Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 29 глава




Н.Г. Хлудов. Пошта тасушы.


зыналық төте жол қатынасы салынды. Оның бес жерде бекетi бол

ды. Пошта тасу, жәмшiк қызметiн атқару казактарға жүктелдi. Дала төсiндегi бұл қызметтi атқару қиын болатын. Кейiннен оған қоныс аударған шаруалар да қатыстырылды. Күре жолдардағы қатынас ат жегiлген, кейiннен түйе жегiлген көлiктермен жүзеге асырылды. Ол көлiктiң түрлерi тарантас, шыбықтан тоқылған қорап күйме, екi дөңгелектi ағаш арба және кәдiмгi төрт дөңгелектi жүк арбасы бо латын. Ол жолдармен жүк тасушылар негiзiнен қазақтар едi. Осы кәсiптi бүкiл отбасымен меңгерiп, маманданып алғандар да кездестi. Ертiсте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери мiндеттер атқару мақсаттарын көздеген едi, кейiнiрек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбiт сипат алды, саудасаттық ты дамытуға пайдаланылды. Бу қозғағышының күшiмен жүзетiн ал ғашқы кемелер Ертiспен ХIХ ғасырдың 60жылдарынан бастап жүзе бастады. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде Семей мен Тобыл арасында осындай 40қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негiзгi тауарлар тас көмiр, астық, тұз, көкөнiс және мал өнiмдерi болды. Gзенмен жүк тасу үшiн кәдiмгi салдар да пайдаланылды. Олар Ер тiстiң бас жағынан Омбыға дейiн жiберiлдi. Сал арқылы қауынқар быз, жарма өнiмдерi, балық, бал, қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және жоса (жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде, әсiресе Жайықта, пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақ сатымен тыйым салынды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң тайыз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңiнен өрiс ала

алған жоқ.

Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Астрахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Gндiрiс пен сауда


Сiбiр сауда банкiнiң Ақмоладағы бөлiмшесi.

 

ның, қала құрылысының дамуына байланысты елде банк iсi де қа лыптаса бастады. 1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұң ғыш қоғамдық банк ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный, Ақмола, Қостанай және Павлодар қала ларында да ашыла бастады. ХХ ғасырдың басында жергiлiктi тұрғын дардың банкiдегi салымдары 300 мың рубльге жеттi.

1.

?
ХIХ ғасырдағы саудасаттық сипатында қандай өзгерiстер орын алды?

2. Орта Азиямен керуен саудасы қалай қалыптасты? 3. Ел аралап жасала тын, тұрақты және жәрмеңкелiк саудалардың бiрбiрiнен қандай ерекшелiк терi бар екенiн айтып берiңдер. 4. Қоянды жәрмеңкесiнен мысалдар келтiре отырып, даладағы саудасаттық iсiне сипаттама берiңдер. 5. Жәрмеңкелердiң атқарған әлеуметтiкмәдени қызметi қандай болды? 6. Тұрақты жасалатын сауданың артықшылықтары мен дамуы туралы не бiлдiңдер? 7. Монғолиямен және Қытаймен саудасаттық қалай дамыды? 8. Сауда қатынастарының даму ында жолдардың және көлiк түрлерiнiң атқарған рөлi қандай едi?

*
Арба – көлiкке жегiлетiн тасымал құралы.

БHз – мақтаматадан тоқылған кездеме.

Елтiрi – туғаннан кейiн 2–3 күн iшiнде сойылған қозы терiсi.

В. Ботов – орыстың белгiлi көпесi. Ол 1848 жылы Қарқаралы маңында Ботов (Қоян ды) жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады.

«Батыс Сiбiрдегi далалыћ жќрмеѓкелер.Семей жќне Аћмола об- лыстарындаѕы барлыћ жќрмеѓкелердi оларда жасалатын сауданыѓ си- патына жќне сауда айналымыныѓ мbлшерiне ћарай екi топћа бbлуге болады. Жќрмеѓкелердiѓ басым кbпшiлiгi ќдетте кљз бен ћыста ћала- ларда жќне казак станицаларында bткiзiлдi. Оларда жергiлiктi ауыл


шаруашылыћ bнiмдерi, сондай-аћ жаћын маѓдаѕы кbшпелi ћырѕыздар- дыѓ (ћазаћтардыѓ. – авт.) малы мен мал bнiмдерi, сырттан ќкелiнетiн зауыт-фабрикаларда жасалѕан тауарлар bзара айырбас арћылы сатыл- ды. Жалпы сауда айналымыныѓ кbлемi кbбiнесе 50 мыѓнан 100 мыѓ сомѕа дейiнгi аралыћта болды. Халыћ неѕџрлым жиi тџратын аймаћ- тардаѕы екi, не љш жќрмеѓкедегi жылдыћ сауда айналымыныѓ мbлшерi 200 мыѓнан 400 мыѓ сомѕа дейiнгi деѓгейге жеттi. Gзге iрi жќрмеѓкелер жаздыгљнi ашыћ дала тbсiнде немесе Аћмола сияћты ћалалыћ љлкен елдi мекендерде bткiзiлдi. Ондай жќрмеѓкелер ќдет- те жергiлiктi iрi bнеркќсiп пен сауда орталыћтарынан ћашыћ жерлерде џйымдастырылды. Мќселен, олардыѓ ћатарына Ботов, Тайыншакbл си- яћты басћа да жќрмеѓкелердi ћосуѕа болады. Љлкен жќрмеѓкелерде љл- кен аса iрi кbлемде сауда-саттыћ жасалды. Ћырѕыздар bздерiнiѓ малда- рын, негiзiнен сансыз кbп ћойларын Семей мен Аћмола облыстарынан айдап ќкелiп сатып жљрдi». Тобыл губерниясыныѓ 1885 жылѕы ведомостары. Тобыл, 1885, 3-бет.   1.Ћазаћ даласында ћандай жќрмеѓкелер болды? 2.Олардыѓ бiр-бiрi- нен айырмашылыѕы неде едi? 3.Ол жќрмеѓкелердiѓ сауда айналымдары ћандай кbлемде болды?

§35. ҚАЗАҚСТАНДА ]НЕРКӘСIПТIҢ ДАМУЫ

Ресей империясының экономикасы шапшаң қарқынмен дамып келе жатты. Оған шикiзат көздерi, арзан жұмыс қолы және өндiрiлген өнiм түрлерiн өткiзетiн рынок қажет болды. Патша үкiметi Қазақ станда да зауыттар мен фабриктер сала бастады. Табиғи шикiзат ты Қазақстан аумағынан көптеп тасып әкету үшiн барлық жағдай жасалды. Қазба байлығы мен ауыл шаруашылық шикiзаты өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар қатары көбейдi. ХIХ ғасырдың екiншi жар тысында Қазақстандағы шахталар мен кенiштер орыс көпестерi мен кәсiпкерлерiнiң қолында болып едi. Бiрақ ХХ ғасырдың бас кезiне қарай олардың басым көпшiлiгi шетелдiктерге болмашы арзан бағаға са тылып кеттi.

1. Қазақстанға Ресей және шетел капиталы ның енуi. Қазақстан тас көмiр кенiне бай болды. Олардың iрiлерi Орталық Қазақстанда едi. Қарағанды көмiрiн алғашқылардың бiрi болып 1833 жылы Аппақ Байжанов ашты.

Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстан дағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет аш қан адам Қосым Пiшенбаев болды. Ол 1867 жылы Екiбастұз көмiрi, 1895 жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бi

рiншi болып мәлiмдедi. Қ. Пiшенбаев Павло ҚосымПiшенбаев.


15—6903



дардағы миллионеркөпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерiн iздеушi және маркшейдер болып жұмыс iстедi. Ол Баянауыл дала сындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптiкөл, Майкөбен сияқты тас көмiр кен орындарын ашты.

Ресей кәсiпкерлерi жергiлiктi қазақтардан аса бай кен орында рын су тегiн бағаға сатып алды. Мәселен, ХIХ ғасырдың 40жыл дарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қара ғанды көмiрi кен орындарын, Успенск мыс кенiштерiн, Жезқазған және СпасскВоскресенск мыс кенiштерi аймағын өте арзанға сатып алды.

Алайда ХХ ғасырдың бас кезiне қарай таукен кәсiпорындары ның басым бөлiгi шетелдiк кәсiпкерлердiң қолына көштi. Патша үкiметi шетелдiк кәсiпкерлерге шет аймақтарды игеруiне кең жол ашып берген едi. Кен орындарын игеруге орыс кәсiпкерлерiнiң жет кiлiктi тәжiрибесi де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндiрiлген дайын өнiмдi өткiзуде қыруар көп қиындықтар ға душар болды. Ал Ресей шенеунiктерi шетелдiк кәсiпкерлер жа ғында болды. Олар шетелдiк кәсiпкерлерден қолдау көрсеткенi үшiн пара алып тұратын. Шетелдiк кәсiпкерлер көбiнесе кездейсоқ адам дар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалiмдер, ет сататын қа сапшылар, ұсақ саудагерлер, тiптi тiлмаштар да бар едi. Gздерiнiң жеке меншiгiнде капиталы болмаса да, Батыс елдерiндегi банкiлер дiң берген несиесiне Қазақстандағы кенiштер мен шахталарды су тегiн дерлiк бағамен сатып алып, тез байып шыға келдi. Жергiлiктi арзан шикiзатты өздерiнде қымбатқа сатып, банкiлерден алған қарыз


Жалдамалы әйелдердiң ауыр еңбегi.


дарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.

Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талантаражға са лып тонаудың салдарынан бiртебiрте iстен шыға бастады. Оларда ғы техника iс жүзiнде жаңартылған жоқ. Ал өндiрiлген шикiзат ше тел асып кетiп жатты.

1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционер лiк қоғамы» құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерiнен мыс кенiштерiн сатып алумен белсендi түрде айналысты. Тап осындай жолмен ше телдiктерге СпасскВоскресенск және Успенск мыс кенiштерi, Спасск мыс қорыту зауыты, сондайақ Саран және Қарағанды көмiр кендерi сатылып кеттi. Акция ұстаушылар Англияның, Франция ның, АҚШтың, Германияның, Швецияның, Испанияның және бас қа да елдердiң азаматтары болды.

Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түстi металл кен орындарын австриялық кәсiпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлiк қо ғамы» пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кенiш терiн түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темiр кен орындарын да, әк карьерлерiн де иемденiп шыға келдi.

2. Тұз, мұнай және алтын Hндiру. Тұз Батыс Қазақстанның Басқұн шақ, Елтон және Елек кәсiпшiлiктерiнде, Қазақстанның солтүстiк шығысындағы Коряков көлдерiнде өндiрiлдi. Ол өлкенiң өзiнде тұ тыну үшiн, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшiн де өндi рiлдi. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсiпшiлiгiнiң өзiнде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндiрiлдi. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс iстедi. Олардың басым көпшiлiгi қазақтар болды. Коряков кәсiп шiлiгiнде өндiрiлген тұз негiзiнен Батыс және Шығыс Сiбiрге, сон дайақ Обь өзенiндегi балық кәсiпшiлiктерiне жөнелтiлiп отырды.

Мұнай өндiру iсi шетелдiк кәсiпкерлердiң, ең алдымен ағыл шындардың қолында болды. Олар 1911 жылы Доссор кәсiпшiлiгiнде, Жем өзенiнiң бойында мұнайды көп мөлшерде өндiре бастады. Ше телдiк компаниялар орасан зор көлемде пайда тапты. Бiрiншiден, олармен бақталас бәсекелестер болған жоқ. Екiншiден, жергiлiктi қазақ халқын арзан жұмыс қолы ретiнде пайдаланды. Үшiншiден, ағылшындар мұнай көздерiн барлау және өнiм өндiру кезiнде елеулi жеңiлдiктердi пайдаланды. Ал жергiлiктi халыққа ешқандай да ақы төленген жоқ. Осы себептерден шетелдiк компаниялар тез арада байып алды.

Таукен өнеркәсiбiндегi пайдалы саланың бiрi алтын өндiру бол ды. Алтын өндiрушiлердiң арасында орыс және татар кәсiпкерлерi басым едi. ХХ ғасырдың бас кезiнде Gскемен уезiнде алтын кенi қазылатын 50 кенiш болды. Алтын өндiруден түскен табыс iс жү


зiнде түгелдей шетке кетiп жатты. Ол Қазақстаннан ғана емес, соны мен қатар Ресейден де тысқары, негiзiнен Еуропаға жөнелтiлдi.

3. Ауыл шаруашылығы Hнiмдерiн Hңдеу. Ауылға капиталистiк қа тынастардың енуi қазақтарды шөп шабумен, балық аулаумен, бақша егумен айналысуға мәжбүр еттi. Мал шаруашылығы шикiзатын өң дейтiн кәсiпорындардың негiзгi ошақтары Ақмола мен Семей облыстары болатын. 1888 жылы Семей облысында – 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 май қорытатын, 23 кiрпiш, 2 сыра ашытатын зауыт жұмыс iстедi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындардың өзiн дiк ерекшелiктерi болды. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшы лардың саны аз едi. Кәсiпорындардағы техника әбден ескiрiп бiткен болатын. Мамандықты қажет етпейтiн қара жұмыстарды қазақтар атқарды.

4. Ұлттық саудаHнеркәсiптiк буржуазияның қалыптаса бастауы. Қарамағындағы жердiң жаппай тартып алынуы, көшпелi мал шаруа шылығының құлдырап кетуi, әлеуметтiк құрылымының өзгеруi, мiне, мұның бәрi де қазақтарды қайыршыландыруға дейiн жеткiздi. Қазақтардың көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтының күйзелiске ұшырап, ыдырай түсу үрдiсi салдарынан бүкiл өлкеде халықтың екi әлеуметтiк тобы қалыптасты. Олар байлар және жал дамалы жұмысшылар едi.

Әдеттегiдей, ауыл старшындары, iрi рубасылары мен болыстар сияқты ауқаттылар байыған үстiне байи түстi. Олардың едәуiр бөлiгi кәсiпкерлiкпен, мал және мал өнiмдерiн сатумен айналысты. Қазақ даласында олар бай саудагерлер деп аталды. Олардың мал сойып, ет өндiрудi кәсiп еткен кейбiреулерiнiң өз зауыттары, май айыратын кәсiпорындары болды. Сондайақ сары май сатумен де айналысты. Ұлттық саудаөнеркәсiп буржуазия өкiлдерiнiң арасында қай ырымдылық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Пав лодар уезiндегi Қараөткел болысының болысы А. Қазанғапов кедей лерге, мешiттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсiп кер Б. Шоқабасов Павлодар қаласында мешiт салдырды. Томск гу берниясындағы бай қазақ Нұрекен Мекке қаласында жүз кiсiлiк қо нақ үй салуға үлкен үлес қосты. Ол қонақ үйге қажыға барған

қазақтар жайғасып жүрдi.

5. Темiр жолдардың салынуы. Қазақстанда өнеркәсiптiң дами бас тауы, өндiрiлген шикiзаттарды тасып әкету үшiн темiр жолдар салу ауадай қажет болды. Орыс фабриканттары Ресейдi шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын темiр жолдар салуды патша үкiме тiнен ХIХ ғасырдың 60–70жылдарының өзiндеақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуенi Орынборға 100 күн дегенде әрең жететiн. Мұндай жағдай саудасаттық пен өнеркәсiптiң жедел даму ына көп кедергi келтiрдi.


Сондықтан да ХIХ ғасырдың екiншi жартысында қазақ даласына темiр жол магистральдары салына бастады. 1891–1893 жылдары Покровская слобода – Орал темiр жол желiсi тартылды. 1894 жыл дан бастап Челябi мен Омбы арасында темiр жол қатынасы орнады. 1901–1905 жылдары Орынбор–Ташкент темiр жолы салынды. Сөйтiп 1905 жылы Қазақстан аумағындағы темiр жол желiсiнiң жалпы ұзын дығы 2000 километрге жуық болды.

Қазақ халқының арасында темiр жол құрылысында жұмыс iс теп, табыс тауып қайту кеңiнен өрiстедi. Орынбор–Ташкент темiр жолын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыс тарда iстегендердiң көпшiлiгi кейiн темiр жол бойында жұмысқа орналасып, қазақтың кәсiби жұмысшыларының қатарын қалып тастырды.Кейде қазақтар өздерiнiң туған өлкесiнен тыс жерлерге де барып жұмыс iстедi. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Пав лодар уезiнiң 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетiндегi темiр жол құрылысында еңбек еткен.

Қазақстаннан темiр жолдар арқылы ауыл шаруашылық шикi заттары тасылды. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарынан мақта, жемiсжидектер жөнелтiлiп жатты. Қазақстанға темiр жол арқылы егiншiлiкке қажеттi машиналар мен еңбек құралдары жеткiзiлдi. Сондайақ көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материалдары, мануфактура өнiмдерi, қант және шай әкелiндi.

Темiр жолдарда жұмыс iстеу мамандандырылған жұмысшылар дың болуын қажет еттi. Жергiлiктi жерлерде ондай жұмысшылар болған жоқ, барының өзi жетiспедi. Патша үкiметi ондай мамандан дырылған темiр жол және өнеркәсiп жұмысшыларын негiзiнен Ре сейдiң еуропалық бөлiгiнен әкелiнген орыстардан қалыптастыруға күш салды. 1917 жылға қарай Қазақстандағы жұмысшылардың саны 90 мың адамға жеттi.

6. Жұмысшы табының қалыптаса бастауы. Жергiлiктi жұмыс шы табының қалыптасуы өнеркәсiптiң дамуына байланысты бол ды. Жұмысшылар негiзiнен кедейленiп, қайыршы халге түскен көшпелi қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруалары есебiнен толыға түстi. Қазақстанның бiрқатар облыстарынан онда ған мың шаруалар жұмыс iздеп, табыс тауып қайту үшiн үйлерi нен безiп, ел кезiп кеттi.

Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Мұның өзi бiрқатар факторларға байланысты едi: олардың кәсiби бiлiмi, мамандығы болған жоқ, тұрғын үй тапшылығынан қатты қиналды, кәсiпорын дарда қауiпсiздiк техникасы мүлдем жоқ едi. Қазақстанда ХIХ ғасыр дың аяқ кезiнде өнеркәсiп өндiрiсiнiң техникалық жабдықталу дең гейi тым төмен болды. Соның салдарынан негiзiнен қол еңбегi көп қолданылды.


Кәсiпорын иелерiнiң озбырлығы жұмысшылар арасында бiрте бiрте ашуыза мен наразылық туғызды. Жұмысшылар кәсiпорын дардан қашып кететiндi шығарды. Бiрақ наразылықтың бұл түрiне тез арада тосқауыл қойылды. Қашқындарды ұстап алып, үш ай мер зiмге түрмеге жапты. ХIХ ғасырдың орта кезiнен бастап жұмысшылар наразылығының жаңа түрi – ереуiлге шығу пайда болды. Ереуiл шiлердiң барлығының да талаптары еңбек жағдайын жақсарту және жалақыны арттыру едi.

7. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Зауыт, фабрикаларда ғы жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Фабрика инспекция сы туралы заң Қазақстан аумағында қолданылған жоқ. Жұмыс кү нiнiң ұзақтығы мұнай кәсiпшiлiктерiнде 12 сағатқа, ал алтын өндi рiлетiн кен орындарында 10–12 сағатқа созылды. Жұмысшылар қа рапайым еңбек құралдарын пайдаланды. Кәсiпорындарда еңбек қа уiпсiздiгi сақталмады, ол туралы сөз етудiң өзi де мүмкiн емес едi. Жұмысшылардың тұрақты баспанасы да болған жоқ. Олар лашықтар мен киiз үйлерде тұрды.

Таукен өнеркәсiбiнiң тез дамуы жұмыс қолының тапшылығын туғызды. Соның салдарынан кәсiпорындарда әйелдер мен балалар дың еңбегi кеңiнен пайдаланылды. Олар еңбекақыны ер адамның еңбекақысымен салыстырғанда әлдеқайда аз алды.

Қазақ жұмысшыларын ашықтанашық кемсiтiп дискриминация жасады. Бiрдей еңбек ете тұра оларға жалақы әлдеқайда кем төлендi. Бұл жөнiнде округтiк инженер М. Красовский былай деп жазды: «Қырғыздармен (қазақтармен. – авт.) бiрдей жұмыс көлемiн атқарған орыс жұмысшылары жалақыны олардан екi не үш есе ар тық алады». Олардың орташа жалақысы күнiне 30–40 тиыннан ғана айналды. Қазақтар жұмысқа қабылданғанда баспана берiлмейтiнi ескертiлетiн. Қазақтардың сауатсыз болуынан олар өз құқықтарын қорғай алмады. Зауытфабрика дүкендерiндегi та уарлар мен азықтүлiк өнiмдерi қазақтарға көтерiңкi бағалармен сатылды. Мiне, мұның бәрi қазақ жұмысшыларын өздерiнiң эко номикалық, әлеуметтiк және саяси жағдайларын жақсарту жо лындағы күреске шығуға итермеледi.

8. ]лкеде жұмысшы қозғалысының күшеюi. Қазақстанда

ереуiлдiк қозғалыстар күшейе түстi. 1911 жылғы мамырда Перовск және Түркiстан бекеттерi темiр жол шеберханаларының жұмысшы лары ереуiл жасады. «Атбасар мыс кендерi» акционерлiк қоғамы ның кенiштерiнде 300 кеншi ереуiлге шықты. Жұмысшылардың негiзгi талабы, бiрiншi кезекте, экономикалық жағдайды жақсарту, яғни жалақы мөлшерiн арттыру болды.

1912 жылдың сәуiр айында Сiбiрдегi Лена алтын кен орындарын да патша үкiметiнiң әскерлерi 270 жұмысшыны атып өлтiрiп, 250iн жаралы еттi. Атып өлтiрiлгендердiң қатарында қазақ жұмысшылары


да бар едi. Бұл оқиға Ресейдiң бүкiл аумағында ашуыза туғызды. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жеттi. Ереуiл жасаушылардың ал дыңғы қатарында темiржолшылар, сондайақ кенiштердiң, фабрика лар мен зауыттардың жұмысшылары болды. Олар жалақының аз дығына, еңбек жағдайларының ауырлығына қарсы наразылық бiлдiрдi.

1.

?
Қазақстандағы таукен iсiнiң деңгейi қандай едi? 2. Тұз, мұнай және алтын қалай өндiрiлдi? 3. Gлкеде ауыл шаруашылық шикiзатын өңдеудiң өзiндiк ерекшелiгi неде болды? 4. Ұлттық буржуазияның қалай қалыптасқаны туралы айтып берiңдер. 5. Темiр жолдарды салу қалай жүргiзiлдi? 6. Қазақ жұмысшыларының жағдайы қандай едi? 7. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, «Қазақ жұмысшыларының бiр күнi» деген тақырыпқа әңгiме құ

растырыңдар.

*
Акция – құнды қағаз. Ол кәсiпорынға акционердiң белгiлi мөлшерде үлесжарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншiктi иеле

нуге, түскен табысты бөлiсуге құқық бередi.

Дискриминация – адамды кемсiту, оның құқығын шектеу, әлеуметтiк қорлау.

Табыс тауып қайту – село тұрғындарының күн көрiс үшiн табыс тауып қайту мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс iздеп қалаға не басқа жаққа кетуi.

Нұрекен (1799–1874) – Алтай таулы округiндегi iрi жер иесi, бай адам. Оның 12 мың жылқысы болған. Меккеге бiрнеше рет қажылыққа барып қайтқан.

Успенск мыс кенiшi жџмысшылары мен ћызметшiлерiнiѓ 1905 жыл- ѕы 6 желтоћсандаѕы петициясынан. «Бiз, француз азаматы, тау-кен bнеркќсiпшiсi К.Э. Карноныѓ Успенск мыс кенiшiндегi ћызметшiлерi мен жџмысшылары, капитализммен кљрес жљргiзу љшiн ћатарымызды топтастыра отырып, 1905 жылѕы 6 желтоћсан кљнi bткен жалпы жиналысымызда мынадай ћорытындыѕа келдiк: бiз кенiштегi bмiрдiѓ ћазiргi ауыр жаѕдайында bзiмiзге жљктелген мiндеттердi орындай алмаймыз, ол кенiштегi ћазiргi жаѕдай тљзелiп, жаћсарѕан кезде ѕана мљмкiн болады деп санаймыз жќне сол љшiн мына мќселелердiѓ ше- шiлуiн талап етiп, ћаулы ћабылдадыћ: 1) Бiзге еѓбекаћы ретiнде босатылатын азыћ-тљлiк bнiмдерiнiѓ барлы- ѕыныѓ да баѕасы шџѕыл тљрде арзандатылсын, bйткенi олардыѓ ћазiргi баѕалары bте ћымбат жќне заѓсыз белгiленген... 2) Жалаћыныѓ мbлшерi кbбейтiлсiн... айына 50 сомѕа дейiн алатын- дардыѓ жалаћысы 25 пайызѕа, ал 50 сомнан кbп алатындардыѓ жалаћысы 15 пайызѕа арттырылсын. 3) Ылѕалы мол шалшыћты зобайда жџмыс iстейтiн адамдарды кенiш кеѓсесiнiѓ есебiнен су bткiзбейтiн киiм-кешекпен жќне аяћ киiммен тегiн ћамтамасыз етiп, толыћ жабдыћтайтын болсын...

Қосым Пiшенбаев (1844–1932) – Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын бiрiншi болып ашқан адам. Соның iшiнде Екiбастұз көмiр кенiшiн және Майқайың полиметалл кен орындары да бар.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: