Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 35 глава




ұсыныстар жасады? 2. Орыс шаруаларымен даудамайды және қақтығыс тарды болдырмау үшiн қандай шараларды жүзеге асыру ұсынылды?


 

Жетiншi бHлiм. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХIХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКIНШI ЖАРТЫСЫ— ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗIНДЕГI

МӘДЕНИ ]МIРI

§43. ОҚУАҒАРТУ IСI

«Зайырлы бiлiм» деген сөздi қалай түсiнесiңдер? Көшпелi халыққа жаппай бiлiм беру iсiне кедергi болған не нәрсе едi?

1. Қазақтардың дәстүрлi бiлiм жүйесi. Қазақ халқы ерте заман нанақ бiлiмдi де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топас тықты әжуа етiп, күлкiге айналдырған. Әрбiр атаана баласына әдептiлiктi үйреткен, сауатты да бiлiмдi болуға баулыған. Бұған мысал ретiнде қазақтар арасында «Қара күш бiрдi жығар, бiлiмдi мыңды жығар» деген мақал кеңiнен тараған. ХIХ–ХХ ғасырлар дың бас кезiнде Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi екi: дiни және зайырлы бағытта жүргiзiлдi. ХIХ ғасырдың орта кезiне дейiн қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша бiлiм алды. Оларды негiзiнен молдалар оқытты. Оқу атааналарының қаржысы есебiнен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебiнде негiзiнен ер балалар оқыды.


Оқушылар.


Халық арасында медреселердiң беделi күштi болды. Олар молда лар мен мектеп мұғалiмдерiн даярлады. Оқу мерзiмi 3–4 жылға дейiн созылды. Медресе шәкiрттерi ислам дiнiнiң негiздерi бойынша бас тауыш бiлiм алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тiл бiлiмi (лингвистика) және астрономия жөнiнде де едәуiр хабардар болып шықты. Дiни оқу орындарының басты қызметiнiң бiрi жастар дың бойына әдептiлiк өнегесi мен адамгершiлiк қасиеттердi дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкiметiнiң бастамасы бойынша медреселерде мiндеттi түрде орыс тiлiнiң негiздерiн үйрету енгiзiлдi. Медреседе бiрнеше сынып бөлмелерi болды. Олар шәкiрттер тұратын, дәрет алып, жуыныпшайынатын, сондайақ тамақтанатын бөлмелер едi. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40тан асқан адам дар ғана қабылданатын. Олардың медресенi бiтiргенi туралы дипло мының болуы талап етiлетiн. Кейiннен патша үкiметi мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867–1868 жыл дардағы әкiмшiлiк реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшiн уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Пат ша үкiметi мұсылмандардың оқу орындарын ашықтанашық

кемсiтiп, қорлау саясатына көштi.

2. Жаңа әдiстемелiк мектептер. ХХ ғасырдың бас кезiнде дәстүр лi мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қана ғаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерiн реформалау қозғалы сы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдитшiлдер болды. ХХ ға сырдың бас кезiнен бастап жаңа әдiстемелiк мектептер пайда бола бастады. Оқытудың бұл әдiсiнiң негiзiн қалаушы белгiлi түркi тiлдес халық ағартушыларының бiрi, қоғам қайраткерi И. Гаспринский болды.

Жәдитшiлдер мектептерде арифметика, география, жаратылыс тану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндердi оқыту қажеттiгiн дәлелдедi. Жаңа әдiстемелiк мектептерде бiлiмдi де бiлiктi мұға лiмдер сабақ бердi, оларда қажеттi оқу құралдары мен жабдықтары жеткiлiктi болды. Оның үстiне, оқыту әдiсте

месi де әлдеқайда тиiмдi едi. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдiстемелiк мектеп 1900 жылы Түркiстан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қаза лы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зия лыларының едәуiр бөлiгi жаңа әдiстемелiк мектептерде бiлiм алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесiнде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресе сiнде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды.

Абай Құнанбаев та Семейдегi Ахмет Риза мед И. Гаспринский.


 

18—6903



ресесiнде жаңа әдiстемелiк оқыту әдiстемесiн жақтаушы ұстаздар дан дәрiс алған болатын.

Алайда жаңа әдiстемелiк мектептер елге кең көлемде тарай алма ды. Патша үкiметi жаңа әдiстемелiк мектептердiң ашылуына барын ша қатты қарсылық көрсеттi. Себебi ондай мектептердi панисла мизм мен пантүркизмнiң ошақтары деп бiлдi. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100ге тарта ғана жаңа әдiстемелiк мектеп бар едi.

3. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ Hлкесiнде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы. 1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейiннен олар Сiбiр және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуiр шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бiрқатар әскери пәндердi оқып үйренуге жiбе рiлмедi. Омбы кадет корпусын белгiлi қазақ ғалымы, зерттеушi әрi ағартушы Шоқан Уәлиханов бiтiрiп шықты.

Казак станицаларында, бекiнiсқамалдарда дiни шiркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейi тым төмен едi. Мұғалiмдердiң басым көпшiлiгiн шала сау атты дьяктар, сондайақ қызметтiк мiндетiн өтеген солдаттар мен казактар құрады.

Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi мен сауатты лық деңгейiн қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтiн. Зайырлы мектептер өте аз едi. Маман мұғалiмдер жетiспедi. Көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.

4. ХIХ ғасырдың екiншi жартысы – ХХ ғасырдың бас кезiнде зай ырлы мектептердiң ашылуы. Қазақстанды өнеркәсiптiк тұрғыдан иге рудiң басталуына байланысты сауатты да бiлiмдi адамдарға деген сұраныс арта түстi. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзiмi жетiжылдық жаңа үлгiдегi мектеп ашылды. Онда негiзiнен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, геогра фия, геометрия, сондайақ исламның негiздерi оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.

1861 жылы Троицкiде, басқа да қалаларда орысқазақ мектептерi ашылды. 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалары енгiзiл геннен кейiн және қоныс аударып келушi шаруалар қатарының арта түсуiне байланысты зайырлы мектептердiң қатары көбейдi. Олардағы оқу бағдарламаларын генералгубернатордың өзi белгiлеп, Халық ағарту министрлiгiмен келiсiп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелерi мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегiн немесе азынаулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.

1879 жылы Торғай облысында алғашқы екi сыныптық орысқазақ мектебi пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қала


сында қазақтарға арналған мұғалiмдер мектебi тұңғыш рет ашыл ды. Ол мектептiң ашылуына Ыбырай Алтынсариннiң қосқан үлесi орасан зор болды.

1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектеп терi ашылды. Олар қазақ өлкесiнде бiлiм және қолөнер түрлерiн дамытуға бағыт ұстады.

Барлық жерде бiрдей болыстық орыс мектептерi пайда бола бас тады. Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшiн ауылдық көшпелi мектептер ұйымдастырылды.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақ мола қалалары халыққа бiлiм беру орталықтарына айналды. Қазақ стандағы орыс тiлдi халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсеттi. Ерлердiң 12 пайызы, ал әйелдердiң 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп едi. Бiрақ олардың қанша пайызының сауатты екендiгi халық санағын өткiзу кезiнде есепке алынбады.

Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары бiлiм алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың ұлттық санасезiмi тезiрек оянады деп қауiптендi. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерiн ашудың басты идеологта рының бiрi Ильминский былай деп ашықтанашық жазған болатын:

«Бiзге тиiмдi болатын бiр жағдай бар. Ол – бұратана халықтың әрбiр өкiлiнiң орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол – орысша жазғанда да аяқ алып жүргiзгiсiз қыруар қате жiберiп, өз ойын дұрыс жеткiзе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырапдiрiл деп тұруы керек». ХIХ ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшер лiк мектептерi ашыла бастады. Олар орта бiлiмдi дәрiгер маманда рын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бiрдебiр жоғары оқу орны ашылған жоқ.

5. Дала Hлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы. 1901 жылғы маусым айында Дала генералгубернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орысқазақ мектеп терiн ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауiп тенiп сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар шоқын дырып жiбередi деп қауiптендi. Қазақтардың және бiр қорыққан нәр сесi – орысқазақ мектептерi арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жiберер, содан соң әскер қатарында мiндеттi қызмет атқаруға мәжбүр етер деп шошынды.

Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесiнiң директо ры А.Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептердi ашудың мақсат


мiндеттерiн түсiндiрдi. Орысқазақ мектептерiнiң материалдық ба засын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтардың ана тiлiнде жүргiзiлуi туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесiн шоқындыруға бағытталған дiни миссионерлiк қызметiн де белсендi түрде өрiстете түстi. Олардағы оқу мерзiмi екi жыл едi. Оқушылар қазақ және орыс тiлдерiн, арифметиканы оқыды. Кейiнiрек ислам дiнiнiң негiздерiн оқытуға да рұқсат етiлдi. Бiрақ бұл ретте жұмсала тын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиiстi болды.

6. Омбы – Далалық Hлкенiң iрi бiлiм орталығы. «Алаш» қозға лысы қайраткерлерiнiң бiрi С.Сәдуақасовтың пiкiрi бойынша, Ақмола облысының Омбы уезi Қазақстанның ең iрi ағартушы аймақтарының бiрi болды. Ал Омбы қаласы iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн ең әйгiлi бiлiм орталықтарының бiрiне айналды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебi ашылды. Ол отаршыл аппарат үшiн шенеунiк кадрлар даярлаумен айналысты. ХIХ ғасырдың бас кезiнде қазақ ақсүйектерi өздерiнiң балаларын Омбыдағы оқу орындарына жiбере бастады. 1872 жылы Омбыда мұғалiмдер семи нариясы ашылды. Ол iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн мұғалiм кадрларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш учи лищелер үшiн мұғалiмдер даярланды.

Омбыда, сондайақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ балалары үшiн жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұмсалатын шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебiнен өздерi төлейтiн болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жiберiп тұру келiсiлдi.

1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ол зауыттар мен фабрикалар үшiн, сондайақ көлiк саласындағы қызмет үшiн орта бiлiмдi басшы маман кадрлар даярлауға тиiстi болды. Атап айтқанда, осы училищенi Қарқаралы уезiнiң түлегi, болашақ көр нектi қоғам қайраткерi Әлихан Бөкейханов бiтiрiп шықты.

Омбы малдәрiгерлiкфельдшерлiк мектебiнде көптеген қазақ балалары оқыды. Бұл мектеп осы салада бүкiл Қазақстан үшiн ма ман кадрлар даярлайтын бiрденбiр арнаулы оқу орны болды.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнектi өкiлдерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ай дархан Тұрлыбаев, Отыншы Әлжанов, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейiлбек Жанайдаров, Асылбек, Мұ ратбек және Мұсылманбек Сейiтовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дiнше Әдiлов, Смағұл Сәдуақа сов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Әбiлқайыр Досов, Бiрмұхамед Айбасұлы, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Нығ мет Нұрмақов сияқты көптеген азаматтар оқып бiтiрiп шықты. Олар дың бәрi де халық ағарту iсiне, Қазақ өлкесiндегi ұлттықдемокра тиялық қозғалысқа, сондайақ туыпөскен өлкенi ғылыми тұрғы


Қазанда оқитын қазақ жастары. 1896 жыл.

 

дан зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым көпшiлiгi кейiнiрек, Ке ңес өкiметi кезiнде, саяси қуғынсүргiнге ұшырады, атылып кеттi.

7. Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ сту денттерi. Бiрiншi орыс революциясының ықпалымен қазақтардың ұлттық санасезiмi елеулi түрде өстi. Неғұрлым алыстан болжап, көре бiлетiн қазақтар өздерiнiң балаларын Ресей мен шетелдердiң орта және жоғары оқу орындарына оқуға жiберетiн болды. Олар бiлiм алуды өздерiнiң тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сенiммен қорғаудың кепiлi деп бiлдi. Қазақ жастары елеулi бөлiгiнiң заң факультеттерiн таңдауы тiптi де тегiн емес болатын. ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзiнде ғана (императорлық Қазан университетiнде, Қазан малдә рiгерлiк институтында, Қазан мұғалiмдер семинариясында) 100ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары СанктПе тербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стам бул және Варшава университеттерiнде оқыды. Мәселен, СанктПе тербург университетiнiң заң факультетiн М. Шоқай мен А. Тұрлыбаев алтын медальмен бiтiрiп шықты. Ал Ә. Бөкейханов СанктПетер бург Орман институтын, С. Асфендияров СанктПетербург әскери медицина академиясын, А. Сейiтов Томск университетiнiң медицина факультетiн, Ж. Досмұхамедов Тарту университетiнiң заң факуль тетiн, М. Ғабдолғазизов Каир университетiн, О. Тұрмағанбетов Бомбей университетiн, Х. Нұржанов Киев университетiнiң заң факультетiн бiтiрдi. Басқа да көптеген қазақ студенттерi болды.

Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дiнмұхамед Сұлтанғазин өте сирек

кездесетiн талантты студент болды. Ол Томск университетiнiң ме


дицина факультетiн, СанктПетербург университетiнiң шығыстану және заң факультетiн бiтiрiп шықты. 1908 жылы Петербург әйел дер медицина институтын Асфендиярова Гүлсiм Жағыпарқызы, одан кейiн Асфендиярова Мәриям Сейiтжағыпарқызы бiтiрдi.

Қазақтардың жаппай бiлiм алуға көшуi олардың патша үкiметiне қарсы ұлтазаттық қозғалысының күшейе түсуiне, өз алдына автоно мия алуға ұмтылысына жеткiздi.

 

1.

?
Қазақ қоғамында мектептер мен медреселер қандай рөл атқарды?

2. Жаңа әдiстемелiк мектептер дегенiмiз не едi? 3. Қазақстанда зайырлы мектептер ашу үрдiсi қалай жүрдi? 4. Осы параграфтан Далалық өлкедегi ауыл мектептерiнiң ашылуы туралы айтылатын мәтiндi табыңдар. 5. Қазақ халқының өмiрiнде Омбы қаласы қандай рөл атқарды? 6. Қазақ жастары ХIХ– ХХ ғасырлар тоғысында қандай қалалардағы жоғары оқу орындарында оқыды?

7. Ғылым мен бiлiм туралы қандай мақалмәтелдердi бiлесiңдер?

 

*
Медресе – ислам дiнiн оқытатын орта және жоғары дәрежелi оқу орны.

Зайырлы бiлiм – ғылыми бiлiм негiздерi.

Семинария – мұғалiм даярлдайтын кәсiби оқу орындарының бiр түрi.

Айдархан Тұрлыбаев (1877–1937) – қоғам қайраткерi, «Алаш» қозғалысына бел сене қатысушы. Петербург университетiнiң заң факультетiн бiтiрген.

Гаспринский Ысмайыл (1851–1914) – белгiлi ағартушы және қоғам қайраткерi.

Gзiнiң бүкiл өмiрiн Ресей империясы мұсылмандарының құқығын қорғауға арнады.

Нығмет Нұрмақов (1895–1937) – Қазақстанның көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi.

  «Гимназия курсын бiтiрген ћырѕыздар (ћазаћтар. – авт.) сbзсiз ћыз- метке орналасуѕа тиiс: жаћсы оћыѕандары деревня старосталары, ал bз- гелерi солардыѓ кbмекшiлерi болып таѕайындалуы керек. Ондай жас жiгiттер жеткiлiктi. Орынбор азаматтыћ гимназиясында, ћырѕыздар љшiн Троицкiде ашылѕан мектепте оћып жљрген балалардыѓ оћуы ћанаѕатта- нарлыћ. Ћырѕыз халћыныѓ балаларына тќн тамаша ћасиеттер бар. Олар бiлiм алуѕа аса ыждаѕаттылыћ, ќдептi мiнез жќне соншалыћты ћџштарлыћ танытады. Ћырѕыздардыѓ оћуѕа деген ѕажайып ћџштарлыѕын... балаларын Орынбор азаматтыћ гимназиясына орналастыру љшiн кљмiс аћшамен 55 мыѓ сомнан астам ћайырымдылыћ кbмек бергенiнен де кbруге болады. Ќдiлiн айту керек: ћырѕыз балалары bздерiнiѓ мiнез-ћџлћы, оћуѕа ыжда- ѕатты ыћыласы, бiлiмдi тез ќрi тамаша меѓгеруге ћабiлетi жаѕынан ћалай маћтауѕа да ќбден лайыћ». Собысевич Ф. Торѕай облысы жќне оныѓ ћџрылымы//Ќскери жинаћ, 28-том. 1871, 271–275-беттер. Ресей. Отанымыздыѓ толыћ географиялыћ сипаттамасы. 19-том. 1.Ћазаћ балаларын гимназияда оћыту ћалай жљргiзiлдi? 2.Автор ћазаћ балаларыныѓ оћуѕа деген ынта-ыћыласы мен ћабiлеттiлiгiн ћалай суреттейдi? 3.Оћу орнын салу кезiнде ћазаћтардыѓ ћайырымдылыћ кbмек кbрсеткен кезi болды ма?


§44. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСА К]РНЕКТI АҒАРТУШЫСЫ

Қазақ халқының бiлiм көкжиегiн кеңейтiп, ағарту саласында аса көрнектi педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрi қоғам қайраткерi Ыбырай Алтынсарин аса зор рөл атқарды.

1. Ы. Алтынсариннiң ағартушылық кHзқарасының қалыптасуы. Ыбырай (Ибрањим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебiнiң қалыптасуында терең iз қалдырды. Ол 1841 жылы қазiргi Қостанай облысының аумағында дүниеге келдi. Әке сiнен ерте айырылған ол атасының – белгiлi би және старшын Балқо жа Жаңбыршиннiң қолында тәрбиеленедi. Ыбырай бала кезiнен бас тап бiлiмге және өз бетiнше оқып бiлуге бейiм екенiн байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының бiлiмдi адамдарымен жиi араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезiнде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзiнiң бай кiтапханасын Ыбырай Алтынсариннiң еркiн пайдалануына рұқсат еттi. Бiлiмге құштар жас бос уақытының бәрiн де сол кiтапханада өткiздi.

Бiлген үстiне бiле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұр лым көбiрек пайда келтiрсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмiрлiк кредосына айналды. Gзiнiң мiнезқұлқы жа ғынан қарапайым әрi еңбексүйгiш едi, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбiрек бiле түссем деп арманда ды. Алған бiлiмiн өз халқының пайдасына асыруға талпынды.

1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектептi алтын медальмен бiтiрдi. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тiлдерiнде еркiн сөйлей бiлдi. Кейiнiрек халық ағартушысы ретiнде өз бiлiмiн өзiнше оқып, арттыра түсудi белсендi түрде жалғастыра түстi. Дүние жүзi әдебиетiнiң классиктерi В. Шекспирдiң, И. Гетенiң, Д. Байронның, А. Пушкиннiң, Н. Гогольдiң, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидiң, Ә. Фирдоусидiң, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейiн қойып оқыды.

Ы. Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдiң және чех ойшылы Я. Коменскийдiң еңбектерiмен таныс болуы игiлiктi әсерiн тигiздi. Ы. Алтынсарин орыстың көрнектi демократтары Н.Г. Чернышевскийдiң, Н.А. Доб ролюбовтың, А.И. Герценнiң және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.

Мектептi бiтiрiп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкерi болып iстедi. Осы жылдар iшiнде ол өз халқының сауатын ашып, бiлiмiн көтерудiң аса қажет екенiн жете түсiндi.

2. Ағартушының педагогикалық қызметi. Бiлiмiн өзi жүйелi же тiлдiрудiң нәтижесiнде ол өз заманының аса бiлiмдi азаматы болды.


 

Ыбырай

Алтынсарин.


Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп бiлу оны қазақ халқының аса көрнектi ағартушысы етiп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орысқазақ мектептерiнiң оқушыларына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тiлiн үйре туге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшiн зайырлы мектептер ашу ды армандады. Облыстық басқарма оған Тор ғай қаласында қазақ балалары үшiн бастау ыш мектеп ашуды тапсырды. Gзi сол мектеп те орыс тiлiнiң мұғалiмi етiп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жiгерлендiрген ол


ауылауылды аралап, жергiлiктi халыққа бiлiм алудың маңызы мен қажеттiлiгiн түсiндiруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшiн қар жықаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесiн Ы. Алтынсариннiң өзi қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметi басталды.

1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгiт жұмыстарының нәтижесiнде оқуға 16 бала жазылды. Кейiнiрек бұл мектептердегi оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргiзген үгiт жұмыстары нәтижелi болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш айдың iшiнде оқуды, тiптi жазуды үйренiп алды».

1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерiнiң инс пекторы болып тағайындалды. Оның еңбегiнiң арқасында бiлiм беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездiк қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шық ты. Халықтан қажеттi қаржы жинастырды. Соның нәтижесiнде Ыр ғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерiнде екi сыныптық орыс қазақ училищелерiн ашты. Оларды мұғалiмдермен және оқушылар мен толық қамтамасыз еттi. Ол мектептердiң жабдықталуына, олардың жанында шағын кiтапханалар ұйымдастыруға ерекше күштi мән бердi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: