Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 9 глава




Бұл жағдай сұлтандардың патша үкiметiне қарсы наразылығын күшейттi. Gйткенi олар өздерiнiң артықшылықтарынан айырыла бас таған болатын. Сөйтiп Кiшi жүзде өкiмет билiгiн жүзеге асыру мә селесi жөнiнде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрi жалғаса түстi. Старшындар мен сұлтандардың қарамақарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкiметiнiң ықпалынан бiржолата шы ғып кетуге бағытталған әрекеттер жасай бастады. Мұның өзi патша үкiметiне тiптi де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы iске аспай қалды.

Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қаружарақ, атты әскер, азықтүлiкпен көмектесу жөнiнде келiссөз жүргiздi. Көтерiлiс жеңiлiп қалған жағдайда көшiпқонып жүру үшiн Хиуа хандығы ның бiр шетiнен мал жайылымын беру жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi.

Патша үкiметi қазақтардың Едiл мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзi бұл аймақтағы қарамақарсылықты күшейте түстi. Қазақ тар Орал шекара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауды жиiлетiп жiбердi. 1791 жылы Ералы сұлтан Кiшi жүздiң ханы болып сайлан ды. Ал ол қайтыс болғаннан кейiн Нұралы ханның ұлы Есiм сұлтан 1795 жылы хан болды.

1792 жылы С. Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорға нысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекiнiсiн бiрден тiке шабуылмен алмақ болды. Бiрақ мықтап нығайтылған бекiнiстер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерiлiсшiлердiң жоспарын жүзеге асыртпады.

5. Ұлтазаттық қозғалысының ақырғы кезеңi. 1797 жылдың көк темiнде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есiм ханды өлтiредi. Бұған жауап ретiнде патша үкiметi қазақ даласы на жазалаушы отрядтар жiбердi. Бiрақ олар көтерiлiсшiлердi кездес тiре алмады.

Кiшi жүзде хан тағына талас басталды. О. Игельстром Кiшi жүздi басқаруды Хан кеңесiне тапсыруды ұсынды. Отаршыл өкiмет билiгi қартайып қаусап отырған Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қол дады. Бiрақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектерi дәстүрлi халық жиынын өткiзбейақ, Қаратай сұлтанды хан сайлауға асық


 
 

 


Ћазаћстандаѕы ХVIII ѕасырдыѓ 70–90-жылдарындаѕы џлт-азаттыћ ћозѕалыс.Шартты белгiлер: 1 – ћазаћ кbтерiлiсшiлерiнiѓ 1773–1775 жылдардаѕы Е.И. Пугачев бастаѕан Шаруалар соѕысындаѕы iс-ќрекет ауданы; 2 – 1775 жылѕы ћазаћ кbтерiлiсшiлерiне ћарсы жазалау экспедициялары; 3 – Сырым Датџлы бастаѕан џлт-азаттыћ ћозѕалыс (1783–1797) ауданы; 4 – Сырым Датџлыныѓ кbтерiлiсшiлер отрядтарына ћарсы жазалау экспедициялары; 5 – ћамалдар; 6 – басћа да елдi мекендер; 7 – сауда жолдары; 8 – мемлекеттiк шекара; 9 – Ћазаћстанныѓ шекарасы.


ты. Мұның өзi сұлтандардың Хан кеңесiне деген қарсылығын бiл дiруi едi. Gйткенi Хан кеңесiнде старшындардың ықпалы күштi бо лып шығатын едi.

Сырым Датұлы Хан кеңесiнiң құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзенi бойына көшiп кеттi. Онда ол Әлiмұлы стар шындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесiнiң алдына Кiшi жүздегi жағдайды жақсарту жөнiнде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал казактарымен қақтығысты тоқтату ға күш салды.

1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатура ны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетiп қар тайған адам едi. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кiшi жүздегi сұлтандар мен ру старшындарының өзара татула суы Сырым Датұлын өзiнiң төңiрегiне ру старшындарын бұрынғы сынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкiмшiлiгiне қарсы кү ресiн жалғастыра беру мүмкiндiгiнен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшiп кеттi. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбiр мәлiметтерге қарағанда өзiнiң саяси қарсыластары ның қолынан қаза тапқан көрiнедi.

6. КHтерiлiстiң жеңiлу себептерi. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi нiң бiрi – С. Датұлының бiрден екi күшке қарсы күрес жүргiзгендi гiнде болды. Ол, бiр жағынан патша үкiметiне қарсы, екiншi жағынан сұлтандар мен ханның төңiрегiндегi топтарға қарсы күрестi. Көтерiлiс жетекшiсi көтерiлiсшiлердi тұтасқан берiк күшке айналдыра алмады. Көтерiлiс стихиялы түрде басталды және ұйымдасқан жағдайда жал ғаспады. Адам саны жағынан шағын жасақтар бiрбiрiнен бөлек жеке соғысуды дұрыс санады. Руаралық шиеленiстi қақтығыстар да орын алды, старшындардың едәуiр бөлiгi тұрақсыздық танытты. Олардың iсқимылдары бiрбiрiмен өзара келiсiлмедi. Старшындардың едәуiр бөлiгi көтерiлiске қатысудан бас тартты. Gйткенi патша үкiметiнiң жазалаушы отряды келе қалған жағдайда Жайықтың сол жағалау ындағы жерлерiмiзден айырылып қаламыз деп қорықты.

Оның үстiне, сұлтандар тарапынан жасалған қарсылықты да

жоққа шығаруға болмайды. Патша үкiметiнiң Едiл мен Жайық ара лығындағы аумақта мал жайылымдарын уақытша пайдалануға бер ген рұқсаты да мал жайылымы туралы мәселенiң шиеленiсiн, аз да болса да бәсеңдеткен едi.

Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң орасан зор тарихи маңызы болды. Ұлтазаттық көтерiлiс қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкiмшiлiгiне қарсы ең алғашқы iрi бас көтеруiнiң бiрi едi. Сырым батыр қазақ халқының есiнде ХVIII ғасырдың соңғы ширегiндегi көрнектi саяси қайраткерлердiң бiрi ретiнде қалды. Ол өз замандастарының арасында аса зор бедел мен сыйқұрметке бө лендi. Ауыз әдебиетiнiң деректерiне қарағанда, оның асына 2000


жылқы, 2500 қой сойылған деседi. Мұның өзi халықтың сүйiктi кө семiне деген шексiз зор құрметiнiң белгiсi едi.

Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстен кейiн патша үкiметi бiрқа тар мәселелер бойынша, соның iшiнде ең алдымен Едiл мен Жа йық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану жөнiнде де едәуiр жеңiлдiктер жасауға мәжбүр болды. 1801 жылы Жайық өзенiнiң оң жақ жағалауында Iшкi Орда құрылды. Бұл аймақтағы халықтың едәуiр мол бөлiгi Сырым Датұлының жақтастары мен жақын туыстары болатын. Батыр бастаған көтерiлiске белсене қатысқандар да солар едi.

 

1.

?
Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң негiзгi себептерiн атаңдар.

2. Сырым Датұлының жеке басына сипаттама берiңдер. 3. Халық қоз ғалысы қалай өрiс алып едi? 4. Барон Игельстром реформаларының мәнi неде болды? 5. Ұлтазаттық көтерiлiс қалай аяқталды? 6. Көтерiлiстiң жеңiлуiнiң себептерiн атап өтiңдер. 7. Сырым Датұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлi сiнiң тарихи маңызы неде болды? 8. Картадан көтерiлiс болған жерлердi көрсе тiңдер. 9. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазақ фольклорынан Сырым Датұлының шешендiк таланты туралы деректердi iздеп табыңдар.

 

*
Қазына – түрлi бағалы заттар, дүниемүлiк; материалдық байлық.

Расправа – Кiшi жүздегi ру ақсақалдары кiруге тиiстi болған әкiмшiлiк орган.

Старшын – ру басшысы.

Айшуақ хан (1720–1810) – Кiшi жүздi 1797–1805 жылдары билеген хан, Әбiлқайыр ханның ұлы.

Игельстром Осип Андреевич (Густав Отто Андрей) (1737–1817) – Орынбордың 1784–1792 және 1796–1798 жылдардағы әскери губернаторы. Ол Кiшi жүздегi хан билiгiн жоюға күш салып бақты.

«Сырым батыр – ХVIII ѕасырдыѓ екiншi жартысында Кiшi жљзде болѕан оћиѕаларѕа белсене ћатысћан ерекше тџлѕа. Табиѕатынан дљлей дене кљшiне ие, аћылѕа бай, ерiк-жiгерi кљштi, ержљрек, тапћыр, айла- керлiк ћулыѕы да жеткiлiктi, bз ћадiрiн жете баѕалай бiлетiн оѕан жалпы жџрт табынѕан десе де болады. Кiшi жљз ћазаћтары оны bздерiнiѓ даѓћын асыратын ерекше адам деп таныды. Ћарапайым ћазаћтардыѓ арасынан шыѕуы да Сырымды халыћћа жаћындастыратын. Gзiнiѓ орасан зор ыћпа- лын пайдаланѕан батыр bзiн ћџрметтейтiн топты небiр батыл да ћауiптi, кей кездерi бiрiне бiрi ћайшы келетiн iстерге де бастай бiлдi. Бульжер (Боулджер) Демитриус Чарлз. Англия мен Ресей Орталыћ Азия- да (аѕылшын тiлiнде). Лондон, 1879, I том//Ћазаћтар. Кbпшiлiкке арналѕан тоѕыз томдыћ аныћтамалыћ. Ћазаћстан мен ћазаћтар туралы. А., 1998, 7-том, 167–168-беттер. 1. Батырдыѓ бойында тџлѕалыћ ћандай ћасиеттерi болды? 2.Халыћ bзiнiѓ С. Датџлын нелiктен ћџрмет тџтып, сыйлады?

Қаратай сұлтан – патша әкiмшiлiгiне қарсы шыққан Кiшi жүз сұлтаны.


§11. РЕСЕЙМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ

ХVIII ғасырда Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қазақ және Ресей мен Орта Азия тұрғындары арасында саудасаттық iсi жедел дамыды.

1. ҚазақРесей саудасы. Ресейдiң ХVIII ғасырдағы зерттеушi ғалымы Георги қазақтардың саудасы туралы былай деп жазды:

«Олар (қазақтар. – авт.) өздерiнiң тұрмысына қажеттi нәрселер дiң барлығын да Ресеймен, Бұхармен, Хиуамен және басқа да көршi елдермен сауда жасау арқылы алып тұрады».

Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негiзгi орындары шекара шебiндегi Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Семей және Gске мен бекiнiстерi болды. Қазақтар базарға мал және мал шаруашылығы шикiзаты мен аң терiлерiн алып баратын. Ресейден әкелiнетiн тауар лардың негiзгi түрi фабриказауыт өнiмдерi болды. ҚазақРесей сау дасының бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi де бар едi. Оларда, бiрiн шiден, сауданың айырбас жасау сипаты басым болды. Gйткенi айна лымдағы ақша қазақтарда аз едi. Сауда бiрлiгi болып iсек қой санал ды. Екiншiден, сауданың эквиваленттiк тепетең балама бағалары бол мады. Соның арқасында Ресей саудагерлерi аз уақыттың iшiндеақ байып шыға келдi. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенептi бiр жылқы мен өгiзге айырбас жасады. Ал ол жылқы мен өгiздi Ресей ге алып барып, 12–15 сомнан сатты. Үшiншiден, қазақ даласына сапа сы өте төмен тауарлар алып келiндi. Бұл жөнiнде Ресейдiң ХVIII ғасырдағы белгiлi зерттеушiсi П. Паллас былай деп жазды: «Қырғыз дардың (қазақтардың. – авт .) саудаға ебi жоқ. Олар сапасыз тауар ларды және қайдағы бiр ұсақтүйек заттарды айырбас жасау арқылы ала бередi. Мұның өзi орыс көпестерiне қыруар мол пайда әкеледi».

2. Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.

Орынбор қазақорыс саудасының аса маңызды орталығына айналды. 1743 жылы Жайықтың сол жақ жағалауында Орынбордың түбiнде қазақтармен және Орта Азия көпестерiмен сауда жасау үшiн арнайы Айырбас сарайы салынды. Жергiлiктi қазақтар оны «Ақ базар» деп атады. Ол кiрпiштен салынған төрт бұрышты үлкен құрылыс бола тын (әрбiр қабырғасының ұзындығы 430 метр). Оның iшкi жағында дүкендер мен қамбақоймалар салынған едi. Оларда ерте көктем мен қара күзге дейiн айырбас сауда қызу жүрiп жататын.

Мұнда Орта Азиядан жiбек, мақтамата және шапан, кiлем, тө сенiш, көрпе, кептiрiлген жемiс, пiсте, мал терiлерi, қаракөл елтi рiлерi, ертұрман мен жүгендер, басқа да күнделiктi тұрмысқа қа жеттi бұйымдар әкелiнген.

Қазақтар негiзiнен iрi қара, қойешкi, жылқы, түйе, жүнжұрқа, жылқының жалы мен құйрығының қылы, ешкiнiң түбiтi, киiз, теке


 

Қазақ саудагерлерi.

 

мет, сырмақ, қой терiсi, қаракөл елтiрiсi сияқты мал мен мүлiктердi саудаға шығарды.

Ресей көпестерi мақтамата кездемелерi, барқыт, астық, жарма, шай, қант, темiр, шойын, мыстан жасалған бұйымдар, самаурын сияқты басқа да тауарлар сатты.

Орынбордағы айырбас сарайында күн сайын сауда кезiнде тәртiп сақтауды аға офицер басқаратын бiр рота солдаттар қадағалап отыр ды. Қазақтармен саудасаттықтың артуы Ресейде тоқыма өнеркәсi бiнiң дамуына әсер етiп, ынталандыра түстi.

3. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасаттығының дамуы. Орта жүз қазақтарының Орынборға жетуi өте қиын болды, жол алыс едi. Сондықтан да қазақтардың 1743 жылы Үй шекара бекiнiсiнде, 1745 жылы Орск (Ор) бекiнiсiнде сауда жасауына рұқсат етiлдi. Тап осы 1745 жылы Абылай сұлтан Сiбiр өкiмет билiгi орындарынан Жәмiшев бекiнiсiнде сауда орталығын ашуды сұрады. Бұлай деп өтiнiш жасаудың себебi қазақтарда астық, шұға, пышақ, ат ауыз дығы, балта сияқты заттар тым жеткiлiксiз едi. Gз кезегiнде Ертiс бойындағы бекiнiс тұрғындары жамандат, сiбiр күйдiргiсi сияқты аурулардан жиi шығынға ұшырайтын жылқы мен сиыр малының санын қалпына келтiрiп, көбейтуге мүдделi болды. Мiне, сондық тан да генерал Киндерман Семей және Жәмiшев бекiнiстерiнде сау дасаттық жасайтын орындар ашуға рұқсат еттi. Саудаға қазақтар мен қатар орыстар да, Орта Азияның саудагерлерi де қатысты. Бiрақ жоңғарлардың әскери жорықтары кезiнде бұл бекiнiстегi саудасат тық уақытша тоқтап қалып жүрдi.

1750 жылы қазақтар Троицкiде де сауда жасай бастады. Қазақ

тармен сауда жасауға Мәскеуден, Қазаннан, Туладан, Ростовтан, Ярославльден, Воронежден, Курскiден, Түменнен және басқа да


қалалардан көпестер көптеп келетiн болды. 1759 жылы Абылай сұлтанның өтiнiшi бойынша Петропавл бекiнiсiнде қысқы сауда орны ашылды. Қазақтар онда мал және мал өнiмдерiмен қатар ас тұзын да саудалады.

Көшпелi қазақтар мен отырықшы орыс халықтарының арасында тұрақты саудасаттық байланыстарын қалыптастырып, нығайта түсу көзделiнiдi. Осы мақсатпен шекара шебiндегi бекiнiстерде қазақ ақсүйектерiне сыйлық ретiнде ақша үлестiрiле бастады. Кейiнiректе шекара шебiндегi бекiнiстерде қазақтар мен Орта Азия саудагер лерiне арнап мешiттер мен керуенсарайлар салу қолға алынды. Бұл кезде Петропавл және Семей қалалары iрiiрi сауда орталықта рына айналды.

4. ХVIII ғасырда қазақтардың арасында құл саудасы кеңiнен та раған жоқ едi. Қазақ қоғамындағы құлдық патриархалдық (үй iшiлiк) әрi көмекшi сипатта болды. Мұның себебi – қазақтар өздерiнiң ма лын бағуды құлдарға сенiп тапсыра алған жоқ. Сондайақ әскери жорыққа кеткен кездерiнде ауылда көп құл қалдыру да қауiптi бола тын. Құлдардың қатарын толықтырып отырудың негiзгi қайнар көзi көршi халықтармен жүргiзiлетiн соғыстар едi. Мәселен, қазақ дала сындағы құлдардың саны Жоңғария мемлекетi жойылғаннан соң едәуiр арта түстi. 1771 жылғы «Шаңды жорықтан» кейiн Едiл қалмақ тары қатарынан ерiксiз құлдарға айналғандар аз болған жоқ. Ресей лiктерден құлдыққа түскендер Орта Азиядағы құл базарларында са тылатын. Сонымен қатар Орта Азиядан құлдыққа түскендер Орал, Есiл және Ертiс шекара шебiндегi бекiнiстерде сатылып кететiн. Көптеген құлдар Ресейдiң Iрбiт жәрмеңкесiнде сатылатын. Ересек құлдардың орташа бағасы 25 сомнан 50 сомға дейiн, ал балалардың бағасы – 10 сомнан 25 сомға дейiн жететiн.

ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде Қазақстандағы құлдықтың бар екенiн

патша үкiметi де танып мойындаған. Мәселен, Жәмiшев және Семей бекiнiстерiнде жергiлiктi билiк өкiлдерi жұмысшы күшi ретiнде құл сатып алып отырған. Сiбiр казактары қазақ ұлыстарынан тұтқын алып, құлға айналдыру үшiн жиiжиi қарулы жорықтар жасап тұрған. Осындай бiр жағдай туралы Қазақстанды зерттеушi, белгiлi ғалым Г.Н. Потанин былай деп жазды: «1743 жылғы қарашада жүзбасы Дорохов 280 адамы бар отрядымен Қазақ ордасына шабуыл жасады... Теке көлiнiң жанында Әлiмбет батырдың ұлысына жасаған шабуыл кезiнде 42 ер және әйел адам тұтқынға түстi, көп адам соққыға жығылып, жарақат алды, 812 бас мал айдап әкетiлдi».

Әдетте тұтқындардың бiр бөлiгi жорыққа қатысқандарға тараты лып берiлетiн, ал ендi бiр бөлiгi өлкенiң жоғары шендi шенеунiкте рiнiң өздерi арасында бөлiске түсетiн. 1822 жылы патша үкiметi ша буыл кезiнде Қазақстанда құлдыққа адам алуға тыйым салды. 1859 жылы Батыс Сiбiр генералгубернаторы Г.Х. Гасфорттың бастамасы


бойынша Орта жүз қазақтарынан алынған 400ге жуық құл бостан дыққа жiберiлдi. Ресми құжаттарда құлдардың бар екенi сол кезден бастап атап көрсетiлмейтiн. Құлдардың едәуiр бөлiгiн дәулеттi бай қазақтар «бала етiп» асырап алып та отырды.

1.

?
ҚазақРесей айырбас саудасының ерекшелiктерi туралы айтып берiңдер. 2. Орынбор Ресейдiң қазақ халқымен саудасаттығында қандай

орын алды? 3. Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасаттық жасауында Абылай қандай рөл атқарды? 4. Қазақстан аумағындағы құл саудасы жөнiнде айтып берiңдер. 5. Осы параграфтың 4тармағын қалай деп атауға болатынын ойланып көрiңдер.

*
Iрбiт жәрмеңкесi – Ресейдiң сауда айналымы жөнiнен iрi жәрмең келерiнiң бiрi (1880 жылы ондағы сауда айналымының мөлшерi 70 мил лион сомға жуықтаған). Жәрмеңкенiң негiзi 1643 жылы қаланған.

Қамбақоймалар – астық, ұн, азықтүлiк тауарлары, сондайақ басқа да тауар түрлерi сақталатын орын.

Дүкен – шағын сауда орны.

Айырбас сауда – айырбас арқылы ақшасыз сауда жасау тәсiлi.

Гасфорт Густав Христианович (1794–1874) – Батыс Сiбiрдiң генералгубернато ры (1851–1860).

Потанин Григорий Николаевич (1835–1920) – орыстың белгiлi қоғам қайраткерi, та рихшы, этнограф. Қазiргi Павлодар облысының Жәмiшев селосында туған.

 

«Қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) шығыстағы ұлыстары Жоңға

рия астығымен жеткiлiктi жабдықталды. Бiрақ батысқа қарай ұзаған сайын астық тапшылығы күштiрек сезiлдi. Gйткенi бұрын орыстармен Есiл арқы лы да, Ертiс арқылы да саудасаттық жасалмайтын. Сондықтан да орыс тармен сауда қатынасын орнату аса қажет болды. 1747 жылы Есiл бойын дағы батыс Ұлыстарда болған драгун Донов былай деп хабарлаған: қырғыз дар «қара бидайдың да, ақ бидайдың да ұнына өте зәру», ал «шұға матаға құмарлығы сонша, тiптi жалынып сұрайды, жатжерлiктерге небiр жақсы аттарын қосқосынан ұсынады, тек сұраған тауарын тауып бере алсаң болғаны». Ертiс бойындағы шекара шебiнiң бекiнiстерiне келген қырғыз дар пышақ, аттың ауыздығы, балта сұраудан танбайды. Астыққа, шұғаға, темiрге деген мұқтаждық Абылайды 1745 жылы Жәмiшев бекiнiсiнде сауда орнын ашу туралы өтiнiш жасауға мәжбүр еттi. Алғашқыда бекiнiсте сатуға арналған астық жоқ деген сылтаумен өтiнiш қабыл алынбады. Алай да драгун полктары үшiн мiнiс аттарына деген зәрулiк, аттар мен жер жыртуға қажеттi өгiздердiң сiбiр күйдiргiсiнен өлiп қала беруi салда рынан жылқыға деген мұқтаждықтың күштi болғаны сонша, ақыр аяғында шекара шептерi басшылығының өзi де Ертiс бойындағы бекiнiстердiң бiреуiнде сауда орталығын ашуды өтiнiп сұрады. Тап сол 1745 жылы гене рал Киндерман Семей және Жәмiшев бекiнiстерiнде сауда орталығын ашуға рұқсат еттi...»

Потанин Г.Н. Қырғыздардағы саудасаттық//Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3том, 56бет.


  1.ХVIII ѕасырдыѓ бiрiншi жартысында Орта жљз ћазаћтарын ћай мем- лекет астыћпен ћамтамасыз етiп келдi? 2.Астыћ пен кездеме маталарѕа деген ерекше тапшылыћ Ћазаћстанныѓ ћай аймаѕында айћын сезiлдi? 3.Ертiс шекара шебiнiѓ бекiнiстерiнде сауда орталыћтарын ашу жbнiнде алѕаш рет бастама кbтерген кiм? 4.Жќмiшев пен Семей бекiнiстерiндегi сауда орталыћтары ћай жылы ашылды? 5.Орта жљз ћазаћтарымен сауда- саттыћ жасауѕа Сiбiр ќкiмшiлiгiн мќжбљр еткен ћандай жаѕдай едi?

 

§12. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХVIII ҒАСЫРДАҒЫҒЫЛЫМЫМЕН БIЛIМI ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТI

ХVIII ғасырда патша үкiметi Қазақстанның тарихын, этногра фиясын, географиясын белсендi түрде зерттей бастады. Ол зерттеу лер Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бiр бөлiгiнiң Ресей дiң қол астына өтудi қабылдаған 30–40жылдардан кейiн бұрын ғыдан да күшейе түстi. ХVIII ғасырда қазақтардың өздерiнiң ежелгi бiрегей мәдениетiнiң төлтумалығын сол күйi сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетiнде ақындардың, жыраулардың және билердiң шығармашылығы көрнектi орын алды. XVIII ғасырдың аяқ кезiнде Ресеймен шекаралас аймақтарда алғашқы мектептер ашылды.

1. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуi. Қазақтар Ресейдiң қол астына өткен бойдаақ өлкенi ғылыми тұрғыдан зерт теу үрдiсi басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлiк көптеген зерттеушiлер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежiрелiк) және этнографиялық ма териалдар негiзiнде iргелi еңбектерiн жазды.

Қазақстанды ХVIII ғасырда кешендi зерттеудiң алғашқы әрекет терi М.В. Ломоносовтың есiмiмен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтiн ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның гео графиялық картасын жасаудың бастамашысы болды. 1768–1774 жылдары Қазақстанға жiберiлген алғашқы экспедициялардың бiрiн академик, табиғат зерттеушiсi П.С. Паллас басқарды. Ол экспеди цияның жұмысына белгiлi ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты СолтүстiкБатыс, Солтүстiк және СолтүстiкШығыс Қазақстанның жерлерiн басып өтетiн болып белгiлендi. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесi ретiнде П.С. Пал ластың «Ресей империясының әр түрлi провинциялары бойынша жаса лған саяхат» атты үш бөлiмнен тұратын еңбегi жарық көрдi (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнiнде құнды материалдар бар.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: