Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 27 глава




Омбы хабаршысы, 1911, №191, 3бет.

 

1. Ауыл тұрғындарының ұнжырғасы неге түсiп кеттi? 2. Қазақтар қайда кетуi тиiс болды? 3. №6 ауыл тұрғындарының жерi кiмдерге берiлдi?


§32. ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ХIХ ғасырдың 60жылдарынан бастап патша үкiметiнiң Қазақ станның аумағына шаруаларды жаппай қоныс аударта бастағанын айттық. Шаруалар өздерiмен бiрге егiншiлiк мәдениетiн, сондайақ жаңа еңбек құралдарын ала келдi. Осыған байланысты баубақша егу және омарта шаруашылығы пайда болып, едәуiр дамыды. Жергiлiктi қазақ халқы мен қоныс аударып келген шаруалар ара сында тұрақты шаруашылық қатынастары қалыптасты.

1. Қоныс аударып келген шаруалардың тұрғын үйi. Ресей мем лекетi қоныс аударып келген шаруаларға олардың жаңа жерлерге

«жайғасуы үшiн» көмектесiп тұрды. Оларға көшiп келген бойда үй сайын 185 сомнан ақшалай қарыз берiлдi. Сонымен қатар оларға егiн егуi үшiн тұқым, азықтүлiк сатып алуға қаржы бөлiндi. Шаруа лардың үйжай салып алуына көмек ретiнде ағаш материалдары тегiн таратылды. Ондай ағаш материалдары Петропавл, Омбы және Ақмо ла сияқты қалаларда босатылатын.

Әр отбасына норма бойынша 200ге дейiн құрылыстық бөрене және 50 сырғауыл берiлдi. Басқа да құрылыс материалдарын сатып алу үшiн қосымша ақшалай қарыз алды. Мәселен, олар монша са лып алуға деп 20 бөрене, орылған астық бауларын сақтайтын қора үшiн 60 бөренеге дейiн ала алатын.

Үйжай және шаруашылық құрылыстарын шаруалардың өздерi салып алды. Олар үйлерiн сабан араластыра иленген саз балшықтан құйылған шикi кiрпiштен тұрғызды. Мұндай үйлер әрi берiк, әрi жылы болып шықты.


Қоныс аударушылардың уақытша баспанасы.


Неғұрлым ауқатты шаруалар бөренеден қиып, төбесi қаңылтыр дан жабылған тәуiр үйлердi бiрден салып алуға кiрiстi. Сатқан кезде шикi кiрпiштен тұрғызылған үйлердiң бағасы 200 сом, ал ағаш үй лердiң бағасы 400 сом тұрды.

2. Қоныс аударып келген шаруалардың кHрген қиындықтары. Мемлекет қаншалықты көмектессе де шаруалар алғашқы жылдары едәуiр қиындықтарды бастарынан кешiрдi. Үйжай салып алу үшiн берiлетiн бөренелер мын сырғауылдар уақтылы жеткiзiлмедi. Сон дықтан көптеген отбасылардың жер кепелерде, үңгiрлерде, қамба ларда, шалашкүркелерде айлап емес, тiптi жылдар бойы тұруына тура келдi. Олардың арасында өлiмжiтiм, аурусырқау жиi болып тұрды. Қоныс аударып келген шаруалар кейбiр жағдайларда бұрын нан тұратын отбасылардан қыс кезiнде пәтер жалдауға мәжбүр бол ды. Пәтер жалдау барған сайын қымбатқа түстi. Мемлекеттiң берген қарызының бiр бөлiгi пәтерақыға жұмсалып кеттi.

Таңдап алынған жер телiмiнiң бiрқатары сапасыз, топырағы құ нарсыз болып шықты. Олардың айналасындағы таяу жерлерде орман не шалғынды шөп өсетiн шабындық болмады. Кейбiр жер телiмдерi ауыз судан алыс едi. Сондықтан үкiмет арнайы гидротех никтер бөлiп, шаруалардың үй санына шаққанда әрбiр 15 шаруа шылыққа бiрбiрден құдық қаздырып бердi.

Шаруалардың жергiлiктi жердiң ауа райының ерекшелiктерiн бiлмеуi де көптеген қиындықтар тудырды. Кейде құрғақшылық сал дарынан егiн шықпай қалды, шыққан егiннiң өзi суыққа шыдамай, үсiп кеттi. Егiндi шегiртке жеп қоятын кездер де болып тұрды. Ал шегiрткенi құр қолмен жою мүмкiн болған жоқ.

Егiн шықпай қалған кейбiр жылдары шаруалар мемлекет тара пынан көмек алып тұрды. Қиыншылықтың ауыр зардаптарына шы дай алмаған бiраз шаруа өздерiнiң туыпөскен елiне қайтып кетуге мәжбүр болды.

Қиындықтың ең ауыр кездерi ашаршылық жылдары болды. Мәселен, 1891 жылы егiн шықпай қалу салдарынан болған ашаршы лық Қазақстанның аумағын да қамтыды. Шаруалар жаңа қоныс орындарын тастап, жаппай қалаға қарай ағылды. Бiр ғана Омбы қаласына 6 мыңға жуық шаруа шоғырланды.

3. Егiншiлiк – шаруалардың негiзгi кәсiбi. Қоныс аударып келген шаруалардың негiзгi кәсiбi егiн егумен айналысу едi. Әрбiр ер аза матқа орта есеппен 15 десятина жер берiлдi. Олардың шаруашылық кәсiбi салыстырмалы түрде алып қарағанда тәптәуiр табысты да едi. Бұл ретте оларға, ең алдымен, мемлекет тарапынан көрсетiлген қолдаудың көмегi көп тидi. Бiрiншiден, шаруалар әсiресе алғашқы кезде жер телiмiн таңдап алды. Екiншiден, егер алғашқы екi жылда үйжай құрылыстарын салып алып, берiлген жердi толық игерiп, егiн егiп үлгерсе, онда олар алдағы он жыл мерзiмге дейiн алым


салық түрлерiн төлеуден босатылды. Үшiншiден, шаруаларға өздерi нiң шаруа қожалығын «жөнге келтiрiп алуы» үшiн ақшалай қарыз берiлдi. Төртiншiден, оларға үй сайын жемiс ағаштарының 100 түп көшетi тегiн таратылды. Олар сонымен қатар 20 сомнан қайтарусыз негiзде ақша да алды. Осылардың бәрiнiң үстiнде мал, сондайақ ауыл шаруашылық құралсаймандарын сатып алуы үшiн тағы да қайтарусыз негiзде ақша берiлдi. Бесiншiден, қоныс аудартушылар ұйымдары ауыл шаруашылық қоймалары мен құралсаймандары паркiн ұйымдастырды. Одан шаруалар өздерiне берiлетiн қарыз ақша есебiнен ауыл шаруашылық құралсаймандарын, тұқым, сондай ақ үй iшiне қажеттi бұйымдарды сатып ала алатын болды.

Шаруалар өздерiнiң меншiгiндегi жерлерi тозып, өнiм беруден қалған кездерi қазақтардың иелiгiндегi құнарлы жерлердi су тегiн дерлiк тиынтебенге жалға алып пайдаланды. Мәселен, қазақтар дың жалға берiлген әр десятина жерi үшiн 5–7 тиыннан ғана төлендi. Шаруалар жердi өгiз жегiлген соқамен жыртты. Астықтың бар

лық түрiн бидай, қарабидай, сұлы, тары т.б. ектi.

4. Мал шаруашылығы. Шаруалар негiзiнен шошқа, сиыр мен жылқы өсiрдi, қойешкi өсiрумен де айналысты.

Қоныс аударушы шаруаларда мал өсiру қосалқы кәсiп сипатына ие болды. Мал өсiрумен Ақмола, Петропавл және Қостанай уезде рiндегi аздаған шаруалар ғана айналысты. Соның өзiнде де олардың малын жергiлiктi тұрғындар – қазақтар бақты. Қазақтардың үлгiсi бойынша түйе ұстайтын орыс шаруалары да кездестi. Бiрақ олардың саны өтемөте аз мөлшерде болды. Түйе әр түрлi егiншiлiк жұмыста рына және жүк тасымалдауға пайдаланылды.

5. Омарта шаруашылығы. Семей облысының Gскемен және Се мей уездерiндегi орыс шаруалары омарта шаруашылығымен елеулi түрде айналысты. Оларда шаруашылықтың бұл түрi ХIХ ғасырдың 20жылдарында пайда болған едi. Шаруалар омарта шаруашылығын казактардан үйрендi. Мәселен, 1883 жылы Gскемен уезiнде шамамен ара ұясының 5 мыңға жуық жәшiгi болды. Ал 1900 жылы олардың саны 24 мыңға дейiн жеттi, яғни омарта шаруашылығының көлемi төрт есе дерлiк артты. Омарта шаруашылығымен аз мөлшерде болса да Павлодар уезiндегi шаруалар да шұғылданды. Бал өндiрумен Же тiсу және Сырдария облыстарының кейбiр жерлерiндегi шаруалар да айналысты.

6. Баубақша Hсiру және балық аулау кәсiбi. Шаруалар балық аулауды барлық жерде бiрдей, бiрақ казактармен салыстырғанда едәуiр кем мөлшерде кәсiп еттi. Олай болатын себебi Ертiс пен Жа йық жағалаулары негiзiнен казактардың пайдалануында едi. Сон дықтан да шаруалар балықты дала төсiндегi қыруар көп көлдер мен шағын өзендерден аулады. Олар қазақтардан балық өсетiн көлдердi және Арал теңiзiнiң жағалауларын азынаулақ ақшаға сатып алды.


Әр шаруа қожалығы баубақша өсiрдi. Бұл кәсiппен ашық су көздерi жоқ, тек құдықтан су iшетiн шаруа қожалықтары да айна лысты. Олар картоп, орамжапырақ, сәбiз, шалқан және қияр ектi. Көкөнiс өнiмдерi шаруалардың тағамында елеулi рөл атқарды.

Gскемен және Семей уездерiнiң шаруалары негiзiнен қауын, қарбыз және күнбағыс өсiрдi. Ол өнiмдердi өздерi де тұтынды, сату ға да шығарды. Мәселен, оларда 1900 жылы бұл дақылдар 1,4 мың десятина жерге егiлдi. Олардың өнiмi Омбы жаққа қарай жөнел тiлетiн. Ол өнiмдердi тұтынушылар негiзiнен Семей, Омбы, Петро павл қалаларының тұрғындары болды.

Кендiр және сора өсiрумен Ақмола мен Семей облыстарының шаруалары айналысты.

7. Қоныс аударушы шаруалар мен жергiлiктi қазақтардың ша руашылық және мәдени байланыстары. Патша үкiметi қазақтар дың бүкiл жерiн тартып алуға бағытталған отаршылдық саясат жүргiздi. Солай бола тұрса да, қоныс аударып келген орыс шаруа лары мен жергiлiктi қазақтардың арасында белгiлi бiр дәрежеде шаруашылық және мәдени қатынастар қалыптасты. Ол қатынас тардың қазақтарға да, қоныс аударып келген орыс шаруалары на да, екi жаққа бiрдей оңды ықпалы болды.

Қоныс аударушы шаруалар қазақтардан егiндi қолдан суару тәсi лiн үйрендi. Қар тоқтату, арық қазу өнерiне машықтанды. Шаруа лар жергiлiктi халықтың үлгiықпалымен малды, әсiресе жылқы мен қойды неғұрлым көбiрек ұстайтын болды. Тiптi кейбiр орыс шаруа


Ауыл шаруашылық машинасы.


лары жүк артатын күш көлiгi ретiнде түйе де ұстайтынын айттық. Шаруалар қазақтардан малды барған сайын көп ұстауды үйрендi. Мұның өзi олар үшiн әсiресе қыс кезiнде тиiмдi болды.

Шаруалардың ықпалымен қазақтар да ауыл шаруашылық машиналарын, темiрден жасалған қажеттi еңбек құралдарын сатып ала бастады. Орыс шаруаларының үлгiсiмен жаппай шөп шабуды үйрендi, астық қамбаларын, жел диiрмендер салып ала тын болды. Дала тұрғындары орамжапырақ пен картопты өңдеу тәсiлдерiн үйрендi. Мәселен, Перовск уезiнде қазақтар өсiрген орамжапырақты орыстардың өздерi сатып алатын болды. Томск губерниясының қазақтары омарташылықпен айналыса бастады. Семей облысының оңтүстiк уездерiндегi қоныс аударушы орыс шаруаларынан қазақтар жемiсжидек пен көкөнiс өсiрудi үйрендi. Қазақтар қоныс аударушылардың үлгiсiмен төбесi екi жақты еңiс, шатырмен жабылған үй салып алатын болды.

 

1.

?
Қоныс аударушы шаруалардың тұрғын үй салуының ерекшелiгi неде едi? 2. Жаңа жерге келген орыс шаруалары қандай қиыншылықтарды

басынан кешiрдi? 3. Gлкеге қоныс аударушы шаруалардың негiзгi кәсiбiн атап көрсетiңдер. 4. Мал шаруашылығы, омарта, балық аулау және баубақша өсiру сияқты кәсiптер шаруалар арасында қалай дамыды? 5. Қоныс аударушы орыс шаруалары мен жергiлiктi қазақтардың арасындағы шаруашылық қаты настардың қандай болғаны туралы айтып берiңдер. 6. Қазақ малшылары мен ресейлiк шаруа диқандардың өмiрi мен тұрмысын салыстырыңдар.

 

*
Сырғауыл – үйдiң төбесiн жабатын жуандығы бiлектей ағаш.

Қар тоқтату – егiс алқаптарына қарды жалдап үю.

  Астыћ шыћпай ћалудыѓ негiзгi себептерi.Ресейдiѓ еуропалыћ бbлi- гiндегi губерниялардан ћоныс аударып келген шаруалар жаѓа жерлерде топыраћты bѓдеудiѓ жќне тџћым себудiѓ bздерi туып-bскен жердегi тќ- сiлдерiн ћолданып, кbп ћателiктер жiбердi. Осындай бiрнеше сќтсiздiктiѓ салдарынан олар жаѓа жердiѓ жаѕдайына љйрене алмай, ќбден кедейленiп, туып-bскен елiне ћайтып кеттi немесе bздерiнiѓ «баћытын таѕы да байћап кbруi љшiн» жаѓа жерлерге ауысуѕа, ћоныс аударушылар орналасћан бас- ћа аудандарѕа баруѕа тырысты. Егiннiѓ шыћпай ћалуыныѓ басты себебi – ћџрѕаћшылыћ едi. Мџнда тљсетiн жауын-шашын мен ћардыѓ мbлшерi Ресейдiѓ еуропалыћ бbлiгiн- дегi губернияларда еѓ ћџрѕаћшылыћ жылдарында тљсетiн жауын-шашын мен ћар мbлшерiнiѓ љштен бiрiндей ѕана едi. Оныѓ љстiне сортаѓ жерлер кbп. Ондай жерлерге егiлген егiн тџщы сулы топыраћћа егiлген егiнге ћараѕанда ылѕалды ќлдећайда кbп ћажет етедi. Сортаѓ жерлерге егiлген егiннiѓ ћџрѕаћшылыћ кезiнде кљйiп кететiнi кiмге болса да белгiлi. Ћоныс аударушы шаруалар љшiн bздерi туып-bскен жердегi топыраћты bѓдеу

 


14—6903



мен тџћым себу тќсiлдерi кbбiнесе жарамсыз болып шыћты. Сондыћтан да олардыѓ басћа тќсiлдi ћолдануы, егiндi кљтiп-баптаудын басћаша ќдiстерiн iздестiруi тиiс». Ћоныс аударушылардыѓ Орал – Торѕай аймаѕыныѓ сипаттамасы. 1911 жылѕы жер кbрiп ћайтушылар (ходоктар) мен жаѓа жерлерге ћоныс ауда- рушыларѕа арналѕан аныћтамалыћ кiтапша. СПб., 1911, 16-бет.   1.Ћазаћстанѕа ћоныс аударушы шаруалар егiн егу кезiнде ћандай ћателiктер жiбердi? 2.Ћоныс аударушылардыѓ жер телiмдерiнде егiннiѓ шыћпай ћалу себебi неде едi?

 

§33. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫҚАЛАЛАР

Қазақстан аумағында қалалар ерте замандарда да болған. Қала мәртебесiне ие болған бекiнiсқамалдар салудың көбейiп кеткен кезi Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу кезеңiмен тұспатұс келдi. Неғұрлым iрi қалалар қатарына Орал, Гурьев, Се мей, Петропавл, Қостанай,;скемен, Ақмола, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе және басқалары жатады. Батыс, Солтүстiк, Солтүстiк Шығыс Қазақстандағы қалалардың көпшiлiгi әскери бекiнiсқамал дар мен әскери елдi мекендер негiзiнде пайда болды. Олардың кейбi реулерiнiң салынуы Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен Қазақстанға қоныс аударып келген шаруалардың ағылуымен тiкелей байланысты екенi де рас.

1. СолтүстiкБатыс Қазақстан қалаларының даму ерекшелiктерi. Орал және Гурьев. Орал – СолтүстiкБатыс Қазақстандағы ескi қала лардың бiрi. Оның негiзi ХVII ғасырдың бас кезiнде қаланды. Қала патшалық Ресейдi көшпелi қазақтардың шабуылынан қорғау мiн детiн атқарды. Ол 1775 жылға дейiн Жайық қалашығы деп аталып келдi. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсi басылғаннан кейiн Орал қаласы деп аталды. Қала халқының басым көпшiлiгiн казактар құра ды. Орал еркiн казактардың астанасына және дәстүрлi әдетғұрып тардың басым сақталған орталығына айналды. 1868 жылдан бастап Орал облысының орталығы. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқы ның саны 50 мың адамға жеттi.

Гурьевтiң негiзi ХVI ғасырда қаланды. Қала Жайық өзенiнiң оң жағалауында салынды. 1868 жылы Гурьев Орал облысының уездiк қаласына айналды. Қала халқының едәуiр бөлiгiн мещандар, әр түрлi топ өкiлдерi және казактар құрады. Қалада балық өнеркәсiбi дамы ды. Қала көпестерi теңiз арқылы Астраханмен саудасаттық қатына сын орнатты. Қала тұрғындары негiзiнен баубақша өсiрумен айна лысты. Олар жүзiм, алма, алмұрт, шабдалы, шие және өрiк өсiрдi. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқының саны 10 мың адамнан тұрды.


2. ХVIII ғасырда салынған қалалар. Павлодар қаласы 1720 жылы Коряков бекiнiсiнiң атымен Керегежар деген жерде салына бастады. Ол Ертiстiң оң жағалауында орналасты. 1861 жылы Павлодар штаттан тыс қалаға, ал 1868 жылы Семей облысының уездiк қала сына айналды. Қала Ертiс өзенiндегi па роход тоқтайтын маңызды айлақтардың бiрi болды. Оның үстiне, ол Солтүстiк Шығыс Қазақстандағы iрi сауда орталы ғы да едi. Онда мал өнiмдерi мен фаб риказауыттар шығаратын өнiм түрлерi мол мөлшерде шоғырланды. Қаладағы аса бай көпестердiң бiрi дуанбасы әрi көпес А.И. Деров болды. Оның есiмi өз замандастарының арасында ұмытылмай


 

Павлодар қаласындағы мешiт.


есте қалды. Ол қолы ашық, жомарт адам болды, қайырымдылық

шараларын өткiзiп тұрды. Павлодар қаласы мыс және көмiр кенiш терiне, сондайақ тұз өндiретiн кәсiпшiлiктерге жақын орналасты.

ХХ ғасырдың бас кезiнде қала халқының саны 31 мың адамға жеттi, оның тоғыз мыңы мұсылман халықтарының өкiлдерi бола тын. Қала халқының тез әрi қарқынды өсуiне қоныс аударушы шаруалар тасқыны да себеп болды. Қаланың белгiлi тұрғыны, әйгiлi әншi Майра Шамсутдинованың (1896–1927) есiмi бүкiл қа заққа таныс едi.

Семей қаласы да Ертiстiң оң жағалауына орналасты. Оның не гiзi 1718 жылы әскери бекiнiс ретiнде қаланды. Бекiнiстiң Семей атану себебi оған таяу жерде ежелгi жетi ғимараттың қиранды қал дығы бар едi. 1822 жылы Омбы облысының округтiк қаласына, 1854 жылдан бастап жаңа құрылған Семей облы

сының орталық қаласына, ал 1868 жылдан бас тап Семей уезiнiң және Семей облысының орталығына айналды. Семей Қазақстандағы аса iрi қалалардың бiрi саналды. Қала көше лерiне керосин шамдары жарық берiп тұрды. Қалада қоғамдық кiтапхана ашылды. 1902 жылы Императорлық Орыс географиялық қоғамы Батыс Сiбiр бөлiмiнiң Семей бөлiмшесi құрылып, жұмыс iстей бастады. Осы бөлiм шенiң жанынан Қазақстандағы өзiндiк бiрегей мұражай ашылды.


Қаланың негiзгi халқы қазақтар мен ме

щандар болды. Олар Томск губерниясының


Майра

Шамсутдинова.


 

ХVIII–ХIХ ғасырлардағы Қазақстан қалалары



Қала қазағының

отбасы. 20 ғдың бас

кезi.

 

Змеиногорск уезiндегi Белағаш даласында егiншiлiкпен айналыс ты. Бұл құнарлы жасыл алқап Семей қаласының солтүстiк жағында орналасқан едi.

Семей аймақтағы өнеркәсiбi дамыған iрi қала болып қана қой ған жоқ, ол сонымен қатар Ресейдi Қытаймен және Орта Азиямен байланыстыратын iрi сауда орталығына айналды. Қалада бу машина лары, арақшарап қайнататын, жүн жуатын, май шайқайтын, сабын қайнататын, кiрпiш шығаратын, ашытқы дайындайтын зауыттар жұмыс iстедi.

;скемен қаласы Ертiстiң оң жақ бетiнде оған Үлбi өзенi келiп құятын жерде орналасқан. Қаланың негiзi 1720 жылы бекiнiс ретiнде қаланған. 1765 жылы бекiнiстiң жанынан айырбас сарайы ашыла ды. Онда көшпелi және отырықшы халықтар өзара тауар айырбасын жасайтын. Қазақтар өздерiнiң малын, мал өнiмдерiн және аң терiле рiн үй iшiне қажеттi тауарларға, астыққа, кездеме маталар мен ме талл бұйымдарға айырбастады. 1804 жылы бекiнiс қала атанды. 1868 жылы Gскемен Семей облысындағы уездiк қала мәртебесiне ие бол ды. 1900 жылы қала халқының саны 10 мың адамға жеттi. Халықтың басым көпшiлiгiн казактар мен мещандар құрады. Олар егiншiлiк пен, омарта шаруашылығымен және мал өсiрумен айналысты.

Петропавл қаласы 1752 жылы Есiлдiң бойындағы Қызылжар де ген жерде Сiбiрдiң оңтүстiк шебiн көшпелi халықтың шабуылынан қорғау мақсатымен салынды. Ол 1807 жылы қала мәртебесiне ие болды. Петропавл 1822 жылы Омбы облысының округтiк қаласына айналды. Қала осы аймақтағы iрi сауда орталығы дәрежесiне жеттi. Бұл жерден Жетiсумен, Оңтүстiк Қазақстанмен және Орта Азиямен саудасаттық жүзеге асырылды. Мұнда қазақ даласынан мал және мал өнiмдерi жеткiзiлдi. Орта Азия қалаларынан мақтамата және жiбек кездемелер, кiлемдер, кептiрiлген жемiсжидектер әкелiндi. Ал Петропавлдан қазақ даласына және Орта Азияға металл бұйым дары, Ресейдiң еуропалық бөлiгiнде тоқылған шұға кездемелерi жi


 

Петропавл қаласындағы дүкен. 20 ғдың бас кезi.

 

берiлетiн. Қала бүкiл Солтүстiк Қазақстанның аймағын фабрика зауыт өнiмдерiмен қамтамасыз ететiн iрi қойма саналды. 1900 жылы қалада 446 сауда орны болды, олардағы жылдық сауда айналымының мөлшерi 4 миллион сомға жеттi. Петропавл сонымен қатар iрi өнер кәсiп орталығына да айналды. Қалада май шайқайтын, терi илейтiн, жүн жуатын және қой терiсiнен киiм тiгетiн кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1897 жылы қала халқының саны 20 мың адамға жуықтады.

3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы әскери бе кiнiстер ретiнде пайда болған қалалар. Көкшетау қаласы 1824 жылы округтiк приказдың орталығы ретiнде салына бастады. Ол 1868 жылы Ақмола облысының уездiк қаласына айналды. Қала халқын ка зактар, шаруалар, мещандар және шенеунiктер құрады. Сондайақ қазақтардан, татарлардан және Орта Азия халықтары өкiлдерiнен тұратын мұсылмандар да болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша қалада 5 мың адам тұрды.

Қарқаралы қаласының негiзi 1824 жылы Қарқаралы сыртқы окру гiнiң әкiмшiлiк орталығы ретiнде қаланды. 1868 жылы қала мәрте бесiне ие болып, Қарқаралы уезiнiң орталығына айналды. Қалада қоғамдық саябақ ашылды. Қала тұрғындарының кәсiбi мал өсiру және сауда жасау болды. Табиғигеографиялық жағдайдың қолай сыздығына байланысты егiншiлiк елеулi түрде дами алған жоқ. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қала халқының саны 3,5 мың адамға жеттi. Олардың басым көпшiлiгi қазақтар (1912 адам) едi. Сондайақ казак тар (531 адам), татарлар (472 адам), шаруалар мен мещандар (560 адам) және басқалары тұрды.

Атбасар 1846 жылы қазақ станицасы және патша үкiметiнiң Ар


қадағы тiрек пунктi ретiнде бой көтердi. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде ондағы тұрғындар саны 2,6 мың адамға жуықтады.

Көкпектi – Зайсан уезiнiң штаттан тыс қаласы. Оның негiзi 1836 жылы казак станицасы ретiнде қаланды. 1875 жылы Gскемен уезiнiң, кейiн Зайсан уезiнiң штаттан тыс қаласы мәртебесiне ие болды. Қала тұрғындары арық жүйесiмен суарылатын егiншiлiкпен, сондайақ мал өсiрумен айналысты. ХХ ғасырдың бас кезiнде қала мен стани ца халқының саны 2,8 мың адам шамасында болды.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: