Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 6 глава




Осы бiр көшпелi мемлекеттiң негiзгi мiндетi Ресейдiң оңтүстiк тегi шептерiн көшпелi халықтардың, соның iшiнде қазақтардың да шабуылынан қорғау болатын. Едiл қалмақтары Ресей империясы ның көптеген басқыншылық жорықтарына белсене қатыса бастады. Аюке хан I Петр патшаның қолдауын ашықтанашық пайдаланды. Жақсы қаруланған және жауынгерлiк қабiлетi мол армия құр

ған қалмақтар қазақтарға туыс ноғайларды тасталқан етiп жеңдi. Қалмақтар башқұрттарды туыпөскен ежелгi атамекенiнен ығыс тырып, қуып шығу саясатын ұстанды. Олар Дағыстанға да, Ка бардаға да жорықтар жасап тұрды. Тiптi Қырым хандығына, Ос ман империясына және Францияға қарсы соғыстарға да қатыс ты. Қалмақтар оқтыноқтын кубаньдықтар мен қарақалпақтарға, түркiмендерге, қазақтарға да шабуыл жасап тұрды. Аюке шаруа лар мен казактар толқуларын және стрелецтер бас көтерулерiн басуға белсене қатысты. Сондықтан да I Петрдiң оған қылыш сый лауы кездейсоқтық емес едi.

2. Қазаққалмақ қарымқатынастарының қалыптасу ерекшелiк терi. Қазақтар мен Едiл қалмақтарының қарымқатынасы барынша қарамақайшы әрi шиеленiстi едi. Патша үкiметiне қарсы бiрлескен жорықтар жасаған кездер де болды. Әбiлқайыр хан Едiл қалмақтары ның билеушiлерiмен қыз алып, қыз берiсiп, әулеттiк құдалар болу ға әрекет жасап көрдi. Қазақтардың қалмақ жерiндегi мал жайы лымдарына өтуiнiң мүмкiндiгi туралы келiссөздер де жүргiзiлдi.


Сонымен қатар көшпелi екi көршi елдiң ашықтанашық өзара қақтығыстары мен өзара шабуылдары да жиiжиi болып тұрды. Он дай оқиғалар барымталап мал алып кетумен, тұтқындар алумен, ха лықты қырыпжоюмен жалғасатын. Мұның өзi Едiл қалмақтарының Жоңғарияда тұрған кезiнде басталған шиеленiстi қақтығыстардың жалғасы мен салдарлары болатын.

Әбiлқайыр 1723 жылғы қыркүйектiң бас кезiнде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерiн бастап, Едiл қалмақтары на жорық жасап қайтты. Аталмыш жорық жоңғар қалмақтары мен Едiл қалмақтарының арасында әскери одақты болдырмау мақсатын көздедi. 1726 жылы Әбiлқайыр 10 мың қол әскерiмен Едiл қалмақта рына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келiсiм жасасумен аяқталды.

Патша үкiметi бұл екi халықтың өзара қарымқатынасында Ре сейдiң билептөстеуiне қарсы қосыла қимыл жасауына жол бермеуге тырысып бақты. Тап осындай мақсат көздеген патша кейде бұл екi халықты бiрбiрiне өшiктiрiп, өзара қақтығыстарға айдап салып отыр ды. Сол кездегi үкiмет құжаттарының бiрiнде былай деп жазылған болатын: «Егер қалмақтар бiзге қарсы қандай да бiр қарсылық жасай қалатындай болса, онда оларға қарсы қырғыздырды (қазақтарды. – авт. ) және керiсiнше, қалмақтарды – оларға қарсы айдап салуымыз керек».

3. Қазақтардың 1771 жылғы «Шаңды жорыққа» қатысуы. ХVIII ғасырдың екiншi жартысында Қалмақ ұлыстарындағы әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдай әлдеқайда нашарлап кеттi. Патша үкiметiнiң қалмақ халқын отаршылық езгiмен қанауы күшейе түстi.

«Қалмақтардың құқықтары елеулi түрде шектелдi. Мал жайылымы жетiспедi. Қалмақтардың бiр бөлiгiне христиан дiнiн күштеп қабыл дату саясаты жүргiзiлдi. Олар Ресей армиясына жыл сайын әскери жасақтар берiп тұруға мiндеттi болды. Ресейдiң көптеген басқын шылық соғыстары кезiнде қыруар қалмақ қырылып қалды.

Қытай Жоңғария мемлекетiн тасталқан етiп жеңгеннен кейiн Едiл қалмақтарына олардың ежелгi атамекенi, тарихи отаны қаңы рап бос қалды деген хабар жеттi. Қалмақтардың арасында шығыста ғы отанына қайту жоспары пайда болды. Қалмақтарды ежелгi отаны на қайтару жөнiнде үгiт жүргiзудi Әмiрсананың жақын серiгi Шерен басқарды. 1770 жылдың күзiнде қалмақтар өздерiнiң атамекенiне қайтадан қоныс аударуы туралы Қытай өкiмет билiгiмен келiсiп ал ды. Едiл қалмақтарының бiр бөлiгi лама дiнбасыларының белсендi араласуымен Жоңғарияға қайта көшу жөнiндегi үгiтiне қатты илан ды. 1771 жылдың қаңтарында жалпы саны 180 мың адам болатын қалмақтар Қытайдың шебiне көшiп кетуге әрекет жасады. Едiлдiң оң жақ аймағында 60 мыңдай қалмақ қалды. Олар Едiлдiң сол жақ аймағына өте алмады. Gйткенi күн жылып, өзеннiң мұзы өте жұқа рып кеткен едi.


Қалмақтардың ұлы көшiнiң қозғалу бағыты тағы да Қазақстан аумағы арқылы өтетiн болды. Қалмақтар әмiршiсi Убаши көштi бастады. Қоныс аударушы қалмақтардың iсәрекетi патша үкiметiнiң жоспарына қарамақайшы келдi. Gйткенi ол салық төлеп отырған халықтың бiр бөлiгiнен айырылып қалды. Оның үстiне, қалмақтар дың үлгiсi өлкенiң өзге халықтарына келеңсiз әсер еттi. Жайық ка зактары қалмақтардың соңына түсiп, көштiң бетiн керi қайтарудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Орынбор казактары тарапынан да белсендi қимыл жасала қойған жоқ.

Мiне, тап сол кезде патша үкiметi, қазақтар мен қалмақтардың көптен берi созылып келе жатқан дәстүрлi өзара дұшпандық қарым қатынаста екендiгiн пайдалана қойды. Қалмақтар Жайық өзенiне жақындап келе бергенде Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы ханға олар қазақтарға шабуыл жасау үшiн келе жатыр деген хабар бердi. Оның үстiне, Неплюев қазақтарға патша үкiметiнiң атынан қалмақтарға қарсы шайқасқа шығып, қан майданда олжаға түскен қалмақтардың бүкiл дүниемүлкiне ие болу құқығына уәде бердi. Қазақтарға қойылған бiрденбiр шарт қалмақ көшiнiң бетiн бұрып, кешегi көшiпқонып жүрген жерiне қайтару болды. Тап осындай ұсынысты Орта жүз қазақтарына да жасады.

Қазақтардың мұндай ұсынысты зор ықыласпен қабылдады. Қал мақтардан олардың бұдан бұрынғы жасаған бүкiл шабуылдары үшiн барынша күшжiгер жұмсап, кек алу себебi әбден табиғи нәрсе едi. Кiшi жүз бен Орта жүздiң жерлерiн басып өтпек болған қалмақтар қазақтардың әскери жасақтарынан қатты соққы жедi. Қалмақтармен болған қанды шайқастарға iс жүзiнде қазақтардың хандары, сұлтан дары түгелдей дерлiк белсене қатысты. Қалмақтар, жауынгерлiк қабiлетi күштi 40 мың қолы бар әскерi болғанына қарамай, қазақ тардан үстiүстiне жеңiлiске ұшырады.

Қалмақтармен болған шайқастарға қазақтардың барлық жүздерiнiң жасақ тары қатысты. Қазақтар ата дұшпанның малын, мүлкiн олжалап, адамдарын тұтқынға алып қалумен болды.

Қазақтардың қалмақтармен ең iрi шайқасы Жем өзенiнiң бойында өттi. Балқаш көлiнiң жағасында да қанды қырғын болды. Қалмақтар Мойынты өзенiнiң бойына тоқтап, бiраз аялдамақ шы болып едi, бiрақ Абылай бастаған 50 мың адамдық жасақ әбден әлсiреп қажыған қалмақтарды қоршап алды.


Қалмақтарға Алатау қырғыздары да

ойсырата соққы бердi.


Тұтқындалған қалмақтар.

Суретшi Р. Қожағұлова.


Бұл орасан зор оқиға қазақ тарихында «Шаңды жорық» деген атпен қалды. Алыстағы Жоңғарияны армандаған қалмақтардың өз атамекенiне шағын бiр бөлiгi ғана жеттi. Олардың көпшiлiгi қазақтар мен шайқас кезiнде қаза тапты. Қалмақтардың Шыңжаңға аман жет кен қалдығы шағыншағын топтарға бөлiнiп, шекара күзетi қызметiне алынды. Соғыстың зардабын қазақтар да аз шеккен жоқ. Мыңмың даған қазақ сарбаздары қанды шайқастар болған майдан далаларын да қаза тапты. Олар өз Отанының тәуелсiздiгi, қазақ халқының бос тандығы жолында құрбан болды. Қазақ жауынгерлерi қалмақтардан олардың бұрынғы кездердегi жаугершiлiк шапқыншылығы үшiн кек қайтарды.

Gздерiнiң туыпөскен атамекенiн зұлым жаудан қорғауда ерлi гiмен аты шыққан батырлар халықтың есiнде мәңгi сақталып қал ды. Олар: Баян, Жәнiбек, Үйсiнбай, Байғозы, Елшiбек, Райымбек ба тырлар және басқалары. Шоқан Уәлиханов мынадай бiр жағдайды суреттеп жазады: «Даладағы үңгiрлердiң бiрiнде қалмақтар жай ғасады. Үңгiрдiң кiреберiсiнде алыстан оқ ататын мылтығы бар қалмақ мергенi отырады. Бiрнеше жауынгерi қаза тапқан қазақтар үңгiрдегi қалмақтарға таяу баруға жүрексiнедi. Осы кезде сiргелi руынан шыққан Елшiбек батыр суырыла алға шығып, жауға қарай желе жортып таяу келедi де, кенет атына қамшы басып, құйындата шауып жетедi. Қалмақтың мергенi атқан оқ босқа кетедi. Осы кезде қазақ батыры әбжiлдiк танытып, жау мергенiн қылышпен шауып өлтiредi».

4. Қазақтардың қалмақтарды жеңуiнiң тарихи маңызы. Жоңға рияға қайта көшiп бара жатқан Едiл қалмақтарымен болған «Шаңды жорық» кезiндегi шайқастарда қазақтар қол жеткiзген жеңiстiң тари хи маңызы зор болды. Қазақ халқы Едiл қалмақтарының тарапынан iс жүзiнде ұдайы жасалып келген жорықтар мен шабуылдан бiр жолата құтылды. Кiшi жүз қазақтарының Едiл мен Жайық арасында ғы бұрыннан көшiпқонып жүрген атамекенiне қайта қоныстануы ның үмiтi пайда болды. Қалмақтарға ойсырата соққы берудiң нәтижесiнде қазақтар Тарбағатай жерi мен Iле өзенiнiң бойын өзде рiнде сақтап қала алды.

Ақырында, қалмақтарға ендi ес жия алмайтындай етiп есеңгiрете соққы беру арқылы ұзақ жылдарға созылған жауынгер жоңғар қал мақтарымен арадағы жойқын соғыс аяқталды. Қазақтар ойрат тай паларының көп жылдар бойы жасаған шабуылдары мен жорықта ры үшiн олардан кек алды. Қалмақтармен соғыста қазақтар ке ремет табандылық танытты, батырлық пен бұқаралық жаппай ер лiктiң ғажайып үлгiлерiн көрсеттi. Сонымен қатар бұл сұрапыл со ғыс халықтар арасындағы жауласудың ешкiмге де ешқандай жақсы лық алып келмейтiнiн айқын көрсетiп бердi.


?
1. Қалмақ хандығының күшею үрдiсi қалай жүрдi? 2. Қазақтар мен қал мақтардың өзара қарымқатынасының ерекшелiктерi қандай болғаны туралы айтып берiңдер. 3. Патша үкiметi Едiл қалмақтарының алыстағы Жоң ғарияға қайта көшуiне неге қарсы болды? 4. «Шаңды жорық» туралы әңгiме леп берiңдер. 5. Қазақтардың әскери жасақтары «Шаңды жорықта» қандай

жеңiстерге жеттi және оның тарихи маңызы неде болды?

 

*
Ноғайлар – түркi тiлдес топқа жататын халық. Олар Солтүстiк Кавказда тұрды. XVII ғасырда Едiл мен Жайық арасында тұрған ноғайларды қал мақтар тасталқан етiп жеңген болатын. Ноғайлардың бiр бөлiгi қазақтармен араласып, бiржолата сiңiсiп кеттi, ендi бiр бөлiгi Солтүстiк Кавказға қоныс

аударды.

Далай лама – лама дiнiнiң басшысы.

 

Аюке хан (1642–1724) – Едiл бойындағы торғауытқалмақтардың ханы.

 

Жағдай қалмақтардың қаша көшуiне қолайлы қалыптасқан жоқ.

1770–1771 жылдың қысы жылы болды да, оңтүстiктегi өзендерде көпке дейiн мұз қата қоймады. 1771 жылғы 5 қаңтарда Убаши шамамен 30 000 үйлi қалмақты бастап ұзақ сапарға шықты. Едiлдiң оң жағында көшiп қонып жүрген қалмақтардың келуiн күтпедi. Қалмақтар Жайық өзенiне таяп қалғанда Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы ханға, қалмақтар сендердi, қазақтарды, шапқалы келе жатыр деп хабар бердi. Сондықтан да ол үкiметтiң атынан қалмақтарға қарсы соққы берудi ұсынды, соғыстан түскен олжаны түгелдей иемденуге рұқсат еттi. Бiрақ қалмақтардың iлгерi жылжуына мұрша бермей, Ресейге қарай керi қайтаруды қатты тапсырды. Тап осындай ұсынысты ол Орта жүздiң билеушiлерiне де жiбердi. Бұған Нұралы хан мен Абылай сұлтан тез келiстi де, Орынбор губернаторына орыс үкiметiнiң еркi мен қалауын толық әзiрлiкпен орындауға ықтияр екенiн жеткiзуге асықты әрi жорыққа аттанды. Қалмақтарға бiрiншi соқ қыны орал казак әскерлерi беруi тиiс едi. Бiрақ бұл кезде бұлардың өздерi де толқулы едi (Пугачев бүлiгiнiң алғашқы белгiлерi болатын). Сондықтан да олар қалмақтарды тоқтатып, бетiн керi бұру үшiн ештеңе де iстеген жоқ. Ал қырғыздар (қазақтар. – авт.) олай етпедi. Бiрақ олардың мұнысы Ресейге берiлгендiктiң белгiсi емес едi, әрине. Олардың ежелгi өз жауына деген ескi кегi болатын. А. Левшин былай деп жазды: «Кез келген қыр ғызқайсақ қалмақтармен шайқасқа түсуге, оларды аяусыз тонауға асық ты. Олар бiр айға жетержетпес уақыт iшiнде қаруланып шыға келдi. Жа йықтың бойынан басталып, Қытайдың шекарасына дейiн созылып жат қан кеңбайтақ даланың қай жерiнде болса да қалмақтардың келуiн асыға күтiп жүрген жауынгерлер толып кеттi. Қазақтар өздерiне қалмақтардың бұрын көрсеткен жәбiржапасы мен қорлығын былай қойғанда, жалпы шыққан тегi мен атын естiгендеақ оларды ата жауымыз деп санайды. Тiптi бұрын Хиуада хан болған, бiрақ өз қол астындағылардың қуып шығу ымен қазiр Кiшi жүзде тұрып жатқан Қайыптың өзi де орыс әскерлерiне барып қосылуға уәде бердi. Қырғыз (қазақ) даласының шығыс бөлiгiнде қалмақтарды Әбiлпейiз сұлтан (Әбiлмәмбет ханның ұлы) мен Ұлы жүздегi


Ералы сџлтан бастаѕан ќскери жасаћтар, аћыр аяѕында, bздерiнiѓ ћатыгез ћаталдыѕымен жќне ержљрек батылдыѕымен аты шыћћан таудаѕы ћара ћырѕыздар, яѕни буруттар да асыѕа кљтумен болды». Добромыслов А.И. Торѕай облысы. Тарихи очерк. – Орынбор: Торѕай облыстыћ басћармасыныѓ баспаханасы, 1901, 149–150-беттер.   1.Ћалмаћтардыѓ Жоѓѕарияѕа ћайта кbшуiне аймаћтыћ bкiмет билiгi ћалай ћарады? 2.Ћазаћтардыѓ Едiл бойы ћалмаћтарын талћандауѕа белсе- не ћатысуыныѓ себебiн ћалай тљсiндiруге болады? 3.Ћалмаћтардыѓ бџ- рынѕы тарихи отанына ћайтып оралуына ћазаћ билеушiлерi ћалай ћарады?

 

§8. АБЫЛАЙ ХАН БИЛIГI ТҰСЫНДАҒЫҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

XVIII ғасырдағы аса көрнектi қазақ билеушiлерiнiң бiрi Абылай хан болды. Ол өте күрделi қиын жағдайдың өзiнде Қазақ хандығы ның салыстырмалы түрдегi тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтасты ғын сақтай бiлдi.

1. Абылай – қазақ хандығының аса кHрнектi саяси және мемле кет қайраткерi. ХVIII ғасырдағы Қазақ хандығы билеушiлерiнiң бiрi Абылай өзiн аса көрнектi мемлекет қайраткерiне тән қасиеттерi жа ғынан көрсете бiлдi. Абылай хан өзiнiң бүкiл ғұмырын қазақ мемлекеттiлiгiн нығайту мен халықтың бiрлiгiн қамтамасыз ету iсiне арнады.

Абылай ханның өткен өмiр жолы оңай болған жоқ. Ол 1711 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келдi. Оның азан айтып қойылған аты Әбiлмансұр болатын. Бiрақ ол Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы бiлiм алды. Ол Шығыстың жетi тiлiн бiлдi. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзi шығарған 20дан астам күйi бар. Gзара бақталастық, алауыздық сал дарынан болған соғыстар кезiнде жастайынан

жетiм қалған едi. Он бес жасқа толған кезiнен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа бел сене қатысты.

Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене күшi зор едi. Заман дастары оны батылдығы, ержүректiгi және әбжiлдiгi үшiн қатты құрметтейтiн. Ол өз ғұмы рының ең соңғы күндерiне дейiн жауынгер лерiмен бiрге болды. Соғыста қолға түскен бар лық олжаны бөлiстi. Жаумен шайқастар кезiнде бiрнеше рет жаралы да болды.

Сөзге шебер әрi тапқыр едi. Gз замандаста


Абылай хан.


ры арасында сөзiне берiк, алғыр ойлы, барын


ша адал әрi әдiлдiгiмен көзге түсетiн. Керемет шешендiгiмен, қазақ тардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежiресiн өте жақ сы бiлетiндiгiмен ерекшеленетiн. Ол өз төңiрегiне халықтың құрметiне бөленген ең беделдi әрi адал адамдарды топтастырды.

Абылайдың аты халық арасына жиырма жасындаақ кеңiнен та нымал болды. Әбiлмәмбет ханның әскери жасағына кiрген ол бiр шайқастың кезiнде «Абылайлап» ұран тастап, жоңғар қалмақтары ның атақты батыры Шарышты жекпежек ұрыс үстiнде өлтiредi. Со дан кейiнақ ол Абылай деген жаңа атқа ие болып, қазақтардың арасында орасан зор бедел алды, сыйқұрметке бөлендi. Оған Орта жүздегi Арғын тайпасының Атығай атты iрi руына басшылық ету сенiп тапсырылды.

Сұлтан Абылай билiгiн нығайта түсуге және шекаралас елдер мен бейбiт қарымқатынас орнатуға ұмтылды. Осы мақсатпен ол көршi мемлекеттердiң ықпалды отбасыларының, сондайақ қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленiп, әулеттiк некеге отыруды көздедi.

2. Абылайдың iшкi саясаты. Абылайдың бүкiл iшкi саяси қызметi бiр орталықтан басқарылатын әрi ешкiмге тәуелсiз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексiз билiкке ие болды, оны халық қолдады. Ш. Уәлиханов былай деп жазады: «Қазақтардың аңызәңгiмелерiнде Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет иесi болып сана лады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз билiкке қолы жеткен жоқ. Ол рубасылар мен сұлтандардың өркөкiрек үстемдiгiне тыйым салды».

Абылай өзiнiң күшжiгерiн мына бағыттарға жұмсады. Бiрiн шiден, оның бiр орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәтi түстi. 1771 жылы ол Түркiстан қаласында қазақтың бүкiл үш жү зiнiң ханы болып жарияланды. Бұған жоңғарлар мен Едiл бойы қалмақтарын талқандаудағы орасан зор үлесi игi ықпал еттi.

Gзiнiң қол астындағы халықты неғұрлым жақсы басқару үшiн Абылай үш жүздiң әрқайсысына өзiнiң ұлдары мен жақын туыста рын билеушi етiп тағайындады. Мәселен, елдi оның атынан Жетiсуда Әдiл және Сүйiк сұлтандар, Орталық Қазақстанда – Қасым сұлтан, Ертiс бойы өңiрiнде – немере туысы Сұлтанбет сұлтан, Шығыс Қа зақстанда Әбiлмәмбеттiң ұлы Әбiлпейiз басқарды. Ханға оған шын берiлген қыруар көп төлеңгiттер де көмектесiп, қызмет еттi.

Екiншiден, ол сот билiгiн күшейте түстi. Сонымен қатар өз қызметiнде белгiлi қазақ билерiнiң, сондайақ атақты қазақ батыр ларының беделiне арқа сүйедi. Неғұрлым күштi, ықпалды саяси тұлға Абылайдың кеңесшiсi Бұқар жырау болды.

Үшiншiден, Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасын дағы өзара қырқыс, алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен ба

4—6903 49


рымта алуды тоқтатты. Ең соңында ол қазақтардың егiншiлiкпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсеттi. Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңiл бөлдi. Ол қазақ даласында темiр ұстаханаларын салудың бас тамашысы болды. Абылай хан ақынжырау, әншiкүйшiлер мен дiни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

3. Абылайдың Ресеймен қарымқатынасы. Абылайдың сыртқы саясаты өзiнiң икемдiлiгiмен әрi алыстан болжайтын көрегендiлiгi мен ерекшелендi. Абылайдың негiзгi сыртқы саяси қызметi Қазақ стан аумағының ешкiм қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарымқатына сында татутәттi көршiлiк саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемле кетiмен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Gз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерiнiң орынсыз талап тары мен әрекеттерiнен батыл қорғай бiлдi.

Ресейдiң қол астына өтудi қабыл алғанына қарамастан, ол iс жүзiнде Ресейге мүлде тәуелсiз iшкi және сыртқы саясат жүргiздi. 1759 жылы патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi Әбiлмәмбеттi тағынан тай дырып, оның орнына өзiнiң отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде еттi. Алайда ел арасында беделi зор әрi алыстан болжайтын көреген сұлтан бұл ұсынысты қабыл алмады. Gйткенi ол ұсыныс елдiң өз iшiнде қазақтардың бiрлiгiн ыдыратуға алып барып соқтыратын едi. Абылай Әбiлмәмбет хан қайтыс болғаннан кейiн ғана қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы бо луға келiсiм бердi. Патша үкiметi Абылайды бiр ғана Орта жүздiң ханы деп таныды. Бiрақ хан ант қабылдаудың және патшаның сенiм грамотасы мен тартутаралғыларын тапсырудың салтанат ты рәсiмiне барудан бас тартты. Gйткенi Абылай хан былай деп санады: менi билеушi хан етiп халық сайлады. Олай болса, орыс патшасының тағына тағзым етiп, ант беруге тiптi де мiндеттi емес пiн деп бiлдi.

4. Жоңғар хандығының әлсiреуi. Абылай өзiнiң негiзгi күш жiгерiн жоңғар шапқыншылығын әлсiретуге бағыттады. Бұл ретте Ресейдiң ықпалды әскери көмегi бола ма деген үмiтi ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбiт келiсiм жасағаннан кейiн барлық күшiн батысқа қарай бұрды. Сөйтiп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бiр iрi жорыққа шықты. Жоңғарлардың тұтқиылдан баса көктеп енуi салдарынан Абылай олардың қолдарына тұтқынға түсiп қалды. Абылай сұлтанды тұтқыннан босатып алудың сәтi Жоңғар мемлекетiмен бейбiт келiсiм жасалғаннан кейiн ғана түстi. Галдан Церенге жiберiлген майор Миллер елшiлiгi жоңғарларға ауызекi қоқанлоқы жасаумен, «жақсы көршi» болып тату тұруға тiлек бiлдiрумен ғана шектелдi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: