Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 28 глава




Ырғыз қаласының iргесi 1845 жылы Ырғыз өзенiнiң оң жақ бе тiнде қалана бастады. Ол патша үкiметiнiң қазақ даласы төсiндегi алдыңғы шептегi әскери күзет пунктi саналды. Қаланың салынуына негiз болған нәрсе – Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiске бай ланысты оқиғалар едi. Топырақтың құнарсыз болуы егiншiлiктiң өрiс алуына мұрша бермедi. Қаланы Орал казактары салғандықтан ол алғашқы кезде Орал бекiнiсi деп аталды. Жергiлiктi халықтың патша үкiметiне қарсы пiкiрi қалыптаспауы үшiн кең көлемдi түсiнiк жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл бекiнiс бейбiт қазақтарды көтерiлiсшi лердiң шабуылынан қорғау үшiн салынып жатыр делiндi. Ондағы тұрғындар санын арттыру үшiн бекiнiске Орынбор казактарының және қоныс аударушы шаруалардың бiрқатар отбасылары көшi рiлдi. 1868 жылы Орал бекiнiсi деген аты өзгертiлiп, Ырғыз деп атал ды. Торғай облысының уездiк орталығына айналды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Ырғызда тұрғындардың саны 1 мың адамға жеттi.

Торғай қаласының негiзi 1845 жылы қаланды. Оның салыну себебi

де Ырғыз бекiнiсiн салудың себебiмен бiрдей едi. Алғашқы кезде ол Орынбор бекiнiсi деп аталды. Оның негiзiн қалаған Орынбор казак тары едi. 1868 жылы ол Торғай облысының уездiк орталығына айнал ды. ХХ ғасырдың бас кезiнде қаладағы халықтың саны 900 адамға жуықтады. Олардың жартысы мұсылмандар, яғни қазақтар, татарлар және бұхаралықтар едi. Қаланың төңiрегiнде егiншiлiкке жарамды жер болған жоқ. Қала халқы санының аз болу себебi де осыдан едi. Қала тұрғындары негiзiнен сауда жасаумен айналысты.

Зайсанның негiзi 1864 жылы қаланды. Ол Ресей империясының қазақорыс шекарасындағы әскери күзет пунктi болды. Зайсанның алғашқы аты Жеменей едi. Ол патша үкiметiне бағынышты қазақ тардың арасында бейбiт өмiр мен тыныштықтың сақталуын қадаға лады. Сондықтан да қалада тұрақты әскер батальоны және казак полкi тұрды. Зайсан қалалық елдi мекен деген мәртебеге 1893 жылы ие болды. Қаланың iшiнде арық көп болды. Сондықтан да көшедегi жолдардың бойын көлеңкелi жасыл желек көмкерiп тұрды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Зайсандағы қала халқы 4 мың адам болды. Олар негiзiнен орыс, қазақ, татарлар едi.

4. Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы барысында пайда болған қалалар. Қазақстандағы қалалардың бiрқатары шаруалардың


қоныс аударуы барысында да пайда болды. Ондай қалалардың қата рына Ақтөбе, Қостанай, Темiрдi қосуға болады. Ақтөбе қаласы жер гiлiктi халық Ақ төбе деп атайтын бекiнiс ретiнде 1869 жылы салына бастады. ХХ ғасырдың бас кезiнде онда 3 мыңға жуық тұрғын болды. Қала халқы саны оның төңiрегiнде орналасқан қоныс аударушы шаруалар есебiнен арта түстi.

Қостанай (Николаевск) Торғай облысындағы ең үлкен қала бол ды. Оның негiзi 1879 жылы қаланды. Сол жылдың өзiндеақ оған 1200 шаруа отбасы көшiрiлдi. Қала осы өлкенiң аса iрi әкiмшiлiк және сауда орталығына айналды. Онда 250ден астам сауда орындары болды. Қала тұрғындары егiншiлiкпен де айналысты. Мұның өзi қала халқының өсе түсуiне ықпал еттi. 1889 жылы қала мен қала маңындағы халықтың саны 18 мың адамға жеттi.

5. Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы қалалар. Жетiсу мен Оң түстiк Қазақстандағы қалалар iрi сауда, мәдениет және өнер орталық тары едi. Бұл аймақтардағы қалаларда халықтың саны басым болды. 1897 жылы Верныйда 23 мыңдай, Жаркентте – 16 мыңдай, Әулиеа тада – 12 мыңдай, Перовскiде (Ақмешiтте) – 5 мыңдай адам тұрды.

Сонымен, қарастырып отырған кезеңде Қазақстан аумағында бiрқатар жаңа қалалар пайда болды. Олардың пайда болуының негiзгi себебi патша үкiметiнiң әскериотаршылдық мақсаттарын да жатыр едi.

 

?
1. СолтүстiкБатыс Қазақстандағы қалалардың даму ерекшелiктерi тура лы не айта аласыңдар? 2. Қазақ өлкесiнде ХVIII ғасырда қандай қалалар пайда болды? 3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында пайда болған қалалардың өзiндiк ерекшелiгi неде? 4. Шаруалардың iшкi Ресейден Қазақстанға қоныс аударуы барысында қашан және қандай қалалар пайда болды? 5. Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсудағы қалалардың қалай дамығаны туралы айтып бе рiңдер. 6. Gздерiң тұратын қалалардың, облыс орталықтарының тарихы туралы

егжейтегжейлi әңгiме құрастырыңдар.

 

*
Бекiнiс – қорған, қамал. Тұрақты әскерi бар, әскеристратегиялық тұрғы дан маңызды тұрақ.

 

Деров Артемий Иванович (1856–1921) – 1дәрежелi (гильдиялы) павлодар лықкөпес,Павлодарқаласыныңқұрметтiазаматы,қайырымдылықшараларын

жасаған белгiлi адам.

«Семей Сiбiрдiѓ bзге ћалаларыныѓ ћай-ћайсысымен салыстырѕанда да ерекше кbрiнедi... Семей кќдiмгi Одесса сияћты, орыстыћ сипаты басы- мыраћ. Ол bзiнiѓ кbз аштырмас сџрапыл ћџмды боранымен, шаѓ-топыра- ѕымен де Одессаны еске тљсiредi. Жергiлiктi тџрѕындар оны сол љшiн де «ћџмды ћала» деп атайды. Мџнда жљк кемелерiнiѓ жќне батысеуропалыћ негоцианттардыѓ (кbтерме сауда жасайтын кbпестердiѓ) орнына Тљркiстан


мен Ћытайдан аѕылып келiп жататын керуендердiѓ тљйелерi мен азиялыћ жандарды кbп кbруге болады. Жљк артылѕан тљйе, кќдiмгi «шbл даланыѓ кемесi», облыстыѓ тbл таѓбасында да (гербiнде) бейнеленген. Мџныѓ bзi ћаланыѓ мџсылман шыѕысымен сауда-саттыћ байланыстарыныѓ ћарћын- ды дамыѕанын айћын кbрсетедi». Потанин Г.Н. Семей облысындаѕы Семей жќне басћа да ћалалар//Љш томдыћ таѓдамалы шыѕармалары. Павлодар, 2005, 1-том, 338-бет.   1.Кљнделiктi тџрѕындар Семей ћаласын «ћџмды ћала» деп неге атаѕан? 2.Шыѕыс елдерiмен сауда ћатынастарында ћаланыѓ рbлi мен маѓызы ћандай едi?

 

§34. САУДА. ЖӘРМЕҢКЕЛЕР

Қазақтардың ХVIII ғасырдағы саудасаттығының өзiндiк ерекше лiктерiн еске түсiрiп, айтып берiңдер. Қазақтар ол кезде қай елдер мен саудасаттық жасаушы едi?

1. ХIХ ғасырдағы сауда сипатының Hзгеруi. Егер ХVIII ғасырда қазақтармен еркiн саудасаттық негiзiнен шекара шебiне таяу бе кiнiстерде жүргiзiлiп келген болса, ендi ХIХ ғасырда оның сипаты мүлде өзгердi. Олар әкiмшiлiк реформаларының жүргiзiлуiмен, сон дайақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерiмен байланысты болды. Сауда орталықтары бiртебiрте Қазақстанның iшкi аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елдi мекендерiне және жаңа қалаларға қарай жақындай түстi.

Бұрын саудасаттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Петропавл, Преснегорьков, Омбы, Семей және Орал бекiнiс қамалдары болып келген едi. Ал ХIХ ғасырдың 20жылдарынан бастап, округтiк приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қа зақстанның солтүстiкшығыс жағындағы Сiбiр әкiмшiлiгiне қарай тын қазақтардың өздерiнен ғана орыс көпестерi жыл сайын 3 мил лионға дейiн қой, 150 мыңға дейiн жылқы және 100 мыңға дейiн iрi қара сатып алатын.

Ресейдiң қазақтармен саудасаттығы негiзiнен татар көпестерi мен приказчиктерiнiң көмегiмен жүргiзiлдi. Олар қазақ және орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн едi. Ресей көпестерi қазақтардан мал және мал өнiмдерiн сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлiк көпес терден шұға мен бHз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темiрден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекi және ағаштан жа салған ыдысаяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондайақ қа зақтардың мал емдеуге қажеттi дәрiдәрмектерге деген сұранысы да күштi болды.


ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Ресейдiң қазақтармен сауда сының басым көпшiлiгi тепетең баламасыз айырбас түрiнде жүрдi. Барлық нәрсенiң бiрдей баламалы эквивалентi қой (iсек) болды. Ресей көпестерi түкке тұрмайтын арзан өнеркәсiп бұйымдарын баға лы мал өнiмдерi мен шикiзаттарға айырбас жасап, шаш етектен пай да тапты. Мәселен, Iрбiт жәрмеңкесiнде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.

Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Gсiмқор лық операциялары да кеңiнен етек алды. Онымен көпестер де, казак тар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнiмдерiн малмен төленетiн етiп бердi, оның пайыздық өсiмiн де мал басымен алып отырды.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы неғұрлым iрi сауда орта лықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қа залы және Жаркент қалалары болды. Саудасаттық айырбас және ақшамен балама түрiнде де жүргiзiлдi.

Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пұттан астам жүк артуға болатын едi. Қазақ даласындағы сауда саттыққа деген ынтажiгердi қолдау үшiн түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.

Қазақ саудагерлерi едәуiр бөлiгiнiң сауда айналымынан таба тын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткiзiлген Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бойынша, Қазақстан аума ғында саудасаттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның iшiнде қазақтардың саны небары 4,6 мың неме се 11 пайыздан сәлақ асатын едi.

2. Орта Азиямен жүргiзiлген керуен саудасы. ХIХ ғасырдың бi рiншi жартысында Қазақстан Ресейдiң Орта Азиямен саудасаттық жасауында аралық транзиттiк маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өттi. Орта Азиямен жүргiзiлетiн сауда керуенiнде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкiметi Орта Азиядан мақта, жiбек мата, елтiрi және кiлемдер алып тұрды.

Орта Азиямен сауда негiзiнен татарлар мен ортаазиялық көпес тердiң қолында болды. Егер бұрынғы кездерi саудасаттық тек қала ларда ғана жүргiзiлiп келген болса, ендi ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретiн болды. Сауда айналымының көлемi әлде қайда арта түстi. Бiртебiрте уездiк қалалардың өздерi де iрiiрi сау да орталықтарына айналды.

Сауда өзiнiң даму барысында бiртебiрте ақшалай түрге ене бас


тады. Мемлекеттiк қазына Орта Азия көпестерiнен алынатын алым салық есебiнен едәуiр байыды. Көпестердiң саны да арта түстi.

1863 жылы Орта Азияда болған венгр зерттеушiсi А. Вамбери өлкеде, әрбiр үйде Ресейде жасалған өнiмнiң қандай да бiр түрiнiң кездесетiндiгiн айтады.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап қазақ өлкесiндегi сау дасаттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелiк түрлерi пайда болды.

3. Ел аралап жүрiп жасалатын сауда. Ел аралап жүрiп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты. Олар көшпелi және жартылай көшпелi халыққа күнделiктi қажеттi тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнiмдерiне айырбастады. Он дай көпестер қазақ даласынан үйiрүйiр жылқы айдап қайтып жүрдi. Жүн мен майды қажетiнше сатып алды. Бұл өнiмдер Троицк, Орын бор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларын дағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткiзiлетiн. Ал алыпса тар саудагерлер өз кезегiнде ол өнiмдердi Ресей базарларында сата тын, тiптi шетелдерге де асырып жiберетiн. Бұдан екi арадағы делдал дар мол табыс табатын.

4. Жәрмеңкелiк сауда. Жәрмеңкелiк сауда мал өсiрушiлер мен отырықшы диқандардың екi арасында делдалдық сипат алды. Сауда ның бұл түрi мал сатушы қазақтарға өтемөте тиiмдi болды. Олар жәрмеңкеде өздерiнiң малдары мен мал өнiмдерiн көптеп айырбас тай алды. Жәрмеңкелiк сауданың кеңiнен өрiс алуына бiрқатар се бептер болды. Бiрiншiден, Қазақстанның негiзгi халқы көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтын кештi. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егiншiлiкпен айналысатын отырықшы халықтан азықтүлiк өнiмдерiн молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екiншiден, қазақтың кеңбайтақ да ласындағы жол жүйесi нашар дамыған едi.

Қазақстандағы неғұрлым атақты iрi жәрмеңкелер Қарқаралы уезiндегi ҚояндыБотов, Ақмола уезiндегi КонстантиновЕленов, Ат басар уезiндегi Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темiр, Верный уезiндегi Қарқара, Жаркент, Сырдария облысындағы Әулиеата, Семей уезiндегi Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелерi болды.

Жәрмеңкелерге әкелiнетiн тауарлар үш топқа бөлiнетiн. Қазақ тардың тауарлары мал және мал өнiмдерi, терiтерсек, жүнжұрқа, киiз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдiң еуро палық бөлiгiнен киiмкешек, ағаштан жасалған ыдысаяқтар, ұн, шай, қант, бiлтелi шамдар, сабын, фарфордан және темiрден жасал


ған тұрмыстық бұйымдар жеткiзiлетiн. Ал Орта Азия саудагерлерi әр түрлi шапан, кiлемдер, жiбек және мақтамата кездемелерiн, ер тұрман әбзелдерiн, сондайақ кептiрiлген жемiсжидек өнiмдерiн сататын.

Жәрмеңкелiк сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгерiске ұшырады. Орыс көпестерi бұрын көбiне жылқыға құмар едi, ендi iрi қара – сиыр малына деген сұранысын күшейттi. Ресей қалаларының сиыр етiне деген қажеттiгi арта түстi. Мұның өзi сиыр түлiгiн көптеп өсiруге алып келдi. Сиыр малын өсiретiн негiзгi аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.

5. Қоянды (Ботов) жәрмеңкесi. 1848 жылы Қарқаралы казак ста ницасынан 52 шақырым Қоянды деген жерде айырбас сауда орталы ғы ашылды. Жәрмеңкенiң негiзiн қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15iнен шiлденiң 15iне дейiн өткiзiлiп тұрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана едi. Кейiннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кеттi. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, енi 5 шақырым алқапты алып жатты.

Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкенi ашылды. Қоянды пошта бекетiнiң ғимараты да, поштателеграф бөлiмшесiнiң үйi де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатха насы да осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл тегiл, көлкөсiр етiп жеткiзiп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста – бес биенiң сабасында сақталынды. Ресейдiң қаржы министрлiгi Қо янды жәрмеңкесiнде Мемлекеттiк банк бөлiмшесiнiң ғимаратын салдырды.

Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеунiктер орыны» деп ата латын квартал орналасты. Онда Мемлекеттiк банк бөлiмшесi, пош тателеграф кеңсесi салынды. Қарқаралы уезi бастығына, бiтiстi рушi судьяға, мал дәрiгерлерi мен адам дәрiгерлерiне, сондайақ полиция қызметкерлерiне арналған қонақ үйлер де осы жерде едi. Жәрмеңкедегi сауданың жылдық айналымы 2–3 миллион сом

ға дейiн жететiн.

Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткiзiп тұратын. Сондайақ билердiң төтенше болыстық съездерi де осында өткiзiлетiн. Алымсалық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоян ды жәрмеңкесi 1924 жылға дейiн жыл сайын өткiзiлiп келдi. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.

6. Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.

Жәрмеңкелерде саудасаттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан


түрлi рулар мен халықтардың өкiлдерi бас қосып, пiкiр алысатын, өнер көрсететiн байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкiлдерiнiң өзара тамыртаныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде iрiiрi спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлерi өткiзiлiп тұ ратын. Қазақтардың әр түрлi руларының, кейде тiптi барлық жүз дерiнiң өкiлдерi күш сынасатын жарыстар да өткiзiлетiн. Жәрмеңке ге жиналғандар түрлi спорт ойындары мен жарыстарды тамашалай тын. Ақындар айтысқа түсiп, бақ сынасатын.

Iрiiрi жәрмеңкелерде қазақтың бүкiл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсеттi. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан серi, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әмiре Қашаубайұлы сияқты көптеген салсерi лерi мен ақындары да жиiжиi болып тұрған.

Саяси өмiрдегi оқиғалар шиеленiсiп қыза түскен кездерi жәр меңкелер өкiмет билiгiнiң жоғары органына жазбаша шағым жол дайтын орын да болып табылды.

7. Тұрақты сауда. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жәрмеңкелердiң маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептерi болды. Бiрiншi ден, қазақтар барлық жерде бiрдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екiншiден, уездiк және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңiнен етек алды. Сауданың бұл түрi қалаларда ба рынша дамыды. Қалалар фабриказауыттар шығаратын өнiмдердiң тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажеттi бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, казактар емiнеркiн сатып алатын едi.

Қалаларда кең көлемдi сауда жасайтын дүкендер мен дүңгiр шектер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшерi де өсе түстi. Петропавлда, Омбыда, Семейде, Қостанайда тұрақты жүргiзiлетiн сауданың күшейе түсуi ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегi сауданың жағдайын әлдеқайда әлсiретiп жiбердi. Қазақ өлкесiнде тауарлыақша қатынастары дами түстi.

8. ҚазақҚытай саудасаттық қатынастары. Ресей Қытаймен және Монғолиямен саудасаттық жасауы үшiн Қазақстанды транзиттiк аумақ ретiнде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестерi көбiнесе делдалдық қызмет атқарды.

Қазақтардың арасында, бiрiншiден, қытай және монғол тiлдерiн бiлетiндер аз болған жоқ. Екiншiден, қазақтар шекара шебiндегi жер жағдайларын жақсы бiлетiн. Үшiншiден, қазақ саудагерлерiнiң иелiгiнде жүк көлiктерi көп болды. Сонымен 1860 жылы Ургада (ҰланБаторда) алғашқы орыс коммерциялық фирмасы ашылды.


Сол фирманың құрамында Gскемен көпестерi де жұмыс iстедi. Ре сейҚытай саудасаттығы Зайсан, Gскемен және Семей арқылы жүзеге асырылды.

1881 жылы Қытаймен жасалған Петербург келiсiмшартының ережелерiне сәйкес патша үкiметi Монғолияның бүкiл аумағында баж салығын төлемейақ саудасаттық жасау құқығына ие болған едi. Қобда және Улясутай қалаларында консулдық мекемелер ашылды. Мiне, мұның бәрi де Монғолиямен саудасаттықтың да муына едәуiр ықпал еттi. Бiрақ Монғолия Қытайға тәуелдi ел бо латын. Соның салдарынан ол өлкедегi саудасаттық одан әрi дами алған жоқ.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қытаймен негiзгi саудасат тық мәмiлелерi Кяхта қаласында жүргiзiлдi. Бiрақ Цинь империясы мен Ресейдiң арасындағы кикiлжiңдi сыртқы саяси қатынастардың тұрақсыздығы салдарынан екi арадағы саудасаттық қайтақайта үзi лiп қала бердi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында бұл екi мемлекеттiң арасындағы сауда қатынасында елеулi өзгерiстер орын алды. Батыс Қытайдың тұрғындары көршi жатқан мемлекеттермен, соның iшiнде Қазақстанмен де, керуен арқылы саудасаттық жасауға көбiрек мүд делiлiк танытты.

Қазақстанның Цинь империясымен iргелес жақын жатуы және өзара сауда қатынастарының тиiмдi болуы Ресей мен Қытайды тығыз байланыс орнатуға итермеледi. Қытай аумағындағы сауда Шәуешек, Құлжа, Үрiмшi, Гучен қалаларында жүргiзiлдi. Қытайлардың ондағы саудаға шығаратын негiзгi заттары күмiс, терiтерсек, шай, сондай ақ Қытайдағы қазақтардың мал өнiмдерi едi. ХIХ ғасырдың 50–60 жылдарында РесейҚытай сауда қатынасы Жетiсу бағытындағы жол дармен де дамыды. Ондағы негiзгi саудасаттық нүктелерi Қапал және Верный қалалары болды.

60жылдардың екiншi жартысынан 80жылдардың бас кезiне де йiнгi аралықта сауда қатынастары едәуiр бәсеңдедi. Цинь империя сының iшкi саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келiсiмшарты бойынша Iле өлкесiнiң аумағы Қытайға қайтарып берiлдi.

ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қазақ көпестерi саудасаттық опера цияларына барынша белсене қатысты. Олар үстiүстiне сауда керу ендерiн жөнелтумен болды. Көпестердiң арасында Жандыбайұлы, Жетiкұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке таны лып, сыйқұрметке бөлендi, зор бедел алды.

Осы кезеңде сауда қатынастары Жетiсу жерi арқылы дами баста ды. Ертiс және Iле өзендерiнде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Iле өзенi арқылы тiкелей су жолын ашты. Қазақ көпестерiнiң ерекше зор сұранысы шай, ал өздерiнiң шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды.


9. Қазақстандағы кHлiк қатынасы ның дамуы. Бiз сөз етiп отырған кезең де Қазақстанда кәдiмгi далалық қара жолмен қатар су жолы, темiр жол қа тынастары да дами бастады. Ол кезде тас жолдар әлi салына қойған жоқ едi. Сауда және қатынас жолдары Қазақ станның қай түкпiрiн болса да айқыш ұйқыш шарлап жатты. Ол жолдармен қатынас жасау ХVIII ғасырдың екiншi жартысынан бастап күшейе түскен едi. Уақыт өте келе олар Ресей мен Қазақ стан арасындағы сауда қатынасының күшеюiне ықпал еттi. Мәселен, 1745 жылы Gскемен мен Омбы арасында қа


 



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: