Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 15 глава




керек.

?
1. Ақмола сыртқы округiн ашуға қандай әзiрлiк жасалғаны туралы айтып берiңдер. 2. Округтiк приказдың ашылуы қалай өттi? 3. Ақмоланың осы өлкедегi iрi сауда орталығы ретiнде қалай қалыптасқаны туралы не айта ала сыңдар? 4. Ақмола қала мәртебесiне ие болғаннан кейiн онда қандай өзгерiс тер жасалды? 5. Қала халқының саны қанша едi? 6. Ақмоланың қолайлы стра

тегиялық жағдайын көрсете алатын қандай дәлелдер келтiре аласыңдар?

*
Депутат – қалалық өзiнөзi басқару органының мүшесi.

Тоғай – сазды жерлерде өсетiн бұта түрiндегi шағын тал шоғыры.


Броневский Семен Богданович (1786–1858) – Дербес Сiбiр корпусының бастығы (1823–1826). «Орта жүз қырғызқайсақтары туралы жазбалар» атты еңбектiң

авторы.

Шубин Федор Кузьмич (1783 жылы туған – ө.ж. белгiсiз) – Ақмола әскери бекiнiсiнiң негiзiн қалаушылардың бiрi. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан.

 

«Батыс Сiбiрдiң генералгубернаторы Iшкi iстер министрлiгiне былай

деп хабарлаған: Ақмола округтiк приказдың жанындағы Сiбiр қырғызда ры (қазақтары. – авт.) облысында соңғы он жылдың iшiнде орналастырыл ған жүздеген казактардан тыс саудагерлер мен әр түрлi әлеуметтiк топтан шыққан адамдар едәуiр көп мөлшерде толып кеткен. Саудагерлердiң Ақ молаға орналасып алуы жыл өткен сайын арта түсуде. Gйткенi онда сау дасаттық жақсы дамып келедi. Ақмола Сiбiр қырғыздарының қақ орта сында. Оны Ташкент пен Қоқаннан Петропавлға келетiн керуендер басып өтедi. Сондықтан да қырғыздар Ақмолаға келiп, өздерiне күнделiктi тұр мысына керекжарақты заттарды сатып алады. Керуендер алып келген тауарларын осы жердеақ сатып бiтiредi. Бiздiң саудагерлерiмiз салған сауда үйлерi қатарында қазiр 70ке жуық дүкен бар. Генералгубернатор дың пiкiрi бойынша, Ақмола елдi мекенi ендi көп ұзамайақ Батыс Сiбiр дегi ең тамаша сауда орындарының бiрiне айналатын болады... (1862 жылғы 7 мамыр)».

Ресей Федерациясы Орталық мемлекеттiк тарих мұрағаты. 1265қор, 2тiзiм, 78iс, 2бет).

 

1. Ақмола округтiк приказының халқын қандай топтың адамдары

құрады? 2. Ақмоланың саудасаттық тұрғысынан алғандағы артықшы лықтары қандай едi?

 

 

§18. ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫМЕН МАХАМБЕТ

]ТЕМIСҰЛЫБАСТАҒАН ХАЛЫҚАЗАТТЫҚ К]ТЕРIЛIСI

Кiшi жүз қазақтарының қандай көтерiлiстерге белсене қатысқа нын естерiңе түсiрiңдер. Картадан Кiшi жүз қазақтары мекендеген аумақты көрсетiңдер.

1. КHтерiлiстiң шығу себептерi. 1836–1838 жылдары Бөкей ханды ғында аса iрi халықазаттық көтерiлiстерiнiң бiрi болып өттi. Ол кө терiлiстiң басты себебi жердiң жетiспеушiлiгi едi. Мәселен, Iшкi Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығы нан зардап шектi. Ең жақын шұрайлы жерлердiң бәрiн де iрi поме щиктер мен байлар өзара бөлiсiп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жердi солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектерi орыс помещиктерiнен жалға алған жерлердi өздерiнiң жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтерiңкi қымбат бағаға тағы да қайыра жалға берiп отырды. Сөйтiп қазақтардан әр түрлi айыппұлдар мен алымсалықты еселеп алып тұрды.


 

 

Исатай Тайманұлы.


Махамбет Gтемiсұлы.


Ресей помещиктерi Юсупов пен Безбород коның Каспий теңiзi жағасында көлемi ора сан зор жер телiмдерi болды. Жайық әскери кеңесi Үлкен және Кiшi Gзен бойындағы және ҚамысСамара көлдерiнiң төңiрегiндегi жерлердi өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлердi Жайық казак әскерлерi иемдендi. Қазақтардың кесiп өтiп, жағалау дағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар iшкi жақ бетке, iшкi жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан қазақтар жердi Астрахан губер ниясының шаруаларынан, Жайық казактары нан, жер иеленушi iрi помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пай далануға мәжбүр болды. Жәңгiр хан тарапы нан салынатын алымсалық түрлерi де еңсенi езiп жiбердi. Ол жеке басының пайдасына жи нап алынатын бiрыңғай салық түрiн енгiздi. Патша үкiметi ханның өзi жасап алған фис кальдық қаржы жүйесiне араласпады.

2. КHтерiлiстiң барысы. 1836 жылы халық

көтерiлiсi басталды. Оның қозғаушы күшi қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтерiлiс туының астына бiрқатар старшындар да жи налды. Сұлтандар мұның ақыры не болар


екен деп, әлiптiң артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерiлiс шiлерге қарсы шықты.

Халық көтерiлiсiн елге белгiлi беделдi батырлар Исатай Тайман ұлы (1791–1838) мен Махамбет Gтемiсұлы (1804–1846) басқарды. Оның екеуi де берiш руының Жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жа йықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы жағдай iздеп, Iшкi Ордаға өтiп кетуге мәжбүр болған едi. Исатай 21 жасында өз руының Жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сыйқұрметке бөлендi.

Исатай Тайманұлының ең жақын серiгi ақын Махамбет Gтемiс ұлы болды. Ол татар және орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн. Бiраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Gтемiсұлы белгiлi орыс жа зушысы әрi этнографы В.И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генералгубернаторының жанындағы ерекше тапсырма лар жөнiндегi шенеунiк қызметiн атқаратын. Махамбет саяхатшы


ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарымқатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездерi Iшкi Ордада және Орынборда қызмет iстеген болатын. Махамбеттiң патша әкiмшiлiгiнiң қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңiрегiндегiлердiң озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.

«Gздерiңдей хандардың, Қарны жуан билердiң

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едiм, Едiлдiң бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едiм, Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едiм!», –

деп Махамбет халықазаттық күрестiң мақсаты туралы шабыттана жырлады.

1836 жылғы ақпанда көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханға қарсы ашық танашық шабуылға шықты. Мұның басты себебi Исатай Тайман ұлының Хан ордасына қыр көрсетуi болды. Ол ханның шақыруына барудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Оның үстiне, өзiне қарасты ауыл дарды қыстаудан көшiрiп алып, көтерiлiсшiлердiң үлкен жасағын топтастырды.

1836 жылғы көктемде көтерiлiсшiлер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келдi. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жiгiттi өзi бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып едi. Қарсыласын жекпежек шайқасқа шақырды. Бiрақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңiрегiнде гiлер де жекпежек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қа был алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегiнiп кеттi. Көтерiлiсшiлер өздерiнiң қосынына қайтып оралды. Исатай Тайманұлының көтерiлiстiң басшысы ретiндегi атағы бүкiл Кiшi жүзге мәлiм болды.

Жәңгiр хан мен оның төңiрегiндегiлер Исатайға жала жабуға көштi. Бiр барымта кезiнде сойылға жығылып қаза тапқан бiр жыл қышы қарттың өлiмiне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегендi дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгiр ханның келiсiмiмен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсiндi. Қарауылқожаның үстiнен Жәңгiр ханға шағым түсiру ұйғарылды.

1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Иса тай Тайманұлы Жәңгiр хан және оның төңiрегiндегi жандайшаптар ды қалың көпшiлiктiң көз алдында әшкерелемек болды. Шағым петиция жолдау жаппай наразылық шеруiне ұласты. Мұндай алғаш қы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгiр хан халықтың


қањарынан шошып кеттi. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтiнiшiн табыс еттi. Жәңгiр хан оның айтқан талаптарын түгел тыңдап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннiң iшiнде шешуге уәде бердi. Бiрақ ол уәдесiнде тұрмады. Сөйтiп Жәңгiр хан халық алдындағы беделiнен айырыла бастады.

1836 жылдың күзiнде Исатай Тайманұлы әр түрлi рулардың ауыл дарын аралап жүрiп, Жайық казак әскерлерiнiң иемденiп отырған жерлерiн өз беттерiнше тартып алуға шақырды. Көтерiлiс көсемiнiң халық арасындағы беделi мен абыройы күн санап арта бердi. Көте рiлiсшiлер хан жасағына есеңгiрете тойтарыс бердi. Ханның төңiре гiндегi жандайшаптардың бiрi би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерiлiсшiлердiң жағында едi. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшiн құра мында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгi бидiң ауылын шауып, толық күйзелтiп кеттi.

1837 жылдың бас кезiнде көтерiлiсшiлерге байбақты руының бе делдi старшыны Жүнiс Жантелiұлының қолы келiп қосылды. Ендi көтерiлiс аумағының шекарасы кеңейе түстi. Көтерiлiсшiлердiң қатары да ұдайы арта бердi. Көтерiлiс ауқымынан қауiптенген Орын бор шекара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап алып, iсiн сотта қарауға тапсырма бередi. Бұған қарсы генералгубернатор В.А. Пе ровскийге көтерiлiсшiлердiң басшысы шағым жасады.

Исатай батыр оған жолданған өтiнiшшағымында былай деп жаз ды: «Бiздiң өтiнiштерiмiз бен шағымдарымызға ешкiм де құлақ аспайды. Бiздiң малмүлкiмiздi талантаражға салып, тонап кетедi. Сөйтiп бiз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берiлгендiгiмiз жөнiнде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешемiз». 1837 жылдың жазы мен күзiнде көтерiлiсшiлер iрi байлардың ауылдарына шабуылды күшейттi. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күлталқан етiп кеттi. 50 адам, соның iшiнде 2 сұлтан тұтқынға алын ды. Көтерiлiсшiлердiң елеулi күшi бiртебiрте Хан ордасына жақын дап келе жатты. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханды жақтаушылардың

малмүлкi мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.

Көтерiлiсшiлер Астрахан губерниясы Чернояр уезiнiң аумағын да басып өттi. Онда қалмақтар және татарлардың ауылдарына ша буыл жасап, талқандап кеттi.

Көтерiлiсшiлердiң келесi бiр шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кеттi. Сұл танның дүниемүлкi мен малын олжалады.

3. КHтерiлiсшiлердiң Хан ордасын қамауға алуы. Исатай Тайман ұлы бастаған көтерiлiсшiлер 1837 жылғы қазанның аяқ кезiнде Хан ордасына он шақырымдай жақын келдi. Жәңгiр хан да, оның төңiре гiндегiлер де қоршауда қалды. Көтерiлiсшiлердiң жалпы саны екi


мың адамнан асатын едi. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмедi. Көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханнан Балқы және Қарауылқожа билердi өз төңiрегiнен қуып жiберудi, билiктi ру стар шындарының қолына берудi талап еттi.

Жәңгiр ханда үрей қалмады. Ол көтерiлiсшiлермен келiссөз жүргiзуге көштi. Ханның қолына жаңа талаппетиция табыс етiлдi. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерiлiсшiлердiң бүкiл ауылаймағымен Iшкi Орданы тастап, кө терiле көшiп кететiнi ескертiлдi. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгiр ханның жағдайын күрт нашарлатып жiбердi.

Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi де қатты алаңдады. Көтерiлiсшiлер Жайықтан бұзыпжарып сыртқы бетке көшетiндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кiрiстi. Шекара бекiнiсi күшейтiле бастады.

Исатай Тайманұлы ханмен екi арадағы шиеленiстi жағдайды бей бiт келiссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкiмшiлiгiн сен дiруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсiп Жай ықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетiне көшiп кетпек болды. Ал бұл екi арада Орынбор әкiмшiлiгi мен Жәңгiр хан казактардың әскери күштерiн шұғыл түрде топтастырып үлгердi. Жазалау шара ларын жүзеге асыратын Жәңгiр хан жасақтары да әзiр болды. Сөйтiп қысқа мерзiмнiң iшiнде көтерiлiсшiлерге қарсы 1000нан астам адам шоғырландырылды.

4. ТастHбе түбiндегi шайқас. Шиеленiстiң қан майданда шешi летiн уақыты таяп келдi. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жер де көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отрядтар арасында кескiлескен қанды шайқас болып өттi. Көк сүңгiнi шебер пайдалана бiлудiң, жарамды жақсы аттарды таңдап мiнудiң, шайқас өткен жер жағдай ымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесiнде көтерi лiсшiлер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуiр жеңiске жеттi. Алайда көтерiлiсшiлердi жазалаушылар зеңбiрекпен толассыз атқылай бастады. Көтерiлiсшiлер бұған шыдай алмай, кейiн шегiнуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бiрнеше шақырымға дейiн қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезiнде көте рiлiсшiлердiң бiраз малы жау қолында қалды.

Тастөбе түбiндегi жеңiлiстен кейiн көтерiлiсшiлер шағын топтар

ға бөлiнiп, Iшкi Орда аумағына тарап кеттi. Көтерiлiсшiлердiң күшi әлсiреп, моральдық рухы да төмен түстi. Жазалаушы әскер барлық күштi көтерiлiстiң басшысын қолға түсiруге жұмсап бақты. Исатай дың басына 500 сом күмiс ақша, оны қолға түсiргенге 1000 сом тiгiлдi. 1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түнi көтерiлiсшiлер Жайық өзенiн кесiп өттi. Сарайшық бекiнiсiнен сұлтан Баймағамбет Айшу ақұлы 80 казак және өзiнiң адамдарымен көтерiлiсшiлердiң соңына


түстi. Қуғын кезiнде бiрнеше көтерiлiсшi тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтерiлiс басшысын қолына түсiре алмады. 1838 жылдың бас кезiнде Исатай Тайманұлы өзiнiң қасына ерген жасағымен бiрге Үлкен Борсықты құмындағы Шектi руының шетiне iлiктi. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топтобымен келiп қосылды.

5. КHтерiлiсшiлердiң күшiн бiрiктiру әрекетi. Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жержерде қайтадан күшейе түстi. Мәсе лен, Елек өзенiнiң бойында Жоламан Тiленшiұлының жасағы iсқи мыл жасады. АралКаспий аралығында Жүсiп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлiкшiл сұлтан» атанған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтерiлiс кеңiнен құлаш жайды.

Мiне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бө лiнiп шыққан сұлтан Қайыпқали Есiмұлымен күш бiрiктiруге шешiм қабылдады. Сұлтан өзiн хан деп жариялады. Оның жасағында 3000 ға жуық сарбаз бар едi. Бұл екi жасақ бiрбiрiмен Ойыл өзенiнiң сағасындағы шектi руының ауылдарында қосылды.

Патша үкiметi үшiн өте күрделi қауiптi жағдай қалыптасты. Оның үстiне бүкiл Кiшi жүздiң көтерiлiске шыққан күштерiн бiрiктiру ние тi де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесiнiң генералгубернаторы қазақтардың қозғалысын басыпжаншу үшiн iрi әскер құрамын ат тандырды.

6. КHтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының себептерi мен салдары. 1838 жылғы 12 шiлде күнi Қиыл және Ақбұлақ өзендерiнiң бойында көтерiлiсшiлер мен жазалаушылар арасында шешушi шайқас өттi. Оның барысында көтерiлiстiң басшысы Исатай Тайманұлы қаза тап ты. Көтерiлiсшiлердiң қалған тобы кейiн шегiнiп, дала қойнауына сiңiп кеттi. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйым дастырды. Шайқаста көтерiлiсшiлерден 80ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейiн көтерiлiс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгi Жайық шекара шебiне таяу

жерлерде, Ойыл өзенiнiң бойында ғана iсқимыл көрсетiп жүрдi. Махамбет Gтемiсұлы бiраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүру

ге мәжбүр болды. Кейiнiрек қазақтарды Жәңгiр ханға және патша үкiметiне қарсы көтерiлуге үгiттедi. 1846 жылы билеушiсұлтан Бай мағамбет Айшуақұлының адамдарының аярлық әрекетiнен қапылыста қазаға ұшырады. Көтерiлiс басыпжаншылғаннан кейiн оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлiмшi етiп дүре соғылды. Көтерiлiсшiлердiң бiрқатары каторгаға айдал ды, малмүлкi тәркiлендi. Көтерiлiске неғұрлым белсене қатыс қандар Сiбiрге бiржолата жер аударылды.

Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауының негiзгi себептерi мынада едi: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады,


оның айқын бағдарламасы болмады, көтерiлiс жергiлiктi шашыраң қы сипат алды. Көтерiлiстiң басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тiленшiұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай ал мады. Патша үкiметiнiң әскерлерi мылтық, зеңбiректермен жарақ тандырылған едi. Кейде зеңбiректен үстiүстiне бiрнеше оқ атудың өзi көтерiлiсшiлердi кейiн шегiнуге мәжбүр еттi. Қазақтардың қо лында ондай қару болған жоқ. Көтерiлiстiң жеңiлiп қалуының басты себептерiнiң бiрi бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқ ты, екi бағытта – әрi патша үкiметiне, әрi хан билiгiне қарсы күрес жүргiзiлдi. Мұның өзi көтерiлiске қатысушылардың жағдайын әлде қайда қиындата түстi. Оның үстiне, көтерiлiсшiлердi казак жасақта ры мен тұрақты орыс армиясы бөлiмшелерi жанжағынан түгелдей дерлiк қоршауда ұстады. Кiшi жүздiң далалық бөлiгiндегi қазақтар дан көмек күту де мүмкiн болмады. Gйткенi Жайықтың сырт жағын дағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебiндегi орыс әскер лерi жол берген жоқ.

7. КHтерiлiстiң тарихи маңызы. Исатай Тайманұлы мен Махамбет

Gтемiсұлы басқарған көтерiлiстiң орасан зор тарихи маңызы болды. Бұл патша үкiметi құрған жаңа әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктiң аума ғында қазақтардың отаршылдыққа қарсы iрi баскөтеруi едi. Оның ұлтазаттық сипаты басым болды. Көтерiлiс аяусыздықпен басылған нан кейiн де жалғаса бердi.

Жәңгiр хан көтерiлiсшiлердiң кейбiр талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алымсалық төлемiн едәуiр жеңiлдеттi. Патша үкiметiне наразылық бiлдiрген старшындардың пiкiрiмен санасу керектiгiн түсiндi.

 

1.

?
1836–1838 жылдарда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Gтемiсұлы бас таған көтерiлiстiң негiзгi себептерi неде болғанына сипаттама берiңдер.

2. Көтерiлiс қалай басталып едi? 3. Көтерiлiсшiлердiң патша әскерлерiне және Жәңгiр ханның жасақтарына қарсы жүргiзiлген негiзгi шайқастары ту ралы айтып берiңдер. 4. Көтерiлiс жетекшiлерi мен Жәңгiр ханның арасын дағы қарымқатынас қалай қалыптасып едi? 5. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшы рауының негiзгi себебi неде болды? 6. Бұл көтерiлiстiң қандай тарихи ма ңызы бар? 7. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Махамбет Gте мiсұлының өздерiңе ұнаған бiр өлеңiн жатқа айтып берiңдер. 8. Осы параграф тағы мәтiннен көтерiлiсшiлердiң Жәңгiр ханның ордасын қоршауға алғаны туралы айтылған тұсын iздеп табыңдар.

 

*
Жалға беру – жер не мүлiктi уақытша пайдалану үшiн жалға беру. Фискаль – iсәрекеттiң, негiзiнен алғанда қаржының жұмсалу заңдылы ғын қадағалайтын шенеунiк.

 

Даль Владимир Иванович (1801–1872) – орыс жазушысы, лексикограф, этно граф. Қазақ ауылдарын аралап, олардың тұрмыстiршiлiгi туралы жазған.


 

(1837 жылғы 5 қараша. – Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiс туралы

Орынбор әскери губернаторына подполковник Гекенiң қол қойып жолда ған рапортынан).

«Мына жағдайды хабарлауды өз борышым деп санаймын. Болып өткен сойқанды оқиғалардың iзiн ең таяу жерден өзiм көрiп шыққаннан кейiн мұндағы қазiргi жағдай менiң Орынбордан аттанарда көз алдыма ойша елестеткендегiмнен әлдеқайда күрделi де қиын екенi айқын болды. Кiшi ордадағы тәртiп пен тiршiлiктiң берекесi қашып, былыққаны соншалық ты, тiптi оны көзге елестетудiң өзi қиын. Мұның ақыры немен бiтетiнi де белгiсiз. Жұрттың бәрiнiң бастары қатып, жаппай мазасыздық жайлап алған. Исатайдың барымташылары мен ел тонаушы қарақшы тобының қылықтары, жалпы алғанда адамның жүрегiн айнытып, жанын ауыртатын қатыгездiк әрекеттерi әр түрлi рулардың арасында өшпендiлiк өртiн өр шiте түскенi сонша, тiптi олар бiрiнбiрi кескiлеп өлтiруге әзiр. Олар өздерiнiң бастарынан кешiрген қорлық пен масқара мазақты таяу арада тiптi де ұмыта алар емес. Олар бұл үшiн қашан болса өз жауларынан кек алмай, тоқтай алмайтын сияқты көрiнедi».



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: