Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 12 глава





түрлi тұрмысына елеулi өзгерiс жасалған, хан билiгi күшейген, ислам дiнiнiң ықпалы артқан, тауарақша қатынастары айналымға енгi зiлген маңызды кезең болды.

4. Аймақтағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси даму барысында ғы Hзгерiстер. Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жанжағынан қоршауы жағдайында өмiр сүрдi. Олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлiнiп қал ды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың әлеуметтiкэкономика лық және саяси өмiрiнде бiрқатар елеулi өзгерiстер қалыптаса бас тады. Ондай жаңалықтардың енгiзiлуiне көбiнесе Жәңгiр ханның өзi бастамашы болды.

Бiрiншiден, мұнда аймаққа басшылық етудiң кейбiр өзiндiк ерек шелiктерi қалыптаса бастады. Gйткенi Жәңгiр ханның толық iшкi автономиясы және өз алдына дербестiгi сақталды. Оның қолына бү кiл әкiмшiлiк және сот билiгi шоғырландырылған едi. Жәңгiрдiң тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекеле ген сұлтандар билептөстедi. Рубасылары мен старшындарды ханның өзi тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын са лықтың есебiнен төленетiн. Зекет және соғым ретiндегi бұрыннан бар төлемдер ендi «мал басына салынатын салық» деп аталатын бiр тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркiмнiң меншiгiндегi мал басы үш жылда бiр рет есепке алынып отырды. Gзiнiң жеке билiгiн ны ғайта түсу үшiн хан сот билiгiн өзi қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық iстер қаралатын сот iсiне ханның өзi тiкелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешiмi мен шығарған үкiмi жөнiнде шағым жасауға рұқсат етiлмедi. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жiберуге, қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтiруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыс тық iстер бойынша ғана шағым жасауға рұқсат етiлетiн. Ал мұндай қылмыстық iстердi Орынбор шекаралық комиссиясы ғана берiлген шағым бойынша қайта қарай алатын. Неғұрлым ұсақтүйек iстердiң тағдыры билер сотында шешiле беретiн. Жәңгiр хан билер сотының өкiлдiгiне едәуiр шек қойды.

Аймақ билеушiсi «тархандық» жүйесiн енгiздi. Тархан атағын ал

ғандарға жер берiлдi. Олар хан салығынан, қоғамдық мiндеткерлiк тен, айыпжазалардан босатылды. Атақ мұрагерлiкке қалдырылып отырылды. Тархандар Жәңгiр ханның сенiмдi тiрегiне айналды.

Екiншiден, Iшкi Ордада жер учаскесiн жеке меншiкке беру кеңi нен орын алды. Бiрақ Кiшi жүздiң далалық бөлiгiнде мұндай тәртiп атымен жоқ едi. Ханға, оның туғантуыстарына, сұлтандарға, билер ге, қожаларға және старшындарға ең шұрайлы жақсы жер телiмдерi олардың қалағанынша мол мөлшерде берiлдi. Мәселен, Жәңгiр хан ның өзiнiң жеке меншiгiнде 400 мың десятинаға жуық жерi болды. Оның бауыры Меңдiгерейдiң жеке меншiгiнде де осыншама жайы


 

 

Диiрмен тарту.

 

лымдық жерi бар едi. 25–30 iрi жер иеленушiнiң қолына хандық тағы бүкiл жер көлемiнiң 85 пайызы шоғырланды. Мұның өзi кейiн нен халық көтерiлiсiне барып соқтырды.

Үшiншiден, Бөкей хандығы қазақтарының арасында жердi жалға беру кеңiнен орын алды. Жердiң жетiспеушiлiгiнен қазақтар жыл жижылжи көршiлес Астрахан губерниясының аумағына дейiн шы ғып кеттi. Каспийдiң жағасына дейiн барып жеттi. Қазақтар Каспий дiң жағасындағы бос жатқан жер телiмдерiн жалға ала бастады. Төр тiншiден, жердiң сатылуы мен сатып алынуы, жердi қауымдасып пайдалану жүйесiнiң бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмiр салтына көшу үрдiсiн күшейттi. Бесiншiден, Бөкей хандығында, Кiшi жүздiң басқа бөлiгiндегiге қарағанда оның бiр айырмашылығы – онда саудасаттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгiр хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесiн ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ұйымдастырылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерi нiң малын тиiмдi айырбастауды және сатуды үйрендi.

Саудасаттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы

да оңтайлы ықпал еттi. Жәңгiр хан сауда жасау iсiне қолдау көрсетiп, көтермелеп отыру саясатын жүргiздi. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлердi тарту үшiн оған төленетiн баж салығын ең төмен мөл шерде белгiледi. Сату және сатып алу iсiнде жазбаша келiсiмшарт тар жасасу, тiлхаттар беру тәртiбiн енгiздi. Ханның қол астындағы адамдардың өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, орыс көпес терiне оның өзi кепiлдiк беретiндiгiн мәлiмдедi. Сөйтiп Iшкi Орда қысқа мерзiм iшiнде Ресейдiң еуропалық бөлiгiне мал және мал өнiмдерiн бере алатын iрi орталыққа айналды.

5. Жәңгiр ханның мәдениағарту саласындағы қызметi. Хан өзiнiң қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениетi мен бiлiмiн енгiзу, өлкеде ислам дiнiн дамыту саласында қыруар жұмыстар ат қарды. 1835 жылы Жәңгiр ханның тiкелей нұсқауы бойынша мешiт


ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз мiндеттерiн қоса атқарды. Хан Аллаға қалай құлшылық етудiң үлгiсiн өзi бас болып үйреттi. Ресей дiң зерттеушi ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда, «хан бiрдебiр рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бiрге мешiтке барып тұрған, рамазан айындағы ораза кезiнде онда таң атқан ша болып жүрген». Ол өз қаражатына дiни кiтаптар басып шығартты. 1841 жылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Мектепте орыс, араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, география, тарих, дiнтану пәндерi де оқытылды. Жәңгiр хан ондағы шәкiрттердiң тiзiмi мен сабақ үлгеру бағаларын жылы на үш рет өзi қарап, тексерiп отырған. Ол мектептiң бүкiл шығы нын өз қаржысының есебiнен өтеген. Жәңгiр хан қазақ балалары ның Ресейдiң оқу орындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ. Сонымен қатар балаларды СанктПетербургта, Мәскеуде, Астра ханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзi көп күшжiгер жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қол астындағы халықтың ба лаларын оқыту үшiн Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берiлуiне қол жеткiзген. Бөкей Ордасына барып оқығандар дың бiрқатары кейiнiрек көрнектi инженерлер, орманшылар, әске

ри қызметшiлер, ғалымдар ретiнде даңққа бөлендi.

Жәңгiр хан барлық жерде iс қағаздарын жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жеке өзiнiң мұрағат қызметiн құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Оның күш жiгер жұмсауы арқасында Iшкi Ордада аурухана және дәрiхана ашылды.

Ол далалық жағдайда бiрiншi болып Iшкi Орданың топонимика лық және географиялық картасын жасатты. Жәңгiр хан аң аулауды өте жақсы көрдi. Ол қаружарақ палатасын ашу жөнiнде де бастама көтердi. Бiрақ оны жасау ұзақ жылдарға созылды. Онда сирек кезде сетiн қаружарақ түрлерi, соның iшiнде орыс патшаларының қазақ хандары мен сұлтандарына сыйға тартқан мылтықтары мен қылыш тары да болды. Палатада қымбат бағалы, әшекейлi ертұрмандар, ат әбзелдерi, жүгендер, сауыттар, дулығалар, қалқандар сақталды. Қаружарақ палатасында Жәңгiр хан өзi бас болып, экскурсиялар өткiзiп тұрды, тiптi Хан ордасы жанындағы мектептiң оқушыларынан өзi емтихан қабылдап та жүрдi.

Белгiлi зерттеушi М. Бабажанов ханның енгiзген жаңалықтары туралы былай деп жазды: «Петербург, Орынбор, Мәскеу, Астрахан және Саратов қалаларына барған сапарларында хан өзiмен бiрге бiраз адамды жанына ертiп жүрдi. Ондағы мақсаты өзге елдiң жетiстiктерiн қазақтарға өз көздерiмен көрсету едi... Хан Ордаға ағаш шеберлерiн, алтынкүмiс зергерлерiн, темiр ұсталарын шақыр тып, қазақ балаларын шәкiрттiкке бердi». Хан мерекелерде Ордада


отшашулар ұйымдастырды, хайуанаттар бағын шақырды. Ол үйiне бильярд орнатты. Ордада iшiмдiк iшуге үзiлдiкесiлдi тыйым салды. Бөкей хандығының билеушiсi көшпелi қазақтардың отырықшы лық өмiр салтына көшуiн қолдап, көтермелеп отырды, шөп шабуды үйреттi. Ол мал тұқымын асылдандыру iсiне де белсене араласты. Осы мақсатпен Кавказдан және орыс зауыттарынан асыл тұқымды жылқылар алдырды. Олардың бiрқатарын төңiрегiндегiлерге сыйға тартты. Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен ауыл шаруашылық құрал саймандарын көптеп жеткiзуге нұсқау бердi. Жәңгiр ағаш отырғызу iсiне көп көңiл бөлдi. Оның тiкелей нұсқауы бойынша 50 мың гек тар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдiрген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтiп

бiр кездегi құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.

Жәңгiр ханның прогресшiл мемлекет қайраткерi ретiнде сiңiрген еңбектерi елеусiз қалмады. Ол Бөкей хандығын басқару iсiндегi же тiстiктерi үшiн 1дәрежелi Қасиеттi Анна орденiмен марапатталды. Жәңгiр хан генералмайор шенiне ие болды, Қазан университетi Ғылы ми кеңесiнiң құрметтi мүшесi болып сайланды. Орыс императоры өз құрметiнiң белгiсi ретiнде оған арнайы жасатылған күйме мен сәйгүлiк сыйлаған.

6. Жәңгiр хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның отбасында екi әйелi, алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгiрдiң төрт ұлы Ресей импера торының ақшалай жәрдемiн алып тұрды. Олардың бәрi де Импера торлық паж корпусында арнаулы курстарда оқып, сол кездегi ең тамаша бiлiм алып шықты.

Жәңгiр қайтыс болғаннан кейiн Едiл мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкiметi Iшкi Орданы Ресейдiң отар шылдық басқару жүйесiне енгiзу саясатын жүргiзе бастады. Iшкi Орданы басқару үшiн Әдiл сұлтан (Бөкейдiң ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтан дар тобынан екi өкiл және мемлекеттiк мүлiк министрлiгiнен бiр кеңесшi ендi. Кейiннен Уақытша кеңестi басқару үшiн Ресей ше неунiгi тағайындалды. Сөйтiп патша үкiметi бұл аймақтағы отар шылдық әкiмшiлiктiң жағдайын нығайта түстi. 1872 жылы Iшкi Орда Астрахан губерниясының құрамына берiлдi.

7. БHкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны. Iшкi Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тари хында орасан зор рөл атқарды. Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгiнiң күшжiгер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенiнiң оң жақ бетiндегi өздерiнiң бұрынғы атамекенiне қайта қоныс аударды. Бекiнiп алу ының, кейiнiрек дәстүрлi қазақ жерiнiң бiр бөлiгiн бiржола иемденiп қалуының сәтi түстi. Жәңгiр хан Iшкi Ордада хан билiгiн сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттiлiгiнiң 1845 жылға дейiн өмiр сүруiн қамтамасыз еттi. Жәңгiр ханның ағартушылық және ре


форматорлық қызметiнiң арқасында Едiл мен Жайық арасындағы қазақтар өздерiнiң әлеуметтiкэкономикалық және мәдениағарту салаларында елеулi табыстарға қол жеткiзе алды.

Аталмыш шаралардың арқасында Ордада қылмыс жасау деген атымен болған жоқ. Мәселен, 1889 жылы Бөкей Ордасында 322014 адам болса, олар тарапынан бiрдебiр iрi қылмыс оқиғасы тiркел меген. Сонымен қатар жер мәселесiнiң асқынуы И. Тайманұлы мен М. Gтемiсұлы бастаған халықазаттық көтерiлiске алып келдi.

 

1.

?
Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшуiнiң негiзгi себептерiн атап шығыңдар. 2. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өту үрдiсi қалай жүрдi? 3. Жәңгiр хан туралы әңгiмелеп берiңдер. 4. Жәңгiр хан басқа рып тұрған жылдары қандай елеулi өзгерiстер болды? 5. Хан қандай мәдени ағарту жұмыстарын жүргiздi? 6. Жәңгiр хан қайтыс болғаннан кейiн Бөкей Ордасында қандай өзгерiстер орын алды? 7. Осы параграфтың 6тармағын қалай деп атауға болатынын ойластырыңдар. 8. Жәңгiр хан қазақтардың эко

номикалық, қоғамдық және рухани өмiрiнде қандай рөл атқарды?

*
Мешiт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын, Аллаға сиына тын орны.

Зайырлы – дiни емес, азаматтық өмiр салты.

 

Жәңгiр хан Бөкейұлы (1801–1845) – Бөкей Ордасының ханы.

 

«Жәңгiр ханның жақсылығы қай жағынан болса да еске алуға тұрар лық. Ол мұсылманшылықпен қатар нағыз ағартушылық iсiн де қолға алды. Бұл ретте ол қандай мақсат көздесе де, ең бастысы халық ағарту iсiнiң бастамашысы бола бiлдi. Жәңгiр ханның қағаздарын ақтарып оты рып, мен олардың арасынан... ресми хатты тауып алдым. Оны жол қатынас тары мен көпшiлiкке арналған ғимараттар басқармасының бастығы Г.К. жазыпты. Осы хаттан айқын көрiнетiнiндей, Жәңгiр тек өзiнiң балалары ның ғана емес, басқа да қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) балаларының еуропалық бiлiм алғанын қалаған... Осы хаттағы сияқты, Жәңгiрдiң ба сқа да қағаздарынан оның қырғыздар (қазақтар. – авт.) үшiн ғылым бiлiмнiң өте қажеттi әрi пайдалы екенi туралы кәмiл сенiммен бiрнеше рет қайталап айтқанын көруге болады. Мұндай нәрсе ордалықтарды бас қарып жүрген орыс шенеунiктерiнiң ойларына да кiрiпшықпайтыны таңғалдырады. Оларға бөкейлiк қырғыздардың сауатты болуы немесе са уатсыз қалуы бейне бiр мәнмағынасы жоқ әлдебiр нәрсе сияқты көрiне тiн болуы керек».

Алекторов А.Е. Қырғыздардың елiн, тарихын және тұрмыстiршiлiгiн

зерттеуге қажеттi материалдар. Орынбор, 1892.

 

1. Жәңгiр ханды ағартушы деп санауға бола ма? 2. Ол сендердiң ойла рыңша, қазақ балаларын оқытуға неге құштар болды?


§15. ҚАЗАҚТАРДЫҢ 1812 ЖЫЛҒЫРЕСЕЙДIҢ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ

ХIХ ғасырдың бас кезiне қарай шекара шебiне таяу аймақтар дағы қазақ және орыс халықтарының арасында достық қатынас тар қалыптаса бастады. Бұрынғы өзара атысшабыс бәсең тарт ты. Шекаралық аймақтардағы жәрмеңкелерде саудасаттық қыза түстi. Қарапайым қазақтар мен орыстардың арасында бiрбiрiмен тамыр болу кеңiнен етек алды.

Сонымен қатар жайылымдық жерлердiң көлемi елеулi түрде та рыла түстi. Мұның өзi мал өсiретiн дәстүрлi шаруашылық жүйесiн бiртебiрте бұза бердi. Кiшi жүз қазақтарының материалдық жағ дайы әлдеқайда нашарлай түстi. Шекара шебiне таяу қазақтар ашаршылыққа ұшырады. Қазақтар шекара шебiнiң iшкi жағына қа рай өтуге мәжбүр болды. Кейiнiрек онда қоныс аударған қазақтардың көпшiлiгi Ресейдiң 1812 жылғы Отан соғысына белсене қатысты. Олар орыс армиясы жағында француздарға қарсы ерлiкпен күрестi.

1. Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарындағы ашаршы лық. ХIХ ғасырдың бас кезiнде Кiшi жүздiң Ресеймен шекаралас аудандарында күрделi әлеуметтiкэкономикалық жағдай қалыптас ты. Жайықтың далалық жақ бетiнде құрғақшылық салдарынан шөп тiң шығымы нашар болып, мал қырыла бастады. Қазақстанның Ре сеймен шекаралас аудандарында тұратын қазақтар жайылым тап шылығын қатты тартты. Оның үстiне, Жайық казактары мен баш құрттар қазақ ауылдарына шабуыл жасауын үстiүстiне үдете түстi. Мiне, мұның бәрi шекаралық аймақтағы қазақтарды ашаршылыққа ұшыратты.

2. Қазақтарды Жайықтың iшкi жағына жiберу туралы 1808 жыл ғы жарлық. Қайыршыланған қазақтардың Жайық және Орынбор шекара шебiне шоғырлана топтасуы, жаппай ашаршылық Орын бор басшылығын шошындырмай қала алмады. Мiне, мұндай жағ дайда патша үкiметi бұрынсоңды болып көрмеген теңдесi жоқ қадам жасауға барды. 1808 жылғы 23 мамырда Орынбордың әскери губер наторы кiнәз Г.С. Волконскийдiң атына жолданған жарлық шығар ды. Ол жарлық «Орынбор шекара шебiне таяу көшiпқонып жүрген қырғыздарды (қазақтарды. – авт .) iшкi жаққа жiберу туралы» деп аталды. Жарлық бойынша қазақтарды Жайықтың оң жақ iшкi бетiне мынадай шартпен жiберу көзделдi: қазақтар iшкi жаққа өткен соң тек қана башқұрттардың, яғни мұсылмандардың арасына жайғасуы тиiс. Iшкi жаққа өткен әрбiр қазаққа жер телiмдерi берiледi және оны он жыл бойы «алымсалықтан, басқадай қызмет түрлерi үшiн төлемдерден» жеңiлдiкпен пайдалануына рұқсат етiледi. Iшкi жаққа қоныс аударушылар аң аулауға ғана жарайтын садақ пен жебеден


өзге ешқандай қаружарақ түрлерiн алып өтпейтiн болуы керек. Бұл жарлықтың шығуы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетiне жаппай өтуiн үдетiп жiбердi. 1820 жылы шекара шебiнiң iшкi жағына өткен қазақтардың жалпы саны мыңдаған адамға жуықтады.

Ол қазақтардың басым көпшiлiгi башқұрт кантондарында (әкiм шiлiкаумақтық бөлiнiс) тұрды. Тiптi «Байсақал» деген атпен қазақ ауылы да пайда болды. Онда 1818 жылы 300ге жуық қазақ тұрды. Олардың бәрi де башқұрттар қатарына өттi. Байсақалдықтар бейне бiр үлгiтәжiрибе қауымдастығы сияқты едi. Алайда олардың ара сында елеулi қылмыскерлер мен тәртiп бұзған жазықтылар да бар болатын. Солай бола тұрса да, олар егiншiлiкпен айналысатын оты рықшы өмiр салтына көшуде өзгелерге үлгiөнеге көрсете бiлдi. Орынбор мұрағатындағы материалдарға қарағанда, «олар өздерiне үйжай салып алған, мешiт пен училище ашқан, егiншiлiкпен айналыс қан, шамашарқына қарай мал да өсiрген». Қазақтардың көпшiлiгi башқұрттарға жалданып жұмыс iстеген. Ал башқұрттар белгiлi бiр ақы төлеу арқылы өздерiнiң орнына қазақтарды әскери қызмет боры шын өтеп қайтуға жiберуге тырысқан.

Қазақтардың iшкi жаққа қоныс аударуы оларды ашаршылық апатынан аман алып қалды, бiрақ олардың башқұрттар арасында топтасып, отырықшы өмiр кешуi қиыншылыққа түстi. Gйткенi қа зақтар мен башқұрттардың арасында 1755 жылғы оқиғаларға бай ланысты ескi қыжыл бар болатын. Башқұрт старшындары қазақ тарға жер телiмiн бөлiп бермеуге әрекет етiп бақты. Бiр жағынан башқұрттардың өздерi де жер тапшылығын сезiнуде болатын. Олар жерлерiн орыс помещиктерiне су тегiнге дерлiк жаппай са тып жiберген едi. Қазақтардың башқұрттар қатарына енуi оларды көп жылдар бойы әскери қызмет борышын өтеуге мiндеттi еттi. Оның үстiне, көшпелi қазақтардың бiтiмболмысы отырықшы өмiр салтына төзе алмайтынын да ұмытуға болмайтын. Олардың едәуiр бөлiгi өз даласына қайта оралды, ал қалғандары жалға жер алып, немесе башқұрттарға жалданып жұмыс iстедi. Кейiнiрек олардың көпшiлiгi француз басқыншыларына қарсы соғыста орыс армиясы жағында ерлiкпен шайқасты.

3. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы. 1812 жылы I Наполеонның армиясы Ресей аумағына басып кiрдi. Орыс халқы ның, Ресейдiң құрамындағы басқа да халықтардың француз басқын шыларына қарсы Отан соғысы басталды.

Патша үкiметi империя халқына үндеу таратып, Ресейдi қорғап қалуға шақырды. Ол үндеудiң мазмұны Орынбор өлкесiнiң губерна торы Г.С. Волконский арқылы сол жылдың күзiнде қазақ ауылдары на да жеттi. Манифест татар тiлiне аударылып, мұсылман халықта рына, соның iшiнде қазақ халқына да таратылды.

7—6903 97


Ресей мемлекетiн қорғау үшiн Орынбор өлкесi соғысқа 31 атты әскер полкiн аттандырды. Олардағы солдаттар әр түрлi халықтардың өкiлдерi: Орынбор казактарының 5 полкi, Жайық казактарының 5 полкi, башқұрттардың 19 полкi, тептярлардың 2 полкi едi. Қазақтар дың дербес әскери құрамасы жасақталған жоқ. Бiрақ қазақтар бұл соғысқа башқұрт және тептяр полктерiнiң құрамында қатысты. Шоқынған қазақтардың едәуiр бөлiгi Орынбор полктерiнiң құра мында болды.

Генерал М.И. Платовтың казак корпусының I Тептяр полкiнiң құрамында қазақтар француз басқыншыларына қарсы атақты Боро дино шайқасы кезiнде ерекше ерлiкпен соғысты. Осы шайқастағы ерлiгi үшiн қазақ жауынгерi Майлыбайұлы күмiс медальмен мара патталды. Ал старшина Қарынбай Зындағұлұлы көгiлдiр лентаға тағыл ған медаль алды. Ержүрек жауынгерлер Мұрат Құлшаранұлы мен Еркiн Азаматұлына хорунжий шенi берiлдi.

Француз басқыншыларына қарсы шайқастарда қатардағы жауынгер Боранбай Шашубайұлы мен жасауыл Ықсан Әубәкiрұлы да ерен ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Вьязма түбiндегi шайқаста көрсет кен ерлiгi үшiн I Тептяр полкiнiң жасауылы Сағит Хамитұлы үшiншi дәрежелi Қасиеттi Анна орденiмен марапатталды.

Башқұрт құрамаларының қатарында соғысқан Нарынбай Жанжi гiтұлы Георгий орденiне ие болды. Осы құраманың полктерiнде бас қа да қазақтар соғысты. Мәселен, Әмен Байбатырұлы Лейпциг пен Глогау түбiнде болған шайқастарда көрсеткен ерлiгi үшiн күмiс ме дальмен марапатталды. Олар орыс армиясының шетелдегi жорықта рына да қатысты.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: