Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 11 глава




Сот процесi шағымданушының тiлегi немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгi салтжоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгiлi бiр бидiң билiк жүргiзуiн таңдау үшiн сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тас тайтын. Билер соты әдеттегi ұсақ тәртiп бұзушылықтан бастап, ең ауыр қылмыс саналатын қылмысты iстердi қарастырды.

Билер соты дауға әдiл билiк айту принципi бойынша жүргiзiлетiн. Би әдiл де тапқыр, Әйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай бiлген, басқаның сөзiн тоқтата бiлген» дана болуы тиiс. Билер қазақ халқы ның ауызбiрлiгiн, өзара түсiнiсуiн нығайтып, даушарды әдiл шешiп


отырған. Бидiң бiр өзi тергеушiнiң, әрi айып таушы мен судьяның (қазының) қызметiн қоса атқарған. Билер соты ауызекi сөз жа рыстыру түрiнде өтетiн. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бiр ар тықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткiзiлетiн, оған кез келген адам өзiнiң қала уынша қатыса алатын.

Екi би айтысқанда жалпы үкiмдi шығару үшiн Төбеби сайланған.

Билердiң әдiлетсiз шешiмiне шағым жа сау iлуде бiр рет, өте сирек кездесетiн. Би дұрыс үкiм шығармаған жағдайда өзiнiң абы ройы мен беделiнен жұрдай болып, би атағы нан айырылып қалатын. Би өзiнiң сiңiрген еңбегi үшiн «бидiң билiгi» деген сыйақы ала тын. Ол кiнәлi жақтың есебiнен өндiрiлетiн. Сыйақының мөлшерi дауда өндiрiлетiн мүлiктiң оннан бiр бөлiгiне тең болатын.

ХVIII ғасырда мемлекеттiк және қоғам дық қызметiнiң маңыздылығы, шешендiк өне рiнiң күшi мен поэтикалық шеберлiгi жағы нан Қазақстан тарихында өшпес iз қалдырған атақты билер болды. Олар – Ұлы жүздегi Төле би, Орта жүздегi Қазыбек би және Кiшi жүздегi Әйтеке би. ХIХ ғасырда Gткел би, Аслан би т.б. билердiң есiмдерi халық арасында кеңiнен танылды.

2. Куәлар. Айыпкердiң күнәлi екенiн дә лелдеу немесе оны ақтап шығу үшiн жұртқа кеңiнен танымал кемiнде 2–4 адамның куәлiгi керек болатын. Ондай куәлар табылмаған


 

Аслан би («Түркiстан» альбомы, 1871–1872).


Gткел би («Түркiстан» альбомы, 1871–1872).


жағдайда адал адамдардың ант iшуiне жүгiну рәсiмi қолданылатын.

Әйелдердiң, үй қызметшiлерi мен құлдардың, жасы кәмелетке тол маған балалардың куәгер болуына, ант iшуiне рұқсат етiлмейтiн. Мiнезқұлқы нашар адамдар да куәгерлiкке алынбайтын. Бұрын өтiрiк куәлiк бергенi белгiлi болған адамдар да куәгер бола алмайтын.

Куәгерлер арнайы адам жiберiп, жасауыл арқылы алдырылатын. Жасауылдардың еңбегiне төленетiн ақы күнәлi жақтың есебiнен өн дiрiп алынатын. Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлiгi олар ант iшпейақ қабылдана беретiн.

3. Ант iшу. Билер сотының тағы бiр артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткiлiксiз жағдайда ақылдастар алқасының көме


гiне жүгiнетiн болған. Ақылдастар алқасы айыпкердi жақсы бiлетiн, оның адал да әдiл руластарынан тұратын болуы тиiс едi. Олар өзде рiнiң адалдығына ант iшiп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын. Ант iшу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бiрдей қолданылды.

Ант iшкiзу үшiн әлдебiр биiк жота, атабабалар зираты, сондай ақ көлдiң немесе өзеннiң көрiктi жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбiр адам шамамен мынандай мазмұнда ант iшетiн болған: «Егер мен жалған куәлiк айтатын болсам, онда менiң жазамды бiр Құдайдың өзi беретiн болсын, екi дүниеде де жақсылық көрмейiн, бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын». Ант iшудiң екiн шi бiр түрi мылтық ұңғысын сүю едi. Ал үшiншi түрi бойынша, ант iшушiнi атабаба зиратын үш рет айналдырып өткiзген. Қолға Құран ұстап та ант берген.

4. Жазаның түрлерi: жер аудару, айып салу, құн тHлету, дүре соғу және Hлiм жазасына кесу. Қазақтарда жазаның түрлерi жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлiм жазасына кесу болатын. Бiрақ өлiм жазасы сирек қолданылатын. Түрме және еркiнен айыру орындары мүлде болған емес.

Айыптыға ауылдан жер аудару жазалары да қолданылды. Қыл мыскерден туғантуыстары мен руластары безiнiп, араласпай қоя тын. Әдетте жер аударылғандар кеңбайтақ даланың бiр қиыр ше тiнде, елден жырақ тұратын. Қылмыс жасады деп айыпталған және ол айыбы билер сотында дәлелденген қылмыскерлер айып не құн төлейтiн. Айып дегенiмiз жасаған қылмысы үшiн материалдық не ақшалай құн төлеу. Қазақтарда кiнәлi адамның атшапан айып төлеуi атам заманнан берi бар болатын. Онша ауыр емес, жеңiл желпi қылмыс жасаған адам талапкердiң қалауы бойынша жаза дан атшапан айып төлеп те құтылатын. Ал ауыр қылмыс жаса ған адамдар мал есебiмен «тоғыз» төлейтiн. Мәселен, «Түйе бас таған тоғызға» үш түйе, үш сиыр, үш қой кiретiн. Ұрлық жасаға ны ашылып, масқара болған адамға әрқайсысында тоғыз бас мал болатын «Үш тоғыз» айып салынатын.

Адам өлтiргенi немесе дене мүшесiне жарақат салып, мүгедек еткенi үшiн құн төленетiн. Адам өлтiрген адам өлiм жазасына да кесiлетiн. Бiрақ бұл жазадан құн төлеу арқылы құтылуға болатын. Құн төлеген жағдайда қылмыскерден кек алуына жол берiлмейтiн. Құн төлеудiң шарты мен мерзiмiн екi жақ барынша қатаң келiсiп алатын. Ер адамды өлтiргенi үшiн 1000 қой немесе 100 жылқы, неме се 50 түйе құн төленетiн. Ал әйелдi өлтiргенi үшiн төленетiн құн мұның жарты мөлшерiндей аз болатын. Күйеуiн өлтiрген әйелдiң де өлiм жазасынан құн төлеп құтылуына болатын едi. Бiрақ бұл үшiн оның өлген күйеуiнiң туғантуысқандары кешiрiм жасап,


ризашылық келiсiмiн беруi шарт саналатын. Мұндай жағдайда қыл мыскер жазадан құн төлеу арқылы құтылып кете алатын.

Егер бiреу қажеттi қорғаныс үстiнде қарсыласын өлтiрiп алса және мұны көзiмен көрген куәгерi болса, онда ол құнның жарты мөлшерiн төлеуге тиiс болатын. Ондай куәгерi болмаса, онда толық мөлшерiнде құн төлейтiн. Жартылай құн бiреудi байқаусызда өлтiрiп алған жағдайда да төленетiн болған. Егер айыпкердiң құн төлейтiн дей малы болмаса, онда оны ағайындары, тiптi рулы елi төлейтiн.

Адам өлтiрген қылмыскердi жасырған және оның қашып кетуiне көмектескенi үшiн күнәлi болған адам өлген адамның құнын өзi төлейтiн. Барымта кезiнде кiсi өлтiрген қылмыскер де құн төлеуi тиiс болатын. Кiмдекiм ұрыны, қарақшыны немесе кiсi өлтiрген қылмыскердi өлтiрсе, оған ешқандай жаза қолданылмайтын.

Қазақтар кейбiр жағымсыз қылықтар, бұзақылық жасаған адамға қамшымен немесе солқылдақ көк шыбықпен дүре соғу жазасын қол данатын. Күнәлi адамға оның жасаған қылмысының қаншалықты ауыр не жеңiл екендiгiне қарай 25, 50,100 дүре соғу жазасы белгiле нетiн. Gтiрiк әңгiме таратқан адамға да қамшымен дүре соғу жазасы қолданылатын.

Егер баласы әкесiне тiл тигiзiп, балағаттаса немесе әкесi мен шешесiнiң бiреуiне қол жұмсап, ұрыпсоқса, онда ол баланы қара есекке немесе қара сиырға терiс мiнгiзетiн. Мойнына құрым киiз байлап, ауылауылды аралататын. Оны көргендер жерге түкiре жиiркенiп, қамшының астына алатын. Дүрелеп жазалау барша жұрттың көзiнше орындалғандықтан, ол ең масқара әрi ел бетiне қарай алмайтын ұятты ауыр жаза болып есептелетiн. Дүре соғу қоғамдық тәртiптi сақтаудың, қазақтардың ежелгi әдетғұрыптары мен дәстүрлерiн құрмет тұтудың сенiмдi құралы болып келдi.

Егер кiмдекiм өзiнiң дiнiнен безiп, христиан дiнiн не басқа бiр дiндi қабылдайтын болса, онда оның туғантуысқандарының бүкiл малмүлкi талантаражға салынып, бөлiп әкетiлетiн. Дiннен безу әр бiр отбасы, ру, тайпа үшiн ең масқара қылықтардың бiрi саналатын. Дәстүрлi қазақ қоғамында өзiнеөзi қол салып өлген адам туралы жақсы лебiз айтылмаған. Gзiнөзi өлтiрген адамды жалпы зираттан қырық қадам алыс жерлейтiн. Оның жаназасы шығарылмайтын, ас

берiлмейтiн, еске алу рәсiмi де жасалмайтын.

ХVIII ғасырда билер сотының үкiмiмен қылмыскер деп табылып, өлiм жазасына кесiлген адам үкiм орындалар алдында ханға қарап:

«Дат, тақсыр!» деуге құқықты болатын. «Датың болса айт!» дейтiн хан. Қылмыскер өзiнiң ең соңғы қалауы мен өтiнiшiн айтып қалатын. («Дат» парсы тiлiнде «Әдiл заң, әдiлдiк, өтiнiш» деген мағына бередi). Әдетте хан ауыр қылмыс жасаған айыпталушының ең соңғы өтiнiшiн қанағаттандыратын.


Құдай жолынан безiнгендердi таспен атып өлтiретiн. Gз ту ыстарына үйленiп, қан араластырғандар да өлiм жазасына кесi летiн болған.

Қазақтардың әдет заңы бойынша жетi атаға жетпейтiн туыстар дың некесiн қиюға үзiлдiкесiлдi қатаң тыйым салынған.

5. Барымта. Би сотының жиiжиi қарайтын iстерi көбiнесе барым таға байланысты болатын. Дәстүрлi қазақ қоғамында өзге бiреудiң төлемей кеткен қарызы үшiн оның малын не мүлкiн тартып әкету барымта деп аталады. Сот үкiмi орындалмай қалған жағдайда да ба рымта жасауға болатын.

Дала тұрғындары арасында күштi рудың адамдары адам өлтiргенi үшiн құн төлеуден, бiреуге тiл тигiзiп, қорлағаны үшiн айып төлеуден бас тартып кете беретiн жағдайлар да болып тұратын. Олар тiптi билер сотының алдына баруды да өздерiнше ар санайтын. Мiне, мұн дай жағдайда қорланған рудың ақсақалдары қабылдаған шешiм бо йынша барымта басталатын. Сөйтiп кiнәлi жақты өздерiнiң айтқаны на көнуге мәжбүр ету көзделетiн. Екi жақ өзара тiл табысып, келi сiмге келгеннен кейiн барымтаға алынған мал иесiне қайтарылатын. Барымта ашықтанашық та, жасырын түрде де жасала беретiн. Ба рымта жасырын түрде алынған жағдайда барымташы жақ мал иеле рiне үш күннiң iшiнде ресми түрде хабар беруге мiндеттi болатын. Ал бұлай етiлмеген жағдайда барымтада кеткен мал ұрланған мал деп есептелiнетiн. Барымта кезiнде екi жақтың бiрбiрiмен қарулы қақтығысы болып, адамдар жараланатын, тiптi өлiмге де ұшырап жататын. Кейде барымтаға бүкiл болыс түгел қатысатын. Ресей әкiм шiлiгi барымтаны қылмысты iстердiң бiрi деп бағалады.

6. Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн

шектеуi. Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделi зор болатын. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстардың өздерi де империялық соттан гөрi қазақтың билер сотына жүгiнгендi артық санады. Мәселен, мынадай бiр елеулi оқиға туралы айта кетуге бола ды: 1865 жылға дейiн Көкшетау сыртқы округiнде орыстар 117 рет билер сотына шағым түсiрген. Билер сотының артықшылығын қазақ тардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен айналысқан орыс зерт теушiсi А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды:

«Билер соты ашық және барынша әдiл жүргiзiледi. Сондықтан да оны қазақтар ғана емес, орыс зиялылары да, казактар да құрметтейдi, олар дың көпшiлiгi билер сотына барып шағынады». Патша үкiметi ХIХ ғасырдың 20–90жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Gйткенi билер соты отаршыл өкiмет орындарының жалпыимперия лық басқару тәртiбiн енгiзуiне көп кедергi келтiрген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкiлдерi билер сотының бұрынғы қал пында өзгерiссiз қала беруiн жақтады. Мәселен, қазақтың көрнектi ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға бердi.


?
1. Билер, билер соты және олардың жергiлiктi тұрғындар өмiрiнде қандай рөл атқарғаны туралы айтып берiңдер. 2. Куәлер қалай тағайындалды?

3. Сот барысына қатысушылардың ант iшу рәсiмiн қалай орындағаны туралы осы параграфта сөз болатын мәтiндi табыңдар. 4. Қазақтарда жазаның қандай түрлерi қолданылды? 5. Барымта дегенiмiз не? 6. Патша үкiметi қазақтардың дәстүрлi билер сотына қатысты қандай саясат ұстанды? 7. Билердiң пайда болуы мен қалыптасуы туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 8. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, белгiлi қазақ билерiнiң қызметi, олардың тапқырлығы мен шешендiгi туралы әңгiме айтыңдар.

 

*
Айып – қылмыс жасап, жазалы болғандығы үшiн заттай не ақшалай төленетiн ақы.

Барымта – жауласқан екi рудың бiрiнiңбiрi малмүлкiн күшпен тартып алып, кек қайтаруы.

Құн – кiсi өлтiрген адам тарапынан төленетiн төлем.

 

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835–1865) – аса көрнектi қазақ ғалымы.

 

«Билер сотының ең басты артықшылығы, бiздiң ойымызша, онда нем

құрайлылық пен қандай да болсын кертартпа ескiшiлдiктiң жоқтығында болып табылады. Бидiң билiк кесiмi оның беделiне негiзделген және бұл атақ оған сот iстерiне қатысуға берiлген патент саналады. Жүгiнетiн бидi таңдау... оларды сайлап қою тәртiбiн толық алмастыра алады, тiптi әдетте ондай сайлау өткiзу кезiнде көзделген мақсаттан да жақсы нәтижеге қол жетер едi. Бiздегi билер қазiр сот iсiмен өздерiнiң бойына бiткен табиғи қабiлетi бойынша айналысады және өздерiнiң беделi мен атақдаңқына дақ түсiрмеуге тырысады. Егер олар сайлап қойылатын шенеунiктерге айналатын болса, онда қай жағынан алсақ та, қазiргi басшыларымызға ұқсап шыға келер едi, жұрттың бәрiнен болмашы нәрселердi сылтауратып пара алуды және өзi де басқалардың бәрiне пара берудi үйренер едi... Ондай арам ойлы би қазiргi жағдайда ешқандай даудамайсызақ назардан тыс қалар едi».

Уәлиханов Ш.Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. Алматы,1985, 4 том, 93бет.

 

1. Билер сотының ең басты артықшылығы неде едi? 2. Билер неге

өздерiнiң беделi мен атақ даңқына дақ түсiрмеуге тырысты? 3. Билердi ресми түрде сайлап қойған немесе тағайындаған жағдайда қандай қауiптiң төнуi мүмкiн едi?


 

 

Екiншi бHлiм. ХIХ ҒАСЫРДЫҢ БIРIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТIКЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

§14. Б]КЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1801 жылы Едiл мен Жайық аралығына Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi көшiп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейiн өмiр сүрдi.

1. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетiне Hтуiнiң негiзгi себептерi. ХVIII–ХIХ ғасырлардың аралығында Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi Жайықтың оң жағалауына өз беттерiнше жаппай көше баста ды. Мұның бiрнеше негiзгi себептерi бар едi. Бiрiншiден, шекара ше бiне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тапшылық көрдi. Патша үкiметi олардың жер жөнiндегi өтiнiштерiне құлақ аспады. Мұның өзi орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көте рiлiстер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшiп кету ықтималдығы пайда болды. Екiншiден, қазақтар өздерiнiң бұрынғы атақонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептiң iшкi жағында қалып қойған болатын.

1771 жылы Едiл қалмақтарының елеулi үлкен тобы Шыңжаңға көшiп кеткеннен кейiн Едiл мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды. Үшiншiден, Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс күшпен басыпжаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетiлiп, қуғынсүргiн жиiлеп кеттi. Төртiншiден, Е. Пугачев пен С. Датұлы бастаған көтерiлiстер аяусыз басыпжаншылғаннан кейiн патша үкiметi бұрыннан белгiлi «бөлiп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципi бойынша бiртұтас Кiшi жүздi әлсiретуге тырысып бақты. Әбiлқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бiрнеше топтың арасында тақ таласын шиеленiстiре түстi. Хан тағынан негiзгi үмiткерлердiң бiрi Бөкей сұлтан болатын. Бiрақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кiшi жүздiң ханы болып шыға келдi. Шыңғыс ұрпақтарының арасын дағы қарымқатынас шиеленiсе түстi. Мұндай жағдайдан шығудың бiрденбiр жолы Жайықтың оң жақ бетiне көшiп бару ғана қалды. Бұл Шыңғыс ұрпақтары мен шекара өңiрi тұрғындарының мүддесiне сай келетiн едi.

2. БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң

жақ бетiне жаппай Hтуi. 1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императоры


 

 

Iшкi Орда аумағы.

 

ның атына хат жазды. Хатында өзiнiң қол астындағы қазақтардың бiр бөлiгiнiң Жайықтың оң жақ бетiне көшiп баруына рұқсат сұрап, өтiнiш жасады. 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдiң жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтар дың Жайықтың оң жақ бетiне көшуiне рұқсат етiлдi. Бөкейдiң өзiне Ресей императорының суретi бар алтын медаль тапсырылды.

Көшiп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бұл аймақ Iшкi Орда деп аталды. Iшкi Орда батысында Астрахан, солтүстiгi мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектестi, оңтүстiгi мен оңтүстiкшы ғысында Каспий теңiзi мен Жайық шекара шебiне барып тiрелдi. Әкiмшiлiк тұрғысынан алғанда Iшкi Орда Орынбор шекара комис сиясына бағынышты болды. Бiрақ оның орналасқан аумағы Астра хан губерниясына қарайтын.

1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшiп барды. Олардың басым көпшiлiгi таяуда ғана болып өткен көтерi лiске қатысқандар едi және қазақ қоғамының ең кедей бөлiгi болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсеттi. Ол тiптi халық арасында атақонысқа көшу жөнiнде ықпалды үгiт жүргiздi. Жайықтың оң жа ғына көшiп барғандардың 15 мыңға жуығы кейiнiрек оның жақтас тары болып шықты.


 

Жәңгiр хан.


Жайықтың оң жағалауына көшiп барушы лардың саны бiртебiрте арта түстi. Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бiрдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесi бойынша, Iшкi Ордада 207 мың қазақ болды. Кейiнiрек қазақтардың Ресеймен шека ралық шептiң iшкi жағына өтуiне тыйым са лынды. Сонымен қатар қазақтардың кеңбай тақ қазақ даласына қайтып келуiне де рұқсат берiлмедi. Далалық қазақтардың да Iшкi Ор даға өтуiне шек қойылды. Аймақ тұрғындары негiзiнен мал шаруашылығымен айналысты. Климаттықтопырақтық жағдай жер кәсiбiмен шұғылдануға мүмкiндiк бермедi.


1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берiлдi. Жартылай

тәуелдi жаңа мемлекеттiк құрылым ендiгi жерде Бөкей хандығы (Iшкi Орда) деген атқа ие болды. Патша үкiметi келешекте одан империяға толық тәуелдi мемлекеттiк құрылым жасамақ ниетте едi. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушiсi Жәңгiрге үлкен үмiт артылды.

3. Жәңгiрдiң билiк басына келуi. Бөкей хандығының негiзiн қала ған Бөкей хан 1815 жылы қайтыс болды. Ол өзiнiң көзi тiрiсiнде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлiкпен иелену құқығын белгiлеп, бекiтiп қойған едi. Оның өсиетi бойынша, хан тағы оның ұлы Жәң гiрге қалдырылған болатын. Бiрақ ол небары 14 жаста едi. Сондық тан ол ержетiп, кәмелеттiк жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан билеп тұрды.

Жас мұрагердi тәрбиелеудi патша шенеунiктерi өз қолдарына алды. Жәңгiр ержетiп, кәмелеттiк жасқа толғанша Астрахан губер наторы Андреевскийдiң үйiнде тұрды, сол кездегi үлгiлi саналатын бi лiм мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейiн жан жақты толық әзiрлiктен өткен билеушi болып та үлгерген едi. Жәң гiр қазақ тiлiмен қатар орыс, араб және парсы тiлдерiн бiлдi. Ол Қазан университетiнде жиi болып тұратын. Жәңгiрдiң университетте болған сапарларының бiрiнен кейiн ондағы жергiлiктi ғалымдар «Қа зақ ханы Жәңгiрдiң Қазанда болуы» деген кiтап жазды. Жәңгiр Қазан университетiнiң кiтапханасына араб, парсы және түркi тiлдерiнде жазылған ежелгi 6 құнды қолжазба тапсырды.

Жәңгiр 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орта лығы – Хан ордасының негiзiн қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлiгiнде салынды. Хандыққа бiртұтас басшылық осы жерден жүргiзiлдi. Ханның үлгiсi бойынша және оның тiкелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады. Жәңгiр хан билiк басында болған уақыт қазақтардың бұрынғы дәс



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: