Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 36 глава




Қазақстанда қыз балаларға бiлiм берудiң басталуы да Ы. Алтын сариннiң есiмiмен байланысты. Аса көрнектi халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бiрнеше мектеп ашылды. Ол мектептердiң жанында интернаты болды. Ы. Алтынсарин мектептi халық ағарту iсiнiң маңызды буыны санады.


3. Ы. Алтынсариннiң экономикалық кHзқарасы. Ы. Алтынсарин жанжақты бiлiмдi адам болды. Бiлiмдi адам ретiнде ол прогрес ке, бiлiмге ұмтылудың қазақ халқы үшiн қаншалықты зор маңы зы бар екенiн айқын көре бiлдi. Ол қазақтардың арасында ағар тушылық жұмыстарын жүргiзiп, темiр жолдар мен электр қуаты ның, егiншiлiк кәсiбiнiң, телеграфтың және әр түрлi қолөнердiң пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономи калық дамуы үшiн қажеттi мамандар даярлауға ерекше мән бердi. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерiн ашуға да көп күшжiгер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкiлдерiмен кездесу кезiнде қолөнер кәсiбi, баубақша егу, мал өсiру және диқаншылық жөнiнде жазылған оқу құралдарын табу ға көмектесулерiн өтiндi.

Ол қазақ жастарына терi илеу, сабын қайнату, май шайқау және

кiрпiш күйдiру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондайақ ағаш ұсталығы, темiр жону, слесарьлық кәсiпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудiң және зиянды жәндiктерге қарсы қалай күресудiң тәсiлдерiн үйретуге тiкелей өзi де қатысып жүрдi. Gзiнiң очерктер мен ауызекi әңгiмелерiнде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбексүйгiштiкке, уақытты бос қа өткiзуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға баулыды.

4. Ы. Алтынсариннiң ғылыми және әдеби қызметi. Ол өз замандас тары арасында ғалымэтнограф, көсемсөзшi әрi ақын ретiнде де ке ңiнен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлi мiнiң толық мүшесi болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап тұрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кiшi жүз қазақтары ның адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрi, ежелгi әдетғұрып заңдары туралы зерттеу мақалалары жа рық көрдi. Ол өзiнiң жұмыстан қолы босаған кездерiнiң бәрiн де ауыл арасында өткiздi, туған халқының тарихы, фольклоры, шежi ресi, әдетғұрпы, салтдәстүрi туралы материалдар жинастырды. Gзi нiң көзi тiрiсiнде бiрқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газет терде жарияланды.

«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезiндегi әдетғұрыптарының очеркi» атты еңбегiнде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдетғұрыптарды тәптiштей

суреттедi.

Ы. Алтынсариннiң әдеби мұрасы да едәуiр елеулi. Ол И.А. Кры ловтың мысалдарын, Л.Н. Толстойдың әңгiмелерiн орыс тiлiнен қа зақ тiлiне аударумен қатар, өзi де қысқа әдемi әңгiмелер жазды. Ы. Алтынсариннiң қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгiме лер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегiлер оқырман жү


регiне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсариндi қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн қалаушы деп бiлемiз.

Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да едi. Оның «Азған елдiң биле рi», «Әй, достарым!», «Әй, жiгiттер!», «Ана» атты өлеңдерiнiң адамгершiлiкғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерiнен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгiөнеге алып, тәрбие көрдi. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңiнiң:

«Бiр Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңiлге

Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар. Тiлегенiң алдыңнан Iздемейақ табылар...» –

жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.

Ы. Алтынсариннiң шығармаларында қазақтардың өмiрi шын шылдықпен бейнелендi. Оларда бiлiмге, ғылымға деген құлшыныс тың қажеттiгi кеңiнен насихатталды. Жастарды оқубiлiмге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмiрiн, олардың ғылымда қол жеткiзген табыстарын үлгiөнеге ретiнде мысалға келтiрдi.

5. Ағартушының қоғамдықсаяси қызметi. 1869 жылы Ы. Алтын сарин Торғай уездiк басқармасына iс жүргiзушi ретiнде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшiсi және уақыт ша уездiк судья мiндеттерiн қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиi болып тұрды. Gз халқының аса қажеттi мүдделерi неде екенiн жақсы бiлдi. Болыс басқарушылары мен ауыл старшын дарының сайлауына қатысып жүрдi. Ол сайлау кезiнде дауысты са тып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар оның үстiнен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрi Iшкi iстер министрлiгiне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгiленген сайлау тәртiбiн бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзiнiң парасатты мiнез құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беде лiнiң арқасында ақталып шықты. Халық алдында сөйлеген сөздерiнде патша үкiметiнiң отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Пат ша үкiметi шенеунiктерiнiң озбырлық iсәрекеттерiн, олардың жергiлiктi қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғы ха тында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиi қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлердi арсыздықпен талаптонауда...»


Ы. Алтынсарин патша үкiметiнiң жергiлiктi халыққа қысым жа сайтын жүгенсiз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Орен бургский листок» газетiнде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезiнде былай деп жазды: «Мен түбегейлi терең сенiммен туған халқыма шамамның келгенiнше пайдамды тигiзсем деген ниетiмнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннiң ұшантеңiз еңбегi қазақ халқының экономикалық дамуына, бiлiм көкжиегiнiң кеңеюiне, рухани және мәдени гүлденуiне игi ықпал еттi. Оның есiмi халықтың есiнде мәңгi сақталады. Бүгiнде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттiк Бiлiм академиясы Ыбырай Алтынсариннiң есiмiмен атала ды. Елiмiздегi педагогтар қауымының ең таңдаулы өкiлдерi жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгiмен марапатталады. Ағартушы ғалымның құрметiне жыл сайын ғылыми конференциялар өткiзiлiп тұрады.

?
1. Ы. Алтынсариннiң ағартушылық және педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасқаны туралы айтып берiңдер. 2. Халыққа бiлiм беру саласында оның сiңiрген еңбегi қандай? 3. Осы параграф мәтiнiнен ағартушының қазақтар

дың экономикалық тұрмыстiршiлiгiн қайта құру туралы айтқан тұжырымдарын iздеп табыңдар. 4. Ағартушы балаларға арнап қандай оқу құралдарын жазды? 5. Оның этнографиялық еңбегi қалай аталады? 6. Ыбырай Алтынсариннiң негiзгi шығармалары мен еңбектерiн атап шығыңдар.

7. Ы. Алтынсариннiң қоғамдықсаяси қызметiне сипаттама берiңдер.

Кредо – бiреудiң кәмiл сенiмi, дүниеге көзқарасы.

*
Ведомство – нақты бiр мемлекетте қоғамдық өмiрдiң белгiлi бiр саласын неме се аясын басқаратын және мемлекеттiк басқару органдары жүйесiне кiретiн

орталық мекеме.

Алтынсарин Ыбырай (Ибрањим) (1841–1889) – көрнектi ағартушы, педагог, жазушы, этнограф және қоғам қайраткерi.

Григорьев Василий Васильевич (1816–1881) – шығыстанушы, түркi тiлдерiн зерттеу

шi, Петербург Ғылым академиясының корреспондентмүшесi. Ол Орта Азия мен

Қазақстан халықтарының тарихын, географиясын зерттеумен айналысты. Орынбор өлкесiн басқарып тұрған кезiнде қазақтардың тарихы мен мәдениетiне арнап бiрқатар еңбектер жазды.

Крылов Иван Андреевич (1769–1844) – орыс жазушысы, ол негiзiнен мысалдар жазған.

Толстой Лев Николаевич (1828–1910) – граф, орыстың ұлы жазушысы.

Ушинский Константин Дмитриевич (1824–1870) – атақты орыс педагогы.

Мџѕалiмдердiѓ Ы. Алтынсарин туралы жазѕан естелiктерiнен «Марћџмныѓ мен ћазаћ даласында болѕан кезiмдегi бљкiл bмiрi bзiнiѓ сљйiктi халћына бiлiм беру жолындаѕы аѕартушылыћ ћызметiне арналды. Ол халыћ bмiрiнiѓ ћалай бет бџрып бара жатћанын мџћият баћылап отыр- ды жќне оны тереѓ тљсiне бiлдi... Мџѕалiмдерге ћатаѓ талаптар ћойды, ќрбiр iске барынша џћыпты ћарауды талап еттi, ол bз мiндетiне жљрдiм- бардым ћарап, жџмысты шала-шарпы орындайтындарды ћатаѓ жазалап отырды. Оћу iсiн bзi ћандай жанын сала жаћсы кbрсе, bз инспекциясына


қарасты мұғалiмдерден де тап соны талап еттi. Ол өзiнiң шын жүректен шыққан тартымды әңгiмелерi арқылы мұғалiмдердi оқу iсiне шын ниет терiмен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра бiлетiн. Жұрттың көз алдында бiздi соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелердi мұғалiмдерге ең адал ниеттi азаматтар ретiнде зор құрметпен әрi мақтанышпен қарауға мәжбүр еттi. Ол әрдайым қасынан мұғалiмдердi қалдырмай, өзiмен бiрге ертiп ала кететiн, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсiресе жас қазақ мұғалiмдерiне ерекше қамқорлықпен сүйсiне қарайтын... Оны мұғалiмдер де жанындай жақсы көретiн... Ол өзiнiң жеке өмiрiнде де өте сүйкiмдi, жомарт жүректi ақ көңiл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емiнеркiн ашық сөйлесуге, ақылкеңес сұрауға мүм кiн едi. Қашан болса да ақ көңiл адал ниетiмен ақылын айтуға, тiптi нақ ты iсiмен көмектесуге әрқашан әзiр тұратын. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтiн. Олай ететiн толық жөнi де бар едi: оның есiгi келем деу шiлердiң қайқайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзiнiң ақыл кеңесiн берумен ғана шектелмей, қиынқыстау кезде қиналып келген адам ға өз қалтасынан ақша да берiп жiберетiн, кейiн оны көбiнесе қайтарып ала да бермейтiн. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әдiлеттi адам ретiнде сыйқұрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағы на күтетiн. Gйткенi ол көпшiлiкпен ортақ тiл табысып сөйлесетiн, оты рыстың сәнiн кiргiзетiн, көңiлдi де сүйкiмдi әңгiмелер айтатын... (Мұғалiм Ф.Д. Соколовтың естелiгiнен)

Ситдыков А.С. Ы. Алтынсариннiң педагогикалық идеялары мен ағар тушылық қызметi. Алматы, 1968, 147148беттер.

 

1. Ы. Алтынсарин мұғалiмдерге қалай қарады? 2. Ол өмiрде қандай адам болды?

 

§45. ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкiлдерi, саяси жер аударылып кел гендер, сондайақ қазақ қоғамының өзiнен шыққан бiлiмдi ғалымдар айналысты. Бұл салада шетелдiктер – ағылшындар мен немiстер, француздар да елеулi iз қалдырды.

1. Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рHлi. Қа зақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәде ниетiн зерттеуде Ресей ғалымдарының сiңiрген еңбегi зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкiлдерi көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлi кәсiп пен мамандық иелерi – ақын жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дә


рiгерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесiн отарлау саяса тына ғылыми тұрғыдан негiздеуге де iшiнара қызмет еттi.

Қазақстанды зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi Орынборға, Ом быға, Ташкентке – Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан өлкелерiнiң әкiмшiлiк орталықтарына шоғырланды.

1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицерi Б.С. Броневскийдiң «Орта жүз қырғызқайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда СолтүстiкШығыс Қазақстан қазақ тарының тарихынан, өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiнен егжейтегжейлi құнды деректер берiлген.

Белгiлi тарихшы А.И. Левшин (1799–1879) «Қырғызқазақ неме се қырғызқайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлiмнен тұратын зерттеу еңбегiн жазды. Осы бiрегей әрi iргелi еңбегi үшiн ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуiнде қазақ өлкесiнiң тарихы мен этно графиясы және географиясы туралы аса маңызды мәлiметтер келтiредi.

Торғай облысының мал дәрiгерi А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздерi негiзiнде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш том дық iргелi еңбек жазып қалдырды. Онда Кiшi жүздегi қазақ хандық тарының тарихы мен саяси оқиғалар толық сипатталған. Автор ХIХ ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар барысын және қалай жүргiзiлгенiн толық баяндаған.

Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кiшi қырғыз Ордасындағы орын алған, қазiр де iшiнара орын алып келе жатқан халықтық әдетғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдетғұ рып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллю зек Қазақстанда қызмет еткен кезiнде орыс шенеунiктерiне қазақтың билерi мен сұлтандарынан дәстүрлi әдетғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнiнде тапсырма беретiн. Ол сондағы жи налған материалдарды өңдеп, кiтап етiп шығарды.

ХIХ ғасырдың орта кезiнде М.М. Красовский «Сiбiр қырғыздары ның аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның cол түстiкшығыс аймағындағы қазақтардың өмiрiнен көптеген егжей тегжейлi тарихистатистикалық, географиялық және этнографиялық мәлiметтер келтiрiлген.

2. Г.Н. Потаниннiң Қазақстанды зерттеудегi рHлi. Г.Н. Потанин (1835–1920) Жәмiшев селосында Сiбiр казактарының отбасында дү ниеге келдi. Ол – Ресейдiң аса iрi қоғам қайраткерi, көсемсөзшi, географғалым әрi этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сон да жүрiп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тiлiн, тұрмыстiршiлiгiн, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте


жақсы бiлдi. ХIХ ғасырдың 60–90жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Урянхай өлкесi, Қытай және Тибет жерлерiне бiр неше iрi саяхат жасады. Сол сапарлары кезiнде қазақ фольклоры үлгiлерiн жинап, зерттедi. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейха нов, М. Шорманов, Қ.;скенбаев, И. Сәтбаев, сондайақ Шыңғыс Уәли ханов сияқты көрнектi өкiлдерiмен достық қарымқатынаста болды. Ғалым қазақ ертегiлерiне, нанымсенiмдерiне, халық поэзиясының үлгiлерiне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмiрiнен «Қырғыз жәрмең кесiнде», «Қырғыздардың саудасаттығы», «Шоң би», «Қазаққырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады.

Замандастары оны қазақ халқының адал әрi шын берiлген сүйiктi

досы деп бiлдi. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтiң белгiсi ретiнде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өттi.

3. Ә. Диваевтың зерттеулерi. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеушi ғалымдардың бiрi Әбубәкiр Диваев (1856–1932) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүрiп, қазақ халқының тарихы мен этногра фиясына қызығушылық танытады. ХIХ ғасырдың 80жылдарының аяқ кезiнде отставкаға шыққан ол өз өмiрiн қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу iсiне арнайды. Ол әуесқой археологтар дың Түркiстан үйiрмесiнiң, сондайақ Орыс географиялық қоғамы ның мүшесi болды. 1917 жылға дейiн Ә. Диваев 100ден астам тари хиэтнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгi тарихын жазу кезiнде фольклорлық материалды пайдаланудың ма ңызды екенiн атап көрсеттi. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жал мауыз кемпiр» ертегiлерiн жазып алды. Сондайақ «Қырғыздардың аурусырқаулары мен оларды емдеу тәсiлдерi», «Аспан денелерi қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жарияла ды. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000ға жуық мақалмәтелiн жинады.

4. Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан

орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер еттi. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерiлiсiнiң болған жерлерiне сапар шектi. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өттi. А. С. Пушкиндi қазақтардың ауыз әдебиетi қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениетi мен тұрмыстiршiлi гiне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қала сында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпосының бiр


нұсқасын жазып алды. Ол өзiнiң «Капитан қызы» атты әйгiлi по весiнде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiн суреттеумен қа тар қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын да, олардың сол оқиға ларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесi орыстың ал дыңғы қатарлы зиялы қауымының өкiлдерi арасында, әсiресе ориен талистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды.

Қазақстан аумағында Ресейдiң аса белгiлi ғалымдарының бiрi Владимир Иванович Даль сегiз жылға таяу тұрып, еңбек еттi. В.И. Даль қарапайым көшпелi халықтың өмiрi мен тұрмыстiр шiлiгiне көп көңiл бөлдi. Ол өзiнiң хаттарының бiрiнде былай деп жазды: «Тағы да көшпелiлiк салтында тұрып жатырмын. Бұл дегенiңiз рақат өмiр! Тiптi одан кеткiм де келмейдi». Қазақтармен қызыға әңгiмелескен В. Даль халықтың әдетғұрпын, салтсанасын зерт теуге кiрiстi. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегiнiң арқасында қазақтардың ХIХ ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмi рiнен «Майра», «Түнгi күзетшi» сияқты бiрнеше әңгiме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесi Парижде француз тiлiнде жарияланды. Еуропаның қарапай ым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенiн сол хикаят арқы лы танып бiлдi.

5. Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. ХIХ ғасыр

дың орта кезiне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшiлдер үйiрмесiнiң мүшелерi, Польшадағы ұлтазаттық көтерiлiстерге қатысқандар жер аударылып келдi.

Орыс ақыны А.Н. Плещеев 1850–1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешiтте жүрген кезiнде қазақтармен бiрге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор құрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсiне жазды: «Қазақтарға қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүздi, жомарт жүректi жандар. Оларды сыйламау мүмкiн емес...» Ол бүкiл өмiр бойы қазақ халқына деген шын пейiлдi ыстық махаббаты мен құрметiн атап айтумен өттi.

Қазақстанға жер аударылып келген Польшаның революционер демократы Адольф Янушкевич те ХIХ ғасырдың 40жылдарында Ор талық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезiнде күнделiк жазып жүрдi. Кейiн ол күнделiк по ляк тiлiнде жарық көрдi. А. Янушкевич өзiнiң күнделiгiнде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыстiршiлiгiн, әдетғұрпы мен салтдәстүрлерiн суреттейдi. Ол өзiнiң бiр хатында қазақ халқы тура


 

Т.Г. Шевченко.


лы былай деп өте жақсы жылы лебiз бiлдiредi:

«Құдiретi күштi құдай осыншама қабiлеттi етiп жаратқан бұл халықтың адамзат өрке ниетiнен тыс қалып қоюы мүмкiн емес... жергiлiктi көшпелi номадтардың күткен күнi ертеңақ туады, сөйтiп олар өздерiне қазiр жоғарыдан менсiнбей қарайтын өзге халықтар дың арасынан лайықты да құрметтi орнын ойып тұрып алатын болады».

6. Т.Г. Шевченконың Қазақстанда болуы. Украинаның ұлы ақыны әрi суретшiсi Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857


жылға дейiн Қазақстанның Кiшi жүзi аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдерi себеп болған едi. Ол өзiнiң өлеңдерiне украин халқының бостандық пен тәуелсiздiк алуға деген асқақ арманын арқау еттi. Ол саяси айы бы үшiн 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етiп жiберiледi. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшiсi Қазақстан ға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекiнiсқамалдарында, Маң ғыстау түбегiндегi Новопетровск бекiнiсқамалында өтедi. Т. Шев ченко мен жергiлiктi қазақтардың арасында достық жылы қарым қатынас орнады.

Патша үкiметi оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко «Түрмеден қашқан» («Варнак») атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халi сурет телдi. Кейiнiрек Т. Шевченко «Егiздер» повесiнде бұл тақырыпты тереңдете түстi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: