Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 38 глава




жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бiрақ әскери қызметi ұзаққа созылмады, генералдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қа тыгездiк жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен кеттi.

4. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны. Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өттi. Ол мұнда да Ұлы жүз қазақтарының өмiрiнен тарихиэтнографиялық материалдар жинаумен шұғылданды. Аса көрнектi қазақ ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуiрде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабiрiнiң басына ескерткiш пен құлпытас орнатылды. Ескерткiштi саяси жер аударылып келген поляк революционерi Лепольд Ластовский жергiлiктi мәрмәр тастан қашап жасады. Шығыстанушы ғалым Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ еттi де жоқ болды», – деп жазды.

Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының та рихы мен мәдениетiн зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнектi қазақ ғалымы өте ауқымды ғылымишығармашылық мұра қалдыр ды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күн делiктерi», «Үлкен орда қырғызқайсақтары туралы» т.б. еңбектерi өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондайақ Орта Азия халықтарының өмiрiнен салған 150ден астам суреттерi сақталған. Ол қазақтардың алғашқы кәсiби суретшiлерiнiң бiрi.

Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күнiне дейiн өз Отанын жантәнiмен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерiн бүкiл дүние жүзi жоғары бағалады. Бүгiнгi ұрпақтары оған деген зор құр меттiң белгiсi ретiнде Қазақстан қалаларының бiрнеше көшесiн Шоқанның есiмiмен атады. Оған арнайы ескерткiштер орнатылған. Ондай ескерткiш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттiк университетiне Шоқанның есiмi берiлген. Онда «Уәлиханов оқула ры» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциялар үнемi өткiзiлiп тұрады. Шоқан Уәлихановтың өмiрi мен қызметi егемен елiмiздiң жастары үшiн тамаша үлгiөнеге.

 

1.

?
Ғалымның балалық және жастық шағы туралы айтып берiңдер. 2. Шо қанның Омбыдағы оқу жылдары қалай өттi? 3. Шоқан Уәлиханов қандай

ғылыми экспедицияларға қатысты? 4. Ғалымның негiзгi ғылыми еңбектерiн атап шығыңдар. 5. Шоқанның Қашғарияға сапары қалай аяқталды? 6. Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орны қандай? 7. Сендер атақты ғалым туралы қандай көркем әдебиет оқыдыңдар?

 

*
Адъютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әр түрлi тап сырмаларды орындайтын офицер.


Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтерi лiске қатысушылар.

Кадет корпусы – әскери оқу орны.

Патриот – Отанына, туған халқына жантәнiмен берiлген адам. Ол өз Отанының мүддесi жолында кез келген құрбандыққа баруға, ерлiк жасауға әрқашан әзiр тұрады.

 

Веселовский Николай Иванович (1848–1918) – орыс шығыстанушысы, тарихшы шы, этнограф, археолог. Ол Ш. Уәлихановтың бiр томдық шығармалар жинағын

алғаш (1904 ж.) бастырып шығарған.

  «Gткен кљзде Iле сыртћы bлкесiнде ћырѕыз (ћазаћ. – авт.) сџлтаны Шоћан Шыѓѕысџлы Уќлиханов ћайтыс болды. Оныѓ есiмi Ћытайдыѓ ба- тысындаѕы Ћашѕар ћаласына кbзсiз ерлiкпен жасаѕан батыл саяхаты ар- ћылы кеѓiнен танылды. Бiз Шоћан Уќлихановты ћџрметпен еске алудыѓ неѕџрлым ыѓѕайлы да ќдептi жолы ретiнде ћырѕыздарѕа екiншi Уќлиха- новтыѓ кbп кљттiрмей, буряттарѕа екiншi Дорджи Банзаровтыѓ келгенi сияћты неѕџрлым тезiрек келуiн тiлеуден bзге еш нќрсенi таба алмай отыр- мыз. Ќрине, бџратана халыћтардыѓ арасына Еуропаныѓ bркениетi мен адамгершiлiк ћасиеттерiн еѓ жаћсы таратушылар сол бџратана халыћ- тыѓ bз bкiлдерi ѕана бола алады. Сондыћтан да бiз бџратана халыћтардыѓ бiлiмдi bкiлдерiнiѓ кbбiрек пайда болѕанына зор ыћыласпен сљйсiне ћарауѕа, ал олардыѓ ћайѕылы ћазасын ћатал таѕдырдыѓ шектен тыс ќдiлетсiздiгi деп санауѕа ќрћашан ќзiрмiз». Ядринцев Н.М. Шоћан Шыѓѕысџлы Уќлиханов //Уќлиханов Ш.Ш. Бес томдыћ шыѕармалар жинаѕы. – Алматы, 1985, 5-том, 276-279-беттер.   1. Ш.Уќлиханов bз замандастарыныѓ арасында ћандай беделге ие бол- ды? 2. Автор ћазаћ ѕалымына деген bзiнiѓ ћџрметiн ћалай бiлдiрген?

§47. ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫМЕН МУЗЫКА ]НЕРI

Бiз сөз етiп отырған уақытта қазақтардың өзiндiк бiрегей поэ тикалық және музыка өнерi мәдениетi қалыптасты.

1. Қазақтардың поэтикалық Hнерi. ХIХ ғасырдың бiрiншi жарты сындағы эпикалық шығармалар негiзiнен халықтың қањарман ба тырлары Абылай мен Кенесарының ерлiк iстерiн суреттейдi. Қыз ұзату, келiн түсiру тойлары, рулар мен тайпабасыларының жиында ры әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда бастала тын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, қысқа қарай қыстауға кө шетiн кездерi де осындай ойынсауық салтанатымен өтетiн. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердiң де сәнiн кiргiзетiн. Әр түрлi еңбек үрдiстерi мен тұрмыстық салтсана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондайақ бесiк жырлары мен балаларға ар налған әндер де кеңiнен таралған дәстүрлi әдетғұрып болатын.


ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi қазақтардың поэзиясы ха лықтың ежелден қалыптасқан мәдениетiмен, дәстүрлерiмен және әдетғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғы нан бастап қазақ әдебиетiнде бұрынғы әншiлiкжыршылық дәстүр бiртiндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығарма шылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлiк iстерiн дәрiптеу басым болып келсе, ХIХ ғасырдан бастап күнделiктi тұрмыстiршiлiк тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмiр жайлы толғаны сында шығармашылықтың өзiндiк дара жолын iздеуге тырысты, жаңа кәсiби поэзия қалыптаса бастады.

Қазақтың поэтикалық және музыка өнерiн дамытуға Махамбет

;темiсұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттiмбет Қазанғапұлы, Бiржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжiгiт (Ақан серi) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.

2. Махамбет ]темiсұлы шығармашылығы. Махамбет

;темiсұлы поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiспен ты ғыз байланысты болды. Махамбет ақ найзасы, асқақ жырымен де халықтың азаттығы үшiн күрестi. Оның асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас идi. Махамбет от ауызды сөз шеберлiгiмен қатар, өзiнiң домбырашыкүйшiлiгi, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөлендi. Ол орыс, татар және араб тiлдерiн жақсы бiлдi. Сондықтан да ол 1824–1829 жыл дары Жәңгiр ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешiсi ретiнде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы, этно граф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Карелинмен жақын танысып, достасып кеттi.

Махамбет Gтемiсұлы Исатай Тайманұлы бастаған халықазаттық көтерiлiсте өзiнiң жалынды өлеңдерiмен халықты патша үкiметi мен хандардың езгiсiне қарсы күреске шақырды. Ол өз елiнiң отарлық езгiден азат болғанын көрсем деп армандаумен өттi. Махамбеттiң өлеңдерi халық көтерiлiсiнiң қуатты дауысы, бостандық пен әдiлдiк тiң ұраны болып табылады.

Ақын көтерiлiсшiлердi өзiнiң жалынды жырларымен жiгерлен дiре түстi әрi қарулы шайқастарға өзi де белсене қатысты. Ол патша үкiметiнiң халыққа қарсы саясатын, жергiлiктi хан, сұлтандардың қарапайым халыққа шектiрген қасiреттерiн аяусыз сынға алды. Ең бек адамдарының құлдық өмiрiне қарғыс айтты:

«Қапыда өткен дүниеай,

Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы... Атаананы сөктiрiп,

Ат басына соқтырып, Нәлет десе болмас па

Осылай жүрген жүрiске...


Махамбеттiң «Ереуiл атқа ер салмай...», «Соғыс», «Алайма, сұл тан, алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Тай манның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» және басқа өлеңдерiнде көтерiлiсшiлердiң бейнесi, Исатайдың қа њармандық ерлiгi шебер суреттелген. Gр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы күрестi жырға қосып өттi.

3. ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi қазақ поэзиясы. Ақын Шер нияз Жарылғасұлы (1817–1881) қазiргi Ақтөбе облысының аумағын да дүниеге келдi. Жас шағынан өлең шығара бастады. Махамбет Gтемiсұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерiлiсiне белсене қатысты. Gзiнiң жалынды жырларында халықты азаттық жо лындағы күреске шақырды. Оның билеушi сұлтан Баймағамбет Ай шуақұлына арнаған өлеңi халық арасында кеңiнен мәлiм. Онда Б. Айшуақұлының халықтың мүддесiне қарсы жасап отырған озбыр лығы, сұлтанның арамзалық әрекеттерi аяусыз сыналады.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында поэзияда күнделiктi өмiрдiң әр түрлi салаларын, қарапайым адамды жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Осы орайда Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы си яқты көрнектi ақындар шығармашылығының маңызы зор болды. Олардың поэзиясына патша үкiметiнiң отаршылдық езгiсi кезiндегi елдiң ауыртпалықты жағдайы, күнделiктi өмiрдегi әлеуметтiк экономикалық мәселелер арқау болды.

ХIХ ғасырдың 40–60жылдарындағы поэзияның жарқын өкiлдерi қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңке ұлын қосуға болады. Бұлар «зарзаман» дәуiрiнiң ақындары аталды. Олардың поэзиясының негiзгi сарыны өткен заманды, қазақ халқы ның бұрынғы ерлiк iстерi мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды.

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстан ды жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқының ауыр жағ дайын шынайы суреттейдi.


«Едiлдi тартып алғаны – Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны – Ойындағысының болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оныдағы алғаны.


Үргенiш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны – Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп, Баланың санын алғаны –

Аңғарсаңыз жiгiттер, Замананы тағы да –

Бiр қырсықтың шалғаны!»


 

4. Ақын, әншiкомпозиторлар. Бiржан сал Қожағұлұлы (1834– 1897) қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында дүниеге келдi. Ол халық арасында Бiржан сал деген атпен белгiлi болды. Жас кезiненақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейiм едi. Ақын,


сазгер әрi әншi ретiнде ел арасында кеңiнен танылды. Екi сыныптық қазақорыс мекте бiнде сауат ашты, содан соң Петропавл қала сындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, ша ғатай тiлдерiн жақсы бiлдi. Бiржан сал махаб бат лирикасы саласында көптеген ән шығар ды. Оның музыкалықақындық шығармашы лығының демократиялық сипаты айқын бай қалады. Бiржанның әндерiнде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленедi. Ақын әйелдердiң теңсiздiгiн жою жөнiнде жар салды. Бiржан салдың «Ай бозым», «Ақ тентек», «Бiржан сал», «Ғашығым»,

«Айтбай» т. б. 40қа жуық әнi бар.


 

Жаяу Мұса.


ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгi лi тұлғалардың бiрi аса көрнектi ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835–1929) болды. Ол Баянауыл округiнiң Ақшоқы де ген жерiнде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейiн Омбыда оқып бiлiм алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйрендi. Көрнектi орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзiнiң өлеңдерi мен әндерiнде жергiлiктi болыстардың зорлықзомбылық тарын, патша үкiметiнiң отаршылдық саясатын батыл әшкереледi. Оның атақты «Ақ сиса» әнi әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қарсы нара зылықтан туған. Ол өзiнiң отаршыл үкiметiне қарсылығы үшiн

«қырдағы қауiптi адам» ретiнде сотталып, Тобыл қаласына жер ауда рылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сiбiр генералгубернато рына хат жазып, өзiн армияға жiберу жөнiндегi өтiнiшiн жолдайды. Оның бұл тiлегi қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Нов городта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондайақ Поль ша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтiң Оң түстiк Қазақстан аумағына жасаған әскери

жорығына да қатысады. Ол «Сүйiндiк», «Тол ғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым»,

«Хаулау» сияқты 70тен астам ән шығарады. Әндерiнiң сөзiн де өзi шығарды.

Қазақ халқының атақты ақыны, компо зиторәншi Ақан серi Қорамсаұлы (1843– 1913) қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы ның аумағында дүниеге келдi. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейiн Қызылжар қала сындағы медреседе оқыған. Ол бала кезiнен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастай

ды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл Ақансерi.


ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан серi» атады. Ол музыкалықпоэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бiзге 40тан астам әнi жеттi. Ақан серiнiң

«Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндерi жан тебiрентерлiк әсерлi, сазды келедi. Ақан серiнiң шығармашылы ғына қатты әсер еткен жағдай сүйiктi тұлпары Құлагердiң қаскөй зұлымдардың қолынан өлтiрiлуi едi. Ақан серiнiң әндерiнде қо ғамдық өмiрдiң әлеуметтiк мәселелерi, ел билеген әкiмдердiң оз бырлық әрекеттерi шебер бейнеленедi.

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1864–1919) қазiргi Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әншi, ақын әрi балуан ретiнде кеңiнен танылды. Бала күнiнен ат құлағында ойнап, түрлi цирктiк өнер көрсетудi үйрендi. Оның компо зитор әрi әншi ретiндегi даңқын шығарған әнi «Ғалия» болды.

Бұл кезеңде басқа да дарынды ақынкомпозиторлардың та лантты шоғыры өмiр сүрiп, еңбек еттi, шығармашылықпен айна лысты. Олардың қатарында Шернияз Жарылғасұлы, Мәди Бапиұлы, Құдайберген Әлсейiтов, Сара Тастанбекқызы, Әсет Найманбайұлы, Иманжүсiп Құтпанұлы, Базар жырау Оңдасынұлы, Майлықожа Сұл танқожаұлы, Кемпiрбай Бөгембайұлы сияқты басқа да ақынком позиторлар болды.

5. Дәулескер күйшiлер. Қазақтың музыка өнерiн нотаға түсiру ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде ғана басталды. Оған дейiнгi қыруар мол музыкалық мұрамыздың бiрқатары, өкiнiшке қарай, заманымызға жетпедi.

Қазақтың аса ұлы күйшiсi, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы (1806–1879) Бөкей Ордасының Жиделi деген жерiнде дүниеге кел ген. Бала кезiненақ музыкалық дарыны бар екенiн танытты, өз бетiнше алуан түрлi күйлердi тартып үйрендi. Болашақ дәулескер күйшiнiң жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел арала

умен өттi. Сондықтан да ол өзiнiң күйлерiнде қарапайым адамдардың өмiрiн, тұрмыс тiршiлiгiн суреттедi, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледi. Құрманғазы қазақ күй лерiн шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагер лер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жа рығы») деген әндерiн де құйқылжыта орында ды. Бiздiң заманымызға дейiн оның сазгерлiк туындылары – 60қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезiмге толы күйлерi жеттi. Оның

«Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ


Құрманғазы Сағырбайұлы.


киiк», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кi

сен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да


күйлерi – халық сүйiп тыңдайтын тамаша туындылар.

Талантты және халық арасына кеңiнен белгiлi, аса көрнектi композиторлардың бiрi – Дәулеткерей Шығайұлы (1820–1887). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кiшi жүздiң ханы Шығайдың от басында дүниеге келiп, ержеттi. Ол өз зама нының бiлiмдi азаматтарының бiрi болды. Билеушiсұлтан деген лауазымды әкiмшiлiк қызмет атқарды. Бiрақ мұның өзi сазгерлiк шығармашылықпен айналысуына кедергi бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелiк билiк тен гөрi өз ортасында күйшiлiк өнердiң алтын дiңгегi болған. Халық арасында оның «Жi гер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдiр ме» сияқты күйлерi кеңiнен тараған. Күйшi сазгердiң бiздiң заманымызға дейiн 40қа жуық күйi жеттi.

Қазақтың ХIХ ғасырдағы аспаптық музы

касына қомақты үлес қосқан сазгеркүйшi Тәттiмбет Қазанғапұлы (1815–1862) Қарқара лы өлкесiнде дүниеге келген. Қарқаралы сыртқы округi НұрбикеШаншар болысында болыстық қызмет те атқарды. Ресей импера торы II Александрды ұлықтау рәсiмiне қаты сқан. Тәттiмбет Қазақстанды зерттеушi ға лымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Януш кевичтермен таныс болған. Ол халық арасы на кеңiнен тараған «Саржайлау», «Былқыл дақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре»,

«Қосбасар» сияқты әсерлi көркем лирикалық


 

Дәулеткерей Шығайұлы.


Тәттiмбет Қазанғапұлы.


күйлер шығарды. Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерiнiң, оның өзендерi мен көлдерiнiң, таулары мен даласының сұлу таби ғатын, көркем көрiнiсiн жүрек қылын шерте отырып, нәзiк сезiммен бейнеледi. Тәттiмбет күйлерi қазақ халқының музыкалық өнерiн ба рынша байыта түстi.

Қазақтың күй өнерiн қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйшi Ықылас Дүкенұлы (1843–1916) Қарағанды облы сының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесi Дүкен қобыз тартқан, ал атабабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеунiктерi мен байлар ды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерiн шығарды. Оның

«Жезкиiк», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны»,


 

Қазанғап

Тiлепбергенұлы.


«Ерден», «Қазан» тағы басқа да ғажайып күйлерi бар.

Қазақтың дәулескер күйшiлерiнiң бiрi – Қазанғап Тiлепбергенұлы (1854–1921). Ол Арал теңiзi маңында дүниеге келген. Бүкiл ғұмы рын халықтың сазгерлiк өнерiне арнады. Оның қалдырған мол мұрасының арасында

«Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлерi де бар.

6. Айтыс. Бұл кезеңде қазақтарда айтыс өнерi кең өрiс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақ ты адамдары – батырлары мен билерiн, ба луандарын мадақтап, дәрiптеген, оларды өзге


лерге үлгi етiп көрсете бiлген. Айтыс ақындары өлеңдi алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып ай татын. Олар бiрiнiң сөзiн бiрi iлiп алып кетiп, өлеңмен сөз сайысы на түскен. Айтыс ақындары өздерiнiң бiлiмiн, ақылпарасатын, шешендiгi мен тапқырлығын танытуға бар күшiн жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежiресiн, тегiн, дәстүрлi салтсанасы мен әдетғұрпын жақсы бiлуге тиiстi едi. Айтыс кезiнде ақындар дом быра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткiзiлетiн. Айтысты тамаша лауға келген жұрт өздерiнiң қолдау бiлдiрген көтерiңкi дауыстары мен жеңiмпазды анықтаған. Ондай жеңiмпаз айтыскердiң атақдаңқы қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететiн. ХIХ ғасырдың атақты айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйiн бай және басқалар болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтiнiн бұл өнер сайысын арнайы зерттеушiлер жазып ала бастады. Айтыс тарда дәстүрлi қазақ қоғамының аса маңызды өткiр проблемалары көтерiлдi.

1.

?
ХIХ ғасырдағы ақындар шығармашылығының негiзгi бағыты қандай болды? 2. «Зарзаман» деп қай кезеңдi айтамыз? 3. Күй өнерiнiң дәулескер шеберлерi туралы айтып берiңдер. 4. Айтыс өнерi туралы не бiле алдыңдар?

5. Қазақ әдебиетi сабақтары кезiнде алған бiлiмдерiңдi пайдалана отырып, бiз сөз етiп отырған кезеңнiң ақындары мен сазгерлерi туралы шағын әңгiме дайындаңдар. 6. Мүмкiн болса әйгiлi әншiлер мен ақын, сазгерлердiң бiр әнiн не күйiн орындап берiңдер.

 

*
Айтыс – суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түрiндегi сөз жарысы.

 

Дәулеткерей Шығайұлы (1820–1887) – сазгеркүйшi, Кiшi жүздiң сұлтаны Шы ғайдыңұлы.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: