Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 41 глава





?
ОҚУШЫЛАР! ОСЫОҚУЛЫҚТАҒЫМАТЕРИАЛДАРДЫСЕНДЕР ҚАНШАЛЫҚТЫЖАҚСЫМЕҢГЕРДIҢДЕР

Қане, мына сұрақтарға жауап берiп көрiңдершi:

1. Ресей империясының Бiрiншi жалпыға бiрдей халық санағы ның материалдары бойынша қазақтардың өлкедегi саны қанша едi?

2. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңiлiп қалуының себебi неде болды?

3. Қазақ жауынгерлерiнiң ХVIII ғасырдағы қазақжоңғар соғыста рында көрсеткен ерлiгi қандай?

4. Кiшi жүздiң Ресей империясына қосылу үрдiсi қашан баста лып едi?

5. ХVIII ғасырда қазақтардың башқұрттармен және қалмақтармен қарымқатынасы қалай қалыптасты?

6. Жаңаесiл шекара шебi қай жылы салынды?

7. Барон Игельстромның Кiшi жүзде жүргiзбек болған реформала рының мәнi неде едi?

8. Абылай ханның сыртқы және iшкi саясаты қандай болды?

9. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдегi Е. Пуга чев бастаған шаруалар көтерiлiсiн неге қолдады?

10. Орынбор мен Омбыдағы алғашқы мектептер қандай мамандық тарға даярлады?

11. Қазақтардың дәстүрлi билер сотының артықшылығы неде едi?

12. Жәңгiр ханның билiгi тұсында Бөкей хандығында қандай оңды өзгерiстер орын алды?

13. Патша үкiметi «Сiбiр қырғыздары туралы Жарғыны» енгiзу арқы лы қандай негiзгi мақсатты көздедi?

14. Ақмола iшкi округi қай жылы құрылды?

15. Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң тарихи маңызы неде болды?

16. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында патша үкiметiнiң отаршыл дық езгiсiнiң күшею үрдiсi неден көрiндi?

17. Кенесары хан тұлға ретiнде Қазақстан тарихында қандай орын алады?

18. Ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi ХIХ ғасырдың бас кезiнде орыстардың қол астына өтудi неге қабылдады?

19. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы бастаған көтерi лiстер неге жеңiлiп қалды?

20. Қазақтардың жазғы және қысқы үйлерi қандай болды?

 


21—6903



21. Сендер қазақтың қандай атақты балуандарын бiлесiңдер?

22. Қазақтар үшiн мал өсiрумен айналысудың қандай пайдасы болды?

23. Сыртқы округтер мен Семей iшкi округiн басқаруда қандай ұқсастықтар мен өзгешелiктер болды?

24. Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генералгубернаторлықта рына қандай облыстар қарады?

25. ХIХ ғасырдың 80–90жылдарында патша үкiметi 1867–1868 жыл дардағы әкiмшiлiк реформаларын одан әрi жалғастыруға неге кiрiстi?

26. Казак әскерлерi Қазақстан аумағында қандай мiндеттер атқарды?

27. Патша үкiметi ХIХ ғасырдың екiншi жартысында шаруаларды Қазақстанға неге жаппай қоныс аудартқызды?

28. Столыпиннiң аграрлық реформасының шынайы мәнi неде болды?

29. Қазақстанға қоныс аударып келген шаруалардың үй салып алу дағы артықшылықтары қандай едi?

30. Қазақстанның солтүстiк және солтүстiкшығыс өңiрлерiндегi әскери бекiнiстер мен қалалар қай кезден бастап салынды?

31. Қазақстандағы жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени салада атқар ған қызметтерi қандай болды?

32. Су көлiгi қатынастары қалай дамыды?

33. Қазақстандағы алғашқы темiр жолдар қай кезде және қай жер лерде салына бастады?

34. Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу жерiне қоныс аударуы қашан басталды?

35. Қазақ өлкесiндегi диаспоралардың қалыптасуы қашан басталды?

36. Қазақстан аумағында орыс, украин, белорус т.б. ұлттар диаспо ралары қалай қалыптасты?

37. Қазақтардың өзiнiң тарихи отанынан көшiп кетуiнiң негiзгi се бептерi қандай?

38. Ресейдiң Мемлекеттiк Думасында қазақ депутаттар қандай ма ңызды проблемалар көтердi?

39. Қазақ халқы арасында петициялық қозғалыстың өрбуiне қандай оқиғалар себеп болды?

40. Алғашқы қазақ газеттерi мен журналдары қалай және қашан басылып шықты?

41. ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанда қазақ тiлiнде қандай кiтап тар шыға бастады?

42. Қазақ жастары ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысында қандай қалалар дағы жоғары оқу орындарында оқыды?


43. Қазақтардан алғашқы шыққан дәрiгерлерден кiмдердi бiлесiңдер?

44. Қазақ қоғамында мектептер мен медреселердiң атқарған рөлi қандай едi?

45. Халықтың сауатын ашып, бiлiм беруде Ыбырай Алтынсарин қан дай еңбек сiңiрдi?

46. Г.Н. Потанин Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде қандай өз үлесiн қосты?

47. ХIХ – ХХ ғасыр тоғысында Қазақстан аумағында қандай ғылыми мекемелер болды?

48. Шоқан Уәлиханов қандай ғылыми экспедицияларға қатысты?

49. Ағартушыдемократ Шоқан Уәлихановтың елiмiздiң тарихында ғы алатын орны қандай?

50. Қандай әйгiлi әншiлер мен ақын, сазгерлердi бiлесiңдер?

51. ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары шығармашылығының негiзгi са рыны қандай болды?

52. Абай Құнанбаевтың көзқарасын қалыптастыруға қандай жағдай лар ықпал еттi?

53. ХVIII ғасырдың екiншi жартысында Қазақстандағы ислам дiнi не байланысты патша үкiметiнiң жүргiзген саясаты қандай болды?

54. Қырғыз миссиясы қызметi Семей облысында қашан құрылды?


!
МАҢЫЗДЫОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ К]РСЕТКIШI

1710 – Жоңғар басқыншыларына қарсы күресу үшiн қазақтың үш жүзi өкiлдерiнiң бас қосуы.

1711–1781 – Қазақ мемлекетiнiң көрнектi қайраткерi Абылай ханның өмiр сүрген жылдары.

1715 – И.Бухгольцтiң Орта Ертiс бойына жасаған әскерибарлау экспедициясы.

1716 – Омбы және Жәмiшев бекiнiсқамалдарының салынуы.

1717 – Железинск бекiнiсқамалының салынуы.

1718 – Семей бекiнiсқамалының салынуы.

1720 – Gскемен және Коряков бекiнiсқамалдарының салынуы.

1723 – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басталуы.

1726 – Ордабасыда бүкiлқазақтық құрылтай жиналысы болып өттi.

1728 – Қазақ жауынгерлерiнiң жоңғар әскерлерiмен Бұланты және Бiлеутi өзендерiнiң бойындағы шайқасы.

1730 – Қазақ әскери жасақтарының жоңғарлармен Балқаш көлiнiң маңындағы Итiшпес Алакөл (Аңырақай) деген жердегi шайқасы.

1731 – Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгiнiң Ресейдiң қол астына өтуi.

1731–1732 – А.И. Тевкелев бастаған орыс елшiлiгiнiң Кiшi жүз дiң ханы Әбiлқайырдың ордасына келуi.

1734 – И. Кириллов басқарған Орынбор («Қырғызқайсақ») экс педициясы қызметiнiң басталуы.

1734 – Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшiпқонып жүруiне тыйым салынуы.

1735 – Ор өзенiнiң сағасында Орынбор қаласы (Ор бекiнiсқама лы) негiзiнiң салынуы.

1741–1743 – Абылай сұлтанның қонтайшы ГалданЦереннiң қо лында тұтқында болуы.

1742 – Патша үкiметiнiң қазақтардың Жайық өзенiне, Жайық қалашығына және салынып жатқан бекiнiсқамалдарға жақын бару ына тыйым салуы.

1743 – Орынбор қаласын жаңа орынға көшiру.


1745 – Орск бекiнiсқамалында қазақорыс саудасаттығының басталуы.

1748–1786 – Нұралы ханның Кiшi жүзде билiк құрған жылдары.

1752 – Петропавл бекiнiсқамалының салынуы.

1752–1755 – Орта жүз қазақтарының көшiпқонып жүрген жер лерiнде Жаңаесiл шекара шебi ауданының құрылуы.

1755 – Сыртқы iстер министрлiгi алқасының Орта жүз қазақта рының Ертiстiң оң жағалауына өтуiне тыйым салған жарғысының шығуы.

1755 – Қазақбашқұрт қақтығысының шиеленiсуi.

1756 – Қазақтардың Абылай ханның басшылығымен Цинь аг рессиясына қарсы күресi.

1758 – Жоңғар мемлекетiнiң күйреуi.

1758 – Үрiмшi қаласында қазақтардың Қытаймен саудасаттық жасау мекемесiнiң ашылуы.

1765 – Патша үкiметiнiң Ертiс өзенiнiң сол жағалауындағы ұзына бойында енi он шақырым келетiн бейтарап алқапты құра бастауы.

1767 – Қытай үкiметiнiң Тарбағатай ауданы мен Iле өзенi бойын да қазақтардың көшiпқонып жүруiне ресми рұқсат етуi.

1771–1781 – Абылай ханның билiк еткен жылдары.

1771 – Патша үкiметiнiң Орта жүз қазақтарының Ертiстiң оң жағалауына өтуiне уақытша рұқсат беруi.

1771 – Қазақтардың «Шаңды жорыққа» қатысуы.

1773–1775 – Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысуы.

1774–1860 – Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының өмiр сүрген жылдары.

1775 – Жайық өзенi атының Оралға, Жайық казак әскерлерiн Орал казак әскерлерiне өзгертiлуi.

1781–1819 – Уәли ханның Орта жүздi билеген жылдары.

1782 – Кiшi жүз қазақтарының Жайықтың оң жағалауына өтуiне уақытша рұқсат етiлуi.

1783–1797 – Кiшi жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлiсi.

1786 – Омбы қаласында азиялықтарға арналған мектептiң ашылуы.


1788, 1789 – Патша үкiметi қазақтардың Ертiстiң оң жағалауына өтiп, тұрақты тұруына ресми түрде рұқсат еткен жылдар.

1791–1838 – Батыр Исатай Тайманұлының өмiр сүрген жылдары.

1791–1794 – Ералы ханның Кiшi жүздi билеген жылдары. 1796–1797 – Есiм ханның Кiшi жүздi билеген жылдары. 1797–1805 – Айшуақ ханның Кiшi жүздi билеген жылдары.

1801 – Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына жаппай көшуi және Iшкi Орданың құрылуы.

1804–1846 – Ақын Махамбет Gтемiсұлының өмiр сүрген жылдары.

1802–1847 – Хан Кенесары Қасымұлының өмiр сүрген жылдары.

1807–1888 – Батыр Есет Көтiбарұлының өмiр сүрген жылдары.

1808 – Сiбiр шекара шебi казак әскерлерiнiң құрылуы.

1808 – Кiшi жүз бен Орта жүздiң Ресеймен шекаралас ауданда рындағы ашаршылық.

1808 – Қоқандықтардың Ұлы жүз аумағына басып кiруi.

1810 – Жаңаелек шекара шебi ауданының құрылуы.

1820 – Қазақтардың шекара шебiнiң iшкi жағында көшiпқонып жүруi үшiн билеттiк жүйенiң енгiзiлуi.

1821 – Қазақстанның оңтүстiгiндегi қазақтардың Қоқан ханды ғына қарсы көтерiлiсi.

1822 – Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы.

1822–1825 – Жоламан Тiленшiұлы бастаған қазақтардың патша үкiметiне қарсы көтерiлiсi.

1824 – Кiшi жүзде хандық билiктiң жойылуы.

1824–1845 – Жәңгiр ханның Бөкей хандығын билеген жылдары.

1824 – Көкшетау және Қарқаралы сыртқы округтiк приказда рының құрылуы.

1824–1825 – Патша үкiметiне қарсы Ғұбайдулла Уәлиханов бас таған қозғалыс.

1825–1836 – Патша үкiметiне қарсы Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс.

1830 – Ақмола бекiнiсқамалының салына бастауы.

1831 – Кiшi жүз аумағында дистанциялық басқарудың құрылуы.

1832 – Ақмола округтiк приказының ашылуы.

1832 – Бөкей хандығында хан жәрмеңкесiнiң ашылуы.


1833 – Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннiң Орынбор мен Орал да болуы.

1834 – Құсмұрын округтiк приказының ашылуы.

1835–1865 – Қазақтың ұлы ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмiр сүрген жылдары.

1835 – Ор және Троицк бекiнiсқамалдары арасында жаңа шека ра шебi ауданының құрылуы.

1836–1838 – Бөкей хандығы қазақтарының Исатай Тайманұлы мен Махамбет Gтемiсұлы бастаған көтерiлiсi.

1837–1847 – Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерiлiсi.

1841 – Бөкей хандығында қазақ балалары үшiн алғашқы зайырлы мектептiң ашылуы.

1841 – Кенесары Қасымұлы қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы болып сайланды.

1841–1889 – Қазақтың аса көрнектi ағартушысы әрi педагогы Ыбырай Алтынсариннiң өмiр сүрген жылдары.

1844 – Кiшi жүз қазақтарын басқару жөнiндегi жаңа Ереженiң енгiзiлуi.

1845 – Iшкi Ордада хан билiгiнiң жойылуы.

1845–1904 – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрi ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмiр сүрген жылдары.

1847–1857 – Украин халқының ұлы ақыны Т.Г. Шевченконың Қазақстан аумағында саяси айдауда болған жылдары.

1848 – Қарқаралы округiнде Қоянды (Ботов) жәрмеңкесiнiң ашылуы.

1853 – Сырдария әскери шебiнiң құрылуы.

1854 – Ертiс өзенiнiң оң жағалауында Семей iшкi округiнiң құры луы.

1854 – Алматы шатқалында Верный бекiнiсқамалының салына бастауы.

1856 – Жетiсуда Алатау ерекше округiнiң ашылуы.

1856–1857 – Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қар сы күрес жылдары.

1862 – Ақмола бекiнiсқамалына округтiк қала мәртебесiнiң берiлуi.


1866 – Ақмола облысы Көкшетау округi аумағына қоныс ауда рушы орыс шаруаларының алғашқы тобының келуi.

1866–1937 – «Алаш» қозғалысының көсемi Әлихан Нұрмұхамед ұлы Бөкейхановтың өмiр сүрген жылдары.

1867 – «Жетiсу және Сырдария облыстарын басқару жөнiндегi уақытша Ереженiң» бекiтiлуi және Түркiстан генералгубернатор лығының құрылуы.

1867 – Жетiсу казак әскерлерiнiң құрылуы.

1868 – «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөнiндегi уақытша Ереженiң» бекiтiлуi.

1868–1869 – Орал және Торғай облыстарындағы қазақтардың патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы күресi.

1869 – Ақтөбе қаласының салына бастауы.

1870 – Маңғыстау қазақтарының патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы күресi.

1879 – Қостанай қаласы негiзiнiң қалануы.

1880 – Патша үкiметiнiң қазақтардың Томск губерниясының Құ лынды даласына көшуiне рұқсат етуi.

1881 – Семей облысының аумағында Қырғыз миссиясы қызме тiнiң құрылуы.

1881 – Ұйғырлар мен дүнгендердi Жетiсуға қоныс аудару жө нiнде Ресей мен Қытай арасында СанктПетербург келiсiмiне қол қойылуы.

1881–1884 – Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу аумағына жап пай қоныс аударуы.

1883 – Патша үкiметiнiң сенiмдi деген шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуға ресми түрде рұқсат етуi.

1889 – Шаруаларды iшкi Ресейден Қазақстанға жаппай қоныс аударту жөнiнде заң қабылданды.

1890 – «Закаспий облысын басқару жөнiндегi уақытша Ереже» бекiтiлдi.

1891 – «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөнiндегi Ереженiң» бекiтiлуi және Дала генералгубер наторлығының құрылуы.

1896–1903 – Ф. Щербина басқарған экспедицияның Ақмола, Семей және Торғай облыстарының 12 далалық уезiн зерттеген жылдары.


1897 – Ресей империясындағы Бүкiлресейлiк алғашқы халық санағы өткен жыл.

1901–1905 – Орынбор–Ташкент темiр жолының салынуы.

1902 – Қазақстанда шаруа бастықтары лауазымды қызметiнiң енгiзiлуi.

1902 – Дала генералгубернаторлығында ауыл мектептерiнiң ашы луы.

1903 – «Сырдария, Ферғана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге ерiктi түрде қоныс аудару туралы жаңа Ере желердiң» қабылдануы.

1904 – «Село тұрғындары мен мещан диқандардың қоныс ауда руы туралы уақытша Ережелердiң» бекiтiлуi.

1904–1906 – Қазақстан аумағында қоныс аударушы шаруаларды орналастыру үшiн – Торғай–Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетiсу аудандарының құрылуы.

1905–1907 – Бiрiншi орыс революциясы.

1905 – Ресейдегi азаматтық бостандықтар туралы Манифест. 1906 – Қазақтардың I Мемлекеттiк Думаның жұмысына қатысуы. 1907 – Қазақтардың II Мемлекеттiк Думаның жұмысына

қатысуы.

1911–1915 – «Айқап» журналының шығып тұрған жылдары.

1913–1918 – Жалпыұлттық «Қазақ» газетiнiң шығып тұрған жылдары.

1914 – Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.


ӘДЕБИЕТТЕР

Абай. Энциклопедия. – А., 1995.

Абылай хан. Тарихи жырлар. – А., 1993.

Арғынбаев Х.А., Мұқанов М.С., Востров В. Қазақ шежiресi хақында.

– А., 2000.

Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. – А., 1973.

Аяған Б.Ғ., Қашқынбаев А.Н. Ресей – Қазақстан: өзара қарым қатынас тарихы және қазiргi кезең. – А., 2011.

Әбдәкiмұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуiрден бүгiнгi дейiн).

Оқу құралы. – А., 2005.

Әсiп С. Қатерлi дерт, қалжыраған халық. – А., 1998.

Бекмаханов Е. ХIХ ғасырдың 20–40жылдарындағы Қазақстан. – А., 1992.

Галиев В.З. Алғашқы қазақ студенттерi. «Жалын» журналы, 1970, №5.

Дж. Кэстль. 1736 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайырға барып қайтқан сапар туралы. – А., 2000.

Есiм Ғ. Хакiм Абай. – А., 1994.

Қабылдинов З.Е. Астана тарихы. – А., 2007.

Қазақтар. Тарихиэтнографиялық зерттеу. – М.А., 1995.

Қазақстан тарихы. Очерктер. – А., 1994.

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгiнге дейiн). 5 томдық.

3 том, – А., 2010.

Қасымбаев Ж.Қ. Ақмола қаласының тарихы (1832–1917 жж.).

– А., 1995.

Қасымбаев Ж.Қ. Қазақ даласының әйгiлi билеушiлерi.

– А., 2006.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – А., 1995.

Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – А., 1994.

Құдайбердiұлы Ш. Түрiк, қырғызқазақ њәм хандар шежiресi. – А., 1991.

ҚұлМұхаммед М.А. Алаш ардагерi. – А., 1996.

Мәшiмбаев С.М. Патшалық Ресейдiң отаршылдық саясаты. – А., 1994.

Мұқанов М.С. Қазақ жерiнiң тарихы. – А., 1994. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – А., 1993. Нұрпейiсов К. Алаш њәм Алашорда. – А., 1995.

Хан Кене (қазақ халқының тәуелсiздiгi үшiн күрескен хан батырлар туралы тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар). – А., 1993.


 

МАЗМҰНЫ


Кiрiспе............................................................................................... 3

Оқулықты қалай пайдалану керек................................................... 4

Бiрiншi бHлiм. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII ҒАСЫРДАҒЫӘЛЕУМЕТ ТIКЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫ

§1. ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы 6

§2. Жоңғар шапқыншылығы.............................................................. 12

§3. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы

азаттық күресi................................................................................... 18

§4. ХVIII ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс

қатынастары...................................................................................... 25

§5. Кiшi жүздiң Ресейге қосылуы.................................................... 30

§6. ХVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.................................... 37

§7. Қазаққалмақ қатынастары............................................................ 43

§8. Абылай хан билiгi тұсындағы Қазақ хандығы........................ 48

§9. Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне

қатысуы............................................................................................. 56

§10. Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық

көтерiлiсi........................................................................................... 62

§11.Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы....................... 70

§12. Қазақстанның ХVIII ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және

мәдениетi.......................................................................................... 74

§13. Дәстүрлi билер соты................................................................ 82

Екiншi бHлiм. ХIХ ҒАСЫРДЫҢ БIРIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТIКЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

§14. Бөкей хандығының құрылуы.................................................... 88

§15. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдiң Отан соғысына



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: