Бап. Су пайдалану мерзiмдерi




1. Сутоғандары тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
2. Күнiлгерi белгiленген мерзiмсiз су пайдалану тұрақты пайдалану деп танылады.
3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - үш жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - жиырма бес жылға дейiн болуы мүмкiн.
4. Су пайдалану мерзiмдерi су пайдалану құқығын куәландыратын тиiстi құжат алынған күннен бастап есептеледi.
5. Қажет болған кезде су пайдалану мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
6. Жалпы су пайдалану мерзiмi мен шектелмейдi.
7. Уақытша су пайдалану мерзiмдерiн өзгертудi немесе доғаруды мүдделi су пайдаланушылардың өтiнiшi бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат берген немесе сутоғанын жеке пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

38-бап. Суды мақсатты пайдалану

1. Сутоғандары халықтың ауызсу, тұрмыстық, емдiк, курорттық, сауықтыру және өзге де мұқтаждарын, ауыл шаруашылық, өнеркәсiптiк, энергетикалық, құрылыс, көлiк, балық шаруашылығы мен өзге де қажеттердi қанағаттандыру үшiн пайдалануға берiледi.
2. Су бiр немесе бiрнеше мақсаттар үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн.
3. Су пайдаланушылар суды берiлген кездегi көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға тиiс.

39-бап. Су пайдаланушылардың негiзгi құқықтары

Су пайдаланушылардың:
осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшiн суды пайдалануға;
кейiннен пайдалану үшiн су шығарып алуға;
су шаруашылық құрылыстары мен құрылғыларын орнатуға;
берiлген судың мөлшерi мен сапасын тексеруге;
осы Кодекстiң 40-бабында көзделген реттердi қоспағанда, лимит бойынша алынбаған судың өтемiн талап етуге;
суды пайдалану жөнiнде заңмен тыйым салынбаған басқа да әрекеттердi жүзеге асыруға қақысы бар.

40-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарына шек қою

1. Су мүлде азайған, сутоғандарында авариялық жағдайлар болған, жұқпалы аурулар мен iндеттердiң пайда болу қаупi туған кезде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де реттерде басқа су пайдаланушылардың мүдделерiне орай су пайдаланушылардың құқықтарына шек қойылуы мүмкiн.
Су пайдаланушылардың құқықтарына шек қою халықтың ауызсу және тұрмыс мұқтаждары үшiн суды пайдалану жағдайларын нашарлатпауға тиiс.
2. Су пайдаланушылардың құқықтарына:
суды жеке пайдалануға - сутоғанын жеке пайдалануға берген орган;
арнайы су пайдалануға - арнайы су пайдалануға рұқсат берген орган;
қосалқы су пайдалануға - су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган шек қоюы мүмкiн.

41-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

1. Су пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлмеген негiздермен су пайдалану құқығынан ешкiм айрыла алмайды.
2. Су пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiпте қалпына келтiрiлуге жатады.

42-бап. Су пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi

Су пайдаланушылар:
суды мақсатты және оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануына;
табиғи ортаға және шаруашылық объектiлерiне зиян келтiрмеуге;
суды үнемдi жұмсауға;
ағынды судың сапасын жақсарту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға;
басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеуге;
пайдаланылатын сутоғандарын қалыпты ұстауға және көркейтуге;
құрамында ластайтын заттары бар сарқынды судың сутоғанына құйылуына жол бермеуге;
судың жай-күйiне әсер ететiн тазарту және басқа су шаруашылық құрылыстары мен техникалық құрылғыларды түзiк күйде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға;
судың бас сағаларын есепке алу құралдарымен жабдықтауға және белгiленген тәртiпте су пайдаланудың есебiн жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

43-бап. Су пайдалану құқығын доғару негiздерi

1. Заңды ұйымдар мен азаматтардың су пайдалану құқығы мынадай реттерде:
су пайдаланудың қажетi болмай қалған немесе одан бас тартқан;
су пайдалану мерзiмi өткен;
заңды ұйым таратылған, азамат қайтыс болған;
сутоғандарын белгiленген тәртiпте басқа заңды ұйымдар мен азаматтарға берген;
суды пайдалану және қорғау шарттары бұзылған;
суды көзделген мақсатқа пайдаланбаған реттерде толық немесе iшiнара доғарылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды ұйымдар мен азаматтардың су пайдалану құқығын доғарудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.

44-бап. Су пайдалану құқығын доғару тәртiбi

1. Су пайдалану құқығы арнайы немесе жеке су пайдалануға берiлген рұқсаттың күшiн жою арқылы доғарылады.
2. Су пайдалану құқығын доғару:
арнайы су пайдалану құқығы - оған рұқсат берген органның шешiмi бойынша;
қосалқы су пайдалану құқығы - су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Сутоғандарын жеке пайдаланудан толық немесе iшiнара алып қою сутоғанын жеке пайдалануға берген органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

45-бап. Сутоғандарын пайдалануға шек қою
немесе тыйым салу

1. Айрықша мемлекеттiк немесе ғылыми маңызы, сондай-ақ мейлiнше сел қауiпi бар сутоғандарын пайдалануға беруге iшiнара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкiн.
Мұндай сутоғандары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Ядролық қаруды сынау, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерiн /химиялық, бактериологиялық, биологиялық және басқада қару түрлерiн/ сынау полигондарын салу және олардың жұмыс iстеуi, олардың қалдықтарын көму үшiн сутоғандарын немесе олардың бөлiктерiн пайдалануға тыйым салынады.

46-бап. Су шаруашылық шараларын жүргiзуден
келтiрiлген зияндарды өтеу

Су шаруашылық шараларын жүргiзуден, сондай-ақ су пайдаланудың доғарылуынан немесе шарттарының өзгеруiнен заңды ұйымдар мен азаматтарға келтiрiлген зияндар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте және көлемде өтелуге жатады.

V тарау
Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

47-бап. Су пайдалануға ақы төленетiндiгi

1. Қазақстан Республикасында жалпы су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану ақылы болып табылады.
3. Жалпы су пайдаланудан басқа, су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы меншiк және шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан алынады.
4. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы судың сапасы, сутоғанының орналасқан жерi және суды пайдалану шарттары ескерiле отырып алынады.
5. Жер үстi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн ақыны бюджетке есептеу мен төлеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 47-баптың 5-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.

48-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн
ақы төлеу тәртiбiнде түскен қаржыны
пайдалану

ЕСКЕРТУ. 48-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.

49-бап. Су пайдаланушыларға көрсетiлген
қызметтер үшiн ақы төлеу

1. Су алу мен беру жөнiнде су пайдаланушыларға көрсетiлетiн қызмет үшiн ақы алынады.
2. Көрсетiлген қызметтер үшiн төленетiн ақы су алу мен беру, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын атқару жөнiндегi шығындарды қамтиды.
3. Су пайдаланушыларға көрсетiлген қызмет үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

VI тарау
Сутоғандарын халықтың ауызсу, тұрмыстық
және өзге де мұқтаждары үшiн пайдалану

50-бап. Халықтың ауызсу, тұрмыстық және
өзге де мұқтаждары үшiн берiлетiн
сутоғандары

Суының сапасы белгiленген мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келетiн сутоғандары ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн, сондай-ақ халықтың өзге де мұқтаждары үшiн берiледi.

51-бап. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау

1. Сутоғандарын халықтың ауызсу, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшiн орталықтандырылған сумен жабдықтау тәртiбiнде пайдаланған кезде шаруашылық-ауызсу құбырлары меншiгiнде немесе пайдалануында болатын заңды ұйымдар бас саға құрылыстарының бекiтiлген жобаларына және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарына сәйкес сумен жабдықтау көздерiнен су алып тұруға қақылы.
2. Аталған заңды ұйымдар алынатын судың есебiн алуды ұйымдастырып, сумен жабдықтау көздерiндегi судың жай-күйiн үнемi байқап отыруға және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдарына, табиғат қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдарға су көздерiндегi, су сапасының белгiленген мемлекеттiк стандарттардан ауытқуы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.

52-бап. Халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау

1. Сутоғандарын халықтың ауызсу, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшiн орталықтандырылмаған сумен жабдықтау тәртiбiнде пайдаланған кезде заңды ұйымдар мен азаматтар жалпы және арнайы су пайдалану талаптарын сақтай отырып суды тiкелей жер бетiндегi немесе жер астындағы су көздерiнен алуға қақылы.
2. Осы мақсаттарға арналған бас саға құрылыстарын пайдалану су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша аумағында бас саға құрылыстары орналасқан атқарушы органдар белгiлеген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

53-бап. Жер астындағы iшуге жарайтын суды
ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға
байланысты емес мұқтаждар үшiн пайдалану

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, жер астындағы iшуге жарайтын суды ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Жер бетiндегi қажеттi су көздерi жоқ және жер астындағы iшуге жарайтын судың жеткіліктi ресурстары бар аудандарда су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган табиғат пен жер қойнауын қорғау органдарымен келiсiм бойынша ауызсумен және тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн бұл суды уақытша пайдалануға рұқсат бере алады.

VII тарау
Сутоғандарын сауықтыру және демалыс
мақсаттары үшiн пайдалану

54-бап. Сауықтыру мақсатындағы сутоғандары

1. Табиғи емдiк факторға ие, сондай-ақ алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы сутоғандары сауықтырғыш сутоғандар категориясына жатқызылады.
2. Денсаулық сақтайтын, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша мұндай сутоғандар тiзбесiн:
республикалық маңызы барларын - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
жергiлiктi маңызы барларын - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 54-баптың 2-тармағының 3 азат жолы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

55-бап. Сауықтыру мақсатындағы сутоғандарын пайдалану

1. Сауықтырғыш категориясына жатқызылған сутоғандар ең алдымен емдiк және курорттық мақсаттар үшiн пайдаланылады.
2. Айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе денсаулық сақтайтын, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша атқарушы органдар сауықтырғыш категориясына жатқызылған сутоғандарын арнайы су пайдалану жағдайында басқа мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 55-бапта сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

56-бап. Сутоғандарын демалыс мақсаттары үшiн пайдалану

1. Сутоғандарын демалыс мақсаттары үшiн пайдалануға, сел қауiпi бар аймақтарда орналасқан өзендердi қоспағанда, ерекше рұқсатсыз-ақ жол берiледi.
2. Табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша атқарушы органдар белгiлеген жерлерде сутоғандары көпшiлiктiң тынығуы, туризм және спорттық мақсаттар үшiн пайдаланылады.
ЕСКЕРТУ. 56-бапта сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.24. N 58-I Заңымен.

VIII тарау
Сутоғандарын ауыл шаруашылық мұқтаждары
үшiн пайдалану

57-бап. Ауыл шаруашылығына суды пайдалану

1. Суды ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады.
2. Арнайы су пайдалану кезiнде суару, суландыру, құрғату және өзге де су шаруашылық құрылыстары мен құрылғылары қолданылады.

58-бап. Ауыл шаруашылығына су пайдаланушылардың
мiндеттерi

1. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн сутоғандарын пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар:
су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, ережелерiн, нормалары мен режимiн сақтауға;
су шаруашылық жүйелерiнде судың шығынын жоюға және қысқартуға шаралар қолдануға;
бас сағаларды балық бөгегiштермен жабдықтауға;
бас сағаларды суды есепке алатын құралдармен қамтамасыз етуге;
су көздерiнiң ластануына және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
2. Сутоғандарын ауыл шаруашылық мұқтаждары үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтарға өз бетiнен:
сутоғандарындағы бас саға құрылыстарын реттеуге;
сутоғандарында уақытша бөгеттер, сорап станцияларын және басқа құрылыстар салуына;
су шаруашылық скважиналарын бұрғылауға;
каналдар мен өзге шаруашылық құрылыстары арқылы осы мақсаттар үшiн арнайы белгiленбеген жерлерден мал айдауға, көлiк құралдарын, өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдердi өткiзуге;
басқа су пайдаланушылардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.

59-бап. Маусымдық су көздерiн ауыл шаруашылығына
пайдалану

1. Заңды ұйымдар мен азаматтардың шабындық жерлерге, жайылымдарға және көлдетiп суару учаскелерiне су қаптату үшiн қар суын, жаңбыр суы мен тасқын суын пайдалануға қақысы бар.
2. Қар суын, жаңбыр суын және тасқын суын тоқтату арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады.

60-бап. Суды жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану

1. Заңды ұйымдар мен азаматтар мал суаруды қамтамасыз ету мақсатымен жайылымдарды суландыру үшiн жер бетiндегi және жер астындағы суды пайдаланады.
2. Жайылымдарды суландыру үшiн суды пайдалану шегендi және құбырлы құдықтарды, тоғандарды, апандарды, суландыру каналдары мен басқа да құрылыстарды салу арқылы жүзеге асырылады.
3. Суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болғанда суды мал суару үшiн пайдалануға жол берiледi.

61-бап. Суды жеке меншiк қосалқы шаруашылық, бақ өсiру
мен бақшашылық мұқтаждары үшiн пайдалану

1. Жеке меншiк қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бақ өсiру мен бақшашылықпен айналысатын азаматтарға белгiленген лимиттерге сәйкес суару үшiн су бөлiнедi.
2. Жергiлiктi су ресурстары болмаған кезде суару үшiн су бұрыннан бар су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.

62-бап. Пайдаланылған ақаба сумен жер суару

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсiру үшiн жердi пайдаланылған ақаба сумен суару санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалау жасайтын, табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

IХ тарау
Суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшін пайдалану

63-бап. Суды өнеркәсiп мұқтаждары үшiн пайдалану

Суды өнеркәсiп мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiнде жүзеге асырылады.

64-бап. Сутоғандарын өнеркәсiптiк мақсаттар
үшiн пайдаланатын су пайдаланушылардың
мiндеттерi

1. Сутоғандарын өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн пайдаланатын су пайдаланушылар су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, технологиялық нормалары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi.
2. Өндiрiс жағдайларына қарай айналмалы сумен жабдықтауға және қалдықсыз технологияға көшiрiле алмайтын кәсiпорындарды қоспағанда, сумен жабдықтаудың тура ақпалы жүйесiндегi өнеркәсiп объектiлерiн жобалауға және iске қосуға тыйым салынады.
3. Айналмалы сумен жабдықтау жүйесi жоқ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша айналмалы сумен жабдықтауға көшiру мерзiмi белгiленедi.

65-бап. Ауызсуды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн
пайдалануға шек қою

1. Технологиялық процеспен ауызсуды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы су көздерi болған жағдайда ауызсуды өнеркәсiптiк мақсаттарға пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Дүлей апаттар, авариялар болған ретте және басқа да ерекше жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдар халықтың ауызсу және тұрмыстық мұқтаждарының бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн ауызсуды тұтынуға уақытша рұқсат беруге қақылы. Ауызсуды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша белгiленедi.

66-бап. Жер астындағы суды өндiрiстiк
мұқтаждар үшiн пайдалану

Ауызсу немесе шипалы су категорияларына жатқызылмаған жер асты суы техникалық сумен жабдықтау, олардың құрамындағы химиялық элементтердi айырып алу, жылу энергиясын алу және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн арнайы су пайдалану жағдайында пайдаланылуы мүмкiн.

Х тарау
Сутоғандарын гидроэнергетика мұқтаждары
үшiн пайдалану

67-бап. Сутоғандарын гидроэнергетика мұқтаждары
үшiн пайдалану

Сутоғандарын гидроэнергетика мұқтаждары үшiн пайдалану табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен, ал сел қауiпi бар аудандарда - селден қорғау органдарымен келiсiм бойынша экономиканың басқа да салаларының мүдделерi, суды кешендi пайдалану талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

68-бап. Гидроэнергетикалық кәсiпорындардың
су пайдалану жөнiндегi құқықтары
мен мiндеттерi

1. Гидроэнергетикалық кәсiпорындардың:
бекiтiлген жобаларға сәйкес электр энергиясын өндiру үшiн суды пайдалануға;
егер бұл суды кешендi пайдалану және қорғау талабын бұзбайтын болса, энергетика мақсаттары үшiн сутоғандарын пайдалануды жақсартуға мүмкiндiк беретiн шараларды жүзеге асыруға;
заңды ұйымдар мен азаматтардан гидроэнергетиканың мұқтаждары үшiн сутоғандарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ететiн ережелердi сақтауын талап етуге қақысы бар.
2. Гидроэнергетикалық кәсiпорындар:
су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың, олардан су өткiзудiң, жоғары және төменгi аралықта су деңгейi ауытқуының белгiленген режимiн сақтауға;
кемелер мен салдардың кедергiсiз және қауiпсiз өтуiн, жобаларға сәйкес санитарлық және табиғатты қорғау мақсатында су жiберу шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
балық қорғау құрылыстарын және балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтетiн жолдарын тиiстi техникалық күйде ұстауға;
мүмкiн болатын сел тасқындары, су тасқындары мен басқа да дүлей апаттары жағдайларында тiрек құрылыстардың берiктiгiн арттыруды, техникалық авариясыз пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.

ХI тарау
Сутоғандарын су көлiк мұқтаждары үшiн пайдалану

69-бап. Кеме қатынайтын су жолдары

Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдары категорияларына жатқызылған өзендерi, көлдерi, су қоймалары мен теңiз сулары жалпы пайдаланудағы су жолдары болып табылады, бұған оларды осы мақсаттар үшiн пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар жеке пайдалануға берiлген реттер кiрмейдi.

70-бап. Су жолдарын кеме қатынайтын су
жолдары категориясына жатқызу

Су жолдарын кеме қатынайтын су жолдары категориясына жатқызу, кеме қатынасы үшiн ашылған су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

71-бап. Кеме қатынайтын су жолдарындағы
су пайдаланушылардың мiндеттерi

1. Су пайдаланушылар:
суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
сутоғандарының арналары мен жағалауларының, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың бұзылуына жол бермеуге;
басқа да заңды ұйымдар мен азаматтардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
2. Кеме қатынайтын жолдарды басқа мақсаттар үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға мiндеттi.

72-бап. Кеме қатынайтын жолдарды шағын көлемдi
кемелерде жүзу үшiн пайдалану

1. Кеме қатынайтын су жолдарын шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн пайдаланатын азаматтар белгiленген ережелердi орындауға мiндеттi.
2. Кеме қатынайтын жолдарды шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн пайдалануға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары шек қоюы немесе тыйым салуы мүмкiн.

73-бап. Сутоғандарын әуе көлiгiнiң мұқтаждары
үшiн пайдалану

Сутоғандарын әуе кемелерiнiң ұшуы және қонуы үшiн, сондай-ақ әуе көлiгiнiң басқа да мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте және шарттарда жүзеге асырылады.

74-бап. Ағашты салсыз ағызуға, сондай-ақ сүрек
ағашты кемемен сүйремей буып және топтап
ағызуға тыйым салу

Ағашты салсыз ағызуға, сондай-ақ сүрек ағашты кемемен сүйремей буып және топтап ағызуға:
кеме қатынайтын жолдарда;
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен сутоғандарда тыйым салынады.

75-бап. Ағаш ағызушы ұйымдардың ағаш ағызу
жолдарын тазарту жөнiндегi мiндеттерi

1. Ағаш ағызушы кәсiпорындар ағаш ағызу жолдарын суға батқан сүрек ағаштардан ұдайы тазалап отыруға мiндеттi.
2. Ағаш ағызатын жолдардың тiзбесiн және оларды пайдалану тәртiбiн су ресурстарын басқаратын және табиғатты қорғайтын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

ХII тарау
Сутоғандарын балық шаруашылығының мұқтаждары
үшiн пайдалану

76-бап. Сутоғандарын балық шаруашылығының
мұқтаждары үшiн беру

1. Республика аумағында орналасқан сутоғандары немесе олардың бөлiктерi басқа су пайдаланушылардың құқықтарына нұқсан келтiрмей, балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
2. Табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн арнайы пайдалануға жекелеген сутоғандар немесе олардың бөлiктерi бөлiнiп берiледi.
3. Табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдары балық аулау кәсiбi мұқтаждары үшiн балық шаруашылығы кәсiпорындарына су қорғау белдеулерiнiң жер учаскелерiн уақытша пайдалануға бередi.

77-бап. Балық шаруашылық кәсiпорындары мен
ұйымдарының суды пайдалану жөнiндегi
құқықтары және мiндеттерi

1. Сутоғандарын немесе олардың учаскелерiн балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдаланатын заңды ұйымдар мен азаматтар оларда балық шаруашылығын жүргiзу үшiн қажеттi жұмыстарды жүзеге асырады, сондай-ақ балықтар, басқа да су хайуанаттарын аулау мен өсiмдiктерiн өндiру және өсiру жұмысын жүргiзедi.
2. Балық шаруашылығының мұқтаждары үшiн өздерiне сутоғандары немесе олардың учаскелерi берiлген су пайдаланушылар:
табиғатты, балық қорларын қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша сутоғандарының жай-күйi мен балық қорларын ұдайы толықтыру жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететiн балық өсiру және мелиорациялық- техникалық шараларды жүргiзуге;
балық аулау орындарындағы жағалау учаскелерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауға мiндеттi.

78-бап. Балық шаруашылығының мүдделерi үшiн
суды пайдалануға шек қою

1. Балықтың бағалы түрлерiн сақтау және ұдайы өсiру үшiн ерекше маңызы бар сутоғандарында немесе олардың жекелеген учаскелерiнде және басқа да су кәсiпшiлiгi объектiлерiнде балық шаруашылығының мүдделi үшiн су пайдаланушылардың құқықтарына шек қойылуы мүмкiн.
2. Мұндай сутоғандарының немесе олардың учаскелерiнiң тiзбесiн және шек қоюдың түрлерiн балық қорлары мен табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

79-бап. Сутоғандарын спорттық және әуесқойлық
балық аулау кәсiбi үшiн пайдалану

1. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, бөгендердiң, көлдердiң және басқа балық шаруашылықтарының аумағына орналасқан сутоғандарын қоспағанда, барлық сутоғандарды азаматтар балық аулау кәсiбiнiң белгiленген ережелерiн сақтай отырып жүзеге асырылатын спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн пайдалана алады.
2. Сутоғандарын спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсiбi үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

ХІІІ тарау
Сутоғандарын аң шаруашылығының мұқтаждары
үшiн пайдалану

80-бап. Сутоғандарын аң шаруашылығының
мұқтаждары үшiн пайдалану

1. Суда жүзетiн жабайы құстардың және терiсi бағалы аңдардың мекенi болып табылатын сутоғандары немесе олардың бөлiктерiн табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар суды кешендi пайдалану және қорғау талаптарын ескере отырып аң шаруашылығының пайдалануына бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен терiсi бағалы аңдар жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын пайдаланған кезде аң шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуi тиiс.

81-бап. Аң шаруашылығының мұқтаждары үшiн берiлген
сутоғандарында су пайдалануға шек қою

1. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр мен басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде, ұйымдасқан аң шаруашылықтарында, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы өсiру мен қорғау жөнiндегi шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың келуiне, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аңшылыққа, жағалау белдеуiне құрылыс салуға және сутоғандарының жай-күйi мен аң шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.
2. Сирек кездесетiн, бағалы, суда жүзетiн және батпақта өсетiн құстар, ондатр және басқа да терiсi бағалы аңдар мекендейтiн жерлерде гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу мен балық аулау, аң шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктердi сутоғандарда культивациялау табиғатты қорғайтын және су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

ХIV тарау. Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың сутоғандарын пайдалану

82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
сутоғандары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорықтардың және өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлерiнiң сутоғандары жатады.
ЕСКЕРТУ. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.23. N 151 Заңымен.

83-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
сутоғандарын пайдалану тәртiбi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарымен белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. ХIV тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.11. N 381 Заңымен.

ХV тарау
Сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн
пайдалануға шек қою

85-бап. Сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды
төгу үшiн пайдалануға жол бермеу

Осы Кодекстiң 86-бабында көзделген реттердi қоспағанда сутоғандарын пайдаланылған ақаба суды төгу үшiн пайдалануға тыйым салынады.

86-бап. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға
төгуге жол берудiң шарттары

1. Пайдаланылған ақаба суды сутоғандарға төгуге оны табиғатты қорғау органдары белгiлеген шектерге дейiн тазартқан жағдайда пайдаланылған жол берiледi.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар орындалмаған жағдайда пайдаланылған ақаба суды төгуге табиғатты қорғайтын мемлекеттiк органдар тыйым салады.

ХVI тарау
Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану

87-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану

Өрт сөндiру мұқтаждары үшiн сутоғандарының кез келгенiнен су алуға жол берiледi.

88-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану
тәртiбi

Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

ХVII тарау
Су қоймаларын пайдалану

89-бап. Су қоймалары және оларды пайдалану

1. Су қоймалары әртүрлi су пайдаланушылардың су жөнiндегi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жер бетi суының ағысын реттеу мақсатымен жасалады.
2. Су қоймалары осы Кодексте көзделген экологиялық тұрақтылықты сақтауды, халықтың және экономика салаларының мүдделерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн талаптар мен шарттарды сақтаған кезде пайдалануға берiлуi мүмкiн.

90-бап. Су қоймаларын толтыру және жұмысқа
қосу режимi

Су қоймаларындағы су құбыры, су жiберетiн немесе су алатын құрылыстарын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер су қоймалары ықпал жасайтын аймақтарда тұрған су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың белгiленген режимiн сақтауға мiндеттi.

91-бап. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi

1. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi табиғатты, балық қорларын қорғауды, санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiм бойынша су ресурстарын басқара



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2016-04-15 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: