Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 8 глава




Патша әскерлерiмен болған көп күндiк әрi табанды шайқастарда көбiнесе қазақ жауынгерлерi жеңiске жетiп жүрдi. Қазақтардың атты әскер жасақтары кең далада көздi ашыпжұмғанша шашылған тары дай тез тарап кетiп, алысқа барған соң дұшпанға қайыра соққы беру үшiн шапшаң шоғырлана қоятын.

Қазақтар мал жайылымдарын пайдалану үшiн Жайықтың оң жағалауындағы өңiрге барлық жерде бiрдей өз беттерiнше жаппай өтiп жатты.

Қазақтар Е. Пугачев армиясын азықтүлiкпен және жемшөппен қамтамасыз етiп отырды, стратегиялық маңызы бар байланыс жолда рына бақылау жасады.

Ресеймен шекаралас аудандардағы көтерiлiс қазақтарға отар шылдық қысым жасауды әлсiрететiн болар деген үмiтпен Абылай хан Е. Пугачевпен хат жазыса бастады. Сонымен қатар ол патша үкiметiнiң жазалаушы әскери жасақтарына көмек көрсетуден үзiлдi кесiлдi бас тартты. Оның үстiне, өзiнiң қол астындағылардың Ресейдiң шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуылдар жасап тұруына ресми түрде рұқсат еттi.

Орта жүзде Е. Пугачевтың көтерiлiсiне Есiл және Тобыл өзенде рiнiң жоғарғы ағысы аймағында көшiпқонып жүрген қазақтар қа тысты. Ал оларды патша үкiметi Жаңаесiл аймағынан күштеп қуып шыққан едi. Олар қазақтың Керей, Қыпшақ, Қанжығалы және Қара уыл, Арғын рулары болатын. Бұл рулар өздерiнiң әскери жасақта рын құрып, оларды көтерiлiсшiлерге көмек беру үшiн Орынборға аттандырды. Е. Пугачев Орта жүздiң ру старшындарымен ұдайы


келiссөздер жүргiзiп, хат алмасып тұрды. Ол екi әскердi бiрбiрiмен қосу туралы келiскен де болатын. Бiрақ Пугачевтың Троицк қамалы түбiнде қатты жеңiлiске ұшырауы салдарынан екi армия бiрбiрiне қосыла алған жоқ. Сондықтан да қазақ жасақтары өз алдарына дер бес соғысуға мәжбүр болды.

Орта жүз қазақтары толқуының күштi болғаны соншалық, патша үкiметi Сiбiрдегi және Орынбор губерниясындағы әскерлерiнiң едә уiр бөлiгiн оларға қарсы аттандырды.

Е. Пугачев көтерiлiсшiлерiмен Башқұртстанға шегiнiп кеткеннен кейiн, қазақ жасақтарының бiр бөлiгi Жайық бойындағы далаларда қалып қойды. Басқа бiр бөлiгi көтерiлiсшiлермен бiрге Едiлдiң орта және төменгi ағысы бойына кеттi.

Орта жүз қазақтары Губерлинская бекiнiсiн басып алуға қатысты. Орск бекiнiсi бес күн бойы көтерiлiсшi қазақ жасақтарының қорша уында қалып қойды. Қазақтар ол бекiнiстi қоршауда ұстауды патша үкiметi әскерлерiнiң күшi келiп жетiп, мәжбүр еткеннен кейiн ғана тастап кеттi.

1774 жылдың жазында Орта жүз қазақтарының жасақтары Ала бұға дала бекiнiсiн толық талқандады. Ол Звериноголов және Петро павл бекiнiстерiнiң ортасында болатын.

3. Қазақ жасақтарының шаруалар кHтерiлiсi жеңiлгеннен кейiнгi соғыс қимылдары. Патша үкiметi Түркиямен соғысты аяқтағаннан кейiн көтерiлiсшiлерге қарсы аса iрi әскери күштердi жiбердi. 1774 жылғы тамызда Царицын түбiнде Пугачев ойсырай жеңiлдi. Үлкен және Кiшi өзен аймағында оны патшаға берiлген казактар сатқын дықпен ұстап алып, патша әскерлерiнiң қолына табыс еттi. Көтерiлiс жетекшiсi Е. Пугачев Мәскеуде қатаң жазаланды.

Пугачевтықтар жеңiлiске ұшырағанымен қазақтар өздерiнiң күресiн жалғастыра бердi. Азықтүлiк тиелген арба керуендерiн тонады, жемшөп қораларын өртедi, егiс далаларын таптап кетiп жүрдi. Олардың бұл iсқимылдары Орынбор, Астрахан және Са ратов губернияларындағы отырықшы халықты ашаршылыққа ұшыратты.

Патша әкiмшiлiгi қазақтарға қарсы жазалаушы әскерлер шығар ды. Осы мақсатқа Жайық казактары және бекiнiс шебiндегi гарни зон әскерлерiмен қатар Дон казактарының едәуiр мол күштерi, гу сар және драгун полктары, патша үкiметiне жантәнiмен берiле қыз мет етушi башқұрттар мен қалмақтар да тартылды. Олар бiрнеше бағыт бойынша бөлiнiп шығып, көтерiлiске қатысқан ауылдарды талқандап, қырыпжоюға кiрiстi.

Көтерiлiсшiлер жазалаушы әскерлерге ерлiкпен қарсылық көр сеттi, тiптi казактардың хуторларына және Жайық пен Едiл бойын дағы әскери шептiң бекiнiстерiне өздерi де жиiжиi шабуыл жасау мен болды. Бұл ретте Сырым Датұлы бастаған байбақты руының


жасақтары ерекше ерлiгiмен көзге түстi. Байбақтылар Едiл бойын дағы казактардың елдi мекендерiне шабуыл жасап, бiрнеше бекiнiс пен хуторды қырыпжойып жiбердi. Молдаван полкының гусарла рын тасталқан етiп жеңдi.

Көтерiлiсшiлер даланың алыс түкпiрлерiне жаппай көше баста ды. Бiрақ көшiп бара жатып та шекара шептерiндегi бекiнiстерге күтпеген жерден шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ.

Көтерiлiстiң негiзгi ошақтары жойылғаннан кейiн де қазақ да ласындағы отаршылдыққа қарсы қозғалыс одан әрi жалғаса бердi. Ол КHктемiрдiң «Көзге көрiнбейтiн қозғалысы» деген атқа ие болды. Көзге көрiнбейтiн Көктемiр деген адам қазақтарды Е. Пугачев өлген жоқ, ол әлiақ қайтып оралады, патша үкiметiне қарсы күрестi тоқ татпау керек деп сендiруге тырысты. Мұндай алыпқашпа әңгiмелер тама және табын руларының арасында кеңiнен тарады. Осы әңгiмелердiң қайдан шығып жүргенiн тексеру үшiн қазақ даласына жазалаушы әскерлер жiберiлдi. 1776 жылдың жазына қарай қазақ даласында тыныштық қайта орнады. Патша үкiметi Қытай жерiне көшiп кетуiнен қауiптенiп, қазақтарды жазалау шараларын тоқта туға мәжбүр болды.

4. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi. Е. Пугачев бастаған, оған қазақ тар да қатысқан шаруалар көтерiлiсi жеңiлiске ұшырады. Қазақ жасақтарының арасында өзара келiсiлген жоспар болмады, сондай ақ Е. Пугачевтың бас штабымен байланыс жасап, жалпы үйлес тiрiлген iсқимыл да болған жоқ.

Көтерiлiске қатысқан, бiр жағынан қазақтардың, екiншi жағы нан қалмақтардың, башқұрттардың, Жайық казактарының арасында бұрыннан келе жатқан ескi кикiлжiң бар болатын. Патша үкiметi нiң әскерлерi жақсы қаруланған әрi күштi әзiрлiктен өткен едi. Қазақ ақсүйектерiнiң Нұралы хан мен оның төңiрегiндегiлер iстiң немен бiтетiнiн аңдып, әлiптiң ақырын күттi. Олардың бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске қатысу белсендiлiгiн әлдеқайда бәсеңдетiп жiбердi.

Патша әкiмшiлiгi жергiлiктi басқару жүйесiн қайта өзгертудi қол ға алды. Орынбор өлкесiндегi қазақтарды басқару үшiн Шекаралық экспедиция деген құрылды. Орал шекара шебi қайтадан қалпына келтiрiлiп, ондағы бекiнiстер әлдеқайда күшейтiле түстi. Е. Пуга чев бастаған шаруалар соғысын халықтың есiнен мәңгiлiк шығарып, бiржолата ұмыттыру үшiн 1775 жылы арнайы үкiмет жарлығы шы ғарылды. Жарлықпен түркi тiлiндегi Жайық өзенiнiң аты Орал, Жайық казактары Орал казактарының әскерлерi, Жайық қа лашығының аты Орал қаласы деп өзгертiлдi. Көтерiлiстiң басшысы Емельян Пугачевтың атыжөнiн атауға қатаң тыйым салынды. Орал казак әскерлерiнiң саны көбейтiлдi. Қазақтардың Орал өзенiнiң оң жақ бетiне өтуiне тағы да өте қатаң тыйым салынды.


5. Қазақтардың шаруалар кHтерiлiсiне қатысуының тарихи маңы зы. Қазақтардың Ресейдегi аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң бiрiне қа тысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Көтерiлiстiң барысында ЕдiлЖайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ және қалмақ сияқты халықтардың патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына бiрлескен күресiнiң мүмкiндiгi айқын көрiндi.

Көтерiлiс басыпжаншылғаннан кейiн патша үкiметi көшпелi қа зақ қауымын тыныштандыру үшiн кейбiр шаралар қабылдауға мәж бүр болды. Мәселен, 1782 жылы Кiшi жүз қазақтарының қысқы ке зеңде Едiл мен Жайық аралығын жалға алу арқылы уақытша қыс тап шығуына рұқсат етiлдi.

Қазақтардың бұл шаруалар көтерiлiсiне қатысуы көшпелi халық тың өз тәуелсiздiгiн қайтадан қалпына келтiруге, Қазақстанды әскер күшiмен басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күштi екенiн көрсеттi. Сонымен қатар көтерiлiс Кiшi жүзде хан билiгiнiң беделi төмендегенiн көрсеттi. Көтерiлiстiң сабақтары босқа кеткен жоқ. 1783 жылы қазақтар патша үкiметiне қарсы алғашқы және кең кө лемдi дербес ұлтазаттық көтерiлiске шығуына сабақ болды.

 

1.

?
Қазақтардың 1773–1775 жылдарда Е. Пугачев бастаған шаруалар кө терiлiсiне қатысуының негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Қазақтардың шаруа

лар көтерiлiсiне қатысуына түрткi болған қандай жағдай едi? 3. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары белсене қатысқан шайқастарды атап көрсетiңдер. 4. Халық көтерiлiсi басыпжаншылғаннан кейiн қазақ даласында не болды? 5. 1773– 1775 жылдарда Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi жеңiлуiнiң негiзгi себептерiн және салдарларын сипаттап айтып берiңдер. 6. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының осы көтерiлiске қатысуының тарихи маңызы неде болды?

7. Мәтiннен шаруалар соғысы бiткеннен кейiн де қазақтардың өздерiнiң кү ресiн жалғастыра түскенi жөнiндегi деректердi табыңдар.

 

*
Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезi мен ХVI ғасырдың бас кезiнде қашқын шаруалардан құралған еркiн казактардың қауымдары. Патша

үкiметi оларды Ресейдiң оңтүстiкшығыс шекараларын қорғау үшiн пайда ланды.

 

Пугачев Емельян Иванович (1742–1775) – Дон казагы, 1773–1775 жылдардағы аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң басшысы.

  «1773–1775 жылдары Ресейдiѓ оѓтљстiк-шыѕыс аймаѕында Пугачев- тыѓ бљлiкшiл ќрекеттерiне байланысты наразылыћ толћыны пайда болды. Оралѕа ћарай жатћан жерлер, bзеннiѓ жоѕарѕы аѕысынан тbменгi аѕысына дейiнгi таяу жатћан жерлер, тљгелдей дерлiк аса кљштi ћауiптi жаѕдайда ћалды, bйткенi (Орал) Жайыћ казактары арам ойлы жалѕан Петрдiѓ ал- ѕашћы ћолдаушылары, ал башћџрттар бiрiншi одаћтастары болды. Шекара кљзетiндегi ќскерлер шекараны бљлiкшiлерден ћорѕау орнына еѓ басты


iрi ќскери бекiнiстерге жиналып, шекара ћорѕаусыз ћалып ћойды. Сырт- ћы жаудыѓ шабуылын ешкiм де тоћтата алмады. Ќркiм аса ћатерлi iшкi жаудан bз ћара басын ћалай ћорѕап ћалудыѓ ћамын ѕана ойлады. Жер- гiлiктi ќкiмшiлiк ћырѕыздар (ћазаћтар. – авт.) мен казактар бљлiкшiлерге ћосылып кетiп, империяныѓ шегiне басып кiредi, шекара шебiндегi елдi мекендердiѓ бќрiн тонап, талан-таражѕа тљсiредi, ћайыршыландыра кљй- зелтедi деп ћорыћты. Бџлай деп ойлауына негiз де бар едi. Бiраћ олай болып шыћпады. Себебi Пугачев ќскерлерiнiѓ негiзiн ћџраѕан Жайыћ казактары мен башћџрттар ћырѕыздардыѓ (ћазаћтардыѓ. –авт.) бџрыннан ћас жаулары болатын». Левшин А.И. Ћырѕыз-ћазаћ, немесе ћырѕыз-ћайсаћ ордалары мен дала- ларыныѓ сипаттамасы. Алматы, 1996, 252-бет.   1.Е. Пугачев бастаѕан кbтерiлiстi ћай халыћ белсендi тљрде ћолдады? 2.Патша љкiметi шаруалар кbтерiлiсi кезiнде ћазаћтардан неге ћатты ћа- уiптендi?

 

§10. СЫРЫМ ДАТҰЛЫБАСТАҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҰЛТАЗАТТЫҚ К]ТЕРIЛIСI

Түсiндiрме сөздiктерден, энциклопедиялардан, тағы басқа да анықтамалық басылымдардан «бостандық», «тәуелсiздiк» деген сөздердi тауып, олардың мәнi неде екенiн оқып бiлiңдер. Сондайақ бұл сөздердiң ненi бiлдiретiнiне ой жiберiңдер. Осының алдындағы параграфтан қазақтардың көтерiлiсiн басқарған Сырым Датұлы ту ралы айтылатын тұсты iздеп табыңдар.

1. КHтерiлiстiң шығу себептерi. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi басылғаннан кейiн патша үкiметi Кiшi жүз қазақтарының көшпелi қауымына отаршылдық езгiнi күшейтiп жiбердi. Сондықтан да қазақтардың көтерiлiске шығуы тiптi де кездейсоқ нәрсе емес едi. Оның өзiндiк себептерi болды. Бiрiншiден, шекара шебiнiң iшкi жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайты ла түстi. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бiр руласы жасаған құқық бұзушылық әрекетi үшiн ұстап алып, айыптауға бола тын едi. Екiншiден, Орал казак әскерлерi тарапынан бұрынғысынша дала төсiндегi «әскери iздестiрулер» тоқтатылмады. Үшiншiден, Нұралы ханның және оның төңiрегiндегiлердiң беделi жыл өткен сайын төмендей бердi. Ол бiртебiрте патша үкiметiнiң қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады. Мәселен, Нұралы хан Орын бордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халық тың мұңмұқтажына көңiл бөлiнбедi. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерiнше және өз пайдаларына қалай қаласа, со лай бөлiске салды.

2. КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi

халыққа кеңiнен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кiшi


жүздiң iшiндегi он екi ата Байұлы бiрлестiгiнiң Байбақты руынан шыққан iрi тұлға болатын. С. Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiнiң барысында өзiн шебер дипломат, әскери қолбасшы әрi көрнектi ұйымдастыру шы ретiнде көрсете бiлдi. Көтерiлiсшiлердiң жетекшiсi әрi шешен, әрi би ретiнде өз даңқын асырған едi. Асқан ақылдылығы мен тапқыр лығы үшiн бала кезiндеақ «Бала би» атанған болатын. С. Датұлының дене күшi де зор едi. Жеке өз басының ерлiгi мен қайыспас қай сар батырлығы, ерекше ерiк күшi таңғалды ратын. Gз замандастарының арасында ат құла ғында ойнайтын шабандоздығымен де ерекше


 

Сырым Датұлы.


ленетiн. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген ағылшын

журналисi Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр – жiгерлi, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйiспеншiлiгiне бөленген, халық оған табынған десе де болады».

Көтерiлiске қарапайым көшпелi қазақтардың едәуiр бөлiгi, стар шындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрi де Кiшi жүздегi барлық рулық бiрлестiктердiң, әсiресе Ресеймен шек тес жерлердегi рулардың өкiлдерi болатын. Gйткенi жайылым тап шылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал казак әскерлерiнiң шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерiлiс шiлердiң арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар едi. Мәсе лен, атақты батырдың жақын серiктерiнiң бiрi Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.

Көтерiлiсшiлердiң қойған ең басты талабы патша үкiметiнiң қазақ жерлерiн тартып алуын тоқтату едi. Сонымен қатар сұлтан дардың, ханның және олардың айнала төңiрегiндегiлердiң озбыр лығына тыйым салу болды.

3. Ұлтазаттық қозғалысының басталуы және оның алғашқы кезеңi. 1782 жылдың аяқ кезiнде патша үкiметiнiң жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгiлiнде жайылымдық жерлердi жалға алу арқылы ғана уақытша өтуiне рұқсат етiлдi. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесiне пайдалана қойды – казактардың жерiн қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебiндегi бекiнiстердiң күзетi күшей тiлдi. Қазақтар аманат беруге тиiстi болды. 1782–1783 жылдың қы сында шекара шебiнiң iшкi жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағ дайды одан сайын қиындатып жiбердi. Жұт басталды. Дала тұрғында рының 10 000нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Мiне


осындай қиынқыстау жағдайда Кiшi жүздiң шекара шебiне таяу ауыл дарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресiне ұласты.

1783 жылдың көктемiнде қазақтар Орал шекара шебiне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекiнiсiндегi солдаттарды тұт қынға алып, малдарын айдап кеттi. Орынбордың солтүстiкшығы сында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор ко менданты қазақ даласына Орынбор казактарының жазалаушы әс керлерi мен башқұрттардың 1500 сарбазын жiбердi. Қазақ көтерi лiсшiлерi оларға табандылықпен қарсылық көрсеттi. Қазақтардың тастан тұрғызған бекiнiсi дұшпанның басакөктеп бiрден лап қойған шабуылы кезiнде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұ мыстарды атқаруға жiберiлдi.

Қазақтардың әскери бекiнiстер мен сауда керуендерiне шабуы лы жиiлей түстi. Мұның өзi орыс мемлекетiнiң Орта Азия хандықта рымен жасалатын саудасаттық деңгейiн құлдырата төмендетiп жi бердi. Қарағай бекiнiсiне бiрден лап қойған шабуыл жасалды. Көте рiлiсшiлер Орынбор мен Елек қорғанысының екi арасын байланы стыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды.

1785 жылы қазақ жасақтары Төменгi Орал шекара шебiнiң ай мағында патша үкiметiнiң әскерлерiмен кескiлескен шайқасқа түстi. С. Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ 2000, Тiленшi батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық еттi. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.

Ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңiрегiндегi лермен арадағы күресi күшейе түстi. Ханның халық көтерiлiсiн ба сыпжаншып тоқтатуға мұршасы келмедi. Ол – ол ма, көте рiлiсшiлер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсiрудi талап еттi. Қазақтардың да, отаршыл билеушiлердiң де көз алдында өзiнiң беделiнен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кiшi жүзден бiр жолата қуылды. Ол ендiгi жерде патша билiгiнiң қамқорлығына алынды. Бiраз уақыт Калмыков бекiнiсiнде жасырын тұрды. Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.

4. Барон Игельстромның реформалары және Кiшi жүзде хан би лiгiн жою әрекеттерi. Қалыптасқан жағдайда патша үкiметiнiң ал дында тұрған ендiгi мiндет Кiшi жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерiн ойлап табу едi.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.А. Игельстром келдi. Ол аймақты басқару жөнiндегi икемдi саясат жүргiзуге қабiлеттi адам ретiнде белгiлi болатын. О.А. Игельстром қазақтар туралы «жаны жайсаң ақкөңiл халық» деген жағымды пiкiрде болды. Кiшi жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсiнiп үлгердi. Билiктi билер кеңесiне берудi жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсiретуге тырысты.


1786 жылы О. Игельстром хан билiгiн реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәнi хан билiгiн толығынан жою, Орын борда Шекаралық сот билiгiн орнату едi. Кiшi жүздi рулықтайпалық жүйе бойынша – Әлiмұлы, Байұлы және Жетiру етiп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билiгiн жүзеге асыратын әкiм шiлiк органдар – ру ақсақалдары кiруге тиiстi расправалар құрыла тын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайын далатын екi орынбасары және бiр молда енгiзiлетiн болды. Олар дың атқаратын жұмысы үшiн қазына есебiнен жалақы төлеу көзделдi. II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кiшi жүз аума ғында екi не үш қала, бiрнеше мешiт, ақсүйектердiң балалары оқи тын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрi де Кiшi жүз қазақтарының Ресей империясынан iргесiн аулақ салып, саяси оқ шаулануын жоюға тиiс едi.

Бiрақ Игельстромның реформасы Кiшi жүздегi сұлтандар мен

старшындардың наразылығын туғызды. Gйткенi олар қазақ даласын дағы өз ықпалынан айырылғысы келмедi. Орта жүз бен Ұлы жүздегi Шыңғыс әулеттерi де осылай ойлап, олармен ынтымақтастық таныт ты. Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмiр ге жарамды болмай шықты. Әкiмшiлiк орган – расправалар iс жү зiнде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хан дықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.

1786 жылы старшындардың съезi өттi. Онда тек қана Шекара лық сот құруға келiсiм берiлдi. Соттың құрамына алты ру стар шыны сайланды. Мұның өзi лауазымды әкiмшiлiк қызметiнде қа зақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бас тағанын көрсеттi. Алайда мұндай сайлау Кiшi жүздiң үшақ руын да болып өттi. Сөйтiп Шекаралық сот Кiшi жүздiң бүкiл рулары мен жоғары дәрежелi билер тобы арқылы байланыс жасай алма ды. Соның салдарынан Кiшi жүздегi саяси жағдайға ықпал ету мүмкiн болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзiлдiкесiлдi қарсы болды.

Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Едiл мен Жайық арасында қысқы кездегi мал жайылы мының көлемiн ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар жайылымдарды жалға беру тәртiбiн жоюды да ұсынды. Гене ралгубернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртiбiн ғана жойды. Ал жеке меншiктегi жерлердi жалға беру тәртiбi сақталып қалды. Шекаралық шептiң iшкi жағына өту үшiн аманат тапсыру тәртiбi орнатылды.

Қазақтардың Едiл мен Жайық аралығына жаппай көшуi бастал ды. Старшындар өздерiнiң талаптарын күшейте түстi. Олар Кiшi жүз ден Ресейге қашып кеткен құлдарды қайтару мәселесiн де қозғады.

5—6903 65


Игельстром старшындардың талабын iшiнара ғана қанағаттан дырды. Бiрақ қазақтардың шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауын тоқтатуды шарт етiп қойды. Қазақ старшындары бұған жа уап ретiнде шекара шебiндегi әкiмшiлiк пен Орал казактарының тарапынан қазақтарға күш көрсетiп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап еттi. Жаңа әкiмшiлiк орган – расправалардың құрылуы сұл тандарды Кiшi жүз қазақтарын билеу жүйесiнен шеттетуде елеулi рөл атқарды.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: