Бап. Суды басым пайдалану




Бап. Су меншiгi

1. Қазақстан Республикасындағы су мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
2. Су меншiгi құқығын тiкелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттердiң заңды күшi жоқ және заңдарда көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.
3. Суды басқа мемлекеттердiң, сондай-ақ шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына беру шарттық негiзде жүзеге асырылады.
4. Суды пайдалануға беру және су меншiгi құқығын iске асыру жөнiндегi басқа да әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады.

ЕСКЕРТУ. 4-баптың 1-тармағынан сөздер және 3-тармақ алынып тасталды, 4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

бап. Суды басым пайдалану

Су ең алдымен халықтың ауызсу және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн пайдалануға берiледi.

6-бап. Суды басқару принциптерi

1. Қазақстан Республикасындағы суды басқару су ресурстарын қорғау мен толықтыруды, су пайдаланудың оңтайлы шарттарын, айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ететiн су шаруашылығы-бассейндiк және әкiмшiлiк-аумақтық принциптердi үйлестiру негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Су шаруашылығы-бассейндiк принцип өзен, көл бассейндерi және басқа да сутоғандар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасында су ресурстарын бөлу кезiнде iске асырылады.

II тарау
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
су қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi

ЕСКЕРТУ. II тарауының атауына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi

Су қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына мыналар жатады:
су заңдарын әзiрлеу және жетiлдiру;
су қатынастарын реттеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарды бекiту мен олардың күшi жойылуын мәлiмдеу.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың
құзыретi

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:
суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;
судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау.
ЕСКЕРТУ. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

9-бап. <*>
10-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 9,10-баптар алынып тасталған - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

11-бап. Суды мемлекеттiк басқару органдары

1. Республикада суды мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган, сондай-ақ арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Жер асты суларын басқару геология және жер қойнауын қорғау органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Суды басқару саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына мыналар жатады:
су ресурстарын пайдалану, ұдайы молықтыру және қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың, су шаруашылығын дамытудың негiзгi бағыттарын бекiту;
су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын және су шаруашылық баланстарын бекiту;
сутоғандар мен су көздерiн сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi республикалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;
суды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және оны пайдалану тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ мемлекеттiк су кадастры мен су мониторингiн жүргiзу;
суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ереженi бекiту;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, ерекше мемлекеттiк маңызы немесе ерекше ғылыми құндылығы бар сутоғандарының тiзбесiн бекiту;
судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру мен iске қосу тәртiбiн, сондай-ақ сутоғандарда, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлеу;
сутоғандарды жеке пайдалануға беру;
республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу;
жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы ставкаларын белгiлеу;
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен суды пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi қатынастары саласындағы шараларды жүзеге асыру.
ЕСКЕРТУ. 12-баптың 12 азат жолы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 12-бап 9 азатжолмен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 12-баптың 13 азатжолы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.

13-бап. Облыстық атқарушы органның құзыретi

Облыстық атқарушы органның қарауына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша облыстың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi, салалар мен жекелеген су пайдаланушылар арасында су тұтыну лимиттерiн бөлу;
Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандарын жеке пайдалануға беру;
судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыруды және iске қосуды, сондай-ақ сутоғандарында және су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;
облыстың су ресурстарын кешендi пайдалану схемаларын келiсу мен бекiту;
су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу;
суды пайдалану мен қорғауды бақылау;
суды пайдалану құқығын доғару.

14-бап. Аудандық, қалалық атқарушы органның құзыретi

Аудандық, қалалық атқарушы органның қарауына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша ауданның, қаланың су тұтыну лимиттерiн су пайдаланушылар арасында бөлу;
су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандарын жеке пайдалануға беру;
судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыруды және iске қосуды, сондай-ақ сутоғандарда және су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;
су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу;
су пайдалану мен қорғауды бақылау;
суды пайдалану құқығын доғару.

14-1-бап. Поселке, ауыл (село) әкiмiнiң құзыретi

Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкiмiнiң қарауына мыналар жатады:
суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;
судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау.
ЕСКЕРТУ. Жаңа мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

15-бап. Қазақстан Республикасының су ресурстарын
басқаратын мемлекеттiк органның құзыретi

1. Қазақстан Республикасының тапсыруы бойынша су ресурстарын басқаруды өз қызметiн тiкелей немесе бассейндiк, облыстық және өзге де бөлiмшелер арқылы атқаратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органы табиғатты қорғау органдарының және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының қарауына мыналар жатады:
бассейндердiң, облыстар мен аудандар шегiнде су тұтыну лимиттерiн белгiлеу;
суды және оның пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу;
мемлекеттiк су кадастрын және су мониторингiн жүргiзу;
табиғатты қорғау органдарымен келiсiм бойынша суды арнайы пайдалануға рұқсаттар беру;
су пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар беру;
экологиялық талаптарды ескере отырып су ресурстарын кешендi пайдалану негiзiнде олардың аймақаралық, облысаралық, ауданаралық және салааралық бөлiнуiн қамтамасыз ету;
өзендердi, көлдер мен басқа да сутоғандарын сақтау және олардың жай-күйiн жақсарту, судың зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
өзендер бассейндерiнiң су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
шектес мемлекеттермен су қатынастарын реттеу мәселелерi жөнiнде ынтымақтасу.
3. Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органының суды пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi өз құзыретi шегiндегi нұсқаулары барлық азаматтар, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн қай ведомствоға бағынатынына және меншiк түрiне қарамастан мiндеттi болып табылады.

16-бап. Суды пайдалану мен қорғау саласындағы
басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген
өзге де мемлекеттiк органдары

Суды пайдалану мен қорғау саласындағы басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде табиғатты, жер қойнауын, балық қорларын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды, мемлекеттiк санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып табылады.

17-бап. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
бақылау

1. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылаудың мiндетi барлық министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың су ресурстарын пайдаланудың және оларды есепке алудың белгiленген тәртiбiн сақтауын, суды қорғау, оның зиянды әсерiн болдырмау және жою жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

18-бап. Суды пайдалану мен қорғауға бақылауды
жүзеге асыруға қоғамдық бiрлестiктер
мен азаматтардың қатысуы

1. Қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтар мемлекеттiк органдарға жәрдемдесiп, суды пайдалану мен қорғауға, су пайдаланушылардың өз мiндеттерiн атқаруына бақылауды жүзеге асыруға қатысады.
2. Мемлекеттiк органдар суды ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру кезiнде қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың негiзгi ұсыныстарын ескеруге мiндеттi.

III тарау
Сутоғандарында және су қорғау аймақтары
мен белдеулерiнде жұмыс жүргiзу тәртiбi

19-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да
объектiлердi орналастыру, жобалау және салу
шарттары

1. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау және салу кезiнде мыналар қамтамасыз етiлуге тиiс:
суды ұтымды пайдалану;
сутоғандарынан алынатын судың есебiн жүргiзу, жер бетiндегi және жер астындағы суларды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау жөнiндегi шараларды орындау;
балықты, суда жүзетiн құстарды, су хайуанаттарын және жағалаудағы экожүйелердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
судың зиянды әсерiн болдырмау, жердi су басудан, су астында қалудан, сортаңданудан және құрғаудан қорғау;
айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау.
2. Өндiрiс жағдайы бойынша қайталамалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшiрiле алмайтын кәсiпорындарды қоспағанда, өнеркәсiп орындарын сумен жабдықтаудың тура ағыс жүйелерiн жобалауға және салуға жол берiлмейдi.

20-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа
объектiлердi орналастыруды, жобалауды,
салуды және iске қосуды келiсу

Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және iске қосу шарттары табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ жер қойнауын, балық қорларын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды, санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асырушы органдармен келiсiледi.

21-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi

1. Өзендердiң, көлдердiң, теңiздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айналасында, сондай-ақ каналдарды, су желiлерi мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға, оның экологиялық тұрақтылығын және тиiстi санитарлық жай-күйiн сақтауға арналған.
Сел қатерi бар өзендер бассейндерiнде су қорғау аймақтары ықтимал су басатын шекаралар ескерiле отырып белгiленедi.
3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы шешiмде жердi және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше шарттары анықталады.
4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

22-бап. Сутоғандарында және су қорғау аймақтары
мен белдеулерiнде жұмыс жүргiзу

1. Сутоғандарында немесе су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, кабель, труба құбырлары мен басқа да коммуникацияларды жүргiзу, ағаш кесу, бұрғылау, ауыл шаруашылық жұмыстары және өзге де жұмыстар табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы және осыған арнайы уәкiлдiк берiлген басқа да органдармен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
2. Кеме қатынасы жолдарындағы жердi қазып пайдалану жұмыстары барлық су пайдаланушылардың мүдделерi және айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтаудың талаптары ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Сутоғандарында және олардағы су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, су түбiн тереңдету және басқа жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

23-бап. Судың жай-күйiне әсер ететiн объектiлердi
пайдалануға беруге тыйым салу

Мыналарды:
судың зиянды әсерiн, су қорғау аймақтары мен сутоғандар белдеулерiнiң ластануы мен былғануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, сондай-ақ суды тұтынуды және пайдаланылған ақаба судың сыртқа төгiлуiн есепке алу аспаптарымен жарақтандырылмаған жаңа және қайта құрылған объектiлердi;
суды реттеушi құрылғылармен жабдықталмаған және санитарлық қорғау аймақтары белгiленбеген судағы скважиналарын;
бекiтiлген жобаларға сәйкес балық қорғау құрылғыларынсыз бас саға құрылыстарын;
жобаларда көзделген судың жайылуын, жердiң су астында қалуын, батпақтануын, сортаңдануын және топырақ эрозиясын болдырмайтын шараларды жүргiзгенге дейiн суару және суландыру жүйелерiн, су қоймалары мен каналдарды;
бекiтiлген жобаларға сәйкес су қабылдағыштар мен басқа да құрылыстар әзiр болғанға дейiн құрғату жүйелерiн пайдалануға беруге тыйым салынады.

Екiншi бөлiм
Суды пайдалану

IV тарау
Негiзгi ережелер

24-бап. Суды пайдалану құқығы

1. Қазақстан Республикасының барлық заңды ұйымдары мен азаматтары суды пайдалануға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген реттерде өзге ұйымдар мен адамдар да суды пайдаланады.

25-бап. Суды пайдалану тәртiбi мен шарттары

1. Қазақстан Республикасында суды пайдалану осы Кодекспен белгiленген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Мемлекетаралық сутоғандарынан суды пайдалану тәртiбi мен шарттары мүдделi мемлекеттер арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.

26-бап. Суды пайдалану түрлерi

Суды пайдалану:
жалпы және арнайы;
жеке және бiрлесiп;
бастапқы және қосалқы су пайдалануға бөлiнедi.

Бап. Жалпы су пайдалану

1. Жалпы су пайдалану су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай халықтың ауызсуға және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылады.
2. Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсаттар алудың қажетi жоқ.
3. Жалпы су пайдалануға экологиялық, техникалық және санитарлық қауiпсiздiк мақсатында шек қойылуы немесе тыйым салынуы мүмкiн.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2016-04-15 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: