Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 40 глава




Қазақтар қайтыс болған адамды мұсылманша жерледi. Әр ру туыстарын өздерiнiң әулеттiк зиратына жерледi. Gлген адамның ту


Дүйсенбай қажы отбасымен.


ысқандары оның жетiсiн, қырқын, (кейде жүзiн) және жылын өт кiзетiн. Атабабаларының аруағына арнап ұланасыр ас беретiн. Ас әдетте адамның қайтыс болғанына жыл толғанда берiледi. Дәстүрлi қазақ қоғамында астың әлеуметтiк және мәдени маңызы үлкен бо латын. Онда аса маңызды саяси, шаруашылық және әлеуметтiк мә селелер талқыланып, өз шешiмiн тауып жататын. Ас кезiнде ақшаң қан үйлер тiгiлетiн, аруақтарға арнап құран бағышталатын. Ондай салтанатты жиынға алысжақын рулардың өкiлдерi – ақсақалдары, ақындары, билерi, шешендерi, әншiлерi мен балуандары арнайы ша қырылатын. Ас кезiнде спорттық ойындар мен жарыстар өткiзiлетiн. Бәйгеге ат қосу, балуан күрестiру, жамбы ату, ақындар айтысын өткiзу, ән мен жырға кезек беру үлкен жиынның сәнiн кiргiзiп, мә нiн арттыра түсетiн. Әрине, ұланасыр үлкен ас беру дәулеттi, бай адамдардың ғана қолынан келетiн. Қазақ тарихында Абылайдың, Gскенбайдың (Құнанбайдың әкесi), Сағынайдың асы деген ұлан асыр астар белгiлi.

Қазақ даласынан да кiсiлер қажылыққа бара бастады. ХIХ ғасыр дың соңына қарай Дүйсенбай қажы, Шегет қажы, Баязид қажылар, т.б. Меккеге барып, өз парыздарын өтеп қайтты.

2. Патша үкiметiнiң ХVIII ғасырдағы ислам дiнiне қатысты ұстанған саясаты. ХVIII ғасырдың соңғы ширегiндегi жағдайда Ресей императрицасы II Екатерина ислам дiнiне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұның мынадай себептерi болды: бiрiншiден, патша үкiметi қазақтарды Ресеймен тығыз байланыстырмақ бол ды. Бұл ретте молдалар тек қана Ресей татарларынан iрiктелдi. Екiншiден, мұндай қадам жасау қазақтардың Орта Азиядағы мұ сылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиiс болды. Үшiн шiден, бұл шаралар көшпелi қазақтардың жауынгерлiк мiнезқұл қын едәуiр жұмсартады деп ұйғарылды. Сондықтан да қазақ да ласымен шекаралас жерлердiң барлығында да мемлекет қазына сы есебiнен мешiттер салына бастады. Әдетте ол мешiттер патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң бастамасы немесе қазақ хандары мен сұл тандарының және старшындарының өтiнiшi бойынша бекiнiстер жанынан салынды. Мешiттiң жанында балаларды оқытатын ша ғын медресе де болды.

3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында патша үкiметiнiң Қазақстан дағы дiни саясатының Hзгеруi. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi өзiнiң отаршылдық саясатын жүргiзе отырып, көшпелi, жартылай көшпелi қазақ халқын шоқындырып, христиан дiнiне көшiруге зор көңiл бөл дi. Сол арқылы Қазақстандағы байырғы халықты Ресей империясына шын ниетiмен берiлген жандар етiп шығаруды ойластырды. ХIХ ғасырдың бас кезiне қарай қазақ даласындағы әлеуметтiксаяси жағ дай өзгере бастады. Соның нәтижесiнде патша үкiметiнiң қазақтар


ды шоқындырып, христиан дiнiне көшiру жөнiндегi жаңа саясатын жүзеге асыру үшiн өте қолайлы жағдай туды. Патша үкiметiнiң ха лықаралық аренадағы жағдайы да орныға түстi. Ресей француздар ға қарсы 1812 жылғы Отан соғысында жеңiп шықты.

Патша үкiметiнiң қазақтарды шоқындыру жөнiндегi белсендi қызметi 1808 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген едi.

Алайда қазақ даласында христиан дiнiн қабылдағысы келетiндер iс жүзiнде мүлде жоқтың қасы едi. Мұның өзiндiк себептерi де бола тын. Бiрiншiден, Қазақстанның далалық бөлiгiнде тұратындар негi зiнен қазақтар едi. Екiншiден, қазақ халқының тарапынан правосла виелiк дiн таратушы миссионерлердiң қызметiне қарсылық тiптi күштi болды. Үшiншiден, бұл кезде қожалар мен татар молдалары ның қызметi арқылы ислам дiнiнiң жағдайы едәуiр нығайған едi. Сондықтан да қазақтарды шоқындырып, христиан дiнiне көшiрудiң нәтижесi ХIХ ғасырдың ортасына дейiн тiптi де мардымды болған жоқ. Мәселен, аса ауқымды Омбы өлкесiнде небары 25 қазақ, Томск губерниясында – 4, ал Тобыл губерниясында – 66 қазақ қана шо қынған едi.

4. ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi миссионерлер қызметi. Қазақтардың православие дiнiне кiруi ХIХ ғасырдың 50–60жылдарында едәуiр көбiрек байқалды. Мұның өзi патша үкiметiнiң қазақтарды Ресейдiң iшкi губернияларына өткiзбеу жөнiндегi қатаң тыйым салу шараларының басталуына байланысты едi. Жатақ қазақтар күнкөрiс үшiн жұмыс iздеп, Тобыл және Томск губернияларының селоларына ағылумен болды. Бiрақ бұл кезде Ер тiстiң оң жағалауына iшкi Ресейден қоныс аударып келген шаруалар көптеп жайғаса бастаған едi. Патша үкiметi қоныс аударып келген шаруалардың жер иелену құқығын ғана қорғау жағында болды. Қа зақтарды Ертiстiң сол жағына күштеп көшiру әрекеттерiне кең жол ашылды.

Қазақтардың Ресейдiң шекаралас iшкi губерниялары аумағына өтуiнiң «заңды» жолдарының бiрденбiр тиiмдi тәсiлi христиан дiнiн қабылдау едi. Мiне, мұндай жағдайда олар төлқұжаттық алымдар төлеуден босатылатын. Жаңа дiндi қабылдағандардың жұмыс iздеп, Батыс Сiбiрдiң селолары мен қалаларына тегiн және ешқандай кедергiсiз өте беруiне рұқсат етiлдi. Отаршыл өкiмет билiгiнiң ойлап тапқан айлашарғысының бiрi «шоқынушыларға», яғни христиан дiнiне өткендерге бiрқатар жеңiлдiктер пен артықшылықтар беру болды. Мәселен, «шоқынғандар» мемлекеттiк алымсалықтардан және рекруттық мiндеттi атқарудан толық босатылды. Олар сонымен қатар едәуiр елеулi мөлшерде ақшалай несие алуға да құқықты болды.


Христиан дiнiн қабылдаған қазақтардың барлығы да әдетте қазақ қоғамының әлеуметтiк төменгi кедей тобының өкiлдерi едi. Олар ең алдымен өздерiнiң материалдық жағдайын жақсартуды көздедi. Сөз ретi келгенде айта кету керек, бұл жағдайды Сiбiр қырғыздарын басқару жөнiндегi жалпы облыстық басқарма кеңесiнiң 1868 жыл ғы 20 ақпандағы деректерiнен айқын көруге болады. Онда былай деп ашық айтылған: «... бұған дейiн православие дiнiн қабылдаған қыр ғыздардың (қазақтардың. – авт.) бәрiнiң де шекара шебiне жақын жер лерде көшiпқонып жүрген сiңiрi шыққан кедейлерге жататыны жақ сы мәлiм... Сондықтан да мына жағдайға күмән келтiруге болмайды: олардың өз дiнiн ауыстыру себебi өздерi ұстанып келген дiннiң түкке тұрғысыз екендiгiне кәмiл көз жеткiзгендiгiнде емес, көпшiлiк жағдай да материалдық есепте жатыр...»

Әрине, олардың христиан дiнiн шын ниеттерiмен құрметтей қо юын күтуге болмайтыны әбден табиғи нәрсе болатын. Мұны дiн тара тушы миссионер Филарет Синьковскийдiң жазбалары да дәлелдей түседi: «... Жаңа шоқындырылғандардың өмiрiн бақылаудан көрiнiп отырғанындай, олар өздерi қабылдаған дiнге барынша немқұрайды қарай ды және оны тереңiрек игеруге мүлде құлықсыз».

Шоқындырылған қазақтар әдетте өзiнiң бұрынғы қауымында қала алмайтын. Христиан дiнiн қабылдаған қазақтар «дiннен без гендер» деп айыпталып, өте қатаң қуғынсүргiнге ұшырайтын, тiп тi оларды өлтiрiп те жiберетiн. 1869 жылы бұрынғы аға сұлтан Құнанбай Gскенбайұлының бастамасы бойынша Қарамола деген жерде Семей облысы Қарқаралы уезi аумағындағы қазақ билерi нiң съезi өткiзiлдi. Онда қазақ ақсүйектерi христиан дiнiн таратушы миссионерлердiң қызметiне жол бермеу үшiн қолдан келген ша ралардың барлығын да қабылдау керектiгi туралы шешiм қабыл дады. Атап айтқанда, қазақтың әдет заңының шоқынған қазақ тарды ешқандай да қорғамайтыны жарияланды. Gз дiнiне опа сыздық еткендердi тонап кеткенi, өлтiрiп кеткенi үшiн ешкiм де жауапты болмайтыны айтылды.

5. Қырғыз миссиясының қызметi. Дала қазақтарын христиандан дыру 1881 жылдан бастап едәуiр қарқын алды. Gйткенi бұл кезде Қырғыз миссиясы құрылған едi. Ол Алтайдағы дiни миссия негiзiнде құрылды. Алтай дiни миссиясы бұған дейiн Томск губерниясында ғы Бийск округiнiң қалмақтарын христиан дiнiне енгiзумен айна лысқан болатын.

Жаңадан құрылған Қырғыз миссиясы Семей облысының кең байтақ аймағындағы қазақтарды шоқындыруға кiрiстi. Бұл аумақтағы миссияның құрылуына себеп болған нәрсе ХIХ ғасырдың бүкiл ба рысында тап осы аймақта кедей жатақтардың қатары көбейiп кеткен едi. Көшпелi қазақ қауымдары тарапынан Қырғыз миссиясына қатты


қарсылық көрсетiлдi. Қазақтар орыс шаруаларының селолары мен казак станицаларына кеткен шоқынған туыстарын iздестiре бастады. Дiн таратушы миссионерлер өздерiнiң есебiнде бұл жөнiнде былай деп жазды: «Мұхаммедтiк орта өздерiнiң туыстары мен жақын адам дарының қасиеттi шоқынуды қабыл алуына жол бермеу үшiн барлық тәсiлдi, соның iшiнде әр түрлi қулықсұмдықты да, барып тұрған ар сыздықпен күш қолдануды да, аяусыз кек алуды да пайдалануда».

Жаңадан шоқынғандарға православие дiнiн жақсылап оқыту үшiн оларды миссионерлiк стандарға жiберiп отырды. Онда олар орыс тiлiн оқып үйрендi, жаңа дiннiң негiздерi бойынша сауатын ашты.

Алайда дiн үйрету саласындағы миссионерлiк қызметтiң қарқы ны тiптi де мардымды болған жоқ. Оның үстiне, шоқынғандардың арасында исламға қайта бет бұрғандар да аз емес едi. Сондықтан да 1897 жылғы Бүкiлресейлiк халық санағының материалдары бойынша Қазақстан аумағындағы шоқынғандардың жалпы санының небары 660 адамнан аспағаны таңғаларлық кездейсоқ нәрсе емес едi.

6. Патша үкiметiнiң ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасыр дың бас кезiнде ислам дiнiне қатысты саясаты. Патша үкiметi хрис тиан дiнiн тықпалаумен қатар ислам дiнiн әлсiрету саясатын да ұстан ды. Gйткенi ол исламды христиан дiнiн кеңiнен тарату жолындағы басты кедергi деп санады. Қазақтардың Шығыс елдерiнде, мәселен, Түркияда оқуына тыйым салынды. Молдалардың қызметiне үкiмет әкiмшiлiгi тарапынан қатаң бақылау орнатылды. 1867–1968 жылдары қазақтардың дiнге байланысты мәселелерi Iшкi iстер министрiнiң қарауына берiлдi. Әр болыста бiрбiрден ғана молда ұстауға рұқсат етiлдi. Көшпелiлер арасындағы молда Ресей империясына шын бе рiлген қазақ болуы тиiс делiндi. Молдаларды әскери губернатор ғана тағайындайтын және жұмысынан босататын болып белгiлендi. Мешiт салу үшiн генералгубернатордың рұқсатын алу қажет болды. Мол далардың жергiлiктi тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы және оның мешiт жанында жұмысқа жайғасуы үшiн уезд бастығының рұқ саты керек едi. Мешiттер мен олардың жанындағы медреселердi қа зақ қоғамдарының өз есебiнен ұстау керек деп шешiлдi. Вакуфтердiң, яғни мешiттердiң жылжымайтын мүлкiн ұстауға үзiлдiкесiлдi тыйым салынды.

7. Патша үкiметiнiң дiн саясатына жергiлiктi халықтың наразылық бiлдiруi. Дiн таратушы христиан миссионерлерiнiң қызметi және ислам дiнiнiң ықпалына барынша шек қоюшылық қазақ халқының тарапынан күштi наразылық тудырды. 1889 жылы Ақмола облысы ның Көкшетау облысындағы қазақтар патшаның тiкелей өзiне хат жазып, қазақтардың өз мүфтиiн тағайындауды сұрады. Бiрақ патша олардың бұл өтiнiшiн орындаудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Мешiт


салуға рұқсат етiлмегенiне қарамай, қазақтар оларды ешқандай рұқсат сұрамайақ, өз беттерiнше салып ала бастады. 1903 жылы Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Павлодар, Семей қалаларында мұсылмандардың құпия дiни ұйымдары құрылды. Оған молдалар, мұғалiмдер және қазақтың студент жастары мүше болып тартылды. Ол ұйымдардың қызметi мен мiндетi патша үкiметiнiң дiн саласын дағы саясатына қарсы күрес жүргiзу болды. Қозғалысты Науан хазiрет (Наурызбай Таласов), Мұхамеджан Бекiшев, Шәймерден Қосшығұлұлы және Ысмағұл Балжанов сияқты молдалар басқар ды. Олар қазақ халқын өз ұлттық бетбейнесiн сақтап қалуы үшiн патша үкiметiнiң христиан дiнiн таратушы миссионерлiк қызметiне қарсы белсене күрес жүргiзуге шақырды. Атап айтқанда, олар қазақ даласындағы беделдi тұлғаларға – Павлодар уезiндегi Сәдуақас Шор мановқа, Семей уезiндегi Абай Құнанбаевқа арнайы хат жазып, өздерiне қолдау көрсетуiн өтiндi.

1907 жылы Омбы қаласында Дала генералгубернаторының жа нында арнайы кеңес өткiзiлiп, онда қазақ қоғамындағы рухани өмiр дiң кезек күттiрмейтiн өткiр проблемалары да талқыланды. Кеңесте православие дiнiн таратушы миссионерлердiң қызметiне тыйым салу талап етiлдi. Қазақтар православие дiнiне өтiп кеткендердiң қайтадан ислам дiнiне ешқандай кедергiсiз емiнеркiн оралуын да талап етiп қойды. Сондайақ өзiндiк ерекше Далалық муфтиат ашу қажет деген ұсыныс жасалды. Кеңеске қатысушылар қазақ, татар және араб тiл дерiнде шығатын рухани кiтаптарға цензуралық бақылауды тоқтату жөнiндегi мәселенi де көтердi. «Алаш» партиясының бағдарламалық құжаттарында (1917 жыл) Ресейде қазақтар жиi тұратын аумақтарда патша үкiметiнiң христиан дiнiн таратушы миссионерлiк қызметiн тоқтату талап етiлдi.

 

?
1. Аталып отырған кезеңде қазақтардың дiн мәселесiнiң жағдайы қандай болғанына сипаттама берiңдер. 2. ХVIII ғасырдың екiншi жартысында патша үкiметi ислам дiнiне қатысты қандай саясат ұстанды? 3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында патша үкiметiнiң ислам дiнiне қатысты саясатының өзге руiне не себеп болды? 4. Қазақтардың христиан дiнiне өтуiнiң себептерi мен қарқыны қандай болғаны туралы айтып берiңдер. 5. Қырғыз миссиясы Семей облысының аумағында не қызмет атқарды? 6. ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Ресей империясының ислам дiнi туралы отар шылдық саясатының мәнi неде болды? 7. Патша үкiметiнiң дiн саясатына қазақ қоғамы қалай қарады? 8. Сендер қалай ойлайсыңдар, дiннiң қоғам өмiрiндегi

атқаратын рөлi қандай?

 

*
Тасаттық – көпшiлiк қауым аруақтарға бағыштап құрбандық шалатын, Жаратушыдан жаңбыр тiлеп, ниет ететiн дiни рәсiм.

Шын ниетiмен берiлген – өкiмет билiгiне, үкiметке шын ниетiмен берiлген адамдар.


Миссионерлер – халық арасына жат дiндi насихаттау үшiн жiберiлетiн адамдар.

Мүфти – мұсылман дiнiндегi жоғары лауазымды тұлға.

Рекрут – революцияға дейiнгi Ресейде солдатқа жаңадан алынған адам.

Стан – лагерь, тұрақты орын.

 

II Екатерина Алексеевна (1729–1796) – Ресейдiң 1762 жылдан 1796 жылға дейiнгi әйел императоры.

 

«Қырғыздардың арасында ислам дiнiнiң кеңiнен таралуы – қырғыз

дарды христиан уағыздарына ұйыту жолындағы ең басты кедергiлердiң бiрi болып отыр. Егер миссияға көмектесу үшiн, қырғыздар арасында ислам дiнiн насихаттауды барынша әлсiрету үшiн қажеттi шаралар қабыл данбайтын болса, онда, бәлкiм, тiптi таяу уақыттың өзiндеақ шiркеудiң қырғыздардан, ал отанымыздың нағыз христиан болуы тиiс, бiрақ ондай болып шықпаған халықтан мүлде қол үзiп қалуы әбден мүмкiн. Қырғыздар өздерiнiң қандас туыстарының христиан дiнiне өтуiне өлердей қарсы. Шоқыну үшiн дала төсiнен келген қырғыз дiн таратушы миссионердiң құшағына поселке көшелерiнде салт атты қырғыздардың қањарлы тобы көрiнген кезде ғана қашып тығылады. Gйткенi шоқынған қазақтарды жемтiк iздеген аш қасқырдай алақжұлақ етiп iздеп келгендер ұстап алып, өздерiнiң даласына ала қашатын едi».

Беляев И. Шет аймақтардағы орыс миссиясы. Тарихиэтнографиялық очерк. – СПб., П.П. Сойкиннiң басылымы. 12. 1912, 264бет.

 

1. Автордың пiкiрi бойынша қазақтар арасында христиан дiнiн тара тушы миссионерлер қызметiне ең басты кедергi болған не нәрсе едi?

2. Жаңадан жат дiндi қабылдаған адамдарға қазақтардың көзқарасы қандай болды? 3. Қазақтар христиан дiнiне өтуге тырысқан қандастарына қан дай жазалау шараларын қолданды?


ҚОРЫТЫНДЫ

Қымбатты достар!

Мiне, сендер Қазақстанның жаңа тарихы курсын оқып бiтiрдiң дер. ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысы қазақтар үшiн аса ауыр за ман болды. Қазақжоңғар соғысының қиынқыстау жағдайында Қа зақстан бiртебiрте Ресей империясының отарына айнала бастады. Патша үкiметi бiрде қоқанлоқы күш көрсету, ендi бiрде дипломатия лық айлашарғы тәсiлдерiн қолдану арқылы Қазақстан аумағына тереңдеп ене бастады. Қазақ мемлекеттiлiгi тәуелсiздiгiнiң символы саналып келген Шыңғысхан ұрпақтары билiк басынан бiртебiрте шеттетiле бастады.

ХVIII ғасыр сонымен қатар Абылайдың тұсында Қазақ ханды ғының күшейген кезi болды. Абылай хан жоңғар басқыншыларына соққы берудi ұйымдастырушылардың бiрiне, әрi жеңiмпаз жетекшi сiне айналды. Ол Қазақ хандығын дүние жүзiнiң аса iрi алпауыт мем лекеттерi Ресей мен Қытайға тәуелдi болудан аман сақтап қалды. Алайда 1822–1824 жылдары Кiшi жүз бен Орта жүзде хандық билiк жойылды. Жәңгiр ханның қайтыс болуына байланысты хандық билiк Бөкей хандығында да жойылды.

Қазақстанды отарлау үрдiсiн шапшаңдату үшiн патша үкiметi Ресейдiң басқару жүйесiн енгiзе бастады. Мұның өзi қазақ халқының наразылығын туғызды. Ол наразылық қазақтардың Ресей империя сына қарсы ұлтазаттық күресiне ұласты. 1773–1775 жылдары қазақ тар Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысты.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстан Ресей импе риясының түпкiлiктi қалыптасқан отарына айналды. Патша үкiметi аграрлық саясатының отаршылдық бағыты жергiлiктi халық пен Ресейден қоныс аударып келген шаруалардың сан жағынан арақаты насын бiртебiрте түбегейлi өзгерттi. Қазақтардың мал өсiру кәсiбi барған сайын тоқырауға ұшырады. Патша үкiметi қазақтардың ежелгi атақоныстарын, шұрайлы жерлерiн ашықтанашық тартып ала бастады. Шаруалардың басыбайлы бағыныста болуы туралы тәртiп жойылғаннан кейiн патша үкiметi Ресейдiң еуропалық бөлi гiндегi шаруаларды Қазақстанға жаппай қоныс аударту саясатына көштi. Қазақстанның жерiн мемлекеттiк меншiк деп жариялады, оның ең таңдаулы және құнарлы аймақтарын қазақтардан барып тұрған озбырлықпен тартып ала бастады. Елдiң шикiзат байлығын тағылық жыртқыштықпен талантаражға салып, тасып әкетудi кү шейттi. Көшпелi халықтың бiр бөлiгi мал жайылымын, сондайақ қосымша күнкөрiс қамымен жұмыс iздеп, Ресейдiң шекаралас гу берниялары мен Қытай аумағына қоныс аударуға мәжбүр болды. Ал ол жақта жердi жалға алып күн көру жүйесi қалыптасты.


Бұл кезде бұқара халық жаппай кедейленiп, қайыршылық халге жеттi. Мұның өзi қазақ халқының ең ауыр кезеңдi басынан кешiруi едi. Алымсалық мөлшерi мен түрлi мiндеттер атқарудың көбейе түсуi, атамекенiндегi ежелгi жерлерiнiң тартып алынуы қазақ ауыл дарындағы iшкi қарамақайшылықтарды шиеленiстiрiп жiбередi. 1905–1907 жылдары Қазақстанда да социалдемократиялық топтар дың ұйымдары пайда болды. Қазақ халқының арасында петициялық қозғалыс жаппай өрiс алды. Оны басқарған көшбасшылар қазақтың ендi қалыптасып келе жатқан бiлiмдi де зиялы жастары едi. Жалпы ұлттық демократиялық қозғалыстың қалың жұрт таныған жетекшiсi Ә. Бөкейханов болды. 1906–1907 жылдары қазақтардан сайланған депутаттар қазақ қоғамының пiсуi жеткен өткiр проблемалары ту ралы Ресей Мемлекеттiк Думасының биiк мiнберiнен батыл мәлiм демелер жасап, жалынды сөздер сөйледi.

Басқа да кез келген империялар сияқты, Ресей империясы да Қазақстанға бiрқатар елеулi өзгерiстер ала келдi. Қалалар салуды арттырудың қарқынды үрдiсi қалыптасты. Темiр жолдар салына бастады. Мектептер мен ауруханалар ашылды. Осы кезеңде ресейлiк, шетелдiк және қазақ ғалымдары Қазақстанды ғылыми тұрғыдан белсендi түрде зерттей бастады. Қазақ өлкесiнде зайырлы мектептер құрылды. Сондықтан да екi ғасыр тоғысында жергiлiктi қазақ халқының арасынан аса көрнектi қоғам және мемлекет қай раткерлерiнiң бiртұтас тамаша шоғырының бой көрсетуi кездейсоқ нәрсе емес едi.

Қазақ халқы жоңғар қалмақтары сияқты жер бетiнен жоғалып кеткен жоқ, қайта барлық қауiпқатерлер мен қиынқыстау сын са ғаттарды ерлiкпен әрi төзiмдiлiкпен бастарынан кешiре отырып, ұлт азаттығы жолында күреске шықты. Ғажайып ерлiк пен өмiр шеңдiктiң тамаша үлгiсiн көрсете бiлдi. Халықтың бiртуар перзент терi – аса көрнектi мемлекет қайраткерлерi Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Кенесары хан, қазақ батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Сырым, Исатай, Махамбет, Жоламан, Жан қожа, Есет, халық ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиха нов, Ыбырай Алтынсарин, ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлы рефор маторлар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқа лары бүкiл ұлтты басқарудың басықасында болды. Олар қазақ ха лқының тарих сахнасынан жойылып кетпеуi үшiн қолдарынан келгендерiнiң бәрiн де жасады. Қазақстан бүгiнгi таңдағы мемле кеттiк тәуелсiздiгi мен ұлттық егемендiгiне солардың өнегелi өмiрi мен жан қиярлық жасампаз еңбегi арқасында қол жеткiздi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: