Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 25 глава




5. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарында әкiмшiлiк реформалардың одан әрi жалғасуы. 1869–1880 жылдары Кiшi жүзде болған көтерi лiстер патша үкiметi жүргiзген реформалардың әлi аяқталмаған си паты бар екенiн дәлелдеп бердi.

Реформаларды одан әрi жалғастыру қажеттiгi басқа да себептер ге байланысты болды. Қазақстанның үш генералгубернаторлыққа бөлiнуi Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi шаруаларды Қазақстанға көшiруге байланысты мәселелердi жедел әрi жүйелi түрде шешуге мүмкiндiк бермедi. Орта Азияны Ресей империясына әскер күшi мен қосып алудың сәтi түстi. Мұның өзi орасан зор кеңбайтақ аумақты басқаруды қайта құруды және қаржы мәселесiн үнемдеудi талап еттi. Патша үкiметi бұл мiндеттi қазақ өлкесiн Ресейдiң өзге бөлiктерiмен бiртебiрте бiрiктiру арқылы шешудi жоспарлады. 1867–1868 жылдардағы ережелердiң әуел бастаақ уақытша, яғни өтпелi сипаты болып едi.


Көп жылға созылған талқылаудан кейiн Ресей императоры III Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркiстан өлкесiн басқару туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа Ереже бойынша Түркiстан ге нералгубернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кiрдi.Кейiн оған Жетiсу облысы қосылды. Түркiстан генералгубернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.

1890 жылдың ақпан айында «Закаспийск облысын басқару тура лы уақытша Ереже» бекiтiлдi. Бұл әкiмшiлiк бiрлiгiнiң құрамына негiзiнен түркiмендер тұратын бес уезд – Красноводск, Ашхабад, Теджент, Мерв және Маңғыстау уездерi кiрдi. Маңғыстау уезiнде Кiшi жүз, соның iшiнде адай руының қазақтары тұратын.

1891 жылғы наурызда «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ережеге» қол қойылды. «Ереже» бойын ша Дала генералгубернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақ станның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кiрдi. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды. Орал және Торғай облыстары тiкелей Iшкi iстер министрлiгiне ба ғындырылды. Мешiттер салу үшiн рұқсатты Iшкi iстер министрiнiң өзi ғана беретiн болды.

ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар Қазақстанда отаршылдық билiктiң рөлiн күшейттi. Генералгубер наторларға шексiз өкiлеттiк билiк берiлдi. Бұдан «бөлiп ал да, би лей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтiп бұры нғы бiртұтас Кiшi жүз ендi үшке бөлiндi. Соның салдарынан оның бiр бөлiгi Iшкi Орданың, екiншi бөлiгi Закаспийск облысының, ал үшiншi бөлiгi Дала генералгубернаторлығының құрамында бол ды. Патша үкiметiнiң мұндай қадамға баруы Кiшi жүз қазақтары ның қайтақайта көтерiлiс жасай беруiне байланысты едi.

6. Ресей сот жүйесiнiң енгiзiлуi. Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша жергiлiктi тұрғындар тарапынан жасалған бiрқатар қыл мыстар үшiн жалпыимпериялық заң негiзiнде жауапкершiлiкке тар ту шаралары қарастырылды. Христиан дiнiне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесiне наразылық таныту, алымсалық төлеуден және мемлекет үшiн түрлi мiндеткерлiктер атқарудан бас тарту қылмыс тары билер сотының қарауынан алынып, жергiлiктi отаршылдық билiктiң құзiретiне берiлдi.

Билер 3 жылдық мерзiмге сайланатын болды. Олардың қызметi уездiк начальник тарапынан қатаң қадағаланып отырылды. Ел ара сында би сайлауда «партиялық«тартыстар өрши түстi. Билер болып кездейсоқ және қоғамда беделi мен қабiлетi жоқ адамдар да сайла на бастады. Осыдан барып қазақ өмiрiндегi билердiң абыройы мен беделi төмендедi.

7. Реформалардың мазмұны. Реформалардың аумақтық қана емес, сонымен қатар әкiмшiлiк тұрғысындағы сипаты күшейтiлдi.


Қазақстан ХIХ ғасырдың екiншi жартысында



Генералгубернаторға саяси тұрғыдан сенiмсiз қазақтарды әкiмшiлiк жаза ретiнде жер аударып жiберуге толық құқық берiлдi.

Болыс басқарушыларды әскери губернатор бекiтетiн болды. Уезд бастықтарының әкiмшiлiк қызмет аясы да кеңи түстi. Оларға ауыл старшындарын бекiту құқығы берiлдi. Iрi қалаларда полиция басқар малары құрылды. Ал бiрқатар уезд орталықтарында полиция пристав тықтары пайда болды. Қазақтың дәстүрлi билер сотына шектеу қойылды.

Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды Қазақстан жерiне жаппай қоныс аударту iсiн ретке келтiру мақсатымен Қоныс аударту басқармалары құрылды. Түтiн салығының мөлшерi артып, 4 сомға дейiн жеттi. Мұның өзi қазақ халқының әлеуметтiкэкономикалық жағдайына келеңсiз әсер еттi. Сонымен қатар реформа бойынша уездiк дәрiгерлер тұрғындарға тегiн дәрiгерлiк көмек көрсетуге мiндеттелiндi. Уездерде ветеринарлық дәрiгерлер қызметi жолға қойыла бастады.

8. Реформаларды жүзеге асырудың салдарлары. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформаларын жүзеге асырудың одан әрi жалғасуы қазақ өлкесiн Ресей империясының отар ретiндегi шет аймағына түпкiлiктi айналдырды. Gлкеге басшылық жасау бiр орталыққа бағындырылды. Реформаларды жүзеге асырудың аяқта луы патша үкiметiнiң шаруаларды iшкi Ресейден Қазақстанға жап пай қоныс аударту үрдiсiн арттыра түстi.

1902 жылы шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгiзiлдi. Олар өздерiнiң мәртебесi жағынан қазақтың болыстарынан жоғары тұрды. Шаруа бастықтары қоныс аударту мәселелерi бойынша бiржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесiн қорғаумен ғана айналысты. Жергiлiктi байырғы тұрғындардың өтiнiшталаптары мен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерiнiң үндеулерi мен пе тицияларында бұл қызметтi жоюды ұдайы талап етумен болды. По лиция қызметiнiң мiндетiн қоса атқару ауыл старшындары мен бо лыстардан алынып, полиция мен шаруа бастықтарының құзырына тапсырылды. Gлкеге Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруаларды жаппай қоныстандыру үшiн толық негiз жасылынды.

1.

?
1868–1870 жылдардағы көтерiлiстiң негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Кө терiлiс кезiнде Хиуа хандығының ұстанған бағыты қандай болды? 3. Маң

ғыстаудағы көтерiлiсшiлердi патша үкiметi қалай жазалады? 4. Көтерiлiсшi лердiң жеңiлуiнiң себебi неде едi? 5. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарындағы ре формаларды одан әрi жалғастырудың қажеттiлiгiн немен түсiндiруге болады?

6. Жаңа реформалардың мәнi неде едi? Жаңа өзгерiстердi ендiрудiң негiзгi салдарлары туралы айтып берiңдер.

*
Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңiлген жақтан соғыс шығын дарын өндiрiп алу жөнiнде салатын салығы.


Шаруа бастығы – лауазымды әкiмшiлiк қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгiзiлдi. Ондағы мақсат Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондайақ жергiлiктi қазақтарды басқару болатын.

 

Досан Тәжiұлы (1835–1876) – халық батыры, Маңғыстау көтерiлiсi басшылары ның бiрi.

 

«... тобыр комиссияға өз талаптарын қойды... Ол жаңа ереженi қабыл

дағысы келмейтiнiн айтты... басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асыры латын бұрынғы жүйесi мен алымсалық түрлерiн өзгерiссiз қалдыруды сұрады... Комиссия мүшелерiнiң жағдайды түсiндiрмек болған әрекетте рiнен түк те шықпады. Қырғыздар (қазақтар. – авт.) олардың бiрдебiреуiн қозғалыстың басты жетекшiсi молда Ықылас Досовқа жiберген жоқ... бұрынғы тәртiптi қолдарына қару алып, ақырына дейiн қорғауға әзiр екенiн мәлiмдеп тұрып алды... Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейiп, кеңiнен етек жайды. Қырғыздар ендi сөзден iске көше бастады: бұзақы лардың қара құрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында – Елек пен Қобда өзендерiнiң бойын да жиi кездестi. Олар бiрбiрiмен ұдайы байланыс жасап, хабарласып тұрды, қай жерде болса да бiрлесе қимыл жасауға ниет етiстi. Оның үстiне, сонау Арал теңiзiнiң маңында, Үстiрт үстiнде көшiпқонып жүрген қазақ тарды да өз қатарларына тартуға әрекет жасады... патша үкiметi әкiмшi лiгiнiң өкiлдерi тасымал көлiктерiн таба алмай қиналды. Gйткенi ондай көлiктi тауып бере алатын тек қазақ даласының өзi едi. Бөкей ордасынан түйе және жол көрсетушi адам тауып келу үшiн арнайы шенеунiк жiберiл дi. Бiрақ ондағы қырғыздар Жайықтың арғы бетiндегi қандас бауырларына бүйрегi бұрып, әлгi шенеунiктiң сөзiне илiкпедi. Бастықтардың бәлесiнен аулақ болу үшiн 400 түйе берiп құтылды, жол көрсететiн бiрдебiр адам

«табылмады».

Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. – Тверь, Н.М. Родио новтың баспаханасы. 1902, 463–464беттер.

 

1. Көтерiлiсшiлер қандай талаптар қойды? 2. Халық қозғалысы қай

аймақтарда болды? 3. Iшкi Орданың қазақтары патша үкiметiнiң жазалау шы әскери жасақтарына жол көрсетушi адам беруден неге бас тартты?

 

§30. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫКАЗАК ӘСКЕРЛЕРI

;лкеде әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыруда, жергiлiктi ха лықтың көтерiлiстерiн басуда казак әскерлерi елеулi рөл атқарды. Олар Қазақстанмен шекаралас жерлерде де, оның тiкелей iшкi аумақтарына да орналастырылды.

1. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерiнiң атқарған негiзгi қыз метi. Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әс керi болды. Олар Жайық, Сiбiр, Орынбор және Жетiсу казак әскер лерi едi.


Ресей империясындағы казак әскери бөлiмдерiнiң негiзгi қыз мет түрлерi, бiрiншiден, Ресейге жаңа жерлердi қосып алуға белсене қатысу; екiншiден, көршi мемлекет әскерлерiнiң шекараға басып кiруiнен қорғау; үшiншiден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлтазаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұ мысшы табының көтерiлiстерiн аяусыз басуға белсене қатысу бола тын. Мәселен, казактар Польшадағы көтерiлiсшiлердi, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерiлiстерiн аяусыз жазалау ға белсене қатысты. Казактар 1905–1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясын басыпжаншуда да ерекше көзге түстi. Төртiншiден, казактар орыс армиясының ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың бас ке зiндегi шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.

Казактар әскери қызмет атқарумен қатар әскериинженерлiк бекiнiс құрылыстарын, жолдар мен көпiрлер салуға және оларды жөндеуден өткiзiп тұруға мiндеттi болды. Олардың мiндетiне орман нан ағаш кесу және оны тасып жеткiзу, пошта қатынасы көлiктерiн қорғауды қамтамасыз ету де кiретiн.

Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын берiле адал қыз мет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлiндi. Казактар ға бөлiнетiн жер телiмi Ресейден қоныс аударып келген шаруалар дың жер телiмiнен әлдеқайда артық болды. Казактардың әрбiр ер азаматына шаққандағы жер телiмi орта есеппен 30 десятинадан келдi. Офицерлерге бөлiнетiн жер телiмi бұдан да көп болды. Мәселен, аға офицерлер 200ден 600 десятинаға дейiн, штаб офицерлерi – 400ден 1000 десятинаға дейiн, ал генералдар – 1500ден 3000 десяти наға дейiн жер иелендi. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшiлiк терiн, ормандарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары болды.

Казактар әскери қызметке өз қаружарағымен, киiмкешегiмен, азықтүлiгiмен, өз атымен шығатын. 1835 жылға дейiн казактар әске ри қызметтi өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Кейiнiрек Ресей империясындағы барлық казактар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып белгiлендi.

Казактардың әскери қабiлетi жоғары болатын. Олар орыс армия сындағы атты әскерлердiң едәуiр бөлiгiн құрады. ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыттарында Ресей казактары 160 мыңға дейiн жа уынгер жасақтай алатын.

Казактар қатары олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, соны мен қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау арқылы да арта түстi. Казактардың, әсiресе Сiбiр казактарының құрамы тұтқынға түскен швед, француз, поляктардың есебiнен де толығып отырды. Казактардың қатарына орыс емес халықтардың өкiлдерi – татар, башқұрт және қалмақтар да қабылданды.

Казактар мен қазақтардың арасындағы қарымқатынас әр түрлi қалыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен


өрiс алды, тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан, өзара әскери қақтығыстар жиiжиi болып тұрды. Ондай шиеленiстi оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланыс ты күрес едi. Бұл жағдай қазақтардың казактардың бекiнiс қамалдары мен станицаларына шабуыл жасап тұруына себеп болды. Gз кезе гiнде казактар да жазалау экспедициялары құрамында қазақ ауылда рына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор, Сiбiр және Жетiсу казактарының әскерлерi қазақ халқының ұлтазаттық көтерiлiстерiн аяусыз басыпжаншуға белсене қатысты.

2. Жайық казактары. Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы елдi мекендерi ХVI ғасырда қазiргi Қазақстан аумағының солтүстiк батыс бөлiгiнде (Жайық (Орал) өзенiнiң бойында) пайда болды. Сон дықтан да оларда өзiнөзi басқарудың элементтерi көп болды. Ка зактардың қоғамдық өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi әскери топ та ұжымдық талқыға салу арқылы шешiлетiн.

Патша үкiметi казактардың еркiндiгiн шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бiртебiрте қатаң әскери тәртiп енгiзiле баста ды. Мәскеу мемлекетi Жайық казактарына оңтүстiкшығыс шекара ны қорғау және әскери отарлау мiндеттерiн жүктедi. Жайық казак тары 1773–1775 жылдарда Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысты. Мұның өзi патша үкiметi тарапынан Жайық казактарының өзiнөзi басқару құқығына қысым жасап, шектеулер қоюына қатысты болған едi.

Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбiр казактың 80 десятинадан жер телiмi болды. Жайық казактары егiншiлiк пен балық аулау, тұз өндiру және аңшылықпен айналысты. Жайық казактары жердi қо ғамдық негiзде пайдаланды. Орасан зор жер көлемiн иемденген ка зактар жердi Iшкi Бөкей ордасындағы және Жайықтың сыртқы жа ғындағы қазақтарға жалға бердi. Олар осылай мол табыс көзiне ие болды. Қызыл балық пен қара уылдырықтың өзiнен ғана казактар күмiс ақшамен жыл сайын 2 миллион сом табыс табатын. Олар жыл сайын 300 мың басқа дейiн қой сата алатын.

Жайық казактары ХХ ғасырдың басына дейiн өздерiнiң дәстүр лерiн, «байырғы ескi» тәртiптерiн және тұрмыстiршiлiк салтын не ғұрлым берiк сақтады. Жайық казак әскерлерiнде байырғы ескi дiни нанымсенiм ұзақ сақталды.

Жайық казактары қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына елеулi түрде ықпал еттi, өз кезегiнде, олар да қазақтардан бiрқатар шаруашылық дағдыларын үйрендi. Жайық казактары қазақтардың әдетғұрып, салтсанасымен таныс болды. Жайық казактарының тi лiне қазақтардың баспақ, дөнен, нар, тымақ, жасауыл, күрен сияқ ты бiрқатар сөздерi сiңiсiп кеттi. 1917 жылға қарай Жайық казак әскерлерiнiң жалпы саны 174 мың адамға жеттi.

3. Орынбор казактары. Орынбор казак әскерлерi 1748–1755 жыл дар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айыр


13—6903



машылығы – өз беттерiмен келiп, стихиялы түрде құрылған жоқ, патша үкiметiнiң бастама көтеруi бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негiзгi ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетiнде қызмет еттi. Бұл әскер өзiнiң құрамы жағынан көп ұлтты едi. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ т.б. халықтардың өкiлдерi ендi.

Орынбор казак әскерлерi Орынбор губерниясының оңтүстiк және оңтүстiкшығыс шекараларында орналасып, осы өлкенiң ша мамен төрттен бiр бөлiгiн алып жатты. Олар Жайық казак әскерлерi мен Сiбiр казак әскерлерiнiң шекарасын бiрбiрiмен жалғастырды. Ал оңтүстiгi мен оңтүстiкшығысында қазақ даласымен шектестi.

1840 жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерiнiң жерiнде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. Орынбор казак әскерлерi өзiнiң ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскерiне жақын кел дi. Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскерi келiп қосылды. Орынбор казак әскерлерiнiң орталығы Орынбор қаласында орналасты.

Казактар негiзiнен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%ы тұрды. Орынбор казактары негiзiнен егiншiлiкпен, мал өсiрумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдерi ешкiнiң түбiтiнен түрлi орамал тоқыды. Бүкiл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңiнен танымал болған Орынбор шәлiсi, ора малы, бөкебайы, бет перделерi мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын.

Орынбор казактары өзiнiң күнделiктi өмiрiнде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерiнiң аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшiпқонып жүрдi. 1916 жылы Орынбор казак әскерлерiндегi халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.

4. Сiбiр казактары. Сiбiр казак әскерлерiнiң негiзiн полиция қыз метiндегiлер құрады. Олар ХVI ғасырдың аяқ кезiнен бастап Сiбiр әскери бекiнiстерiнде күзет қызметiн атқарды. ХVIII ғасырда Батыс Сiбiрдiң оңтүстiгiнде бiрқатар шекаралық бекiнiс қамалдар бой кө тердi. Сiбiр казактары ХVIII ғасырдың аяғына дейiн Сiбiрдегi орыс шаруаларының есебiнен толығып отырды. Казактардың қатары сол даттардың ержеткен балаларының, саяси жер аударылып келген дер мен башқұрт, мещеряктар және Дон казактарының есебiнен де толықтырылды. 1808 жылы Сiбiр казактары Сiбiр шекара шебiнiң казак әскерлерi деген ресми атқа ие болды. Әскердiң штабы Омбы қала сында орналасты. Олардың әскери атаманы Батыс Сiбiр генерал губернаторына, ал кейiнiрек – Дала өлкесiнiң генералгубернато рына тiкелей бағынды.

ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Сiбiр казак әскерлерi екi облысқа –


 

Көкшетау уезiндегi татарлардан шыққан Сiбiр казактары.

 

Ақмола және Семей облыстарына орналастырылды. Олардың тағы бiр бөлiгi Томск губерниясының Бийск округiне жайғастырылды.

ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде бүкiл казак әскерлерi 5 млн десяти наға жуық жердi алып жатты. Енi 10 шақырымдық далалық алқаптың өзi ғана 1,5 миллион десятина жердiң ұзына бойына созылды. Сiбiр казактарының әрқайсысына тиесiлi жер телiмiнiң көлемi орта есеп пен алғанда 30 десятинадан айналды. Жердi тек ер азаматтар ғана алды. Офицерлерге жер әлдеқайда көп берiлдi. Олар жердi өмiр бойы пайдалану құқығына ие болды. Бiрақ олар әдетте ол жерлердi қазақтарға және қоныс аударушы орыс шаруаларына жалға берiп отырды. Казактар Ертiстiң оң жағалауындағы Долон, Шульба және Қарағайлы ормандарын да иелендi. 1904 жылы патша жарлығымен енi он шақырым келетiн далалық алқап Сiбiр казактарының

«мәңгiлiк меншiгiне» бекiтiлiп берiлдi.

Сiбiр казактарының негiзгi кәсiбi егiншiлiкпен айналысу болды. Бiрақ далалық ауа райының құбылмалылығы, құрғақшылықтың жиi лiгi, қақаған күштi аязды күндердiң көптiгi егiн егуде қыруар қиын шылықтар туғызды. Казактар негiзiнен күздiк және жаздық қара би дай егумен шұғылданды. Сұлы, арпа, тары, сондайақ картоп ектi. Казактардың арасында баубақша, темекi өсiру де жақсы дамыды. Петропавл маңында баубақша өсiрумен айналысатын тұтас казак поселкелерi құрылды. Шекара шебiнiң темекiсi – «махорка» бүкiл Сiбiрге кеңiнен тарады. Казактар сонымен қатар кендiр өндiрумен де айналысты, сора өсiрдi.


Казак әскерлерi мал да ұстады. Мұның өзi егiн шаруашылығына және жорыққа да қажет едi. Gзендер мен көлдердiң көптiгi балық аулау iсiн де дамытты. Олар Ертiс өзенi мен Зайсан көлiнде балық аулауды өздерiнiң иелiгiне айналдырып алды. Казактар сонымен қатар жүк тасымалымен, терi илеу және тоң май дайындау кә сiпшiлiктерiмен де айналысты. Саудасаттықпен де шұғылданды, жергiлiктi қазақтармен сауда жасасты.

Жол жөндеу жұмыстары үшiн алынатын баж салығы да казактар дың пайдасына түсетiн. Кедейленiп, қайыршылық күйге түскен көп теген қазақтар казактарға жалданып жұмыс iстедi. Жалпы алғанда ХIХ–ХХ ғасырлар аралығында Ертiс шекара шебiнде 100 мыңға жуық қазақ жалданып жұмыс iстеген. Сiбiр казактары өз жерлерiнiң бiр бөлiгiн қазақтарға жалға берiп, табыс тауып отырды. ХХ ғасыр дың басында Батыс Сiбiрдiң бұрынғы генералгубернаторы И. Баб ков: «Казактар Дала өлкесiнiң ең шұрайлы жерлерiн тартып алып, жергiлiктi қазақтарды қанап отыр», – деп жазды.

Сiбiр казактарының тарихын, олардың Ертiс бойындағы қазақ тармен қарымқатынасын зерттеумен белгiлi тарихшы және өлкета нушы генерал Г.Е. Катанаев айналысты. 1917 жылға қарай Сiбiр казактарының жалпы саны 172 мың адамға жеттi.

5. Жетiсу казактары. Жетiсу казак әскерлерi 1867 жылы Сiбiр казактарының 9 және 10полктерi округiнен құрылған болатын. 1869 жылы бұл әскердiң құрамына Қытайдан қашқан мыңдаған қалмақ келiп қосылды. 1867 жылы Жетiсу облысы құрылған едi. Бұл об лыстың әскери губернаторы сонымен бiр мезгiлде Жетiсу казак әскерлерiнiң тағайындалған атаманы болып та бекiтiлдi. Жетiсу ка зактары Бұхара әмiрлiгiн, Қоқан, Хиуа, Түрiкменстанды бағынды руда және 1919 жылғы ұлтазаттық көтерiлiстi басуда ерекше белсендiлiк танытты.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: