Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 32 глава




Қазақтардың бiрқатар бөлiгi бұл жаққа патша үкiметiнiң әс керлерi Оңтүстiк Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейiн қоныс аударған болатын. Олар Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының және Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстерге қатысып, қуғын көрген, жерiнен айырылып қалған қазақтар едi.

1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезiнiң аума ғында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсеттi. Қазақтардың көпшiлiгi мал шаруашылығымен, бiрқатары егiншiлiкпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртiбiне қатаң бағынатындығымен көзге түстi. Сондықтан да оларға сауда керуендерiне Қазақстан аумағында жол көрсетiп, бастап жүру мiндетi сенiп тапсырылды.

7. Ауғанстандағы қазақтар. Қазақтар Ауғанстанда ХIХ ғасырдың 40жылдарында пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары ханның жасақтары құраған едi. Кенесары Қасымұлы бас таған ұлтазаттық көтерiлiс жеңiлiске ұшырағаннан кейiн, қазақ сарбаздарының бiрқатары патша үкiметi жазалаушы отрядының қуғынсүргiнiнен құтылу үшiн Ауғанстанға асып кеттi. Кейiнiрек оларға патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына наразы қазақтар дың тобы барып қосылды. Сөйтiп ХХ ғасырдың бас кезiнде Ауған стандағы қазақтардың саны 2 мыңдай болды.

Сонымен, ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiнде шекаралас көршi мемлекеттердiң аумағында қазақ халқының едәуiр бөлiгi тұрды. Рас,


олардың бiрқатар бөлiгi ол жерлердi ежелден берi мекендейтiн. Ал ендi бiрқатары қуғынсүргiн (катаклизм) кезiнде қоныс аударуға мәжбүр болған едi.

 

1.

?
Қазақтардың тарихи отанынан қол үзiп, шетелдерге қоныс аударуының негiзгi себептерiн атаңдар. 2. Ресейдегi қазақ диаспорасының қалыптасуы

ның ерекшелiктерi туралы айтып берiңдер. 3. Қазақ халқының Қытай аумағына көшу үрдiсi қалай жүрдi? 4. Монғолия, Ауғанстан, Gзбекстан және Түрiк менстандағы қазақ диаспоралары туралы айтып берiңдер. 5. Бүгiнгi күнгi қазақ тардың шетелдердегi саны мен орналасуы туралы әңгiме құрастырыңдар.

 

*
Диаспора – этностың басқа мемлекеттiң аумағында тұратын шағын бiр бөлiгi, бұрынғы өз Отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.

Катаклизм – кенеттен болған астанкестен өзгерiс, апатты жағдай, қуғын сүргiн.

Миграция (қоныс аудару) – халықтың өз елiнiң iшiнде немесе бiр елден екiншi елге қоныс аударуы, тұрғылықты орындарын ауыстыруы.

Тайпин кHтерiлiсi – 1850–1864 жылдары Қытайда болған iрi шаруалар көтерiлiсi.

 

Исин Әмiре (1867–1931) – Қазақстандағы көрнектi қоғам қайраткерi. Ә. Бөкейха новпен бiрге Ф. Щербинаның экспедициясына қатысып, Қазақстанның далалық уезiн зерттеуге атсалысқан. 1906 жылы жеке өзiнiң бастама көтеруiмен Ақмола облысы

ның Омбы уезiнде өз үйiнiң тең жартысын алғашқы қазақ мектебiн ашуға бөлiп бердi.

Сейiтов Асылбек (1894–1937) – Қазақстандағы көрнектi қоғам қайраткерi. «Алаш» қозғалысына белсене қатысушы. Томск медицина университетiн бiтiрген.

  1788 жыл, 15 шiлде. Генерал-поручик Огаревтыѓ жеке bз атына. – «Ћырѕыз-ћайсаћтарды алыс даладан Ресейдiѓ iшкi жаѕына ћоныс аудару туралы». «Шын мќнiндегi Ћџпия кеѓесшi кiнќз Вяземскийдiѓ атына Сiздiѓ жол- даѕан рапорттарыѓызѕа ћарай отырып, Орта жљздегi ћырѕыз-ћайсаћтардыѓ бiрћатар сџлтандары мен старшындарыныѓ ќрћашан iзгi ниеттi жандар екенiне, шекара шебiнiѓ бастыћтары берген тапсырмаларды екi етпей сbзсiз орындайтынына жќне шын берiлген адалдыћ танытатындыѕына кbзiмiз жеттi. Соныѓ нќтижесiнде олардыѓ Ресейдiѓ iшкi жаѕына ћоныс- тандыру жbнiндегi bтiнiшiн ћанаѕаттандыруды Сiзге тапсырамын, бiраћ оларды орналастырѕан кезде бiр-бiрiне жаћын ћондырмауды ескертемiн». Ресей империясы заѓдарыныѓ толыћ жинаѕы. СПб., 1830. ХХII том, 1068-бет.   1.Бџл ћџжатта не туралы сbз болады? 2.Ћазаћ сџлтандары мен стар- шындарыныѓ ћай бbлiгi шекара шебiнiѓ iшкi жаѕына bтуге рџћсат алды? 3.Ћазаћтарды Ресейдiѓ iшкi губернияларыныѓ аумаѕына ћоныстандыру кезiнде генерал-поручик Огаревке ћандай тапсырма берiлдi?


 

Алтыншы бHлiм. ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН

§39. ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕГI 1905–1907 ЖЫЛДАРДАҒЫРЕВОЛЮЦИЯ КЕЗIНДЕ

1905–1907 жылдары Ресейде бiрiншi орыс революциясы болып өттi. Қазақстанда халықтың өкiмет билiгiне қарсы қарулы қақты ғысы бола қойған жоқ. Бiрақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруа лардың жекелеген баскөтерулерi орын алды. Ол жылдардағы ма ңызды оқиғалардың бiрi қазақтардың Ресей Мемлекеттiк Думасы ның жұмысына қатысуы болды.

1. Патша үкiметi отаршылдық саясатының күшейе түсуi. 1905 жылдан 1907 жылға дейiнгi кезеңде бiрiншi орыс революциясы бо лып өттi. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жеттi. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанiшер зұлымдық саясатын әшкере леп бердi. Бұл хабар халықтың кекке толы ашуызасын келтiрдi. Қазақтың белгiлi ақыны әрi этнограф, тарихшы, шежiрешiсi Мәшњүр Жүсiп КHпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбi» деген өлең жазды. Gлеңнiң «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезiп қалған жергiлiктi отаршыл әкiмшiлiк оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғынсүргiн көрдi. Ташкент, Қоқан жағында және Iшкi Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семей

де жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингiлерi бо лып өттi. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қала сында да халық наразылық шеруiне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерiлуi мен ереуiлдерi темiр жол бекеттерiнде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкiме тiне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Gйткенi жұмыс шы табының қатары әлi аз едi. Саяси жағынан пiсiп жетiлмеген, көтерiлiске әзiрленбеген болатын. Жұмысшы табы ендi ғана қалып тасып келе жатқанды. Оның үстiне, шет аймақтың ұлттық ерекше лiгi де тежеушi әсерiн тигiзбей тұра алмады. Патшалық самодержа вие мұнда еуропалық ұлт өкiлдерiнiң ат төбелiндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бiрбiрiне қарсы қоюға тырысып бақты.


Бұл кезеңде патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты күшейiп, бар ған сайын асқына түстi. Мұны мынадан айқын көруге болатын едi. Бiрiншiден, қазақтардың жерлерiн қоныс аударушы орыс шаруала рының және казактардың қорына жаппай тартып алу одан әрi жүрiп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сiбiр шекара шебiндегi енi он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерле рiнiң «мәңгiлiк» пайдалануына берiлдi. Патша үкiметiнiң осы және басқа да озбырлық әрекеттерi салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсiз қала бастады. Мәселен, ХХ ғасырдың бас кезiнде бiр ғана Семей облысының өзiнде 147 мыңға жуық қазақ жерсiз қалды. Сон дықтан да жерсiз қазақтар жердi Сiбiр казактарынан, император әулетiнiң Алтай таулы округiндегi меншiктi аумағынан, Томск, То был губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондайақ Қытай им периясының әкiмшiлiктерiнен жалға алып, пайдалануға мәжбүр бол ды. Екiншiден, өлке аумағынан мал өнiмдерi шикiзаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейдi. Кенiштердi, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдiк кәсiпкерлер елдiң табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшiншiден, жұмысшыларды, соның iшiнде әсiресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездiк сипат алды. Төртiн шiден, патша үкiметi қазақ өлкесiнде православие дiнiн уағыздаушы миссионерлердi қаптатып жiбердi.

Жергiлiктi халықтың тарапынан әлдебiр келеңсiз әрекеттердiң

жасалып кету мүмкiндiгiнiң алдын алу үшiн 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкiл аумағында әскери төтенше жағдай жариялан ды. Патша үкiметi бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткiздi. Жұ мысшы қозғалысының жетекшiлерiн қамауға алу, жер аудару, кәсiп орындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

2. Жұмысшы қозғалысының күшеюi. 1905–1907 жылдары жұмыс шылардың бiрқатар толқулары болып өттi. Жұмысшылар алғаш қыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсiрiп көрдi. Мәселен, 1902 жылы мыс кенiштерi мен Екiбас тұз көмiр кенiнiң 150 жұмысшысы Дала генералгубернаторының атына арызшағымдар жолдады. Кейiнiрек жұмысшылар наразы лығының бұйрыққа бағынбау және ереуiл сияқты түрлерiне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезiндегi Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуiлi болып өттi. Оған Мейiрхан Кемалов басшы лық еттi. 1905 жылы Қазақстандағы темiр жол жұмысшылары Бүкiл ресейлiк саяси ереуiлге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси ке пiлдiктер мен бостандықтар берiлуiн, Құрылтай жиналысын шақы руды талап еттi. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұ мысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондайақ ендi қалып тасып келе жатқан қазақ зиялылары өкiлдерiнiң саяси шеруi болып


өттi. Шерудi ұйымдастырушылардың бiрi Жақып Ақбаев Семей түр месiне қамалды.

1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сон дайақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуiлдер орын алды. Оларға iлешала Павлодар қаласындағы өзеншiлер де бас көтердi. Жұмысшылар жалақыны көбейтудi, зейнетақыны арттыруды, дәрi герлiк қызметтi тегiн көрсетудi, жыл сайын ақылы еңбек демалысын берудi талап еттi.

Осымен бiр мезгiлде Успенск кенiшiнде жұмысшылардың iрi баскөтеруi басталды. «Капиталға қарсы орысқырғыз одағы» құрыл ды. Жұмысшылар жалақыны көбейтудi, тұрмыс жағдайын жақсар туды, орысқазақ училищесiн ашуды талап еттi. Кенiш иелерi олар дың талаптарын iшiнара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшерi едәуiр көбейтiлдi, 8 сағаттық жұмыс күнi енгiзiлдi, азық түлiк өнiмдерiнiң бағасы аз да болса арзандатылды. Жұмысшыла рға су өтпейтiн арнайы киiмкешек, аяқ киiм берiлдi. Мұның өзi қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бiрлесiп жасаған iс қимылының нәтижесi едi.

1906 жылғы маусымда Семей қаласының жұмысшылары iс жү зiнде түгелдей дерлiк көтерiлдi. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуiлшiлердiң талабы жартылай да болса қанағаттанды рылды. Ереуiл нәтижесiнде қала халқы жиналыс өткiзу бостандығын жеңiп алды.

Қазақстандағы жұмысшылардың мұндай баскөтерулерi мен ере уiлдерi, әсiресе темiржолшылардың арасында кеңiнен қанат жай ды. Революция жылдарында өлкедегi темiр жолдарда пойыздардың жүрiптұруы талай рет тоқтап қалды. Темiр жол жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс күнiн ешкiмнiң, ешқандай әкiмшiлiктiң келiсiмiн сiзақ өз беттерiмен орнатып алды. Олар алғашқылардың бiрi бо лып жұмысшы кәсiподақтарын құрды. Жұмысшылардың бекеттер ге, жол бөлiмшелерiне, кейде тiптi бүкiл темiр жолға басшылық жасауды өз қолдарына алған кездерi де болды. Олар патша үкiме тiнiң жазалаушы отрядтарына қарсы тұру үшiн жауынгерлiк жұмыс шы жасақтарын құрды.

3. Ауыл тұрғындарының наразылығы. Аграрлық саладағы толқу лар негiзiнен қазақ ауылдары мен қоныс аударушы орыс шаруала рының деревняларында өрiс алды. 1905 жылдың жазында Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергiлiктi әкiмшiлiк билiкке қарсы бой көтердi.

Қазақтардың басым көпшiлiгi өздерiнiң туыпөскен атамекен жерлерiнен айырылып қалудан қауiптенiп, отырықшы егiншiлiктi кәсiп еттi. Қазақтар жергiлiктi өкiмет билiгiне отырықшы өмiр салтына көшуге жәрдемдесудi сұрап өтiнiштер жаза бастады. Алайда ол өтiнiштерi көп жағдайда қанағаттандырылмай, үзiлдi


кесiлдi керi қайтарылып жатты. Мәселен, 1899 жылы Омбы уезi нiң бастығы Ақмола облысының генералгубернаторының атына жолдаған хатында былай деп жазды: «...егер мұндай өтiнiш беру шiлердiң қатары барған сайын арта түсетiн болса, орыс шаруала рына бөлiнетiн жер..., қазақ даласын отарлау жөнiндегi мақсат iске аспай қалады».

4. Қазақ зиялыларының атқарған қоғамдықсаяси қызметi. Қазақ халқының азаттық күресiне ХIХ–ХХ ғасырларда қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар едi. Қазақ зиялылары ның көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзiн ашу үшiн оның бойында бiлiмге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенiн түсiндi. Қазақ зиялыларының бүкiл қызметi осы мақсатқа арналды деуге болады.

1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезi өттi. Ондағы мақсат кадеттер үлгi сiмен қазақтың саяси партиясын құру едi. Ол партия қазақ халқының ұлттық мүдделерiн қорғауға тиiстi болатын. 1906 жылы Семей қа ласында қазақтардың съезi шақырылды. Онда қабылданған негiзгi бағдарламада дiн бостандығы, қазақ тiлiнiң қолданыс аясын кеңейту мәселелерi қамтылды. Съезге қатысушылар сонымен қатар қазақ балалары үшiн мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақ станға Ресейдiң iшкi жағынан шаруаларды қоныс аударту үрдiсiн шектеу талаптарын да көтердi.

5. Қазақтардың Ресей Мемлекеттiк Думасына қатысуы. Қазақ тардың саяси санасезiмiнiң елеулi түрде өскенiн қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттiк Думасының жұмысына қа тысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегi революциялық күштердiң қысымымен империяның заң шығарушы және өкiлеттi органы ретiнде Мемлекеттiк Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бiрақ ол манифест бойынша Ресей империясының бiрқатар ха лықтарының, соның iшiнде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергiлiктi билiк органдарына сайлау науқанының алғашқы күнiнен бастапақ қазақтарды «көшпелi және қаңғыбас бұратана халық» ретiнде сай лауға үзiлдiкесiлдi қатыстырмауға айрықша нұсқау берiлдi. Мұның өзi қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашуыза тудырды. Жергiлiктi халық өздерiнiң өкiлдерiн Ресейдiң Мемлекет тiк Думасына қатыстыруды батыл талап еттi. Gлкенiң бүкiл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкiметiн ха лықтың талабына құлақ асуға мәжбүр еттi. Сонымен қазақтар сай лауға қатысатын болып шықты.


 

Ахмет Бiрiмжанов.


1906 жылғы I Мемлекеттiк Думаға қазақ тардан Торғай облысынан – Ахмет Бiрiмжанов, Уфа губерниясынан – Сәлiмгерей ЖантHрин, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұл ұлы, Семей облысынан – Әлихан БHкейханов тар және басқалар сайланды. Бұлардың бар лығы да сауатты, халықтың сыйқұрметi мен сенiмiне бөленген зиялы азаматтар едi. Бiрақ Ресейдiң I Мемлекеттiк Думасы небары 73ақ күн жұмыс iстедi. Депутаттардың көтерген бас тамалары көңiлiнен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жiберiп, қайта дан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.


Ресейдiң 1907 жылғы II Мемлекеттiк Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысы нан – Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан – Ахмет Бiрiмжанов, Семей облысынан – Темiрғали Нұрекенов, Жетiсу об лысынан – Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан – Бақытжан Қаратаев және басқалар. Алайда бұл Думаның да қызметi ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс iстедi.

II Мемлекеттiк Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақын дасып, мұсылмандар фракциясының тобына кiрдi. Ресейдiң ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкiлдерiмен бiрге, iшкi Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту үрдiсiн тоқтату ды талап еттi. Б. Қаратаев II Мемлекеттiк Думада Ресейден шаруа ларды Қазақстанға қоныс аударту саясатының қазақтар үшiн өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баянда ма жасады. Ол өзiнiң жалынды сөзiнде былай деп атап көрсеттi:

«Сiздер мынадай сұмдық жағдайды түсiнуге тиiссiздер: бүгiнгi таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телiмдерiн беру үшiн қазақ тарды өздерiнiң ежелгi атақоныс жерлерiнен ғана емес, жеке меншiк баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап, жоғары билiк орындарына бiрқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемле кеттiк Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бiрiмжанов, Т. Нұреке нов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерiнiң жасаған мә лiмдемесiнде былай деп жазды: «Көшпелiлердiң бiрденбiр күнкөрiс көзi – мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсiзшексiз кең дала сында бiр жерден екiншi жерге үздiксiз көшiпқонып жүруi әлдебiр жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмiр сүру болып табылады».

Шәймерден Қосшығұлұлы I және II Мемлекеттiк Думаға Ақмола облысынан екi рет сайланды. Ол өз жерлестерiнiң арасында өте


беделдi әрi құрметтi азамат едi. Қазақ халқының шын мәнiндегi бiртуар ұлы болатын. Ш.Қосшығұлұлы өлкедегi мұсылман дiнiнiң мүддесiн қорғады. Сол үшiн полиция тарапынан талай рет қуғын сүргiнге ұшырады.

6. II Мемлекеттiк Думаның таратылуы және оның қазақтар үшiн салдары. Бiрiншi орыс революциясы қатаңдықпен басып тастал ғаннан кейiн патша үкiметi елде қуғынсүргiн шараларын жүзеге асыруға кiрiстi. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендiгi жерде бұратана ұлттар, соның iшiнде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкiметi Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлi дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907–1917 жыл дарда қазақтар Ресейдiң Мемлекеттiк Думасына сайланған жоқ. Пат ша үкiметiнiң бұл шарасы қазақ халқының ашуызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Қостанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингiлерi болып өттi. Ә. Бөкейха нов Выборг үндеуiне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттiк Думаның таратылуына қарсылық ретiнде қабылданған болатын.

Келесi шақырылған Мемлекеттiк Думаларда қазақ халқының

мүдделерiн Т. Седельников, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т. Седельников Мемлекеттiк Дума мәжiлiсiнде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсiз қалып отыр, ұлтарақ тай ғана болмашы жерi бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетедi». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртла нов, татар депутаты С. Максудов қорғады.

Закавказьелiк депутат Х. Мамедов III Мемлекеттiк Думаның мiн берiнен бүкiл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзiнде Ресейдiң iшкi аймағынан шаруаларды Қазақстанға жаппай қоныс аудартуды онда қазақтардың жерге қатысты заңды құқықтары шешiлгенге дейiн тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгiлi саяси қайраткерлерiнiң бiрi Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттiк Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кiрiп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақ тардың бастан кешiрiп отырған ауыр халiне аударды.

7. Бiрiншi орыс революциясының қазақ халқына тигiзген ықпалы. 1905–1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясы жеңiлiске ұшы рады. Бiрақ ол қазақ халқының қоғамдық санасезiмiн арттыруға, өлкедегi демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал еттi. Ресейдегi революциялық оқиғалардың әсерiмен қазақ халқының көрнектi перзенттерi саяси сахнаға көтерiлдi. Халықтың таңдаулы өкiлдерiнiң Ресей Мемлекеттiк Думасына қатысуы Қазақстан тари хында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына


айналған зиялылар Ресей империясының өкiлеттi органының мiнбе рiнен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелердi прин циптi түрде батыл көтере бiлдi.

Бiрiншi орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ хал қымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсендiлiгiн арт тырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретiнде көрiне бiлдi. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақ стандағы ұлттықдемократиялық және жұмысшы қозғалысының әл сiз, әлi де жетiлмегенiн көрсеттi.

 

1.

?
Патша үкiметiнiң Қазақстандағы отаршылдық саясатының күшейе түсуi неден көрiндi? 2. Қазақстанда жұмысшы қозғалысының белең алуына не



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: