бап. Контрацепцияны пайдалану




Тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
3) анонимдiк тексерiп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендiрмей ерiктi түрде медициналық тексерiп-қарау;
4) апаттар медицинасы - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеудi, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерiнiң қызметкерлерiне медициналық көмектi қамтиды;
5) әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр шоғырлануы кезiнде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар;
6) әскери медицина - ғылыми бiлiмдердiң жүйесiн (ғылыми-практикалық пәндер кешенi) және әскери-медициналық қызметтiң әскерлердi бейбiт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етудi өзiне мақсат тұтатын практикалық қызметiнiң жүйесiн бiлдiретiн медицина және денсаулық сақтау саласы;
7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшiлерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметiнiң мамандары көрсететiн медициналық көмек;
8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтiң болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердiң жиынтығы;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелер:
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттiк органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметiн ұйымдастыруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттiк органдардың тиiстi контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн өзге де бөлiмшелерi;
10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлiк қабiлеттiлiгi мен еңбекке қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мақсатында әскерлерде, бөлiмшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру;
11) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
12) бас миының бiржола семуi - бас миының бүкiл қатпарының семуiмен қатар жүретiн, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
13) бейiндi маман - жоғары медициналық бiлiмдi, белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкерi;
14) биологиялық активтi заттар - жануарлар мен адам организмiнiң патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсiретiн, дәрiлiк заттар алудың ықтимал көздерi болып табылатын, әртүрлi жолмен алынатын заттар;
15) биологиялық активтi қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйiн жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бiрдей биологиялық активтi заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерiн қамтитын өнiмдерге қоспалар;
16) бiрегей дәрiлiк зат - жаңа активтi заттарды бiлдiретiн немесе қамтитын дәрiлiк зат;
17) генетикалық түрлендiрiлген объектiлер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланылып алынған, өсiмдiктен және (немесе) жануардан алынатын шикiзат пен өнiмдер, оның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген көздер, организмдер;
18) дәрiлiк заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнiң жай-күйi мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активтi заттарды бiлдiретiн немесе оларды қамтитын заттар: дәрiлiк субстанция, табиғаттан алынатын дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро- және балк-өнiмдер, дәрiлiк препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
19) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютор - тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелерi бойынша өнiм берушiлермен өнiм беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтердi қамтамасыз етудi, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
20) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкi тұтынушыға өткiзумен (әкетуден басқа), жойып жiберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
21) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемiн шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткiзумен (халыққа дәрiлiк заттарды өткiзудi қоспағанда), жойып жiберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
22) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы - қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеушiден және (немесе) өндiрушiден тұтынушының қолдануына дейiн жеткiзу процесiнде жүзеге асырылатын қызмет;
23) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлер - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн дәрiхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру жөнiндегi ұйымдар;
24) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер - фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
25) Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасында тiркелген және медициналық қолдануға рұқсат етiлген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
26) дәрiлiк заттың балк-өнiмi - технологиялық процестiң соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрiлiк зат;
27) дәрiлiк заттың жарамдылық мерзiмi - уақыты бiткеннен кейiн дәрiлiк затты қолдануға болмайтын күнi;
28) дәрiлiк заттың қаптамасы - дәрiлiк заттарды бүлiнуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесiн қамтамасыз ететiн, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешенi;
29) дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы - дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың белгiленуi бойынша әсер ету қабiлетiне ықпал ететiн қасиеттерi мен сипаттамаларының жиынтығы;
30) дәрiлiк заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрiлiк заттың Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
31) дәрiлiк препарат - белгiлi бiр дәрiлiк нысандағы дәрiлiк зат;
32) дәрiлiк препараттарды дайындау - дәрiханаларда дәрiлiк нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрiлiк субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрiлiк препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресiмдеумен және өткiзумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
33) дәрiлiк формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен келiсiлген, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттардың жеткiлiктi мөлшерi болуға мiндеттi денсаулық сақтау ұйымының бейiнi ескерiле отырып түзiлген дәрiлiк заттардың тiзбесi;
34) дәстүрлi медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудiң қоғамда жинақталған әдiстерi мен құралдарына негiзделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерiмен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерiнiң қызметi;
35) денсаулық - аурулар мен дене кемiстiктерiнiң болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтiк салауаттылық жағдайы;
36) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбiр адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсендi өмiр сүруiн қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесi;
37) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы;
38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрi - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметiнiң әртүрлi аяларындағы құралдардың, әдiстердiң, технологиялардың, көрсетiлетiн қызметтердiң деңгейi мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралардың жиынтығы;
39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрi - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрi - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзiрлеу, енгiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердiң, медициналық технологиялар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамаларын ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;
41) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;
43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
43-1) детоксикация – адам организмiнен алкогольдi шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;
44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактiсiн белгiлеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйiн бағалау мақсатында адам организмiнен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлерi туралы мәлiметтер беруге қызмет ететiн реагенттер, реагенттердiң жиынтықтары;
46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйiн жүйелi түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелерi бойынша қажеттi медициналық көмек көрсету;
47) донор - донорлық қан, оның компоненттерi, өзге де донорлық материал (оның iшiнде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргiзiлетiн, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшiн тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу жүргiзiлетiн адам, адамның мәйiтi, жануар;
48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетiн қайтаруға және (немесе) барысын жеңiлдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
49) ерiктi емделу - науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;
50) жалған дәрiлiк зат - құрамы, қасиеттерi және басқа да сипаттамалары бойынша өндiрушiнiң бiрегей немесе қайта өндiрiлген дәрiлiк затына (генерикке) сәйкес келмейтiн, құқыққа қайшы және әдейi түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрiлiк зат;
51) жеке медициналық кiтапша - жұмысқа жiберiлу туралы белгi қойылып, мiндеттi медициналық тексерiп-қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат;
52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесiнiң АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
53) инвазиялық әдiстер - адам организмнiң iшкi ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдiстерi;
54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгiзiлуi экономикалық тұрғыдан тиiмдi және (немесе) әлеуметтiк мәнi бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң әдiстерi мен құралдарының жиынтығы;
55) инфекциялық және паразиттiк аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берiлу мүмкiндiгi әсерiнен болатын және таралатын адам аурулары;
56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткiлiксiз түсуiне және онда жеткiлiксiз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнiң патологиялық процесi;
57) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
58) клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеу - адамның денсаулығына ерекше әсер етуiн және (немесе) қауiпсiздiгiн зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе физикалық әсердi, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудiң құралдарын, әдiстерi мен технологияларын зерделеу жөнiндегi химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттiк ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;
59) клиникалық зерттеу - субъект ретiнде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдiстерi мен технологияларының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн анықтау немесе растау үшiн жүргiзiлетiн зерттеу;
60) консилиум - кемiнде үш дәрiгердiң қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
61) контрацепция - қаламаған жүктiлiктiң алдын алу әдiстерi мен құралдары;
62) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фармакопеясы - дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн нормалайтын мемлекеттiк стандарттар мен ережелердiң жинағы;
63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, салауатты өмiр сүруiне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерiн болғызбауға қоғамның күш-жiгер жұмсауын көрсететiн, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтiк салауаттылығының кешендi сипаттамасы;
64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрiгерлiк құпияның және тексерiлетiн адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негiзделген зерттеп-қарау;
65) маман сертификаты - жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, белгiленген үлгiдегi құжат;
66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;
67) медицина қызметкерлерi - кәсiптiк медициналық бiлiмi бар және медициналық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
68) медициналық-әлеуметтiк оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмiрге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтiк және еңбек iс-шараларын кешендi пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердiң денсаулығын қалпына келтiру;
69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзiндiк ерекшелiгi бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердi иммунологиялық әдiстердiң көмегiмен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектiлерiнде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерiн индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдiк және профилактикалық әсерiн тигiзетiн қан (алу тәсiлiне қарамастан) препараттары;
70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудiң дәрiлiк көмектi қамтитын кешенi;
71) медициналық көмектiң сапасы - көрсетiлетiн медициналық көмектiң уәкiлеттi орган бекiткен және медициналық ғылым мен технологияның қазiргi заманғы даму деңгейi негiзiнде белгiленген стандарттарға сәйкестiк деңгейi;
72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактiсiн анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсiптiк және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiптiк медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiптiк қызметi;
74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар iс-қимылы;
75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу iс-шараларын жүргiзу үшiн пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тiгу материалдары, бекiтетiн таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмiнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
77) медициналық оптика бұйымдары - көздiң көру қабiлетiн түзеу және жарықпен емдеу үшiн медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;
78) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшiн медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннiң немесе жүйенiң құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;
79) медициналық ұйым - негiзгi қызметi медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
80) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнiмдердiң, процестердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөнiндегi қызметi, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылау;
81) никотин - темекi жапырақтары мен темекi түтiнiнде болатын алкалоид;
82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерiнiң (кейбiр амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәулiктiк тұтынудан аспайтын әртүрлi берiлген үйлесiмi бар биологиялық активтi қоспалар;
83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетiн) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;
84) орфандық (сирек кездесетiн) аурулар - адамның өмiрiне қауiп төндiретiн немесе мүгедектiкке әкеп соғатын, болу жиiлiгi ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетiн ауыр аурулар;
85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсерi бар және аурулардың профилактикасына, көмекшi терапияға, ағзалар мен жүйелердiң функционалдық активтiлiгiн реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдiк мөлшерлемедегi биологиялық активтi қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;
86) патенттелген дәрiлiк заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрiлiк заттар;
87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудiң тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуiнiң алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тiндердiң бүлiнулерiн бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес iс-шаралар кешенi;
89) психикаға белсендi әсер ететiн заттар - бiр рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мiнез-құлқына әсер ететiн, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелдiлiк туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;
90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметiнiң бұзылуы;
91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлiнген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектiң немесе әйелдiң донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгiзiлетiн не донордан алынған тiндердi және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлiктерiн) транспланттау жасалатын пациент;
92) санитариялық-карантиндiк бақылау - адамдар мен жүктердiң кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтуi кезiнде ел аумағына инфекциялық және паразиттiк ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуеттi қауiптi заттар мен өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, жүктердiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiн және адам денсаулының жай-күйiн бақылау;
93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елдi мекендегi өнеркәсiп ұйымдары мен басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ
94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгiлi бiр уақыттағы жай-күйi;
95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттiк аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
96) тамақ өнiмiн байыту (фортификациялау) - тамақ өнiмiн өндiру немесе қайта өңдеу процесiнде оған витаминдердi, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгiзу;
97) тәуекелдi бағалау - инфекциялық және паразиттiк ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына керi әсерiне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негiзделген баға беру;
98) тәуелсiз сарапшы - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген жеке тұлға;
99) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетiлетiн медициналық қызметтер көрсетудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбесi бойынша бiрыңғай медициналық көмектiң көлемi;
100) темекi - темекi бұйымдарын өндiру үшiн пайдаланылатын никотинi бар өсiмдiк;
101) темекi бұйымы - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, құрамында темекi бар кез келген бұйым;
102) темекi бұйымының ингредиентi - темекiден, судан немесе темекi жапырағынан басқа, өндiрiс процесiнде не темекiге, не темекi бұйымдарының темекi емес компоненттерiне қосылатын кез келген зат;
103) темекi бұйымының қаптамасы - темекi бұйымының белгiлi бiр қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
104) темекi бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi бұйымының белгiлi бiр санын қамтитын тұтыну ыдысының бiрлiгi;
105) темекi шегушiлiк - темекi шегушi организмiнiң никотинге тәуелденуiн тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекi шекпейтiндердiң денсаулығына керi әсер ететiн және қоршаған ортаны ластайтын темекi бұйымын тұтыну процесi;
106) транспланттау - тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) организмнiң басқа жерiне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сiңiстiру;
107) туберкулездiң жұқпалы түрi - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөлiп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауiп төндiретiн ауру;
107-1) уақытша бейiмдеу – адамды масаң күйiнен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейiмдеу жөнiндегi процесс;
108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бiрмезгiлдi) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуi кезiнде туындайтын ауру (жай-күй);
109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмiрге келтiру қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;
110) фармакологиялық зат - белгiленген фармакологиялық активтiлiгi мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектiсi және әлеуеттi дәрiлiк зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;
111) фармацевтика қызметкерлерi - фармацевтикалық бiлiмi бар және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
112) фармацевтикалық қызмет - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткiзу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресiмдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
113) халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - уәкiлеттi орган белгiлеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезiнде адамның денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн өнiм түрлерi;
114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерi болмайтын және оның тыныс-тiршiлiгiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық денсаулығының жай-күйi;
115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндiк бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелдi бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтi, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметi;
116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесiнде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабiлетiн жоғалтатын хирургиялық операция;
117) шарананың тiрi тууы немесе өлi тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының тiрi туу мен өлi туудың тиiстi халықаралық критерийлерi бойынша айқындалатын жай-күйi;
118) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрi кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметтiң ерекше режимiн көздейтiн шаралар;
119) эвтаназия - аурудың бетi берi қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлiмiн жеделдету туралы өтiнiшiн қандай да бiр iс-әрекетпен немесе құралдармен, оның iшiнде дәрiлiк немесе өзге де заттарды енгiзу арқылы, сондай-ақ оның өмiрiне дем берiп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;
120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану деңгейiнен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
121) эпидемиологиялық мәнi бар объектiлер - өндiретiн өнiмi және (немесе) қызметi Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкiн объектiлер;
122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.
2. Өзге терминдердiң мазмұны осы Кодекстiң жекелеген баптарында айқындалады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы

Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын iске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2016-02-13 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: