Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 17 глава




К. Қасымұлы.

 

Кенесарының патша үкiметiне жолдаған хаты.


сахнасына өзiнiң бабасы Абылай ханның iсiн жалғастырып, алға алып барушы ретiнде шықты.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересi едi. Көтерi лiстiң болашақ басшысы Кенесары бала кезiненақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қан ды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әдiлдiгiмен, ерiкжiгерi, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылды ғымен, қайтпас қайсар қањармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушы лық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Л. Майер «Кенесарыға көзсiз ерлiк тән едi» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулеттi: оның жеке иелiгiнде 6 мыңға дейiн жылқысы мен 2 мыңдай ұсақ малы болған. Замандастарының сипаттауына қара ғанда, ол ашаң жүздi, орта бойлы және жа уырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзiнөзi аса бай салды ұстай бiлетiн. Әңгiмелескен адамы ның пiкiрiне әрқашан мұқият назар ауда ратын. Қонақжай қасиетi ерекше күштi едi. Әкесiмен және ағаларымен бiрге жүрген кездерiнде олардан қолбасылық тәжiрибе

сiн едәуiр үйренiп алған болатын.

3. КHтерiлiстiң басталуы. Көтерiлiс Ке


несарының патша үкiметiнiң саясатын жарамсақтана қолдаған сұл тандар мен билердiң ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебiндегi бекiнiстерге де, патша үкiметiнiң әскери жасақтарына да жиiжиi шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезiнде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тасталқан етiп жеңiп шық ты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сiбiр казагы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуенiн күзетiп бара жатқан едi.

Кенесары 1838, 1842 жылдары өзiнiң адамдарын Батыс Сiбiр ге нералгубернаторына жiберiп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекiнiсi мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында


отырған өз адамдарын түгел босатуды, қазақ жерiнiң тұтастығын қалпына келтiрудi талап еттi. Генералгубернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың сол даттың арасынан өткiзiп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты ар мия қатарына алынып, қалғандары Сiбiрге жер аударылды. Генералгубернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашуызасын келтiрiп, көтерiлiстi бастап жiберуiн тездеттi. Ол старшина Симоновтың әскери жасақта рына өлтiре соққы берiп, көптеген қаружа рағы мен оқдәрiсiн тартып алды. Сұлтан Ке несарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округiнiң ауылдарына шабуыл жасады.


 

Ағыбай батыр.


Кенесары жасақтарының белсендi әскери iсқимылы 1838 жыл дың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекiнiсiне таяу iрi елдi ме кендi алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жiбердi. Ақмола бекiнiсi мықты қорғалатын. Бекiнiстiң төңiрегiне терең ор қазылып, оған жете берiс жерлерге күштi кедергiтосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекiнiсiн аға сұлтан Қ. Құдаймендiұлы мен әскери старши на Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекiнiстi өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекiнiс өртке оран ды. Кенесарының даңқты батырларының бiрi Басықара бекiнiстiң iшкi жағына басакөктеп кiрiп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлiкпен қаза тапты. Бекiнiске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кiрдi.

4. Қазақ хандығының қалпына келтiрiлуi. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздiң өкiлдерi бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтiп Қазақ хандығы қалпына келтiрiлдi. Патша үкi метi бұл жайсыз хабарды өте өкiнiш сезiмiмен естiпбiлдi. Ендiгi жерде Кенесары бастаған көтерiлiс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлтазаттық күрестi табысты жүргiзу үшiн Кенесары хан бiр орта лықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзi басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесшi орган – өзiне барынша адал бе рiлген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзiнiң сенiмдi адамдары – жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот iсiмен, шаруашылық мәселелерiмен, дипломатиялық жұмыстармен, алым


салық жинаумен және әскери iстермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкiмет билiгi берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлiнiп, тиiмдi пайдала нылуын бақылады, халықтың көңiл күйiн де қадағалады. Хан билiгi қызметiнiң оңды нәтижелерi ретiнде оның қол астындағы халық ара сында алауыздық пен барымта алу жойылды.

5. Ханның алымсалық және саудасаттық саясаты. Кенесары ең алдымен алымсалық төлеудiң тәртiбiн ретке келтiрдi. Мал өсiру шiлер – зекет, ал егiншiлер – ұшыр төлейтiн болды. Патша әскер лерiмен соғысты одан әрi жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет еттi. Сондықтан алымсалықтың да қо сымша түрi енгiзiлдi: халықтан киiмкешек, қаружарақ, ат әбзел дерiн жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке жеке ескерiлдi. Меншiгiнде малы 40 бастан аспайтындар алымса лықтан босатылды. 40тан 100 басқа дейiн малы барлар бiр малдан, ал 100 бастан артық малының әрбiр 40 басына бiр малдан төлеп тұратын болып белгiлендi.

Егiншiлер өздерiнiң өндiрген өнiмiнiң оннан бiр бөлiгiн төлеуге мiндеттi болды. Көтерiлiске деп жиналған астықты патша үкiметi жиiжиi тәркiлеп кетiп жүрдi. Тәуекел етiп, көтерiлiсшiлерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердiң қањарына ұшырады. Сон дықтан да Кенесары қазақтардың егiншiлiкпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердiң сауда керуендерiнен алынатын баж салығы едәуiр табыс беретiнiн ескерген Кенесары ондай керуендердi то науға тыйым салды. Сауда керуендерiнiң толық қорғалуын қамта масыз еттi. Керуенбасыларын жеке өзi қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қаружарақтар мен оқдәрi сатып алынды.

6. Қарулы күштердiң құрылуы. Кенесары 20 мың сарбаздан тұра тын әрi жауынгерлiк қабiлетi күштi тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскерi жүздiктер мен мыңдықтарға бөлiндi. Ерлiгiмен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мың басылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мерген дерден iрiктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгiсi бойынша хан өз әскерлерiне ерекше айырым белгiлерiн енгiздi.

Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердiң амал тәсiлдерiн меңгерудi талап еттi. Көтерiлiсшiлердi әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжiрибелi солдаттары айналысты.


Хан армияда қатаң тәртiп орната бiлдi. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаз дар өлiм жазасына кесiлдi. Әскери тәр тiптi бұзғандар қатаң жазаланды, қару жарақ арнайы қоймаларда сақталды.

Кенесары барлаушылардың қызме тiн де шебер пайдаланды. Олар көтерiлiс басшысына патша әскерлерiнiң қашан және қайда бет алатынын алдын ала ха барлап отырды. Кенесары әскерiнiң тыл қызметi де жолға қойылды. Ол көтерi лiсшiлердi азықтүлiкпен, жемшөппен қамтамасыз еттi.

7. Патша үкiметiнiң жазалау әрекет терi. Отаршылдыққа қарсы күреске қа зақтардың үш жүзiнiң бәрi бiрдей бел сене қатысуы патша үкiметiнiң зәресiн ұшырды. Сондықтан да ол көтерiлiсшi лерге қарсы неғұрлым батыл әрекет тер ұйымдастыруға көштi. 1842 жылы Орынбор губернаторы Перовскийдi Обручев алмастырды. Мұның өзi Ке


 

 

Кенесары Қасымұлының Омбы тарихиөлкетану мұражайындағы қаруы. А.Н. Озеровтың суретi.


несарының ендiгi жерде Орынбор генералгубернаторымен қа рымқатынасының нашарлауына алып барып соқтырды. Екi ара дағы бейбiт келiсiм бұзылды. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалау шы отряд қыруар көп малды айдап әкеттi, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелi Кү нiмжан да болды. Кейiнiрек казактар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады.

Ресей императоры Кенесары бастаған көтерiлiстi басу мәселесiн ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнiнде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерiнде сыйлық жарияланды. Көтерiлiсшiлерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалау шы отряд жiберiлдi. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жан төреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екiншi әскер жабдықталды. Онымен бiр мезгiлде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi жергiлiктi жер жағ дайын нашар бiлдi. Оның үстiне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс


жүргiзудiң ерекше әдiсi қажет едi. Мұның бәрi де патша үкiметi жазалаушы әскерiнiң сiлесiн қатырды.

Туған өлкенiң жер жағдайын жақсы бiлетiн Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрi үдеттi. 1844 жылы шiлденiң 20сынан 21iне қараған түнi Кенесары хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында Жантөре сұлтан ның әскерiне күйрете соққы бердi. Кескiлескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдiң әскери тобы таяу маң да болған едi. Бiрақ оның ұрысқа араласып, А. Жантөре сұлтанды құтқа рып қалуға батылы жетпедi.

Кенесарының жеңiс жiгерлендiрген негiзгi күштерi 1844 жылғы тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады. Бекiнiстiң маңын дағы елдi мекендi өртеп жiбердi, 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкеттi. Сонымен қатар мылтық, пистолет, қылыш, найза сияқты көптеген қаружарақ түрлерiн олжалады. Арнайы жiберiлген жазалаушы отряд Кенесарының ауылына жете алған жоқ. Үкiмет басындағыларды абыржушылық пен үрей биледi.

8. Долгов және Герн бастаған елшiлiктердiң Кенесары ордасына келуi. Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкiме тiне елеулi шығын келтiрдi. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшiлiк жiберудi қажет деп тапты. Олар Кенесарыны патша үкiме тiнiң талабын орындауға көндiруге тиiс болды.

Жүргiзiлген келiссөздер барысында Кенесарыға қабылдауға бол майтын шарт қойылды: көтерiлiсшiлерге үкiмет белгiлеген шектеулi аймақ шегiнде ғана көшiп жүруге рұқсат берiлдi. Кенесарының Ре сейге толық бағынуы және соғыс қимылдарын бiржолата тоқтатуы тиiс болды. Орынбор ведомствосына қарайтын қазақтардың барлығы да Ресей империясының азаматтары ретiнде әрбiр үйдiң 1 сом 50 тиын мөлшерiнде түтiн салығын төлеп тұруы тиiс екендiгi ескертiлдi. Ханның Орынбор қазақтарынан зекет алуына тыйым салынатын дығы айтылды. Кенесарының қылмысты iстердi қарауына, қашқын орыс пен татар және башқұрттарды жасырын ұстауына тыйым са лынатыны, оларды Ресейге қайтаруы тиiс екенi туралы сөз болды. Кенесарының Ресейге «ұнамайтын» шет мемлекеттермен және жеке тұлғалармен қарымқатынастар жасауына рұқсат етiлмейтiнi де қатаң түрде ескертiлдi.

Кенесары Долгов пен Герн елшiлiгiнiң қойған шарттарының түп кi мақсаты оның хан лауазымын иеленуге құқығы жоқтығын тұспал мен түсiндiру екенiн опоңай ұқты.

Хан патша үкiметi қойған бұл талаптардың бiрдебiреуiн қабыл алған жоқ. Келiссөздер тұйыққа тiрелдi. Патша үкiметiнiң елшiлiгi


көздеген мақсатына жете алмады. Елшiлер кеткеннен кейiн хан әс кери кеңес шақырып, ендi Жетiсу аумағына қарай көшуге шешiм қабылдады.

Патша үкiметi содан кейiнақ Ырғыз өзенi бойында Орал, ал Торғай өзенi бойында Орынбор әскери бекiнiстерiн салуға кiрiсiп кеттi.

9. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресi. Кенесары мен Қоқан хандығы қарымқатысының шиеленiсiп кетуiнiң өзiндiк себебi де бар едi. Gйткенi Қоқан хандығының билеушiлерi 1836 жылы оның бiрге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесi Қасым төренi өлтiрген болатын. Мұның өзi оның Қоқан хандығының билеу шiлерiне деген ызакегiн өршiте түстi. Қоқан хандығына қарсы күрес те Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегiне сүйендi. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекiнiстерiн тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бiр мықты бекiнiсi Меркiнi де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бiрақ Кенесары өзiне Қоқан мемлекетi сияқты және бiр қатерлi дұшпан тауып алды.

10. Кенесары әскерлерiнiң Ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi. Патша үкiметi Кенесары ханды Орынбор өлкесiнен қалайда ығыстырып шығаруға ұмтылды. Соның салдарынан Кенесары Сарыарқаны тас тап, көтерiлiс орталығын Жетiсу жерiне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан генерал Вишневский басқар ған елеулi әскер күшiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi. Азықтүлiктiң тапшылығы Кенесарыны егiншiлiкпен айна лысуға мәжбүр еттi. Күшi басым патша үкiметiнiң қысым жасауымен Кенесары Iле өзенiнiң оң жақ бетiне өтiп, одан әрi Алатаудың етегiне көшiп барды. Ал патша үкiметi оған Кiшi жүз бен Орта жүз қазақта ры тарапынан көмекке келетiн жолды кесiп тастады. Ұлы жүздiң Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек сияқты батырлары Кенесарыға қолдау көрсеттi. Көтерiлiсшiлердiң сиреп қалған қатарын толықтырып, едә уiр күшейттi.

Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай үкiметi қолдамады. Ресей империясымен қарымқатынасымызды бүлдiрiп аламыз деген қауiп пен Кенесарының өтiнiшiн қанағаттандырудан үзiлдiкесiлдi бас тар тты. Қазақтардың арасында беделi күштi әрi жауынгер ханды қа былдаудың ешқандай да қажетi жоқ деп ойлады. Оның үстiне, бұл кезде Қытайдың өзi де қазақтармен дiнi бiр ұйғыр және дүнгендердiң көтерiлiстерiнен мазасы кетiп, қатты алаңдаулы болатын.


11. КHтерiлiсшiлердiң Қырғызстан аумағындағы қимылдары. Кө терiлiсшiлер қырғыз жерiне жақын келдi. Бұл кезде қырғыздар Қо қан хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстiк қырғыз руларын билеушi манаптардың өзiне бағынуын талап еттi. Бұл талаптар пат ша үкiметiмен және Қоқан хандығымен одан әрi күрес жүргiзу үшiн күш бiрiктiру қажеттiгiнен туған едi. Хан қырғыздарға арнаған үндеу iнде былай деп жазды: «Менiң мұнда келгенiмнiң мақсаты, сендермен жауласу, қан төгiсу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөлiп алу, қоқандық тардың қысымынан құтқару болып табылады».

Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрi қалып таспаған едi. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтiп өздерiнiң тәуелсiздiгiнен айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерiнiң ойына кi рiп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе едi. Оның үстiне, қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкiметiнiң Сiбiр әкiмшiлiгi тарапынан едәуiр қолдау табатынын да сездi. Вишневский қырғыз дарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтанашық айдап салды. Қырғыз манаптары iрi тайпа өкiлдерiн құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күштi манап Орман барлық қыр ғыздардың билеушiсi болып тағайындалды. Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтанашық бас тартты.

Кенесары ханның қырғыздарға қарсы аттанған екi мың сарбазы

жеңiлiс тапты. Оның бiр мыңы қырғынға ұшырады, екiншi жартысы ашжалаңаш, қаружарақсыз, жаяужалпылап керi қайтты. Қазақ сарбаздарының бiрқатары тұтқынға алынды. Мұның өзi қырғыздар тарапынан бұрынсоңды болып көрмеген батылдық пен қатыгездiк болып шықты. Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшiн орасан зор көлемде төлем талап еттi. Кейiнiрек қырғыздар тарапынан келi сiм жасауға арнайы адамдар келдi. Қазақтар мен қырғыздар арасында бейбiт келiсiм жасалды. Тұтқындар алмастырылды. Екi жақ та бұдан былай бiрбiрiмен бейбiт көршiлiкте, татутәттi достықта тұруға серттестi. Бiрақ қырғыздар көп ұзамайақ бұл келiсiмдi бұзды, Кене сары ханның жақын серiктерiнiң бiрi Саурық батырдың ауылына шабуыл жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқа раның өлiмi үшiн кек алу мақсатымен ұйымдастырылған едi. Қыр ғыздар қазақтардың 700ге жуық жылқысын айдап әкеттi, Саурық батырды өлтiрiп кеттi. 1847 жылғы сәуiрде Кенесары он мыңдай қол мен Қырғызстанның жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен шайқас Ыс тықкөл мен Шу өзенiнiң жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында өттi.


12. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары, тарихи маңызы. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткiзiлген әске ри кеңесте Кенесары ханның серiктерi қоршауды бұзып өтiп, хан ның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бiрақ хан ол ұсыныстан бiржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қал дырып, жеке өзi қашып құтылуды ар санады.

Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биi Сыпатай жасақта рының кенеттен шегiнiп кетуi көтерiлiсшiлердiң жағдайын қиында тып жiбердi. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30дан астам сұлтаны мен және азғана сарбазымен күшi басым қарсыласымен ерлiкпен шайқасып, тұтқынға түстi. Көтерiлiсшiлердiң шағын тобы қоршау ды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қос қан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлiм жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш бiрiк тiрiп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске ша қырды. Бiрақ қырғыздар ханның сөзiне құлақ аспады.

Кенесары мен оның iнiсi Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тап ты. Ресей зерттеушiсi Л. Мейер қазақ жауынгерлерiнiң ең соңғы күндерi туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулiк бойы ерлiкпен шайқасты, Сiбiр қырғыздары (Орта жүз қазақтары. – авт.) көмекке келiп жетер деген үмiтте болды. Бiрақ патша үкiметiнiң жергiлiктi өкiмет билiгiнiң басшылары олардың келетiн жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген едi. Үшiншi тәулiк дегенде көтерiлiсшiлердiң бiр бөлiгi қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенiмдi серiктерi түгелдей дерлiк өлтiрiлдi. Ханның өзi бiрнеше сұлтан дарымен бiрге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдары нан қаза тапты».

Кенесарының және оның жақын серiктерiнiң көзiн жоюға қа тысқан қырғыз манаптарының бәрi де патша үкiметiнiң наградалары мен марапатталды. Халықтың сүйiктi ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай–Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.

Әкесi Кенесарының бастаған iсiн оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берiлген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшiн кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бiрнеше рет әскери жорық жасады.

Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлтазаттық көтерiлiсi осы лайша жеңiлiс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдiң жақсы қаруланған әрi күштi әзiрлiктен өткен тұрақты әскерiне қарсы тұра алмады. Оның үстiне, Кенесары бiрнеше бағытта – патша үкiметiне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргiздi.


Мұның өзi оның негiзгi күштерiн едәуiр шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбiрлiк болмады.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс қазақ халқының патша үкiметiне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бiрi болды. Көтерiлiстiң жеңiлiске ұшырауы патша үкiметiнiң қырғыз жерлерiн, Жетiсудың аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондайақ Бұхар, Қоқан және Хиуа хандықта рын қосып алудың алғышарттары жасалды.

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есiнде талантты әскери қолбасшы, аса көрнектi мемлекет қайраткерi ретiнде қалды. Хан билiгi iс жүзiнде жойылған жағдайдың өзiнде ол қазақтың үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп, қазақ мемлекеттiлiгiн қайтадан қалпына келтiрдi.

Көптеген зерттеушiлер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егемендi мемлекеттiлiктi қалпына келтiру үшiн жасаған әрекеттерiн жоғары бағалады. Оған патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi де құр меттеп қарады, ресейлiк ғалымдар Кенесарыны «бүлiкшiл сұлтан»,



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: