Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 23 глава




Мұның себебi, бiрiншiден, Уәли ханның билiгiн әлсiретуге бағыт талды. Екiншiден, қазақтардың Ертiстiң iшкi жақ бетiне көшiп ба руына сұраған өтiнiшi одан әрi елеусiз қала беретiн болса, онда олар дың Қытайдың шекарасына қарай жаппай көшiп кетуiнiң қаупi төн дi. Үшiншiден, Ертiстiң оң жақ бетiнде iшкi Ресейден қоныс аударып келген шаруалар әлi жоқ болатын. Патша үкiмет орындары Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтарды Ресей империясына «шын берiлгендер»,

«iшкi» немесе «станицалық қырғыздар» деп атады. Оларды өз сұлтан дары мен рубасылары басқарды. Ең ықпалды басқарушы сұлтан Сұлтанбет едi. Ондағы аумақ Ресейге «шын берiлген қырғыздар жерi» деп аталды. Ал қазақтарға Ертiстiң сол жағалауындағы далалық қа зақтар, «iшкi қазақтар» немесе «орыстың қол астындағылар» деген ат берiлдi.

Ертiстiң оң жағалауы мен сол жағалауындағы қазақтардың бiр бiрiмен құдақұдандалы болуына, қыз алысып, қыз берiсуiне рұқсат етiлдi. Iшкi қазақтар өздерiнiң қайтыс болған туғантуыстарын Ер тiстiң сол жағалауындағы атабабалар зиратына алып барып жерледi. Қазақтар орыстардың елдi мекендерiне жүйрiк аттарын мiнiп, жақсы киiмдерiн киiп, сәнсалтанатымен барып жүретiн. Қымбатты қонақ тар мен жергiлiктi әкiмшiлiк шенеунiктерiн шай мен қымыз iшкiзiп, Бұхара мен Ташкенттен әкелiнген өрiк, мейiзбен сыйлап, күтетiн.


ХIХ ғасырдың бас кезiнде «iшкi қазақтар» шекара шебiндегi сауда саттықты өз қолдарына алуға әрекет жасады. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi қатты қарсылыққа тап болды.

ХIХ ғасырдың 20жылдарына қарай «iшкi қазақтардың» саны 12 мың адамға дейiн жеттi. Олардың басым көпшiлiгi мал шаруа шылығымен, ал аздаған бөлiгi егiншiлiк және саудамен айналысты. 1819 жылғы есеп бойынша, «iшкi қазақтардың» 2250 шаруашылығы болды. Олардың 1200 түйе, 70 мыңға жуық жылқы, 13 мыңдай сиыр, 14 мыңдай қойешкiсi бар едi.

2. Семей iшкi округiнiң құрылу себептерi. Ертiстiң оң жақ бе тiндегi қазақтардың саны жылданжылға арта түстi. Мәселен, 1851 жылы онда 18985 көшпелi және жартылай отырықшы қазақтар тұр ды. Олар негiзiнен арғын, қыпшақ, керей және уақ тайпаларының қазақтары едi.

Ертiстiң оң жағалауында тұрудың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Ондағы қазақтар патша үкiметiне ешқандай алымсалық төлемейтiн едi. Олардың оң жағалауға өткелi берi өздерiнiң дербес басқару орындары болған жоқ. Қазақтар мен орыс шаруаларының арасын дағы қарымқатынас шиеленiсе қалған жағдайда қай өкiмет билiгiне:

– губерниялық, таукен (кабинеттiк) немесе казактарға жүгiну керектiгi жөнiндегi мәселе көтерiлдi. Патша үкiметi ендiгi жерде iшкi жақ беттегi қазақтардың арғы беттегi далалық тайпаластарымен қарымқатынас жасап тұруына тыйым салды. Олар шекара шебiнен өткенi үшiн баж және жол жHндеу салығын төлеуге тиiстi болды. Қазақтардың белгiлi бiр өкiмет билiгiне бағынбауы олардың жыл қы ұрлауына мүмкiндiк бередi деп табылды. Ертiстiң оң жағалау ындағы қазақтарды керi көшiрiп жiберуге тырысқан әрекеттер жиiлеп кеттi.

Хандық билiк бастап СолтүстiкШығыс Қазақстанның далалық бөлiгiнде далалық округтер бiрiнен соң бiрi құрыла бастады. Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтар, мiне, сол кезде жергiлiктi өкiмет би лiгiне қайтақайта өтiнiш жасап, өздерi үшiн әлдебiр «Дала думасы» тәрiздес жеке басқарма құрып берудi сұраумен болды. Бiрақ бұл проблеманың шешiлуi ұзаққа созылды.

3. Семей iшкi округiнiң ашылуы. Бiр жағынан, Ертiстiң оң жаға лауындағы қазақтармен, екiншi жағынан, Томск губерниясы мен Сiбiр казактарының арасындағы шиеленiстi оқиғалар күшейе түстi. Оның үстiне, жылқы ұрлау етек алып, елеулi құбылысқа айналды. Әдетте орыс шаруалары ұрланған малын, ең алдымен, «iшкi қа зақтардан» көретiн болды.

Мiне, осындай жағдайда 1854 жылғы 9 мамырда «Семей облысын басқару туралы Ереже» шықты. Жаңа ереженiң бiр тармақшасы бо


 

«Ереженi» жариялау.

 

йынша Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтардың жаңадан Семей iшкi округi құрылды. Оның аумағының енi 300–400 шақырым, ал ұзынды ғы 800 шақырымға жуық болды. Ол Омбы бекiнiсiнен Gскемен бекi нiсiне дейiн созылды. Жаңа округ Томск губерниясының аумағында құрылғанымен жаңадан құрылған Семей облысының қарамағына берiлдi.

Империяға шын берiлген қазақтардан қайтадан ант алу үшiн әзiр лiк шаралары белгiлендi. Семей облысының қазақтары әскери қыз мет етуден босатылды. Жаңа округтiң басшылық ұйымын құру негi зiне аты шулы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) туралы Жарғы» алынды. Бiрақ оған бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

4. Округтiк приказдың құрамы. Округтiк приказдың құрамына округтiк әскери бастық (ол округтiк приказ төрағасының рөлiн ат қарды), сондайақ оның орынбасарының рөлiн атқаратын аға сұлтан кiрдi. Оның құрамына үш орыс пен бiр қазақ заседатель ендi.

Округтiк бастық Батыс Сiбiр генералгубернаторының ұсынысы бойынша армияның немесе казактардың штаб офицерлерi қатары нан тағайындалды. Округтiң басшысы Ресейдiң Iшкi iстер министрiнiң ұсынуымен императордың жарлығы арқылы бекiтiлдi. Gкiмет билiгiн шекара шебiндегi казак әскерлерiнен қойылатын iшкi күзет қорғап тұрды. Сөйтiп жаңа округтiң басқармасы таза әскери сипатта қалыптасты.

Семей iшкi округiнiң әкiмшiлiк тұрғысынан бөлiнiсi сыртқы қа зақ округтерiнiң бөлiнiсiне ұқсас болып шықты. Округ болыстар ға, ал болыстар ауылдарға бөлiндi. Әр ауылда орта есеппен 50–70 үй (шаруашылық) болды, ал әр болыс 10–12 ауылдан тұрды. Бо


лыстарды сұлтандар немесе құрметтi қазақтар, ауылдарды стар шындар басқарды.

5. Сайлау тәртiбi. Старшындар мен болыстарды Округтiк приказ бен Шекара бастығы бекiтiп отырды. Аға сұлтан мен қазақ заседатель үш жыл мерзiмге сайланды. Оларды Батыс Сiбiр генералгубернато ры бекiттi, бiрақ аға сұлтан мен қазақ заседателiнiң сайлауына қаты суға және сайлануға барлық сұлтандар мен болыстардың, шеншек пенi бар қазақтардың да құқығы болды. Патша үкiметi Шыңғысхан ұрпақтарын билiк шеңберiнен шеттетуге тырысып бақты. Соңғы кездегi оқиғалардың барысы Семей iшкi округiнде бiрден «қара сүйек» өкiлдерi Тоқпан Айтуаров пен Түйте Нұрекеновтiң және бас қалардың аға сұлтандар болып сайланып кеткенiн көрсеттi. Ереже ге сәйкес ауыл старшындары мен болыс басшыларын халық тұрақ ты түрде сайлады. Ал сыртқы округтерде ауыл старшындары 3 жылға ғана сайланды.

Округ бастығы округтiк судьяның мiндеттерiн қоса атқарды. Се

мей iшкi округiндегi және сыртқы қазақ округтерiндегi болыстар мен ауыл старшындарының атқаратын қызмет түрлерi бiрдей едi. Олар төменгi деңгейдегi старшын әкiмшiлiк қызметiн атқарды.

6. Сот билiгi. Округтегi сот билiгi қазақтардың дәстүрлi билер сотының азғана өзгертiлген нұсқасы едi, оған Ресей сотының кейбiр элементтерi ғана енгiзiлген болатын.

Iшкi қазақтардың арасындағы даудамайды әр болыста қосымша сайланатын алқа би, ал неғұрлым құрметтi рубасыларының арасын дағы даудамайды билер шешетiн. Билердiң қызметi округтiк при казда бекiтiлетiн.

Сот мәжiлiсi қосымша сайланған бидiң төралығымен өтетiн. Оған дауласушы екi жақтың билерi де қатысатын. Қосымша сайланған би қаралған iстiң тағдырын, екi жақтың келiсiмiн ала отырып, бiр өзi шешетiн. Бидiң шешiмiне риза болмаған жағдайда округтiк при казға шағым түсiруге болатын. Бұл қазақтың дәстүрлi билер құқы ғына қарсы ұйымдастырылған шара едi.

7. Мiндеткерлiктер. Алымсалық пен атқарылатын мiндеткер лiктер нақты белгiлендi. Жергiлiктi қазақтар әрбiр 60 бас малдан салық төлеуге тиiстi болатын. Ол жалпымемлекеттiк қазынаға тү сетiн. Қазақтарға ешқандай да жеңiлдiк мерзiмi қарастырылмады. Олар казактардың жерiн басып өткенi үшiн баж салығын төлеуге мiндеттi болды.

Меншiгiндегi мал басын қасақана жасырғаны үшiн жазалау ша ралары белгiлендi. Айыпты адамға салық бiрiншi жолы екi есе көп салынды. Ал екiншi рет айыпты болған жағдайда салық мөлшерi бiрден үш есе өсiрiлетiн, сондайақ күмiс ақшамен 15 сом мөлше


рiнде өсiмпұл алынып, iсi сотқа өткiзiлетiн. Алымсалықты жинау мен болыстар айналысатын. Қазақтар iшкi жолдарды жөндеп, ретке келтiруге, iссапармен келген шенеунiктердi киiз үймен, отынсумен қамтамасыз етуге тиiс болды.

8. Семей iшкi округiн құрудың тарихи маңызы. Семей iшкi окру гiнiң құрылуы қазақтардың Ертiстiң оң жағалауындағы ежелгi өз жерлерiне түпкiлiктi және заңдастырылған құқық негiзiнде берiк орналасып алуына мүмкiндiк туғызды. Қазақтардың Ертiстiң оң жа ғалауына атақоныстарын қайтару жолындағы ХVII–ХVIII ғасырлар дан басталған әдiл күресi осылай табысты аяқталды.

Ертiстiң оң жағалауына қайта орналасып, бекiнiп алған қазақтар ендi одан әрi шығысқа қарай, Ресейдiң көршiлес губерниясының шегiне жақындай түстi. Мұның өзi кейiнiрек 1880 жылы Тобыл және Томск губерниялары қазақтарының Құлынды даласының аумағында көшiпқонып жүруi үшiн жалпы аумағы 1 миллион десятина жайы лымның қосымша бөлiнуiне жеткiздi.

1868 жылы Семей iшкi округi жойылды, оның аумағы Семей облысының Павлодар және Gскемен уездерi Омск округiнiң құра мына қосылды.

 

1.

?
Қазақтар Ертiстiң оң жағалауына қай кезден көшiпқона бастады?

2. Семей iшкi округiнiң құрылуы не үшiн қажет болды? 3. Жаңа округ қалай құрылды? 4. Бұл округтiң құрылымында сыртқы қазақ округтерiмен салыстырғанда қандай принциптi ерекшелiктер болды? 5. Жаңа округтегi лауа зымды қызметкерлердi сайлау мен тағайындау тәртiбiне сипаттама берiңдер.

6. Жаңа округтегi сот билiгi қалай құрылды? 7. Семей iшкi округiнiң қазақта ры қандай мiндеттi борыштар атқарды? 8. Ертiстiң оң жағалауында жаңа ок руг құрылуының тарихи маңызы неде болды? 9. Картадан Ресей империясына

«шын берiлген» қазақтардың қоныстанған жерлерiн көрсетiңдер. 10. 17па раграфты пайдалана отырып, мына кестенi толтырыңдар:

 

Округтер Округтiң құрылған кезi Округтi кiм бас қарды? Болыстар мен старшындар қанша жылға сайланды? Құрметтi қазақтар мен орыс шенеу нiктерiнен тұратын заседатель дердiң арақа тынасы қандай едi? Алына тын жасақтың (салық тың) мөлшерi
Сыртқы округтер          
Семей iшкi округi          

*
Мiндеткерлiктер – жергiлiктi халық мiндеттi түрде атқаратын қызмет түрлерi.

Жол жHндеу салығы – көшпелi қазақтардың Сiбiр казактарының меншiгi мен бақылауындағы жерлермен жүрiп өткенi үшiн төлейтiн ақысы.

 

Сұлтанбет төре (ХVIII ғасыр) – Абылайдың немере ағасы. Орта жүздiң сұлтаны. Ол Ертiс бойындағы қазақтарды басқарды. Қазақтарды Ертiстiң оң жақ бетiне көшiруге бастама көтерушiлердiң бiрi болған. 1781 жылы Абылай хан қайтыс бол

ған кезде хан тағына отырудан үмiттенгендердiң бiрi.

 

 

«Шын берiлген қырғыздар (қазақтар. – авт.) туралы. Ордадағы қарақ

шылық тонау мен күш қолданудың асқынып кетуiнiң салдарынан кейбi реулер өлiм мен қайыршылыққа душар болудан үрейленiп, ендi бiреулер өздерiнiң ақымақтық қылықтарының салдарынан рубасыларының қањар лы жазасына ұшыраймыз деген қауiппен Ертiстiң оң жағалауына өтiп, Ресей үкiметiнiң қорғауында болуға жол iздедi. Ақыры империяға шын берiлiп адал болуға ант қабылдап, сол аумақта мәңгiлiк көшiпқонуға рұқсат алып, бiржолата қалып қойды. Ондай көшiп кету 1770 жылдан басталған едi. Тап сол кезде қырғыздар (қазақтар. – авт.) арасында ба рымта алу барынша сұрапыл сипат алған болатын. Уақыт өткен сайын қазақтардың едәуiр бөлiгi Ресейдiң шебiне өте бастады да, емiнеркiн бос жатқан кең далаға жайғасты. Оларды казактардың бекiнiсқамалдары қорғауға алды. Сөйтiп алаңсыз тыныштық тапқан және сенiмдi қамқор лыққа ие болған олар бiртебiрте табиғи көбейдi, байып шыға келдi. Қа зiр олардың арасында сұлтандар да, атақты қазақтар да жеткiлiктi. Олар: Орысовтар, Тәтеновтар мен Шаншаровтар және басқалары. Патша үкiметiне шын берiлген старшындар тiптi көп. Мәселен, сiңiрген еңбегi мен байлығы жағынан аты шыққан Батахан Қорамсин, Алшық, Бөрiбай, Айтуар сияқты тағы басқа да көптеген адамдарды айтуға болады. Империя ға шын берiлген қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) арасында 1000 жыл қыға дейiн малы барлар аз емес... олардың сонша сиыры да бар, қойлары ның санында есеп жоқ... Олар осы уақытқа дейiн қандай да болсын мiн деттi борыштар атқарудан босатылған... Станицалардағы қырғыздар ше кара шебi мен орыс шаруаларының елдi мекендерi арасындағы аймақты мал жайылымына қолайлы жер ретiнде емiнеркiн пайдаланады. Ертiс пен Обь өзендерiнiң аралығындағы кең дала... соларға толып кеттi. Олар дың бiрқатары мал шаруашылығымен қатар егiншiлiкпен де айналысады. Мұның өзi оларды лажсыздан отырықшы өмiр салтына көшуге мәжбүр етуде...»

Броневский С.М. Орта жүз қырғызқайсақтары туралы жазбалар. – СПб., 1830, 180–181беттер.

 

1. Қазақтардың Ертiстiң оң жағалауына көшуi қай кезден басталып

едi? 2. Iшкi қазақтардың арасындағы неғұрлым белгiлi сұлтандардың, би лердiң және старшындардың аттарын атаңдар. 3. Қазақтар Ертiс өзенiнiң оң жақ бетiнде қандай аумақты алып жатты?


§28. ХIХ ҒАСЫРДЫҢ 60ЖЫЛДАРЫНДАҒЫӘКIМШIЛIК РЕФОРМАЛАР

Патша үкiметi 1867–1868 жылдары Қазақстан аумағында әкiмшiлiк реформа жүргiздi. Оның негiзгi мақсаты сұлтандар то бын өкiмет билiгiнен бiржолата ығыстырып, жалпыимпериялық бас қару тәртiбiн енгiзу едi. Жаңадан енгiзiлген шаралар өлкенi шару ашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдiң еуро палық бөлiгiнен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қапта туды қамтамасыз етуге тиiс болды.

1. Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi және оны әзiрлеу барысы. 1822 және 1824 жылдары жүргiзiлген реформалар ХIХ ға сырдың 60жылдарына қарай бiртебiрте жарамсыз болып қала бас тады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргiзудiң қажеттiгi туын дады. Gйткенi, бiрiншiден, қазақ даласында сұлтандардың билiгi әлi де бұрынғысынша сақталып қала берген едi. Олардың билiгi патша үкiметiнiң Қазақстан аймағын неғұрлым тезiрек отарлауына кедергi келтiрумен болды. Екiншiден, кезiнде тиiстi жарғыларға сай қабыл данған әкiмшiлiкаумақтық бөлiнiс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерiстерге сәйкес кел мей қалды. Мәселен, ХIХ ғасырдың 60жылдарында Ресей империя сына Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да ендi осы аймақтарды әкiмшiлiк жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Gлкенi бас қару iсiн Ресейдiң өзге аймақтарындағы басқару құрылымына ба рынша жақындатып, бiрыңғайландыру талап етiлдi. Үшiншiден, Ре сейдiң еуропалық бөлiгiнде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсiп үшiн арзан шикiзат көздерi мен жұмысшы күшi қажет болды. Төртiншiден, Қазақстанның кеңбайтақ аумағын мекендеген қазақ тар үшiн бiрыңғай салық жүйесiн енгiзу талап етiлдi. Бесiншiден, Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi жерi жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшiру көзделдi. Мiне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкiмшiлiкаумақтық және әлеуметтiкэкономикалық реформалар жасау қажеттiгi туындады.

2. «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура

лы уақытша Ереже». Gлкенiң өзiндiк ерекшелiктерiн зерттеу үшiн және оны басқару туралы ереженiң жобасын әзiрлеу мақсатымен 1865 жылы елдiң Iшкi iстер министрi Гирстiң басшылығымен «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлiк шенеунiктер мен офицерлер кiрдi. Жаңа ереженi жасауға қазақ ақсүйектерi қатыс тырылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару ту ралы уақытша Ереженiң» жобасын да бекiттi.


Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi


Басқарудың жаңа ережесiн 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгiзу көзделдi. Әкiмшiлiк реформалардың себептерiн егжейтегжейлi тү сiндiретiн мәлiмдеме қазақ және орыс тiлдерiнде жазылып, таратылды.

1867–1868 жылдардағы реформалар бүкiл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генералгубернаторлық әкiмшiлiк құ рылды. Әрбiр генералгубернаторлық облыстарға бөлiндi. Мәселен, Орынбор генералгубернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сiбiр генералгубернаторлығы – Ақмола және Семей облыста рын, ал Түркiстан генералгубернаторлығы – Жетiсу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екi облыстың құрамына қазақ жерiнiң едәуiр үлкен бөлiгi, сондайақ қырғыз және өзбек жерлерiнiң бiр бөлiгi ендi.

Әкiмшiлiк бөлiнiс былай болды: әр облыс – уездерден, әр уезд – болыстардан, әр болыс – ауылдардан тұрды.

Семей iшкi округi Семей облысының Павлодар және Семей уездерiнiң құрамына, ал Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астра хан губерниясының құрамына қосылды.

Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл

1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi

Генерал губернаторлық Облыстар Уездер
Түркiстан Жетiсу Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ
Сырдария Қазалы, Перовский, Түркiстан, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жызақ
Орынбор Орал Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темiр)
Торғай Елек (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай
Батыс Сiбiр Ақмола Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар (Сарысу) (соңғы уезд бiр жылдан кейiн қосылды)
Семей Павлодар, Семей, Қарқаралы, Gскемен және басқалары

3. Әкiмшiлiк басқару жүйесiндегi Hзгерiстер. Жаңа реформа бо йынша енгiзiлген әкiмшiлiк басқару жүйесi жоғары дәрежеде әскери сипат алды. Генералгубернатордың қолында әскери билiк те, аза маттық билiк те болды. Түркiстан генералгубернаторлығы басшы сының көршi мемлекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иран мен тiкелей келiссөздер жүргiзе алу құқығы да бар едi.

Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар онымен қатар казак әскерлерiнiң атамандары болып есептелдi. Оларды патша үкiметi тiкелей өзi тағайындайтын. Уездi уезд басты ғы басқарды. Оны ресейлiк шенеунiктер қатарынан әскери губерна тордың өзi таңдап тағайындайтын.

Әкiмшiлiк басқарудың ең төменгi екi сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергiлiктi ақсүйектерден iрiктелiп алынды.

Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмiрлiк зейнетақы тағайындалды. Патша үкiметiнiң мұндай қадам жасауға бару себебi – қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый құрмет әлi де болса едәуiр дәрежеде сақталған едi. Себебi олардан үкiметке қарсы халық толқуын ұйымдастыруы мүмкiн деп сескендi.

4. Сайлау жүйесi. Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топ тардан iрiктелiп, сайлауда шар салудың (дауыс берудiң) нәтижесi бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенiмi мен құрметiне ие адамдардың ғана үмiттенуiне болатын. Олар бұрын өздерiнiң арына сотты болып «дақ түсiрмеген» адамдар болуы тиiс едi. Бұл қызметтерге үмiткерлердiң жасы 25тен кем болмауы шарт саналатын.




Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: