Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 34 глава




рым татарларының «Тәржiман», Едiл бойы татарларының «Ихти


фад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң қазақтардың ежелгi заманнан бергi атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шы ғу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқы на христиан дiнiн күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтар дың ана тiлiн қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсiз әрекеттерге қарсы күрестi.

3. Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың кHсемi Әлихан БH кейхановтың Hмiрi мен қызметi. Қазақ халқының ұлттықдемокра тиялық қозғалысының жұрт кеңiнен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1866 жылы Семей облысында ғы Қарқаралы уезiнiң Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келдi. Әлихан бiлiмдi, бостандық пен әдiлдiктi жоғары баға лаған ортада өстi. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуiнде қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революция сының биiк мақсатмұраттары зор ықпал еттi. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесiн, 1894 жылы СанктПетербург Император лық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факуль тетiн бiтiрдi. Оқуды аяқтаған соң ол Омбы орман шаруашылығы училищесiнде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында бiраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкiмшiлiк қызметтер атқарды.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Ә. Бөкейханов

әуелi Тобыл губерниясын зерттейтiн, кейiн Ф. Щербинаның статис тикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезең де ол қазақ елiнiң экономикалық жайкүйiн, шаруашылығын, этно графиясын, тұрмыссалтын, материалдық және рухани мәдениетiн зерттедi. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Gлкемiздiң толық геогра фиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегi зiншi томы жарық көрдi. Оның авторларының бiрi Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов едi.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдiң земство және қала қайраткерлерiнiң Мәскеуде өткен съезiне делегат болып қатыс ты. Сол съездiң биiк мiнберiнен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесiн, соның iшiнде қазақ тiлiнiң мәртебесiн қорғап, былай деп мәлiмдедi: «Мен Оралдан Алтайға, Сiбiр темiр жолы желiсiнен Омбыға дейiн... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қыр ғыз (қазақ. – авт .) деген халықтың өкiлiмiн... Бiзде... қырғыз тiлiнде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшiлiгi бұрынғы ротмистрлер) әкiмшiлiк және құқықтық iстi қарау кезiнде қырғыз тiлiн қолдануға мүлде жол бермейдi. Қырғыздар ана тiлiнiң еркiн қолданыста болуына өте


мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың бiртуар перзентi, қазақ ұлт азаттық қозғалысының шын мәнiндегi көсемiне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингiлер мен петициялардың және үкiметке қарсы үгiттердiң ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәденисаяси қозға лысының көшбасшысы және жетекшiсi» болды.

Ә. Бөкейханов Ресейдiң I Мемлекеттiк Думасына Семей облы сынан депутат болып сайланады. 1905–1907 жылдары кадеттердiң

«Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттерiне белсендi түрде мақалалар жазып тұрды.

1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлтазаттық қозғалыс жетекшiлерi А. Байтұрсынов және М. Дулатовтармен бiрге тұңғыш жалпы ұлттық баспасөз ұйымы – «Қазақ» газетiн ұйымдастырды. Газет беттерiнде халыққа бiлiм беру, ұлттық санасезiмдi ояту хақында көптеген құнды дүниелер жарық көрдi. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс география лық қоғамы Батыс Сiбiр бөлiмiнiң жұмысына қатысты. Ол екi тiлге бiрдей жетiк едi, қазақша да, орысша да еркiн жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар». – авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезiн дегi қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған

«Абай (Ибрањим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы тағы

басқа зерттеулерi жарық көрдi.

Әлихан Бөкейханов 1917 жылдың 21–26 шiлдеде Орынборда I Бүкiлқазақ съезiн өткiзiп, «Алаш» партиясы атқару комитетiнiң төрағалығына сайланады. Сол жылы Орынборда өткен «Алаш» пар тиясының II Бүкiлқазақ съезiнде «Алашорда» үкiметi құрылып, Ә. Бөкейханов оның төрағасы болып сайланды. Кеңес өкiметi ке зiнде ол бiрыңғай ғылыми, әдеби, аудармашылық қызметпен айна лысады. Жазықсыз қуғынға ұшырап, 1937 жылы ату жазасына кесi ледi. 1988 жылы ақталды.

Аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым, публи цист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкiл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгiден азат етуге, тәуелсiз мемлекет құруға, елжұртына бiлiм берiп, оны гүлдендiруге арнады.

4. Ә. БHкейхановтың сенiмдi серiктерi мен пiкiрлестерi. Ә. Бөкей ханов өзiнiң төңiрегiне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымы ның ең таңдаулы бөлiгiн топтастыра бiлдi. Оның сенiмдi серiктерiнiң бiрi белгiлi ақын, аса көрнектi ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов (1873–1938) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезiнiң Сарытүбек деген


А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов.

 

жерiнде дүниеге келген. Ауыл мектебiнде оқып, сауатын ашады, ке йiннен Торғайдағы екi сыныптық орысқазақ училищесiнде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалiмдер мектебiн бiтiредi. Ақтөбе, Қос танай, Қарқаралы уездерiнiң мектептерi мен орысқазақ училище лерiнде мұғалiмдiк қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзiнiң халық пен кездесулерi кезiнде патша үкiметiнiң отаршылдық саясатының мәнiн әшкереледi. 1913–1918 жылдары «Қазақ» газетiнде редактор болып, халық өмiрiнiң көкейтестi мәселелерiн көтередi, елдi өнер бiлiмге үндейдi. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестiң алғы шебiнде болады. Кеңес өкiметi кезiнде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына бiржола түседi. Көптеген өлеңжыр ларында халықтың армантiлегiн, мұңмұқтажын жырлады, халық ты өнербiлiмге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдiң қанау шылықотаршылдық саясатын сынады, елжұртты миссионерлердiң жүгенсiз қылығынан сақтандырды. Оның өмiрi өз халқына адал қызмет етудiң, елжұртының мәдениетi мен әдетғұрпына, тарихы на деген сүйiспеншiлiктiң айқын үлгiсi. Ол өзiнiң бiр мақаласында былай деп жазды: «Менiң мақсатмұратым – қазақ халқының мате риалдық жағдайын жақсарту, мүмкiн болғанынша мәдениетiн көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететiн үкiметтi қолдауға әрқашан әзiрмiн».

Ә. Бөкейхановтың сенiмдi серiктерiнiң және ұлтазаттық қозға лысына белсендi қатысушылардың бiрi Мiржақып Дулатов (1885– 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезiнiң Қызылбел атырабын да дүниеге келген. Алғашқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алған. Торғай дағы екi сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседi, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шы


ғып, жер мәселесiн көтередi. Қазақтардан жердi тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етедi. 1909 жылы

«Оян, қазақ!» атты жыр жинағы жарық көредi. М. Дулатовтың бұл кiтабын замандастары «Ұлттық манифест» деп атады. Автор қазақ халқының ауыр жағдайын поэтикалық түрде суреттей келiп, одан қалай шығудың жолын ұсынады. Ол қазақ даласында жаппай мешiттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам рухында тәрбие берудi жақтады. Семей округтiк сотының прокуроры былай деп жазды: «Оян, қазақ!» кiтапшасы өзiнiң мазмұны жағынан қырғыз (қазақ. – авт.) жастарына арналған үндеумен тең, ол мемлекеттiң қазiргi қоғамдық құрылысын құлатуға шақырады».

М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзiрлеуге, Алаш қозғалысына бiлек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзiнiң бүкiл өмiрiн туған халқына қызмет етуге арнады.

Алаш қозғалысы жетекшiлерiнiң бiрi белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев (1879–1937) болды. Ол 1879 жылы Жетiсу облысына қарасты Лепсi уезiнiң Садыр болысын да дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медаль мен тәмамдаған. 1906 жылы СанктПетербург транспорт инженер лерi институтын бiтiрген. Институтта оқып жүрген кезiнiң өзiнде ақ қазақ халқының ұлттық мүддесiн патша әкiмшiлiгiнiң озбырлы ғынан қорғаған мақалалар жазады.

5. Қазақстандағы алғашқы басылымдар. Бұл кезеңдегi жарқын жетiстiктердiң бiрi қазақтың ұлттық баспасөзi қалыптаса бастады. Қазақ тiлiндегi алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билiк органдары шығарды. ХIХ ғасырдың 60жылдарында Қазақстандағы әкiмшiлiк реформаларын жүзеге асырғаннан кейiн, халыққа патша үкiметiнiң қазақ өлкесiндегi саясатын түсiндiру үшiн баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердiң бiрi – «Түркiстан уәлаятының газетi» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тiлдерiнде шыға бастады. Ол Түркiстан генералгубернаторлығының баспасөз органы едi. 1888 жылы Омбыда Дала генералгубернаторлығы «Дала уәлаятының газетiн» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясы ның қазақ өлкесiндегi саясатын түсiндiрумен айналысты. Олар негi зiнен ақпараттықанықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиетi туралы матери алдар жиi жарияланып тұрды.

6. Қазақ журналдарының шығуы. 1911 жылы Орынбор губерния

сының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрдi. Оның баспагерi әрi редакторы белгiлi ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнектi өкiлдерi Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин,


 

 

«Айқап» журналы.


Б. Майлин, С. Торайғыров және басқала ры елеулi рөл атқарды. Журналда жария ланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмiр салтына көшуiнiң, өлке дегi халықтың бiлiм деңгейiн көтерудiң кө кейкестi мәселелерi қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Со ған қарамастан, ол қазақ халқының ұлт тық санасезiмiн оятуда, жаңадан қалып тасып келе жатқан зиялы қауымның ба сын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. Қазақ басылымдарын қар жыландыруға татар көпестерi мен кәсiп керлерi елеулi үлес қосты.

1914 жылдан 1918 жылға дейiнгi ара лықта Омбы қаласында қазақтардың


«Бiрлiк» атты мәдениағарту ұйымы жұмыс iстедi. Оның жұмысына ақын, жазушы, ағартушы әрi драматург Қошке Кемеңгеров белсене қатысты. Бұл ұйымның органы қолжазба күйiнде шығып тұрған «Ба лапан» журналы болды. Оның бас редакторы Қошке Кемеңгеров едi. Уфа қаласында 1915–1918 жылдар аралығында «Садақ» атты және бiр қолжазба журнал да шығып тұрды.

7. Жалпыұлттық «Қазақ» газетi. 1905 жылы патшаның қол қойған манифесi бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Мұның өзi Қазақстанда қазақтардың өздерi шығаратын

демократиялық басылымдарды – газеттер мен журналдарды шығаруына мүмкiндiк бердi. 1907 жылы СанктПетербургте қа зақтардың тұңғыш қоғамдықсаяси газетi

«Серке» жарық көрдi. Ол татар тiлiнде шы ғатын «Ульфат» газетiнiң қазақша қосым шасы ретiнде шыға бастады. Алайда ол елде саяси реакцияның күшеюiне байла нысты жабылып қалды.

Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық

«Қазақ» газетi апталық басылым болып жарық көрдi. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттiң негiзiн қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсы нов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар бар ша қазақ елiнiң мүддесiн бiлдiретiн ғасыр дың ұлттық газетiн құра бiлдi. Олар осы


«Қазақ» газетi.


газеттiң белсендi авторлары болды. Атақ


ты баспагерлер «Қазақ» газетiнiң төңiрегiне көрнектi қайраткерлер мен ақындарды топтастыра бiлдi.

Газеттiң әр нөмiрiнiң таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тiптi 8 мың данаға дейiн жеткен. «Қазақ» газетi ХХ ғасырдың басын дағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап бердi. Газет өз беттерiнде халық ағарту, кiтап шығару мәселелерiне басымдық бер дi. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнiн ашып көрсеттi, газет мұсылман дiнi мәселесi бойынша, ғылыми не гiзделген бағыт ұстанды. Газет бетiнде жарияланған мақалалардың едәуiр бөлiгi тiл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетiлдiруге арналды. «Қазақ» газетi қазақ халқы тарихының бетбұ рысты кезеңiнде шығарылды, өз ұлтының көкейтестi мүдделерiне адал қызмет еттi. Ол бүкiл қазақ халқын өзiнiң төңiрегiне топтастыра бiлген ұлттықсаяси және ғылымиәдеби басылым болды. «Қазақ» газетi 2006 жылдан қайтадан шыға бастады.

8. Қазақ тiлiнде кiтаптар шығару. ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақ тар арасында руханидiни және зайырлы мазмұндағы кiтаптар пайда бола бастады. 1900 жылдан 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 400ге жуық кiтап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60 мың дана ға дейiн жеттi. Кiтаптар СанктПетербург, Қазан, Орынбор, Уфа, Троицк, Орал, Астрахан, Верный, Ташкент қалаларындағы баспа ханаларда араб әрпiмен шығып тұрды.

1909 жылы СанктПетербургте ұлы Абайдың өлеңдерi мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кiтабы жарық көрдi. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты.

1911 жылы ұлы Абайдың шәкiртi, данышпан Шәкәрiмнiң «Түрiк, қырғыз, қазақ њәм хандар шежiресi» деген кiтабы жарық көрдi. Шә кәрiм өз бетiмен бiлiм алды, араб, парсы, түрiк және орыс тiлдерiн еркiн меңгердi. Ол бүкiл ұлттық мәдениетiмiздiң тарихындағы өзiндiк орны бар көрнектi ақын, ойшыл, тарихшы, ғұлама ғалым әрi компо зитор ретiнде де танылды.

Қазақ газеттерiнiң, журналдары мен кiтаптарының жарық көруi қазақ халқының ұлттық санасезiмiн оятуда, қазақ зиялыларының ұлт мүддесi үшiн тығыз топтасуында елеулi рөл атқарды. Қазақ хал қы бұл кезде түрлi әдеби шығармаларды тек қазақ тiлiнде ғана емес, татар және орыс тiлдерiнде де оқи алатын дәрежеге жеттi.

 

1.

?
Реакция кезеңi Қазақстанда қандай ерекшелiктерiмен есте қалды?

2. Қазақтың ұлттық зиялы қауымы көшбасшыларының қызметi туралы айтып берiңдер. 3. Қазақ зиялы қауымының көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi туралы не бiлесiңдер? 4. Ә. Бөкейхановтың сенiмдi серiктерi туралы не айта аласыңдар? 5. Қазақстандағы алғашқы газеттердi шығарудың


бастамашысы кiм болды? 6. Алғашқы қазақ журналдары қашан шықты?

7. Жалпыұлттық «Қазақ» газетiнiң шығуы қазақ қоғамының өмiрiнде қандай рөл атқарды? 8. ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанда қазақ тiлiнде қандай кiтаптар шыға бастады?

 

*
Партия – саяси идеялар мен мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде бiрiккен адамдар тобы.

Реакция – қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргiзу саясаты.

Қаражүздiктер – патшалық Ресейдегi барып тұрған реакционер, шови нист әрi монархистер тобы.

«Қазақ» газетi – 1913–1918 жылдары шығып тұрған жалпыұлттық апта лық басылым.

 

Мұстафа Шоқай (1890–1941) – ойшыл, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткерi. Қоқан автономиясының президентi, ХХ ғасыр басындағы елiмiздiң тәуелсiздiгi мен бостандығы жолындағы күрескерлердiң iрi өкiлi.

Әлiмхан Ермеков (1891–1970) – мемлекет және қоғам қайраткерi, «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi.

Жүсiпбек Аймауытов (1889–1931) – аса көрнектi қазақ ақыны, жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог. Алаш партиясының құрамында болған. Ж. Ай мауытов көптеген публицистикалық шығармалар мен әдебисын мақалалардың авторы.

Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров (1896–1937) – қазақтың белгiлi қоғам қай раткерi, тарихшы, жазушы, драматург. Ол Ақмола облысының Омбы уезiндегi Теке болысының Қаржас ауылында туған.

Мағжан Жұмабаев (1893–1938) – қазақтың аса көрнектi ақыны, әдебиет зерттеу шiсi, ағартушы және қоғам қайраткерi, Алаш қозғалысына қатысушы. Мағжан өз шығар маларында ағартушылық, тәуелсiздiк және демократия идеяларын жырлады.

Мұхамеджан Сералин (1872–1929) – жазушы, ақын, публицист, журналист. Қазақ жазба әдебиетiнiң дамуына елеулi үлес қосқан. «Айқап» журналының бас редакторы.

Отыншы Әлжанов (1873–1918) – көрнектi қоғам қайраткерлерiнiң бiрi. «Киргизская степная газета» бетiнде қазақ халқының тарихы мен мәдени, этнографиялық өмiрi жайлы 40тан астам мақала жазған. «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi, Алаш идеясы үшiн қолына қару алып та күрескен.

Халел Досмұхамедов (1883–1939) – қазақтың көрнектi ғалымы, қоғам қайраткерi.

«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi. Қазақ халқының этнографиясы мен тарихына арналған бiрқатар мақалалар жазған.

Смағұл Сәдуақасов (1900–1933) – көрнектi мемлекет қайраткерi, жазушы, публи цист, әдебиет сыншысы, экономист. Ол небәрi 33 жыл өмiр сүрiпақ, өзiн мемлекет қайраткерi, жастардың жетекшiсi, Қазақстандағы кооперативтiк қозғалыстың ұйымдасты рушысы, қазақ театрын құрушы ретiнде көрсете бiлдi.

Қайретдин Болғанбаев (1893–1937) – белгiлi көсемсөзшi, ағартушы, қоғам және мемлекет қайраткерi. «Алаш» қозғалысына белсене қатысқан. Түркiстан автономиясын құрушылардың бiрi.

«Осы баяндалѕан нќрселердi ескере келiп, ћырѕыздар (ћазаћтар. – авт.) былай деп санайды: 1) Шаруаларды Ресейден ћоныс аударуды жќне оларѕа арнап жер бbлудi тоћтату керек, ќуелi онсыз да bздерiне жер жетпей ћиналып отыр- ѕан ћырѕыздарды жерге орналастыру ћажет.


2) Қырғыздарды жерге орналастыруды дұрыс жүргiзу үшiн олардың малын қайта санау керек. Gйткенi Ф. Щербинаның экспедициясы мұндай дерек жинаған кезде қырғыздар мал басына салынатын жаңа салықтың мөлшерi артып кетедi деген қауiппен өздерiнiң мал санын кемiтiп көрсет кен болатын...

3) Қырғыздар өздерiнiң ежелгi қоныстарына орналасуы тиiс. Оларды басқа жаққа көшiруге болмайды.

4) Қырғыздардан тартып алынған жерлер олардың өздерiне қайтары луы тиiс.

5) Қырғыздардан тартып алынған және орыс шаруалары құнарсыз деп тастап кеткен жерлердiң барлығы да қырғыздарға қайтарылатын болсын...

6) Қырғыздар малдарын айдап, бiр орыннан екiншi орынға көшiп қонған кезiнде олар орыс шаруаларының жер телiмдерi арқылы еркiн және ақысыз өтетiн болсын.

7) Қыстауларға ұйытқыған бораннан пана болуы және малды аман алып қалу үшiн олардың төңiрегiндегi ормандар сол қалпында түгел сақта луы тиiс.

8) Қырғыздарға орыс шаруаларымен тең жағдайда орман телiмдерi де берiлуi керек.

9) Қолда бар барлық суаттар мен құдықтар мүмкiндiгiнше қырғыз дардың иелiгiнде қалуы тиiс; қоныс аударып келген шаруалардың оларды қайтарып беруi не тастап кетуi мүмкiн болмаған жағдайда қырғыздардың жаңа құдық қазып алуы үшiн тиiсiнше ақы төленуi немесе оларды қазына есебiнен қазып беру керек...

10) Қырғыздардың ауылына тиiстi жерлерге поселкелер салуға рұқсат етiлмеуi керек.

11) Мешiтке таяу маңайда қоныс аударып келген шаруалардың елдi мекендер салуына жер берiлмеуi тиiс.

12) Жер телiмдерiнiң шекараларын межелеп бөлу қырғыздардың өкiл дерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ғана жүргiзiлетiн болсын».

1907 жылғы 20 мамырда Дала генералгубернаторының Дала өлкесi қырғыздарының мұқтаж мәселелерi бойынша өткiзген кеңесiнiң мате риалдары. Омбы, 1908, 12–13беттер.

 

1. Қазақтар өздерiнiң жер жөнiндегi мәселелерiн шешу үшiн қандай



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: