Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 14 глава





Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсақтүйек мәселелердi ғана қарайтын болды. Үкiметке қарсы әрекеттер жасау, кiсi өлтiру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты iстердi әскери сот қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүлiктiк талап сияқты iстер Ресей империясы шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негiзiнде қаралды. Орынбор әкiмшiлiгiне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегi қандастарына қарағанда әлдеқайда ауыр едi.

1844 жылы Кiшi жүз жерiндегi шекара шебiне жақын тұратын қазақтар үшiн қамқоршы деген қызмет пайда болды. Оның негiзгi мiндетi шекара шебiне жақын тұратын қазақтарды отырықшы орыс халқының озбырлығынан қорғау едi. Қамқоршы далалық қазақтар шекара шебiнен Ресейдiң iшкi жағына өтiп кеткен жағдайда ғана олардың құқықтарын қорғай алатын.

Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұ мыстарын жүргiзетiн бiрбiрден қазақ фельдшерi болды.

13. 1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгiзудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн отаршыл ниеттi пи ғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары өздерiнiң дәстүрлi мемлекеттiлiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiртебiрте Ресей империясының отарына айналды. Жар ғы жаңалықтары көшiқон шеңберiн тарылтты, еркiн көшу бостан дығы мүмкiн болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжым дар бiрбiрiмен мидай араласып кеттi. Бiр кездегi дамыған көшпелi мал шаруашылығы тұйыққа тiрелiп, күрт құлдырай бастады.

Патша үкiметi мемлекеттiк салықтың қатаң белгiленген мөлше рiн бекiттi. Елден жиналатын алымсалық шенеунiктiк аппарат пен әскери күштердi ұстауға қажеттi қаржы көзiне айналды. Патша үкi метiнiң бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан iрiктелген, айтқанды екi етпей орындайтын «тәртiптi аппарат» құруды одан әрi күшейте түстi. Олар бiртебiрте орыс шенеунiктерiне те ңестiрiлдi. Ендiгi жерде олар сыйақы мен шен алу үшiн қызмет етуге көштi. Оларды қызметке тағайындау да, қызметiнен алып тастау да Ресейдiң аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңiл күйiне тi келей байланысты болды.

Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеунiктерiнiң ықыласын сатып алу сияқты жиiркенiштi масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Немiс зерт теушiлерiнiң бiрi Ф.фон Шварц былай деп жазды: «Округ басшылары неғұрлым тиiмдi де пайдалы болыс лауазымын параны кiм көп берсе, соған сатудан тiптi де тартынбайды ». Сайлаудың мұндай сиқы бiр руды екiншi руға қарсы қойып, өзара өшiктiрдi. Әркiм өз руының адамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара


сүйек өкiлдерiнiң де қатысуына рұқсат етiлген кезде сұлтандар мен рубасыларының бiрбiрiне қарамақарсылығы күшейе түстi.

Округтiк приказдар империяның Қазақстан аумағындағы және Орта Азия иелiктерiндегi әскериотаршылдық әрекеттерiн одан әрi өршiтудiң әзiрлiк алаңдарына айналды. Сұлтандардың бiр бөлiгi, әсiресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезiнде ескерусiз қалған бөлiгi, патша үкiметiнiң реформаларына қарсы шықты. Ондай на разылықтардың бiрқатары қарулы көтерiлiске ұласты. Дегенмен де, ХIХ ғасырдың 20жылдарындағы реформалардың отаршылдық си паты мен мәнi күштi болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда саттықты, денсаулық сақтау iсiн және халыққа бiлiм берудi едәуiр дамытуға оң ықпалын тигiздi. Қазақтар әскери мiндеткерлiктен заңды тұрғыда босатылды. Ресей тұрғындарына қазақ даласына өз еркiмен қоныстануға тыйым салынды. Бұл Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру барысын жарты ғасырға жуық тежедi.

 

1.

?
Қазақстанда хан билiгiн жоюдың негiзгi себептерiн атаңдар. 2. «Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы» бойынша патша үкiметiнiң көздеген басты мақсаты қандай едi? 3. Қазақстанның солтүстiкшығыс аудандарындағы қазақ тарды басқарудың жаңа жүйесi туралы айтып берiңдер. 4. Округтерде лауа зымды қызметкерлердi сайлау қалай өткiзiлдi? 5. Округтiк приказдың атқар ған қызметi қандай болды? 6. Орта жүз қазақтары жаңа реформаларға сәйкес қандай мiндеттi қызмет түрлерiн атқарды? 7. Қазақ даласындағы шаруашы лық пен саудасаттық саласында қандай өзгерiстер орын алды? 8. Денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру саласында болған өзгерiстер туралы айтып берiңдер. 9. Сыртқы округтердiң ашылу барысы туралы не бiлесiңдер?

10. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» қандай ерекшелiктерi болды?

11. Дистанциялық бастықтар қызметiн енгiзудегi мақсат не едi? 12. 1844 жылы Орынбор қазақтарының өмiрiнде қандай өзгерiстер орнады? 13. Реформалар жүргiзудiң негiзгi салдары қандай болғанын атап шығыңдар. 14. Картаны пай далана отырып, округтiк приказдардың орналасқан жерiн және Кiшi жүздiң үш бөлiгiн атап көрсетiңдер.

лауазымды ћызмет иесi.

*
Болыс – әкiмшiлiкаумақтық бөлiк, сондайақ осы бөлiктi басқарушы

Дистанция – Кiшi жүз жерiндегi шекара шебi маңында тұратын қазақ тарды басқару үшiн құрылған әкiмшiлiк бiрлiк.

Керуен – алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлiк тiзбегi.

Баж салығы – мемлекеттiк органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрi.

Жарғы – белгiлi бiр ұйымның атқаруы тиiс қызметi туралы, оның құ қықтары мен мiндеттерi туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкiмшiлiк заңдарының жинағы.

Сперанский Михаил Михайлович (1772–1839) – орыстың белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi.

Эссен Петр Кириллович (1772–1844) – Орынбордың әскери губернаторы (1817–1829).


«Сiбiр әкiмшiлiгi орталықтың берген өкiмi бойынша, қазақ даласына

татарлардан агенттер (өкiлдер. – авт.) жiбердi. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екенiне қазақтардың көзiн жеткiзiп, кәмiл сенуiн қамтамасыз етуге тиiстi едi. Сөйтiп Қазан татарларынан iрiктелген молда лармен бiрге казактардың шағын жасақтары да жiберiлдi. 1824 жылы ал ғашқы болып, Қарқаралы және Көкшетау сыртқы округтерi ашылды. Содан кейiн 1831 жылы Аягөз округi, 1833 жылы Баянауыл, 1844 жылы Көкпектi сияқты басқа да округтер ашылды. Округтердi ашуға Қытай үкiметiнiң наразылығы көп кедергi келтiрдi. Содан кейiн көп ұзамайақ қытайлықтар жоңғарларды талқандап, қазақтар Жоңғария жерiнiң бiр бөлiгiне орналасып алды. Қытай боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жо ңғарлар жерiне орналасуына рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекiтiп бердi. Бiрақ ол үшiн қазақтардың Қытай үкiметiне жасақ (салық) төлеп тұруы тиiс екенi ескертiлдi, қазақтардың Пекинге депутация (елшiлер тобын. – авт.) жiберуiне рұқсат етiлдi...

Жаңа округтердiң ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара ала

уыз болуы өтемөте көмектестi. Олардың өзара дүрдараздығын Сiбiр әкiм шiлiгi жалмажан пайдалана қойды – округтер құруды қолдағандарға жәр демiн аямады. Gздерiнiң даулы болып жүрген мал жайылымдарын сақтап қалуды, тiптi жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ынта ықыласының күштiлiгi оларды жаңа округтердiң ашылуына келiсiм бе руге итермелеген ең басты себеп қана болып қойған жоқ, тiптi сонымен қатар ондай округтердiң ашылуына өтiнiш жасауға да түрткi болды. Орыс империясының қол астына өтудi қазақтардың қабыл алуына олардың ара сындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әр түрлi болыстардағы сұлтан дар арасындағы билiк үшiн жанталасқан алауыздықтар да ықпал еттi».

Коншин Н. Павлодардан Қарқаралыға дейiн//Қазақ этнографиясы бо йынша жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89–92беттер.

1. Алғашқы ашылған сыртқы округтердi атаңдар. 2. Округтердiң ашы

луына қандай жағдай кедергi келтiрдi? 3. Жаңа округтер ашылуының себептерi неде болды?

 

§17. АҚМОЛА БЕКIНIСIНIҢ САЛЫНУЫ

ХI–ХIII ғасырларда қазiргi Астананың шет аймағында қыпшақ тардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолда рының тоғысқан торабында едi. ХVI–ХVII ғасырларда бұл аймақта Тәуке ханның екiншi астанасы орналасты. Бұл қаланың атауы Ре сей картасына алғаш рет 1694 жылы енгiзiлдi. ХIХ ғасырдың 30 жылдарының бас кезiнде мұнда Ақмола сыртқы округi орталығы са лына бастады.

1. Жаңа округ ашуға әзiрлiк. 1824 жылы екi округтiк приказ – Көкшетау және Қарқаралы приказдары ашылды. Қаржы тапшылығы ның салдарынан өзге сыртқы округтердi ашу едәуiр кейiнге қалды рылған болатын. Бұл жағдай Қоңырқұлжа Құдаймендiұлы сұлтан бас таған жергiлiктi ақсүйектердi бейжай қалдыра алмады. Сұлтан өзi


нiң көшiпқонып жүретiн аймағында жаңа округ ашуды өтiнiп, Ом быға бiрнеше рет қолқа салып, өтiнiш жасады. Дербес Сiбiр корпу сы штабының бастығы генералмайор С.Б. Броневский өзiнiң Ом быға жолдаған рапортында: «Сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендiұлы бас қаратын Қарпық болысы Ақмола шатқалында округ ашуды сұрайды» деп жазды.

Сұлтанның қайтақайта жасаған өтiнiшi жаңа округтiң ашылу ын әлдеқайда жылдамдатты. Батыс Сiбiр генералгубернаторының бұйрығы бойынша Петропавл бекiнiсiнiң коменданты подполковник Ф.К. Шубин 1830 жылы жазда құрамында 200 казак отрядын бастап, қажеттi жүктерi мен азықтүлiк қоры тиелген керуенмен болашақ бекiнiс салынатын жаққа бет алды. Онымен әскерилер, картограф және топограф мамандар бiрге келдi. Экспедиция жаңа округтi ашу дың әкiмшiлiк және шаруашылық тұрғысынан алғандағы әзiрлiгiн жүзеге асыруға, сондайақ жергiлiктi аймақтың картасын жасауға тиiстi болатын.

Құрылыс салуға неғұрлым қолайлы жер деп Ақмола шатқалы таңдап алынды. Бұл шатқалды жергiлiктi халық ежелден ерекше құр мет тұтатын. Мұнда бекiнiс салудың бiрнеше бастыбасты себебi болды. Бiрiншiден, болашақ округ орталығына таяу жерде Есiлдегi жүк тиелген сауда керуендерi тоқтай алатын Қараөткел атты өткел бар едi. Екiншiден, өзеннiң екi өңiрiн алып жатқан шөбi шүйгiн мал жайылымы мен көк жасыл кең жазира қызықтырды. Үшiншiден, экс педиция мүшелерi отын етiп жағуға болатын талды тоғайға да назар аударды. Ақыр соңында, жаңа орын стратегиялық жағынан да қолай лы болып шықты. Gйткенi ол Орта жүздiң ең iрi рулары көшiп қонып жүретiн аймақтың қақ ортасында жатты.

Округтiк орталықтың алғашқы атауы көшпелi қазақтарға ежел ден белгiлi Ақмола болып аталды. Кейiнiрек орталық басқа орынға

ауысты. 1830 жылы ол болашақ округтiк приказ Есiлдiң оң жақ бетiне салына баста ды. Бiрақ оның алғашқы атауы сол күйiнде сақталып қалды.

2. Ақмола округтiк приказының ашылуы. 1832 жылы Ресей императоры I Николай сыртқы жаңа округтiң ашылуына рұқсат еттi. Жергiлiктi қазақ ақсүйектерi жаңа ок руг салынған орынды жазбаша түрде мақұл дап, қабыл алды. Ақмола сыртқы округiнiң ресми ашылуы 1832 жылғы 22 тамызда сал танатты жағдайда өткiзiлдi. Оған жергiлiктi халық өкiлдерi қатысты.


Аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендiұлы.


Округтiң аға сұлтаны болып осы аймақ

тағы ықпалды сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймен


дiұлы сайланды. Ол Орта жүздiң ханы болған Сәмекенiң шөбересi едi. Кейiнiрек бұл сұлтан патша үкiметiнiң отаршыл әкiмшiлiгiнiң алдында неғұрлым жоғары бедел алып, құрметке бөлендi. Онымен бәсекелес сұлтан Саржан Қасымұлы болатын. Бiрақ патша үкiметi нiң әкiмшiлiгi Қасым Абылайұлы балаларының қазақ даласында патша үкiметiнiң бекiнiстер салуына қарсы болған пiкiрiн ескердi. Саржан Қасымұлының кандидатурасын әуел бастанақ қабылда май қойды.

Аға сұлтан, болыс сұлтандары, старшындар, қазақ заседательдерi және билер патша үкiметiне адал болуға Құран ұстап ант берiстi. Салтанатты мереке түрлi сыйлықтар таратуға, мол дастарқан жайып, жаппай қонақ күтуге, бәйге жарысына ұласты.

Басқарудың жаңа тәртiбiн негiзiнен арғынның қарпық және алтай рулары мойындады. Олар Қ. Құдаймендiұлы сұлтанның қол астына қарайтын. Кейiнiрек оның ең жақын туғантуыстары, айнала төңiре гiндегi адамдар түгелдей дерлiк үкiметтiк наградаларға ұсынылды. Солай бола тұрса да отаршыл билiктiң қыпшақ пен шұбыртпалы ру ларының көптеген ауылдарын патша үкiметiнiң қол астына өтуге бет бұруын қамтамасыз етуге шамасы келмейақ қойды. Ал басқа рулардың, атап айтқанда, тарақтылар мен тамалардың бiр бөлiгi жаңадан құрылып жатқан округтiң құрамына кiруге мәжбүр бол ды. Бұл шара оларды казактардың жазалаушы отрядтары тарапы нан кездесетiн қарақшылық тонаудан, әр түрлi озбырлықтардың жа салуынан құтқарды. Gздерiнiң шұрайлы мал жайылымдарын сақ тап қалуына мүмкiндiк бердi. Бұл рулық бiрлестiктер кейiнiрек Кене сары Қасымұлы бастаған көтерiлiске белсене қатысты.

Көп ұзамай Ақмола бекiнiсi Орталық Қазақстандағы iрi әске риәкiмшiлiк және мәдени орталыққа айнала бастады. Округтегi қазақ халқынан жиналатын алымсалық осында жеткiзiлетiн болды. Сауда керуендерiнiң жүрiстұрысына да осы жерден бақылау жасал ды. Бұл бекiнiс келесi далалық округтердiң ашылуына әзiрлiк жаса латын орынға айналды.

Округтiк приказдың орталығында ағаштан құрастырылған мешiт салынды. Дiни мереке күндерi оған таяу маңдағы ауылдардың қазақ тары жиналып келетiн болды. Орта Азия көпестерi де осында намаз оқып, Аллаға құлшылық еттi. Ақмола мешiтiнiң жанында қазақ мед ресесi болды. Онда молда Қарабек Байбеков балаларға ислам iлiмiн үйреттi.

1845 жылы Ақмола бекiнiсiне Ащысу шекара шебiнен 100ге жу ық казактың отбасы көшiрiлдi. Олар Ақмола казак станицасын құр ды. Ақмола бекiнiсiнде пошта бөлiмшесi ашылды. Бұл жерден ақмо лалықтар өлке өмiрiндегi, сондайақ бүкiл империя аумағындағы соңғы жаңалықтарды бiлiп отырды.


3. Ақмола – аймақтағы iрi сауда орталығы. Ақмола бекiнiсi мал өнiмдерiн фабриказауыт бұйымдарына айырбас жасаудың дәстүрлi орталығына айналды. Қазақстанға Орта Азиядан шыққан керуен дер, Батыс Сiбiрдiң iшкi жақтағы қалаларынан жүк тиелген көлiктер келiп жеткен кезде, олар алдымен Ақмолаға қарай ағылатын бол ды. Бұл кезеңде Ақмолада айырбас сауда кең көлемде қыза түсетiн. Ақмола елдi мекенiнде Ресей және Орта Азия көпестерi үшiн қолайлы жағдайлар қалыптасты. Олар өздерiнiң алып келген тау арларын молынан сатты, жүк тасушылар мен керуен көлiктерiн оп оңай тапты. Петропавлдан шығып, Орта Азияға бет алған керуен дердiң iс жүзiнде Ақмолаға соқпай кетпейтiндерi жоқ едi. Ақмола ға Мәскеуден, Петербургтан, Төменгi Новгородтан, Iрбiттен, Ца рицыннан, сондайақ Орта Азияның көптеген қалаларынан алуан түрлi тауарлар жеткiзiлетiн.

Дала қазақтарымен жасалатын негiзгi сауда Петропавлдан бiрте

бiрте Ақмолаға ауыса бастады. Ақмола iрi сауда орталығына айнал ған едi. Мәселен, Батыс Сiбiрдiң генералгубернаторы 1851 жылғы жiберген есебiнде Ақмола станицасында жәрмеңке ашуға рұқсат сұрағанын, онда «қыруар көп керуендер келiп жататындықтан, жәр меңке ашудың қажеттiгiн және мұның өзi орасан зор пайда әкелетiнiн» атап көрсеткен.

1852 жылы Ақмола станицасында екi жәрмеңке ашылды. Оның бiреуi Константинов жәрмеңкесi жазда, ал екiншiсi Дмитриев жәрмеңкесi күзде жұмыс iстейтiн болды. 1865 жылы олардың жыл дық сауда айналымы шамамен бiр жарым миллион сомды құраған. Әсiресе Константинов жәрмеңкесi әйгiлi едi. ХIХ ғасырдың соңына қарай оның жылдық сауда айналымы 4 миллион сомға дейiн жеттi. Қала Ақмола, Атбасар және Қарқаралы уездерiн қажеттi та уарлармен қамтамасыз етiп тұрды. Жергiлiктi сауданы көпес Кубрин дер қадағалап отырды. Олар қалада көптеген дүкен ұстады. Қаланың төңiрегiнде жүзден астам жел диiрмендер, су диiрмендер, механика лық диiрмендер болды. Диiрмендердiң мұншалықты көп болу себебi қалалықтардың да, дала қазақтарының да ұнға деген сұранысының артуына байланысты едi. Ұнды қала арқылы өтiп жататын керуендер

де көптеп сатып алатын.

4. Ақмолаға қала мәртебесiнiң берiлуi. Қаланың қызу қарқынмен дамуы 1862 жылы Ақмоланы ресми түрде округтiк қала деп жария лануына жеткiздi.

Қала мен осы аймақтың тарихында бұдан маңызы тiптi де кем емес оқиғалардың бiрi 1868 жылы қаланың Ақмола уезi мен осы аттас аймақтың орталығына айналуы болды. Бiрақ аймақтық бас қарма мен барлық негiзгi деген бастыбасты мекемелер Омбы қала сында қалып қойды. Мұның екi түрлi себебi болды. Бiрiншiден, ше неунiктердiң бәрiн бiрдей көшiрiп әкелуге қаржы тапшылығы ке



 

Ақмола қаласы. ХIХ ғасырдың соңы.

 

дергi жасады. Екiншiден, Батыс Сiбiрдiң басшылығы аймақтық отар шылдық орталықты қазақ даласының қақ ортасына ауыстыруға ашықтанашық қарсылық бiлдiрдi. Сондықтан да облыстық орталық Омбы қаласында қала бердi. Ал аталмыш аймақ Ақмола деген атпен белгiлi болды.

Қаладағы реформа Ресейде жасалған өзгерiстердiң негiзгi бiр бөлiгi едi. Ол Ақмоланың өмiрiне де елеулi өзгерiстер ала келдi. Қалалық дума және оның атқарушы органы – қалалық басқарма құрылды. Думаның депутаттары төрт жылға сайланды. Бiрақ сайлау мүлiктiк ценз (шек қою) негiзiнде жасырын дауыспен өткiзiлдi. Қала лық дума мүшелерiнiң басым көпшiлiгi көпестердiң өкiлдерi болып шықты.

Ақмолада полиция басқармасы құрылды, қазақ балаларына арнал ған интернат ашылды. Қалада қазақтарға қарыз беретiн қаржы кас сасы пайда болды. Ол табиғи апат салдарынан жұт, ашаршылыққа душар болған дала тұрғындарына көмек көрсету, олардың шаруа шылық жағдайын жөндеп алуына жәрдемдесу және өнеркәсiптi да мыту мақсатын көздедi. Қаржы кассасынан ақша алу кезiнде ба


 

8—6903



сымдық құқық азықтүлiкке өтемөте мұқтаж қазақтарға берiлдi. Қарыз мөлшерi 10 сомнан 300 сомға дейiн жеткiзiлдi.

Уезд бастығы подполковник Троицкийдiң тiкелей күшжiгер жұмсауымен қалалық бақ отырғызылды. Қала жыл сайын жасыл желекке бөленiп, абаттана түстi. Бiрақ тас төселген, асфальт салы нған жолдардың жоқтығы көктемнiң жауындышашынды кезiнде жаяу адамдардың қалада жүрiптұруын өтемөте қиындатты. Көшеге кейде керосин шамдар жарық түсiрiп тұрды.

ХХ ғасырдың бас кезiнде Ақмолада дәрiхана, екi шiркеу, бiр мешiт, қалалық үш сыныптық училище, екi бастауыш мектеп болды. Қала тұрғындары Пушкин атындағы қалалық көпшiлiк кiтапханасының қызметiн кеңiнен пайдаланды. Оның кiтап қоры, негiзiнен көркем әдеби шығармалардан тұрды. Ақмола қаласының маңында төменгi деңгейдегi ауыл шаруашылық мектебi, оның тәжiрибе жасайтын ала ңы мен баубақшасы болды.

Қалада өнеркәсiп дами бастады. Сабын қайнататын, терi илей тiн, май шайқайтын, сыра ашытатын және тәттi тоқаш пен нан пiсiретiн зауыттар, сондайақ көптеген темiр ұстаханалары мен диiрмендер жұмыс iстедi.

5. Қала халқы санының Hсуi. Қала халқының саны бiртебiрте өсе түстi. Қалалықтардың саны шаруалардың ағылып келуiне байла нысты елеулi түрде өстi. 1882 жылдан бастап Ақмолаға саяси жер аударылғандар да келе бастады. Мәселен, әр жылдары М. Кутнев ский, П. Румянцев, Б. Ендрушек, Ф. Иваницкий, А. Богомолец, А. Уфим цев және басқалары, барлығы 50ден астам саяси жер аударылып келгендер, өз мерзiмдерiн осы қалада өтеп қайтты. Олардың қай қайсысы да талантты әрi дарынды жандар болатын. Мәселен, А. Уфимцев белгiлi өнертапқыш әрi авиаконструктор едi.

1914 жылы қала тұрғындарының саны 16,5 мың адамға жуықтады. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Ақмола Қа зақстанның әлеуметтiкэкономикалық және мәдени тұрғыдан алған да iрi орталықтарының бiрi болуға лайықты екенiн көрсеттi. Орыстың көрнектi ғалымы және қоғам қайраткерi Г.Н. Потанин Қараөткелде (қазiргi Астанада) қазақтардың астанасы болатынын, онда дербес жоғары оқу орны ашылатын күндi кездейсоқ армандамаған болуы



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: