Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 5 глава





Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшiн шекара шебiндегi аймақтарға көшiп баруына рұқсат етiлмедi. Қазақстанның Ресейдiң ықпалына енуi кейiнгi жылдары қазақ тардың Орта Азия мемлекеттерiмен қарымқатынасының едәуiр на шарлап кетуiне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлерi Оң түстiк Қазақстанның қазақтарына оқтыноқтын жорық жасап тұрды, алымсалық төлеттi. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екi арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуi едәуiр жағымды

сипат алды. Ресей ғалымдары Қазақстанды зерттей бастады.

1.

?
Кiшi жүздiң Ресейге қосылуының негiзгi алғышарттары мен себептерi туралы айтыңдар. 2. А. Тевкелев бастаған елшiлiк қандай қызмет атқаруға

тиiс едi? 3. Кiшi жүз ақсүйектерiнiң едәуiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтуге неге қарсы болды? 4. Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi антқа қол қою үрдiсiн қалай өткiздi? 5. Ресейдiң қол астына өткеннен кейiн жер дауының шиеленiсiп кетуiнiң негiзгi себептерiн анықтаңдар. 6. Кiшi жүз қазақтары бiр бөлiгiнiң Ресейдiң қол астына өтуiнiң салдарлары қандай болды?

*
Басыбайлы шаруа – Ресейдiң 1861 жылға дейiн тағдыры iс жүзiнде поме щиктер мен дворяндардың еркiне толық тәуелдi болған ауылдық жердiң

тұрғыны.

Оппозиция – қарамақарсылық, қарсылық көрсету.

Тiлмаш – бiр тiлден екiншi тiлге аударатын адам.

Экспедиция – бұл жерде сөздiң мәнi «ведомство», «мекеме» ретiнде ай тылған.

Жасақ – мемлекеттiң пайдасына алынатын салық.

Әбiлмәмбет – қазақ ханы, Болат ханның ұлы.

Нұралы (НұрӘли) – Кiшi жүздi 1748–1786 жылдары билеген хан. 1741 жылы Хиуаны бiр жылға жуық билеп тұрды, Әбiлқайыр ханның үлкен ұлы.

Татищев Василий Никитич (1686–1750) – Ресей тарих ғылымының негiзiн қалаушы, географ, Ресейдiң мемлекет қайраткерi.

Тевкелев Алексей Иванович (1674–1766) – Ресей дипломаты, Сыртқы iстер алқасы ның аудармашысы, генерал әрi iрi помещик, Кiшi жүз қазақтарының Ресейдiң қол астына өтуiне шешушi ықпал етiп, үлкен рөл атқарған.

«Тевкелевтiѓ Ордаѕа келуi ћулыѕы кљштi Ќбiлћайырдыѓ билiкке ћџш- тар ойларын тљгелдей ашып бердi. Ресейдiѓ ћол астына жаѓадан bтетiн- дерден ант алу љшiн келген шенеунiктердiѓ bздерiне жљктелген ћызметiне сай жылы ћарсы алынбаѕаны былай тџрсын, олар тiптi келген бойда-аћ bз bмiрлерiнен айырылып ћала жаздады. Ћырѕыздар (ћазаћтар) bздерiнiѓ таѕылыћ табиѕи бостандыѕын жоѕалтып алатыны жbнiнде ойланѕан кезде ашу-ызаѕа булыћты, орталарына келген орыстарды кbрiп, кенеттен ћатты толћыды. Тевкелевтi тiптi сол жерде-аћ ћџрбандыћћа шалып жiбере жаз- дады. Оны ханныѓ bзi ћорѕап ћалды. Бiраћ ол bзгелердiѓ ашу-ызаѕа толы толћуын баса алмады. Оныѓ bзiнiѓ ћол астындаѕы небiр ержљрек жандар- дыѓ кейбiреулерi ханныѓ bзiне ћол салып, бџлардыѓ ешћайсысыныѓ келiсiмiнсiз шетелдiк мемлекетпен неге келiсiм жасасћаны, оѕан бас иiп,


баѕынуѕа bз атына ѕана емес, бљкiл орданыѓ атынан уќде еткенi туралы есеп берудi талап еттi. Ќбiлћайырдыѓ bзiнiѓ елшiлерiн Ресейге жbнел- терде азѕана ћырѕыз-ћайсаћ жиналысын келiсiм беруге мќжбљр еткенiн естiгеннен кейiн мџндай ћарсылыћтыѓ болмай ћоймайтынын кљтпеу тiптi де мљмкiн емес едi. Сол бiр ћулыћћа толы батылдыћ оныѓ bз bмiрiне де ћауiп тbндiрген болатын... Ћырѕыз-ћайсаћтар Тевкелевтi bз ћолдарымен бауыздап, ћџрбандыћћа шалуѕа талай рет џмтылѕанда, ол Ќбiлћайырдыѓ арашашы болѕандыѕыныѓ ѕана емес, сонымен ћатар bзiнiѓ ордалыћтар- мен дiндес болуыныѓ жќне сbз тапћыш шешендiгiнiѓ арћасында ѕана аман ћалѕан едi...» Левшин А.И. Ћырѕыз-ћазаћ, немесе ћырѕыз-ћайсаћ ордалары мен дала- ларыныѓ сипаттамасы. Алматы, 1996, 181-бет.   1.Ќбiлћайырдыѓ ордасында Ресей елшiлерi ћалай ћабылданды? 2.Ћазаћ ханы bз ћол астындаѕылардыѓ ашыћтан-ашыћ ћарсылыѕына ћа- лай тап болды? З.Тевкелевтiѓ bз bмiрiн аман саћтап ћалуыныѓ жќне пат- ша љкiметiнiѓ тапсырмасын ойдаѕыдай етiп орындауыныѓ сќтi ћалай тљстi?

 

§6. ХVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫҚАЗАҚСТАН

Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өтудi қабыл алғаннан кейiн Ресеймен шекаралас аймақ тардағы өзара қарымқатынас қиындап, барған сайын шиеленiсе түстi. ҚазақРесей қарамақайшылығының негiзiнде жер дауы жатты. Патша үкiметi Қазақстан жерiн тiкелей тартып алуға және қазақбашқұрт қатынастарының шиеленiсiн ушықтыра түсуге көштi.

1. Кiшi жүздегi қарамақайшылықтардың шиеленiсе түсуi. 1748 жылы Әбiлқайыр ханның ұлы Нұралы Кiшi жүздiң ханы болды. Жаңа билеушi патша әкiмшiлiгi бұл лауазымға ресми түрде бiрiншi рет бекiткен қазақ ханы едi. Оған жылына 600 сом мөлшерiнде жалақы тағайындалды. Ол өзiнiң ұлдарын аманат ретiнде Орынборға тапсы руға мiндеттендi. Нұралы ханның патша үкiметiне тәуелдiлiгi, оның қазақтар арасында абыройын түсiрдi, сұлтандар тәуелсiз болуға ты рысты. Сондықтан да патша үкiметi шекара шептерiн нығайта түсу ге көп күшжiгерiн жұмсауға кiрiстi.

Оның үстiне, патша үкiметi қазақтардың Жайық өзенiнiң оң жақ бетiнде көшiпқонып жүруге бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым сал ды. Қазақтарды өзеннiң оң жағалауына өткiзбеу мақсатымен оның сол жағалауындағы жайылымның шөбiн күзге қарай өртеп жiберудi әдетке айналдырып алды. Мұндай тыйым салулардың бiрқатар се бептерi болды. Патша үкiметiнiң өз тылында бақылау жасау қиын тиетiн көшпелiлердiң қарулы қалың тобын жақын ұстағысы келмедi. Алғашқыда Ресейдiң шекаралық iшкi аумағына орыс халқын –


бiрiншi кезекте казактарды, содан кейiн қоныс аударатын шаруа ларды орналастыру көзделген болатын. Ақырында бiр жағынан қазақтардың, екiншi жағынан башқұрттар мен қалмақтардың ара сында бұрыннан орын алып, созылып келе жатқан қарамақайшы лықтар болды. Қазақтардың Жайық пен Едiл өзендерiнiң аралығы на келуi ол қарамақайшылықтарды ушықтырып жiберетiн едi.

2. Қазақбашқұрт қатынастарының даму ерекшелiктерi. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының солтүстiктегi ұзаққа созылатын ең үлкен шекарасы Башқұртстанмен екi арада болды. Башқұрттар да көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтын ұстанатын. Олар қазақтармен тегi бiрге туыстас түркi тiлдес халық болатын. Олардың шаруашы лықты жүргiзу қызметiнiң түрi ұқсас, тiлi де, дiнi мен мәдениетi де ортақ едi. ХVII ғасырдың екiншi жартысында Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi руруымен ҮйМиасс өзендерi аралығын дағы және Жайықтың оң жағалауындағы башқұрт жерлерiнде көшiпқонып жүретiн. Башқұртқазақ байланыстарының ол кездегi кеңiнен тараған түрлерi екi халық арасындағы қыз берiп, қыз алы су, құдажекжат болып араласу болатын. Башқұрт және қазақ ба тырларының арасындағы күрес, бәйге, садақ ату сияқты жарыстар бiрлескен мереке кездерiнде кеңiнен өткiзiлетiн.

Патша әкiмшiлiгiнiң башқұрттар арасындағы отаршылдық сая саты көптеген көтерiлiстердiң жиiжиi шығып тұруына алып барып соқтырды. Мәселен, 1740 жылы башқұрттардың Қарасақал бастаған

кезектi көтерiлiсi болды. Оған қазақтар және олармен одақтас қара қалпақтар да белсене қатысты.

Башқұрттармен екi арада бейбiт байланыстармен және одақтас тастық қарымқатынастармен қатар әр түрлi қақтығыстар да, қыз алып қашу, барымталау, қазақ және башқұрт билерi мен батырлары ның бақталастығы сияқты әрекеттер де болып тұратын. Патша үкi метi қазақтар мен башқұрттардың ұлтаралық араздығын тудырудың қолайлы уақытын бос жiбермеуге тырысып бақты. Орынбор экс педициясының бастығы И. Кирилловке үкiметтен башқұрттар мен қазақтарды бiрбiрiне айдап салып, қырылыстырып отыру туралы нұсқау түстi. Сөйтiп ол екi туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш бiрiктiруiне жол бермеу үшiн қолынан келген барлық амаләрекеттiң бәрiн де жасады.

3. 1755 жылғы қазақбашқұрт шиеленiсi және оның салдарлары. 1755 жылы башқұрт халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған және бiр кезектi iрi көтерiлiсi болып өттi. Ол халықтық қозғалысты Батырша басқарды. Gздерiне жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн құрамында 50 мыңнан астам адам бар көтерiлiсшiлер Кiшi жүздiң шекаралас аумағына көшiп барды. Көтерiлiсшi башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегi сияқты бiрiге күш жұмсап, патша әскерлерiне


қарсы күреске шығуды армандады. Қазақстанның шегiне көшiп бару башқұрттардың отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi деп ойлады.

Көтерiлiстiң зор ауқымдылығынан және екi халықтың күш бi рiктiре қарсылық жасауынан қауiптенген патша әкiмшiлiгi оларды бiрбiрiмен араздастырып, өзара қақтығыстыруға әрекет жасап бақ ты. Қазақ халқының едәуiр бөлiгi башқұрт әскери жасақтарының басшысы Батыршаның үндеуiн түсiнiстiкпен қабыл алды. Орынбор әкiмшiлiгiнiң тарапынан жасалған қоқанлоқы қорқытуларға қара мастан, көптеген башқұрттар қазақ даласынан өздерiне баспана тапты. Қазақтардың бұл көтерiлiске жаппай қатысқан кездерi де аз болған жоқ.

Орынбор өлкесiнiң губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың би леушiлерiне көтерiлiске қатысқан башқұрттарды ұстап берудi немесе ең болмағанда оларды шекара шебiнен асыра қайта қуып шығуды ұсынды. Бұл қызметi үшiн олардың дүниемүлкi мен мал басын тартып алуға рұқсат еттi. Башқұрттардың әйелдерi мен балалары қазақтардың қолында қалуы тиiс болды. Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған азғана тобы қуана қабыл алды.

Кiшi жүздiң бiрқатар өкiлдерi тарапынан жасалған жүгенсiз бас сыздықтар туралы естiп бiлген башқұрттар ендi кек алуға көше бас тады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен өздерiнiң қазақ даласына өтiп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ал Неплюев ресми түрде рұқсат етпегенiмен бекiнiс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтiп жатқанын байқамаған болуы жөнiнде құпия нұсқау бердi. Ал екi жақ бiрiнбiрi қырыпжоюға тақалған кезде олардың өзенге жақын келмеуi туралы алдын ала ескерту жасады. Осы мақ сатпен ол шекара шебiн күзетудi одан сайын «күшейте» түстi.

Көтерiлiс езiпжаншып басылғаннан кейiн кейбiр қазақ рулары өздерiнiң араларында башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрi жал ғастыра бердi. Бұл жағдай патша үкiметiн генералмайор А. Тев келевтi қазақ даласына арнайы жiберуге мәжбүр еттi. А. Тевкелев қазақтардың қашқын башқұрттарды қызғыштай қорғамай, патша үкi метiне жедел түрде ұстап беруi тиiс екенiне көздерiн жеткiзуге ты рысты. Тевкелев қазақ старшындарын патша үкiметi билiгiнiң талап тарын орындауға көндiру мақсатымен қорқытыпүркiтiп, үрей де тудырды. Қымбат бағалы сыйлықтар ұсынып алдауды да шебер пай далана бiлдi.

Нұралы ханның iсәрекеттерi қазақбашқұрт қатынастарының одан әрi ушыға түсуiне себеп болып, бiрнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар ендiгi жерде Жайықтың оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшiпқонып жүретiн жерлерiне бұрынғыдай емiнеркiн бара алмайтын болды. Сондықтан да белгiлi зерттеушi А.И. Левшиннiң тiптi ХIХ ғасырдың басына


қатысты былай деп жазуы тегiн емес: «... Қантөгiс азайғанымен екi туысқан халықтың арасындағы қастандық осы уақытқа дейiн сақта лып келедi... » Бұл туралы орынборлық зерттеушi В.Н. Витевский былай деп неғұрлым ашық жазды: «... башқұрттар мен қырғыздар дың (қазақтардың) арасындағы алауыздықтың Неплюев сепкен ұрығы ның неғұрлым құнарлы топыраққа түскенi сонша, оның башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтардың) арасын алшақтату үшiн жасалған iсәрекетi өзi күткендегiден де күштi нәтиже бердi...»

4. Жаңаесiл шекара шебiнiң салынуы. ХVIII ғасырдың 50жылда рында Ертiс шекаралық шебiнiң құрылысы аяқталған едi. Тап осы кезде Gскемен бекiнiсiнен Кузнецк бекiнiсiне дейiн созылатын Ко лывановская шекара шебiнiң құрылысы да салына бастаған болатын. Патша үкiметi қазақжоңғар шапқыншылығын пайдалана оты рып, қазақ жерлерiн ашықтанашық одан әрi жаулап алу әрекетiне кiрiсiп кеттi. 1752–1755 жылдары Орта жүз жерiнiң солтүстiк айма ғында Жаңаесiл шекара шебiндегi әскери бекiнiстер мен ұсақтүйек дала бекiнiстерiнiң құрылысы жүрiп жатты. Ол Үй шекара шебiн Ертiс шекара шебiмен жалғастырды. Оның бойында Звери ноголовская, Петропавл, Пресновская және басқа бекiнiстер салын ды. Оған едәуiр көп әскер күшi шоғырландырылды. Бұрынғы доға тәрiздес Ескiесiл шекара шебi ендi «тiгiнен түзетiлiп», қазақтардың көшiпқонып жүретiн жерiнiң iшiне қарай 250 шақырым кiрiп кеттi.

Жеке шекаралық шеп «Ащы шеп» деген атауға ие болды. Gйткенi

оның бойында көптеген суы ащы тұзды көлдер бар едi.

Ескiесiл және Жаңаесiл аталған шекара шептерiнiң аралығында ежелден берi көшiпқонып жүрген қазақтар одан күшпен қуып шы ғарылды. Мұның өзi бұрыннан қалыптасқан көшiқон жүйесiн бұзды. Патша үкiметiнiң жердi басакөктеп тартып алуы салдарынан көпте ген қазақ рулары дәстүрлi мал жайылымдарынан айырылды. Gйткенi ол жерлер жаңадан белгiленген шекаралық шептiң «iшкi жағында»


Көш. П.С. Палластың еңбегiнен.


қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кеттi. Бұл оқиғалар ХIХ ғасырда өмiр сүрген зерттеушiлердiң бiрi Н. Петропав ловскийдiң еңбегiнде жеткiлiктi дәрежеде жанжақты суреттелген:

«..Қорған, Есiл және Туқала округтерiнде шаруалар қырғыздармен (қазақтармен) күрес жүргiздi. Осы ең соңғы кезге дейiн дерлiк олар өздерiнiң қожайын ретiндегi құқығын қорғап қалуға тырысты, бiздiң ғасырымыздың (ХIХ ғасыр. – авт.) 40жылдарының өзiнде де шаруалар мен қырғыздар (қазақтар) арасында қанды қырғын қақтығыстар болып келдi...»

Жаңа шекара шебi жаңадан басып алынған жерлердi оның күнi кешегi заңды иелерiнен, яғни қазақтардан қорғау үшiн патша үкi метiне қызмет еттi. Бiр жағынан, жоңғарлармен, екiншi жағынан, башқұрттармен жанталаса күрес жүргiзген қазақтардың патша үкi метiнiң жердi тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қарулы қарсылық көрсетуге мұршасы келмедi.

5. Орта жүздiң шекара шебi аймақтарындағы жер дауының одан әрi шиеленiсе түсуi. Жаңаесiл шекара шебiнiң құрылысы аяқталған нан кейiн қазақтардың шекарадан iшкi жаққа өтуiне бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салынды.

Жоңғарлар талқандалғаннан кейiн сұлтандар мен старшындар Ертiс өзенiнiң оң жақ жағалауына көшiп бару үшiн белсене әрекет етiп бақты. Алайда жергiлiктi аймақтың өкiмет билiгi тарапынан ашықтанашық қатты қарсылыққа душар болды. Патша үкiметi Орта жүз қазақтарының Ертiстiң оң жақ жағалауына өтуiне қатаң тыйым салды. Одан соң бекiнiске 10 шақырымға дейiн жақындауына да рұқсат етiлмедi. 1765 жылы Сiбiр шекара шебiнiң командашысы ге нералпоручик И. Шпрингер Ертiстiң далалық бетiнде енi 10 шақы рым келетiн алқап белгiлеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық бердi. Сондайақ қазақтардың Ресей әскери бекiнiстерiне 30 шақырымнан жақын баруына тыйым салынды. Ертiстiң оң жақ бетiне өз бетiнше өтуiнiң қандай түрi болса да әскери күш қолдана отырып, қайтадан ерiксiз қуып жiберуiмен аяқталатын. Кейiн бұл алқап толығымен Сiбiр қазақтарының иелiгiне өттi.

Тек 1771 жылы ғана қазақ хандары мен сұлтандарының қайта қайта өтiнiп сұрауы бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар бас қаратын Ертiс бойы қазақтарының Ертiс өзенiнiң оң жақ бетiнде көшiпқонып жүруiне рұқсат етiлдi. Соның өзiнде де тек қысқы мез гiлде уақытша мерзiм негiзiнде көшiп баруына рұқсат алды. Қазақтар аманат берiп тұруға мiндеттi болды. Ертiстiң оң жақ жағалауына тек «сенiмдi деген далалықтардың» өтуiне рұқсат етiлдi.

?
1. Кiшi жүздiң iшiндегi қарамақайшылықтың шиеленiсе түсуiне не се беп болды? 2. Қазақтар мен башқұрттардың арасындағы қарымқатынас қалай қалыптасты? 3. 1755 жылғы қазақбашқұрт шиеленiсi туралы және оның туысқан екi ел арасындағы өзара қарымқатынасында қандай салдарлары бол


ғаны туралы айтып берiңдер. 4. Орта жүздегi жер дауының одан әрi шиеленi суiне не себеп болды? 5. Жаңаесiл шекара шебiн салу үрдiсi қалай жүрдi?

6. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, төменде келтiрiлген кестенi ХVIII ғасырдың жағдайына сәйкес толтырыңдар:

 

Халықтың Шаруашылы Тұрғын Тiлi (түркi Дiнi Екi халықтың
аты ғы (мал шаруа үйiнiң тектес тiл,   тұрмысындағы,
  шылығы, атауы славян тiлi,   рухани және
  егiншiлiк т.б.)   финнугор   материалдық
      тiлi т.б.)   мәдениетiндегi
          ұқсастықтарды
          жазыңдар
Қазақтар          
Башқұрттар          

 

*
Башқұрттар – түркi халықтары тiлiнде сөйлейтiн, жартылай көшпелiлiк салтын ұстанатын, бауырлас халық.

 

Батырша (Бахадиршах Ғалиұлы Әлиев) (1710–1762) – башқұрттардың патша үкiметiне қарсы 1755 жылғы ұлтазаттық қозғалысының жетекшiсi. Мұсылманша

сауатты болған, башқұрттардың арасында зор бедел мен сыйқұрметке бөленген.

Қарасақал (Қара хан) – Башқұртстанның Ресейге қосылуына қарсы бағытталған 1740 жылғы башқұрт көтерiлiсiнiң жетекшiсi. Көтерiлiс жаншып басылғаннан кейiн Қара сақал Қазақстан аумағына өтiп кетедi. Мұнда Қазыбек бидiң қамқорлығымен қазақ дала сынан саяси баспана табады. Содан соң Қара Ертiс жағына өтедi. Онда найман руының беделдi де ықпалды батыры Қаракерей Қабанбайдың қамқорлығында болады. Gмiрiнiң соңғы күндерiне дейiн сонда қалады.

Батыршаныѓ bлкедегi мџсылман халћына арнаѕан љндеуiнен (1754 жыл). «Олардыѓ (патша љкiметiнiѓ. – авт.) маћсаты ћырѕыз-ћайсаћтарды то- лыћ баѕындырып алу, олардыѓ арасына кљн bткен сайын сiѓiсiп алып, же- рiнде ќскери бекiнiстер мен кiрпiш љйлер салу, сbйтiп оларды Уфа уезiнiѓ халћы (башћџрттар. – авт.) сияћты етiп жеѓiп шыѕып, ћџлдыћ бџѕауында џстау. Олардыѓ маћсаты ћайсаћтарды толыћ баѕындырып алѕаннан кейiн бiздi екi ортада ћыспаћта ћалдырып, кљн bткен сайын ыѕыстыра тљсу, ара- мызда bзара дџшпандыћ пиѕылды bршiту. Немесе бiздi ћазаћ халћына ћар- сы соѕысћа айдап салып, ћанымызды судай аѕызу, болашаћта бiз бен ћазаћ халћыныѓ арасындаѕы достыћ пен бейбiт bмiрдi бџзып, жоћћа шыѕару...» Чулошников А.П. Башћџртстанда 1755 жылы болѕан кbтерiлiс. М.-Л, 1940, 39-бет.   1.Башћџрт кbтерiлiсi жетекшiсi жолдаѕан бџл љндеу кiмдерге арнал- ѕан? 2.Батыршаныѓ ойынша, патша љкiметi башћџрттар мен ћазаћтардыѓ bзара ћарым-ћатынасы мќселесiнде ћандай маћсат кbздедi?


§7. ҚАЗАҚҚАЛМАҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

ХVII ғасырда қазақтардың Едiл қалмақтарымен қарымқаты насы қалай қалыптасқанын естерiңе түсiрiңдер.

1. Едiлдiң тHменгi сағасында Қалмақ хандығының күшеюi. Кiшi жүз қазақтарымен оның солтүстiкбатысында шектесетiн аралық мемлекет Қалмақ хандығы едi. Олар бұл жаққа сонау алыстағы Жоң ғариядан қоныс аударып келген болатын. Торғауыттардан, хошау ыттардан және басқа да тайпалардан тұратын ойрат одағы ХVII ғасырдың бас кезiнде жайылымдық жер жетiспегендiктен өзара қыр қыса бастады. Сөйтiп 1628 жылы торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай жөңкiле көштi, Тобыл мен Жайықтың жоғарғы са ғасын басып өтiп, Едiл бойына дейiн жеттi. Олар содан бастап Едiл қалмақтары деп аталды.

Қалмақтардың негiзгi көшiпқонып жүретiн аумағы төменгi Едiл бойы болды. Қалмақ хандығының күшқуаты артып, шырқау биiкке көтерiлген шағы Аюке ханның тұсы едi. Ол жекелеген қалмақ би леушiлерiнiң өз алдарына бөлiнiп кетуге тырысқан сепаратистiк әре кеттерiн басыпжаншып, Ресейге жартылай тәуелдi мемлекет құра бiлдi. Едiл қалмақтарының билеушiсi Далай ламадан хан лауазымы мен хан мөрiн алды.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: