Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 33 глава




себеп болды? 3. Қазақстанда отаршыл әкiмшiлiкке қарсы наразылық қалай өттi? 4. Қазақ зиялыларының көшбасшылары революция кезiнде және одан кейiнгi жылдары қандай қызмет атқарды? 5. Қазақтар Ресейдiң ең жоғары заң шығарушы органы Мемлекеттiк Думада қандай проблемаларды көтердi?

6. Бiрiншi орыс революциясының қазақ халқының саяси санасезiмiн артты рудағы маңызы неде болды?

 

жоѕары bкiлеттi органы.

*
Мемлекеттiк Дума – Ресейдiң 1906–1917 жылдардағы заң шығарушы

Кәсiподақтар – жұмысшылардың мүддесiн қорғайтын ұйым.

Кадеттер – конституцияшыл демократтар. Қоғамның демократиялық құндылықтар негiзiнде бiртiндеп дамуын жақтаушылар.

Революция – қоғам өмiрiндегi түбiрлi өзгерiс, төңкерiс.

Ахмет Қорғанбекұлы Бiрiмжанов (1871–1927) – Қазан университетiнiң заң факультетiн бiтiрген. Орынбор округiндегi, одан соң Ақтөбе уезiндегi сот орын дарында қызмет iстеген. I және II Мемлекеттiк Думаның Торғай облысынан сайланған

депутаты.

Бақытжан Қаратаев (1863–1934) – Қазақстанның көрнектi қоғам қайраткерi, сұлтан дар тобының өкiлi, Әбiлқайыр ханның шөбересi. 1890 жылы Петербург университетiнiң заң факультетiн алтын медальмен бiтiрген.

Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы (1858–1931) – қазақтың көрнектi ақыны, тарихшы, этно граф, шежiрешi, аудармашы.

Сәлiмгерей Сейiтханұлы Жантөрин (1864–1920) – көрнектi қоғам қайраткерi, заңгер, I Мемлекеттiк Думаға Уфа губерниясының атынан депутат болып сайланған. Санкт Петербург университетiнiң заң факультетiн, сондайақ Мәскеу мемлекеттiк университе тiнiң физикаматематика факультетiн бiтiрген. Уездiк және губерниялық земстволарды басқарған.

  Екiншi сайланѕан Мемлекеттiк Дума депутаттарыныѓ мќлiмдемесi. «1891 жылѕы 25 наурыздаѕы Дала Ережесiнiѓ 120-бабыныѓ 1-шi ес- кертпесi бойынша басы артыћ болып табылуы мљмкiн жерлер Мемлекет- тiк мљлiк пен Егiншiлiк министрлiгiнiѓ ћарауына bтуi тиiс болатын.

Темiрғали Нұрекенов (1858 – ө.ж.б.) – I Мемлекеттiк Думаның Семей облысынан сайланған депутаты. Томск губерниясына қарасты Барнауыл округiндегi атақты бай, 12 мың жылқы бiткен Түйте Нұрекеновтың немересi.


Соңғы қабылданған заңдар бойынша артық жердi алуға жергiлiктi қыр ғыздардың (қазақтардың. – авт.) жер мәселесiне қатысты мұқтажын ба рынша өтегеннен кейiн ғана кiрiсуге және қоныс аударушылар үшiн жер телiмдерiн сол алынған жерлердiң есебiнен беруге рұқсат етiлген едi.

Ал қазiр, жер өлшеушi партиялардың жүргiзiп жатқан жұмыстарынан көрiнiп отырғанындай, олардың қызметi тек қоныс аударушылар үшiн жер телiмдерiн алуға бағытталған. Қырғыздардың жерге қатысты мұқта жын барынша қамтамасыз ету жөнiнде ойланып жасалған қағида мүлде ұмыт қалып отыр және ондай басы артық жерлердiң баржоғы мұқият зерттелiнбеген.

Мемлекеттiк Дума депутаттарының пiкiрi бойынша, басы артық жер лердi анықтау – бiр ғана жеке облыстың емес, барлық облыстардың: Закаспийск, Орал, Торғай, Сырдария, Ақмола және Семей облыстарын жанжақты әрi мұқият зерттегеннен кейiн ғана мүмкiн болатын нәрсе... Әлдебiр жеке болыстағы табиғи сумен суарылатын ұлтарақтай бiр тұтам жерiн алып қоюдың өзi қырғыздарға ауыр зардаптар әкелерi анық... Депу таттар шаруалардың қоныс аударуын дереу тоқтату керек және далалық облыстардағы қырғыздарды жерге орналастыруға жедел түрде кiрiсу қа жет деп санайды...»

Қазақтардың жердi пайдалану жөнiндегi кеңесiнiң журналы. СПб., 1907, 125–126беттер.

 

1. Қоныс аударушы шаруалар үшiн жер телiмдерiн анықтау кезiнде

жер өлшеушiлер алдымен кiмнiң мүддесiн көздедi? 2. Ресей Мемлекеттiк Думасының депутаттары басы артық жерлердi анықтау мақсатымен қан дай шаралар жүргiзудi ұсынды? 3. Қазақ халқының жерге қатысты проб лемаларын шешу кезiнде олар ең алдымен не iстеу керек деп санады?

 

§40. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ПЕТИЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақтар арасында петициялық қозға лыс елеулi түрде етек алды. Қазақ халқы өзiнiң өмiрлiк маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тыры сып көрдi. Ол петицияларда жер, дiн және халыққа бiлiм беру сала сындағы алуан түрлi талаптар қойылды.

1. Петициялық қозғалыстың басталуы. Қазақ халқының өз құ қықтарын қорғау жолындағы күресiнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң бiрi алуан түрлi петициялар (өтiнiшталаптар) жолдау болды. Ондай пе тициялар 1902–1903 жылдары жазылып, жоғары билiк орындарына жолдана бастаған едi. Оларда қазақ халқын христиан дiнiне енгiзу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажеттi жағдай лар жасау, молдалардың қызметiне кең жол ашу жөнiнде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастама шылары алғашқы кезде дiн қызметкерлерi болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түстi. Бiрiншi орыс революциясы жылдарында пети


 

17—6903



циялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкiлдерi өз қолда рына алды.

Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генерал губернаторлардың, Iшкi iстер министрiне, тiптi Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.

Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсiден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтiлiп жатты.

2. Қарқаралы петициясы. Отаршыл өкiмет билiгiнiң атына жол данған iрi көлемдi әрi мазмұнды петициялардың бiрi Қарқаралы пе тициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жа қын жердегi Қоянды (Ботов) жәрмеңкесiнде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезiнен халық арасында кеңi нен танымал беделдi 42 қазақ қол қойды. Кейiнiрек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездерiндегi қазақтар қосылды. Пе тиция Қарқаралы қаласынан жiберiлген едi. Ол жерден 1905 жылғы 22 шiлде күнi жергiлiктi поштателеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгiлi саяси қайраткерлер Ә. Бө кейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.

Қарқаралы петициясында өлкенi әкiмшiлiк басқару жүйесiн қай та қарау, азаматтық және сот iсiн қазақ тiлiнде жүргiзудi заңды түрде бекiту, отаршыл аппарат шенеунiктерiн қысқарту, жоғары билiк органдары мен Мемлекеттiк Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды.

Қарқаралы петициясында жергiлiктi халықтың құқығы мен ар абыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкiмдерiнiң жүген сiздiгiне тыйым салу, халықтың ана тiлiнде бiлiм алуын ұйымдас тыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлердi қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Мемлекеттiк шенеунiктер жоғары билiк орындарына талаптi лектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрдi. Мұны Семей облысы әскери губернаторының Дала генералгубернаторы ның атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады:

«Қырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».

Қарқаралы петициясының мәтiнi Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшiрмелерi «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшiн олардың редакцияларына да жiберiлдi.

Петицияның бiр нұсқасын Темiрғали Нұрекенов орыс тiлiне ауда рып, Iшкi iстер министрiнiң атына жiбердi. Петицияның бұл нұсқа сы барынша толық едi. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның маз мұны қазақ қоғамының ХХ ғасырдың бас кезiндегi өмiрлiк маңызы бар күрделi проблемаларын толық қамтыды.


3. Сайлау жүйесiн қайта құру жHнiндегi ұсыныстар. Жоғары билiк органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшын дарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана та ғайындау ұсынылды. Бұл қызметтерiне кiрiсер кезде олардың бәрi де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қия нат жасамауға уәде етуге тиiстi болды. Шаруа бастықтарының орны на бiтiстiрушi судьялар қызметiн енгiзу талап етiлдi. Петиция автор ларының пiкiрi бойынша, бұл қызметке жеткiлiктi дәрежеде сауаты мен бiлiмi бар қазақтар тағайындалуы тиiс. Сайлау науқаны кезiнде мүдделi топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбiр шаралар ұсынылды. Бiрiншiден, шектен тыс әдiлетсiздiгi немесе өзiне қолайлы белгiлi бiр кандидаттың сай лануына мүдделi екенi белгiлi болған әкiмшiлiк өкiлдерi қызметiнен аластатылуы тиiс делiндi. Екiншiден, әкiмшiлiктiң ондай аласталған өкiлдерi уездiң мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиiс болды. Үшiншiден, өздерiнiң жағымсыз қылық тары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жiбермеу талап етiлдi. Сондайақ қазақ халқы өкiлдерiнiң Ресей империясының заң шы ғарушы ең жоғары органы Мемлекеттiк Думаға сайлануы да талап етiп қойылды.

4. Дiни мәселелер. Қазақтар петицияда өздерiнiң дiни iстерiне басшылық етудi 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалар барысында енгiзiлген Орынбор дiни басқармасының қарамағына берудi талап еттi. Сондайақ қазақтар мешiттер мен медреселер салуына еркiндiк берiлуiн, дiни әдебиеттер басып шығару үшiн


Ақмола мешiтi.


баспаханалар ашылуын өтiнiш ретiнде ұсынды. Қазақ даласында мешiттер санын арттыруды, дiни сауат ашу iсiн дұрыс жолға қоюды өтiндi. Меккеге қажылыққа емiнеркiн барып келудi, қазақ ауыл дарына христиан дiнiн таратушы миссионерлердiң баруына тыйым салуды талап еттi. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының бас қа дiндi қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.

Петицияларда әр болыста дiни алымсалықтарды жинайтын ар наулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкiрттердiң оқуына жұмсау көзделдi.

5. Қазақ тiлi. Петицияларда мектеп қабырғасында ислам дiнi не гiздерiнiң мiндеттi түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейiн қолға алу талабы қойылды. Петицияда мектептерде христиан дiнiн оқытуға үзiлдiкесiлдi қарсылық бiлдiрiлдi. Қырғыз (қазақ. – авт.) халқына бастық болғысы келгендердiң қырғыз тiлiн бiлуi тиiс екендiгi атап көрсетiлдi. Петицияда iс қағаздарын қазақ тiлiнде жүр гiзу талап етiлдi.

6. Сот iсi. Қазақтар дала тұрғындарын сот, тергеусiз әкiмшiлiк жолмен жер аудару iсiне наразылық бiлдiрдi. Дала генералгуберна торы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер ауда рып жiберуге құқықты едi. Неке және отбасы мәселелерiн әскери губернатор мен уезд бастықтарының қарауынан алып, бiтiстiрушi судья құзырына беру талап етiлдi. Кiсi өлiмi болған жағдайда ай ыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлi құқық заңы бойынша құн төлетуге өтiнiш бiлдiрiлдi. Округтiк сот тың жанында мiндеттi түрде ақылдастар алқасы болуы тиiс деп атап көрсетiлдi. Сондайақ айыпталушының мiндеттi түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергiлiктi отаршылдық билiк орындарына емес, Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына өтуi талап етiлдi.

7. Жер мәселесiн шешудiң жолдары. ХХ ғасырдың бас кезiнде жер мәселесi одан әрi шиеленiсе түстi. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңiл бөлiндi. Шекара шебiндегi енi он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл iшiнде тартып алынған жерлердiң өзiнiң бұрынғы заңды иелерiне қайтарып берiлуi талап етiлдi. Ал қазақтардың бұған дейiн көшiпқонып жүрген аумақта рындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетiн мұсылмандарға ғана берiлуi ұсынылды. Қыстаулар мен жаз ғы жайлаулар өздерiнiң бұрынғы иелерiнiң қарауында қала беруi тиiс деп көрсетiлдi.

Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркiн пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондайақ қазақтарға олардың көшiқон аймағындағы тұзды және балық өсетiн көлдердi қайтарып беру жөнiндегi өтiнiштер де айтылды.

8. Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы. Сонымен, петиция лар беру, соның iшiнде Қарқаралы петициясы, ХХ ғасырдың бас


кезiндегi Қазақстанның саяси өмiрiндегi аса маңызды кезеңдердiң бiрi болды. Оларда қазақ қоғамының өмiрлiк маңызы неғұрлым өткiр проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде ба яндалды. Жоғары дәрежелi мемлекеттiк органдардың атына пети циялар жолдау қазақ халқының саяси санасезiмiнiң оянып, күшейе түскенiн көрсеттi. Мұның өзi халықтың құқықтарын қорғауға қабiлеттi екенiн айқын көрсеттi.

Патша үкiметi қазақ халқының пiкiрiмен санасуға мәжбүр бол ды. Петициялардың мәтiнiн жазғандар батылдық мен ұйымшылдық тың үлгiсiн танытты. Бiрақ патша үкiметi петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ре сей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтiн едi. Со лай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлiн атқарды – қазақтар Ресейдiң I, II Мемлекеттiк Думаларына депутат болып сай ланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билiк орын дарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басықасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкiлдерi ерекше белсендiлiк көрсеттi.

?
1. Қазақстандағы петициялық қозғалыстың етек алуына қандай оқиғалар себеп болды? 2. Қарқаралы петициясына қашан және қай жерде қол қойылды? 3. Петицияны жазғандар сайлау жүйесiн қайта құру жөнiнде қан дай пiкiрлер айтты? 4. Дiни iстер саласындағы мәселелердi шешу үшiн қандай ұсыныстар енгiзiлдi? 5. Халыққа бiлiм беру және қазақ тiлiнiң қолдану аясын кеңейту жөнiнде қандай талаптар қойылды? 6. Қазақтардың сот iсiн жолға қоюда не iстеу керектiгi айтылды? 7. Петицияда жер мәселесiн шешу жайында

не айтылды? 8. Қарқаралы петициясының тарихи маңызы қандай болды?

*
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкiмет органының атына көпшiлiк атынан тапсырылатын жазбаша өтiнiш.

Жақып Ақбаев (1876–1934) – Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалысқа қатысушы, қоғам қайраткерi, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық магистрi, Алаш ардагерi. 1903 жылы СанктПетербург университетiнiң заң факультетiн алтын медальмен

бiтiрген.

II Николай (1868–1918) – Ресейдiң соңғы императоры.

  «Џлы мќртебелi патша аѕзамѕа. Омбыда генерал Сухотиннiѓ басшылыѕымен ќр тљрлi ведомстволар- дыѓ шенеунiктерi бас ћосћан Кеѓесте ћырѕыздарды (ћазаћтарды. – авт.) земство жиналысына (Мемлекеттiк Думаѕа. – авт.) жiбермеу туралы ми- нистр А.Г. Булыгиннiѓ пiкiрi айтылды. Алдаѕыны дџрыс болжай бiлмей- тiн мџндай тоѕышарлыћ шешiм ћабылдаудыѓ себебiн Далалыћ bлкедегi халыћтыѓ даму сипатынан мљлде хабарсыздыћта жатыр деп ћана тљсiндi- руге болады. Дала тџрѕындарын саяси ћџћыѕынан айырудыѓ оларды ћанша- лыћты ћатты ћапаландырып, ашу-ызасын тудырѕанын ескермеуге бол-


майды... Ең қарапайым әдiлеттiлiк пен ақиқат шындыққа қасақана қиянат жасаудың, алты миллион қырғызды құқықсыз тобырға айналдырудың қандай парасатты негiзi бола алмақ деген күмәндi сұрақ туады. Рас, бiз мал шаруашылығымен айналысамыз, ал мал шаруашылығы кәсiбiмен айналысу бiздi жаз кезiнде 3–4 ай бойы көшiпқонып жүруге мәжбүр етедi. Ондай көшiпқонып жүру, кейбiреулердiң ойлайтынындай, тiптi де кең дала төсiн мақсатсыз кезе беру емес, малдың жағдайын ойластыру болып табылады. Бiрақ бiздi осындай жағдайларымызға бола земство жи налысына қатысу сияқты аса маңызды саяси құқығымыздан айыруға қан дай негiз бар? Мал шаруашылығымен айналысу қырғыздарды сайлауға қатысу құқығынан неге айыруы тиiс? Саудасаттық, егiншiлiк, балық аулау сияқты басқа да әр түрлi кәсiп түрлерiмен айналысатындар ондай құқығынан айырылып отырған жоқ қой!... Қырғыздар қоғамдық және мемлекеттiк мiндеттердi, басқа да отырықшы бұратана халықтарды айтпа ғанның өзiнде, орыс шаруаларынан кем түсiнедi дегендi әлi ешкiм де дәлел деген жоқ... Сонда қырғыздардың мүддесiн кiм қорғамақ? Егер бiздiң хал қымыздың қазiргi өздерi сайлаған өкiлдерi земство жиналысына қатыс пайтын болса, онда ол халықтың мұңмұқтажын және ол проблемаларды дұрыс шешудiң жолдарын өз өкiлдерiнен өзге кiм айтып, кiм түсiндiрiп бере алмақ?.. Бiздi танып бiлуге деген құлық жоқ, бiздi әлдебiр санасы төмен бiреулер деп санайды, намысымызға тиiп қорлайды, бюрократияның тым жоғарыдан менсiнбей қарауға әбден етi үйренiп кеткен...

Қарқаралы уезi халқының сенiмдi 42 өкiлi қол қойған. 1905 жылғы 22 шiлде».

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты. 537қор, 1тiзбе, 2iс, 14бет.

 

1. Петицияны жазғандар қазақтардың земство жиналысына қатысты

рылмау себебi неде деп бiлдi? 2. Осы үндеупетицияны жазғандар қанша миллион қазақтың саяси құқығын қорғады? 3. Құжаттың авторлары өзде рiнiң сайлау құқықтарын қорғау үшiн қандай дәлелдi негiздер келтiрген?

 

§41–42. ҰЛТТЫҚДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ

]РЛЕУI

Бiрiншi орыс революциясы жеңiлiс тапқаннан кейiн Қазақстан да да реакция кезеңi басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған ша руалар тасқыны санының арта түсуiнен, қаражүздiктер ұйымда рының озбырлық iсәрекеттерiнен айқын көрiндi. Қазақтың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелiске ұшырады. Мiне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың санасезiмiн жаңғыртуға бағытталған қызметiн күшейте түстi.

1. Реакцияның күшеюi. 1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингiлер және жиналыстар өт кiзуге тыйым салынды. Gлкедегi социалдемократиялық және кәсiп


одақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенiмсiз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсiпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулер дiң белсендiлерi «сенiмсiз» қара тiзiмге енгiзiлдi, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсiпорындардағы жұмыс нор малары, жұмыс күнiнiң ұзақтығы ұлғайтылды. Азықтүлiк бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өрiс алды. Қазақтар мен орыс шаруа ларының бiрлесе қимыл көрсетуiнiң жолын кесуге әскер күшi қолданылды.

1907 жылы Оқуағарту министрi бекiткен ережеде қазақ тiлiнiң мәртебесi төмендетiлдi. Қазақ балалары өздерiнiң ана тiлiн бастауыш мектептерде екiақ жыл, оның өзiнде де қосымша пән ретiнде оқыты латын болды. Gзге пәндердiң бәрi де орыс тiлiнде жүрдi. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тiлiн бiлмейтiн адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салы натыны туралы жарлық шығарды.

Gкiмет билiгiнiң тiкелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы»,

«Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздiк ұйымдар құрыл ды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергiлiктi өкiмет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейдi.

Патша үкiметiнiң мұндай iсәрекеттерi Ресей халықтарының, соның iшiнде қазақ халқының да наразылығы мен ашуызасын тудырды.

2. Қазақ зиялыларының атқарған қызметi және олардың кHрнектi Hкiлдерi. Ұлттықотаршылдық езгiнiң күшеюi, өлкеге капиталистiк қатынастардың енуi, патша үкiметiнiң қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық санасезiмiн өсiрдi. Қазақ халқының отарлық ез гiге қарсы белсендi әрекеттерi күшейе түстi.

Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзге лермен тең құқықты болуына қол жеткiзу жолында күрестi. Олар қазақ мемлекеттiлiгiн қалпына келтiрудiң әдiсамалдарын қарас тырды, өз халқының отаршылдық езгiден азаттық алу жолын дағы күресiне көмектесуге ұмтылды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. БHкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесi тең даму жолына бастай бiлдi. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесiп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелi ойөрiсiне зор ық пал еттi. Олар өз үлгiөнегесiмен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлерi М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейiтов, Қ. Болғанбаев сияқты көп теген жас ұрпақты тәрбиелеп өсiрдi.

Қазақ зиялылары өздерiнiң мақалалары мен шығармаларын Қы



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: