Жетiсу казактарына өзiнөзi басқарудың жетiлдiрiлген түрi тән болды. Gзiнөзi басқарудың басты органы – сход жиын маңызды рөл атқарды. Казактардың бұл жиналысына әскери топқа жатпай тын, басқа қалалық адамдар да қатыса беретiн. Жетiсу казактарының айналысатын негiзгi шаруашылығы егiншiлiк, ал қосымша шаруа шылығы балық аулау және омарташылық кәсiбi болды. Казактар сонымен қатар саудамен де белсендi түрде айналысты. Жетiсу казак тарының қолында 281 мың десятина жер болды. Ол әр адамға шақ қанда 28 десятинадан келдi.
1917 жылы Жетiсу казактарының жалпы саны 45 мың адамға дейiн жетiп, 3 атты полктен тұрды.
? |
шылықтарды пайдаланды? 5. Жетiсу казак әскерлерiнiң құрылу ерекшелiктерi қандай болды? 6. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазақтар мен казактар тiлiндегi бiр мағыналас сөздердi табыңдар.
* |
Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейiн казак әскерлерiнiң аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мещандар, саудагерлер) осылай аталған.
Мещеряктар – түркi тiлдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.
Катанаев Георгий Ефремович (1848–1921) – казак әскерлерiнiң генералы. Сiбiр казак әскерлерiнiң ресми тарихшысы.
«Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысының губернаторы қыз
|
метiн атқарушы Жоғары мәртебелi мырзаға. Сiбiр қырғыздары аға сұлтан дарына бағынышты халықтың атынан өтiнiш. 1866 жылғы 7 қыркүйек.
Биылғы жылы округтiк приказдарға тексеру жүргiзу кезiнде Жоғары мәртебелi Сiз Сiбiр казак әскерлерi шекара шебiнiң сыртындағы енi 10 шақырым келетiн алқапты қырғыз (қазақ. – авт.) халқына жалға беруге ұсыныс жасаған едiңiз. Қырғыздар Ресейдiң қол астына өз ерiктерiмен өткен кезде өздерiнiң меншiгiндегi жерiмен, соның iшiнде қазiр казак әскерлерi саудаға салып отырған әлгi енi 10 шақырымдық жер кеңiстiгi мен қоса өткен болатын. Соңғы кезде Үкiмет Дербес Сiбiр корпусының командирi кiнәз Горчаковтың шекара шебiн сенiмсiз далалықтардан (қа зақтардан. – авт.) қорғау жөнiнде жасаған өтiнiшiне орай әлгi жалға беру туралы Сiз ұсыныс жасаған енi 10 шақырымдық жер кеңiстiгi ендi қыр ғыздарға жалға берiлмейтiн болып отыр. Ол жерлер казак әскерлерiнiң меншiгiне уақытша өтiп кеттi. Бұрынғы сенiмсiз деп саналған қырғыз дардың бәрi де тыныш, бейбiт өмiр сүруде, Орыс үкiметiне шын берiлген сенiмдi адамдарға айналуда. Қазiр қырғыз даласында толық тыныштық орнап, бейбiт өмiр қалыптасты.
Қырғыздар тұрақты қонысы болмағандықтан қатты қиыншылықтар ға душар болуда. Мұның өзi оларға өте ауыр тиюде. Олар сөйте тұра жасақ (алымсалық), жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатын үш есе артық мөл шердегi баж салығын төлейдi. Қандай ауыртпалық болса да қырғыздар өздерiнiң туыпөскен жерлерiн қиып кете алмайды. Gйткенi ол жерлерде атабабаларының сүйегi жатыр. Ал қысымға шыдай алмай, өздерiнiң ежелгi атамекендерiнен кең далаға кетiп қалған кейбiр адамдар ол жақтан да бос жатқан жер таба алмай, азап шегуде. Ақырында сол баяғы енi 10 шақырым келетiн жер алқабына амалсыздан қайтып оралуда. Жоғары мәртебелi мырза, Сiзден мынаны өтiнiп сұраймыз: сол енi 10 шақырымдық жер алқабын бұрынғысынша қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) иелiгiне тегiн беру жөнiнде жоғары жаққа өтiнiш бiлдiрсеңiз екен...»
|
Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 8қ, 66iс, 117–118парақтар.
1. Бұл өтiнiштi беруге бастамашы болған кiм едi? 2. Осы үндеумә лiмдеменiң авторлары қандай талаптар қойғанын айтып берiңдер. 3. Хатта жазғандар өздерiнiң жер иеленуге деген құқықтарына қысым жасалып, шектеулер қойылғанына қандай дәлелдер келтiрген?
§31. ПАТША ҮКIМЕТIНIҢ ОТАРШЫЛДЫҚ ҚОНЫС АУДАРТУ САЯСАТЫ
ХIХ ғасырдың 60–90жылдарында жүргiзiлген әкiмшiлiк рефор малар қазақтардың жерiн түгелдей мемлекеттiң меншiгi деп жария лады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берiк негiз қалады. Орыс шаруаларын iшкi Ресейден жаппай қоныс аударту көп жағдайда қазақтарды ежелгi ата мекенiнен, қонысынан қуу және ең құнарлы жерлерiн күштеп тар тып алу арқылы жүзеге асырылды.
|
1. Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударту себептерi. Егер ХIХ ғасырдың ортасына дейiн Қазақстанға көбiнесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасыр дың екiншi жартысынан бастап жағдай түбегейлi өзгердi. Ресей ша руаларын қазақ даласына бұрынсоңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аударту iсi мемлекеттiк тұрғыда қолға алынды.
Мұның бiрқатар себептерi болды. Бiрiншiден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгiде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелдiлiктен құтылды. Бiрақ олар жерсiз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзi шаруалардың толқуын ту ғызды. Патша үкiметi шаруалар бүлiншiлiгiнiң өрши түсуiн бол дырмау үшiн оларды Қазақстан мен Сiбiр аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнiнде шешiм қабылдады. Екiншiден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебiнен қазақ өлкесiнiң аумағында өзiнiң сенiмдi тiрегiн қалыптастыруды мақсат еттi. Үшiншiден, патша үкiметi орыс шаруаларын жаппай қо ныс аударту арқылы қазақтарды егiншiлiкпен айналысатын отырық шы өмiр салтына көшiрудi ойлады. Gйткенi ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергiлiктi халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкiндiгi туар едi. Төртiншiден, патша үкiметiнiң жергiлiктi халықты христиан дiнiне енгiзу және орыстандыру жөнiнде арам пиғылы да болатын. Бесiншiден, қоныс аударушы шаруалар Қазақ станды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қойма сына айналдыруы тиiс деп үмiттендi.
Gлкенi казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ой
дағыдай оңды нәтиже бермедi. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегi әскери гарнизондар мен шенеунiктер тобының өзiн де азық түлiкпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ. Оның үстiне, Ресейдiң жерсiз шаруаларын жаңа жерде емiнеркiн тамаша өмiр сүруге бо лады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды елiк тiре елеңдеттi. Мұның өзi орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түстi.
2. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы. 1866 жылы Ба тыс Сiбiр бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз
В.С. Иванов. Қоныс аударушылар
(Ходоктар). 1870 ж.
беттерiнше қоныс аударуына рұқсат еттi. Алғашқы қоныс ауда рушылар Сiбiрдiң әр түрлi қалаларындағы мещандар және То был губерниясындағы Қорған және Есiл округтерiндегi шаруа лар болды. Олар Көкшетау округiнiң аумағындағы Саумалкөл деген жерге келiп орналасты. Қоныс аударушылардың бiр бөлiгi казак станицаларына жайғасты. ХIХ ғасырдың 70–80жылдарында олар жергiлiктi қазақтардың жерлерiн жалға алып, өз беттерiнше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер кHрiп қайтушыларды (ходоктарды) жiбердi. Олар өздерiне қолайлы деген жерлердi таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септi. Жердiң құнарлы екенiне көздерiн жеткiзген олар, ұзақ мерзiмдi жалға алу жөнiнде келiсiмшарттар жасасты, өз дерiнiң жерлестерiн неғұрлым тезiрек жетуге шақырып, жанталаса әрекет еттi. Орыстардың елдi мекендерi пайда бола бастады. Кейiн ол жерлер өзiнiң бұрынғы иелерiнен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелiгiне заңдастырылып берiлдi. Мұн дай жағдайда облыстық отаршылдық билiк әрқашан орыс шаруала рының жағында болды.
Шаруаларды iшкi Ресейден Қазақстанға қоныс аударту жөнiнде алғаш рет бастама көтерушiлердiң бiрi Жетiсудың әскери губерна торы Г.А. Колпаковский едi. 1868 жылы оның тiкелей басшылығымен
«Жетiсуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бiрқатар жеңiлдiктер мен артықшылықтар беру көзделдi. Шаруалардың әрбiр ер азаматы на 30 десятинадан жер телiмi бөлiндi. Олар барлық алымсалық түр лерiн төлеу мен мiндеттi борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсiмсiз қарыз берiлдi. 80жылдардың ортасына қарай Жетiсуда жер тап шылығы сезiле бастады. Сондықтан жер телiмдерiнiң мөлшерiн 10
десятинаға кемiтуге, әр түрлi жеңiлдiктер беру мерзiмiн 5 жылға дейiн қысқартуға тура келдi.
1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жер лерге өз еркiмен қоныс аударуы туралы Ереже» бекiтiлдi. Онда олар дың қоныс аударуына Iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттiк мүлiк министрлiгiнiң рұқсаты мiндеттi түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкiметiне «сенiмдi» және «елге еңбегi сiңген» құрметтi адам дарға ғана берiлетiнi алдын ала арнайы көрсетiлдi. Бiрақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз ерiктерiмен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.
Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көк темiнен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бiрақ қоныс аударушылар дың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстiне, Ресейде құрғақ шылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық бас талды. Сөйтiп шаруалардың Қазақстан аумағына өз ерiктерiмен қо ныс аударуы одан әрi күшейе түстi.
3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуi. 1892 жылы Транссiбiр темiр жолының құрылысы басталды. Ол Қазақ станның солтүстiк өңiрiн басып өттi. Мұның өзi қазақтардың иелi гiндегi жердiң 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жет кiздi. Темiр жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұр лым ұйымдасқан сипат бердi. Шаруалардың темiр жол құрылысы аумағына (оның оңтүстiгiне қарай 100 шақырым жерге дейiн) қоныс аударуына Сiбiр темiр жол комитетi де мүдделi болды.
Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейiмделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелiндi. Петропавл және Омбы сияқты қалалар дың темiр жол торабы бекеттерiнде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерiн де сонда өткiздi. Азықтүлiктiң жетiспеушiлiгi мен дәрiгерлiк көмектiң болмауы салдарынан адамдардың арасында аурусырқау көбейдi, тiптi өлiмжiтiм де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттерi мен ауру хана барактары жедел түрде салына бастады.
1 903 жылы «Сырдария, Ферғана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркiмен қоныс аударуы туралы Ереже» бекiтiлдi. Ол ереже бойынша жергiлiктi халықтың «басы артық» жерлерiн, ондағы суару жүйесi мен су көздерiн қоса жап пай тартып алу көзделдi. Тап сол жылы Қазақстанның басқа облыс тарына да қоныс аударудың ережесi бекiтiлдi.
1904 жылы патша үкiметi «Егiн егумен айналысатын село тұрғын дары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергiлiктi отаршыл өкiмет билiгiне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлiгiне қоныс аудару ына ешқандай кедергi келтiрмей, рұқсат етуiне құқық берiлдi.
1904–1905 жылдары патша үкiметi Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлдi. Олар ТорғайЖайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетiсу аймақтары едi. Оларды құрғандағы жүктелген негiзгi мiндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшiн «басы артық» жерлердi iздеп табу болды. Патша үкiметi қоныс аударту басқармаларына қазақтардың жерлерiн тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгi отырған атамекенiнен күштеп қуып шығуына толық ерiк бердi.
Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға бiрiктiрiлдi. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
4. Столыпиннiң 1906 жылғы аграрлық реформасы. Қазақ халқы ның заңды құқығын мүлде елепескермеудiң бiр белгiсi қоныс ауда рушы шаруалар санының одан әрi арта түсуi болды. Бұл ретте жер гiлiктi халықтың өкiлдерiмен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген аты мен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесiнiң төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдiң азиялық бөлiгiне жаппай қо ныс аударту туралы шешiм қабылдады. Шаруалар қауымын ыды рату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөнiндегi реформа Столы пиннiң аграрлық реформасы деп аталды.
Бұл реформаның көздеген негiзгi бағыты қоныс аударушы ша руалар қозғалысының кеңiнен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа қарай, атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берiлдi. Ал олардың бұрынғы жерлерiне қайтып оралуына елеулi түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телiмдерiмен
Қоныс аударушылар керуенi.
қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердiң есебiнен құ рылған отаршылдық қоныс аударту қорынан жүзеге асырылды.
Жергiлiктi қоныс аударту мекемелерi шаруаларға хутор салу үшiн 45 десятинадан, егiн егуге 15 десятинадан жер бөлiп беруге мiндеттелiндi. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергiлiктi халықтың жерiн тартып алып, олардың жерiне келiмсек шаруалар ды орналастыруына рұқсат етiлдi.
Шаруаларға ең құнарлы жерлердi iздеп тауып, көрiп келетiн адамдарды кедергiсiз жiберiп тұру құқығы берiлдi. Шаруалардың темiр жолмен жүруге де жеңiлдiктерi болды. Оның үстiне, патша үкiметi шаруалардың қазақ жерiне емiнеркiн қоныс аударуын кеңi нен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдiң орталық губернияла рындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кiтапша мен парақша таратылған. Оларда үкiмет шаруаларды Ресейдiң азиялық бөлiгiне неғұрлым көбiрек қоныс аударуға шақыр ды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сiбiр аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнiнде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берiлдi.
1917 жылға қарай жергiлiктi байырғы халықтың пайдалануында ғы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.
5. Жергiлiктi халық жағдайының нашарлай түсуi. Iшкi Ресейдегi шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерiн жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздерi ғасырлар бойы отырған ежелгi қоныстарын, ондағы қыстаула рын, атабаба зираттарын тастап, қиыр шеттегi әрi құнарсыз жерлер ге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келiмсек орыс ша руалары мен жергiлiктi қазақтардың арасында ғана емес, қазақтар дың өз араларында да жанжалды даудамайлар тудырды.
Тартып алынған жерлердiң ең жоғары мөлшерi Қазақстанның солтүстiк аймақтарындағы неғұрлым құнарлы жерлер едi. Мәселен, қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезiнде бүкiл жердiң 52%ы, Қостанай уезiнде – 54%ы, Ақмола уезiнде – 73%ы тартып алынды.
Мұның өзi көшпелi және жартылай көшпелi шаруашылықтарды күйзелттi. Кедейленiп, қайыршыланған қазақтардың күнкөрiс қамы мен түрлi кәсiпшiлiктерге, соның iшiнде таукен өнеркәсiбiне жұ мыс iздеп кетуiне тура келдi. Олар жатақтар деп аталды.
ХIХ ғасырдың аяғына қарай жатақтардың қалалар мен казактар поселкелерiне қарай ағылуы күшейдi. Осыған байланысты патша үкiметiнiң жергiлiктi өкiмет билiгi Дала генералгубернаторының алдына оларды бұрынғы тұрғын орындарына қайтару мәселесiн
қойды. Жатақтар аянышты хал кештi, бiр күндiк ұсақтүйек жұмыс тар атқаруға жалданып күн көрдi. Ондаған мың қазақтар зауыттар мен фабрикаларға, кен орындарына, тұз өндiру кәсiпшiлiктерiне жұ мыс iздеп кеттi. Қазақстанмен көршiлес Томск және Тобыл губер нияларының аумағында 50 мыңға жуық қазақ билет бойынша тұрып жатты. Олардың көпшiлiгi маусымдық жұмыстар атқаруға жалдан ды. Iс жүзiнде Батыс Сiбiрдегi қоныс аударушы орыс шаруаларының малын тақыр кедейге айналып, әбден қайыршыланған қазақтар бақ ты. Олар өздерiнiң жүрген жерлерiнде түтiн салығын да, жалгерлiк жұмыс iстеу үшiн жиналатын алымдарды да толық көлемiнде төлеп тұрды.
Күн көру, тiршiлiк ету және өздерiнiң жерлерiн аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар отырықшы өмiр салтына көшуге мәжбүр бол ды. Оларды бұл жағдай да құтқара алмады. Дәстүрлi бақташылықтан бiрден егiншiлiк кәсiбiне көшу оңай тиген жоқ. Қазақтардың көп шiлiгiнде егiншiлiкпен айналысуға қажеттi құралсаймандар болма ды, тұқымдық дән де жеткiлiксiз едi. Оның үстiне, жер өңдеудiң дағ дылы әдiстерiн де бiлмедi.
Столыпиннiң аграрлық реформасы қазақтардың мал шаруашы лығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдай да өзгердi. Бiр жағынан, қазақтардың, екiншi жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарамақайшылық шиеленiсе түстi. Түркiстан өлкесiнiң генералгубернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. – авт .) соңғы 30 жылда, әсiресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетiсу облысы бойынша ғана олардан бiрнеше миллион десятина жер тартып алынды».
6. Патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқы ның қарсылығы. Бiрiншi орыс революциясынан кейiн қазақ халқы патша үкiметi жүргiзiп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күрестi күшейте түстi. Алымсалықтар төлеуден және мiндеттi борыштар ды атқарудан ашықтанашық бас тартты. Отаршылдардың сенiмдi тiрегi – әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиiлей түстi. Қазақтар мен келiмсек орыс шаруалары арасындағы шиеленiстi оқиғалар орын алды. Отаршыл өкiмет билiгiнiң органдары тарапынан ұлтара лық араздықты ушықтыра түсу әрекеттерi жиiлеп кеттi. Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетiсу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қата рынан сенiмдi қарулы отрядтар құруды мiндеттедi. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиiстi болды. Жалпы жағдай шие ленiсе қалған кезде олар өлкедегi мұсылман халқына қарсы соғысуға мiндеттi едi. Әскерилендiрiлген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкеттi. Ал
ертерек келiп орналасып қалған шаруалардың көпшiлiгi ондай оз бырлықты ашықтанашық айыптады. Gйткенi өлкеде бұрыннан тұра тын шаруалар жергiлiктi қазақтармен едәуiр достасып, араласқұра лас байланыс орнатып та үлгерген едi. Олар бiрбiрiнiң тiлдерiн, әдетғұрыптарын және салтсаналарын жапжақсы бiлiп қалған болатын.
1.
? |
руы қалай басталды? 3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшеюi неден көрiндi? 4. Столыпиннiң аграрлық реформасының ақыры неге алып келiп соқтырды? 5. Шаруаларды Қазақстанға қоныс аудартудың қандай сал дары болды? 6. Патша үкiметiнiң шаруаларды жаппай қоныс аударту саяса тына қазақ халқының қарсылығы неден көрiндi?
* |
Жатақтар – қазақтардың көшпелi қоғамының кедейленiп қайыршы ланған, отырықшы өмiр салтын қабылдаған бөлiгi.
Жер кHрiп қайтушылар (ходоктар) – құнарлы жер көрiп, таңдау үшiн жiберiлген шаруалар.
Столыпин Петр Аркадьевич (1862–1911) – Ресейдiң белгiлi мемлекет қайраткерi, Ресей Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы (1906–1911), шаруаларды Ресейдiң еуропа лық бөлiгiнен Сiбiр мен Қазақстанға жаппай қоныс аудартудың бастамашысы.
Омбы уезiне қарасты Қызылағаш болысының №6 ауыл қырғыздарын (қазақтарын. – авт.) жерге орналастыру мәселесi.
Үстiмiздегi жылғы тамыздың алғашқы күндерiнiң бiрiнде осы ауылға жерге орналастырушы бiр шенеунiк келдi. Ауыл тұрғындары оның аты жөнiн бiле алған жоқ. Ол қырғыздарды жинап алып, олардың осы ауылдан 180 шақырым алыс жаққа көшуi тиiс екенiн хабарлады... Оқиғаның басы қасында болған адамның айтуынша, қырғыздар оны бастарын төмен салып, үнтүнсiз тыңдаған. Ешкiм бiр ауыз да сөз айтпаған. Айнала төңiрек құлаққа ұрған танадай үнсiз тыныштыққа бөленген. Шенеунiк сөзiн одан әрi жалғастырып, ендi бұл жерден сендерге ешқандай да жер берiлмейдi, оны күтiп босқа әуре болғанша, осы бастан көше берiңдер дегендi айтқан. Қырғыздар сонда да үн қатпаған. Мына хабарландыру оларға аспаннан жай түскендей әсер еткен, жүректерi қысылып, қатты қиналған. Олардың отырған жерлерi Паханный, Новый деген поселкелер салуға бөлiнiп қой ылған екен. Бiрақ олар сонда да болса бұл жерден көшпеуге бекiндi. Ше неунiк жөнiне кеттi, ал ауыл адамдарының ұнжырғасы түсiп, ауыр уайым ның ащы уын жұтқан бойы қала бердi».