бап. Бiлiм беру органдары




Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) бiлiм алушыларды тәрбиелеуге және дамытуға, олардың өзiн-өзi
бақылау және мәдени мiнез-құлық дағдыларын меңгеруiне бағытталған бiлiм
беру бағдарламаларын iске асырады;
2) заң сыйлаушылық мiнез-құлықты насихаттауға бағытталған оқу
және тәрбие процестерiнiң ажырағысыздығын қамтамасыз ететiн ғылыми
негiзделген бағдарламаларды әзiрлейдi және енгiзедi;
3) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына себепсiз қатыспайтын
кәмелетке толмағандарды анықтайды және есеп жүргiзедi, олармен және
олардың ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикалық
жұмыс жүргiзедi;
4) құқықтық бiлiмдi арттыруда және тереңдетуде орта және жоғары
мектеп арасындағы анық өзара байланыс және сабақтастық негiзiнде бiлiм
алушыларды құқықтық оқытуды және тәрбиелеудi қамтамасыз етедi;
5) бiлiм беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық
бұзушылық жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою бойынша
шаралар қабылдайды;
6) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастарды тәрбиелеу
мәселесi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасады;
7) бала құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
8) iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп,
меншiктiң барлық нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында оқитын жастардың
арасында құқық бұзушылықтарды, нашақорлықты және алкоголизмдi ескерту,
анықтау және жолын кесу жөнiнде мақсатты алдын алу iс-шараларын
өткiзедi;
9) iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарымен өзара iс-қимыл
жасай отырып, виктимологиялық алдын алу iс-шараларын әзiрлейдi және
оларды меншiктiң барлық нысанындағы бiлiм беру ұйымдарында оқитын
жастардың, сондай-ақ қолайсыз отбасылардың арасында iске асырады;
10) девианттық және аутодеструктивтiк мiнез-құлықтағы кәмелетке
толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, оларды iшкi
iстер және денсаулық сақтау органдарына есепке тұрғызуға және олармен
жеке профилактикалық жұмыс жүргiзуге қатысады;
11) iшкi iстер, әдiлет, денсаулық сақтау, балалардың құқығын
қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, кәмелетке
толмағандардың суицидтiк тәртiбiнiң алдын алу жөнiндегi шараларды
қабылдайды, балалар және жасөспiрiмдер арасындағы өзiн-өзi өлтiру және
өзiн-өзi өлтiруге әрекет жасау фактiлерiнiң есебiн жүргiзедi;
12) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

15-бап. Денсаулық сақтау органдары

Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:
1) салауатты өмiр салтын, медициналық бiлiмдi, денсаулыққа керi ықпал ететiн факторлардан бас тартуды насихаттайды;
2) қажет ететiн адамдарға наркологиялық, психологиялық,
психиатриялық, емдеу-алдын алу көмегiн және медициналық оңалтуды
көрсетедi;
3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiнiң субъектiлерiне және қатысушыларына консультативтiк көмек көрсетедi;
4) алкоголизмге, есiрткi және психотроптық заттарға тәуелдi, соз
ауруларымен, АҚТ жұқпасымен, ЖҚТБ-мен, психикалық ауытқулармен ауыратын
адамдарды анықтауды, тiркеудi және есепке алуды жүзеге асырады;
5) нашақорлықты, соз ауруларын және АҚТ жұқпасын таратумен
байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен
жағдайларды жою жөнiндегi шараларды қабылдайды;
6) алкогольдiк iшiмдiктердi жүйелi түрде пайдалану, есiрткi
құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуды ерте
анықтау және алдын алу әдiстемесiн әзiрлейдi;
7) iшкi iстер және бiлiм беру органдарымен өзара iс-қимыл жасай
отырып, виктимологиялық алдын алу шараларын әзiрлейдi және оларды
кәмелетке толмағандар, психикалық ауытқулармен зардап шегетiн және
жезөкшелiкпен айналысатын адамдар арасында iске асырады;
8) мыналардың:
спирттiк iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатын және/немесе
дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi және психотроптық заттарды
тұтынатын, сондай-ақ алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауыратын;
жезекшелiкпен айналысатын;
соз ауруымен, психикалық ауытқулармен және АҚТ жұқпасымен
ауыратын адамдардың есебiн жүргiзедi және оларға қатысты
профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
9) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

16-бап. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары өз құзыретi шегiнде:
1) әлеуметтiк қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) тұрғылықты тұратын жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу
мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқару органдарын әдiстемелiк
қамтамасыз етедi;
3) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

17-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары

Бұқаралық ақпарат құралдары өз құзыретi шегiнде құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн жариялауға қатысады.

18-бап. Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар

Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар өз құзыретi шегiнде:
1) қылмыстық iздестiрудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асырады, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс,
өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құқық бұзушылықтарды
анықтау, ескерту және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiмдiк
функцияларын орындайды;
2) мыналар:
төтенше жағдайларды ескерту және жою, төтенше жағдайлардан
халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектiлерiн қорғау жөнiнде;
Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды ескерту
және жою жөнiнде жедел-алдын алу iс-шараларын әзiрлейдi және iске
асырады;
3) Азаматтық қорғанысты, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк,
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою
саласындағы құқықтық насихатты жүзеге асырады;
4) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн жүйелi түрде бұзатын объектiлердiң
есебiн жүргiзедi, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн бұзуға
ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою жөнiнде олардың лауазымды
тұлғаларымен алдын алу iс-шараларын жүргiзедi;
5) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

19-бап. Туризм және спорт саласындағы өкiлеттi орган

Туризм және спорт саласындағы өкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
1) дене тәрбиесi және спорт әдiстерiмен салауатты өмiр салты бағдарламаларын iске асыруға қатысады;
2) әлеуметтiк ауыр жағдайдағы адамдарды спорт клубтары мен
секциялардағы сабақтарға тарту, спорттық-сауықтыру iс-шараларын өткiзу
арқылы жеке профилактикалық жұмыс iстеуге қатысады;
3) құқықтық насихаттау жүргiзудi қамтамасыз етедi.

20-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң
қызметiн үйлестiру

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн
үйлестiру құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды
уақтылы анықтау, жолын кесу және ескерту бойынша олардың келiсiлген
iс-әрекеттердi әзiрлеу және жүзеге асыру арқылы алдын алу жұмысының
тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу
субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Үкiметi,
сондай-ақ облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалар, астана)
әкiмдердiң жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық
комиссия ұдайы жұмыс iстейтiн алқалық орган болып табылады. Құқық
бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ведомствоаралық комиссияның негiзгi функциялары:
1) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
2) мемлекеттiк органдар мен алдын алу субъектiлерiнiң жекелеген
лауазымды адамдары қабылдайтын алдын алу шараларының тиiмдiлiгiн
бағалау;
3) құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;
4) құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды iске асыру барысын қарау;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына құқық бұзушылықтың
алдын алу шараларын жетiлдiру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзу;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
және қалпына келтiру, құқық бұзушылық пен қоғамға қайшы iс-әрекеттер
жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды анықтау және жою жөнiнде
шаралар қабылдау;
7) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiнде ақпарат жинау, сақтау,
өңдеу және алдын алу қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған
шараларды айқындау;
8) құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша ақпараттық
материалдар дайындау және Қазақстан Республикасының Президентiне,
Қазақстан Республикасы Парламентiне, Қазақстан Республикасының
Үкiметiне, тиiстi жергiлiктi атқарушы және өкiлдiк органдарға жiберу;
9) құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргiзген жұмыстары
туралы құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi органдарының және
мекемелерiнiң басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдау;
10) мемлекеттiк және өзге де ұйымдарға көрсетiлген мiндеттерiн
орындамағаны не болмаса тиiстi түрде орындамағаны үшiн лауазымды
адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
11) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы құқық бұзушылықтың
алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына орталық
атқарушы органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат
құралдарының өкiлдерi, сондай-ақ келiсiм бойынша - Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң депутаттары кiредi.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияларының
құрамына алдын алу субъектiлерi - мемлекеттiк органдардың басшылары,
тиiстi мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк емес
ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi кiредi.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құқық
бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияларының
төрағасы және хатшысы тиiстi әкiмдiктердiң аппараттарында штаттық
лауазымдар атқарады.
6. Ведомствоаралық комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, ол барлық алдын алу субъектiлерiне жiберiледi.

21-бап. Үйлестiру қызметiнiң нысандары

Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiнiң қызметiн
үйлестiрудi құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық
комиссиялар мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырады:
1) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiнiң қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу;
2) құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша ақпарат алмасу;
3) оң тәжiрибенi зерделеу және тарату;
4) құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды
анықтау және оларды жою бойынша бiрлескен жедел-алдын алу iс-шараларын
өткiзу;
5) отырыстар және мәжiлiстер өткiзу;
6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару.
2. Дайындалып жатқан не болмаса жасалған құқық бұзушылықтар,
сондай-ақ жеке профилактикалық ықпал етуге жататын адамдар туралы
ақпарат алған мемлекеттiк органдар мен мекемелер осы заңмен және өзге
де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген олардың құзыретiне
сәйкес бұл туралы құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерiне дереу
хабарлауға мiндеттi.

3-тарау. Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

22-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жүйесi

Құқық бұзушылықтың алдын алу жалпы, арнайы және жеке шаралар арқылы жүзеге асырылады.

23-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы шаралары

Құқық бұзушылықтың жалпы алдын алу:
1) халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтiк қорғау және
экономиканы жалпы сауықтыру жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтiк саланы, құқық қорғау қызметiн
басқарудағы қателiктер мен кемшiлiктердi жоюға бағытталған
ұйымдастырушылық-басқару шараларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын
алуды нормативтiк, ақпараттық, әдiстемелiк және ресурстық қамтамасыз
етудi жетiлдiруге бағытталған шараларды;
3) қоғамдық санада құқыққа қарсы мiнез-құқыққа және қоғамға қарсы
iс-әрекеттерге төзбеушiлiктi қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы
адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершiлiк ұстанымдарын
қалыптастыру арқылы криминогендiк факторларды жоятын немесе шектейтiн,
адамдардың жалпы, тұрмыстық, құқықтық мәдениетiн арттыратын
идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылықты жасауға кедергi болатын ғылым мен техниканы;
5) мыналарды:
құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетiлдiрудi;
құқық бұзушылық субъектiлерiнiң қызметiн құқықтық реттеудi;
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша криминологиялық
сараптама жүргiзу кiретiн құқықтық шараларды қолдану арқылы iске
асырылады.

24-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алудың арнайы шаралары

Арнайы шараларға:
1) құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерiнiң алдын алуға (жеке
тұлғаға, меншiкке, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың
имандылығына және денсаулығына, басқару тәртiбiне, мемлекет мүдделерiне
қол сұғатын және т.б.);
2) халықтың белгiлi бiр әлеуметтiк топтары: кәмелeткe
толмағандар, әскери қызметшiлер, бұрын сотталғандар, спирттiк
iшiмдiктердi шамадан тыс пайдаланатындар, қылмыстық жазасын өтеушiлер,
әйелдер, туыстық, әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан және тұрғылықты
жерi жоқ адамдар, мигранттар арасында құқыққа қарсы мiнез-құлықты
қалыптастыруға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтауға және жоюға
бағытталған республикалық және өңiрлiк бағдарламалар әзiрлеу және iске
асыру кiредi.

25-бап. Құқық бұзушылықтың жеке алдын алу шаралары

1. Жеке алдын алудың мақсаты профилактикаланатын адамның
қоғамға қарсы мiнез-құлқын заңға бағынатын мiнез-құлыққа өзгертуге
ықпал ететiн оның жеке басын жағымды жолға қою үшiн оған жүйелi
мақсатты бағытталған ықпал ету болып табылады.
2. Жеке алдын алудың негiзгi мiндеттерi:
1) мiнез-құлқы құқық бұзушылық жасаудың шынайы мүмкiндiгi туралы растайтын адамдарды анықтау;
2) осы адамдарды, сондай-ақ оларға терiс әсер ету көздерi мен факторларын зерделеу;
3) олардың мiнез-құлқын болжау;
4) жеке алдын алу шараларын таңдау;
5) жағымды жолға қоюға әсер ету болып табылады.
3. Жеке құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына:
1) алдын алу әңгiмесiн өткiзу;
2) қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату туралы ресми ескерту;
3) алдын алу есебiне қою және профилактикалық бақылау орнату;
4) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою туралы ұсынымхат жiберу;
5) әлеуметтiк оңалту және бейiмдеу;
6) мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар:
мәжбүрлеп емдеуге жiберу;
өз балаларын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын
ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдерiн ана-аналық құқықтан айыру не
болмаса шектеу;
әкiмшiлiк қадағалау орнату;
әкiмшiлiк және тәртiптiк жаза қолдану;
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану;
7) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты
қолданылатын шаралар кiредi.
4. Жеке алдын алу шаралары олар қолданылатын адамдардың жеке
ерекшелiктерi, олар жасаған құқық бұзушылықтардың немесе қоғамға қарсы
әрекеттердiң сипаты мен дәрежесi ескерiле отырып, белгiленедi.
5. Мәжбүрлеу және шектеу сипатындағы шаралар арнайы заңдарда көзделген негiзде және тәртiппен қолданылады.

26-бап. Әлеуметтiк оңалтуды және бейiмдеудi жүзеге
асыратын құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi
мекемелерi

Әлеуметтiк оңалтуды және бейiмдеудi:
1) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 1) және 8) тармақшаларында
көрсетiлген адамдарға - әлеуметтiк қызметтер ұсынатын мекемелер;
2) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген
адамдарға - денсаулық сақтау органдарының арнайы медициналық мекемелерi;
3) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген
адамдарға - iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қамауға алынғандарға
арналған қабылдау орындары;
4) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген адамдарға - медициналық айықтырғыштар;
5) өмiрде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға - бала
құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге
асырады.
Әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту бойынша қызметтер көрсететiн
мекемелерде профилактикаланатын адамдарды орналастыру және ұстау
тәртiбiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен
белгiленедi.

27-бап. Профилактикалық әңгiмелесу

1. Профилактикалық әңгiмелесудiң негiзгi мақсаты құқыққа қарсы
мiнез-құлықтың себептерi мен шарттарын анықтау, қоғам алдындағы
жауапкершiлiктi, құқық бұзушылықтың әлеуметтiк және құқықтық
зардаптарын түсiндiру, мiнез-құлықтың белгiленген нормалары мен
ережелерiн ұстану қажеттiгiне сендiру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгiмелесудi құзыретiне адамдардың тиiстi
санатымен жеке алдын алу жұмысын жүргiзу жататын алдын алу
субъектiсiнiң өкiлi (қызметкерi) өткiзедi.
Профилактикалық әңгiмелесу құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерi, оқуы, жұмыс
орны бойынша не болмаса қоғамға қарсы әрекеттер анықталған жерде
өткiзiледi.
Профилактикалық әңгiме өткiзетiн адам қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату қажеттiлiгi туралы ескертiледi.
Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгiмелесу оның
ата-анасының, педагогтарының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң
қатысуымен өткiзiледi.
3. Профилактикалық әңгiмелесу өткiзу фактiсi қатаң есептегi құжат
болып табылатын профилактикалық әңгiмелесудi есепке алу журналында
тiркеледi, онда:
әңгiмелесу өткiзiлген күнi мен орны;
өткiзген адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi;
әңгiмелесу өткiзiлген адам туралы мәлiметтер, оны өткiзу негiздерi және себептерi;
кәмелетке толмағанның заңды өкiлдерi және профилактикалық әңгiме
өткiзуге қатысқан өзге адамдар туралы мәлiметтер жазылады;
өткiзген адамның және профилактикалық әңгiме өткiзiлген адамның
не болмаса кәмелетке толмағанның заңды өкiлдерiнiң колы қойылады.
Профилактикалық әңгiме өткiзiлген адам қол қоюдан бас тартса,
журналда оны жазған адамның тиiстi жазбасы жазылады. Қол қоюдан бас
тартқан адамға бас тарту себептерiн жазбаша баяндау құқығы берiледi.
4. Қоғамға қарсы әрекеттер немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау профилактикалық әңгiме өткiзуге негiз болып табылады.
5. Профилактикалық әңгiме сондай-ақ адамды алдын алу есебiне қою
кезiнде және оған профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңiнде
өткiзiледi.

28-бап. Қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату туралы ресми
ескерту

1. Қоғамға қарсы әрекеттер жасайтын адамдарды анықтаған iшкi
iстер органдарының лауазымды тұлғалары олармен алдын алу әңгiмесiн
өткiзуге және қоғамға қарсы әрекеттердi тоқтату қажеттiлiгi туралы
ресми ескерту шығаруға мiндеттi.
Қоғамға қарсы әрекеттердi жасауды тоқтату туралы ресми
ескертiлген талапты орындамау әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2. Ресми ескерту оған қатысты шығарылған адамға қол қойғызып, ол
осы талапты орындамаған жағдайда оның құқықтық зардаптары туралы
хабарландырыла отырып, шығарылады.
3. Ресми ескерту алты айға дейiнгi мерзiмге шығарылады.

29-бап. Профилактикалық есеп және бақылау

1. Профилактикалық есеп - құқық бұзушылықтар немесе
қоғамға қарсы әрекеттер жасаған адамдар туралы деректердi анықтау,
тiркеу, жинау және талдау жөнiндегi шаралар жүйесi.
2. Профилактикалық бақылау - профилактикалық есепте тұрған
адамдардың өмiр сүру салтын және мiнез-құлқын қадағалау және олармен
жеке алдын алу жұмысын жүргiзу.
3. Профилактикалық есепке алуды және бақылауды тиiстi
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерi
өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

30-бап. Профилактикалық есепке қою

1. Профилактикалық есеп:
1) профилактикалық әңгiме өткiзiлгеннен кейiн қоғамға қарсы әрекеттер жасауды жалғастырған;
2) жеке тұлғаға, қоғамдық қауiпсiздiкке, қоғамдық тәртiпке,
халықтың имандылығына, денсаулығына, басқару тәртiбiне және мемлекеттiк
билiк институттарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана
қайта (бiр жыл iшiнде) жасаған;
3) алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, психикалық, соз
ауруларынан және АҚТ жұқпасынан емделуден жалтарып жүрген;
4) балаларын тәрбиелеу, оқыту және асырау жөнiндегi заңда
белгiленген мiндеттерiн орындамайтын және/немесе олардың мiнез-құлқына
терiс әсер ететiн ата-аналарын немесе заңды өкiлдерiн;
5) ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған;
6) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына,
сондай-ақ шартты түрде немесе үкiмдi орындау кейiнге қалдырылып
сотталған;
7) қылмыстық жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн жүйелi бұзғаны
туралы материалдар түскен бас бостандығынан айыру орындарынан
оралғандар, жазасын өтеу кезiнде туыстық байланыстарын жоғалтқан,
сондай-ақ тұрғылықты тұратын жерi және құжаттары жоқ адамдарға қатысты
жүргiзiледi.
2. Профилактикалық есепке қоюға осы баптың 1-тармағында
көзделген, мынадай құжаттарда ресми тiркелген мән-жайлар негiз болып
табылады:
1) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы;
2) қылмыстық iстi тоқтату не болмаса ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
3) адамды нашақорлық, психикалық, соз ауруларымен және АҚТ
жұқпасымен ауыратын сырқат деп тану туралы уәкiлеттi денсаулық сақтау
органының қорытындысы;
4) қылмыстық жаза тағайындау туралы соттың қаулысы немесе үкiмi;
5) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының материалдары;
6) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесi органы немесе мекемесi бекiткен қорытынды.
3. Профилактикалық есепке қою туралы шешiмдi құқық бұзушылықтың
алдын алу субъектiлерi профилактикалық есепке қою үшiн негiздердiң бар
екенi туралы куәландыратын құжаттарды алған күннен бастап он күн iшiнде
қабылдайды.
Қылмыстық жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн жүйелi түрде
бұзатын адамдарды профилактикалық есепке қою туралы шешiм олардың
құқыққа қарсы мiнез-құлқын куәландыратын құжаттарды алғаннан кейiн он
күн iшiнде олар тұрғылықты тұратын жерiне келгеннен кейiн қабылданады.
4. Профилактикалық есепке қою туралы шешiм тиiстi адамдар
санатына профилактикалық бақылауды жүзеге асыруға өкiлеттi орган
бекiткен қаулымен ресiмделедi, ол профилактикаланатын адамға қол
қойғыза отырып, хабарланады.
Профилактикалық есепке қойылған адамдарға қаулыны хабарлау
кезiнде ауызша не болмаса жазбаша түрде олардың құқықтары мен
мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы қаулыда белгi жасалады.
Профилактикалық есепке қою туралы қаулыда қаулы шығарған органның
лауазымды адамының лауазымы, тегi, аты-жөнi, оның шығарылған күнi мен
орны, оған қатысты қаулы шығарылған адам туралы мәлiметтер (тегi, аты,
әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы және деректемелерi, сәйкестендiру нөмiрi, жұмыс орны),
профилактикалық есепке қою негiзi көрсетiледi.

31-бап. Профилактикалық карточка және профилактикалық iс

1. Профилактикалық есепке алу профилактикалық карточкалар мен профилактикалық iстердi толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Профилактикалық карточка мен профилактикалық iстi құқық
бұзушылықтың алдын алу субъектiлерi азаматты профилактикалық есепке
қойған күнi өткiзiлген жұмысты көрсету, олардың мiнез-құлқына бақылауды
қамтамасыз ету және олардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен қоғамға
қарсы әрекеттердi уақтылы ескерту мақсатында толтырады.
2. Осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5), 7) және 8)
тармақшаларында көрсетiлген адамдарға профилактикалық карточка
толтырылады.
Осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген
адамдарға профилактикалық iстердi қамқоршылық және қорғаншылық
органдары, профилактикалық карточкаларды iшкi iстер органдары толтырады.
Осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген
адамдарға профилактикалық iстердi қылмыстық-атқару жүйесi органдары, ал
профилактикалық карточкаларды iшкi iстер органдары толтырады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әкiмшiлiк
қадағалау туралы заңнаманың әрекетiне түсетiн адамдарға профилактикалық
iстердi iшкi iстер органдары ашады.
3. Профилактикалық карточкаға адамның сауалнамалық деректерi, оны профилактикалық есепке
қою негiздерi, онымен профилактикалық әңгiме және басқа да алдын алу
шаралары жүргiзiлгенi туралы белгi, сондай-ақ профилактикалық есептен
алу не болмаса профилактикалық бақылауды ұзарту негiздерi енгiзiледi.
Профилактикалық карточка толтыруға негiз болған материалдар, жеке
алдын алу жұмысының нәтижелерiн көрсететiн және профилактикалық
бақылауды тоқтатудың не болмаса ұзартудың мақсатқа сай екендiгi туралы
шешiмдi растайтын құжаттар профилактикаланатын адамдардың әрбiр санаты
бойынша жеке номенклатуралық iстерге тiгiледi.
4. Профилактикалық iсте адамның саулнамалық деректерi, оны
профилактикалық есепке қоюға негiз болған материалдар, сондай-ақ оның
тұрғылықты жерi, жұмыс және/немесе оқу орны бойынша мiнез-құлқы туралы
ақпарат және жеке алдын алу жұмысының нәтижелерiн көрсететiн,
профилактикалық бақылауды тоқтатудың не болмаса ұзартудың мақсатқа сай
екендiгi туралы шешiмдi растайтын құжаттар болады.
Профилактикалық карточка және профилактикалық iс профилактикалық
карточкалар мен профилактикалық iстердi тiркеу журналында тiркеледi
және адамды профилактикалық есептен шығарғанға дейiн жүргiзiледi.

32-бап. Бақылауды тоқтату және профилактикалық есептен
алу

1. Алдын алу жүйесiнiң субъектiлерi:
1) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды олар қоғамға қарсы әрекеттерiнiң соңғы фактiсi анықталған
сәттен бастап бiр жыл өткеннен кейiн;
2) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды олар соңғы қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған сәттен
бастап бiр жыл өткеннен кейiн;
3) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды олар мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгеннен кейiн он күн өткен соң
4) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды профилактикалық есепке қойған сәттен бастап не болмаса
ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешiмi заңды күшiне
енгеннен кейiн бiр жыл өткеннен кейiн;
5) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы процессуалдық шешiм
шығарылғаннан кейiн бiр жыл өткен соң
6) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларын не
болмаса шартты түрде сотталған мерзiмiн өтегеннен кейiн немесе үкiмдi
орындаудың шегерiлген мерзiмi өткеннен кейiн;
7) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды профилактикалық есепке қойған сәттен бастап бiр жыл өткеннен
кейiн, ал әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманың әрекетiне түскен
адамдар үшiн бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сәттен
бастап 3 жыл өткен соң
8) осы Заңның 30-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген
адамдарды жұмысқа орналасқан не болмаса тұрғын үй проблемасы шешiлген
сәтте;
9) профилактикаланатын адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге
тұрақты тұруға шыққан не болмаса қайтыс болған сәттен бастап бақылауды
тоқтатады және адамды профилактикалық есептен алады.
2. Кәмелетке толмағандарға бақылауды тоқтату және профилактикалық
есептен алу Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың, кәмелетке
толмағандардың арасында қараусыздықтың және панасыздықтың алдын алу
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылауды жүзеге асыру кезеңiнде профилактикаланатын адамға
жеке алдын алу шараларын қолдану үшiн жаңа негiздер анықталған жағдайда
алдын алу жүйесiнiң тиiстi субъектiсi есеп және бақылау мерзiмiн ұзарту
туралы дәлелденген қаулы шығарады. Бұл ретте профилактикалық есеп пен
бақылау осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Профилактикалық есепке қойылғаннан кейiн жеке тұлғаға,
қоғамдық тәртiпке, қоғамдық қауiпсiздiкке, халықтың имандылығы мен
денсаулығына қол сұғатын екi және одан көп қасақана әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған профилактикаланатын адамға қатысты сот
профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынымхаты бойынша
мiнез-құлыққа ерекше талаптар белгiлейдi, оларды орындамау әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке әкеп соғады.

33-бап. Бақылауды тоқтату және профилактикалық есептен
шығару негiздерi

1. Мыналар:
1) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6) және 8)
тармақшаларында көрсетiлген адамдар үшiн профилактикалық бақылауды
жүзеге асыратын органның басшылығы бекiткен қаулы;
2) осы заңның 30-бабы 1-тармағының 3)



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2019-03-27 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: