Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 18 глава




«Қырғыз (қазақ. – авт.) даласының Митридаты» деп атап, оның iс әрекеттерiне жағымды баға бердi.

Кенесары Қасымұлының өмiрi мен қызметi болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерiнiң бiр неше ұрпағы мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлтазаттық қозғалы сының жетекшiлерi одан үлгi алып өстi. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткiшi, оның есiмiмен аталатын үлкен көше бар.

Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерiлiсi табысқа жетпесе де, оның ұлы iстерi халық есiнде мәңгi сақталады.

 

1.

?
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiстiң шығу себептерiн, мақса тын және қозғаушы күштерiн атап шығыңдар. 2. Кенесары Қасымұлының жеке басына сипаттама беруге тырысып көрiңдер. 3. Халық көтерiлiсi қалай өрiс алды? 4. Көтерiлiсшiлер Қазақстанда хан билiгiн қалпына келтiре алды ма? 5. Көтерiлiс басшысының сауда және салық саясаты не мақсатты көздедi?

6. Әскери қызмет саласында Кенесары қандай реформа жүргiздi? 7. Патша үкiметi қандай жазалау әрекеттерiн қолданды? 8. Патша үкiметiнiң 1845 жылы хан сарайына жiберген өкiлдерiнiң қызметi қалай аяқталды? 9. Кенесары хан ның Қоқан хандығына қарсы шығуының себебi неде едi? 10. Көтерiлiсшiлер Ұлы жүздiң аумағына қарай неге шегiндi? 11. Қырғызстан аумағындағы оқи ғалар қалай өрiс алды? 12. Көтерiлiстiң негiзгi жеңiлу себебi неде болды және бұл көтерiлiстiң қазақ халқының өмiрiндегi тарихи маңызы қандай?

 

*
Манап – қырғыздардың ақсүйек рубасылары.


Ағыбай Қоңырбайұлы (1802–1885) – атақты батыр, әскери қолбасшы, Кенесары Қасымұлының жақын серiктерiнiң бiрi. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан

шыққан.

Наурызбай батыр Қасымұлы (1822–1847) – сұлтан, батыр, Кенесары Қасым ұлының туған бауыры және ең жақын серiгi.

Сыздық сұлтан (1837–1910) – Кенесары ханның ұлы. ХIХ ғасырдың 2жартысын дағы ұлтазаттық қозғалысының қайраткерi.

Иман Дулатұлы (1780–1847) – батыр, Ресей отаршылдарына қарсы көтерiлiс қайраткерi, Амангелдi Имановтың атасы.

Бұқарбай Естекбайұлы (1822–1898) – батыр, шешен, Кенесары көтерiлiсiне алғаш қылардың бiрi болып қатысқан.

 

1. Кенесары жас кезiнен батылдығымен және ержүректiгiмен ерек шеленген. Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеушi бола бiлдi. Оның жасағы рухының жоғарылығына еуропалық әскердiң қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай едi. Шабуылдары кезiнде сон дай жылдам, бейне бiр жолындағының бәрiн күйрететiн дала дауылы сияқты. Кенесары алдында қандай бiр кедергi болмасын оның еркiн өрлендiре түсiп, өзiнiң ойлаған мақсатына жету жолында кездескен бар лық тосқауылдар, оның топан суындай қуатының алдында күйремейiнше, оны екпiндетiп, өз iсiнде өжеттендiре түсетiн. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерiн көшпелiлер жоғары санайтын және оның серiктерiнiң жүректерi өз қолбасшыларына шексiз, жанқиярлық сенiммен соғатын». Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы, 1993,

304бет.

2. «... Кенесары бүкiл ауылаймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдай мендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сойдаққожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiпқонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi қытай шенеунiгiмен және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ патшадан кешiрiм сұрауына кеңес бердi. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы келмейтiнiн мәлiмдедi... Мұны естiгеннен кейiн Кенесары Iле өзенiн бой лап кейiн қарай көштi. Сөйтiп Қарақамау шатқалында Ұлы жүздiң жала йыр руының егiншiлерiне кезiктi...»

Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы құжат.

 

1. Кенесарыға қандай мiнездеме берiлген? 2. Кенесарының жiберген

елшiлерi Қытай шебiнде қандай мiндет атқарды? 3. Қытай Кенесарыны және оның әскерлерiн өз жерiне жiберуден неге бас тартты?


 

Үшiншi бHлiм. ҚАЗАҚСТАНДЫРЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНА ҚОСУДЫҢ АЯҚТАЛУЫ

§22. ҰЛЫЖҮЗДIҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

ХIХ ғасырдың 50–60жылдарында Орынбор мен Омбы тарапы нан патша үкiметi әскери күштерiнiң iлгерi жылжуы басталды. Сырдарияның бойында әскери шекара шебi құрылды. Жетiсу жерiне казак әскерлерi орналасты. Орта Азиядағы мемлекеттердi – Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарын бағындырудың сәтi түстi.

1. Ресейдiң Ұлы жүздi қосып алуына түрткi болған жағдайлар. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Ресей империясында өнеркәсiп пен сауда күштi қарқынмен дамыды. Тауар өткiзудiң жаңа көзiне, арзан шикiзат пен жұмысшы күшiне деген қажеттiлiк пайда болды. Осы жағдайға байланысты Ресей империясының сыртқы саясатында Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның алатын маңызы жедел өсе түстi. Үндiстан жағынан Англияның Орта Азия мен Қазақстанның оң түстiк өңiрiне деген мүддесi пайда болды. Қытай Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағы жөнiнде бейтарап саясат ұстануды одан әрi жал ғастырды. Оның бiрiншi және екiншi апиын соғыстарынан мойын бұруға мұршасы келмедi. Тайпиндер көтерiлiсi, азамат соғысы, сон дайақ Шығыс Түркiстанда қайтақайта бұрқ ете түсумен болған көтерiлiс бұл елдiң iргесiн шайқалтып кеткен едi. Сонымен қатар Қытайдың Жетiсу жағына қарай жылжи түсу ниетi де болатын. Мiне, мұндай жағдайда Ресей империясының алдында Қазақстанды түпкi лiктi жаулап алу, одан әрi Орта Азия мемлекеттерiн бағындыру

сияқты мәселенiң тұруы әбден заңды сияқты едi.

2. Ұлы жүз қазақтары бiр бHлiгiнiң Ресейдiң қол астына Hтудi қа был алу себептерi. ХIХ ғасырдың 20жылдарының бас кезiнде Ұлы жүздiң аумағында бiртұтас хан билiгi қалмады. Сырдария өңiрiнiң қазақтары ықпалды хан Арынғазыға үлкен үмiт артқан едi. Бiрақ оны Петербургке бара жатқан жолында патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi ұс тап алып, Калуга қаласына жер аударып жiбердi. Gйткенi Ресей ондай беделдi де ықпалды қазақ ханының болуын қаламады. Оның үстiне, бұл кезде Ресей Кiшi жүз бен Орта жүздегi хан билiгiн жоюға қызу әзiрленiп жатыр едi.


Мiне, осындай жағдайда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан қазақта рының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өте бастады. Жергiлiктi қазақ халқына Орта Азия мемлекеттерi, соның iшiнде әсiресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиiжиi шабуыл жасады. Бұл аймақтардағы қазақ тар Ресеймен баж салығын төлемейақ сауда жасауға қатты қызық ты. Бұл аймақ елге ықпалы шамалы бiрнеше сұлтанның билiгiне бөлiнген едi. Елдiң басын бiрiктiретiн, iшкi алауыздық пен айтыс тартысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы тұра алатын мықты күш елде болған жоқ. Патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн бiртебiрте отарлай түсуiне өте қолайлы жағдай қалыптасты. Бiр жағынан, қазақтардың бiр бөлiгi Ресейге қосылуға әзiр тұрды, екiншi жағынан, патша үкi метi де белсендi қимыләрекеттерге көштi.

3. Ұлы жүздiң Ресейдiң қол астына Hтуi. Қоқан хандығының қайтақайта шабуыл жасап, елдiң берекесiн қашыруы жиiлеп кеттi. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтарының өкiлдерi патша үкiме тiне өтiнiш айтып, өздерiн Ресейдiң қол астына алуды сұрады. 1824 жылы Ұлы жүздiң 14 сұлтаны – Абылай ханның немерелерi мен Әдiл сұлтанның балалары басқарған 165 мыңға жуық ер адам Ресейдiң қол астына өттi.

Бiрақ соның артыншаақ Ресей үкiметi Ұлы жүз қазақтарымен қарымқатынас жасауды тоқтата тұруға мәжбүр болды. Ресей мемле кетiнiң iшкi проблемалары (I Александрдың өлiмi, Сенат алаңында ғы декабристердiң көтерiлiсi), сондайақ сыртқы проблемалары (орысиран соғысы, орыстүрiк соғысы, поляк көтерiлiсi) Ұлы жүз қазақтарын империяның құрамына алуды уақытша тоқтатты.

Хиуа және Қоқан хандықтары билеушiлерiнiң Ресейге деген көз қарасы өте нашар болды. Ортаазиялық билеушiлер қазақтар арасын да орыстарға қарсы бағытталған үгiттi өрiстете түстi.

Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуды тездету және Орта Азияға қарай жақындай түсу мақсатымен Ресей империясы әскери бекiнiс тер салуға кiрiстi. Ресейге қосып алынған жерлерде Аягөз, Ақтау, Ұлытау, Қапал бекiнiстерi бой көтердi. 1848 жылы Ресей империя сы Ұлы жүз үшiн пристав (кiшiгiрiм әкiм) лауазымды қызметiн белгiледi. Пристав Батыс Сiбiр генералгубернаторына тiкелей ба ғындырылды. Оның мiндетi жаңадан жаулап алынған Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аймақтарына басшылық ету болды.

Ұлы жүз аумағына неғұрлым тереңдей ену арқылы патша үкiметi бiрқатар стратегиялық маңызды мiндеттерге қол жеткiзудi көздедi. Бiрiншiден, Орта жүз бен Кiшi жүздегi хандық билiктiң жойылуына, округтiк приказдардың құрылуына наразы бiрқатар сұлтандар мен батырларды бейтараптандыру қажет болды. Екiншiден, патша үкiметi


Қытаймен шекараны нақты белгiлеуге және өзiне тиiмдi қарымқа тынастар орнатуға мүдделi едi. Үшiншiден, патша үкiметiнiң Ұлы жүз жерiнде бекiнiстi күшейтiп, одан әрi Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағына қарай әскери күштерiн енгiзудi көздедi.

Ресей Iле сыртындағы өлкеде бiржолата бекiнiп қалуға тырыс ты. Қазақтар империяның әскери күштерiнiң iлгерi жылжуына қатты қарсылық көрсеттi. Мәселен, дулат тайпасының қазақта ры әскери экспедицияға түгелдей қарсы шықты. Патша үкiметi елдегi ықпалды билеушi топты сатып алу әдiсiне көштi. Олардың жер дауына байланысты мәселелерi iшiнара шешiлдi. Шеншек пендер, ордендер, айырым белгiлерi таратылды. Сондайақ ақша және бағалы сыйлықтар түрiнде әр түрлi материалдық көтермелеу шаралары қолданылды. 1851 жылы Карбышевтiң экспедициялық әскерi бәлендей қарсылыққа душар болмайақ, Қоқанның Тайшүбек бекiнiсiн басып алды.

Осы жерде 1854 жылы Верный бекiнiсi бой көтердi. Сол жылы онда орыстардың 500 солдаты мен офицерi орналасты. Келесi жылы Сiбiрден 400ге жуық шаруа отбасы көшiрiп әкелiндi. Ұлы жүз приставының кеңесi де осында орналасты. Уақыт өте келе бұл бекiнiстер Жетiсуды әскери күштердiң отарлап алуының негiзгi тiректерiне айналды. Ресейдiң Жетiсу жерiмен бiртебiрте iлгерi жылжуы оның Қоқанмен екi арасындағы шиеленiстi оқиғаға ұласты.

4. РесейҚоқан қарамақарсылығының шиеленiсе түсуi. Ресей Кiшi жүз бен Орта жүздiң тарапынан екi бағытта iлгерi жылжы ды. Бекiнiстер жүйесiн салып, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан ның қалаларын әскери күшпен басып алудың келесi кезеңiн жеңiлдете түстi.

Ал ол қалалардың барлығы да iс жүзiнде Қоқан хандығының билiгiнде болатын. Бұл жағдай Ресей мен Қоқан арасындағы қарым қатынастардың елеулi түрде шиеленiсуiне алып барып соқтырды. Кең көлемдi соғыс ашу мәселесi пiсiпжетiлдi. Ол соғыс Орта Азия дағы мемлекеттердiң – Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының тәуелсiздiгiн жоюмен аяқталды.

Қоқан үкiметi Ресейдiң Жетiсуды жаулап алуына жол бер меу мақсатымен Пiшпектегi, Әулиеатадағы, Шымкенттегi әске ри күштерiн нығайта түстi. Қоқандықтар өздерiнiң атты әскерi үшiн қазақтар мен қырғыздардың жылқыларын күштеп тартып алды. Сауда керуендерiнiң жүрiптұруына кедергi жасады. Қазақ тар мен қырғыздардан әскер жасақталды. 1857–1858 жылдары Шымкент пен Әулиеата аймақтарының жергiлiктi қазақтары


қоқандықтарға қарсы көтерiлдi. Ол көтерiлiстердiң қатыгездiкпен басыпжаншылуы салдарынан қазақтардың едәуiр бөлiгi Ресей империясының жағына шығып кеттi.

Қоқандық дiни қайраткерлер Ресейге қарсы ғазауат соғысын жа риялау қажеттiгi туралы идеяны насихаттады. Соның салдарынан қазақтардың бiр бөлiгi Қоқан жағын, екiншi бөлiгi Ресей жағын қол дап шықты. Қоқан жағында Кенесары Қасымұлының баласы Сыз дық сұлтан да болды.

5. Қоқанға қарсы әскери науқанның басталуы. Ресей империя сының Ұлы жүздiң және Солтүстiк Қырғызстанның шекарасы ай мағында 1859 жылы салған Қастек бекiнiсi осы өлкедегi стратегия лық маңызы күштi пунктке айналды. Ресейдiң Шу аңғары арқылы басталған әскери iсқимылдары Әулиеата, Шымкент және Ташкент әскери бекiнiстерiн басып алуға бағытталды. 1860 жылы полков ник Циммерман бастаған әскер Шу аңғарына келiп кiрдi. Қоқан хандығының Тоқмақ және Пiшпек бекiнiстерiн басып алды. Пiшпек Қоқан хандығының негiзгi орталықтарының бiрi болатын.

Ташкентте жалпы саны 20 мың адамға жететiн орасан зор ар мия құрылды, оның 40 зеңбiрегi болды. Қоқан әскерi Ташкенттi қорғап тұрды. Ал полковник Колпаковскийдiң Верный маңын дағы ресейлiк армиясында бiр мыңға жуық адам болды.

1860 жылғы 21 қазанда Ұзынағаш бекiнiсi түбiнде шешушi шай қас болып өттi. Қоқандықтар әскер саны жағынан әлдеқайда ба сым бола тұрса да тасталқан болып жеңiлдi. Рас, олардың жа ғында көптеген қазақтар мен қырғыздар да бар едi.

Қоқан мемлекетiнiң iрi әскери күшiнiң адам саны аз орыс армиясынан ойсырай жеңiлуiнiң өзiндiк себептерi бар болатын. Ресей армиясы өзiнiң қаружарағы жағынан Қоқан армиясынан жақсы жарақтандырылған едi. Көп жылдар бойы соғыс қимылда рын жүргiзiп, мол тәжiрибе жинақтады. Тұрақты, әрi жауынгерлiк қабiлетi күштi орыс армиясына қарсы қоқандықтардың нашар қару ланған, әскери әзiрлiгi жеткiлiксiз, әр түрлi халықтардың өкiлдерiнен құралған халық жасағы қарсы тұрған едi.

1864 жылы Ресей әскерлерi Меркi әскери бекiнiсiн қарсылықсыз басып алды, одан кейiн Әулиеата, Шымкент, Түркiстан қалаларына шабуыл жасады.

Қазақстанның оңтүстiгiнде жаңадан құрылған Түркiстан аймағы ның әскери губернаторы генералмайор Черняев Қоқан мен Бұхар хандықтарының Ташкентке ие болу үшiн жүргiзiлген өзара шиеле нiстi күресiн пайдалана қойды. 1865 жылы қаланы Ресей армиясы басып алды.


 

Ресей әскерiнiң Ақмешiт бекiнiсiне шабуылы.

 

6. Сырдария әскери шебiнiң құрылуы. Патша үкiметi әскерлерiнiң Ұлы жүз аумағына қарай iлгерi жылжуы Орынбор жағынан да орын алды. 1833 жылы Орынбор өлкесiнiң әскери губернаторы болып В.А. Перовский тағайындалды. Ол екi бiрдей мiндеттi жүзеге асыруға кiрiстi: бiрiншiден, қазақтардың әлi Ресейдiң қол астына өтпеген бө лiгiн Ресейге бiржолата түпкiлiктi қосу, екiншiден, Орта Азия хандық тарының шекарасына жақындау мiндеттерi болатын. Бұл мiндеттердi шешу үшiн қазақ даласына мезгiлмезгiл әскери отрядтар жiберiлiп отырды және әскери бекiнiстер мен қорғаныс қамалдары салына бастады. Мәселен, 1834 жылы Маңғыстауда Новоалександровский қа малының негiзi қаланды. 1847 жылы Ресей әскерлерi Сырдария өзе нiнiң сағасын басып алып, онда Райым қамалын, ал 1848 жылы Қаза лы бекiнiсiн салу қолға алынды.

Ресей 1853 жылы Қоқанның iрi бекiнiсi Ақмешiттi басып алған нан кейiн Сырдария бекiнiс шебi пайда болды. Ол өңiрде тұратын қазақтар патша үкiметiнiң билiгiн мойындады.

7. Ресейдiң Орта Азия мемлекеттерi аумағында соғыс қимылдарын одан әрi жалғастыруы. ХIХ ғасырдың 60жылдарының екiншi жарты сынан бастап орыс әскерлерiнiң соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерiнiң – Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының аумағына ауысты. Қатарынан бiрнеше рет есеңгiрей соққы алып, жеңiлiске ұшырағаннан кейiн Қоқан хандығы iс жүзiнде жойылып, өмiр сүруден қалды. 1866 жылдың көктемiнде орыс әскерлерi Бұхар әмiрлiгi аумағының едәуiр бөлiгiн басып алды. 1867 жылы ол аумақ


тар Түркiстан генералгубернаторлығының құрамына енгiзiлдi. Бұхар әмiрлiгiнiң солтүстiк жағында тұратын қазақтар өзбектермен бiрге Ресей мемлекетiнiң бодандығын қабылдады. 1873 жылы Ресей әскери экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астанасын да басып алды.

8. Ресей империясының Қазақстанды отар етiп басып алуының салдарлары. 1865 жылы Ресей әскери министрiнiң бұйрығымен Түр кiстан аймағы құрылды. Ол Орынбор генералгубернаторына ба ғындырылды. 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркiстан генералгубернаторлығын құру туралы жарлық шықты. Патша үкiметi әскерлерiнiң Ұлы жүздiң аумағында жүргiзген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық қосы лып бiтуiмен аяқталды. Ресейдiң әскери iсқимылдарының бары сында қазақтар Орта Азия хандықтарының езгiсiнен азат етiлдi. Со нымен қатар патша үкiметiнiң Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аума ғына экспансиясы басталды. Сөйтiп бiр езгi екiншi езгiмен алмасты рылды. Мұның өзi қазақтардың кезектi қарулы көтерiлiстерге шығу

ына себеп болды.

Аумағы орасан зор елдi басқару үшiн патша үкiметi Қазақ станға жаңадан қосымша әскери күштер жiберуге мәжбүр болды. Алымсалықтар мөлшерi арттырылды, ерiксiз жұмыстың алуан түрлерi енгiзiлдi. Ондай отаршылдық езгiге наразы болған қазақ руларының бiр бөлiгi көршi уездер мен мемлекеттердiң аумағына көшiп кеттi.

Патша үкiметiнiң соғыс қимылдары салдарынан көптеген қала лар қирады, әлемдiк деңгейдегi мәдени ескерткiштерге айтарлықтай зақым келтiрiлдi. Мәселен, Ресей әскерлерi Түркiстан қаласына жа саған шабуыл кезiнде қала қатты қирады, күштi өрт шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi онымен де қоймай, бүкiл мұсылман қауымы ның қасиеттi жәдiгерi Қожа Ахмет Йасауи кесенесiн зеңбiрекпен атқылады. Кесенеге атылған 12 снарядтың 11i кесененiң қабырғасын тесiп өттi. Генерал Черняев өзiнiң тағылық iсәрекетiмен Ресейдiң қол астына жаңадан қараған халықтың арасында үрей туғызуды, сөйтiп оларға орыс қаруының күшiне «құрмет» бiлдiрудi үйретпек болды. Егер Шейхэль Ислам өз басын өлiмге тiгiп, кесененiң үстiнде желбiреп тұрған ақ туды лақтырып тастамағанда ғимарат тың түгел қирап қалуы әбден мүмкiн едi. Ресей солдаттарының шектен шыққан айуандығы Шымкент, Әулиеата және Сайрам қала ларын басып алу кезiнде орын алды. Шоқан Уәлихановтың және бiрқатар прогресшiл орыс офицерлерiнiң генерал Черняевтен бөлiнiп кетуiнiң бiр себебi, мiне, осы жағдайдан болған едi.


 

10—6903



Түркiстан мен Шымкент басып алынғаннан кейiн Орынбор және Сiбiр шептерi бiрбiрiмен жалғасты. Қазақстанды Ресей империясы ның құрамына қосып алудың ұзаққа созылған күрделi әскериотар шылдық үрдiсi осылай аяқталды. Қазақстанның оңтүстiкшығыс және оңтүстiк аймақтарын әскер күшiмен қосып алу патша үкiметi нiң бұдан былайғы соғыс қимылдарын Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағында одан әрi жалғастыра түсуiне кең жол ашты.

Оңтүстiк өңiрдi жаулап алумен қазақтың дәстүрлi сотының жүйесiне өзгерiстер енгiзiлдi. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарын да халық соты дiни қайраткерлердiң, яғни қазылардың ықпалында болатын. Қазыларды сайлау, ең алдымен, оның шариғатты (мұсылмандық құқықты) қаншалықты бiлу дәрежесiне байланы сты едi. Дiнбасыларының өлке халқына ықпалын шектеу үшiн патша үкiметi қазыларды сайлап қою тәртiбiн енгiздi. Gлкенiң Ресей империясының құрамына өтуi алымсалықты күшейтiп жiбердi. Бүкiл жиналған алымсалық былайша бөлiндi: үштен бiрi азаматтық өкiмет билiгiн ұстауға, ал үштен екi бөлiгi таза әскери мақсаттарға жұмсалды.

Түркiстан өлкесiнiң басшысы генерал Г.А. Колпаковский Қазақ станға Ресейден казактар мен шаруаларды көшiрiп әкелiп, орналас тыруды алғашқылардың бiрi болып жүзеге асыра бастады. Славян халқының санын көбейтудiң қажеттiгi жаулап алынған өлкенi қол дан шығармай ұстап қалу мақсатынан туындады. 1867 жылы Жетiсу казактарының әскерлерi құрылды. Жетiсу өлкесiне қоныс аударған әрбiр ер адамға 30 десятинадан жер телiмi берiлдi. Олар 15 жылға әскери қызмет атқару мiндетiнен босатылды. Сондайақ олардың әрқайсысы 100 сом мөлшерiнде ақшалай қарыз алып отырды. Соны мен, ХIХ ғасырдың 60жылдарының орта шенiнде Қазақстанның Ресейге қосылу үрдiсi толық аяқталды және бұл өлке Ресейдiң отар лық шет аймағына айналып шыға келдi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: