Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 2 глава




6. Қазақтардың қандай әдетғұрып жоралғыларын бiлесiңдер? 7. Қосымша оқыған материалдарыңды пайдалана отырып, халықты бiрлiкке, берiк топтас қандыққа шақыратын мақалдар мен мәтелдердi айтып бер. 8. Картадан XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының алып жатқан аумағын көрсетiңдер.

 

*
Жоңғарлар (ойраттар) – бұл атаумен батыс монғол тайпалары (торғау ыттар, хошауыттар, дүрбiттер және хойттар) белгiлi болған. Түркi тiлдес халықтар өздерiмен көршiлес оларды қалмақтар деп атаған. XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында ол тайпалар бiрiге отырып, 1635 жылы өте күштi Жоңғар

немесе Ойрат мемлекетiн құрды.

Империя – император басқаратын, отарлық иелiктерi бар монархиялық мемлекет.

Отар – мемлекеттiк тәуелсiздiгiнен айырылған ел.

Құрылтай – көшпелi ақсүйектердiң аса маңызды мемлекеттiк шешiмдер қабылдайтын жиналысы, яғни түркiмонғол халықтарының ең жоғарғы өкiмет билiгi органы.

Сепаратизм – өзiнше бөлiнiп шығуға, жеке билiкке ұмтылу.

Қонтайшы – Жоңғар хандығы билеушiсiнiң лауазымы.

 

Әбiлқайыр (1680–1748) – мемлекет қайраткерi, Кiшi жүздiң ханы. Ол жоңғар басқыншыларына тойтарыс берудi ұйымдастыруда шешушi рөл атқарды.

Төле би Әлiбекұлы (1663–1756) – мемлекет қайраткерi, Ұлы жүздiң төбе биi.

Әйтеке би Байбекұлы (1682–1766) – мемлекет қайраткерi, Кiшi жүздiң төбе биi.


Қазыбек би Келдiбекұлы (1667–1764) – мемлекет қайраткерi, Орта жүздiң төбе биi.

  «Тек аѓыздардыѓ айтуы бойынша, ћырѕыз-ћазаћтардыѓ арасында Тявка (Тќуке) ћалпына келтiрген тыныш та бейбiт bмiр џзаћћа созылма- ды. Кbп џзамай-аћ олардыѓ арасындаѕы алтыбаћан алауыздыћ ћайтадан басталды да, кbршi халыћтар бџл жаѕдайды bз маћсаттарына пайдалана ћойды. Батыстан Едiл ћалмаћтары, солтљстiктен – башћџрттар мен Сiбiр казактары шабуылѕа шыћты. Мџныѓ бќрiнен де bте-мbте ћауiптiсi шыѕыс- таѕы жоѓѕарлар болды. Бџларды ол кезде bте кљштi ћонтайшы Галдан- Церен (Черен) басћарды. Ол bзiнiѓ кbшпелi кbршiлерiнiѓ бќрiне де тiтiренткен љрей туѕызып ћана ћойѕан жоћ, сонымен ћатар тiптi Ресей мен Ћытайды да ойландырды. Едiл ћалмаћтары, башћџрттар, Сiбiр казак- тары бџдан бџрынѕы кездегiден болса да оларѕа (ћазаћтарѕа. – авт.) кbбiрек шабуыл жасайтын болды». Левшин А.И. Ћырѕыз-ћазаћ немесе ћырѕыз-ћайсаћ ордалары мен да- лаларыныѓ сипаттамасы. Алматы, 1996, 165–167-беттер.   1.Ћазаћстан аумаѕына кiмдер шапћыншылыћ жасап тџрды? 2.Олар- дыѓ шапћыншылыѕыныѓ кљшеюiне ћандай жаѕдай ќсер еттi? 3.Ћазаћ мемлекетi љшiн неѕџрлым кљштi ћауiп-ћатер тbндiрген ћай кbшпелi мемле- кет едi?

Левшин Алексей Ираклиевич (1797–1879) – белгiлi орыс ғалымы, тарихшы, географ әрi этнограф. Ол қазақтар туралы жазылған «Қырғызқазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген iргелi еңбектiң (СанктПетер бург, 1832) авторы.

 

§2. ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

Қазақтар жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы кескiлескен қанды шайқастар жүргiзiп келдi. Алайда соның iшiндегi ең ауыры

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған апатты бақыт сыздық жылдары болды.

1. Жоңғар мемлекетiнiң нығаюы. 1635 жылы Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстiк шығыс жағында едi. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғар лардың бiрлiгi нығайды, әскери күшқуаты арта түстi. Әскердегi тәртiп нығайтылды. Майдан алаңын тастап кеткендерге малмүлiктiк айып салынды. Жауды дер кезiнде хабарламағандар және сатқын дық үшiн қатаң жазаланып, өлiм жазасына кесiлдi. Соғыс жағдайы кезiнде жоңғарлардың әрбiр рулық бөлiмшесi өте қысқа мерзiмнiң iшiнде жауынгерлiк бiрлiк тобына айналып шыға келдi. Жоңғар хан дығы жауынгерлерiнiң жалпы саны 100 мыңға дейiн жететiн қуатты атты әскер шығара алатын едi. Жоңғарлар әскерiнiң қатарында ат


қыштар құрамы да болды. ХVIII ғасырдағы немiс ғалымы И. Геор ги «олар мылтықтарын аттан түсiп ататын» деп жазды.

Жоңғар әскерi өз қатарын жылдам толықтырып отырды. Олар дың заңы бойынша жыл сайын 40 отбасы кем дегенде 4 бойдақ жiгiттi үйлендiруге тиiстi болды. Қалыңдыққа төленетiн қалыңмалды үйленушi жiгiттер үшiн өздерi төледi. Әскер қатарына құлдар да ша қырылды. Құлдар жоңғар қоғамында жоғары бағаланды. Мәселен, құлды өлтiргендерге 45 бас мал айып салынды.

Жоңғария өзiмен көршi мемлекеттердiң жерiн тартып алуды көксеген, барынша әскерилендiрiлген мемлекетке айналды.

Жоңғарларда әскери iсқимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған едi. Оқдәрiнi селитра мен күкiрттен өздерi қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қаружарақ түрлерiн жасау да келетiн. ХVII ғасырдың аяқ жағына қарай жоңғар ларда бiлтелi мылтық пайда болды. Жоңғарлар тiптi зеңбiрек жасауды да үйренiп алды. Зеңбiрек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйреттi. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердiң аумағында жүрiп, құпия ақпараттар жинаумен айна лысатын жансыздардың – тыңшылардың кең жүйесi құрылды.

Жоңғария тұрғындары да қазақтар сияқты көшпелi және жарты лай көшпелi халық едi. Негiзiнен мал шаруашылығымен айналыса тын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Олар алымсалық төлеп тұрды, әскер қатарын толықтырып отырды. Жоңғарияның өзiмен көршi мемлекеттерге күштi қауiп төндiргенi соншалық, ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында тiптi Қытайдың сыртқы саяси қызметi негiзiнен осы мемлекетке қарсы күрес жүргiзiп, оны әлсiретуге бағытталды.

2. Жоңғарлардың басқыншылық жоспарлары. Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушiлерiн бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебi, бiрiншiден, Жетiсу мен Сырдария өңiрiн басып ала тын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетiмен, Сiбiрмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолда рының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз. Одан әрi Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үмiттендi. Екiн шiден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың шекарасын әлдеқайда нығайтамыз. Бағынған халықтан қосымша алымсалық алып тұрамыз деп ойлады. Үшiншiден, басқыншыларды қазақтың кеңбайтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстан ның оңтүстiгi мен оңтүстiкшығысындағы саудақолөнер орталық тары қызықтырды. Төртiншiден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Едiл мен Жайық аралығында көшiпқонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергiсiз тiкелей байланыс орнатып, қарымқатынас жасауына жағдай туғызатын едi. Ақыр со


ңында, бесiншiден, Жоңғар мемлекетiнiң қазақтарды құл етiп ұстау дың мол мүмкiндiгiне ие боламыз деп дәмелендi. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуiнiң, мiне, осындай себептерi болды.

3. ХVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды, АлқакHл сұлама». ХVIII ғасырдың 20жылдарының бас кезiнде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезектi iрi жорық жа сауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргiзiп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтiп қалмақтардың Қытаймен бейбiт келiсiм жасауға қолы жеттi. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендiгi жерде қауiпсiз болды. Жоңғар билеушiлерi Едiл бойындағы қал мақтардың ханы Аюкеге елшi жiберiп, қазақтарға қарсы бiрлескен соғыс қимылдарын жүргiзу мақсатын көздедi. Ертiс бойында жа қында ғана бой көтерген әскери бекiнiс желiсiн нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетiне бәлендей қауiп төндiре алмайтын едi. Оның үстiне, Ресей көршi жатқан екi көшпелi мемлекеттiң өзара қарымқатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты. Қазақ мемлекетiнiң де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсiреп, қансырағанын күттi. Gйткенi оған осылай болғаны тиiмдi едi.

1723 жылдың көктемiнде алдағы болатын жойқын соғысқа мық

тап әзiрленген, әрi қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып


Ақтабан шұбырынды. М. Қаспақтың картинасы.


ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған ЦеванРабтан өз әскерiнiң қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жетi бағытта ша буылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған Жетiсу мен Ертiс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртедi. Малды айдап әкеттi, бейбiт халықты қара шыбын дай қырып салды. Gйткенi жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған бейбiт ауылдар малына да, үйжайларына да, дүниемүлiктерiне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.

Жау әскерлерiнiң сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлерi кескiлескен ұрыс салып, қатты қарсылық көр сеттi. Жау қолына ешкiмнiң де берiлгiсi келмедi. Әр қазақ өзiмнiң туған жерiмдi, туғантуыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпан нан қорғауға мiндеттiмiн деп ұқты. Жауынгерлер шегiне шайқасып, қорғаныс соғыстарын жүргiздi. Олар әйелдердi, балаларды, қарттар ды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшiн қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының бас шылығымен қаланы жаудан бiр ай бойы дерлiк қорғады. Жоңғар лар Ташкенттен кейiн Сайрам, Түркiстан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргiзуi нәтиже сiнде Қазақстанның шөлдi және таулы аймақтарынан өзге бүкiл аумағы iс жүзiнде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.

Бұл кезең (1723–1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбы

рынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигiзген зардабы – қайғықасiретi, аштығы мен қайыршылық халге душар етуi өтемөте ауыр болды. Мыңмыңдаған адам қырылды немесе тұтқын ретiнде айдалып кеттi. Жүздеген, мыңдаған ауыл қатты күйзелiске ұшырады. Малмүлiк талантаражға түстi, сауда байла нысы үзiлдi, бiр кезде гүлденiп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды.

Қазақтар қырғыннан аман қалу үшiн елдiң батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейiн жеттi. Қазақтардың жап пай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астында ғыларды – башқұрттар мен қалмақтарды едәуiр мазасыздандыр ды. Патша үкiметi өзiне бодан болған халықтарды қорғау үшiн бiрқатар кешендi шаралар қабылдады: шекара күзетi күшейтiлдi, Орал аймағында жаңадан әскери бекiнiстер салу шаралары қолға алынды.

Қазақтардың едәуiр бөлiгi Орта Азия мемлекетiнiң аумағына қа рай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенiнен өтiп кеткен Орта жүз рула рының көпшiлiгi Самарқан қаласының төңiрегiне, ал Кiшi жүз қа зақтарының едәуiр бөлiгi Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшiп кеттi.


Қазақтар басынан кешiрген сол бiр орасан ауыр қайғықасiреттiң символы «Елiмай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтiнi мен әуенiн ақын әрi жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады:

Қаратаудың басынан көш келедi, Көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi, Елжұртынан айырылған жаман екен, Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi.

Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман!

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң, Көздiң жасын көл қылып ағызамын.

Жоңғар шабуылының өртжалыны өзбектердi де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берiлдi.

4. Қазақтардың жеңiлу себептерi. Қазақтардың жеңiлiп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бiрнеше себебi бар. Бiрiншiден, қазақ жүздерi бытыраңқы едi, Қазақ хандығының басшылығында ауызбiрлiк қалмады. Екiншiден, жоңғарлар бұл ша буылға өте тыңғылықты әрi мұқият әзiрленген едi. Оның үстiне, ша буылдың басталатын уақыты ауылдардың бiрбiрiнен алыс, қыстау дан көктеуге көшiп шығар абырсабыр кез болатын. Үшiншiден, қазақтар қатты жұтқа ұшырағанды. Жорыққа мiнетiн жөнi түзу ат жетiспедi. Төртiншiден, аймақта қалыптасқан осындай геосаяси жағ дайды қалмақтар дұрыс әрi мұқият ескере бiлдi. Қытаймен бейбiт келiсiм жасасты. Бесiншiден, шабуылдың күтпеген жерден, тұтқи ылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер еттi. Ақыр со ңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын, әрi со ғыс қимылдарын қалай жүргiзудiң мол тәжiрибесiне де қанық едi.

5. Жоңғар шапқыншылығының салдарлары. «Ақтабан шұбырынды,

Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигiзген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көшiқон дәстүрлерi бұзылды. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетiсудағы және Қа зақстанның оңтүстiк аймақтарындағы бiр кезде гүлденiп тұратын жа сыл жазиралар ендi қараусыз қаңырап бос жатты. Көршiлес мем лекеттермен саудасаттық байланысы да уақытша үзiлiп қалды.

Бiрақ ең ауыр азапты қайғықасiрет туғантуыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрiм Құдайбердiұлының келтiрген деректерi бойынша, қазақтардың үштен екi бөлiгi қырғынға ұшы раған. Ендi бiр бөлiгi құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Gлмей аман қалу үшiн қайыңның сөлiн iшкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тiрi қалғандар басқыншыларға шек тен тыс ауыр алымсалық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдiң әр түрлi алыс аймақтарына, тiптi шекаралас жатқан шет мемле


кеттерге де тарап, босып кеттi. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрiкмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан даудамайларға алып барды. Қазақ тардың Орал казактарымен де, Батыс Сiбiрдегi орыстармен де өзара қарымқатынастарын шиеленiстiрiп жiбердi. Мiне, мұның бәрi әбден әлсiреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретiнде отарлап алуымен аяқталды.

 

1.

?
Жоңғарлардың әскери күшқуатының артуы неден көрiндi? 2. Жоңғар хандығының Қазақстан аумағына басқыншылық жорықтар жасауының басты себептерiн атаңдар. 3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қашан және қалай басталды? 4. Алғашқы жылдарда қазақ жасақтарының жоңғарлар ға қарсы әскерисоғыс қимылдарында жеңiлiп қала беруiнiң себептерiн атап көрсетiңдер. 5. Жоңғарлардың Қазақстан аумағына жасаған шапқыншылық тарының қандай салдарлары болды? 6. Қазақжоңғар соғысы кезiнде өздерiңнiң туған аудандарыңның, облыстарыңның аумағында ерекше ерлiк

көрсеткен батырлардың бiреуi туралы айтып берiңдер.

 

*
Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қыры луы, мал өлiмi, iндет.

 

Иоган Густав Ренат (1682–1744) – швед артиллериясының сержанты. Ол 1709 жылы Полтава түбiндегi шайқаста орыстардың қолына тұтқын болып түскен. Содан Тобыл қаласына жiберiлген. 1715 жылы жоңғарлар Жәмiшев бекiнiсiн қоршауға алған кезде оларға тұтқынға түскен. Жоңғарларға зеңбiрек және мылтық сияқты қару

жарақтарды жасап шығаруды үйреткен.

Канси (1654–1722) – Қытайдағы Цинь династиясы әулетiнiң екiншi императоры.

Цеван%Рабтан (1663–1727) – жоңғар билеушiсi. Жоңғарлардың Қазақстан аумағы на жаппай басакөктеп шабуылға шығуы соның атымен тығыз байланысты болды.

  «Орта жљз ћырѕыздарына (ћазаћтарына. – авт.), жоѓѕарлардыѓ Ертiс пен Есiл bзендерi бойында кbшiп-ћонып жљрген уаћ жќне керей (рулары- ныѓ), Ќбiлмќмбет пен Бараћ сџлтандардыѓ иелiгiндегi (жерлерге) 15 000 ћолмен шабуыл жасауы салдарынан ондаѕы ћырѕыздар (ћазаћтар) bздерi- нiѓ мал-мљлкiн тастап, Жайыћтыѓ (Оралдыѓ) бойына кbшiп кеттi. Ћысћа ћарай ћалмаћтар мен башћџрттар жаѕына bтпек ниетте болды. Џлы мќр- тебелi патшайымѕа шын берiлген ћырѕыздарды (ћазаћтарды) кљйзелтiп, мал-мљлкiн талан-таражѕа салуына ешћандай да жол бермеу туралы ал- дын ала бџйрыћ берiлдi». Крафт И.И. Далалыћ аймаћтардаѕы ћырѕыздар (ћазаћтар) туралы заѓ- дар жинаѕы. СПб., 1901, 8-бет.   1.Ћазаћтарды Жайыћћа ћарай кbшiп кетуге ћандай оћиѕалар мќжбљр еттi? 2.Жайыћћа ћарай кbшуге ћазаћтардыѓ ћандай топтары мќжбљр бол- ды? 3.Ћазаћтардыѓ Ресей шекарасына жаћындай тљсуi кезiнде патша љкiметiнiѓ џстанѕан саясаты ћандай болды? Сипаттап айтып берiѓдер.

2—6903 17


§3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҢҒАР

БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ҚАРСЫАЗАТТЫҚ КҮРЕСI

Қазақ халқы өте күрделi қиынқыстау уақытта, тек өз күштерiне ғана үмiт артып, бiрiге бастады. Бүкiл халықтың күшжiгерiн жұмыл дыру қазақтардың жоңғарларға қарсы күресте екi iрi шайқаста – Бұланты және Аңырақай шайқастарында тамаша жеңiстерге қол жеткiзуiне мүмкiндiк бердi.

1. Жауға соққы берудi ұйымдастыру. Жоңғар шабуылының сал дарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қа лайда күш бiрiктiруге мәжбүр еттi. Осылай ету қажеттiгiн үш жүз дiң өкiлдерi түгел түсiндi.

Жауға соққы берудi ұйымдастыру жөнiнде бастама көтерген Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгерi бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Едiл бойында ғы қалмақтарға қарсы бiрнеше жеңiстi жорық жасады. Gз тылын осылайша қауiпсiз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемiнде Қазақ хандығының астана сы Түркiстан қаласына жетiп, оны тiкелей шабуылмен азат еттi. Қа ланы бiр жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бiрақ жаудың еселенген көп күшiнiң тегеурiндi қысымымен қаланы тастап шықты.

Әбiлқайыр хан құрамында 50 мың жауынгерi бар бiрлескен қазаққарақалпақ әскерiнiң қолбасшысы болды. Сөйтiп жоңғар ларға қарсы бiрнеше сәттi жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдас тырушылық таланты, iрi әскери қолбасшы ретiндегi қабiлетi, жеке өз басының қањарман ерлiгi айқын танылды.

Жауға неғұрлым жылдам әрi күйрете соққы берудi ұйымдас тыру қажеттiгi бүкiл қазақтың күшжiгерiн бiрiктiрудi талап еттi. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзiнде Ордабасы тауында (қазiргi Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкiлқазақтық құрылтай болып өттi. Оған қазақтың хандары, үш жүздiң сұлтандары, билерi, батырлары келдi.

Қазақтар бiрбiрiне барынша берiлген, адал болуға осы Ордаба сыда ант берiстi. Құрылтайға қатысушылардың бiрауыздан ұйғару ымен Әбiлқайыр хан бүкiлқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшы сы болып сайланды. Құрылтай жиналысының шешiмдерi қазақ хал қының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресiнде өте маңыз ды рөл атқарды. Әрбiр ру өзiнiң жауынгерлiк жасақтарын құрып, бүкiлқазақтық үлкен жасаққа алып келiп қосуды қасиеттi мiндетiмiз деп бiлдi.

2. Ұлтазаттық қозғалысының жетекшiлерi және оған қатысушы лар. Басқыншы жауға қарсы күреске бүкiл қазақ халқы көтерiлдi. Iрiiрi әскери жасақтарды Әбiлмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбiлқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар, Шыңғысханның басқа да


көптеген ұрпақтары басқарды. Жас сұлтан Абылайдың беделi тап осы кезеңде көтерiлдi. Ол кейiн қазақтың аса құрметтi, беделдi де ай бынды ханына айналды.

Азаттық күресiне идеялық басшылық жа сауды қазақтың үш жүзiнiң аса көрнектi үш биi өз мiндеттерiне алды.

Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылық ты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлi рулары мен тайпаларынан және жүздерiнен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы БHгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасы бай, Есет, Малайсары, Шақшақ Жәнiбек, ба



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: