Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 37 глава




Қазақ кедейлерiнiң азапты ауыр өмiрi Т. Шевченконың салған суреттерiнде шыншылдықпен бейнелендi. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келi түйген келiншек», «Боранда», «Қайыршылар» деген туындылары дала кедейлерiнiң өмiрiне арналды. Суретшiнiң бейнелеу өнерi саласында қалдырған мұрасы 450ге тарта суреттi қамтиды, ал соның шамамен 350ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiне арналған.

Ұлы ақын жергiлiктi халық арасында зор сыйқұрметке бөлендi. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Жергiлiктi қазақтардың өмiрiмен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының та рихи тағдырлас мақсатмүддесi ортақ екенiн айқын көре бiлдi.

7. Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешендi зерт теулер. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық


қоғамы (РГО) елеулi рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда – Орынборда, Омбыда, Семейде және Таш кентте бөлiмдерi мен бөлiмшелерi ашылды.

ХIХ ғасырдың 70жылдары Қазақстан аумағында облыстар құ рылғаннан кейiн олардың барлығында да статистикалық комитет тер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениетi және шаруашылығы жөнiнде құнды деректер мен мәлiметтер жинастыр ды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын

«Шолуларда» және «Естелiк кiтапшаларда» жарияланып тұрды.

Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжiлiстерiнде мұрағаттық дерек көздерi негiзiнде әзiр ленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектерi» деген атпен жарияла нып тұрды.

ХIХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанның далалық уездерiн Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттедi. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтар дың. – авт.) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзiрледi. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлi уездерiндегi бiлiмдi қазақтар да белсене қатысты. Бұл ма териалдар ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жайкүйi жөнiндегi теңдесi жоқ деректеме бо лып табылады. Сонымен қатар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткiзiлген алғашқы Бүкiлресей лiк халық санағы кезiнде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашы лық қызметi, мәдениетi, тарихы, сондайақ халқының саны жөнiн де аса қажеттi мәлiметтер мол болды.

8. Ағылшын, немiс және француз зерттеушiлерi. ХIХ–ХХ ғасыр

лардың бас кезiнде Қазақстан жөнiнде немiс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүс тiкшығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрi суретшiсi Т. Аткинсон (1799–1861) егжейтегжейлi зерттедi. Ол 1848–1855 жылдары Жетiсу қазақтарының көшiқон жерлерiн аралап, жергiлiктi халықтың өмiрi жайлы бағалы деректер жинады. Суретшi ретiнде көшпелi қазақтар дың тұрмыстiршiлiгiн бейнелейтiн суреттер салды. Немiс географы, этнограф әрi тарихшы Ф. фон Хелльвальд (1842–1892) «Орталық Азия. Жер бедерi мен халқы» атты iргелi еңбек жазды. Ол еңбегiнде қазақ тардың тұрмыстiршiлiгiн, көршiлес халықтармен өзара қарымқа тынасын жанжақты сипаттады. Француз ғалымы Ш.Е. Ужвальди де МезеКовез Оңтүстiк Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуiр материал дар жинап, жариялады.


 

19—6903



9. Қазақ зерттеушiлерi. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында бiлiмдi қазақтардың тұтас бiр тобы туған өлкенiң тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты.

Шоқан Уәлихановтың әкесi Шыңғыс Уәлиханов (1811–1895) өз ұлы ның iсiн одан әрi жалғастырды. Ол Сiбiр әкiмшiлiгiне қажеттi тарихи этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшiн қазақтардың өмiрi мен тұрмыстiршiлiгiн бейнелейтiн ауқымды экспонаттар кешенiн жiбердi.

Белгiлi қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819–1884) маңызды эт нографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет кор пусында оқиды. Оқуын бiтiргеннен кейiн болыс, Баянауыл сыртқы ок ругiнiң аға сұлтаны лауазымды қызметiн атқарды. Орыс армиясының полковнигi шенiн алады. Ол «Батыс Сiбiр қырғыздарының мал өсiру кәсiбi туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлерi», «Павлодар уезiнiң қырғыздары туралы жазбалар» деген мақалалар жариялады.

Қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерлерi Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, А. Сейiтов және басқалар шұғылданды. Gз елiнiң тарихы мен мәдениетiн зерт теуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халiн неғұрлым те реңiрек түсiнуiне жәрдемдестi.

10. МұхаммедСалық Бабажановтың ғылыми қызметi. М.С. Ба бажанов (1832–1898) қазақтың алғашқы этнографтарының бiрi бол ды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жанжақты бiлiм алды. Оны бiтiргеннен кейiн Iшкi Ордада бiрқатар лауазымды әкiмшiлiк қызметтер ат қарды. 1862 жылы М.С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамы ның мүшесi болып сайланды және оның Үлкен күмiс медалiмен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этно графиялық деректер», «Iшкi Қырғыз ордасындағы саятшылық» т.б.

құнды мақалалары жарық көрдi.

11. Мәшњүр Жүсiп КHпейұлының атқарған қызметi. Көрнектi қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшњүр Жүсiп КH пейұлы (1858–1931 ) Семей облысының Баян ауыл сыртқы округiнде дүниеге келген. Бұ харадағы Көкiлташ дiни медреседе оқып, жо ғары мұсылмандық бiлiм алған. Бiрнеше жыл туған өлкесiнде мұғалiмдiк қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол қазақтардың халық ауыз әдебиетi нiң үлгiлерiн жинауға кiрiседi. Осы мақсат пен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Ат


Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы.


басар сияқты тағы басқа да қалалардың ма ңындағы қазақ ауылдарын көп аралады.


Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаумен қатар өзi де көптеген поэтикалық шығармалар жазды. Оның «Иса бек ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерiнде тарихи деректер көп кездеседi. 1893 жылы ол патша үкiметiнiң отаршыл дық саясатына қарсы бағытталған өлеңдерi мен мақалаларын жария лай бастады. Қазан қаласында Мәшњүр Жүсiп Көпейұлының «Хал ахуал», «Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi», «Тiрлiкте көп жасағаннан көрген бiр тамашамыз» атты үш кiтабы басылып шықты. «Сарыарқа ның кiмдiкi екендiгi» еңбегiнде тарихи нақты деректер негiзiнде, оның шын мәнiндегi заңды иесi қазақтар екендiгiн ашып айтты. 1905 жылы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап «Қанды жексенбi» өлеңiн жазды. Ол осы еңбектерi үшiн патша үкiметi тарапынан қуғынсүргiнге ұшырады. Елден кетiп, Самарқан, Бұхара жағына, Едiл мен Орал жағына барып бой тасалауға мәжбүр болды. Алайда қайда жүрсе де ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинауды жалғастыра бердi.

Оның мақалалары алғашқы қазақ газетi «Дала уәлаяты» газетiнде және «Айқап» журналында жарияланып тұрды. Мәшњүр Жүсiп Кө пейұлының халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинауға ынталылықпен кiрiсуiнiң арқасында көптеген құнды бiрегей тарихи аңыздар, этно графиялық материалдар, хандар мен сұлтандардың, батырлар мен би, қожалардың шығу тектерi туралы егжейтегжейлi деректер бiздiң күнiмiзге дейiн сақталып, аман жеттi.

12. Қазақтардың медицина саласындағы зерттеулерi. ХХ ғасырдың бас кезiнде медицина саласында да қазақ ғалымдары шыға бастады. Жұқпалы аурулардың таралып, өз отандастарының өлiмжiтiмге ұшырауы қазақ дәрiгерлерiн бейжай қалдырған жоқ. Олар өз халқы ның денсаулығын сақтауға барынша аянбай еңбек еттi. Қазақтың алғашқы дәрiгерi, ғылым қайраткерлерiнiң қатарында Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, ағайынды Асылбек және Мұсылман бек Сейiтовтер және басқалары болды. Х. Досмұхамедов Санкт

Петербургтегi әскеримедицина академиясын бiтiрiп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл дар бойы еңбек еттi. Ол Орал облысының Те мiр уезiнде дәрiгер болып iстедi. Жалпыұлт тық «Қазақ» газетiнiң бетiнде оның «Ауру сырқаулар жөнiнде», «Жұқпалы ауру түрлерi» сияқты тағы басқа да бiрқатар мақалалары жарияланды. А. Сейiтов Томск университе тiнiң медицина факультетiн бiтiрiп, әуелi Омбы қаласында, одан соң Баянауыл мен Се мейде жұмыс iстедi. Семей облысында жұқпа лы ауруларға қарсы жүргiзiлген шараларды басқарды. Оның медицина саласында жазыл


ған мақалалары әлi күнге дейiн ғылымипрак тикалық маңызын жоғалтқан жоқ.


Асылбек Сейiтов.


1.

?
Қазақстанды орыс ғалымдарынан кiмдер ғылыми тұрғыдан зерттедi?

2. Қазақстанды зерттеуде Г.Н. Потаниннiң рөлi қандай? 3. Ә. Диваевтың зерттеулерi туралы айтып берiңдер. 4. Орыс ақындары мен жазушыларының Қазақстан тарихында қалдырған iздерi қандай? 5. Қазақстанды ғылыми тұрғы дан зерттеуге саяси жер аударылғандардың қосқан үлесi қандай? 6. Т.Шевчен коның Қазақстанда болғаны туралы не бiлдiңдер? 7. Қазақ өлкесiнде қандай кешендi зерттеулер жүргiзiлдi? 8. Қазақстанды зерттеуде шетелдiк ғалымдар дың атқарған рөлi қандай болды? 9. Gз өлкемiздi зерттеуге қазақтардан кiмдер белсене қатысты? 10. М.С. Бабажанов қандай ғылыми зерттеулер қалдырды?

11. Мәшњүр Жүсiп Көпейұлының ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн жинағаны және шығармашылығы туралы айтып берiңдер. 12. Қазақтардан шыққан алғашқы дәрiгерлерден кiмдердi бiлесiңдер?

*
Ориенталистер – шығыстанушы ғалымдар.

Жер аудару – қылмыс жасағаны үшiн берiлетiн жаза. Ондай жаза бойын ша кiнәлi адам қиыр шеттегi алыс аймақта белгiлi бiр мерзiм iшiнде айдауда болады.

Мұса Шорманов (1819–1884) – белгiлi зерттеушi, этнограф, қазақ фольклорының үлгiлерiн жинаушы. Баянауыл сыртқы округiнiң 1853–1868 жылдардағы аға сұлтаны. Шевченко Тарас Григорьевич (1814–1861) – украин халқының ұлы ақыны әрi сурет

шiсi. Басыбайлы шаруаның баласы болған, 1838 жылы Петербург сурет академиясына оқуға түскен.

 

«Қырғыздардың бiрiгуiне мүмкiндiк бермейтiн бiр жағдай бар – еуро

паша тәрбие алған қырғыз (қазақ. – авт.) зиялылары елдiң бүкiл аумағында шашыраңқы жүр. Олардың едәуiр тобының шоғырланып, бас қоса алатын бiрдебiр тұрақты орны жоқ. Сондықтан да зиялы қырғыздардың орталы ғын құру жөнiнде ойлану керек. Елiн сүйетiн патриот қырғыздар өз жерi нiң табиғатын, өз халқын, оның халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн терең зерт теуге кiрiсулерi тиiс. Бұл қырғыз зиялыларының ұлттық мiндетi болуы шарт. Рас, қырғыздардың аңыз әңгiмелерiн жинастырумен орыс ғалымда ры да айналысуда. Бiрақ олар бұл салада жергiлiктi байырғы тұрғындардың көмегiнсiз еш нәрсе бiтiре алмайды. Gйткенi, бiрiншiден, орыс қоғамы белгiлi бiр дәрежеде бөтен iс саналатын бұл iске жеткiлiктi күшжiгер жұмсай алмайды, екiншiден, жергiлiктi тұрмыстiршiлiкпен жанжақты жақсы таныс қазақ зиялылары жиналған материалдарға ғылыми тұрғыдан талдау жасай алады. Олар аңыз әңгiмелердiң күмәндi тұстарын опоңай түсiндiрiп те бередi».

Потанин Г.Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Тарих, этногра фия және фольклор жөнiндегi еңбектер. Павлодар, 2005, 3том, 284бет.

 

1. Г.Н. Потаниннiң пiкiрi бойынша, қазақ зиялыларының бiрiгуiне

мүмкiндiк бермейтiн жағдай не едi? 2. Осы жолдардың авторы қазақ қо ғамының бiлiмдi азаматтарын не iстеуге шақырды? 3. Халықтың аңыз әңгiмелерiн жинаумен және өңдеумен қазақтардың өздерiнiң айналысуы неге оңай?


§46. ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ҚАЗАҚТЫҢ АСА К]РНЕКТI ҒАЛЫМЫӘРI АҒАРТУШЫСЫ


Қазақ халқының аса көрнектi ғалымдары мен ағартушыларының бiрi Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов болды.

1. Шоқанның жастық шағы. Шоқан Уәли ханов 1835 жылы Құсмұрын бекiнiсiнде дүние ге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетiп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы едi. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сы рымбетте өттi.

Шоқанның атабабалары атақты сұлтан дар әулетiне жатады. Оның арғы бабасы Абы лай хан ХVII ғасырдағы айбынды қазақ би


 

Шоқан Уәлиханов.


леушiлерiнiң бiрi болды. Ал атасы Уәли патша үкiметi ресми түрде

бекiткен қазақтың соңғы ханы едi. Әкесi Шыңғыс Омбы әскери учи лищесiн бiтiрген, Көкшетау сыртқы округiнiң аға сұлтаны лауазым ды қызметiн атқарған. Шоқанның анасы жағынан туыс нағашыла ры да осал емес – Баянауыл өлкесiндегi атақты Шормановтар әулетi болатын.

Шоқанның жақын туыстарының естелiктерiне қарағанда, ол бала кезiнен бiлiмге бейiм әрi құмар болған. Шоқан тарихи аңызәңгi мелерге ерте бастанақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердiң әңгiмелерiн, ақындардың өлеңжырларын зор ықыласпен тыңдап


Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игi жақсыларымен бiрге.


Шормановтар отбасы.

 

өстi. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетiнен шыққан әжесi Айғаным ның ықпалы күштi болды. Ол жас Шоқанға ежелгi қазақ аңызда рын, аңызәңгiмелерiн, мақалмәтелдерi мен даналық сөздерiн жиi айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейiн Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман дiнi iлiмiмен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүрiпақ араб, парсы, шағатай тiлдерiнiң негiзiн үйренiп алды.

Ол сурет салуды да ерте үйрендi. Бұл өнердi оған орыс суретшi лерi, топографтары мен геодезистерi үйреттi. Олар Уәлихановтардың отбасында жиi болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқара сының қалыптасуына жиiжиi қонаққа келiп тұратын декабристер де ықпал еттi. Олар бәрiн бiлуге құмар жас баланың бойында ғылым ға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түстi.

Шоқан жас кезiнен халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiне ерек ше ден қойды. Ол бала кезiнiң өзiнде «Қозы Көрпеш–Баян сұлу»,

«Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бiрнеше нұсқасын жазып алды.

2. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұға лiмдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шо қан алғашқы жылдан өзiнiң оқуға қабiлетi мен бейiмдiлiгiн танытты. Ол әскери пәндердi, сондайақ географияны, орыс және Батыс Еуропа халықтары әдебиетiн, тарихты, философия негiздерiн, бо таниканы, зоологияны, физиканы, математиканы, геодезияны, құ рылыс салу өнерiн, сызуды, сурет салуды, каллиграфияны (көркем жазуды), шет тiлдерiн және басқа да пәндердi зор ынта қойып, құмар


та оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi саласындағы бiлiмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша меңгердi. Қосымша әде биеттердi көп оқыды. 14–15 жасынанақ кадет корпусының басшы лары оған болашақтағы зерттеушiшығыстанушы ретiнде қарай бас тады. Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайындағы басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда бол ған кезiнде орыс зиялыларымен байланыста болуы Шоқанға үлкен әсер еттi.

Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С.Я. Капустин ол туралы: «Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды... бет әлпетi оның қа йырымдылығы мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жанжақты, аса терең бiлiмдi адамы болды. Әсiресе оның тарихи бiлiмi зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор бiлiмдiлiгiмен ерекшеленетiн. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткiзе бiлетiн асқан шешен болатын», – деп жазды.

Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ және Азияны зерттеушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, достасып кеттi. Арада 30 жыл өткенде Г.Н. Потанин Шоқанның әкесi Шыңғыс сұлтанның ауылында болды. Осы сапарының нәтижесiнде ол «Қырғыздың (қазақтың. – авт.) ең соңғы ханзадасының отауында» деген еңбек жазып қалдырды. Бұл оның өмiрден ерте кеткен досы Шоқанды зор құрметпен еске алудың белгiсi едi.

Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары мен жазушыла ры А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдiң, Ч. Диккенстiң және басқалардың шығармаларын зор сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды.

Шоқан 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенiмен бiтiргеннен кейiн Сiбiр казак әскерiне қызметке жiберiледi. Көп ұзамай Батыс Сiбiр генералгубернаторының адъютанты болып тағайындалды. Қызмет орнында Шоқан Сiбiрдiң шенеунiктiк аппа ратымен бетпебет келiп, өкiметтiң заңсыз әрекеттерiне қатты күйiндi. Gкiмет орындарының озбырлығы жайлы достары Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Курочкинге ызалы хаттар жазды.

3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерi. Тамаша бiлiм алып шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердiң аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж бола тын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сiбiр генералгубернаторы Г.Х. Гас форттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жаса ған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен


танысып, қырғыздардың тарихи аңызәңгiмелерi мен жырларын жазып алды.

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. СеменовТянШанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайран қалды. 1857 жылы П.П. СеменовТянШанскийдiң ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелiгiне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретiндегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қыр ғыздарына сапар шегiп, оның тарихын, этнографиясын және халық тық поэзиясын зерттедi. Қырғыз халқының энциклопедиялық дас таны «Манасты» жазып алды.

1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейiн ол өлкеде бiрдебiр зерттеушiнiң болып қай туының сәтi түспеген едi. Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропа лықтар үшiн мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қай ғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен өлiм жазасына душар болғанды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қашғария өлкесiнiң тарихы, этнографиясы, мәдениетi мен геология сы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейiн мүлде белгiсiз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негiзiнде «Алтышардың неме се Қытайдың НанЛу провинциясының (Кiшi Бұхараның) шығыста ғы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеушi ғалым дар жоғары бағалады.

Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiн жоғары баға лады. 1860 жылы СанктПетербургте ол орденмен марапатталып, әскери шенi де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кездесу кезiнде Шоқан патшаға орыс шенеу нiктерiнiң қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi.

Петербургте болған кезiнде Шоқан Уәлиханов әр түрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол ресейлiк шығыстану шылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиына тын нағыз пiрiне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркiстанның карталарын жасаумен айналысып, қажы майталмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қолжазбаларын мұқият зерттеудi де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шы ғыс тарихы туралы дәрiстер оқуға шақырып тұрды.

Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына ора луға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару iсiн қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi


ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө шiқоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстiк Қазақстанға



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: