Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 39 глава




Құрманғазы Сағырбайұлы (1806–1879) – атақты дәулескер сазгеркүйшi.


 

1. «...Қырғыз (қазақ. – авт.) әншiлерiнiң арасында әндi ғажап орын

дайтын талантты жандар бар. Олар әннiң айтылу мәнерi мен әсерiн өздерiнше күшейтiп жiбере алады. Мұның өзi жай ғана ән салу емес, әндi нақышына келтiре әрлеп, артистiк шеберлiкпен орындау болып табыла ды. Қырғыз (қазақ. – авт.) халқы өздерiнiң әндерiн өңдеп, көркемдiк қасиетiн арттырудан жалығып көрген емес. Соның арқасында қырғыз әндерi өзiнше бөлек, әсем болып келедi. Оның әуенiн ести бастағаннан ақ қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) әлдебiр өзiндiк ғажайып ортасы на енiп кеткендей сезiнесiң, өзiңдi қырғыз (қазақ. – авт.) даласының бiрде аптап ыстық ауасын, бiрде қырғыз (қазақ. – авт.) жерiнiң ғажайып сұлу көрiнiсiн көз алдыңа елестеткендей, тiптi дала өсiмдiктерiнiң аңқыған хош иiсiн сезiнгендей боласың – дала жусанының иiсi мұрыныңды жа рып жiбергендей рақат күйге кенелесiң...»

Потанин Г.Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3том, 116бет.

2. «Қазақ әуендерi кең тыныстылығымен, жанжақтылығымен, өзiнiң тамаша ырғақтылығымен ерекшеленедi, әндерiнiң құрылымдары да бөлек, күтпеген жерден шырқай шығатын, ешкiмге ұқсамайтын әуездiлiгi де таң ғалдырады, ән иiрiмдерiнiң құлаққа жағымдылығын айтып жеткiзудiң өзi қиын. Тыңдаушыны бiрден өзiне баурап алады. Бiрде өте нәзiк, кейде көңiлiңдi көтеретiн сұлулық бар».

Кастальский А. //Қазақтар. Көпшiлiкке арналған тоғыз томдық анық тамалық. 7 том. А., 2003, 68бет.

1. Г.Н. Потанин қазақтың әншiлерi мен сазгерлерiн қалай сипаттап,

суреттейдi? 2. Ғалымның қазақ әндерiне деген көзқарасы қандай? 3. Қазақ әуендерiне қандай баға берiлген?

 

 

§48. ҰЛЫАҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Абай Құнанбаев (1845–1904) қазақ халқының аса көрнектi ой шылы, ағартушысы, ұлы ақыны және қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы.

1. Ақынның балалық шағы. Абай Құнанбаев 1845 жылы қазiргi Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауын да дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибрањим.

Абай ислам дiнiнiң қағидаларын барынша құрметтейтiн дiни от басында өсiп, тәрбие алды. Оның әкесi Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тiлiн жақсы бiлген биi болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкiлдерiмен қарымқатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегi сұлтан әулетiнен болмаса да Қарқаралы округiнде алғашқы аға сұлтандардың бiрi болып сайланды. Ғұмы рының аяқ кезiнде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйi әлi бар. Қажылықтан қайтып оралған Құнанбай бұл дүниелiк iстерден бiржола қол үзедi.


 

20—6903



 

Абай Құнанбаев.


Ақынның бабасы ;скенбай Қазақстанның солтүстiкшығыс аймағындағы әдiлеттi де ықпалды қазақ билерiнiң бiрi болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздерi мен ғибратты өсиеттерi аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқ ан руларының адамдары да шағым айта келiп, жүгiнетiн. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрi батыр болған.

Абай әуелi ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде үш жыл оқып бiлiм алады. Ол бала жасынан кi тапқа құмар болды, арабпарсы және көне түркi әдебиетiнiң үлгiлерiмен танысты. Абай


қазақтардың дәстүрлi әдетғұрып заңы мен ислам дiнiнiң қағидаларын

терең меңгердi. Онымен бiлiм жарыстырудан молдалардың өздерi қауiптенетiн. Абай халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн өте жақсы бiлдi. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезiндеақ өзiнiң алғашқы өлең дерiн жаза бастады.

Әкесi Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушiсi ету мақсатымен оқудан ауылға керi қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседi. Билер, ақындар, сазгерәншiлермен, сондайақ даланың данышпан ойшылдарымен жиiжиi бiрге болып, араласып тұра ды.

Ақынның жастық шағы патша үкiметiнiң Қазақстанның оңтүс тiгiне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезiмен тұспатұс келдi. Ол патша үкiметiнiң округтiк приказдардағы жағдайының бар ған сайын нығая түскенiн, ХIХ ғасырдың 60–90жылдарындағы әкiм шiлiк реформаларының енгiзiлгенiн өз көзiмен көрдi. Ол аз уақыт болыс болған кезiнде қай iстi болса да әдiл және адал шешуге тал пынды. Сол үшiн қатардағы қарапайым халықтың терең сыйқұр метiне бөлендi. Бiрақ қоғамның күрделi проблемаларын мұндай қарапайым тәсiлмен шешуге болмайтынына бiртебiрте кәмiл көз жеткiзе бастайды. Сондықтан да ол қазақтардың бiлiм мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.

2. Озық ойлы орыс зиялы қауымының Hкiлдерiмен араласуы. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкiлдерiмен араласуы орасан зор ықпал еттi. Ол кезде өз Отанының тәуелсiздiгi жолындағы ұлтазаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аума ғына жер аударылып келiп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым бiлiмдi өкiлдерi бо латын. Жер аударылып келгендердiң арасында патша үкiметiнiң саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкiлдерi де аз емес едi. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына


ықпал еттi. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, С. Гросс, Н. Коншин,

Н. Долгополов және басқалары едi.

Олар Абаймен бiрге жиiжиi қонақта болып жүрдi. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетiнiң алып өкiлдерi А.С. Пушкиннiң, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығарма ларымен жете танысты.

3. Абай – ұлы ақын әрi ойшыл. Абай өзiнiң өлеңдерiн бала кезi нен жаза бастады. Бiрақ ол ақын ретiнде алғаш рет ХIХ ғасырдың 80жылдарының орта кезiнен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шiлде болғанда...») деген өлеңiн жариялаған болатын. Абай – «Ескендiр», «Масғұд», «Әзiм әңгiмесi» поэмалары мен этикалықфилософиялық еңбегi «Қарасөздердi» жазды. Ақынның 1890–1898 жылдар аралығында жазылған «Қарасөз дерiнде» ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ халқының бол мысы зерделендi.

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедей ленiп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкiметi шенеунiк терiнiң шектен шыққан озбырлығы, жергiлiктi болыстардың пара қорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдiгi болды. Ол өзiнiң өлеңде рiнде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтiре сынады.

Абай қазақ қоғамын ерiнбей еңбек етуге шақырды. Gзiнiң кейбiр замандастарының бойындағы жаманшылық мiнездердi – жалқау лықты, еңбексiздiктi, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жерiне жеткiзе әшкереледi. Кедейшiлiктен құтылудың бiр тәсiлi егiншiлiкпен айналысу, қолөнер кәсiбiн және саудасаттық жасауды үйрену екенiн айтты. Ол былай деп жазды:

«Егiннiң ебiн, Сауданың тегiн

Үйренiп, ойлап, мал iзде».

Оның басқаша ойлауы мүмкiн де емес едi. Қазақ даласында жиi болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғықасiретке душар ететiн. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бiрақ күнде ай ырылып, жұтап қалуға болатын едi. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзiмен көрдi. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестерi қайыршылық халге душар болған едi. Семей облысында кедей жа тақтардың саны бұрынсоңды болып көрмеген жоғары көрсеткiшке жеттi. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняла рына жаппай ағылып, боларболмас тиынтебенге жалданды, үй қыз метшiлерi, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезiп кет кендер де көп едi.

Абай қазақтарды мал өсiрумен қоса сауда жасауды, белгiлi бiр кәсiп түрiмен шұғылдануды үйрену қажеттiгiне баса назар аударды.


Орта Азия тұрғындарының кәсiп түрлерiне үлкен iлтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Ендi қарап тұрсам, сарттың екпеген егiнi жоқ, саудагердiң жүрмеген жерi жоқ, қылмаған шеберлiгi жоқ.;зi менен өзi әуре болып, бiрiменен бiрi ешбiр шањари (яғни қала адамдары болып. – авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлiсiнiң ахиреттiгiн (кебiнiн. – авт.), тiрiсiнiң киiмiн сол жеткiзiп тұрды».

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрдi, байлардың қа рапайым халыққа менсiнбей қарауы оның ашуызасын келтiрдi. Қо ғамды прогресшiл түрде дамыту жолдарын үнемi iздестiрiп отырды. Абай ел басқаруға халық үшiн қызмет ететiн, адал адамдар сайлануы тиiс деп есептедi. Ол өз төңiрегiндегi адамдардың, жақындары мен шәкiрттерiнiң бойындағы өз халқына риясыз берiлгендiктi, оның мүдделерiн қорғау қасиеттерiн қолдап отырды.

4. Абай және халық ағарту iсi. Ұлы ақын жас ұрпақты иманды лыққа, адамгершiлiкке, ғылымбiлiм үйренуге шақырды.


«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге... Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңiз,

Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда,


Оған қайғы жесеңiз, Gсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның бiлсеңiз.

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл iс көнсеңiз..., –


деп жастарды бес нәрседен – өсектен, өтiрiктен, мақтаншақтықтан, ерiншектiктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл iске

талап етуге, еңбектi сүюге, терең ойлай бiлуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселдi кемiстiктердi, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекi надандықты тәрбие және бiлiм беру арқылы жоюға үндедi. Ақын ол үшiн қазақ балаларын оқытатын мектептердi көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Бала ларды атааналарынан алып, мектепке беру керек, олардың бiразын ма мандықтың бiр түрiн, бiразын басқа мамандықтарды игеруге бағыт тау керек. Мектептердi көбейту қажет, оларда тiптi қыздар да оқи тын болсын».

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене ай налысуға үндедi. Әркiмдi өзiнiң өткен әр күнiне мiндеттi түрде есеп берiп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пiкiрiнше, адам болу үшiн оның бойынан үш түрлi фак тор табылуы тиiс. Бiрiншiден, баланың шыққан тегi жақсы болуы керек, екiншiден, оның әлеуметтiк жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшiншiден, балаға адамгершiлiк тұрғысында тәрбие берiлуi қажет.


Абай парақор билеушiлердi, ашкөз судьяларды, надан молдалар ды әшкерелеп отырды. Халықтың игiлiгiне жету жолындағы бұл қырсықты ғылым мен бiлiм арқылы ғана жоюға болады деп есептедi. Ол жастарға үздiксiз еңбек етiп, бiлiм алуды мiндет етiп қойды. Бiлiм алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемiстi және iзгiлiктi болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елдi өркениетке жеткiзер жал ғыз жол – оқубiлiм екенiн көзi қарақты жастарға түсiндiрдi.

5. Абай Құнанбаевтың аудармашылық қызметi. Абай орыс тiлiн тамаша меңгердi. Мұның өзi оның орыс ақыны М. Лермонтов тың бiрқатар өлеңiн қазақ тiлiне аударуына мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бiр жымжырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректiң сыйы» («Асау терек долданып, буырқанып») сияқты өлеңдерiн аударды. Абай А.С. Пушкиннiң «Евгений Онегин» дастанының үзiндiлерiн қазақы ұғымда жатық етiп еркiн аударды. Абайдың Татьяна ха тының сөзiне шығарған «Татьянаның қырдағы әнi» қалың елдiң сүйiктi әнiне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тiлiне аударумен де айналысты. Қазақтардың ұлтазаттық қозғалысының көрнектi же текшiсi Ә. Бөкейханов өзiнiң қазақ даласындағы әр түрлi уездерде болған кезiнде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерiн жақсы бiлетiнiне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткiзiп қайтқанын жазады.

Орыс тiлiнен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетiн байыта түстi. Абай орыстың ұлы ақындарының 50

ден астам өлеңiн қазақ тiлiне аударды.

6. Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны. Абайдың өз өлеңдерi мен қарасөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмiрiнiң барлық жақта рын ашып көрсеттi. Одан ақылкеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келiп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесiндегi белгiлi шежiресi әрi ақын Мәшњүр Жүсiп Көпейұлы келiп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аудары лып келгендер де санасатын. Мiне, мұның бәрi патша үкiметi шенеунiктерi мен олардың жергiлiктi кейбiр итаршы ларының тарапынан қызғаныш пен


көреалмаушылық, тiптi саяси күдiк ту ғызды. Ақынның үстiнен өсек айту мен


Абай ұлдары Ақылбай және Турағұлмен бiрге.


жала жабу әрекеттерiн күшейттi. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi Абай дың соңына шам алып түсiп, аңду орнатты. Тiптi 1903 жылы Семей полицмейстерi ақынның және оның балаларының үйiне тiнту жүргiздi.

Жақын туыстары мен балаларының бiрiнен соң бiрiнiң қазаға ұшырауы, оның үстiне iзiне түсiп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер еттi. Абай 1891 жылы өзiнiң ең жақсы көретiн iнiсi Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдiрахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бiр ұлы Мағауия дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тидi. Мағауияның өлiмi нен кейiн 40 күн өткенде Абайдың өзi де қайтыс болды.

Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Ма ғауия болды.

Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әр қайсысын бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп Абай өлең дерi қазақ даласында ауызданауызға таралып кете барды. Оның өлеңдерi қолданқолға көшiрiп алынды. Ондай қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абайдың туындыларын оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкiтайдың арқа сында Қазан қаласында басылып шықты. Ол өлеңдер белгiлi қоғам қайраткерi, Алаш ардагерi Әлихан Бөкейхановтың редакциясымен жарық көрдi.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетiмiзде аса көрнектi орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетiнiң негiзiн қалады. Абай есiмi дүние жүзi халықтары әдебиетiнде Шекспир, Пуш кин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бiр халықтың ғана емес, бүкiл адамзаттың рухани қазынасы са налады. Қазақстанда ұлы Абайдың есiмi көптеген елдi мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетiне, Алматы қала сындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театрына берiлген. Ұлы ақынның құрметiне Қазақстан мен Ресейде және басқа елдерде ескерткiштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықара лық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткiзiлiп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жы лы дүниежүзiлiк ЮНЕСКО көлемiнде аталып өттi.

 

1.

?
Абайдың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етiп, оңды рөл атқарды? 2. Ақынның орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының озық ойлы өкiлдерiмен, сондайақ саяси жер аударылып келген адамдармен қарымқатынасы қалай қалыптасты? 3. Ақынның шығармаларын


атап шығыңдар. 4. Абайдың халық ағарту iсiне қосқан үлесi қандай болғанын атап көрсетiңдер. 5. Абай Құнанбаев аудармашылық қызметпен айналысты ма? 6. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Абайдың жастарға арнаған өсиеттерi туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 7. Абай Құнанбаевтың поэ зиясынан жатқа үзiндi оқып берiңдер (басқа тiлдерге аударылған нұсқасынан оқуға да болады).

 

*
Екiншi ат – дәстүрлi қазақ қоғамында балаларға еркелетiп қойылатын екiншi есiм.

 

Долгополов Нифонт Иванович (1857–1922) – Ол Харьков университетiнiң студентi бола жүрiп студенттердiң революциялық шерулерiне белсене қатысқан. Сол үшiн Семейге саяси тұтқын ретiнде жер аударылған. Мұнда ол Абай Құнанбаевпен жақын

танысып, тығыз қарымқатынаста болған.

Северин Гросс (1858 – ө. ж. белгiсiз) – Польшадағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқаны үшiн 1883 жылы Семейге жер аударылған. Семейде жүрген кезiнде ол антропологиямен, этнографиямен және қазақтардың әдетғұрып құқықтарын зерт теумен айналысқан.

Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858–1931) – қазақ ақыны, ойшылы, сазгер әрi аударма шы. Араб, парсы, түрiк және орыс тiлдерiн жетiк бiлген. «ҚалқаманМамыр», «Еңлiк Кебек» сияқты дастандар мен «Үш анық» атты философиялық трактаттың авторы.

 

«Абай (Ыбырайым) Құнанбаев

1904 жылғы 23 маусымда Семей уезiнiң Шыңғыс тауындағы Шыңғыс болысында дүниеге келiп, даламызда кеңiнен танымал болған қырғыз ақыны Абай Құнанбаев қайтыс болды. Оның кiтапқа қарап қойылған аты Ибрањим едi. Бiрақ қырғыз (қазақ. – авт.) даласы оны шешесiнiң еркелетiп қойған атымен Абай атап кеттi. Оны бiз де осылай атап отырмыз. Абай әкесi жағынан тобықты руының билеушiлерi ұрпағынан тарайды. Ақын ның арғы атасы Ырғызбай тобықтының биi әрi батыры болған. Ол ХVII ғасырдың 50жылдарында Торғай облысындағы Ырғыз өзенiнiң бойында туылғандықтан Ырғызбай атаныпты. Ол тобықтылардың руын Түркiс таннан тамаша мал жайылымы бар шұрайлы өлке Шыңғыс тауына көшiрiп әкелген. Абайдың бабасы Gскенбай өзiнiң туыпөскен даласында әдiл би деген атаққа ие болған. Оған алыс аймақтағы рулардың қырғыздары да әдiлдiк iздеп келедi екен. Абайдың өз әкесi Құнанбайдың тобықтыдан өзге рулардың қырғыздарына да ықпалы күштi болған. Мұны Құнанбай дың Қарқаралы округiне аға сұлтан болып сайлануы да айқын көрсетiп бердi. Ал бұл лауазымды қызмет сұлтандар әулетiнен шыққандардың ғана құқығы болып табылатын. Құнанбай ғұмырының соңғы кезiнде Меккеге қажылыққа барды. Одан қайтып келген соң бұл дүниенiң iсiнен бiржола қол үздi. Мұның өзi оның есiмiн бұрынғыдан да көпке кеңiнен танымал ете түстi».

Бөкейханов Ә. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995, 307бет.

 

1. Ұлы ақын қай жерде және қашан дүниеге келген едi? 2. Абай Құнан баевтың ататектерi кiмдер болған?


§49. ПАТША ҮКIМЕТIНIҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫДIНИ САЯСАТЫ

Қазақтар ислам дiнiнiң сунниттiк бағытын ұстанды. Iшкi Ре сейден Қазақстанға қоныс аударушы шаруалардың саны арта түсуiне байланысты патша үкiметi мұндағы мұсылман халықтың құқығына қысым жасау саясатына көштi. ХIХ ғасырдың бас кезiнен бастап патша үкiметi қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру сая сатын жүргiзуге кiрiстi. Бұған жергiлiктi халық қатты қарсы лық көрсеттi.

1. Қазақтардың дiнi және дiни әдетғұрыптары. Қазақтар ислам дiнiнiң сунниттiк бағытын ұстанды. Оларда ислам дiнiмен қатар мұ сылман дiнiне дейiнгi дiни нанымсенiмнiң қалдықтары да сақталып қалған болатын. Мәселен, қазақтар атабабалар рухына сенетiн. Ежелгi түркiлердiң құдайы Тәңiрге табынып, «Тәңiр жарылқасын!» деп алғыс айтатын. Жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып, астық шықпай қалған кездерi қазақтар атабабаларының бейiтi басына ба ратын. Аруақтарға арнап «тасаттық» беретiн, дiни салтсана жоралғыларын жасайтын. Олар қасиеттi аруақтарға, атап айтқанда, Қожа Ахмет Йасауиге табынатын. Көшпелi және жартылай көшпелi халық арасында бақсылар (шамандар) елеулi орын алып келдi.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: