Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 22 глава




ланысты әдетғұрып. Ауыл адамдары бiрiнбiрi шақырысып, қымыз iшер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседi. Қымызмұрын дыққа шақырған үй иелерiне ауыл ақсақалдары ақ батасын бередi. Қазақтарда жылу жинау әдетғұрпы да бар болатын. Оның мәнi кез дейсоқ жағдайда үйi өртенiп кеткен немесе дұшпанның шабуылы нан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқынынан, аштықтан зар дап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың кө мек көрсетуi болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алды на қолдарынан келгенiнше мал салып бередi, киiмкешек, көрпе төсек, ыдысаяқ жағынан көмек көрсетедi, бастарына шаңырақ кө теруiне жәрдемдеседi. Мұның өзi зардап шегiп, қиналған ағайынға жаны ашығандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрiнiсi едi. Мүм кiндiгi бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын туыс ру iшiнен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесiл гендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете ал майды. Gйткенi ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.

Қазақ даласында жұртшылық деген әдетғұрып та кеңiнен тара

ған. Оның мәнi белгiлi бiр себеппен белшесiнен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайынтуғандарының көмек көрсетiп, қарызынан құтылуына көмектесуi болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесiнiң шешiмi бойынша көр сетiледi. Қазақтардың ауызбiрлiгiнiң, өз жақындары мен туыстары на жанашырлықпен жәрдем жасауының бiр көрiнiсi мiне осындай. Дала тұрғындарының дәстүрлi әдетғұрыптарының бiрi – асар.

Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бiрлесе жұмылып,


Қазақ ауылы.

 

бiреудiң белгiлi бiр жұмысын бiтiрiп бередi. Мәселен, олар бiреудiң қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондайақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседi. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсi болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсiздiк саналатын. Қазақтар ХХ ғасырдың бас кезiнде осы әдет ғұрыпты пайдаланып, көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешiттер салып алды.

Әрбiр қазақ суға кетiп бара жатқан адамға жәрдем қолын созу ға, қиналған адамның өтiнiшiн орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге мiндеттi. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бiрлесе iздеген. Дала тұрғыны өтемөте мұқтаж, кейiнге қалдыруға болмайтын шұғыл мiндеттi орындау қажеттiгi туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап, мiнiп кете беруге құқықты болған. Бұл үшiн ат иесiнен рұқсат сұрау мiндеттi еместi. Ондай кезде көлiк беруден бас тартқан адамға атшапан айып са лынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пiкiр қалыптасқан.

2. Әдептiлiк пен сыпайылық әдетғұрпы. Екi қазақ кездесе қалған да жасы кiшiсi жасы үлкенiне «Ассаламағалейкүм!» деп, бiрiншi бо лып сәлем бередi. Жасы үлкен кiсi оған «Уағалайкүмассалам!» деп, жауап қатады. Тек содан кейiн ғана егжейтегжейлi амансаулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бiрiнбiрi тiптi танымайтын адамдар үшiн де мiндеттi болып саналады.


Дала тұрғындарына тән әдептiлiк пен сыпайылық, кiшiпейiл дiлiктiң бiр көрiнiсi – үлкен кiсiнiң есiмiне әке (еке) сияқты жұр нақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. Мұны ХХ ғасырдың бас ке зiнде белгiлi орыс ғалымдарының бiрi Л. Баллюзек те байқаған:

«Қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) сыпайылығы, кiшiпейiлдiлiгi мен әдептiлiгiнiң бiр көрiнiсi – жасы үлкен кiсiлердiң есiмiне еке (әке) сөзiн қосып айтуы».

Жас келiндер ер азаматты ерекше құрметтеудiң белгiсi ретiнде күйеуiнiң жақын туысының атын атамаған. Күйеуiнiң әкесi мен ше шесiн ата, ене деп атаған. Күйеуiнiң iнiқарындастарын шырақ, жар қын, айнаш, гүлiм, бауырым деп еркелете ат қоятын. Gзге туысқанда рына да жаңа әрi жарасымды ат ойлап табатын.

Қазақтар екiқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесiп өтудi әдепсiздiк санаған. Келiндер атасының, қайын ағаларының кө зiне түспеуге тырысқан.

Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуiне рұқсат етiлмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, мiне, осындай едi. Қа зақтар үйге бас сұғар алдында қаружарағын әрқашан тыста қалды ратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кiруге де болмайтын.

Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзiнiң жақын туыстары мен көршiлерiне әр түрлi сыйлықтар – базарлық ала келетiн. Ауыл ақсақалдары тамақ үстiнде үлкен табақтан жасы кiшiлерге асату жасайтын. Егер кiмдекiм әлдебiр жаңа киiм кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, досжаран дарының байғазы беру әдетғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мерекетой ларда болған жерлерiнен сарқыт ала келетiн. Мұның өзi, бiр жағы нан, тағамға деген құрметтi бiлдiрсе, екiншi жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болға нын сезiнуге тәрбиелейдi. Қазақтарда көптен берi көрмеген жақын туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемi естелiк бұйымдардан, қазықарта, мүшелi жiлiктерден, сүр еттерден сәлемдеме берiп жiберу әдетғұрпы да болған.

Сәлемдеменi алған жақ шын ниетiмен разы болып, iзгi батасын беретiн. Базарлықтар мен сыйлықтарды туғантуыстар, досжарандар мен көршiқолаңдар өзара бөлiсетiн.

Дала тұрғындары бiрбiрiне қуанышты хабар жеткiзгенде сүйiншi сұрайтын әдетғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткiзген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезiнде жас аңшы бағалы ол жасын өзiмен бiрге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалы на байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркiмен жасаған.


Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдетғұрыптың бiрi – ажырасу аяқ. Оның мәнi ауылдың бiр тұрғыны басқа бiр алыс жаққа көшiп кетерде ағайынтуғандарымен, көршiқолаңдарымен қоштасу ре тiнде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруiнде болатын. Ауылдаста рына айтпай, үнтүнсiз көшiп кету көргенсiздiк, тәрбиесiздiк санала тын. Ал көшiп бара жатқан жақ өздерiнiң туғантуыстарына, құр меттi ауылдастарына көзiмiздей көрiп жүрiңдер деп, естелiк сыйлық тар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегiнде ризашылығын бiлдiрiп, көш көлiктi, барған жердегi қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берiсетiн.

3. Жасы үлкендерге құрмет кHрсету. Дәстүрлi қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Он дай құрмет жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендiгiне қарамай көрсетiлетiн. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде немiс ғалымдарының бiрi Ф.фон Шварц былай деп жазған болатын: «Қыр ғызқайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қар тайған ер азаматтардың бәрi де кiм екенiне, қандай тектен шыққа нына қарамай, ерекше сыйқұрметке бөленедi». Олар барлық ме рекелерде, жиынтойларда құрметтi орындарға, төрге шығарыла ды. Жиналыстарда олар елеулi рөл атқарады. Жастар олардың айт қан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. Жас жiгiт үшiн үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапат тың белгiсi саналатын. Кiшi iнi үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетiнше ешқашан отырмайтын.

Жас адамның үлкен кiсiнiң алдын кесiп өтуi көргенсiздiк деп

есептелiнетiн. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесiп өтпеуiне де қатысты болатын. Жасы кiшiлердiң жасы үлкендерге дауыс көтеруiне барып тұрған әдепсiздiк ретiнде үзiлдiкесiлдi тыйым салынатын. Әңгiме үстiнде жасы үлкен кiсiнiң сөзiн бөлуге ешқашан рұқсат етiлмейтiн.

Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтiп, ақ батасын алатын. Қазақ тар жасы үлкен әрi құрметтi адамдардан мұндай батаны жауға атта нарда да тiлейтiн.

4. Тамырлық әдетғұрпы. Қазақтардың арасында достасыпбау ырласу немесе тамыр болу әдетғұрпы да кеңiнен тараған. Бұл рәсiм куәлардың көзiнше салтанатты жағдайда өткiзiлiп, нығайтыла тү сетiн. Рәсiм кезiнде екi дос қылыштың не қанжардың жүзiн сүйiп, мәңгi адал дос болуға серттесiп, ант iшiсетiн. Олар бiрбiрiне мәңгi достықтың белгiсi болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын. Досжаран, тамырдың үйiнде қашан болса да қонуға болатын, ал үй иесi оған қолдау көрсетiп, қамқорлық жасайтын.


Қазақстан аумағында Ресей казактары мен қоныс аударып кел ген орыс шаруаларының пайда болуына байланысты мал өсiретiн көшпелi қазақтар мен егiн салатын отырықшы орыстардың ара сында достасып, тамыр болу әдетғұрпы етек алды. Iс жүзiнде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебiндегi әскери казактар дың арасында өзiнiң тамырдосы болды. Мұның өзi халықтар ара сындағы достықтың кеңiнен қанат жаюына игi ықпалын тигiздi. Әдетте олар бiрiнiң тiлiн бiрi үйрендi, бiрiнiң мәдениетiн бiрi құр меттедi. Бұл әдетғұрыптың ең мықты түрi достамыр болу едi. Олар бiрбiрiнен өздерiне ұнаған нәрсесiнiң бәрiн де қалап ала беретiн. Достамырлық әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретiн сипат алды.

5. Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт

дәстүрлер. Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен не кеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бiрегей әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бiрi Құраннан аят оқып, нәрестенiң атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.

Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсiмi өткiзiлетiн. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптыры лып, спорт жарыстары өткiзiлетiн.

Атаана өздерiнiң ұлын үйлендiру қамын әрқашан ойластырып жүретiн. Болашақ келiндi бала кезiнен iздестiре бастайтын. Тiптi балалар дүниеге келмей жатыпақ белқұда, ал сәбилер дүниеге кел ген соң бесiкқұда рәсiмдерi болатын. Құдаларды өнегелi, құрметтi, тектi жерден iздестiретiн. Құда түсудiң салтдәстүрлерi бойынша арнайы рәсiм өткiзiлетiн. Қазақтарда жетi атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Баланы үйлендiруге қатысты әдетғұрыптардың ретi мынадай бо латын: құда түсуге алдын ала келiсу, атаананың құда түсуi, күйеудiң қалыңдыққа ұрын баруы, келiн түсiру тойы, неке қию рәсiмi. Ұзатыла тын қыздың әкесi құда түсiп келген құдаларға құйрықбауыр же гiзетiн. Бұл салтдәстүр құдалық рәсiмiнiң орындалғанын көрсететiн. Ал құдалық екi жаққа да белгiлi мiндеттер жүктейтiн. Құдалықтан айнуға болмайтын.

Құда түсудiң ресми бөлiгi аяқталғаннан кейiн жiгiт жағы қыздың қалыңмалын төлейтiн. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетiн. Оның мөлшерi құда түсушiлердiң қаншалықты бай, ауқатты екен дiктерiне қарай белгiленетiн. Қалыңмалдың мөлшерi 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейiн жететiн. Қалыңмал той шығынына, қыз жаса уына жұмсалатын. Үйлену тойы кезiнде құдалар бiрбiрiне кит


кигiзетiн болған. Ол түрлi қымбат баға лы киiмдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бiр бiрiмен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдетғұ рыптары неке қию рәсiмiне ұласады. Қа зақтардың дәстүрлi қоғамында қыздың жасауын берудiң де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезiнен әзiрлене бастайтын. Қыздың жасауына киiз үй, кiлем, текемет, сырмақ сияқты бұйым дар, киiмкешек түрлерi мен ыдысаяқ тар, әр түлiктен тұратын мал басы және басқалары кiретiн болған. Қазақтар ара сында ажырасу деген болмаған. Аталып отырған кезеңде көп әйел алушылық дәстүрi орын алды.


 

Қалыңдық.


Күйеуi өлiп, жесiр қалған жас әйелге күйеуiнiң жақын туыстары

ның бiреуi әмеңгерлiк жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көш пелi қазақ халқының өмiрiнде мұның әлеуметтiк маңызы үлкен бол ды. Әйел ерден кетсе де елден кетпедi. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жiберiлмедi. Gйткенi олар өз туыстарының ара сында жетiмдiк көрмейдi. Сондықтан да құдалардың арасы суыс пайды. Егер бiреудiң отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетiней берсе, ол алдын ала келiсiм бойынша, өз туыстарының бiрiнiң баласын бауырына басып, асырап ала алатын.

Жеке шаңырақ көтерiп, атаанасынан еншiсiн алып шыққан жас отбасында күнделiктi тiршiлiгiне қажеттi нәрсенiң бәрi де – отауы, төсекорындары мен үй iшiнiң жабдықтары, есiк алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдетғұрып бойынша атаанасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкiл малмүлкiмен қоса иелiк ететiн. Қазақтар өздерiнiң атаанасын ешқашан тастап кетпейтiн. Даланың жазылмаған бұл әдетғұрпын бұзғандарды қазақ тар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретiнде жек көрдi.

6. Бата беру. Қазақтарда бата беру әдетғұрпы кеңiнен етек алды. Ол әрбiр iске кiрiсер алдында мiндеттi саналатын. Бата поэтикалық тiлмен жалпы жұртқа қарап тұрып берiледi. Онда бата берушi адам өзгелерге iзгi жақсылық, табыс тiлейдi. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруi тиiс. Бата берушi Жаратушы Алла дан бақытты өмiр, материалдық байлық, әрбiр iсте табысты болуын тiлейдi. Бата екi қолды iлгерi қарай жоғары созып, екi алақанды


өзiнiң жүзiне қарата бұрып тұрып берiледi. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, терiс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, iзгiлiктi әрi қайырымды iстерге баулиды. Қандай да бол сын бiр iске кiрiсерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүрiп, алыс сапарға аттанарда әркiм ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтерiп, жеке үйжай болғандарға да берiледi. Қазақтар өздерiнiң балаларына атақты кiсiлерден, құрметтi қонақ тардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дiнiнiң таралуына бай ланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түстi. Қайтыс болған адамның үй iшi мен туғантуыстарына көңiл айту кезiнде де бата берiледi. Марқұмның өзiне де, артында қалған үрiмбұтағына да iзгi тiлектер бiлдiрiледi. Қайтыс болған кiсiнiң отбасы мен туыстарын ағайын, жолдасжоралары арнайы шақырып, қонақ етедi. Оны көңiлшай деп атайды.

7. Бала тәрбиесi. Қазақтар бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлген. Қазақтың дәстүрлi тәрбиелiк үлгiөнегелерi ұрпақтан ұрпаққа ауы сып отырады.

Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бiрiншi болып сәлем беруге мiндеттi. Атты адам жаяу кiсiге, жасы кiшi үлкендерге бiрiншi болып сәлем бередi. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ iшiп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгiөнеге беруде мақалмәтелдердiң атқа ратын рөлi зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгiштiкке, алды артын аңдап сөйлейтiн сақтыққа, адамгершiлiк асыл қасиеттерге бау лиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күшi – айласында»,

«Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қар ның тiленбей», «Бiрлiк бар жерде тiрлiк бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бiр күнi жылға азық», «Жақсыда жат тық жоқ», «Жаман үйдi қонағы билейдi», «Жақсы жiгiтке жетi өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелiк маңызы зор.

 

1.

?
Қазақтардың қонақжайлылығы мен өзара көмек көрсету әдетғұрып тары туралы айтып берiңдер. 2. Әдептiлiк пен сыпайылық ережелерiн

атап шық. 3. Қазақтар жасы үлкен кiсiлердi қалай сыйлаған? 4. «Тамырдос тық» деген сөздiң мәнiн қалай түсiнесiңдер? 5. Отбасы және неке мәселесi саласындағы әдетғұрыптардан не ұғындыңдар? 6. Қазақтардың өмiрiнде бата берудiң маңызы қандай? 7. Қазақтардың ежелгi әдетғұрыптары мен салт дәстүрлерiнiң қайсысы бiздiң кезiмiзге дейiн жеткен?

 

*
Бата беру – жақсы тiлек бiлдiру.

 

Баллюзек Лев (1822–1879) – белгiлi орыс ғалымы, қазақтардың әдет құқықтарын зерттеушi. Торғай облысының әскери губернаторы болған.


 

1. «... Қырғыздардағы (қазақтардағы. – авт.) некенi қазiргi бiздегi

сияқты әлдебiр құпия немесе қасиеттi үйлену салты деп санауға болмай ды. Оларда мұның өзi нағыз азаматтық мәмiле деуге лайық. Қазiргi неке лер қалыңмал алу арқылы шаруашылығының жағдайын жақсартып алу ды көздейдi. Мұндай жағдайда құда түсуге күйеу жiгiт пен қалыңдықтың қатысуы шарт емес, тiптi құда түсу рәсiмi болашақ күйеу бала мен бола шақ қалыңдықтың бесiкте жатқан кезiндеақ орындала бередi. Бұрынғы кездерi қалыңмалдың екi түрi болатын. Бiрi сұлтандардың, ал екiншiсi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) қалыңмалы деп аталатын. Сұлтан дардың қалыңмалы әр түрлi 47 бас малдан (түйе, жылқы, сиыр және уақ мал), қырғыздардың малы тап сондай түлiктердiң 37 басынан тұратын. Мұндай кезде қалыңмалдың мөлшерiн белгiлеуге қалыңдық жағының бүкiл руы, ал малды тапсыру кезiнде күйеу жiгiт жағының бүкiл руы қатысуы тиiс болатын. Ал қазiр қалыңмалдың мөлшерiн қыздың әкесiнiң бiр өзi ғана белгiлейтiн болды. Сондықтан да қалыңмалдың мөлшерi күрт өзгерiп кеттi: байларда 300 басқа дейiн жетсе, кедейлер жалғыз сиырдан аса алмайды...»

Ресей. Бiздiң Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамдарының үйде де, жолда да қолдан түспейтiн кiтабы. СПб.,1903, 18 том (Қырғыз өлкесi), 216–217беттер.

2. «...Қырғызша (қазақша) «құдалар» деп аталатын бұл елшiлердi қабылдау дәстүрлi той – «құда түсер» деп аталатын ресми құда түсуге байланысты мерекеге ұласып кетедi. Тойдың басты ырымы – құдаларды қонақ қылып, сыйлау, оларға қойдың құйрығы мен бауырынан жасалған тағам беру; бұл тағам ет қосылмай, тек құйрық пен бауыр асатудан тұратын болған соң, «Құйрықбауыр асату» деп аталды. Құда болатын екi жақтың жақсы туыс болуын тiлеп, әдеттегi дұғаны оқығаннан кейiн, яғни бата оқылған соң құйрықбауырды бiрнеше уыстан жейдi, бұл жастардың не кеге отыруының шарттарын бекiтудiң не келiсудiң белгiсiн бiлдiредi.

Баллюзек Л.Ф.//Қазақтар. Көпшiлiкке арналған тоғыз томдық анық тамалық. 7 том. А., 2003, 17бет.

 

1. Құда түсу кезiнде күйеу жiгiт пен қалыңдықтың қатысуы мiндеттi

болды ма? 2. Құда түсiп, үйлену тойын өткiзу, неке қию рәсiмi қалай өткiзiлдi? 3. Сұлтанның беретiн қалыңмалының қатардағы қазақтардың беретiн қалыңмалынан айырмашылығы қандай едi? 4. ХХ ғасырдың бас кезiндегi жағдайда қалыңмал төлеуде қандай өзгерiстер орын алды?

5. «Құйрықбауыр асату» дегенiмiз не?


 

Бесiншi бHлiм. ХIХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКIНШI

ЖАРТЫСЫНДАҒЫҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

§27. СЕМЕЙ IШКI ОКРУГIНIҢ ҚҰРЫЛУЫ

Ертiстiң оң жағалауында көшiпқонып жүрген қазақтар үшiн 1854 жылы Семей iшкi округi құрылды. Ол 1868 жылға дейiн өмiр сүрдi. Се мей iшкi округiнiң құрылуы қазақ халқының ежелден көшiпқонып жүрген атамекенiне қайта оралуы жолында ұзаққа созылған күресiнiң нәтижесi болды.

1. Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтар туралы. 1771 жылдан бас тап қазақтардың едәуiр бөлiгi Ертiстiң оң жағалауына уақытша тұру ға көшiп бара бастады. 1788 және 1798 жылдары патша үкiметi қазақ тардың Ертiстiң оң жағалауына тұрақты тұруға көшiп баруына ресми түрде рұқсат ете бастады.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: