақтар


жоңғарларға естерiнен тандыра күштi соққы бердi. Шайқас дала

сында жоңғарлардың есеңгiреген, жеңiлiске ұшырап, аңырап қал ған жерi Аңырақай деп аталып кеткен көрiнедi.

Үш жүздiң хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыз дықты қойып, күш бiрiктiрудiң арқасында қањарлы жауға жұмыла күресiп, тамаша жеңiске жеттi. Бұл жеңiс үш жүздiң күшжiгер бi рiктiруiнiң әбден қисынды әрi заңды нәтижесi болды. Ұзақ жылдарға созылған қазақжоңғар соғысында түбiрлi өзгерiс жасалды, ендi бiржола түбегейлi жеңiске жететiн күн де жақын қалды. Жоңғар лар қазақтардан тартып алған жерлерiн алдыартына қарай алмай, тастай қашты.

Қазақ жасақтарының кезектi тамаша жеңiске жеткенiне қарамай, жау жағы әлi де күштi, әлi де қауiптi едi. Сондықтан да бүкiл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен кү рес жүргiзе беруiне тура келдi.

5. Билiк үшiн бақталас күрес және бiртұтас халық майданының ыдырай бастауы. Аңырақай шайқасынан кейiн жауды түбегейлi бiр жола жеңудiң ауылы алыс қалған жоқ едi. Бiрақ тап осы кезде Жо ғары мәртебелi ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан


үмiткерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкiл қазақтың ұлы ханы болудан Әбiлқайыр мен Сәмеке дәмелi болатын. Бiрақ қазақ ақсү йектерiнiң тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға iс жүзiнде еш қандай айтулы қызметiмен көзге түспеген Әбiлмәмбеттi сайлауды лайық деп тапты. Gйткенi аймақтық билеушiлерге билiк басында күштi тұлғаның отыруы керек емес болатын.

Қазақтың бiрiккен әскери күштерiнiң бас қолбасшысы, Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр мен Орта жүздiң ықпалды ханы Сәмеке әлгi шешiмге риза болмады. Олар өздерiн қорлағандық санады да, әлi соғыс қимылдары жүрiп жатқан аумақтан өз әскерлерiн алып кеттi. Сөйтiп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына – бiрi солтүстiкке, бiрi – солтүстiкбатыс жаққа қарай көштi.

Gкiнiшке қарай, зор қиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келдi. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендiгi жолын әр жүз өздерiнше жекежеке iздестiруге көштi. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлi де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат берiп, жыл сайын алымсалық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрiнен де көп тартқан Орта жүздiң жауға қарсы күрестi одан әрi жалғастыра беруiне тура келдi. Ал Кiшi жүз үшiн мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жанжағындағы халықтардың қатерлi қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрiкмендер, Едiл қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар едi. Gйткенi бұл кезде олардың қайқайсысымен де қарымқатынас нашарлап, шиеленiсiп тұрған болатын.

6. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресiнiң та рихи маңызы. Сонымен ХVIII ғасырдың екiншi ширегiнiң бас кезiнде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргiздi. Жалпы қазақтық бiрiккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдас қан түрде үстiүстiне соққы бере бастады. Мұның өзi көбiнесе қазақ тың үш жүзiнiң, бүкiл қазақ халқының күшжiгер бiрiктiруiнiң ар қасында мүмкiн болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жiберу қаупi ел билеушiлерiн бұрын болған алтыбақан алауыз ырыңжырыңды ұмыттырды. Бас қоса бiрiгiп, жоңғар басқыншыларына үстiүстiне соққы беруге мәжбүрлiкпен жұмылдырды.

Хан, сұлтандар, билер мен батырлар қазақ мемлекеттiлiгiн қалайда сақтап қалуға күшжiгерiн барынша аямай жұмсады. Бұлан ты және Аңырақай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлiк рухын күшейтiп, аспандата биiкке көтердi. Ол шайқастардағы жеңiс халық болып топтасқанда кез келген күштi жауды жеңiп шығуға болатынын айқын көрсетiп бердi. Оның үстiне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерiнiң жеңiлiс атаулыны бiлмейтiнi жөнiндегi жал ған аңыздың күлiн көкке ұшырды.


Бұл соғыста қазақ халқының туысқан қарақалпақ және қырғыз халықтарымен жауынгерлiк одағын құрудың негiзi қаланды. Соны мен қатар бұл кезде, ХVIII ғасырдың 30жылдарының бас кезiнде, билiк жолындағы тақ таласы қазақтардың күшiн тағы да ыдыратуға жеткiздi. Олар ақыр аяғында елдiң тәуелсiздiгiнен айырылып тынды.

 

1.

?
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақтардың өзара бiрiгу үрдiсi қалай жүрдi? 2. Қазақ халқының азаттық күресiнiң негiзгi ұйымдас тырушылары мен оған қатысушылар туралы айтып берiңдер. 3. Қазақтар қан дай iрi шайқастарда тамаша жеңiске жеттi? 4. Жалпықазақтық ұлтазаттық қозғалысының бәсеңдеп, ыдырауына қандай оқиғалар себеп болды? 5. Қазақ тардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргiзген азаттық соғысында қол жеткiзген негiзгi нәтижесiн атап айтыңдар. 6. Қазақ ауыз әдебиетiнен қазақ жоңғар соғыстары кезiндегi хандар мен сұлтандар, билер мен батырлардың көрсеткен ерлiгi туралы деректер iздестiрiңдер. 7. Дүние жүзi халықтарының ерлiк пен батылдық, күштiлiк пен айбындылық, отансүйгiштiк және елге адал

дық туралы мақалдары мен мәтелдерiнен бiрнеше мысал келтiрiңдер.

*
Аманат – кепiлге берiлген адам. Көршi мемлекеттiң басшылары жасалған шартқа адалдық белгiсi ретiнде қазақ хандарының, сұлтандарының,

билерi мен батырларының беделдi отбасынан олардың балаларының бiреуiн кепiлге алатын болған.

Қарақалпақтар – Оңтүстiк Арал аймағында көшiпқонып жүретiн түркi тектес халық. Қазiр қарақалпақтар Gзбекстан Республикасының аумағында тұрады.

Отан соғысы – Отанды сыртқы жаудан қорғап қалуға бағытталған азат тық соғыс.

 

Бөгенбай Ақшаұлы (1680–1778) – әскери қолбасшы, дипломат, жоңғар қалмақта рымен болған соғыста бүкiл халықтың басын қосып, жауға қарсы күрестi ұйымдас

тырушылардың бiрi. Ол Абылай ханның ықпалды да беделдi жақын серiктерiнiң бiрi болған.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691–1769) – әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшiлерiнiң бiрi. Қазақтардың iрi жауынгерлiк жасағын басқарған. Соғыста көрсеткен ерлiгi мен батырлығы үшiн Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни «бiлегiн Айға бiлеген батырым» деп атаған.

Райымбек Хангелдiұлы (1705 – өлген жылы белгiсiз) – Ұлы жүздiң албан руынан шыққан белгiлi батыр, жоңғарларға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.

Тама Есет Көкiұлы (1667–1749) – Кiшi жүзден шыққан батыр, әскербасы, тама руының старшыны. Кейiнiрек ол патша үкiметiнiң тарапынан тархан атағын алған. Қалмақтарға қарсы азаттық күрестi ұйымдастырушылардың бiрi.

«Баянауыл тауындаѕы Жасыбай жќне Торайѕыр кbлдерi жатћан екi љлкен шатћалды сай еѓ кbркем таѓдаулы жерлер деп саналады... Бiр таудыѓ басындаѕы кbлдiѓ жанына Жасыбай батыр жерленген екен. Ќлгi кbл со- ныѓ атымен аталып кетiптi... Ћазаћтар ћалмаћтарды Баянауыл аймаѕынан ыѕыстырѕан сол бiр алыс жылдарда Жасыбай сонда тџрыпты. Ол жаѕалас- ћан жауына есесiн жiбермеген, кегiн алмай ћоймаѕан белгiлi батыр болып- ты. Бiр кљнi Жасыбайѕа ћазаћ жасаћтарыныѓ ћолбасшысы Олжабай батыр


шаѕын ѕана жасаћ алып, мыѓ-мыѓдаѕан ћалыѓ ћалмаћты ћарсы алдынан тосћауыл ћойып, тау iшiнен шыѕармай, ћамап џстау туралы бџйрыћ берiп- тi. Сџрапыл соѕыс басталып кетiптi. Онда Жасыбай ѕажайып ерлiктiѓ љлгiсiн кbрсетiптi. Ћалмаћ ханы оны bлiмшi етiп жаралаѕанѕа дейiн ћайт- пай соѕысыпты... Ћазаћтардыѓ аз ѕана тобы ендi ћайтемiз деп сескене бастаѕанда Олжабайдыѓ ћалыѓ ћолы келiп жетiптi де тау iшi ћалмаћтардыѓ жандарына сауѕа сџрап, кљѓiренген даусыныѓ жаѓѕырыѕына толып кетiптi...» Коншин Н. Ћазаћ этнографиясы бойынша еѓбектер (ћайта басылы- мы). – Павлодар. «ЭКО» НПФ. 2005, 42–43, 310-беттер.   1.Бџл ћџжатта Ћазаћстанныѓ аймаѕыныѓ ћандай батырлары туралы сbз болады? 2.Ћазаћтар мен жоѓѕарлардыѓ Баянауыл аймаѕындаѕы шай- ћасы немен аяћталды?

 

§4. ХVIII ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫШИРЕГIНДЕГI ҚАЗАҚОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ

ХVI–ХVII ғасырларда қазақтардың орыс халқымен қандай елшiлiк және сауда байланыстары болғанын естерiңе түсiрiңдер.

1. Қазақ хандығы мен орыс мемлекетiнiң арасындағы байланыс тың күшеюi. ҚазақРесей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол со нау ХVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негiзiнен, дипломатиялық және саудасаттық қатынастарымен шектелдi. Мәсе лен, Орта жүз қазақтарының көпес Строгановтармен сауда байла ныстарының болғаны мәлiм.

ХVII–ХVIII ғасырларда Батыс Сiбiрдiң әскери және шенеунiктiк тобы қазақтарды қырғыздар деп қате атап келдi. Орыс империясы ның Батыс Сiбiрдi басакөктеп шығысқа қарай жылжи түсуiне бiр кезде Сiбiрдi мекен еткен ержүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тiресе қарсылық көрсеткен болатын. Сол қырғыздардың атын орыстардың кейiнгi кезде қазақтарға қателесiп бергенi анықталды. Түбi бiрге туысқан екi халықтың шынында тiлi де бiр, көшпелi өмiр салты да, әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi де өте ұқсас екенi рас. Кейiннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екi халық екенiне көз жеткiзген орыстар қазақтарды

«қырғызқайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кеттi, ал нағыз шын қырғыздарды «таутас қырғыздары», «қара қырғыз дар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Gйткенi Ресейде бұл кезде «казак » деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған едi.

Қазақ хандығының Ресеймен белсендi араласқан байланысы ХVIII ғасырдың алғашқы ширегiндегi кезеңге сәйкес келедi. Ондай байланысқа екi жақ та мүдделi болды. Қазақтардың билеушiлерi


өздерiнiң солтүстiктегi көршiсiмен саудасаттық байланысын орна туға көбiрек мүдделiлiк танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әске ри одақ құруға бiрнеше рет әрекет жасады. Gйткенi шығысындағы Жоңғариямен әскерисаяси тұрғыда қарамақарсылық туындай бас таған болатын.

Ресеймен әскери одақ құру әрекетi алғаш рет ХVIII ғасырдың бас кезiнде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елшi жiберiп, жоңғарларға қарсы бiрлескен күрес жүргiзудi көздедi, кейiнгi жыл дарда да қазақ елшiлерi бiрнеше рет барып қайтты. Орыстармен әске ри одақ құру әрекеттерiн Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр да жасап көрдi. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейiн қазақ хандарының ұсынысына құлық бiлдiре қойған жоқ.

Патша үкiметi Қазақстанды бiрқатар себептерге байланысты өзi нiң геосаяси ықпалына алуды көкседi. Gйткенi Қазақстан ол үшiн Орта Азияға, Үндiстанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемле кеттерiне әскери iсәрекеттерiн онан әрi iлгерi жылжытуға қолай лы плацдарм едi. Ресейдi өзiнiң Қазақстан мен Орта Азия бағытында ғы сыртқы саяси қызметiн күшейте түсуге мәжбүр еткен және бiр нәрсе ағылшынорыс бәсекелестiгiнiң тигiзген ықпалы болды. Қа зақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауытфабрикалары шығарған өнiмдердi өткiзетiн орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлi шикiзат, жер асты қазба байлық түрлерiн, мал өнiмдерiн көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиiс едi. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергiлiктi байырғы халықты) алымсалық тө леп тұрудың қайнар көзi деп бiлдi.

Мiне, осының бәрi де қордалана келiп, Ресей империясының

Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргiзуiне негiзгi түрткi болған себептер едi.

2. Патша үкiметiнiң әскери бекiнiстер шебiн сала бастауы. Қазақ хандығы мен онымен шекаралас басқа аумақтарда болып қайтқан саудагерлер, дипломатиялық елшiлер, саяхатшылар да ондағы мол байлық туралы ауыздарының суы құрығанша әр түрлi әңгiмелер айтып келетiн. Мәселен, I Петрдiң құлағына Еркетi қаласында «ал тын аралас құмның» мол екендiгi жөнiнде хабар жетедi. Ұзаққа со зылған орысшвед соғысы салдарынан қазынасы сарқылған Ресейге орасан зор қаржы қажет едi.

Алғашқы Сiбiр губернаторы М.П. Гагарин I Петрге Тобылдан Еркетiге дейiнгi аралықта әскери бекiнiстер шебiн салу жоспарын ұсынады. Оның бұл ұсынысы қабыл алынды. Жоспарды жүзеге асыру үшiн подполковник И.Д. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жiберiлдi. Жасақтың құрамында әскерилер, Томск, Түмен және Тара қалаларының тұрғындары – барлығы 2800ге жуық адам болды. 1715


Бекiнiстi қамал.

 

жылғы маусым айында экспедициялық жасақ жорыққа шықты. Тап сол жылдың қазан айында Жәмiшев бекiнiсiнiң iргесi қаланды. Бекiнiс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты. Бекiнiстiң құрылы сы қоршауға алынды. Жоңғарлар Тобыл қаласынан жөнелтiлген азықтүлiк керуенiн басып алды. Бекiнiстi қорғаушылар арасында аштық басталды. Сөйтiп И.Д. Бухгольц келесi жылы аман қалған 700 адамымен бiрге керi қайтып кетуге мәжбүр болды.

Кейiнiрек, қазақжоңғар соғысы қызу жүрiп жатқан кезде, патша үкiметi Ертiс өзенiнiң бойындағы аймақта әскери бекiнiстер шебiн салуды одан әрi жалғастыру iсiн қолға алды. Бұл мiндеттi орындау үшiн И.Д. Бухгольцтiң экспедициясынан басқа бiрқатар ғылыми барлау және әскери экспедициялар жiберiлдi.

1716 жылы Ертiстiң оң жағалауында Жәмiшев және Омбы, 1717

жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы Семей, 1720 жылы

;скемен, Черноярская және Коряковская бекiнiстерi салынды.

Мұндай бекiнiстердiң салыну себебiн Сiбiрдегi орыс өкiмет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшiн, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншы лығынан қорғану үшiн салынып жатыр деп түсiндiрумен болды. Ал iстiң шын мәнiне келгенде ол бекiнiстер патша үкiметiнiң Ертiс өзенi бойындағы жағдайын күшейту үшiн өте қолайлы плацдарм едi. Онда ғы негiзгi мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоң ғар қонтайшыларының қол астындағы жерлердi де басып алып, өзiне қарату болатын. Бұл жөнiнде белгiлi орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертiс бойындағы бекiнiстер шебi осылай құрылды. Оның мiндетi оң жағалаудағы жерлердi жоңғарлардан, ал одан соң көп ұза майақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау едi».



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: