Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 4 глава





ХVIII ғасырдың бас кезiненақ Ресей Қазақ хандығына елшiлер жiберудi жиiлете бастады.

Ресей саудасаттық, одақтастық қатынастардың мәселелерiн рет ке келтiрумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жол дарын да iздестiрумен болды. Патша үкiметiнiң ондай арам ниеттi iсәрекеттерi қазақ елiнiң билеушiлерi тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негiзiнде шиеленiстi оқиғалар болып жатты.

3. Ресей мен Кiшi жүз қазақтары арасында шекаралық жер дауы ның шиеленiсуi. Қазақ хандығы мен Ресейдiң дипломатиялық қаты настар орнатуға тырысқан әрекеттерiне қарамай, шекара аймақта рында едәуiр шиеленiстi оқиғалар орын алды. Патша үкiметiнiң ЕдiлЖайық аймағында өзiнiң жағдайын жақсартып, нығайта түсуi қазақ елi билеушiлерiнiң белгiлi дәрежедегi қарамақарсы iсәре кеттерiн туғызды. Ондай шиеленiстi оқиғалардың орын алуына негiзi нен мынадай жағдайлар себеп болды: бiрiншiден, мал жайылымы үшiн күрес күшейдi. Екiншiден, өзара мал барымтасы орын алды. Үшiншiден, қазақтар өз жерiнде орыстардың әскери бекiнiстер шебiн салуға қарсы болды. Төртiншiден, қазақтар башқұрттардың патша үкiметiне қарсы күресiне жиiжиi қатысып жүрдi.

Сондықтан бейбiт жолмен байланыс жасау кезеңдерiн кейкейде өзара қарамақарсы шапқыншылықтар бұзып кетiп отырды. Ресейдiң iшкi жағына терең енiп жорықтар жасауға көбiнесе Кiшi жүздiң атақты ханы Әбiлқайырдың өзi бастама көтерiп отырды. Мысалы, 1717 жылы оның қол астындағылар Қазан губерниясының аума ғына басып кiрiп, Новошешминск қалашығына дейiн жеттi. Алайда оларды патша әскерлерi едәуiр шығынға ұшырата отырып, керi қуып шықты.

1723–1724 жылдары Әбiлқайырдың әскерлерi Жайық пен Едiлдiң екi ортасындағы бүкiл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенiнiң бойындағы алқапта мәңгiлiк көшiпқонып жүру құқығын белсендi түрде қорғаған Әбiлқайыр ханның мына сөздерi қазақ хал қының есiнде ұмытылмастай қалды: «Жайық өзенi қашан сарқылып, арнасы кеуiп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейдi».

Патша үкiметi қазақтардың тарапынан шекара шебiне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдаумен болды. Ол үшiн бекiнiс қорғандар салуға кiрiстi. Шекарадағы күзет әскерле рiнiң саны арттырылды, қазақ ауылдарына дүркiндүркiн шабуыл жасалып тұрды.

4. Орта жүз қазақтарының шекара аумағындағы iсәрекеттерi. Қа зақтардың Сiбiр жағына шабуыл жасап тұруының себептерi де Орал төңiрегiндегi қазақтардың жағдайымен бiрдей едi. Орта жүздiң әс кери жасақтары патша үкiметiнiң әскериотаршыл күштерiнiң iлгерi жылжуын тоқтатуға тырысты. 1700 жылы қазақтар Туқала округiне шабуыл жасады. 1724 жылы Тобыл қаласынан Туринск қаласына


мынадай хабар келiп түстi: «Қазақ ордасы шекарадағы слабодаларға таяу жерде көшiпқонып жүр, оларды ойсырата күйзелтiп, бiржолата жойып жiберуге тырысуда». 1731 жылы көктемде Омбы бекiнiсiнiң маңында қазақтар мен жергiлiктi әскери гарнизонның арасында қанды қақтығыс болды. Мұндай оқиғалар жиiжиi кездесiп тұрды. Мұның өзi Ресей империясының әскериотаршыл экспансиясының бетiн қайтарып, тоқтату үшiн дала тұрғындары тарапынан жан қиярлық iсәрекеттер жасалғанын көрсетедi.

1.

?
Қазақтарды Ресеймен жақындасуға мәжбүр еткен қандай жағдай едi?

2. Патша үкiметiнiң Қазақстандағы көксеген мақсаттары қандай болды?

3. Ертiс өзенiнiң оң жағалауында әскери бекiнiстер шебi қашан және не мақ сатпен салына бастады? 4. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының шекара шебiндегi аймақтарға және Ресейдiң iшкi округтерiне дүркiндүркiн шабуыл жасап тұруының негiзгi себептерiн атап көрсетiңдер. 5. Қосымша материал дарды пайдалана отырып, Бухгольцтiң 1715–1716 жылдары Қазақстанға жа саған экспедициясы туралы егжейтегжейлi әңгiме әзiрлеңдер. 6. Халықтар арасындағы бейбiтшiлiк пен достықтың қажет екендiгi және пайдасы туралы мақалдар мен мәтелдер келтiрiңдер.

*
Казактар – Ресейдiң шет аймақтарында қызмет атқарған әскери топ.

Туринск – Ресей Федерациясының Түмен облысы аумағындағы қала.

Туқала округi – Батыс Сiбiр аумағындағы әкiмшiлiкаумақтық бiрлiк, (қазiр Туқала қаласы – Омбы облысындағы аудан орталығы).

Жайық – Орал өзенiнiң аты.

Жәмiшев қамалы – қазiргi Павлодар облысының Жәмiшев селосы.

Қайып (1719 жылы қайтыс болды) – 1716–1719 жылдардағы қазақ ханы.

Коншин Николай Яковлевич (1864–1937) – белгiлiорыс ғалымы, тарихшы және

фольклоршы, Орыс география қоғамының Семейдегi бөлiмшесiнiң мүшесi. Ол Семей қаласында өлкетану мәселелерiмен айналысты.

Строгановтар – орыс көпестерi. Олар ХVI ғасырда Оралда зауыт салудың негiзiн қалаған, Ермактың (Жармактың) Батыс Сiбiрге жорығын ұйымдастыруда шешушi рөл атқарған. Строгановтар қазақтармен саудасаттық жүргiзудi жандандырып, күшейте түскен.

  «1716 жылдыѓ бљкiл бойында кiнќз Гагарин bзiнiѓ жiберген ћателiгiн тљзетiп, жљзбасы Чередов арћылы ћонтайшыѕа Жќмiшев бекiнiсiнiѓ са- лыну себебiн оны bздерi шабуылѕа айдап салып отырѕан ћырѕыздар (ћазаћтар) тарапынан жасалатын шабуылдан ћорѕау љшiн деп тљсiндiрдi, содан кейiн бояр џлы Мартемьяниковты ћонтайшыѕа жiберiп, одан ћазы- на-мљлiк пен тџтћындарды ћайтарып берудi талап еттi». Словцов П.А. Мемлекеттiк байлыћты молайту туралы//Сiбiрге тари- хи шолу. СПб., 1886, 225-бет. 1.Патша љкiметi Ертiстiѓ оѓ жаѕалауына бекiнiс-ћамалдарды не маћ- сатпен салды? 2.Патша љкiметi орыс-жоѓѕар ћатынастарында ћазаћтарѕа ћатысты ћандай баѕыт џстанды?


§5. КIШI ЖҮЗДIҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

Империя дегенiмiз не? Ежелгi дүние мен орта ғасырлар тарихынан сендер қандай империялардың болғанын бiлесiңдер?

1. Кiшi жүздiң Ресейге қосылуының алғышарттары мен себеп терi. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңiске жеткенiмен ол табыс баянды бола қой мады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты ала уыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзiне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi күтумен болды.

Әбiлқайыр Қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын жатпайтұрмай тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадiрқасиетi де шешушi рөл атқарды.

1730 жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жаса суды ұсынды. Алайда Ресеймен келiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң өкiмет билiгiмен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбiлқайырдың батырдың Сейiтқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшiлiгi Пе тербургке келдi. Елшiлiк Кiшi жүздi Ресейдiң қарамағына алу тура лы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтiнiштi та быс еттi.

Әбiлқайырдың елшiлiгiне зор құрмет көрсетiлiп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшiн Кiшi жүздi империяның құра мына қосып алудың ең қолайлы сәтi туды. Бұған дейiн Ресейдiң құрамына Едiл қалмақтары, Кабардин кiнәздiгi қосылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi жүздiң қазақта рын Ресейдiң қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезiнде бiрқатар шарттар қойыла тыны ескерiлдi. Бiрiншiден, Әбiлқайырдың қол астындағылар Ре сейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгiсi бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға мiндеттi болды. Екiншiден, Ресейдiң қол астын дағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тый ым салынуы тиiс болды. Үшiншiден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға мiндет тендi. Төртiншiден, Әбiлқайыр Ресейдiң қол астындағы халықтар дан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрт тармен татутәттi бейбiт жағдайда өмiр сүруi тиiс болды. Алайда содан көп кейiнгi оқиғалар ол шарттардың бiрдебiреуiн екi жақ тың да орындамағанын көрсеттi. Екi жақ та өздерiнiң пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған си паттары ғана орын алды. Дегенмен, бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосыла бастауының басы едi.


2. А. Тевкелев бастаған елшiлiктiң Кiшi жүзде болуы. Қазақтардан ант алу үшiн патша үкiметi Әбiлқайырға 1731 жылғы көктемде Пе тербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшiлiктi жiбердi. Оған Кiшi жүз дiң билеушiлерiн Ресейдiң қол астына қалай өткiзуi керектiгi жө нiнде жанжақты нұсқау берiлдi. Кiшi жүздiң ат төбелiндей билеушi тобын қалағанынша дүниемүлiк берiп, тiкелей сатып алу жағын да қарастырып көрудi тапсырды. Ол үшiн 1 миллион орыс рублiне дейiн жұмсауға рұқсат етiлдi. Әбiлқайырға императрица Анна Иоанновна ның атынан қымбат бағалы сыйлықтар – болат қылыш, бұлғын iшiк, екi түлкi тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделдi. Бiрақ оларды Құран ұстап, ант берiлгеннен және құжатқа қол қойыл ғаннан кейiн ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсыр мамен келгендердiң құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрi батыры Таймас Шайымов та болды.

Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлiк, сонымен қатар

барлау мәлiметтерiн де жинауға – жер бедерiн суреттеуге, қазақтар дың тiлi, әдетғұрпы және салтдәстүрлерi туралы мәлiметтер жинақ тауға тиiс болды. Елшiлiк сондайақ тұрғындардың империя қол астына өтуi қабыл алынған кездегi көңiл күйiнiң қандай болғанын да бiлуi тиiс едi. А. Тевкелевке қазақтардың ең жақын көршi халық тары туралы да деректер жинау тапсырылды.

Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделiлiктiң болғаны Ресей императоры I Петрдiң мына бiр сөздерiнен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған едi: «Бiр миллион сомға дейiн қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бiр жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткенi ол, қырғызқай сақ ордасы... бүкiл Азия елдерiнiң қақпасын ашатын кiлт».

3. Әбiлқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы. Кiшi жүз дегi ақсүйектердiң едәуiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуге үзiлдi кесiлдi қарсы болды. Жергiлiктi жерде айқындалғанындай, Ресейдiң қол астына өту туралы шешiм Әбiлқайыр ханның жеке өзiнiң бас тамасы бойынша қабылданған болып шықты. Оппозициялық көңiл күйдегi көптеген қазақ билеушiлерi Ресеймен екi арадағы келiссөз дердi болдырмай, ашықтанашық үзiп тастауға тырысып бақты. Ресей елшiлерiн өлтiрiп жiберуге әрекет жасағандар да болды. Сондық тан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлердi қорғау iсi Әбiлқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сенiп тапсырылды.

Қазақ билеушiлерi негiзiнен алғанда сенiмдi де тиiмдi одақтас iз деп табу мүддесiн басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостан дығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үмiттендi.

4. Әбiлқайыр ханның және оның тHңiрегiндегiлердiң Ресейдiң қол астына Hтудi қабылдауы. Gзiн Ресей империясының сенiмдi өкiлi екендiгiн алға тартып, дүниемүлiкке қызықтыру арқылы пара беру, уәделi келiсiмге көндiру, кейкейде ашықтанашық қоқанлоқы жа


сап қорқыту арқылы А. Тевкелев келiссөздердi ақыры өз пайдасына шештi. Ресей елшiсi Әбiлқайырдың төңiрегiндегiлердi Ресейдiң қол астына өтуге көндiрдi.

1731 жылдың 10 қазан күнi Әбiлқайыр хан, бiрқатар сұлтандар және iрi билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерiнiң арасындағы Майтөбе деген шатқалда өттi. Ант қабылдау ға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан партия сы» деп аталатын топтың мүшелерi болатын. Бiрiншi болып Әбiл қайыр хан, одан соң оның төңiрегiндегiлер ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерiнiң едәуiр тобы өз мүдделерiн көздеп, келiссөздер жүрiп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге қолдау бiл дiрдi. Қазақтардың Ресейдiң қол астына өтуi, мiне, осылай басталды. Әбiлқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепiлi ретiнде өзiнiң ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жiберуге уәде еттi.

Ресейдiң дипломатиялық тапсырмамен келген елшiлерi Қазақ стан аумағында бiр жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоға мын егжейтегжейлi жанжақты зерттедi, қаншалықты мол мүмкiн дiктер бар екенiн байқап қарады. А. Тевкелев Кiшi жүзде атқарған сәттi дипломатиялық қызметi үшiн әуелi полковник, одан сәл кейiнi рек орыс армиясының генералы әскери шенiн алды. Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесiндегi iрiiрi мұсылман помещиктерiне айналды. Олардың мыңмыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берiлдi.

Әбiлқайыр хан Ресейдiң қол астына өтудi қабылдағаннан кейiн Кiшi жүз қазақтарының арасындағы беделi мен ықпалынан айыры ла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушiлерi келең сiз рөл атқарды. Gйткенi олар бұл аймақта ислам дiнiнiң ықпалы елеулi түрде әлсiрейтiн болды деп түсiндi. Ал Әбiлқайыр Ресей мемлекетiнiң қол астына өтуден алған мәртебесiне көңiлi толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкiметi кейiнiрек оны тағы да ант қабылдауға мәжбүр еттi.

Оның Ресей қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады. Ол тек Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне бағынбауға тырысты. Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал ка зактарымен шекара аймағындағы шиеленiстi қақтығыстары тоқта тылмады. Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы белсендi iсәрекет терi ол 1748 жылы өзiнiң саяси қарсыластарының қолынан қаза тап қаннан кейiн ғана тоқтады.

Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi. Әскери гар низондарының аздығы және қаружарақтарының нашар болуы салдарынан Ертiс бойындағы бекiнiстер де қазақтарды жоңғар қал


мақтарынан қорғай алмады. Сондықтан да жоңғарлардың билеушiсi ГалданЦерен 1741 жылы Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жо рық жасады.

5. Патша үкiметiнiң Қазақстандағы жағдайының одан әрi нығаюы. Әбiлқайыр Ресейдiң қол астына өткеннен кейiн тап сондай әрекет ке қазақтардың басқа да бiрқатар билеушiлерi бара бастады. Бейне бiр тiзбектi реакция сияқты құбылыс пайда болды. Оның үстiне, Ресейдiң қол астына өту бәлендей мiндеттер жүктей қоймайтын едi. Патша үкiметi қазақтардың билеушiлерiне iрiiрi сыйлықтар бердi. Әрбiр шекаралық бекiнiске қазақтардың ақсүйектерiне «қолдау көрсету үшiн» едәуiр мөлшерде ақшалай қаражат бөлiндi.

Орта жүздiң және Орта Азияның басқа да халықтары хандарының Ресейдiң қол астына өтуiне Әбiлқайырдың тигiзген ықпалы мен ат қарған рөлi күштi болды. Ол араағайындық қызмет атқарды, ал патша үкiметi түрлi сыйлықтар жасауға, ақшалай және азықтүлiк жағынан көмек көрсетуге сараңдық жасамады. Қазақтар шекара лық шептерде айырбас түрiндегi сауда жасауға мүдделi болды. Ресейдiң қол астына өту олардың қысқы уақытта шекара шебiнiң iшкi жағына өтiп, уақытша тұрақтауына мүмкiндiк беретiн едi. Ре сей өзiнiң қол астына өткен хандықтардың ешқайсысының iшкi iстерiне де, сыртқы iстерiне де қол сұғып араласпады.

Ұлы жүз тарапынан да Ресейдiң құрамына кiрудi сұраған алғаш қы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздiң Ресей аумағынан алыс жа туы себептi 30жылдары ол Ресейдiң құрамына ене алған жоқ. 1740 жылы Орынборда Әбiлқайырдың араағайындық етуiмен Орта жүздiң ханы Әбiлмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдiң қол астына өттi. Атап айтатын бiр нәрсе – Ресейдiң қол астына негiзiнен шекара шебiне таяу тұратын қазақтар өттi.

Патша үкiметi Әбiлқайырдың көмегiмен Хиуа хандығын Ресейдiң қол астына өткiзуге әрекет жасап бақты. Бiрақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзiлдiкесiлдi бас тартты.

6. Орынбор ( «Қырғызқайсақ » ) экспедициясының қызметi. Кiшi жүздiң шекара аймағындағы жерiнде патша үкiметiнiң жағдайын ны ғайтып, бекiте түсу үшiн 1734 жылы Қырғызқайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдiң жақын серiктерiнiң бiрi И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшiсi қазақтардың дәстүрлi әдетғұрыпта ры мен заңдарын жақсы бiлетiн тiлмаш А. Тевкелев болды. Кейiнiрек қырғызқайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамы 2700 адамнан тұрды. Экспедицияға үкiметтiң берген тапсырмасы Кiшi жүздiң жағдайын жанжақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетiнiң карта сын түсiрумен айналысты.

1735 жылы Әбiлқайыр ханның өтiнiшi бойынша Орынбор қама лының негiзi қаланды. Қазақ ханы дала төсiнде әлдебiр бүлiншiлiк

3—6903 33


 

 

XVIII ѕасырдаѕы Ћазаћстан.Шартты белгiлер: 1 – Ћазаћстанныѓ ХVIII ѕасырдыѓ 30–40-жылдарында Ресей империясыныѓ ћџрамына енген аумаѕы; 2 – Ћазаћстанныѓ ХVIII ѕасырдыѓ екiншi жартысында Ресей империясыныѓ ћџрамына енген аумаѕы; 3 – елшiлiктер (1716 жылѕы Б.Екешев пен Б.Бbриевтiѓ, 1716–1717 жылдардаѕы Н.Белоусовтыѓ, 1717–1718 жылдардаѕы Б.Брянцевтiѓ, 1730 жылѕы С.Ћойдаѕџлов пен Ћ.Ћоштаевтыѓ, 1731 жылѕы А.Тевкелевтiѓ елшiлiктерi); 4 – сауда жолдары; 5 – И.Бухгольцтiѓ экспедициясы (1714–1716); 6 – А.Бекович-Черкасскийдiѓ экспедициясы (1716–1717); 7 – ћамалдар; 8 – басћа да елдi мекендер; 9 – жоѓѕар феодалдарыныѓ шапћыншылыћтары; 10 – ћазаћтардыѓ жоѓѕар ќскерлерiне ћарсы соѕыс ћимылдары, шайћас болѕан жерлер жылда- ры кbрсетiлген); 11 – мемлекеттiк шекара; 12 – Ћазаћстанныѓ шекарасы.


оқиғалары бола қалса, сол бекiнiсқамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенiнiң Жайыққа құяр жерiнде салынды. Кейiн ол Ор бекiнiсi деп аталды. Орынбор бекiнiсi Ресей аумағының iшкi жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлау дың стратегиялық орталықтарының бiрiне айналды. Ол Ресейдiң еуропалық бөлiгi мен қазақ даласының, Орта Азияның аралығында ғы iрi сауда орталығы қызметiн де атқарды. Кириллов қайтыс болған нан кейiн Орынбор экспедициясының бастығы болып В.Н. Татищев тағайындалды. Әбiлқайыр ханның қолдауына сүйенген ол Орта Азияға бiрiншi рет сауда керуенiн жөнелттi.

7. Патша үкiметiнiң Орал шекаралық шебiн нығайтуы және жер дауының шиеленiсуi. Қазақтарды өзiнiң қол астына алғаннан кейiн патша үкiметi бекiнiстер салуға қызу кiрiстi. Оның бұл әрекетi шека ра аймағындағы жер дауын бiрден өршiтiп жiбердi. Бiрiншiден, ХVIII ғасырдың 30–40жылдарында әскери бекiнiстерi бар Үй шекара шебi салынды, ол Жоғарғы Жайық бекiнiсiнен Звериноголовская бекiнi сiне дейiнгi 770 шақырымға созылды. Екiншiден, патша үкiметi 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенiнiң оң жақ өңiрiнде көшiп қонып жүруiне қатаң тыйым салды. Үшiншiден, 1742 жылы патша үкiметi қазақтардың Жайық өзенiне, Жайық қалашығына, сондай ақ салынып жатқан бекiнiстерге жақын келуiнiң өзiне қатаң тыйым салды. Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейiнгi жылдарда да жалғаса бердi. Мұның бәрi де көшпелi қазақтардың әлеуметтiкэкономикалық жағдайын нашарлата түстi. Сөйтiп қазақ тар салынып жатқан шекара шебiне дүркiндүркiн шабуыл жасауды жиiлеттi. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда қалды, көшпелiлердiң кедейленiп, қайыршылану үрдiсi басталды.

8. Кiшi жүз қазақтарының Ресейдiң қол астына Hтуiнiң салдарла ры. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының бiр бөлiгiнiң Ресейдiң қол астына өтуiнiң, негiзiнен алғанда, ұзаққа созылған келеңсiз сал дарлары болды. Қазақ халқы бiртебiрте өз тәуелсiздiгiнен айырыла бастады. Патша үкiметi хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзiнiң бiр айтқанды екi етпейтiн тәртiптi шенеунiктерге айналды рып алды.

Патша үкiметi жалпықазақтық хандықтың болуын танудан сана лы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетiнiң аумақтық тұтастығын бұзып, бiрлiгiн ыдырата бастады. Iс жүзiнде қазақтардың билеушiлерiмен ешқандай келiсiп алмайақ, қазақорыс шекарасы ның бүкiл өн бойына әскери бекiнiстер, қамалдар, далалық шағын бекiнiстер салуды үстiүстiне үдете бердi. Жайылымдық жерлердiң тарыла түсуi мал өсiрумен айналысатын көшпелi және жартылай көшпелi қазақтардың шаруашылық негiзiн елеулi түрде шайқалтты.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: