Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 24 глава




Орта жүздiң ауыл старшындары мен би, болыстары. Омбы, 1891 жыл.


Болыстағы әрбiр 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс берушi) бiр адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үмiткер белгiленетiн.

Тап осындай тәртiппен әр ауылдағы әрбiр 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретiн) бiр адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үмiткер белгiленетiн. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны неме се болыс сайланатын, ал одан кейiн дауыс алғандар осы қызметтерден үмiткерлер болып белгiлендi.

Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзiмге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бе кiтетiн. Сондайақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекiту мен қызметiнен алып тастаудың мұндай тәртiбi қа зақ даласындағы сайлау жүйесiнiң отаршылдық мазмұнын көрсеттi. Жоғары лауазымды шенеунiктердiң отаршыл әкiмшiлiкке қолдау көрсетпейтiн адамдарды қызметке бекiтпей қоюға құқығы болды.

Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгiлер, сондайақ арнайы жасалған мөр берiлетiн. Отаршыл әкiм шiлiктiң бұл төменгi буындары полицияның және тыңшылардың мiндетiн қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталу ын қадағалауға, әсiресе барымтаны жоюға мiндеттендi. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алымсалықтың уақтылы әрi то лық жиналуын, басқа да мiндеттi борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиiс болды. Олар сот шешiмдерiнiң және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да мiндеттi едi. Gкiнiшке қарай, оқиғалардың бұдан кейiнгi барысы сайлау жү йесiнiң «партиялық» күреске айналып кетуiне алып барып соқтырды. Бiр рудың өкiлдерi мен екiншi бiр ру өкiлдерiнiң арасында шиеле нiскен күрес өршiдi. Елде байлықпен қызметтi сатып алу, қоқан лоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсiз қылықтар кеңiнен етек алды. Лауазымды қызметтен үмiткерлер сай

лау науқаны кезiнде ақшаны оңдысолды аямай шашты.

5. Қазыналық жүйе және мiндеттi атқарылатын борыштар. 1867– 1868 жылдарда енгiзiлген жаңалықтар алымсалық жүйесiн де қам тыды. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкiл аумағында бiртұтас салық – «түтiн салығы» енгiзiлдi. Ол жыл сайын бiр рет әрi үй басы нан ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сiбiр генерал губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркiстан генералгу бернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келдi. Мал санағы 3 жылда бiр рет өткiзiлдi. Малдың санын жасырғандарға са лық екi есе көп салынды. Түтiн салығын төлеуде, басқа да мiндеттi борыштарды өтеуде Кiшi жүздiң қайтыс болған ханы Шерғазы Ай шуақұлының отбасы мүшелерiне жеңiлдiк жасалды. Жеңiлдiктер


сұлтандар Баймағамбет Айшуақұлының, Ахмет және Арыслан Жан төреұлдарының отбасыларына да, сондайақ 1844 жылы хан Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарының қолынан қаза тапқан қазақтарға да берiлдi. Түтiн салығын төлеуден Орта жүздiң хандары Уәли мен Бөкейдiң ұрпақтары да босатылды. Мұндай шаралар олардың өкiметке қарсы пиғылдарын бәсеңсiтуi тиiс болды.

Билеттiк тiркеу орнына ендiгi жерде бiртұтас төлқұжаттық тiркеу тәртiбi енгiзiлдi. Басқа жаққа барып жұмыс iстеп, табыс тапқысы келгендер болыстардан төлқұжат алуы тиiс болды.

Көшпелi қазақтар бiрқатар борыштар атқаруға мiндеттелiндi. Атап айтқанда, олар көпiрлер мен жолдарды тегiн жөндеп тұруға мiндеттi болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және iссапарға келген шенеунiктер тоқтайтын киiз үйлер бөлiп тұруға мiндеттелiндi. Қазақтарға оларды отынсумен және ше неунiктердi жолға мiнетiн аткөлiкпен қамтамасыз ету де жүктелдi. Қазақтар мiндеттi әскери борыш өтеуден босатылды. Басқа сосло виеге өтетiндерге бес жылға дейiн мемлекеттiк мiндеткерлiктерден босатуға уәде берiлдi. Мұнымен патша үкiметi көшпелiлердi шаруа ларға айналдыруды көздедi. Бiрақ бұл ойлары жүзеге аспады.

6. Денсаулық сақтау саласындағы реформа. Әр облыста облыс тық дәрiгер тағайындалды. Әрбiр уезде бiр дәрiгер мен акушеркiндiк шеше болатын болды. Уездiк дәрiгерге шешекке қарсы егу шарала рын қамтамасыз ету мiндетi жүктелiндi. Ол науқас адамдарға тегiн медициналық көмек көрсетiп, оларды дәрiдәрмекпен тегiн қамта масыз етуi тиiс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекеме лердегi емдеу орындарында да дәрiгерге тексерiле алды. Шамасы, реформаның жағымды бiр ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгiзiлуi дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрiгерлердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан қазақтардың бұл мүмкiндiктер мен жеңiлдiктердi жарытымды пайдалануы мүмкiн болмады. Қазақ халқының арасында, әсiресе балалар арасында өлiм жiтiм көп болды.

7. Жердi пайдалану мәселелерi. Қазақтардың қоныстанған жер

лерi мемлекет меншiгi саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы негiзiнде ғана берiлдi. Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды.

Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс ауда рып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр мөлшерде жалға беруiне рұқсат етiлдi. Ал мұның өзi олардың ежелден келе жатқан атамеке нiнен айырылып, өздерiнiң жерсiз қалуына алып барып соқтырды. Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар елеулi жеңiл

дiктердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондайақ құрылыс тық ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда жасаумен, қол


өнер кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiнеркiн айналысу құқығы болды.

Ал башқұрт, татар, Орта Азия халықтарының өкiлдерi сияқты мұ сылмандар мұндай жеңiлдiктердi пайдалана алған жоқ. Gйткенi патша үкiметi ислам дiнiн ұстанатын өзге халықтар өкiлдерiнiң қазақ даласына шоғырлана түсуiнен қорықты.

8. Реформаның отаршылдық сипаты. Реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақ станды Ресейге қосып алу үрдiсiнiң толық аяқталғанын көрсеттi. Қазақстанның кеңбайтақ жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай қазақтардың жерiн кез келген сылтау мен опоңай тартып ала беретiн болды. Мұның ақыры дала тұрғын дарының ежелгi атамекен жерлерiнен айырылып қалуына, сөйтiп қайдағы бiр құнарсыз және тұзы бетiне шығып жатқан сортаң жер лерге ығыстырылуына жеткiздi. Құнарлы жерлер iшкi Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеунiктерге берiлдi. Патша үкiметiнiң Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңдысолды емiнеркiн пайдалануы бұл өлкенi Ресей экономикасының қосалқы арзан шикiзат көзiне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкiл аума

ғын руаралық кескiлескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жiбердi. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңiнен етек алды. Болашақ болыстар орыс үкiметiнiң аузына қарап, жал таңдаудан көз ашпады. Қайтсем солардың қолдауына ие болып, қањарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.

Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшы ны деген ең төменгi дәрежедегi қызметтер ғана тидi. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генералгубернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды.

Жаңа мiндеттi борыштар мен алымсалық түрлерiнiң еселеп енгi зiлуi қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жiбердi. Түтiн салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бiрақ көтерiлдi. Болыстар ды, ауыл старшындарын, сондайақ олардың толып жатқан шабар мандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қо сымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарындағы ха лық харадж (егiннен алынған өнiмнiң оннан бiр бөлiгi), зекет (тауар құнының қырықтан бiр бөлiгi) төлеп тұруға мiндеттi болды. Әр түрлi қажеттерге жұмсау үшiн қара шығын деп аталатын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпiр, мешiт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкiметi Қазақстан


нан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бiр бөлiгi отаршыл әкiмшiлiк пен әскери күштердi ұстауға жұмсалды, ендi бiр бөлiгi орталыққа жiберiлiп отырды.

Патша үкiметi қазақтардың ежелгi дәстүрлi қоғамын күйреттi. Болыстар мен уездер құру кезiнде рулық ерекшелiктер ескерiлмедi. Дәстүрлi билер сотының құқықтары елеулi түрде қысқартылды.

Сонымен қатар реформаның барысында ел өмiрiне кейбiр жа ңалықтар да енгiзiлдi. Қалалар тұрғызылып, темiр жолдар салына бастады. Ертiске кеме түсiрiлдi. Бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiнiң қатары арта түстi.

?
1. 1822 және 1824 жылдардағы жарғылар неге жарамай қалды? 2. 1867–1868 жылдардағы жарғылар бойынша Қазақстанның жаңа әкiмшiлiк бөлiнiсi қан

дай болғанын картадан көрсетiңдер. 3. 1822–1824 жылдардағы реформалар мен 1867–1868 жылдардағы реформаларға салыстырмалы түрде талдау жасаңдар. 4. Қазақтар мына төменде көрсетiлген лауазымды қызметтердiң (генералгубернатор, әскери губернатор, уезд бастығы, болыс, ауыл старшыны) қайсысын атқаруға құқықты едi? 5. Қазынагерлiк жүйеде қандай өзгерiстер болды? 6. Денсаулық сақ тау саласында болған өзгерiстердi атап шығыңдар. 7. Қазақстанда жердi пайдала ну саласында қандай өзгерiстер орнықты? 8. Реформалардың отаршылдық мәнi мен сипаты қандай едi?

*
Қара шығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура кел ген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрi.

Уезд – ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiндегi Ресей империясының әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгi.

II Александр (1818–1881) – 1855 жылдан Ресей императоры.

«Облыстар бџрынѕы округтер орнына уезд бастыћтары басћаратын уез- дерге бbлiндi. Аѕа сџлтан жќне болыс сџлтаны деген лауазымды ћызметтер, сондай-аћ приказдар жойылды. Ћырѕыздардыѓ (ћазаћтардыѓ. – авт.) bзiн-bзi басћару жљйесi таратылып ћана ћойѕан жоћ, сонымен ћатар мљлде басћаша ћџрылды. Ћазаћ болыстарын «ћџру кезiнде» 1822 жылѕы жарѕыѕа сай рулыћ принцип негiзге алынбай, ендi аумаћтыћ принцип негiзге алынды. Gйткенi патша љкiметi рулыћ ерекшелiктердi еске алуды саяси тџрѕыдан алѕанда зиян- ды деп тапты. Ћазаћтардыѓ ежелден кbшiп-ћонып жљрген байырѕы атамекен жерлерi ендi «мемлекет меншiгi» саналды. Ол жерлер ћазаћтардыѓ «мерзiмсiз ќрi ћоѕамдыћ негiзде пайдалануына» берiлетiн болды. Бџрыннан алынып кел- ген жасаћ (салыћ) љй басына салынатын тљтiн салыћпен (алѕашћыда жылына 3 сом, ал кейiнiрек – 4 сом) алмастырылды...» Коншин Н. Семей bлкесiнiѓ 1917 жылѕа дейiнгi тарихи очеркi//Ћазаћ эт- нографиясы жbнiндегi еѓбектер. – Павлодар, 2005, 96-бет.   1.1867–1868 жылдардаѕы реформалар бойынша Ћазаћстанда ћандай bзгерiстер енгiзiлдi? 2.Салыћ жљйесi ћалай bзгертiлдi?


§29. ХIХ ҒАСЫРДЫҢ 80–90ЖЫЛДАРЫНДАҒЫӘКIМШIЛIК РЕФОРМАЛАР

ХIХ ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар жартыкеш болып шықты.Онда қазақ халқының құқықтары тым шектелiндi. Мұның өзi қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әре кеттер тудырды. Сондықтан да патша үкiметi 80–90жылдары ре форманы одан әрi жалғастыруға мәжбүр болды.

1. Торғай және Орал облыстарындағы кHтерiлiстер. Қазақтар пат ша үкiметiнiң реформаларына ашықтанашық күштi наразылық бiл дiрдi. Үкiметке қарсы көтерiлiс жасайтын жағдай пiсiпжетiлiп келе жатты. Көтерiлiс күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалып, 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейiн созыл ды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.

Көтерiлiстiң басықасында iрi рубасылары жүрдi. Қазақтар үкi меттiң жiберген комиссияларын қабылдамады. Көтерiлiсшiлер үкi мет билiгiне бағынудан үзiлдiкесiлдi бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерiн енгiзуге, елдi Ресей шенеунiктерiнiң басқаруына ашықтанашық қарсы болды. Ежелгi ескi тәртiпке қайтып оралуды талап еттi.

Ашу қысып, зығырданы қайнаған елдi жуасыту үшiн патша үкi метi бұрынғы ел билеген сұлтандарды салып көрдi. Бiрақ халық олар дың сөзiне құлақ қоймады. Қайта олардың өзiн елдiң көзiнше мас қара еттi. Ендi үкiмет билiгi мұсылмандардың Уфа губерниясында ғы дiни басшылығына қолқа салды. Бiрақ оларды да тыңдаған ешкiм болған жоқ. Халық арасында енгiзiлiп жатқан жаңа тәртiп қазақтар ды христиан дiнiне кiргiзiп, шетiнен шоқындыруға, армия қатарына алуға, сондайақ алымсалық түрлерiн еселеп арттыра түсуге алып барады екен деген қауесет қаптап кеттi.

Жаңа ереженiң қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үстiүстiне жiберiлiп жатқан комиссиялар оны ауызекi айтып түсiндiре алмады.

Әуелi Орал облысында басталған толқу бiртебiрте көршiлес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600700 адамнан тұратын жасақтары ауылауылды аралап, патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне ба ғынбауға, басқарудың жаңа тәртiбiнен бас тартуға шақырды. Қазақ тарды бейбiт жолмен тыныштандырудың сәтi түспедi, ол ешқандай нәтиже бермедi.

Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жiберiлдi. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бiрқатар зеңбiрек болды. Әскери қақтығыс болып, қан төгi летiн кез келдi.

1868 жылдың 6 мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына ша


буыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отряд ты жетi күн бойы қоршап, тырп еткiзбедi. Сөйтiп жемшөбi мен азық түлiгi қалмаған жазалаушылар керi қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған және бiр жазалаушы әскер де Орынбор шекара шебiне шегiнiп кеттi.

1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерi лiс өзiнiң шырқау шегiне жеттi. Қарапайым көшпелi халықтың ашуызасы ендi жергiлiктi ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ереженi қабылдауға келiсiм берген ақсүйектердiң ауылда рына шабуыл ұйымдастырылды. Мәселен, 1869 жылғы наурыз айынан маусым айына дейiн би, сұлтандардың, болыстар мен старшындардың ауылдарына 40тан астам шабуыл жасалды. Оған жалпы саны 3 мың адам қатысты.

Торғай мен Орал облыстарындағы көтерiлiстiң кеңiнен өрiстеуi патшалық Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiктерiн ғана емес, оның орта лық үкiметiнiң де мазасын кетiрiп, үрейiн ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшiн патша үкiметi Петербургтан, Мәскеу ден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жiбердi. Соның iшiнде Орал облысында под полковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жой қын қимыл көрсеттi.

Көтерiлiс нашар ұйымдастырылды, күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалды, оның жекелеген басшыларының арасында келiсiлген ауызбiрлiк те болмады. Соның салдарынан ол жеңiлiске ұшырады. Әрине, бұған дейiнгi көтерiлiстердегi сияқты, бұл жолы да оған өз мүддесi үшiн уақытша қатысқан бiрқатар старшындардың сатқындық әрекеттерi де көтерiлiстiң жеңiлуiне жеткiздi.

2. Хиуаның кHтерiлiске қатысты әрекетi. Қазақ даласындағы тол қулар туралы ести сала Хиуа ханы оларды көтерiлiс жасауға аран дата түстi. 1869 жылдың қаңтарында Хиуаға қазақтың шектi және табын руларынан елшiлер барды. Олар Хиуа ханынан қазақтарға көмектесу үшiн әскер жiберудi өтiндi. 1869 жылдың сәуiр айында Шошқакөл деген жерге хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбiрегi бар әскерi келдi. Хиуа әскери экспедициясының мақсаты, бiрiншi ден, орыстардың далалық жерлердегi әскери бекiнiстерiн жою, екiн шiден, қазақтарды өз қол астына бағындыру, үшiншiден, халықтан жиналатын зекеттiң мөлшерiн анықтау болатын. Хиуалықтар жергi лiктi рубасыларын өз жақтарына тарту үшiн қыруар көп шапан және ақша ала келедi. Бiрақ қазақтар тарапынан өздерi ойлағандай белсен дi қолдау таба алмады. Сөйтiп Жем күзет аймағында бiр айдай бол ғаннан кейiн керi қайтып кеттi.

1869 жылдың аяғына қарай 7 мыңға жуық қазақ отбасы Хиуа

шекарасынан өтiп, солардың қол астына қарады. Бiрақ өздерiнiң көшiп кеткенге дейiнгi отырған жерлерi өзге қазақ руларына тараты


лып берiледi екен деген хабарды ести сала едәуiр бөлiгi қайтадан көшiп келуге мәжбүр болды.

3. Маңғыстаудағы кHтерiлiс. Жаңа ереже енгiзiлгеннен кейiн Маңғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.

1870 жылғы наурызда Маңғыстау приставы подполковник Ру кин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бастап және беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтерiлiске шығуына түрткi болды. Боза шы деген жерде Досан Тәжiұлы, Иса Тiленбайұлы 200ге жуық қарулы қол жинады. Кескiлескен шайқас басталып кеттi. Көп ұза май Рукин бастаған әскери жасақ тасталқан болып жеңiлдi. Жа ралы болған Рукин өзiн өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс көтерiлiсшiлер дiң рухын көтерiп, оларды жiгерлендiре түстi.

Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету бас талды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерiнше флотилия құрып алды. Кейiнiрек ол флотилия Алексан дровск фортын қоршауға қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың саны 10 мың адамға жеттi.

1870 жылдың сәуiр айында көтерiлiсшiлер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртедi және Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстiүс тiне жарылған снарядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура кел дi. Көтерiлiс жергiлiктi отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен қатар орталық үкiметтiң де зәресiн ұшырды.

Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi. Патша үкiметi Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерiн Красноводск төңiрегiне шоғырландыра бастады. Маңғыс таудағы көтерiлiс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. Сөйтiп мамыр айының аяқ кезiнде Кавказдан Маңғыстауға едәуiр мол әс кер күшi жеткiзiлдi. Адайқазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтерiлiс жеңiлiске ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп iздестiрумен болды. 1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi бұрқ ете түстi.

4. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдарлары. Көтерiлiсшiлер жеңiлiп қалды. Gйткенi көтерiлiс жергiлiктi тар көлемдегi сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, бiртұтас майдан аша алмады. Кө терiлiсшiлердiң қаружарағы нашар едi. Олар негiзiнен қылышпен, айбалтамен, найзамен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық же


тiспедi. Оқдәрi де тапшы болды. Рубасыларының бiр бөлiгi көте рiлiсшiлердi қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бiрдей әскери бекiнiстермен құрсап, қоршап алып үлгерген едi.

Патша үкiметiнiң әскерлерi Маңғыстауда үш ай бойы тұрып ал ды. Жергiлiктi өкiмет билiгi көтерiлiсшiлердi қатаң жазалады. Кавказ әскери әкiмшiлiгi Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтiн салығын және басқа да алымдарды – барлығы 57901 сомды жинап алды. Оның үстiне, адайлар 90 мың қой мөлшерiнде контрибуция (соғыс шығын дарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.

Көтерiлiсшiлерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Рефор ма енгiзуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударылды. Мәселен, Торғай облысының бiр өзiнен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы – 3 мыңға жуық адам жер аударылды.

Көтерiлiстiң басшылары 1870 жылғы желтоқсанда ағайынтуыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтiп кеттi. Сұлтан Хан ғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық қазақ осылай iстеуге мәж бүр болды.

Патша үкiметi орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көш тi. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейiн бiр ғана Жетiсу жерiндегi орыс шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берiлдi. Мұның өзi жер гiлiктi халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарымқатынастың нашарлауына алып келдi.

Халық арасында жаңа толқулар туып кетедi деген қауiппен, олар дың алдын алу үшiн ХIХ ғасырдың соңында патша үкiметi Қазақ станда құпия мәлiметтер жинап тұратын жалдамалы жансыз агенттер тобын құрды. «Gте сенiмдi» деген қазақтардан әр уезден екi жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергiлiктi халықтың көңiл күйi тура лы патша үкiметiне қажеттi құпия мәлiметтер жинаумен айналысты.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: