бап. Су дауларын шешетiн органдар




Су дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

118-бап. Су қатынастарымен байланысты мүлiк
дауларын шешу

Су қатынастарымен байланысты мүлiк дауларын Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

119-бап. Қазақстан Республикасы мен басқа
мемлекеттер арасындағы су даулары

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы су даулары халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте шешiледi.

ХХVI тарау
Су заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

120-бап. Су заңдарын бұзу және ол үшiн
жауаптылық

1. Суға меншiк құқығын бұзатын әрекеттер жасауға кінәлi адамдар, сондай-ақ:
суды өз бетiмен пайдаланған;
лимиттердi бұза отырып су алған;
суды ластаған және былғаған;
сутоғандарын ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық немесе жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерiнiң қалдықтарын көму үшiн пайдаланған;
сутоғандарын тазартылмаған және залалсыздандырылмаған ақаба сумен, қалдықтармен ластаған;
су үшiн ақыны уақтылы төлемеген;
кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi судың ластануы мен былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз iске қосқан;
суға өз бетiмен скважиналарды бұрғылаған және жер асты суларының бас сағаларын салған;
су жиналатын жерлерде топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiн бұзған;
гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзген;
су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiрген;
есепке алу мен есеп беру, су кадастры деректерiн бұрмалаған;
су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзған;
су ресурстарын кешендi пайдалану және табиғатты қорғау мүдделерiне сай реттеп отыруға кедергi жасаған;
су ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жазбаша нұсқауларын орындамаған;
суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартатын гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да шараларды жүргiзбеген кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен су заңдарын бұзудың басқа да түрлерi үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.

121-бап. Су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген
зиянды өтеу

Заңды ұйымдар мен азаматтар су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және мөлшерде өтеуге мiндеттi.

122-бап. Өз бетiмен иемденген сутоғандарын қайтару

1. Өз бетiмен иемденген сутоғандар заңсыз пайдаланған уақыт iшiнде су заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген зияндарды өтей отырып өз иелерiне қайтарылып берiледi.
2. Өз бетiмен иемденген сутоғандарды қайтарып беру соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.

Алтыншы бөлiм
Халықаралық шарттар

123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы
халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртiбi белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 123-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы
Су кодексiне
қосымша

Қазақстан Республикасы Су кодексiнде
пайдаланылған арнаулы
терминдер мен анықтамалар

Өзен бассейнi (көлдер, - су айырықтарымен шектелген және су
теңiздер) олардан өзенге (көлге, теңiзге) ағып
баратын жер бетiнiң бiр бөлiгi және
топырақ жыныс қабаты

Бассейндiк - халықтың және экономика салаларының
(бас) схема суға деген болашақтағы қажеттерiн
қанағаттандыру үшiн, сондай-ақ суды
қорғау және ұдайы молайту немесе
оның зиянды әсерiнен қорғау үшiн
жүзеге асыруға тиiстi негiзгi су
шаруашылық және басқа да шараларды
белгiлейтiн жобалау алдындағы құжат
түрiндегi өзен (көлдер, теңiздер)
бассейнiнiң су ресурстарын кешендi
пайдалану және қорғау схемасы

Су ресурстары - қарастырылып отырған аумақтың жер
бетi және жер асты суларының
қорлары. Су ресурстары теңiздердiң,
өзендердiң, көлдердiң, батпақтардың,
бөгендердiң, су қоймаларының,
мұздықтардың, каналдар мен магист.
ралдық су жолдарының, жер асты
қатпарларының суларын, топырақ
ылғалын қамтиды

Су көзi - теңiз, өзен, көл, арналы су қоймасы
немесе бөген, оларға келiп құйылатын
су салалары, жер астындағы сулы
көлбеу қабат

Су жолдары - суды тапсырылған бағытқа жеткізуге
және әкетуге арналған гидротехника.
лық құрылыстар

Сутоған - ағын сумен iркiндi судың табиғи
немесе жасанды жолмен жиналуы (өзен,
көл, бөген және т.б.)

Бас саға - сутоғаннан суды су жолдарына алуға
құрылыстары арналған гидротехникалық құрылыстар

Су пайдалану - халықтың және экономика салаларының
мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су
пайдалану

Су тұтыну - сутоғандарын немесе сумен жабдықтау
жүйелерiнен су тұтыну

Су қабылдағыш - бас саға құрылысының сутоғаннан суды
тiкелей қабылдап алуға қызмет ететiн
бөлiгi. Табиғи тұйықталған ойпаң
жерлер, бөгендер, сүзу алқабы, ауыл
шаруашылық алқабы, өзендер, көлдер,
теңiз, тау жыныстары және т.б.
пайдаланылған ақаба суды кәдеге
жарату үшiн су қабылдағыштар қызме.
тiн атқара алады

Су реттегiш - су шығыны мен деңгейiн реттеуге
құрылғы арналған құрылғы

Су шаруашылық - су шаруашылық жүйесiнiң техникалық
жай-күйiн арттыруға және жұмысын
жақсартуға, табиғи кешендердiң эко.
логиялық тұрақтылығын сақтауға, оның
iшiнде өзендер (көлдер, теңiздер)
бассейндерi ағыстарын қайта бөлу
немесе басқа жаққа бұру арқылы
сақтауға бағытталған шаралар кешенi

Су шаруашылық - су ресурстарын реттеу, пайдалану,
құрылыстары мен ұдайы молайту және қорғау, халықты
құрылғылары және экономика салаларын сумен қам.
тамасыз ету мақсатында, сондай-ақ
судың зиянды әсерiне қарсы күресу
үшiн табиғи ортада және сутоғандарда
жасанды жолмен салынған каналдар, су
қоймалары, су құбырлары, гидротехни.
калық құрылыстар мен құрылғылар

Су шаруашылық - бассейндегi немесе қарастырылып
балансы отырған аумақтағы су ресурстарын
олардың экономика салаларын дамыту.
дың түрлi деңгейлерiнде пайдаланы.
луымен салыстыру нәтижелерi

Су - "су" деген заңдық ұғым пайдаланылуы
мемлекеттiк-құқылық жолмен реттелiп
отыратын сутоғандар жиынтығын қам.
тиды

Су ресурстарын - табиғи су айналысының нәтижесiнде су
ұдайы молайту ресурстарының табиғи жолмен жаңаруы
және өздiгiнен тазаруы. Су ресурс.
тары шаруашылық айналымына интенсив.
тi түрде тартылып, сарқылатын
болғандықтан, ұдайы молайту деп,
сондай-ақ өздiгiнен молығу мен
өздiгiнен тазартуға қажеттi
жағдайлар жасауды қоса алғанда, су
ресурстарының сандық және сапалық
сипаттамасын жақсартуға бағытталған
шаралар кешенiн де айтады

Судың зиянды - су басу және сел тасқыны, аумақтың
әсерi су астында қалуы, жердiң сортаңдануы
мен батпақтануы, жағалаулардың,
қорғаныш құрылыстарының қирап-бүлi.
нуi нәтижесiнде шаруашылық және өзге
де қызметке судың терiс әсерi

Су тоғандарының - климаттық және басқа да факторлардың
гидрологиялық режимi әсерiмен белгiлi бiр уақытта жер
бетi суы шығынының, деңгейi мен
балансының өзгеруi

Су тоғандарының - табиғи және жасанды факторлардың
гидрологиялық әсерiмен белгiлi бiр уақытта жерасты
режимi суы шығынының, деңгейi мен
балансының өзгеруi

Гидромелиорациялық - топырақтың су режимiн өзгерту
жұмыстар жөнiндегi шараларды жүргiзе
отырып жердi суландыруды дамытуға
бағытталған жұмыстар

Гидротехникалық - су ресурстарын ұтымды пайдалану,
жұмыстар ұдайы молықтыру, қорғау және судың
зиянды әсерiне қарсы күресу үшiн
гидротехникалық құрылыстарды салу
жөнiндегi жұмыстар

Су басу - судың зиянды әсерiн тудыратын жер
бетi ағын суы немесе жер асты суы
деңгейiнiң артуы

Нөсер суы - мол жауған жаңбыр нәтижесiнде пайда
болған су

Суландыру жүйесi - жайылым аумағын, шабындықтарды сумен
қамтамасыз етуге және ауыл шаруашы.
лығын сумен жабдықтаудың басқа да
мұқтаждарына арналған гидротехника.
лық құрылыстар жүйесi

Айналмалы сумен - халықтың және экономика салаларының
жабдықтау техникалық мұқтаждарына суды көп мәрте пайдалану

Суару жүйесi - жердi суаруға арналған гидротехника.
лық және өзге де ирригациялық
құрылыстар жүйесi

Тасқын суы - жаңбырдан немесе қар еруiнен өзендер
суы шығыны мен деңгейiнiң интенсивтi
түрде артуы нәтижесiнде пайда болған
су

Су астында қалу - белгiлi бiр аумақта шаруашылық және
өзге де қызметтiң бұзылуына апарып
соқтыратын жер асты суы деңгейiнiң
артуы

Сумен жабдықтаудың - сумен жабдықтау жүйесi, мұнда су бiр
тура ақпалы жүйесi рет пайдаланғаннан кейiн су құятын
тоспалар мен тұндырғыларға жiберiледi

Су қоймасының толу - су пайдалану талаптарына және өзен.
және жұмыс iстеу режимi дердiң гидрологиялық режимiне сәйкес
су қоймасындағы судың мөлшерi мен
деңгейiн реттеу

Пайдаланылған ақаба - адамның тұрмыстық және өндiрiстiк
су қызметiнде пайдаланғаннан кейiн
жiберiлген су

 

 



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2016-04-15 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: