Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 16 глава




ХVIII–ХIХ ғасырлардағы казакорыс қатынастары. Алматы, 1964, 280–282беттер.

 

1. Бөкей хандығында қандай күрделi жағдай қалыптасқан едi? 2. Құжат авторы қалыптасқан жағдайды қалай суреттейдi?

 

§19. ҚАЗАҚСТАНДА ОТАРШЫЛДЫҚ ЕЗГIНIҢ КҮШЕЮI

Патша үкiметi ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық iсәрекеттерiн күшейте түстi. Мұның өзi, ең алдымен, қазақтардың жерiн тартып алудан айқын көрiндi. Жердi барынша ауқымды көлемде тартып алу Елек өзенi аймағында, Ор және Троицк әскери бекiнiстерiнiң аралығында орын алды.

1. Жаңаелек шебiнiң құрылуы (1810–1822 жылдар). Патша үкiметi Елек өзенiнiң бойындағы Кiшi жүз қазақтарының жерiн тартып алды. Жаңадан құрылған шекара шебiнiң Жаңаелек деп аталуының себебi де, мiне, осында жатыр едi. Кiшi жүз қазақтарының мұндағы жер лерiн тартып алудың ресми сылтауы тұз тасылатын күре жолдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету деп түсiндiрiлдi. Бұл аймақ ежелден берi тама және табын рулары көшiпқонып жүретiн дәстүрлi мал жайылымы болатын. Олар мұнда тұз өндiрумен айналысатын, шөбi шүйгiн жайылымдарды пайдаланатын. Бұл өңiрдегi көлдердiң суы мен батпағының науқастарға шипа болатын қасиетi бар едi. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдағы орыс зерттеушiлерiнiң бiрi И.С. Хохлов бы лай деп жазды: «Бұл аймаққа орыстар келмей тұрыпақ көп бұрын жаздыкүндерi қырғыздар (қазақтар. – авт.) Електiң тұзды көлдерiне


Тұз өндiру.

 

түсiп, шомылып жататын, оның тұзды суының толып жатқан ауруға шипа болар қасиетi бар деп бiлетiн».

Әрi әлсiз, әрi патша үкiметiнiң жергiлiктi өкiмет органдарының қатаң бақылауындағы хан билiгi Ресей империясы тарапынан қазақ тардың жерiн тартып алу әрекеттерiне қарсылық жасай алмады. 1810 жылы патша үкiметi Жаңаелек шебiн жасауға кiрiстi. Мұның өзi ше кара шебiн қазақ даласының iшкi жағына қарай тереңдете жылжыту арқылы жүргiзiлдi. Сөйтiп ол Жайық, Елек, Құралай және Бердянка өзендерi аралығын қамтыды. Қазақтардың 600 мың десятинаға жуық жерi патша үкiметiнiң пайдасына межелеп бөлiп берiлдi. Бұл жер телiмi Кiшi жүз қазақтарының ең тамаша шұрайлы жайылымдары болатын. Жаңаелек шекара шебiнiң құрылысы 1822 жылы аяқталды. Қазақтар ол жерлерден күшпен ығыстырылды. Ол жерлердiң бұрын ғы заңды иелерiнiң бұдан былай тұз өндiру еркiндiгi де күрт шектелдi. Елек өзенiнiң бойында Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Кө

мiрлi, Вятлянская және Бердянская сияқты бекiнiсқорғандардың

негiзi қаланды. Олардың төңiрегiне айналдырыла ор қазылды, кедер гiлi жал тұрғызылды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казактар қоныстандырылды. Ол жерлерге сонымен қатар жер аударылып келгендер мен Ресейдiң iшкi аудандарынан қоныс аудар ған шаруалар да орналастырылды. Олар кейiннен казактар тобы на көшiрiлдi.

2. Жоламан Тiленшiұлы бастаған кHтерiлiс (1822–1825). Жаңа елек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерiнiң на разылығын ашық бiлдiрдi. Олар Орынбор генералгубернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнiнде талай рет өтiнiш жасады. Бiрақ ол өтiнiштердiң орындалуына үзiлдiкесiлдi тыйым салынумен болды. Мұның өзi төзiмi таусылған жергiлiктi қазақтарды ашықтанашық қарулы көтерiлiске шығуға итермеледi.


1822 жылы табын руының батыры әрi биi Жоламан Тiленшiұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзенi бойындағы жерлердi қайтарып алу жолындағы күреске басшылық еттi.

Жоламан батыр атақты Бөкенбай батырдың немересi болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар едi. Олар батырдың сенiмдi тiрегiне айналды. Ашуызаға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келiп қосылды. Жоламан батыр өзiнiң қол астына 3 мыңға жуық көтерiлiсшiнi топтастырды. Жаңадан құрылған шекара шебiне күштi шабуылдар жасала бастады. Көтерiлiске шық қан қазақтар казактардың станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлерi мен шөбiн өртедi, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкеттi. Сондайақ олар патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне бүйректерi бұратын қазақ ауылдарына да шабуыл жасап жүрдi. Ондай шабу ылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбiр шабуылдан кейiн көтерi лiсшiлер өздерiнiң соңында өртке оранған станицалар мен ауылдар ды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауына сiңiп, бой тасалап кете тiн. Мұның өзi патша үкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң көтерiлiсшi лерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. ХIХ ғасырдың орта кезiнде Орынбор өлкесiн зерттеушiлердiң бiрi И.Ф. Бларамберг былай деп атап көрсеткен болатын: «Казактар Елек бойындағы құнарлы жерлердi тартып алу үшiн өздерiнiң қанын төгуге мәжбүр болды. Ол жерлердiң байырғы иелерi өз батырларының бастауымен жиналып келiп, топто бымен кескiлескен шайқасқа түстi, олар өздерiнiң атабабалары көшiп қонып жүрген жерлерден айырылғаннан гөрi кiндiк кескен жерi үшiн өмiрлерiн қиғанды артық санады».

Кiшi жүздiң ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебi айма

ғындағы толқуды басуға дәрменсiз болды. Көтерiлiстi басу үшiн құ рамында 500 Орынбор казагы, екi зеңбiрегi бар жазалаушы экспеди ция жiберiлдi. 1825 жылдың көктемiнде жазалаушы экспедиция Бұл дырты, Шиелi және Тамды өзендерiнiң бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, оларды аяусыз қырыпжойды. Көтерi лiсшiлер аянбай қарсылық көрсеттi, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезiнде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың қатарында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесiне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегi жағдай адам төзгiсiз ауыр болды. Көп адам ауырып өлдi. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сiбiрге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтерiлiс жетекшiсi патша үкiмiне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды.

1835 жылы көтерiлiс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және

Троицк бекiнiстерiнiң арасындағы кеңбайтақ жердi Ресей империя сының қазақтардан тартып алуына тiкелей байланысты болды. Көте рiлiс жасаушыларға Кiшi жүз бен Орта жүздiң жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара ше


бiндегi бекiнiстерге жүйелi түрде шабуыл жасап тұрды. Көтерiлiске тағы да Жоламан батыр басшылық еттi. Кейiнiрек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлiсiне барып қосылды.

Жоламан Тiленшiұлы бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қар сы сипаты басым болды. Көтерiлiстiң әр жерде шашыраңқы жүруi мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңiлiске ұшырауына жеткiздi. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуат ты көтерiлiстiң пiсiпжетiлуiне елеулi ықпал еттi.

3. Жаңашеп аймағының құрылуы (1835). Жаңаелек шекара шебiндегi бекiнiстердiң құрылысы аяқталғаннан кейiн 1835 жылғы 5 наурызда Министрлер Кабинетiнiң «Орынбор губерниясының қыр ғыз (қазақ. – авт .) даласымен шекарасында жаңа шекара шебiн құру туралы» Ережесi бекiтiлдi. Бұл Ереже бойынша Ор және Троицк бекiнiстерi аралығында өтетiн Орынбор шекаралық шебi қазақ даласының iшкi жағына қарай iлгерi жылжытылды. Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерiнен айырылып шыға келдi. Мұның өзi көлемi жағынан бүкiл Орынбор губерниясының төрт тен бiрiне тең едi.

Жаңа және ескi шекаралық шептер арасындағы аумаққа казак тарды орналастыруға бұйрық берiлдi. Казактарға қолайлы болуы үшiн жаңа шекара шебiнiң өн бойында енi 15 шақырым келетiн ал қап Орынбор казак әскерлерiнiң меншiгi ретiнде бөлiп берiлдi. Ал қалған жерлер мемлекет меншiгiне өтуi тиiс делiндi. Жаңа аумаққа орналасқан халық тағы да әскерилер мен казактар болып шықты.

Жаңа Ережеге сәйкес қазақтар жаңа шекара шебiнiң сыртқы жағына көшуге тиiс болды. Gздерiнiң бұрынғы атақоныстарынан айырылмау үшiн олар неше түрлi айлашарғылар жасауға дейiн бар ды. Мәселен, бiзге Кенесары Қасымұлы жасақтарының шабуылы мен озбырлығынан құтылу қиын болады деген шағым айтты. Осын дай қыруар көп шағым айтылып, өтiнiш жасалғаннан кейiн Орынбор өлкесiнiң басшылығы қазақтарды қоныстарында уақытша қала тұру ына рұқсат еттi. Бiрақ бұрынғы өз жерлерiн өздерi жалға алып, ақы төлеп тұратын болды.

Жаңа шекара шебiндегi аймақтар ең бiр құнарлы да шұрайлы жерлер болатын. Онда күнi кешеге дейiн қыпшақтар мен жағалбай лы руларының 12 мыңға тарта отбасы көшiпқонып жүретiн. Бұл қоныстан ығыстырылған қазақтар кейiнiрек Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiске белсене қатысты.

Қазақ даласына қарай iлгерi жылжытылған шекара шебiнде Им ператорское, Наследницкое, Константиновское, Николаевское және Михайловское бекiнiстерi алғашқы жылдың өзiндеақ тұрғызылды. Жаңа шекара шебiнде Орынбор казактары мен 9 және 10 кантон дардағы башқұрттардан тосқауылшы күзетшiлер қойылды. Патша үкiметi бұдан кейiн де қазақ жерiн басып алуын тоқтатпады. Жаңа


шекара шебi бiрқатар станицалар мен поселкелер тұсынан қазақ даласының iшкi жағына қарай тағы да 5–8 шақырым жылжытылды.

Жаңа шекара шебi аймағында қазақтардың уақытша тұруына рұқсат етiлгенiмен де, олардың саны бiртебiрте арта бердi. 1855 жылы ондағы қазақтардың саны 28 мың адамға жақын болған едi, ал 1891 жылы – 50 мыңға жеттi.

Қазақтардың жерiн тартып алудың ауыр зардаптары болды. Қа зақ халқы кедейленiп, қайыршылана түстi. Егер бұрын үй басы сайын түтiн салығын төлеп келсе, ендi ежелгi өз жерлерiн өздерi жалға алып пайдаланғаны үшiн тағы да қосымша алымсалық төлейтiн бол ды. Оның үстiне, олардың уақытша тұратындығы да толып жатқан қолайсыздықтар тудырды. Жалға жер алған қазақтар өздерiн қашан қуып жiберерiн бiлмей алаңдаумен отырды.

4. Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы – қазақ халқының ұлтазаттық қозғалысының жетекшiлерi. Патша үкiметiнiң қазақтар дың байырғы дәстүрлi қоныстарын үстiүстiне тартып алуы, Қазақ стан аумағында әскери бекiнiстердiң көптеп салынуы, хан билiгiнiң жойылуы, мiне, мұның бәрi де отаршылдыққа қарсы қозғалыстың тууына алып келдi.

Бұл қозғалысты Абылайдың отыз ұлының ең кенжесi Қасым сұл тан бастаған болатын. Әкесiмен бiрге отаршылдық езгiге қарсы оның балалары Саржан, Есенгелдi, Ағатай, Кенесары және Наурызбай атқа қонды. Қасымның 12 ұлы бар едi. Оның әрқайсысының өзiнде 500 үйге тарта төлеңгiттерi болатын.

1825–1826 жылдары Қасым Сiбiр және Орынбор аймақтық өкi мет орындарына ашуызаға толы хаттар жазып, округтiк приказдар ды таратуды талап еттi. Сұлтан қазақтардың кеңбайтақ дала төсiнде ұзаққа көшiп кету мүмкiндiгi бар екенiн де ескерттi. Сонымен қатар ол Ресеймен татутәттi бейбiт көршi болуды қалайтынын да атап көрсеттi.

Приказдардың салынуына қарсы болған сұлтандар қайтыс болған Уәли ханның үлкен ұлы Ғұбайдуллаға үлкен үмiт артты. Ол батыл әрекеттер жасайтын шығар деп күткен едi. Тiптi Орта жүздiң кейбiр рулары оны хан сайлап та қойды. Мiне, осы жағдайда патша үкiметi оны Көкшетау округiнiң аға сұлтаны етiп бекiттi.

Қалыптасқан бұл жағдайды пайдаланып, Ғұбайдулла сұлтан хан дық билiктi қайта орнатудың қажет екендiгi туралы шешiм қабылда ды. Осы мақсатты көздеген Ғұбайдулла қытайлықтармен диплома тиялық қатынас орнатты. Баянауыл таулары аймағында қытайлық тармен кездесу өткiзуге әрекет жасады. Қытай императорының деле гациясы 600 қарулы солдатымен, Ғұбайдулланы хан сайлап қайтуға тырысты. Бiрақ олай етудiң сәтi түспедi. Патша үкiметiнiң жүзбасы Карбышев бастаған қарулы жасағы жол тосып жүрiп, қытай өкiлдiгiн де, Ғұбайдулла сұлтанды да қолға түсiредi. Ғұбайдулла бұдан кейiн


де Қытайға делегация жiберуге әрекет жасады. Бiрақ бұл жолы Қы тай үкiметi оның ұсынысынан бас тартты. Gйткенi Қытай Ресеймен қарымқатынасын бұзуды қаламады. Ғұбайдулла Тобыл губерния сындағы Березов қаласына жер аударылды. Ол қала саяси сенiмсiз және қылмыс жасаған қазақтар жер аударылатын дәстүрлi орын болатын. Ғұбайдулла сол жер аударылғаннан 1840 жылы ғана қайтып оралды.

1825 жылдың көктемiнде Ресей империясының отаршылдық езгi сiне қарсы қозғалысты Қарқаралы округi қазақтарының басқару шысұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрiберi өткен керуен дерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көштi. 1826 жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкiметiнiң әскерлерiне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келдi. Алайда олар жеңiлiп қал ды. Саржан Кiшi жүз қазақтарының арасына көшiп кетуге мәжбүр болды.

1831 жылдың орта кезiнде патша үкiметiнiң құрамында 500 сол даты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кеттi. 450 бейбiт тұрғын қаза тапты. Ондаған адам тұтқынға алынды. Кейiнiрек патша үкiметiнiң әскерлерi тықсырып, тиiсе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшiп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегiнен үмiттендi. Бiрақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екi арада шиеленiстi оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттiң билеушiлерi Саржанды және оның бауыр лары Ержан мен Есенгелдiнi Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтiрдi. Ал 1840 жылы олардың әкесi Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.

5. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi және тарихи маңызы. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерiлiс жеңi лiспен аяқталды. Gйткенi олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерiлiсшiлер патша үкiме тiнiң жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлiмшелерiне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бұл көтерiлiстiң қазақ халқының ұлтазат тық күресi тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлтазаттық көтерiлiсiнiң басталуына негiз қалады.

 

?
1. Елек өзенi аймағындағы қазақтардың ежелгi жерлерiн патша үкiметi қай жылы жаппай тартып ала бастады? 2. Жоламан Тiленшiұлы бастаған көтерiлiс туралы айтыңдар. 3. Ор және Троицк бекiнiстерi аймағындағы ше кара шебiн қазақ даласының iшкi жағына қарай жылжыту үрдiсi қалай жүрдi?

4. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарындағы Орта жүз қазақтарының Ресей империясының отаршылдығына қарсы қозғалысын кiмдер басқарды? 5. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарындағы көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен тарихи маңызын атап шығыңдар. 6. Оқулықтың материалдарын пайдалана отырып, төмендегi кестенi толтырыңдар:


Құрылған шекаралық шептер Құрылған жылдары Қазақтардан тартып алын ған жер аумағы Қазақ халқының тағдыры қандай болды (күштеп көшiру, жердi жалға беру)
Жаңаелек      
Жаңашеп      

 

 

*
Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемi.

Кантон – Башқұртстандағы 1917 жылға дейiнгi әкiмшiлiкаумақтық бiрлiк.

Шерғазы (Серғазы) Айшуақұлы – Кiшi жүздiң ханы. 1812–1824 жылдары билiк еттi. 1835 жылы қайтыс болды.

 

Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтiк приказын жоюды өтiнiп жазған хаты. 1825 жылғы 24 маусым.

]тiнiш

«Менiң ордамдағы халықтың арасында тыныштықтың кеткенiн және мұның өзi менi қатты алаңдатып, ренжiтiп отырғанын, мәртебелi тақсыр, Сiздiң назарыңызға жеткiзiп, хабарлауды өзiмнiң борышым деп санаймын. Оның үстiне, Омбыдағы генерал Капцевич мырза қырғызқайсақ даласына қарайтын Көкшетау қаласында мекеме ашып, бiздiң сұлтандарымыз бен старшындарымызды сонда ерiксiз түрде шақыртып алып, олардың намы сына тиетiн мәжiлiстер өткiзiп жүр. Бiздiң сұлтандарымыз бен старшын дарымыз бастаған ордалықтар бұған келiспейдi, ондағы сот орындары мекемесiнiң болуына қарсы. Gйткенi Абылай ханға адал адамдардың еш қайсысы да мұндай мекеме орындарын ашуды ешқашан сұраған емес. Ал Омбы генералы мархабатты император тақсырға өз бетiнше кiрiп, осындай сот орындары мекемелерiн ашуды Абылайға адал адамдардың, сұлтандар мен старшындардың өздерi сұрады және оның мәжiлiстерiне қатысуға ықылас бiлдiрдi деп өтiрiк айтып, өте әдiлетсiз әрi дұрыс емес мәлiмдеме жасаған. Бiз император тақсырға өтiнiшiмiздi жолдаған едiк, бiрақ оны Сiбiр арқылы жiбермей қойғаны бiзге жақсы мәлiм болып отыр... Осы себептерге байланысты қарамағымдағы сұлтандарым мен ордалықтарым, барлығымыз Жоғары мәртебелi ұлы тақсырдан бiздiң бұдан былай да менiң әкем Абылайдың тұсындағыдай, яғни өзiмiздiң ежелгi дәстүрлi әдет ғұрыптарымыз бойынша өмiр сүре беруiмiзге рұқсат етудi өтiнiп сұрай мыз... Бiз жоғарыда айтылған мекеме орындарының құрылуымен келiсе алмаймыз және ондағы мәжiлiстерге қатысқымыз да келмейдi...»

Қазақстанның саяси құрылымының тарихы жөнiндегi материалдар.

Алматы, 1960, 1том, 197бет.

1. Қасым сұлтан өзiнiң хатында қандай талаптар қойып отыр? 2. Ол әскери бекiнiстердiң салынуына неге қарсы шықты? 3. Сендер қалай ойлайсыңдар: Қасым сұлтанның бұл хатты Батыс Сiбiр генералгуберна торына емес, Орынбор губернаторына жолдауының себебi неде?


§20–21. 1837–1847 ЖЫЛДАРДАҒЫКЕНЕСАРЫҚАСЫМҰЛЫБАСТАҒАН ҰЛТАЗАТТЫҚ К]ТЕРIЛIС

Қазақтардың патша үкiметiне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерiлiстерiнiң бiрi 1837–1847 жылдары Кенеса ры Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалысы болды.

1. КHтерiлiстiң себептерi, мақсаты және қозғаушы күштерi. ХIХ ғасырдың 20–30жылдарында отаршыл өкiмет билiгi мен қазақ хал қының арасындағы қарымқатынас елеулi түрде шиеленiсе түстi. Кiшi жүз бен Орта жүздегi хан билiгiнiң жойылуы сұлтандардың, билердiң және батырлардың едәуiр бөлiгiнiң наразылығын туғыз ды. Патша үкiметi қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлi жерлерiн әскери бекiнiстер салу үшiн жаппай тартып ала бастады. Бұрын Ресейге ешқандай алымсалық төлеп көрмеген қазақтарға ендiгi жерде жасақ, түтiн салығы, жол салығы сияқты алымсалық түрлерi көбейе түстi. Қазақ өз жерiн өзi жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Патша үкiметiнiң әскери отрядтары қазақ ауыл дарына шабуыл жасап, күн көрсетпедi. Осының бәрi байырғы жергiлiктi халықты (номадтарды) қатты күйзелiске ұшыратты, олар дың күн көрiсiн қиындатып жiбердi.

Көтерiлiстiң басты мақсаты қазақтардың патша үкiметi тартып алған ежелгi аумағын өздерiне қайтарып алу, округтердi тарату, отаршылар енгiзген алымсалықтарды жою едi.

Көтерiлiстiң қозғаушы күшi қатардағы қарапайым көшпелiлер, сондайақ старшындар мен би, батырлар, тiптi сұлтандар да болды. Көтерiсшiлердiң қалың қолына үш жүздiң атақты батырлары же текшiлiк еттi.

Көтерiлiске қатысушылар негiзiнен қазақ халқы едi. Бiрақ олар дың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрiкмен, тiптi поляктар және басқа халық өкiлдерi де болды. Олардың кей бiреулерi ханның ерекше сенiмi мен құрметiне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есiмдi орыс едi. Татар Әлiм Ягудин Әскери кеңестiң мүшесi болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбек Сейдаққожа Оспанов басшылық еттi. Бұлардың бәрi де Кене сарыға жақсы ұйымдастырылған тәртiптi әскер құруына көмектестi және көтерiлiсшiлерге өздерiнiң жеке тәжiрибелерiн үйреттi.

2. Кенесары Қасымұлы – қањарман батыр, қолбасшы, дипломат, аса кHрнектi мемлекет қайраткерi. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс басталды. Ол Қазақстандағы iрi көтерiлiстердiң бiрi едi. Оған үш жүздiң қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих


 

9—6903



 



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: