Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 19 глава




 

1.

?
Ұлы жүздiң Ресейге қосылуына түрткi болған негiзгi себептердi атаңдар. 2. Ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына

өтудi өз ерiктерiмен қабылдауына не себеп болды? 3 Ұлы жүз қазақтары ның Ресейдiң қол астына өтудi қабылдау үрдiсi қалай жүрдi? 4. Ресей Қоқан қатынастарының шиеленiсе түсуiнiң негiзгi себебiн атаңдар. 5. Қо қанға қарсы соғыс науқаны қалай өттi? 6. Орынбор тарапынан әскери iлгерi жылжу қалай жүргiзiлдi? 7. Патша үкiметi әскерлерiнiң Орта Азия мемле кеттерiнiң аумағында соғыс қимылдарын одан әрi қалай жалғастырғаны туралы айтып берiңдер. 8. Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу ының негiзгi салдарлары қандай болғанын атап көрсетiңдер. 9. Ресей мем лекетi Жетiсуға қоныс аударған шараларды қалай көтермелеп, оларға қан дай қолдау көрсетiп отырды?


*
Қазы – билiк айтушы, төрешi. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы бiлетiн адам.

Пристав – Ұлы жүз қазақтарын басқару үшiн бекiтiлген лауазымды қызмет.

Арынғазы Әбiлғазыұлы (1833 жылы қайтыс болған) 1816–1821 жылдары билiк еткен Кiшi жүз ханы. Арынғазы қазақтардың Орта Азия хандықтарының шабуылдарына

қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырушы ретiнде белгiлi.

Әдiл Абылайұлы (т.ж.б. – 1815) – сұлтан. Жетiсудағы үйсiн, дулат тайпаларының бiраз бөлiгiне билiк еткен.

Колпаковский Герасим Алексеевич (1819–1896) – генералмайор, өмiрiнiң ба сым көпшiлiгiн Батыс Сiбiр мен Орта Азияда әскери қызметпен өткiзген. Алатау округiнiң және Ұлы жүз қазақтарының бастығы, Семей және Жетiсу облыстарының бастығы, сондайақ Дала өлкесiнiң генералгубернаторы болған.

 

№292. 1858 жылғы 7 маусым. – Сырдария шекара желiсiнiң команда

шысы генералмайор Данзастың Орынбор корпусының командирiне қа зақтардың Қоқан ханына қарсы көтерiлiсi туралы рапорты.

«Сарай кеңесшiсi Осмоловскийдiң хабарлауына қарағанда, Ташкент тiң билеушiсi Мырзахмет осы наурыз айында қоқандықтардан, сондай ақ қырғыздардан (қазақтардан. – авт.) жинап алған 3000 жауынгер сарба зымен бiрге Әулиеата бекiнiсiне келген. Мұнда ол билердi жинап алып, осында көшiпқонып жүрген қырғыздардан (қазақтардан) бұрынғыдай тек қой басынан ғана емес, сонымен қатар түйе, жылқы, iрi қара басынан алымсалық жинауды тапсырған.

Билер өз ауылдарына барып, Ташкент билеушiсiнiң бұйрығын ха барлағанда қазақтар Мырзахметке бағынудан бас тартқан. Ал Мырзахмет әр руға, оның әр тармағына 100ден, 200ден адам жiберiп, оларға елден зекет жинауды бұйырған. Зекет жинаушылардың озбырлығы соншалық ты, тiптi күйеуге шығатын әр қыз үшiн бiр дiлда алым төлеудi талап ет кен, олардың әдепсiз қылықтары елдiң намысына тиген. Қыздарды күйеуге шыққан өзге әйелдерден ажырату үшiн олардың емшегiн ұстап анықтауға дейiн барған. Мұндай шектен шыққан әдепсiз озбырлыққа төзе алмай, ашуызаға булыққан қырғыздар (қазақтар. – авт.) ең алдымен Ташкент билеушiсiнiң туған бауыры Мырзабидi, одан соң молданы, әскер басты ғын, зекет жинаушы басқа да бiрнеше адамдарды бауыздап өлтiрген. Бұған iлешала бүкiл Алатауды мекендейтiн қырғыздар (қазақтар. – авт.) қаңлы лар, дулаттар, бестамғалылар, сондайақ Қырғыз рулары да көтерiлдi. Олар Әулиеатаны, оған таяу маңдағы Шолақ, Ақсақата, Тоқпақ, Шелек сияқты басқа да бiрқатар бекiнiстердi қоршап алды. Ташкент билеушiсiн бекiнiсқамалға жасырынып, бас сауғалауға мәжбүр еттi».

ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақорыс қатынастары. Алматы, 1964, 440бет.

 

1. Қазақ халқынан алымсалықты кiмдер жинады? 2. Қоқандықтар

алымсалықтың қандай түрлерiн енгiздi? 3. Зекет жинаушылардың шек тен шыққан дөрекi озбырлықтары неден көрiндi? 4. Қазақтар мен қыр ғыздардың қоқандықтарға қарсы көтерiлiсi қалай аяқталды?


§23. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРТААЗИЯЛЫҚ ХАНДЫҚТАР МЕН ПАТША ҮКIМЕТIНЕ ҚАРСЫК]ТЕРIЛIСТЕРI

Ресей әскерлерiнiң Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiкшы ғыс аумақтары арқылы iлгерi жылжи түсуi, Хиуа мен Қоқан хан дықтары тарапынан үнемi шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлердi тартып алуы жергiлiктi қазақ халқының көтерiлiске шығуына себеп болды. Ол көтерiлiстер кезiнде халықтың қалың бұқарасын атақты батыр лар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтiбарұлы басқарды.

1. Сыр Hңiрi қазақтарының Орта Азия мемлекеттерiне қарсы кү реске шығуының себептерi. Арал теңiзi маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердiң бiрi Қоқан хандығы бол ды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкенттi, 1814 жылы Түркiстанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақмешiт бекiнiсi Сырда рияның оң жағалауына көшiрiлдi. Ақмешiт бiртебiрте сауда керуен жолдары үстiндегi аса iрi әскери бекiнiстердiң бiрiне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк, Атбасарға, Батыс Сiбiр қа лаларына өтетiн көпестердiң керуендерiн бақылап отырды.

Қоқандықтар Ақмешiт пен басқа да бекiнiстер аймағында кө шiпқонып жүрген қазақтардан жиналатын алымсалық түрлерiн ауырлатып жiбердi. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретiнде Қоқан үкiметiне 6 қой, 4 арба сексеуiл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиiс болды. Мұның өзi жергiлiктi тұрғындардың матери алдық жағдайын нашарлата түстi. Бұл мәселенi қоқандықтармен бейбiт жолмен келiсiм жасасу арқылы шешу әрекеттерiнiң сәтi түспедi. Сыр бойы қазақтарына қарсы бағытталған Қоқан өктемдiгiн тоқтату үшiн Қасым сұлтан мен оның ұлы Саржан сұлтан күш салып бақты. Бiрақ ол екеуi де қоқандықтардың қолы нан сатқындық зұлымдықпен қаза тапты.

Қоқандықтардың қазақ даласына зұлымдықпен шабуыл жасап тұруын тоқтату мақсатымен атақты хан Кенесары Қасымұлы Қоқан хандығының аумағына бiрнеше рет жорық жасады.

Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерiн Хиуа хандығы да жаса ды. Мәселен, 1835 жылы ол Қуаңдария өзенi бойында Құртөбе әске ри бекiнiсiн салды. Ондағы әскери гарнизонда 200 солдат болды. Ал Сырдария өзенiнiң сол жағалауында Қожанияз және Жаңақала әскери бекiнiстерi бой көтердi. Шекара шебiне таяу тұратын қазақ тардан зекет, ұшыр және басқа да алымсалық түрлерiн жинап алу үшiн Хиуа хандығы оларға мезгiлмезгiл әскери жасақтар жiберiп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырыпжойып, тонап кетiп жүрдi. Қазақтардың әйелдерi мен балаларын күң және құл ету үшiн айдап әкеттi. Хиуа ның iрi шапқыншылықтарының бiрi 1847 жылы болды. Ол жолы


Хиуаның 1500 сарбазы бар әскери қолы жергiлiктi қазақтардың 1000нан астам шаруашылығын тасталқан етiп, ойрандап кеттi. Ал келесi жылы қазақтардың 2500ден астам отбасы тап осылай ой рандалып, тонауға ұшырады. 500ге тарта қазақ қаза тапты. Көптеген адам тұтқын болып, құлдыққа сатылып кеттi.

Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтар дың бiр бөлiгi Қарақұм мен Ырғыз өзенi жаққа көшiп кеттi. Хиуа лықтар мен қоқандықтардың езгiсiне төзгiсi келмеген Сыр бойының қазақтары өздерiнiң бостандығы жолындағы күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейiнiрек Ресейдiң әскери күштерiнiң орналаса бастауына қарсы ұлтазаттық күресiн халық арасынан шыққан белгiлi батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774–1860) басқарды.

2. Жанқожа батырдың Хиуа мен Қоқанға қарсы күресi. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзiнiң бүкiл өмiрiн Арал маңы қазақтарының тәуел сiздiгi жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кiшкене шектi руының басшысы едi. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлiгi және қањармандығы үшiн құрмет тұтты. Оның ерекше қара күшi де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар едi. Сыр бойы ның қазақтары оны ақылды әрi әдiлеттi би ретiнде таныды. Батырдың өзгелерден бiр ерекшелiгi ол дiнге берiлген иманды кiсi едi. Белгiлi ғалым әрi қоғам қайраткерi М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрi би, қазақтардың бостанды ғы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хи уалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастар дың бiрiнде ол өзiнiң соңына түсiп, қуып келе жатқан хиуа жасақта рын жалғыз өзi тасталқан етiп жеңiп шығады. Сол жолы өзi де 8 жерiнен жаралы болады. Осы бiр жүрек жұтқан ерлiгi үшiн халық оны қадiр тұтып, сыйқұрметке бөледi. 1835 жылы ол Хиуаның Баба жан бекiнiсiн шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әдiл басшылық еттi, оларға қатаң талаптар қоя бiлдi. Парақорлар мен ұрыларды өлiм жазасына кестi. Ол қарапайым дене еңбегiнен ешқа шан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егiн даласында, тоған құрылысында, арықатыз, канал қазуда да өз руластарымен бiрге аянбай еңбек еттi. Оның атақдаңқы бүкiл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарымқатынас орнат ты. Хан оның қызына үйлендi. Атақты батыр ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Хиуаның қатаң тепкiсiне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбiлғазыұлының iсiн жалғастырып, алға алып барушы болды.

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерiмен бiрге Хиуа әскерлерiне

қарсы күреске шығып, олардың iрi бекiнiсқамалы Бесқаланы тас талқан етiп қиратты. 1845 жылы Хиуаның құрамында екi мың сар базы бар iрi жасағын ойсырата жеңдi.


Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгi ағысы бо йындағы Жаңақорған, Күмiсқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқ ты әскери бекiнiстерiне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлы ның әскери жасақтарымен белсендi байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтiнiшi бойынша Созақ әскери бекiнiсiн басып алуға қатысты.

1847 жылы көтерiлiсшiлер Сырдарияның сол жақ бетiне өтiп, Хиуаның және бiр бекiнiсiн – Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серiктерi хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйенi, 500 жылқыны, 2 мың iрi қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.

Кейiнiрек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен ұзақ жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кеттi. Жанқожа батыр Ақмешiтке дейiн жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекiнiсқамалын басып алды. Жергiлiктi қа зақтар Қоқан езгiсiнен азат етiлдi.

Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресiп жүрген кезде Ресей им периясының әскери жасақтары Орынбор жақтан Маңғыстауды ба сып өтiп, Сырдарияны бойлап iлгерi жылжып келе жатты.

3. Сыр бойы қазақтарының патша үкiметiне қарсы күреске шығуы ның себептерi. Патша үкiметiнiң әкiмшiлiгi барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты Сырдарияның төменгi ағысы бойында да әске ри бекiнiстер сала бастады. Жаңа салынған әскери бекiнiстерге Орынбор мен Жайық шебiнен казактарды, сондайақ башқұрттар дың отбасыларын көшiрiп әкелiп, орналастыра бастады.

1848 жылы Райым бекiнiсi төңiрегiнде Орынбор казактарының 26 отбасы тұрып жатты. Қоныс аударып, көшiп келушiлердiң қатары жыл санап арта түстi. Көшiп келгендердiң бәрi де Сырдарияның жағасындағы ең құнарлы әрi жақсы суарылатын жерлерге орналас тырылды. Жергiлiктi халық өздерiнiң ежелгi атабабасының жерле рiнен бiртiндеп ығыстырыла бастады. Соның салдарынан Сыр бой ындағы диқан қазақтар ендi жаңадан тың және тыңайған жерлердi игеруге мәжбүр болды. Олардың бiрқатары қоныс аударып келген дердiң және шенеунiктердiң шаруашылықтарына жалданып жұмыс iстей бастады.

Райым бекiнiсi таратылғаннан кейiн қоныс аударып келген казак тар 1855 жылы Қазалы қамалына көшiрiлдi. Олар мұнда келгеннен кейiн де ең жақсы, құнарлы, суармалы жерлерге ие болды. Оларға бұрынғысынша үлкен артықшылықтар мен жеңiлдiктер берiлдi. Қа рапайым қазақтардың арасындағы наразылық жыл өткен сайын кү шейе түстi. Ақырында ол Ресейдiң әскери әкiмшiлiгiнiң озбырлық iсәрекеттерiне қарсы ашық күреске ұласты.


Ресейдiң Арал маңындағы аймақтарды Орта Азия хандықтарының езгiсiнен азат етуi халықтың жағдайын жақсарта алған жоқ. Патша үкiметi қазақтың әрбiр отбасына 1,5 сомнан салық салды. Қазақтардың суарма лы жақсы жерлерiн қоныс аударушылар мен шенеунiктерге тартып алып беру одан әрi жалғастырыла түстi. Мiне, бұл жағдайлардың бәрi де қазақтарды Ресейдiң отаршыл өкiмет билiгiне қарсы барған сайын белсендiрек күресуге мәжбүр еттi.

4. Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).


Жанқожа батыр.


Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр

ресейлiктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған едi. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресiн пайдаланып қалуға ты рысқан патша үкiметi оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебiнен жыл сайын 200 сом мөлшерiнде жалақы төлеп тұру белгiлендi. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкiмет билi гiнiң атынан батырға жасауыл деген атақ та берiлдi. Бiрақ Жанқожа батыр патша үкiметi ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да бiржолата үзiлдiкесiлдi бас тартты. Патша үкiметi Жанқожа батырды Кiшi жүздiң билеушiсұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрдi. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкiметiнен iргенi аулақ салуына себеп болды.

1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ре

сейге қарсы қарулы көтерiлiсi басталды. Бұған түрткi болған себеп ресейлiк солдаттардың жергiлiктi үш қазақты кiрпiш зауытының пешiне тiрiдей жағып жiберуi едi. Көтерiлiске шыққандардың жал пы саны 3 мың адамға дейiн жеттi. Көтерiлiстiң орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерiлiсшiлердiң басым көпшiлiк бөлiгi жаяу адамдар едi. Олардың қаружарағы жер өңдей тiн кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын азғана мылтықтары бар едi. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бiрнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150–200 адамнан тұрды. Көтерiлiсшiлер жасағы Қазалы маңына, Пе ровск бекiнiсiне таяу жерлерге орналастырылды да, белгi берiлген кезде күтпеген жерден бiрден лап қойып, шекара шебiне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күшi елеулi шығынға ұшырады.

1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезiнде Қазалы қамалы қор

шауға алынды. Жергiлiктi тұрғындар барлық бәленiң басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. Көтерiлiсшiлердiң саны 5 мың адам


ға жеттi. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды шабуылға шықты. 300 казак, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбi ректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалау шы әскер мен көтерiлiсшiлер арасындағы шешушi шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өттi. Көтерiлiсшiлердi жiгерлендiру үшiн олардың алдында желбiрете ақ ту ұстаған Жан қожа батыр келе жатты. Бiрақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқан зеңбiректiң снарядына және мылтықтың қалың оғына төтеп бере алмады. Көтерiлiсшiлер қосыны басып алынды, мал мүлкi талантаражға түстi. 20 мың бастан астам малы айдап әке тiлдi. Көтерiлiсшiлердiң бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегiнiп кеттi, одан әрi Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.

5. КHтерiлiстiң жеңiлуi. Көтерiлiстiң негiзгi күштерi жеңiлгеннен кейiн Жанқожа батыр Хиуа ханына өтiнiш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрiкмендерден әскери жасақ құрап берудi сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабу ыл жасау едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жанқо жа батырдың күшейiп кетуiнен қорықты.

Патша үкiметiнiң әскери әкiмшiлiгi Жанқожа Нұрмұхамедұлы ның көзiн жою үшiн арнаулы жазалаушы әскер жiбердi. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шай қастың барысында 80нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мейер былай деп суреттейдi: «Қарт батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қаружарағын асынып, үйiнен шығып үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жерi осы екен деп, ол бiр төмпешiктiң үстiне аспайсаспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл тиiп, қарт батыр дың өмiрiн қиып кеттi».

Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң 164 ауы

лын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлердi өртеп, малдың бә рiн айдап әкеттi. Көтерiлiске белсене қатысқандар жазалау шара лары кезiнде қаза тапты. Малмүлкi түгел тоналған шектiлер ашар шылыққа ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына өтiп кеттi, ендi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта оралып, аштан қыры лып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасат тылығы мен ержүрек батырлығы үшiн орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор құрметпен жерледi.

6. Есет КHтiбарұлы бастаған кHтерiлiс. Сыр бойындағы қазақтар дың ұлтазаттық қозғалысын басқарған батырлардың бiрi Есет КHтi


барұлы (1807–1888) болды. Ол өзiнiң батыр лығымен, орасан зор дене күшiмен, парасат ты ақылойымен, қызыл тiлге шешендiгiмен, сондайақ ат құлағында ойнайтын шабандоз дығымен халыққа ерекше танылған едi. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлiгi, бiр орыннан екiншi орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қару ланған, күшi басым орыс әскерлерiн қапыда қалдырып, талай рет жеңiске жеткiздi.

Есет Көтiбарұлы ғажайып шешен адам бо латын, өз тыңдаушыларын үйiрiп әкетiп, ерлiк күреске жiгерлендiре бiлетiн. Ағылшын зерт теушiсi Бульжер Демитриус Чарлз Есет батыр


 

Есет батыр.


дың өз руластарын патша үкiметiне қарсы күреске жiгерлендiре ша қырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бiзде жоқ деп кiм айта алады? Бiздiң мұхит түбiндегi құмның қиыршығы сияқты көп екенiмiз өтiрiк пе?;здерiң мойын бұрып қараң даршы: шығыс пен батыста, солтүстiк пен оңтүстiкте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты. – авт.) көретiндерiң анық. Сөйте тұра неге бiз ат төбелiндей аз ғана жатжерлiктерге бағынуға тиiстiмiз?!» 1838 жылы Есет батыр Ресейдiң Елек бекiнiсiне шабуыл жасауға қатысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бiрге Хиуа және Қоқан бас

қыншыларына қарсы белсене күрестi.

1847 жылдың жазында Жем өзенiнiң бойында Есет батыр патша үкiметiнiң жазалаушы әскерiне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батыр дың Ресей әскерiне шабуылдары кейiн де жалғаса түстi. Патша әкiм шiлiгi Есет батырға қарсы бiрнеше рет жазалаушы әскер жiбердi. Алайда туыпөскен елiнiң жер жағдайын жақсы бiлетiн ол жазалау шы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетiп жүрдi. Оның үстiне, өз жiгiттерiн екi топқа бөлiп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жiгiттерi Ресейдiң сауда керуендерi мен жазалаушы әскерлерiне батыл да сәттi шабуылдар жасап отырды.

Патша үкiметiнiң сауда керуендерi мен бекiнiсқамалдарына шабуыл жасауын үдете түседi. Есет Көтiбарұлының тарапынан Хиуа мен әскери одақ құру жөнiнде жасаған ұсынысы сәтсiз аяқталды.

Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргiзген Есет батыр 1858 жылы өз еркiмен Ресей империясының бейбiт ке лiсiм жасасу жөнiндегi шартын қабылдады. Gйткенi ол Ресейдiң аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрi күрес жүргiзудiң пайда сы жоқ бос әурешiлiк болып шығатынын түсiндi. Патша үкiметi оның бұған дейiн Ресей империясына қарсы жүргiзген күресiне ке шiрiм жасады. Батыр үй басынан алынатын түтiн салығынан босатыл ды. Кейiнiрек ол тiптi Торғай облысындағы Ырғыз уездiк бастығы ның көмекшiсi қызметiне тағайындалды.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: