Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 21 глава




9. Аңшылық. Қазақстанның байырғы жергiлiктi тұрғындары аң шылықпен ерте заманнан берi айналысқан. Ресейдiң ХVIII ғасырдағы белгiлi зерттеушiлерiнiң бiрi И.Г. Андреев бұл жөнiнде былай деп жазады: «Аңшылық кәсiбi аңдардың көптеген түрлерiн аулауға бейiм


Аңшылар.

делген. Мәселен, қасқыр, түлкi сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүрiп аулайды». Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсiп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңiл көтерiп, ермек ету, уақыт өткiзу үшiн айналысты. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгiрту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсiлдер қолданылды. Қазақтар қақпанды көбiнесе казактар мен қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды. ХIХ ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкi, қарсақ ату кеңiнен етек алды. Қымбат бағалы аң терiлерiн жәрмеңке лер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.

10. Балық аулау. Iрi көлдер мен өзендерде, сондайақ Арал және Каспий теңiздерiнде балық аулау едәуiр дамыды. Балық аулау кәсiбiнiң дамуына өрiстiң тарылып, мал басы санының азаюы әсер еттi. Бұл кәсiппен кедей қазақтар айналысты. Қазақтар балықты та ғам ретiнде тұтынды және сату үшiн аулады. Iшкi Ресейден қоныс

 

Бүркiтшi.

Ф.А. Фиельструптың суретi.


аударып келген орыс шаруаларының көбеюiне байланысты балыққа деген сұраныс арта түстi. Балық Ертiс пен Жайықта көп ауланатын. Бiрақ онда балық аулауға казак офицерлерi қатаң бақылау орнат ты. Қазақтардың бұл кәсiппен айналысуы үшiн ендiгi жерде солар дың рұқсат қағазын алуына тура келдi. Балық аулау әсiресе Сыр дария өзенi мен Арал теңiзiнде күштi дамыды. Мәселен, ХХ ғасыр дың бас кезiнде онда 10000ға дейiн балықшы қазақтар болды. Ба лық аулаудың қарқынды дамуына ОрынборТашкент темiр жолы ның салынуы қатты ықпал еттi. Балық аулау және оны темiр жол мен жөнелту үшiн 1905 жылы Арал поселкесi салына бастады.

 

1.

?
ХVIII ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ауылы туралы айтып берiңдер. 2. Дала тұрғындарының қысқы және жазғы үйлерi қандай болды? 3. 2тармаққа кеңейтiлген жоспар жасаңдар. 4. Мал өсiру iсiнде қандай өзгерiстер болды? 5. Қазақтар күзде және көктемде жердi қандай мақсатпен өртедi? 6. Жұт мал өсiрушi қазақтарға қандай қиындықтар туғызды? 7. Дала тұрғындары малды қалай емдедi? 8. Қазақтарды пiшен шабуға мәжбүр еткен қандай жағдайлар болды? 9. ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде қазақтардың жаппай егiн егуге бет бұруының себебi неде едi? 10. «Бақташы қазақ өмiрiнiң бiр

күнi» деген тақырыпта шағын әңгiме құрастырыңдар.

 

*
Жоңышқа – мал азықтық құнарлы дақыл.

Пұт – салмағы 16,3 килограмға тең ауырлық өлшемi.

Қадақ – 0,5 кгға жуық салмақ өлшемi.

Шикi кесек – малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйыл ған кiрпiш.

 

Андреев Иван Григорьевич (1743–1801) – орыс офицерi, тарихшы және этнограф. Ертiс шекара шебiндегi әскери бекiнiстерде қызмет еткен. И.Г. Андреев отставкаға шыққаннан кейiн Семейде, Павлодарда тұрып, Ертiс өңiрiндегi халықтардың, со

ның iшiнде қазақтардың да мәдениетiн және тұрмыстiршiлiгiн зерттеумен айналысқан.

  «Бџрын ћырѕыздар (ћазаћтар. – авт.) жыл бойы киiз љйлерде тџрушы едi. Ал соѓѕы кезде олар ћыстыгљнi bзеннiѓ немесе кbлдiѓ жаѕасында жерден ћазып алѕан кепелерде тџратын болды... Кbшпелiлердiѓ еѓ жаћсы кbретiн малы – жылћы. Олар иленген жылћы терiсiнен bздерiне сырт киiм, аяћ киiм, етiк тiгiп алады, љй iшiнде ћымыз ашытатын саба, сусын ћџятын торсыћ жасайды. Жылћыныѓ етiн жеп, сљтiн iшедi. Лапландтар љшiн солтљстiк бџѕысы, арабтар љшiн «шbл даланыѓ кемесi» атанѕан тљйе ћалай ћажет болса, ћырѕыздар (ћазаћтар. – авт.) љшiн жылћы да тап солай ћажет. Ћырѕыз, башћџрт жќне ћалмаћтардыѓ тџрћы аласа, тbзiмдi дала жылћылары суыћ пен ыстыћћа, аштыћ пен шbлге шыдамды келедi. Шама- сы, бџл жаѕынан дљние жљзiнде оларѕа теѓ келетiн ешћандай да жылћы жоћ та шыѕар... Кbктем келiсiмен кbшпелi ћырѕыз bзiнiѓ ауасы ауыр, ћапырыћ кепесiнен шыѕып, атћа мiнедi де, кљнi бойы кеѓ дала тbсiнде болады. Жџпар иiсi бџрћыраѕан кbк майса жап-жасыл нќрлi шbп жер


бетiн жауып жатады. Ол ћыстай арыћтап, титыћтаѕан жылћыныѓ ћоѓын кbтерiп, тез семiртедi. Ћџлындаѕан биелер сљтке ћарыћ ћылады. Ол сљттi кbшпелiлердiѓ бќрi де – ерлерi мен ќйелдерi, ћарттары мен балалары да ћџмарта iшедi. Бiраћ, ќдетте, саумал кљйiнде емес, ашытып iшедi. Ћымыз деп аталатын атаћты сусын, мiне, сол ашытылѕан сљттiѓ тап bзi. Ћыстан жљдеп-жадап, ћалжырап шыћћан кbшпелiлердiѓ тез арада кљш-ћуаты артып, денсаулыѕын жаћсартып, екi бетi нарттай ћып-ћызыл болып шыѕа келетiнiн байћаѕан саяхатшылар да bздерiн ћажытып бiткен ауру-сырћауларынан айыѕу љшiн ћымыз iшу керек екен-ау деген ойѕа келетiн. Олардыѓ байћаѕаны босћа кетпеген екен. Кbшпелiлердiѓ аз уаћыт iшiнде денсаулыѕын ћалпына келтiрiп, жљздерi гљлдей ћџлпырып шыѕа келетiнi адам таѓѕаларлыћ. Мџныѓ bзi еѓ алдымен ћымыздыѓ емдiк ћасие- тiнiѓ арћасы... Сiбiр бџратана халыћтарыныѓ ќдет ћџћыћтарыныѓ жинаѕы//Д.Я.Са- моквасовтыѓ басылымы. Варшава, 1876.   1.Зерттеушi ѕалым ћазаћтардыѓ тџрмысын ћалай суреттеген? 2.Дала тџрѕындары bмiрiнде жылћыныѓ ћандай маѓызы болѕаны туралы айтып берiѓдер. 3.Автор ћымыз деп аталѕан сусынѕа ћандай баѕа берген?

 

§25. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕРЕКЕЛЕРI МЕН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Дәстүрлi қазақ қоғамының өмiрiнде мерекелердiң, ұлттық ой ындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бiрбiрiмен сөйлесуге, қарымқатынас жасасуға мүмкiндiк алды. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзiмдiлiкке, ұстамдылыққа, тапқырлық пен әбжiлдiкке баулиды. Олар кез келген дене еңбегi мен ауыр сынаққа әрқашан әзiр болып өседi. Сондайақ салауатты өмiр салтын қалыптастыруға ықпал етедi.

1. Мерекелер. Қазақтар көктемгi күн мен түннiң теңелуiн Жаңа жылдың басы – Наурыз мерекесiн атап өтедi. Наурыз парсының

«новруз» «жаңа күн» деген сөзiмен мағыналас. Ол – бағзы заман нан келе жатқан қасиеттi мереке. Бұл күнi ұрыскерiс, соғыс атау лы тоқтатылады. Бұрын бiрбiрiмен ренжiсiп қалған адамдар қай тадан татуласады, өткенкеткен өкперенiштердiң бәрi де ке шiрiледi. Әркiм өз үйлерiн тәртiпке келтiредi, сыпырып, таптаза етiп қояды. Адамдар сәндi киiнiп, бiрбiрiн құттықтайды, қонаққа барады. Ақсақалдар үйүйдi аралап, өмiрден өткен атабабаларға, аруақтарға, марқұм болғандарға арнап құран бағыштайды. Әйелдер ежелден келе жатқан салт бойынша құрамында жетi түрлi тағамдық зат бар наурыз көженi мол етiп пiсiредi. Одан көршiқолаң, туған туыстар мен үлкенкiшiлер және үйге келген қонақтар түгел дәм татады. Жастар бiрбiрiне ескерткiш сыйлықтар ұсынады. Бұл күнi


ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткiзiледi. Қазақтарда наурыздан өзге қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қағар сияқты басқа да то лып жатқан мерекетойлар болған.

2. Ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелiк, әскери спорттық, салтдәстүрлiк, өзара қарым қатынастық және көркемэстетикалық сипаты бар. Ұлттық ойындар дене шы нықтыру, жастардың ақылой қабiлетiн арттыру сияқты мiндеттер атқарған.

Балалардың ең көп тараған ойыны


 

Қазақша күрес.


айгөлек. Ежелден бар ойындардың бiрi – ақсүйек. Бозбалалар мен жiгiттердiң ойыны аударыспақ кезiнде олар екiекiден ортадағы алаңға шығып, бiрiнбiрi ат үстiнен аударып түсiру үшiн күш сына сады. Әбжiлдiк пен төзiмдiлiкке тәрбиелейтiн ойынның бiрi ат үстiнде шауып келе жатып жерден күмiс алу болатын. Ер адамдар дың кеңiнен тараған ойыны – көкпар тарту.

Бәйгеге ондаған, кейде тiптi жүздеген бас мал, әсемдiк әшекей бұйымдар, күмiс және алтын тайтұяқтар тiгiлетiн. Ат жарыстарына казактар да қатыстырыла беретiн. Халық арасына кеңiнен тараған спорт жарыстарының бiрi – қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткiзiледi. Күрестiң бұл түрiнде балуандардың жас мөл шерiне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзiнiң балуанда рын төбесiне көтерiп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытыл мастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиынтойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.

Қазақтарда бұлардан өзге алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы ату, қыз қуу, жiлiк сындыру сияқты ұлттық ойын түрлерi мен спорт жарыстары да болды.

3. Қазақтардың денсаулығы. ХVIII ғасырдағы белгiлi орыс зерттеушiсi И.Г. Андреевтiң сөзiмен айтқанда, «олардың (қазақтар дың. – авт .) арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейiн, тiптi одан да көп жасаған». Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауы бiрқатар маңызды факторларға байланысты. Бiрiншiден, дала тұрғын дары өмiрiнiң көп уақытын таза ауада өткiзедi. Қоныстарын жиi жиi ауыстырып отырады. Сондықтан да олар өкпе ауруы (туберку лез) дегендi атымен бiлмеген. Екiншiден, қазақтар, экологиялық таза тағам түрлерiн iшiпжеген. Олардың сүйiктi сусыны қымыз болды. Ал қымыздың адам денсаулығына пайдасы орасан зор едi. Қымыз дың емдiк қасиетiн орыс шенеунiктерi де жақсы бiлдi. Мәселен, ХIХ ғасырдың орта кезiнде Томск губерниясының губернаторы


 

Алтыбақан.

 

Супрунюк әр жаз сайын Құлынды даласында болып, қымызбен емделген. Үшiншiден, дала тұрғындарының өмiрi ат үстiнде өттi. Немiс зерттеушiсi А. Гейнс қазақтардың баланы жас кезiнен атқа отырғызатыны туралы жазды. Салт ат мiнiп жүру адамның денсау лығын нығайтуға өтемөте пайдалы. Төртiншiден, қазақтар арақша рап iшiмдiктерiнен аулақ болды, темекi де тартпады. Бесiншiден, маман дәрiгерлер болмаса да қазақтар бiлiктi халық емшiлерiнiң емдомын пайдаланды. Емшiлiк өнер оларда ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырды. Немiстiң зерттеушi ғалымы Ф. фон Шварц қазақ тардың денсаулығының мықтылығы жөнiнде былай деп жазды: «Қыр ғыздар (қазақтар. – авт .) Орталық Азиядағы барлық халықтардың ара сында денсаулығы өте күштi халық. «Қырғыздай қайратты» деген сөз тегiннентегiн айтыла салмаған».

4. Халық емшiлерi. Қазақтардың өз емшiлерi болды. Емшiлiк

өнерiн олар ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырды. Халық емшiлерi тәуiп, ал табиғи шипалы шөптермен емдейтiндер дәрiгер деп аталды. Хирургтердi оташы, сынған сүйектi салушыларды сынықшы деп ата ды. Қазақтың халық емшiлерi арасында Бұхара мен Самарқандағы медреселердi бiтiрiп келгендер де кездесiп жүрдi. Олар Ибн Синаның медициналық трактаттарымен таныс болатын. Халық емшiлерi ши палы дәрiдәрмектердi кеңiнен қолданды, тiптi улы заттарды да пай даға асыра бiлдi.

Шипалы табиғи шөптердiң арасында жусанның толып жатқан түрлерi, қара андыз, саумалдық, арша, киiкоты, қалампыр, тал қабығы, долана, меңдуана, итмұрын мен мияның тамыры және бас


қалар жиi қолданылды. ХIХ–ХХ ғасырларда қазақтың халық емшiлерi түрлi ауруды емдеуде табиғи шипалы шөптердi кеңiнен пайдаланды.

Емшiлiк iсiнде жануарлардан алынатын шипалы өнiмдер де жиi пайдаланылды. Мәселен, аюдың және аққудың өтi, борсық, суыр, қаз, қой мен жылқының майы емшiлерге шипалы өнiм ретiнде жақсы таныс болды. Қазақ емшiлерi адам анатомиясын бес саусағындай жетiк бiлдi. Олар адам ауруының себебiн және оны емдеу жолдарын тек тамыр ұстау арқылы ғана қанның қозғалысынан анықтады.

Шөлейт және шөлдi аймақтарды науқас адамдарды құмбұлауға түсiру арқылы емдедi. Ал қыс кезiнде оларға тұз және шипалы шөп тұнбалары қосылған жылы су ванналарын қабылдау ұсынылды. Қа зақ емшiлерi аурудың бiрқатар түрiн жаңадан сойылған қой, ешкiнiң, бұзау немесе құлынның жас терiсiне бұлауға түсiру арқы лы емдедi. Қазақтар тұзды көлдер мен минералды су көздерiнiң – арасандардың емдiк қасиетiн ерте замандардан берi жақсы бiлген. Ондай ем қабылдағандар көптеген буын ауруларынан, сыртқы және iшкi дерттерден құлан таза айығып кететiн.

Емшiлер қан қысымының артып кетуi кезiндегi бас ауруын қан алу арқылы емдеген. Олар сүлiк салу тәсiлдерiн де жақсы игерген. Жарақат алған адам жарасының қанын тоқтату және жараның күшейiп, асқынып кетпеуi үшiн дезинфекция ретiнде оған таза күл себудi немесе киiз күйдiрiп басуды да кеңiнен пайдалана бiлген.

Халық емшiлерiнiң қолынан босана алмай жатқан ананың нә рестесiн шешесiнiң iшiн тiлiп алу да, сөйтiп ана мен баланы аман алып қалу да келген. Кәнiгi сынықшылар адамның iс жүзiнде шығып кеткен немесе сынып қалған жiлiктерiнiң, бұғанасының, тiптi жам басының кез келген сүйегiн орынорнына қайта сала алған. Психика лық дертi барларды бақсыбалгерлер емдеген.

5. Атақты қазақ спортшылары. Атақдаңқы кеңiнен танымал қа зақ балуандарының бiрi Нұрмағанбет Бай

мырзаұлы (1864–1919) болды. Ол бала кезiнде қолының саусақтарын отқа күйдiрiп алған дықтан халық оны Балуан Шолақ деп атап кеттi. Балуанның атақдаңқының зор болуы оның ешқашан және ешкiмнен жауырыны жерге тиiп көрмегендiгiнен едi. Ол үлкен жәр меңкелерде, ұланасыр астар мен тойларда күреске түсiп жүрдi. Балуан Шолақ көрнектi сазгер ретiнде де танымал. Оның бiрнеше та маша әндерi бар.

Қазақтың бүкiл әлемге танылған ұлы ба


луаны – Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Ол қа

зiргi Ақмола облысының аумағындағы бұ


Қажымұқан Мұңайтпасұлы.


рынғы Ақмола уезiнде дүниеге келген. Бала кезiненақ дене күшiнiң ересендiгiмен көзге түседi.

Дүние жүзiнiң болашақ чемпионы 1904–1907 жылдары Петер бургте классикалық күрес және цирк өнерiн үйрендi. 1909 жылы классикалық күрестен Ригада өткен дүниежүзiлiк бiрiншiлiкте жүл делi орынды жеңiп алды. Ал 1911 жылы күрестiң осы түрiнен Вар шавада өткен дүниежүзiлiк чемпионатта тағы да бiрiншi орынды жеңiп алып, Кiшi алтын медальмен марапатталды. Содан кейiнгi жылдарда атақты балуан еркiн және классикалық күрес бойынша өткiзiлген алуан түрлi турнирлерге қатысты. Мәскеуде, Киевте, Ри гада, Минскiде, Парижде, Лондонда, Берлинде, Стокгольмде, Бу дапештте, Харбинде, Кабулда және Тењранда өткiзiлген ха лықаралық турнирлерде тамаша жеңiстерге жетiп, жүлделi орын дарды иелендi. Ресейдiң Саратов, Қазан, Омбы, Троицк және Уфа қалаларындағы көптеген жарыстарда да топ жарып, алға шықты. 1909–1911 жылдары Таяу және Орта Шығыс елдерiн аралады. Осы сапарынан кейiн ол бiржолата Қажымұқан атанды. Бұған дейiн Яма ғата, Муханура, Қара Мұстафа, Махмұт, Қара Иван деген бүркеншiк аттарды жамылып, күреске түсiп келген Қажымұқан 48 алтын, күмiс және қола медальдарды жеңiп алған едi. 1913 және 1915 жылдары

«Сигизмунд белдiгi» атты мәртебелi жүлденi жеңiп алды.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы өз өмiрiнде қазақ даласы мен қазақ халқының атақдаңқын көкке көтерiп өттi. Ол туған елiне, өз жерiне шын берiлген адал патриот бола бiлдi.

1.

?
Сендер қазақтың қандай дәстүрлi мерекелерiн бiлесiңдер? 2. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар. 3. Қазақтардың мықты денсаулығының сыры

неде едi? 4. Халық емшiлерi адам емдеуде қандай тәсiлдi қолданды? 5. Атақты қазақ балуандарынан кiмдердi бiлесiңдер? 6. Адамның денсаулығын нығайтуға байланысты қандай мақалмәтелдер бар?

*
Наурыз – жыл басы, жаңа жыл. Шығыс халықтарының көктемгi күн мен түн теңелгендегi мерекесi. Ол ежелгi заманнан берi наурыздың 21iнен 22сiне қараған күнi тойланып келедi.

Әбу Әли ибн Сина (980–1037) – Орта Азияда өмiр сүрген аса көрнектi әмбебап ғалым (философ, географ, медик және ақын). Еуропада ол Авиценна деген атпен кеңiнен белгiлi.

«Дегенмен де, бџл халыћ ћарапайым iшiп-жемдi ћанаѕат тџтады. Ащы, ћышћыл жќне тџзды таѕам тљрлерiн пайдаланбайды. Олардыѓ (ћазаћтар- дыѓ. – авт.) арасында 100 жасћа дейiн жасайтын, тiптi одан да асып

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871–1948) – қазақтан шыққан кәсiби балуан, еркiн және классикалық күрестен дүние жүзiнiң бiрнеше дүркiн чемпионы. Астанада, Семейде және Алматыда атақты балуанның атымен аталатын көшелер бар. 1980 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысының Темiрлан селосында балуанға арналған мемориалды мұражай ашыл ды. Ол өз өмiрiнiң соңғы жылдарында осында өткiзген.


кететiндер аз емес. Олар кbздерiнiѓ кbру ћабiлетiн ѕана емес, сонымен ћатар аћыл-есi мен тiсiн де толыћ саћтай бiледi, ат љстiнде емiн-еркiн ќрi мыћты отыру ћасиетiн жоѕалтпайды...» Андреев И.Г. Орта жљз ћырѕыз-ћайсаћтарыныѓ сипаттамасы (ћайта ба- сылымы). Алматы, 1998, 70-бет.   1.Автордыѓ ойынша, ћазаћтардыѓ џзаћ жасауына ћандай таѕам тљр- лерi игi ыћпал еттi? 2.Ћазаћтардыѓ џзаћ bмiр сљруiнiѓ сырын автор ћалай тљсiндiредi?

 

§26. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТҒҰРПЫМЕН САЛТДӘСТҮРЛЕРI

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзiндiк бiрегей әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi қалыптасты. ХVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезiнде оның бiрқатарын Ресей әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi үй iшiндегi отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарымқатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиетi және Hзара кHмек жH нiндегi әдетғұрыптары. Қазақтарға дәстүрлi қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиетi көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Ресей зерт теушiсi Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейiн жылы жүздiлiгiмен, қайырымды ақкөңiл дiлiгiмен және қонақжайлылық қасиетiмен таңғалдырады. Мұның өзi олардың сүйегiне ежелден сiңiп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесiнiң қамқорлығы мен қорғауында болады. ХIХ ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген немiс зерттеушiлерiнiң бiрi Ф. фон Хелльвальд та былай деп жаз ды: «Қырғызқайсақтар (қазақтар. – авт.) барынша қонақжай мейiрiмдi болып келедi. Олардың киiз үйiне кiрiп жайғасқан кез келген жатжерлiк адамның өзiмдi бiреулер тонап немесе өлтiрiп кетедiау деп қауiптенбей, алаңсыз ұйықтай беруiне әбден болады».

Қазақтарда үйiне келген кез келген адамға мiндеттi түрде тегiн қонақасы беру, оған жайлы төсекорын салып, қондырып жiберу әдетғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесi қонаққа ондай құрмет көрсетудiң дәстүрлi әдетғұрпынан бас тартса, әлгi бейтаныс жолау шы үй иесiнiң үстiнен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдетғұрыпты бұзған үй иесiне атшапан айып салатын. Әдетте мұндай келеңсiз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.


 

11—6903



Қазақтарда ежелден келе жатқан әдетғұрыптың бiрi – дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигiзбейiнше жiбермейтiн – «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бiр жақсы әдетғұрпы – ерулiк беру. Басқа жақтан жаңадан көшiп келгендердi оның туғантуыстары немесе көршiлерi арнайы дастарқанға шақырып, ерулiк тамақ беретiн бол ған. Бұл арқылы көшiп келген туыстарына немесе көршiлерiне деген ыстық ықыласы мен iзгi ниетiн бiлдiрген. Ал көшiп келгендер жаңа қонысқа тез үйренiп, ондағы адамдармен жақсы қарымқатынас ор натуға ықыласты болатын. Далалық көшпелiлердегi кеңiнен тарал ған әдетғұрыптардың бiрi – қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегi өзiне ұнаған заттың кез келгенiн қаладым деп айтуына болады, ал үй иесi ол затты мiндеттi түрде беруi тиiс. Мұның өзi де адамдар арасындағы достық қарымқатынастың негiзiн қалайтын. Анасы аманесен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет ғұрып бойынша кiндiк шешенiң де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесiн алуына болатын.

Қымызмұрындық – қымыз ашыту маусымының басталуына бай



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: