Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 1 глава




УДК 373.167.1 (075.3)

ББК 63.3 Ћаз я 72


 
ISӨN 978–601–282–500–8


© Ћабылдинов З.Е.,

Ћайыпбаева А.Т., 2012

© «Атамұра», 2008

© «Атамұра», 2012, 2басылымы, өңделген


 

 


 

КIРIСПЕ

Ћұрметтi оқушылар! 7сыныпта сендер Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын оқыдыңдар. Түрiк қағанатынан бастап ХVIII ғасырдың бас кезiндегi оқиғаларға дейiн елiмiз басынан кешiрген тарихпен таныстыңдар. ХV ғасырдың ортасынан қалыптасып, ны ғайып, орталықтандырыла бастаған Қазақ хандығы туралы тыңғы лықты бiлiм алдыңдар.

Қолдарыңдағы 8сыныпқа арналған оқулықта Отанымыздың ХVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi тарихының маңызды оқиғалары қамтылған. Мәселен, ХVIII ғасырдың бiрiншi жар тысында халқымызды аса ауыр зардаптарға душар еткен қазақ жоңғар соғыстары туралы оқып бiлесiңдер. Атабабаларымыз қатыгез басқыншылардың шабуылынан туған жерiмiздiң әр сүйемiн жаудан қорғап қалуда ерен ерлiк пен теңдесi жоқ батыр лықтың ғажайып үлгiсiн көрсеттi. Бұл кезеңнiң қазақтың ерлiк дәстүрiнiң «алтын ғасыры» деп аталуы тегiн емес.

Сонымен қатар оқулықтан қазақ халқының өз тәуелсiздiгiн жо ғалтудың қиын да қарамақайшылықты үрдiсi туралы да бiлетiн бо ласыңдар. Ресей империясы Қазақстан аумағын өз қарамағына қо сып алу жоспарын бiртiндеп жүзеге асыра бастады. Осы жағдайда аса көрнектi мемлекет қайраткерi, айбынды Абылай хан ел тәуел сiздiгiн мүмкiндiгiнше сақтап қалуға күш салды. Оған өз Отаны мен халқына адал берiлген сұлтандар, билер мен батырлар көмектестi. Патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қазақ халқының айтулы азаматтары: Сырым Датұлы, Жоламан Тiленшiұлы, Исатай Тайман ұлы, Махамбет Gтемiсұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтiбар ұлы, Кенесары Қасымұлы және басқалар қарсы шықты. Қазақтар Емельян Пугачев бастаған аса iрi шаруалар көтерiлiсi кезiнде орыс халқын қолдап, патша үкiметiне қарсы бас көтердi.

Осы оқулықтан сендер Қазақстан жерiне орыс, украин, немiс,

поляк, ұйғыр, дүнген сияқты әр түрлi ұлт өкiлдерiнiң қалай қоныста на бастағаны туралы да оқып бiлесiңдер. Басқарудың отарлық си патта болғанына қарамастан, әр түрлi дiндер мен халық өкiлдерi арасында үйлесiмдi түсiнiстiк пен ынтымақтастықтың негiзi қалан ды. Оқулықта өздерiңдi қазақ халқының және сол уақытта Қазақ стан аумағына қоныс аударған ұлттардың шаруашылығымен, тұр мыстiршiлiгiмен таныстыруға да ден қойдық.


Сендер өз бiлiмдерiңдi қазақ халқының ХХ ғасырдың бас кезiн дегi қоғамдық санасының бұрынсоңды болмаған дәрежеде өсе түс кен үрдiсiмен танысу арқылы байыта түсесiңдер. Ә. Бөкейханов сияқты Алаш арыстарының төңiрегiне топтасқан ұлтымыздың бiлiмдi де сауатты, зиялы азаматтары халыққа отансүйгiштiк рух сезiмiмен қызмет еттi.

Естерiңде болсын: Қазақстан тарихын терең оқып үйрену өз Отаныңды құрметтеп, мақтан тұту сезiмiн қалыптастырады. Әрқай сысың елiмiздiң тарихын жақсы бiлулерiң керек, сонда ғана дұрыс бағытбағдар алып, өз болашақтарыңды болжай аласыңдар.

Құрметтi әрiптестер! Оқулықтың бұл басылымына бiрқатар түзе тулер енгiзiлдi. Мектептегi тарихшы ұстаздар мен атааналар тара пынан алуан түрлi құнды ескертпелер, маңызды ұсыныстар жасалуы әбден мүмкiн. Оның бәрi ескерiлiп, келесi басылымдарда оқулық тың сапасын одан әрi жақсарта түсуге көмектесетiн болады.

 

ОҚУЛЫҚТЫҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Қымбатты достар! Оқулықтың мазмұнымен мұқият танысып шы ғыңдар. Ол оқулықтың ең соңында берiлген. Жетi бөлiмнен тұрады. Әр бөлiмнiң өзi бiрнеше тақырыпқа бөлiнген. Оқулықтың мазмұны ондағы бүкiл материалды жүйелi, ретретiмен қалай оқып үйренуге болатынын көрсетедi.

Оқулықтағы жазбаша және әдеби дерек көздерiнен келтiрiлген үзiндiлер мен суреттер, карталар, кестелер сендерге Қазақстанның жаңа тарихының бастыбасты негiзгi оқиғалары туралы неғұрлым тереңiрек бiлулерiңе көмектеседi. Оқулықтағы суреттер сендердiң сонау алысқа, өткен замандар қойнауына неғұрлым тереңiрек бой лауларыңа, сол бiр қызықты да қайталанбас дәуiр «тамырының қалай соққанын» сезiнулерiңе мүмкiндiк туғызады.

Әр тақырыптың соңында сұрақтар мен тапсырмалар берiлген. Ол сұрақтарға дұрыс жауап берiп, тапсырмаларды сапалы орындау, сол тақырыптың материалдарын мейлiнше мұқият оқып шығу керек. Сұрақтар мен тапсырмалар сендердiң жаңа тақырыпты қаншалық ты терең меңгергендерiңдi тексерiп көрулерiңе көмектеседi.

Тақырыптың мәтiнiн оқу кезiнде қара әрiптер немесе курсив әрiптермен терiлген сөздердi кездестiресiңдер. Сендердiң ол сөздерге айрықша назар аударуларың керек. Қара әрiптермен терминдердiң мазмұнына, тарихи тұлғаларға берiлген түсiнiктердi әр тақырыптың соңынан таба аласыңдар. Сондайақ елеулi даталар да қара әрiптер мен терiлген. Мұның өзi сендердiң оларды естерiңде жақсы сақтаула рың үшiн осылай жасалған.

Кейбiр тақырыптарға шағын кiрiспелер немесе сұрақтар мен тап сырмалар берiлген. Олардың бәрi де курсив әрiптерiмен терiлген.


Сендер мұның бәрiн де жаңа тақырыпты оқуға кiрiсерден бұрын мiндеттi түрде орындауға тиiстiсiңдер. Осының бәрi де өткен тақы рыптарды еске түсiру үшiн жасалған.

Кейбiр тезистердi неғұрлым терең түсiндiру үшiн баса назар аударылуы тиiстi сөздердi бiрiншiден, екiншiден, үшiншiден деген сияқ ты курсивпен теру арқылы бердiк. Әр тақырыптың соңында оқып үйренуге арналған кезеңге қатысты неғұрлым маңызды құжаттардан үзiндiлер келтiрiлдi. Сондықтан да оларды мiндеттi түрде оқып шы ғыңдар. Құжаттың әр үзiндiсiнен кейiн бiрқатар сұрақтар берiлген. Сендердiң ол сұрақтарға да жауап қайтаруларың керек. Мұның бәрi де сол тақырыпты неғұрлым жақсы әрi терең меңгерулерiң үшiн жасалып отыр. Оқулықтың соңында қайталаулар мен есте сақтау үшiн қажеттi материалдар бар. Сендердiң өткен тақырыптарды тағы бiр рет пысықтап шығып, ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi Қа зақстан тарихының негiзгi даталарын, аса маңызды деректер мен оқиғаларды қайтадан еске түсiрулерiң қажет.

Оқулық материалдарын терең меңгеруге «Хрестоматия» да көп

көмектесе алады. Оқулық пен хрестоматия бiрiнбiрi өзара толықты ра түседi.

Бiз сендердiң жаңа тарихи бiлiмдермен сусындап, неғұрлым тере ңiрек қаныға түсуде табыстантабысқа жете берулерiңе тiлектестiк бiлдiремiз!


 

Бiрiншi бHлiм. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII ҒАСЫРДАҒЫӘЛЕУМЕТТIКЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУЫ

§1. ХVIII ҒАСЫРДАҒЫҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ IШКI ЖӘНЕ СЫРТҚЫЖАҒДАЙЫ

Қазақ хандығының құрылғанын естерiңе түсiрiңдер. ХV–ХVII ғасырлардың аса көрнектi мемлекет қайраткерлерiнiң аттарын атаңдар. Тәуке ханның «Жетi жарғы» заңын енгiзуiнiң мақсаты не едi?

1. Қазақ хандығының iшкi жағдайы. Тәуке хан билiк еткен жыл дары Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала бердi. Қазақ хандығында бейбiт өмiр орнады, заңдар қатаң сақтал ды, тайпааралық алауыздық азайды. Шиеленiскен iрi даулар мен айтыстартыстар беделдi билердiң тiкелей араласуымен шешiлiп отырды. ХIХ ғасырдағы орыс зерттеушiсi И. Крафт: «Ол... рутай палар жерiнiң аумағын нақты белгiлеп, жер пайдаланудың тәртiбiн енгiздi» деп атап өтедi. Барымтақарымта, жайылымдар мен су көздерiн бөлiсу жөнiндегi алауыздықтар мейлiнше азайды. Қазақ тың әскери жасақтарының жауынгерлiк қабiлетi күшейдi.

Аталмыш кезеңде қазақтар көшпелi тұрмыс салтымен қатар, егiншiлiк және қолөнершiлiк кәсiппен айналысты. Көшпелi мал шаруашылығы егiншiлiктi және қалалық орталықтармен тығыз бай ланысты болды.

Iшкi ауызбiрлiктiң арқасында елдiң орасан зор аумағының тұтас тығы сақталды. Қазақтар солтүстiгiнде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстiгiнде Ташкент қаласына дейiнгi, батысында Жайық (Орал) өзенiнен бастап, шығысында Ертiстiң орта ағысына дейiнгi жерлердi иелендi. Қазақтардың Едiл (Волга) өзенiнiң төменгi айма ғында көшiпқонып жүрген кездерi де болды.

Тәуке хан тарихқа «Жетi жарғы» заңдар жинағын жасаған би леушi ретiнде кеңiнен танылды. Оның кезiнде құрамында қазақ дала сының данышпандары атанған аса беделдi ТHле би, Қазыбек би, Әйте ке би бар билер кеңесi құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен атта рының өзi бүкiл халықтың және хандықтың бiрлiгi мен бiртұтас топ тасқандығын бiлдiрдi. Тәуке ханның кезiнде қазақтардың үш жүзiнiң ең таңдаулы да беделдi деген өкiлдерi жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелердi талқылап, шешiм қабылдап отырды. Ондай


жиын Оңтүстiк Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтiп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиеттi Түркiстан болды. Елдiң оңтүстiгi мен оңтүстiкшығысында қала өмiрi жанданды. Қазақтар Сырдария өзенiнiң өңiрiндегi 32 қалаға иелiк етiп, басқарып отырды.

Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билiк құрған уақытты Қазақ хан дығының «алтын ғасыр» кезеңi деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеушi туралы былай деп жазады:

«Ол оларды, тайпаларды, өлiспей берiспейтiн алауыздықтан арылт ты, олардың арасындағы бiрнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердiң бәрiн де асқан ақылпарасатымен, қара қылды қақ жарған әдiлеттiлiгiмен өзiне бағындыра бiлдi».

2. Тәуке ханның ХVIII ғасырдың бас кезiндегi сыртқы саясаты. Хандықтың бiртұтас бiрлiгiн және оның шекараларының қауiпсiз дiгiн қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күштi де ықпалды сырт қы саясат жүргiздi. Сөйтiп ол қырғыздармен және қарақалпақтар мен әскери одақ құруға қол жеткiздi. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатердi тоқтатудың сәтi түстi. Жоңғар шапқыншылығының алдын алу мақсатымен олардың көшiқонына әскери жорықтар ұйымдастырып отырды.

Тәуке ханның бүкiл қызметi көршi халықтармен татутәттi, жақ сы қарымқатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бiрнеше рет елшiлер жiбергенi жақсы мәлiм. Олар ға жүктелген мiндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшiн әскери одақ құрып қайту болды.

Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұ ның өзi жатжерлiк басқыншыларға тойтарыс беруге қабiлеттi едәуiр үлкен күш едi. Елдiң әскери күшқуатын нығайтқан аса көрнектi еңбегi үшiн және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлiгi үшiн оған батыр атағы берiлдi.

3. Қазақ хандығының ыдырай бастауы. Тәуке ханнан кейiн оның мұрагерi Қайып хан Қазақ мемлекетiнiң бұрынғы ұлылығын берiк ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билептөстеушiге сұлтандар дың топтары тарапынан наразылық күшейiп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түстi. Қазақ даласында жоғары билiк жолындағы күрес шиеленiсе бердi.

Мұның өзi дәстүрлi қазақ хандығын күйзелiске ұшыратты. Ру лар, тайпалар және жүздер арасындағы бiрлiк пен байланыс әлсiредi. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақ тық сепаратизмi күшейдi. Қазақтың барлық жүзiнiң өз iшiнде келте хандары пайда бола бастады. Орталық хандық билiктiң әлсiреуi Кiшi жүзде – Әбiлқайырдың, Орта жүзде – Болаттың, Сәмекенiң, Күшiктiң,


Ұлы жүзде – Жолбарыстың жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты.

Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбiлмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделi арта бердi. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзiнiң толып жатқан ұлдары арқылы Ертiс бойы қазақтарына билiк жүргiздi. Оның жергiлiктi қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкiметi орындарына да елеулi ықпалы болды.

4. Сырттан тHнген қауiпқатердiң күшеюi. XVIII ғасырдың бас кезiнде қазақ мемлекетiнiң iштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердiң тарапынан ерекше қызы ғушылық тудырған нысанға айналды. Gйткенi бұл кез империялық мемлекеттердiң жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы едi. Егер Үндiстан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсiп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттерi аяқталған нан кейiн, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.

Қытай мен Ресей империялары Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелi мемлекеттердiң әлсiреуiне бiрдей мүдделi болды.

Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негiзгi қызметi дипломатиялық қарымқатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргiзудi еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшiпқонып жүретiн шекарада әскери бекi нiстер желiсiн салуды жиiлендiрiп жiбердi.

Бұл кезде қазақтар Едiл қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сiбiр казактарының тарапынан мезгiлмезгiл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешiрумен болды. Ал олардың бәрi де патша үкiметiнiң қол астына қарайтын орыс бодан дары едi. Қазақтарды оңтүстiктен Орта Азия хандықтарының билеу шiлерi, ал оңтүстiкшығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыс тыра түстi. Жалпы алғанда, бұл кезде шекаралық аймақта өте күрделi де қауiптi жағдай қалыптасты.

5. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы. Қазақ станға нақты қауiпқатер қуатты көшпелi Жоңғар мемлекетiнiң та рапынан төндi. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кеңбайтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтiп қа зақтар мен жоңғарлар арасындағы билiк жолындағы кескiлескен күрес ұзақ жылдарға созылды. Қазақтардың жоңғарларды «ата жау ымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екi мемлекеттiң арасындағы бақталас жанжалдың себебi шұрайлы мал жайылымдарына қызы ғушылық болатын.

1697 жылы Жоңғар хандығының басына жас әрi қуатты билеушi ЦеванРабтан келдi. Ол қысқа мерзiмнiң iшiнде өз хандығының әскери күшқуатын нығайтып алды. ЦеванРабтан өзiнiң билiкке


кiрiскен кезiн Қазақстанның аумағына басакөктеп кiрген шап қыншылықтан бастады. 1698 жылы 40 мың жауынгерi бар жоңғар әскерi Ұлы жүздiң көшiпқонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады. Қањарлы дұшпан қазақтардың көшiпқонып жүрген жерлерiне бұдан кейiнгi жылдарда да талай рет әскери жорықтарға шықты.

Жау әскерлерi өздерiнiң көптiгi мен әскеритехникалық жағы нан басымдығы арқасында Жетiсу жерiнiң бiр бөлiгiн басып алды, Жоңғар хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол ендi Қазақ хан дығына ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттерiне де қауiп төндiре бастады. Ресей империясы мен Қытай сияқты күштi мемле кеттерге де едәуiр қауiп төндiрдi.

6. Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйым дастыру әрекеттерi. Сыртқы жауларға қарсы тұру үшiн қазақтардың бүкiл үш жүзiнiң күш жiгерiн бiрiктiру өтемөте қажет болды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ халқының беделдi өкiлдерi жиынға шақырылды. Қазақ ақсүйек терiнiң құрылтайы Қарақұмда өткiзiлдi. Онда Бөгенбай батыр бастаған бүкiлқазақтық жа уынгерлiк жасақ құру жөнiнде шешiм қабыл данды. Құрылтайда Бөгенбай батыр жалын ды сөз сөйледi: «Таланған көштiң, тұтқындал ған балашағаның бейшара бақылаушысы


болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек,

қару ұстап өлемiз! Қыпшақ даласы сарбаз


Әбiлқайыр хан.


дарының жалтарған кезi болды ма?! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мiнер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорам сақ қаңырап бос қалып па?!» – дедi.

Жоңғарлар тарапынан күштi қауiпқатер төнiп келе жатқан сол бiр қиынқыстау жағдайда халық Әбiлқайыр ханға бүкiлхалық тық жауынгерлiк жасаққа жалпы басшылық етудi сенiп тапсырды. Бiрiккен қазақ жасақтары 1711 жылы жауға тойтарыс бердi. Жоң ғарлар шығысқа ығыстырылып тасталды.

1718 жылдың көктемiнде жоңғар әскерлерi Жетiсу жерiнен Арыс, Бөген, Шаян өзендерiнiң бойына, одан әрi Қазақ хандығының астанасы Түркiстан қаласына дейiн жорық жасады. Сол бiр күрделi де қатерлi қиынқыстау жағдайда қазақтар жалпы саны 30 мың адам дық әскер жинауға мүмкiндiк таба алды. Сөйтiп жоңғар әскерлерiн Оңтүстiк Қазақстанның едәуiр бөлiгiнен ығыстыра қуып шықты. Бiрақ жоңғарлардың тағы да шапқыншылық жорық жасауының қауiпқатерi сақталып қала бердi.

7. Қазақтардың қаружарағы. Көшпелiлер өздерiнiң қару жарағы болуын мәртебе санады. Мәселен, қаружарағы жоқ


 

XVIII ғасырдағы қазақтардың қаружарағы.

 

қазақтар құрылтай жиналысына жiберiлмедi. Gздерi туыпөскен кеңбайтақ даланың әр сүйем жерiн қорғап қалу жолында жиi жиi күреске шығуға тура келдi. Сондықтан да қаружарағы бар, оны шебер қолдана бiлетiн адамдарға деген құрмет жоғары едi. Қазақтарда рулықтайпалық жасақ құру дәстүрi де болған. Оны сол рудың басшылары басқарған. Ондай жасақтар негiзiнде жауынгерлiк қабiлетi күштi атты әскер түрiнде құрылатын. Дала ның әрбiр тұрғыны Отанға қауiп төнгенде, елiн қорғау үшiн қару жарағын асынып атқа қонды.

Әр рудың, әр тайпаның өз жауынгерлiк ұраны болатын. Әр адам бала кезiнен бастап ат құлағында ойнауға және қаружарақ түрлерiн шебер қолдануға жаттығатын. Аң аулауға шығу, дәс түрлi атспорт ойындары және басқа да жарыс түрлерi далалық тардың бойында ерекше жауынгерлiк қабiлеттердi қалыптасты ратын болған.

Қазақтар қаружарақтың найза, қылыш (семсер, наркескен, се лебе), садақ, айбалта, гүрзiшоқпар сияқты түртүрiн пайдаланған. Мүмкiндiгi неғұрлым мол жауынгерлер үстiне болат сымнан тоқылған сауыт, басына темiр дулыға киетiн. Қаружарақтар жасайтын темiр ұсталары далалықтардың құрметiне бөленетiн. Тiптi темiр ұстала рына табынатындар да болған. Қазақтар қайың шоқпарлар мен сойыл дарды да, бiлтемен от алатын мылтықтарды да қару ретiнде ұстай тын. Оқдәрi қолдан жасалатын, бiрақ оның сапасы төмен болатын. Дала тұрғындары мылтық пен оқдәрiнi Орта Азия хандықтарынан, кейкейде башқұрттар мен қалмақтардан сатып алатын. ХIХ ғасыр


дың екiншi жартысынан бастап садақ, найза, сүңгi, семсер, айбалта сияқты қарулар қолданудан бiртебiрте шыға бастады. Қазақтар ендiгi жерде оқ ататын қаруды көбiрек пайдаланатын болды.

8. Әскери әдетғұрыптар. Қазақтар әскери әдетғұрып жоралғы ларына елеулi мән беретiн. Ежелден келе жатқан әскери әдетғұрып тардың бiрi – алғадай. Соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар ал дында өздерiнiң батырларын жекпежек шайқасқа шығаратын. Онда жеңiлген жақтың аты мен қаружарағы олжаға алынатын. Ондай жекпежекке көбiнесе жас та ержүрек жауынгер шығарылатын. Ол атақты батырлардың бiрiнен бата алатын. Мiне, ержүрек сол жас жауынгер алғадай деп аталатын. Жауынгер жекпежекте тiрi қа латынын немесе ажалы жетiп өлетiнiн алдын ала ешқашан анық бiле алмайтын. Алғадайдың ең басты мiндетi – қарсылас жауының көзiн жою немесе ең болмағанның өзiнде, оны әбден титықтата әлсiрету болып табылатын. Қалыптасқан халық дәстүрi бойынша, алғадайға түсетiн жауынгердiң жаназасы оның көзi тiрi кезiнде шығарылып қойылатын.

 

1.

?
XVIII ғасырдың бас кезiндегi Қазақ хандығының iшкi жағдайына сипаттама берiңдер. 2. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейiн Қазақстанда қандай өзгерiстер болды? 3. Тап сол кезеңде қазақтарға ең қауiптi мемлекет қайсы едi? 4. Қазақтар жауларына төтеп беру үшiн қандай шаралар ұйымдас тырды? 5. Қазақтардың қаружарақ түрлерi қандай болғанын айтып берiңдер.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: