Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 31 глава




4. Белорустар. Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863–1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтерiлiс қатыгездiкпен басылғаннан кейiн келдi. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбiр топ тары Қазақстанның солтүстiк аймағын қоныс етiп, орналасып қалған едi. ХIХ ғасырдың 70жылдарында Қазақстанның солтүстiгiне төң керiсшiл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейiнiрек белорус социалдемократтары да осы өңiрден бiрақ шықты. Белорус соци алдемократтар ұйымының белсендi мүшесi П. Румянцев өзiнiң жер аударылған мерзiмiн Ақмола облысында өткiздi. Кейiн Столыпиннiң аграрлық реформасы кезiнде көптеген белорус Қазақстанның село лық жерлерiне қоныс аударды. Белорустардың негiзгi кәсiбi егiн шiлiк болды.

5. Немiстер. Немiстер Қазақстанға тұңғыш рет ХVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келдi. Олардың едәуiр бөлiгi Балтық бойы губернияларынан едi. Сiбiр шекара шебiнiң басшылары қыз метiн атқарған 13 адамның көпшiлiгi немiстерден шыққан генерал дар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт, Д. Риддер, К.Ф. Фрау ендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапье де Колонг, Г.Э. Штранд ман, Г.И. Глазенап және басқалары едi. Түркiстан өлкесiнiң гене ралгубернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесiнiң генералгубернаторы М.А. фон Таубе де немiс ұлтынан едi.


Немiстер жергiлiктi халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудiң бастамашылары бола бiлдi. Дәрiгерлер, мұғалiмдер, таукен инженерлерiнiң арасында да немiс ұлтының өкiлдерi аз болған жоқ. Немiстер негiзiнен Омбы, Петропавл, Семей, Gскемен, Жәмiшев сияқты тағы басқа да шекара шебiндегi әскери бекiнiстерде тұрды.

Қазақ жерiндегi немiстер санының арта түсуi ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келедi. Қоныс аударып келген немiстер негiзiнен егiншiлiкпен айналысты, өңдеушi өнеркәсiп салаларында жұмыс iс тедi. Немiстер сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндiруде, кен өнiмдерiн өңдеуде белсендiлiк танытты.

Немiстердiң өздерiнiң жеке ғибадатханалары және мектептерi болды. Олардың арасында өзiнөзi басқару дәстүрi күштi сақталған едi. Немiстердiң елдi мекенiнде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбексүйгiштiгi және адалдығымен ерекше көзге түстi. Gздерiнiң ұлттық тiлiн, дiнiн, әдетғұрпы мен салтсана сын, дәстүрлерiн берiк сақтауға тырысты. Немiстер өздерi қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшiлiгi (55 пайызы) сауатты едi. Әлеуметтiк сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немiстердiң 85 пайызын шаруалар құрады.

1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немiстердiң жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшiлiгi Ақмола облысында тұрды. Олардың ендiгi бiр елеулi тобы Сырда рия облысында да қоныстанды. Столыпиннiң аграрлық реформасы кезiнде немiстердiң Едiл бойынан, Қара теңiз жағалауынан ағылып келуi күшейе түстi. Сондайақ немiстер қазақ даласына сонау Гер мания мен Австрияның тiкелей өзiнен де қоныс аударып келдi.

6. Поляктар. Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет ХIХ ғасырдың басында пайда болды. Олар патша үкiметi қазақ өлкесiне жер аударған поляк көтерiлiсшiлерi едi. Жергiлiктi өкiмет билiгi оларды өз ерiктерiнен тыс Жайық және Сiбiр казактарының қатары на зорлықпен тiркеп жiберген болатын.

Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830–1831, 1863– 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлтазаттық көтерiлiс терге қатысушылар едi. Олардың едәуiр бөлiгiн поляктардың таңдаулы тобы – дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын жазушылар, суретшiлер мен дәрiгерлер, инженерлер және заңгер лер көп болды. Мәселен, Адольф Янушкевич қазақ халқының тари хын қызыға зерттедi. Суретшi Бронислав Залесский «Қырғыз даласы ның тiршiлiктынысы» деген ғажайып картинасын салды. Оның

«Қазақ сахарасына саяхат» деп аталатын альбомкiтабы 1865 жылы Парижде француз тiлiнде, 1991 жылы қазақ, орыс тiлдерiнде басы лып шықты. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмiрiнен «Қырғыз»


 

16—6903



және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетiсу мұражайының негiзiн қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арнал ған материалдар» деген тамаша кiтап жазды.

Патша үкiметi поляктарды әскериәкiмшiлiк қызметке де тартты. Поляктардың көпшiлiгi қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағы ның деректерi бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшiлiгi Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарын да қоныстанған едi.

7. Қазақстанға Hзге халықтардың жер аударылуы. Қазақстан аумағына ХIХ ғасырдың аяқ кезiне қарай жоғарыда көрсетiлген эт ностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен келген неғұрлым елеулi диаспора мордвалық тар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықта ды. Олар негiзiнен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерiнде, Торғай облысының Қостанай уезiнде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кеттi.

Iс жүзiнде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкiлдерi болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жеттi. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi еврейлердiң кәсiп түрлерiн таңдауына шек қойылуы және еврейлердi қырыпжою оқи ғалары олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуiр арта тү суiне жеткiздi.

ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақ даласына Украина мен Бессара биядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетiспеу шiлiгiнен қоныс аударды. Болгарлар 1908–1910 жылдары Семей об лысының Павлодар уезiндегi Разумовка және Андрияновка село ларының, Торғай облысының Ақтөбе уезiндегi Болгарка селосының негiзiн қалады. Қостанай қаласының төңiрегiнде қоныстанған бол гарлар шығырмен суаратын баубақша өсiрдi. Олар егiстiк жердi жергiлiктi халықтан жалға алды. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бiр тобы (375 адам) да өмiр сүрдi.

1897 жылы өткен Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бо йынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрiкмен, 2,6 мың баш құрт, 997 қалмақ, 987 тәжiк т.б. ұлт өкiлдерi тұрған.

?
1. Орыс, украин, белорус диаспораларының қалай қалыптасқаны туралы айтып берiңдер. 2. Қазақстан аумағында татар, немiс, поляктар мен бол гарлар қашан пайда болды? 3. 1897 жылғы болған Бүкiлресейлiк халық сана ғының деректерi бойынша Қазақстанда тағы да қандай этностардың өкiлдерi тұрды? 4. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазiргi Қазақстанда тұратын неғұрлым iрi диаспораларды, олардың санын атап, орналасқан аймақ

тарын көрсетiңдер.


*
Ассимиляция – бiр халықтың екiншi халықпен араласып, ұлт ретiнде жойылып кетуi.

Халықшылдар – ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы төңкерiсшiлдер.

Социалдемократ – социалдемократиялық партияның мүшесi.

Шығыр – егiстiкке су шығару үшiн жасалған, су жүретiн науасы бар қарапайым құрал.

 

Глазенап Григорий Иванович (1751–1819) – генерал, Сiбiр шекара шебiндегi әскер лердiң 1807–1819 жылдардағы командирi.

 

«Бұрыннан тұратын шаруалардың казактармен ортақ сипаты баршы

лық. Оларды бiрбiрiнен киген киiмiне қарап ажыратуға болады... Казактардың басым көпшiлiгi киетiн қырғыз (қазақ. – авт.) шекпенiн шаруалардың үстiнен iлуде бiр рет қана көруге болады... Казактар мен шаруалардың арасындағы қарымқатынас олардың бiрбiрiмен жақын екендiгiн тiптi де бiлдiрмейдi. Дiни жiкшiлдердiң, ескi дiни наным сенiмдегiлердiң деревнялары бiрбiрiнен мүлде бөлек, жекедара орна ласқан. Олар өздерiнше бөлек өмiр сүредi.

Кейiнгi жылдары Харьков, Полтава, Киевтен және басқа да губерния лардан келген малороссиялықтар негiзiнен Ақмола мен Атбасар сияқты да лалық уездерге орналасты. Олардың деревняларын шикi кiрпiштен салынып ақталған, төбесi сабан аралас қамыспен жабылған үйлерiне қарап бiлуге бо лады. Олар қоныс аударушы орыс шаруаларынан бөлек болғанды ұнатады.

Отарлық өлкеден көшiп келген немiстер (менониттер, баптистер және басқалары), сондайақ эстондықтар мен латыштар Ақмола облысында ХIХ ғасырдың 90жылдарында пайда болды. Олардың бiрқатары Омбыға жа қын маңда өздерi жалға алған жерлерде, екiншi бiр бөлiгi Ақмола уезiндегi Преображенский, Романовский, Канкринский поселкелерiнде тұрады, орыстармен араласпайды. Олардың бiрбiрiмен өштесiп жауласқаны сон ша, тiптi Романовский поселкесiнде қарулы қақтығыстарға дейiн барған. Сондықтан да патша үкiметiнiң жергiлiктi әкiмшiлiгi орыстарды ол жер ден басқа жаққа көшiруге мәжбүр болды... Поляк, еврей, сарттар тек қала ларда ғана тұрады, саудасаттықпен, басқа да коммерциялық кәсiп түрле рiмен айналысады. Башқұрттар мен қалмақтар кейде Орал мен Торғай об лыстарындағы деревняларда тұрып, ауыл шаруашылығымен айналысады...» Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамда

рының қолынан түспейтiн және жолға шыққанда алып жүретiн кiтабы. Редакциясын қараған Семенов П.П. Қырғыз өлкесi. СПб., 1903, ХVIII том, 198–199беттер.

 

1. Бұрыннан тұратын орыс шаруаларын казактардан қалай ажыра

туға болатын едi? 2. Украиндықтардың деревнялары өзге халық өкiлдерiнiң тұрғын орындарына қарағанда қалай ерекшелендi? 3. Немiс ұлтының өкiлдерi алғаш рет қашан келдi және қай аймақта мекендедi?


§38. ШЕТЕЛДЕРДЕ ҚАЗАҚ

ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдiсi Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерiнiң аумақтарында одан әрi жалғаса бердi. Егер олардың бiр бөлiгi ол жерлерде ежелгi замандардан тұрып келген болса, ендi бiр бөлiгi же рiн күштеп тартып алу, ұлтазаттық көтерiлiстерге қатысқаны үшiн қуғынсүргiнге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтiкэкономи калық себептердiң салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәж бүр болды.

1. Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептерi. Жаңа заманда қазақ халқының бiр бөлiгi өздерiнiң тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бiр бөлiгi ирредента, ал екiншi бөлiгi диаспора саналды. Ирредента деп өздерiнiң ежелгi ата мекенiнде дәстүрлi өмiр сүрiп отырған бiртұтас халықтың бiр бөлiгiн айтады. Алайда өкiнiшке қарай, қазақтардың бiрқатар жерлерi ше каралардың өзгеруi, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттiң құрамында болып шықты. Ал диас поралар халықтың бiр елден екiншi елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бiрге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс ауда руы ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жиi орын алды. Ол кезде қазақ дала сын Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүрiп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құ нарлы да шұрайлы жерлерiн күшпен тартып алу жалғаса бердi. Мiне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерiнiң ежелден отырған, дәстүрлi


ХIХ ғасырдағы қазақтар.


көшiпқонып жүрген жерлерiн лажсыздан тастап, қайдағы бiр құнар сыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлтазаттық көтерiлiстерi аяусыз басыпжанышталған нан кейiн қазақтар басқа мемлекеттердiң аумағына көшiп кетуге мәжбүр болды.

2. Ресейдiң iшкi губернияларындағы қазақтар. Қазақтар Ресей им периясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан берi, Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшiпқонып жүрген бо латын. Кiшi жүз қазақтары Едiл мен Жайық өзендерiнiң аралығын сонау ХV–ХVII ғасырлардаақ емiнеркiн жайлап, көшiпқонып жүрдi. ХVIII ғасырда қазақтардың едәуiр бөлiгiнiң Оңтүстiк Оралда башқұрттармен аралас көшiпқонып жүргенi де белгiлi. Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы аралас, қойы қоралас бiрге көшiп қонып, жайылымды бiрге пайдаланып келдi. Қазақтар мен башқұрт тардың төскейде малы, төсекте басы қосылып, құдажекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес. Олар жиынтойлар мен үлкен астарда ат жарысын, балуан күресiн ұйымдастырып, талай қызықты күндердi бiрге өткiзген болатын.

ХVIII ғасырдың 30–40жылдарында Орынбор өлкесiндегi ше кара шебiнде әскери бекiнiстер салу үрдiсi қызу қарқын алғанын бiлемiз. Қазақ халқы өздерiнiң бұрыннан отырған атақоныс жерле рiнен кеңбайтақ даланың iшкi жағына қарай бiртебiрте ығыстыры ла түстi. ХVIII ғасырдың 30–80жылдары арасында қазақтар Жайық тың оң жағалауындағы өздерiнiң дәстүрлi мал жайылымдарын қайта рып алу үшiн талай рет әрекет жасап та көрдi. Бiрақ одан еш нәтиже шығара алған жоқ. Ұзақ жылдар бойы күшжiгер жұмсай отырып, 1782 жылы «сенiмдi» деген көшпелi Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi ғана қыс кезiнде уақытша көшiп барып, бұрынғы жерлерiн қыстап шығуға рұқсат алды.

1810–1822 және 1835 жылдары патша үкiметi Жаңаелек және Жаңашекара шебi аудандарын Кiшi жүз қазақтарының пайдалану ынан тартып алды. Сөйтiп қазақтар 4 миллион десятинаға жуық ең құнарлы жерiнен айырылып қалды. Кейiн ол аудандар Орынбор гу берниясының құрамына өтiп кеттi.

1897 жылғы Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бойын ша Астрахан губерниясында – 42,6 мың, Самара губерниясында – 7,4 мың, Орынбор губерниясында – 3,9 мың қазақ тұрған болатын. Астрахан губерниясына қарасты Iшкi Ордадағы қазақтардың саны 207,3 мыңға жеттi. Қазақтардың аздаған бөлiгi Пермь, Уфа, Сара тов сияқты басқа бiрқатар губернияларда қоныстанды.

Қазақтар Батыс Сiбiрдiң оңтүстiк аумағында ежелден көшiпқо нып жүрдi. ХV ғасыр мен ХVII ғасырдың бас кезiнде бұл аймақты қазақтардың қыпшақ, жалайыр, арғын, керей және уақ сияқты тай


палық бiрлестiктерi мекендедi. Оларды Батыс Сiбiрдiң оңтүстiк жа ғындағы аймақтан ХVII–ХVIII ғасырларда көшпелi жоңғарлар (ой раттар) бiртебiрте ығыстырып шығарған болатын.

1752–1755 жылдары Орта жүздiң солтүстiк аймақтарының жер лерiнде Новоишимск ауданы құрылды. Соның салдарынан қазақ тардың солтүстiктегi шекарасы оңтүстiкке қарай 250 шақырымдай жылжытылды. Ол жерлердегi қазақтар күшпен көшiрiлдi. Қайта қайта үздiксiз өтiнiш жасаудың нәтижесiнде 1771 жылы Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақ тарға уақытша көшiпқонуға рұқсат алды. Соның өзiнде тек «ерекше сенiмдi», «шын пейiлдерiмен берiлген» қазақтар ғана аманат беру және жерге жалақы төлеу арқылы орналаса алды.

Патшаның 1788 және 1789 жылдары шыққан жарлықтары бойын ша Ертiс бойындағы қазақтардың бiр бөлiгiне өзеннiң оң жақ бетiнде

«мәңгi көшiпқонып жүруге» рұқсат етiлдi. Сiбiр шекара шебiнiң iшкi жағындағы бос жатқан жерлердi пайдалану мүмкiндiгi туды. Қазақтарға алдын ала бiрнеше шарт қойылатыны ескертiлдi: бiрiн шiден, қазақтардың көшiқоны қазыналық елдi мекендерге 40 шақы рымнан жақындамауы тиiс, екiншiден, олар шекара шебiнен асып, 30 шақырым ұзап кетпеуi керек.

Томск және Тобыл губернияларының аумағында көшiпқонып жүрген қазақтарға 1880 жылы Құлынды даласынан көлемi бiр мил лионға жуық десятина келетiн қосымша жер бөлiндi. Қазақтар ол үшiн орыс шаруалары сияқты мемлекетке жылына 6 сомнан салық төлеп тұруға мiндеттi болды.

1911 жылғы есеп бойынша, Томск губерниясында 29 мың, Тобыл губерниясында 9 мың қазақ тұрған. Қазақтардың шағын бiр бөлiгi Иркутск, Забайкалье және Якут облыстарында да тұрды. Олардың едәуiр басым бөлiгi мал шаруашылығымен және егiншiлiкпен айна лысты. Бiрқатары орыс шаруалары мен казактардың жалдамалы қызметкерi және бақташысы болып жұмыс iстедi.

Ресейде туыпөскен, белгiлi қоғам қайраткерлерi дәрежесiне де йiн көтерiлген қазақ азаматтарының қатарына Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров, Асылбек, Мұсылманбек және Мұратбек Сейiтовтер, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов және басқалары болды.

3. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшелiктерi. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы ХVII ғасыр мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақжоңғар соғысына тiкелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы бары сында қазақтар Жетiсу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайы лымдарының едәуiр бөлiгiнен айырылып қалды. Мұның өзi Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлi қалыптасқан көшiқон бағыттарының бұзылуына соқтырды.


Қытайжоңғар және қазақжоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекетi тарих сахнасынан кеттi. Қазақтар өздерiнiң бай ырғы дәстүрлi мал жайылымы жерлерiн қайтарып алуға тырысты. Бiрақ жоңғарлардың көзiн жойған негiзгi жеңiмпаз ретiнде қытай үкiметi қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығы ның орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекiнiс қамал түрiндегi қалалар салына бастады.

Абылай хан бастаған қазақ билеушiлерi Қытай өкiмет билiгi орындарымен бiрнеше рет келiссөздер жүргiзiп, қазақтардың ежелгi жерлерiн қайтарып беру мәселесiн қайтақайта қозғаумен болды. Сонымен бiрге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жерiне өз бет терiмен қоныстануын да тоқтатпады. Ақырында Қытай өкiмет билi гi орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшiп, қоныс аударуына рұқсат еттi. Бiрақ оның есесiне қазақтар ондағы жайы лымды пайдаланғаны үшiн ақы төлеуге тиiстi болды. Төлемақының мөлшерi әр түлiктiң 100 басына жылына бiр малдан берiп тұру болып келiсiлдi.

ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде Қытайда 100 мыңға жуық қазақ тұрды. Бұдан кейiнгi жылдардағы халықтың қоныс аудару үрдiсi барысында ондағы қазақтардың саны арта түстi. Қазақтардың Қытай шекарасына үдере қоныс аударуының басты себебi патша үкiметiнiң жергiлiктi халықтың қолындағы құнарлы жерлерiн тартып алуы болды. Соны мен 1911 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға дейiн жеттi. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерiлiс кезiнде патша үкiметiнiң қудалауына төзе алмаған 300 мыңға жуық қазақ Қытайға өтiп кеттi. Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты. Шың жан қазақтары шекара маңындағы қазақорыс саудасын дамытуда

маңызды рөл атқарды.

4. Монғолиядағы қазақтар. Монғолияның батыс бөлiгiнде тұра тын қазақтардың негiзгi тобын абақ керейлер құрады. Абақтардың басым көпшiлiгi бұл елге ХIХ ғасырдың 60–70жылдары Қытайдан келген болатын. Оларды бастап келгендер Қожамжар, Самырхан сұлтандар мен рубасылары едi.

Қоныс аударып келудiң негiзгi себептерi Қытайдағы 1850–1864 жылдары тайпиндердiң (шаруалардың) және 1862–1878 жылдары дүнгендердiң көтерiлiс жасауы болды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi жер тапшылығына байланысты едi. Қытай үкiметi бұл мәселенi шешу үшiн «жаңа жерлердi игеру» саясатына көштi, Шыңжанда жер иеле нушi дүнгендер мен қытайлар қаптап кеттi. Мұның өзi ондағы қазақ тарға қиын тидi. Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Монғолия ға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты. Бi рақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшiн монғолдарға ақы


төлеп тұрды. ХХ ғасырдың бас кезiнде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады. Монғолиядағы белгiлi қазақ азаматтары Көбеш батыр, Жуанған би, Сүгiрбай би және басқалар болды.

5. Түрiкменстандағы қазақтар. Қазақтар Каспий сыртын ежелгi заманнан берi мекендеп келген едi. Олар Түрiкменстанға Қазақстан дағы ұлтазаттық көтерiлiстерi аяусыз басылғаннан кейiн барған бо латын. Жазалаушы отрядтардың қањарынан тек сонда ғана құтыла алатын. Мәселен, 1869–1870 жылдары Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгi Түрiкмен жерiне ауып кеттi. 1897 жылғы халық санағы бо йынша, Түрiкменстанда тұратын қазақтардың саны 73 мыңға жуық болды. Түрiкменстандағы қазақтар көшпелi мал шаруашылығымен айналысты.

6. ]збекстандағы қазақтар. Қазақтар Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағында ерте замандардан берi тұрып келген болатын. Олар әсi ресе Ташкенттiң, Жызақтың және Ходженттiң төңiрегiнде көп қо ныстанған едi. 1820 жылы Ресей саяхатшысы әрi зерттеушi Е. Мейен дорф Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды: «Бiз қырғыздарды (қазақтарды. – авт.) Бұхараның солтүстiкшығысын дағы Қаршы, солтүстiгiндегi қарақалпақтармен шектесетiн Мианка ла маңында көп көрдiк».



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: