Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 7 глава





ГалданЦерен қайтыс болғаннан кейiн оның мұрагерлерi ара сында кескiлескен тақ таласы басталды. Мұны қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, жоңғар билеушiлерiнiң билiк үшiн қырқыстары на араласып кеттi. Мұның өзi қазақтардың өз жауын әлсiретуiне және Қазақстанның оңтүстiк және оңтүстiкшығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкiндiк туғызды. Абылай жоң ғарлардың тақтан үмiткер мұрагерлерiне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерiн қайтарып алуға қол жеткiздi.

Осы кезде қытай билеушiлерi Жоңғарияда болып жатқан оқиғаларды жiтi бақылап, оны басып алуды көздеп отыр едi. Сөйтiп қытайжоңғар соғысы басталып кеттi. 1755 жылы Цинь императоры Жоңғарияға елеулi әскер күшiн кiргiздi. Бiр кездегi қуатты Әмiрсана Ресей мемлекетiнiң қамқорлығына үмiт артып, Сiбiрге қашып ба руға мәжбүр болды. 1758 жылы Жоңғарияны Қытай армиясы түгел дей бағындырып алды. 1 миллионға жуық қалмақ қырғынға ұшы рады. Бұл туралы қазақтың белгiлi зерттеушiсi М. Тынышбаев бы лай деп жазады: «Қытай императоры жоңғарларды талқандау үшiн күштi әскер жiбердi. Қытайлықтар жасы мен жынысына қарамас тан 1 миллиондай жоңғарды қырып тастады». Жоңғарлардың тiрi қалған азғана тобы Едiлдiң төменгi сағасындағы өздерiмен туыстас қалмақтарға қарай қашты. Жоңғарлар бұл жолы да қазақтардың шабуылына тап болды.

1761 жылы Қытай өзiнiң Жоңғариядағы жағдайын бiржолата ны

ғайту үшiн онда империяның Синьцзянь немесе Шыңжаң (Жаңашеп) атты жергiлiктi аймағын құрды. Қытайлықтар бос қалған аймаққа ұйғыр, дұнған, урянхай, манчьжурлар мен 1771 жылдан Едiл бойы нан келген қалмақтарды қоныстандыра

бастады.

5. Абылайдың қазақ жерлерiн бiрiктiру жолындағы күресi. Абылай хан Қазақ хан дығының қауiпсiздiгi мен егемендiгiн қам тамасыз ету үшiн сыртқы саясатты да нышпандық көрегендiкпен жүргiздi. Ре сейдiң қол астына сырт көзге ғана фор малды түрде қарағаны болмаса, 1756 жылы Қытай үкiметiмен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оның Ресейдiң Қазақстан аумағындағы отар шылдық әрекеттерiн тоқтатуына, сонымен қатар Қытай тарапынан жасалатын агрес сияға жол бермеуiне мүмкiндiк туғызды. Жоңғар мемлекетiн бiржолата жою


дың басталған кезiнде қазақ билеушi

лерi мен Қытай үкiмет билiгi арасында


Қытай императоры Цянь лунның Абылай ханға хаты.


жерге байланысты едәуiр шиеленiстi дау туды. Қытай шекара мәселелерiн реттеп қайту үшiн Қазақстанға, Абылай сұлтанға хат жазып, арнайы елшiлiк жiбердi. Алайда Абылай Қытайдың Жоң ғарияны басып алғанын мойындағысы келмедi. Онымен де қой май, жоңғар қалмақтарының циньдерге қарсы көтерiлiсiн баста ған Әмiрсанаға белсендi түрде көмек көрсете бастады. Қазақ бас шылары Жоңғария жерiнiң бiр бөлiгiн оның байырғы қожайы ны болып табылатын қазақтарға қайтарып берiлуiн заңды деп санады. Бiрақ Қытай жоңғарлардың көзiн жойған негiзгi жеңiм паздың құқығы өзiнде екенiн пайдаланып, ол жерлердi қайтарып беруден үзiлдiкесiлдi бас тартты.

1756 жылдың көктемiнде қазақ жасақтары Қытай әскерлерiне қарсы Жоңғарияның iшкi бөлiгiне жорық жасап, терең енiп кеттi. Бұған жауап ретiнде Қытай императоры ендi Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық бердi. Олар Орта жүздiң көшiпқонып жүрген же рiне екi жақтан – оңтүстiк және шығыс бүйiрiнен басып кiрмек болды. Оның үстiне, Қытай әскерлерi бұл кезде Абылай сұлтанның қарамағында жасырынып жүрген Әмiрсананы тұтқынға түсiрудi де көздедi. Қытайдың Шығыстан келе жатқан әскерiне Әмiрсана мен Қожаберген батыр бастаған бiрiккен қазақжоңғар жасақтары қарсы шықты. Ал оңтүстiк жақтан келе жатқан әскерге Абылай мен Бөген бай батыр бастаған жасақтар қарсы аттанды. Қазақтар Цинь әс керлерiмен бiрнеше рет шайқасты, олардың даланың iшкi жағына терең бойлап өтуiне жол бермей, бөгеп тұрып алды. Бұл шара қазақ ауылдарының соғыс қимылдары аймағынан ұзаққа көшiп кетуiне жағдай туғызды. Қазақ жасақтары Қытайдың екi әскерiнiң бiрбiрiне қосылуына мұрша бермедi, оларға күтпеген жерден үстiүстiне ша буылдар жасады. Сондықтан да Қытай әскерлерi келген iзiмен керi қайтуға мәжбүр болды.

Жеңiс қазақтар жағында болса да, алып империямен ұзақ соғысу өте тиiмсiз едi. Екi ел арасында келiссөздер басталып кеттi. Қытайлар Iле өзенiнiң аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекiнiстер сала бастады. Ондағы мақсаты – босап қалған Жоңғар жерiне қазақ тардың қайта оралуына жол бермеу едi. 1761 жылы Қытай боғдыха ны қазақтардың Аягөз өзенiнiң оңтүстiк жағына қарай көшiпқону ына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды. Алайда қазақтар Тарбағатайдағы жайылымдарды қытайлардың рұқсатынсыз өз бет терiмен қоныстануын тоқтатпады. Қытай әскерлерi қазақтарды қай тадан керi қуып шығу үшiн жазалау операцияларын бiрнеше рет жүргiздi. Бiрақ қыс түсiп, қытайлар кеткен кезде қазақтар ол аймақ тарға қайтадан көшiп баруын қоймады. Көшiп барушылардың саны ол аймақта бiртебiрте арта түстi. Абылай қытайлықтармен келiссөз жүргiзудi күшейттi. Соның нәтижесiнде 1767 жылы Қытай жағы


Тарбағатай аймағындағы және Iле өзенi бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды. Оның есесiне қытайлықтар жайылымды жалға алып пайдалануды және қазақтардың Қытай мемлекетiнiң қол астына өтуiн талап еттi. Сөйтiп ХVIII ғасырдың аяқ кезiнде Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi Қытайдың қол астына өтiп, Синьцзяньдағы шөбi шүйгiн жайылымдарға жайғасты.

6. Қазаққырғыз қатынастары. ХVIII ғасырдың 60–70жылдарын да қазақтардың Алатау қырғыздарымен қарымқатынасы едәуiр күр делене түстi. Бiрiншiден, жоңғарлардан басып алған жерлердi иемде нуге қырғыздар да талап қойды. Екiншiден, қырғыздардың жасақтары Жетiсу жерiндегi қазақтардың малын барымталап айдап әкетудi жиi летiп жiбердi. Үшiншiден, олар қазақтардың сауда керуендерiн талап алуды тоқтатпады.

Мiне, осындай жағдайда Абылай Қырғызстанның iшкi ауданда рына терең енген бiрнеше әскери жорық жасады. Мысалы, 1765 жылы Абылай қырғыздарға қарсы өзiнiң бiрiншi жорығына шық ты. Алайда ол жорықтан кейiн де қырғыздармен қарымқатынас жақ сара қоймады. Қырғыздар Жетiсу мен Түркiстандағы үйсiндер мен қоңыраттарға шабуыл жасап, елiн тонады, озбырлық көрсеттi. Сон дықтан да 1770 жылы Абылай қырғыздарға екiншi рет жорық жа сап, оларға күйрете соққы бердi. Екi халықтың арасында айқын бел гiленген шекара шебi құрылды. Қырғыздар бұған дейiн тұтқынға түскен қазақтар мен барымталап алған малды түгел қайтарды. Екi жақ та бұдан былай шабуыл жасаспауға келiстi. Қырғыздар кепiл дiкте жүретiн аманаттар бердi. Бiрақ сонда да олар қазақтарға ша буыл жасауын тоқтатпады.

Абылай 1779 жылы мазасыз қырғыздарға үшiншi рет жорық жа сауға мәжбүр болды. Бұл жорық бейбiт келiсiм жасаумен аяқтал ды. Абылай ең атақты деген манаптардың балаларын аманатқа алып қайтты. Қыруар көп қырғыздарды тұтқынға алды. Олардан Ж аңа қырғыз және Байқырғыз деген екi болыс ел құрастырып, Көкшетау аумағындағы атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай хан ның бұл шаралары қазаққырғыз шекарасында тыныштық орнауы на үлкен себеп болды.

7. Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. Абылай хан 1781 жылы Ташкенттен Түркiстан қаласына келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесiне жерлендi. Абылай ханның қайтыс болғанын естiген Қытай өкiметi көңiл айтып, елшiлiк аттандырды. Абылай қайтыс болғаннан кейiн хан тағына оның үлкен ұлы Уәли отырды. Бiрақ ол өзiнiң атақты әкесiнiң бастаған iсiн жалғастырып, алып кете алған жоқ. Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздық салдарынан шиеленiстi айтыстартыс басталды.


Сонымен 1795 жылғы қаңтарда 2 сұлтан, 19 старшын және 120 мыңнан астам қазақ II Екатерина атына өтiнiш жолдап, өздерiн орыс императорына тiкелей бағынатын етiп қол астына қайтадан алуды сұрады. Патша үкiметi бұл жағдайды шұғыл пайдалана қойды да, қазақ мемлекеттiгiнiң қалдығын одан әрi әлсiрете түсуге бағыттал ған шаралар қабылдай бастады. 1798 жылы Ертiс бойындағы қазақ тардың оның оң жағалауындағы көшiпқонған жерiне қайтадан ба руына рұқсат етiлдi. Бiр кездегi бiртұтас Орта жүз ендi екiге бөлiндi. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күшжiгерi ең алдымен күштi және тәуелсiз Қа зақ мемлекетiн құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзiмен айтқанда, «Ол (Абылай. – авт.) қалыптасқан нақты жағдай ларға қарай бiрде Ресейге, бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ». Абылай хан қазақтардың басын қосып бiрiктiру үрдiсiне бас шылық еттi және ұланбайтақ далада бiр орталыққа бағынатын мем лекет құруға зор ықпал еттi. Жоңғар және Едiл қалмақтарын тас талқан етiп, жеңiп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерiнiң Қазақстан аумағымен iлгерi қарай iшкi аймақтарға жыл жуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тар бағатайдағы және Iле өзенi өңiрiндегi байырғы дәстүрлi мал жа йылымдарын қайтарып алуына қол жеткiздi. Алатау қырғыздарының

қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.

Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көршi халықтардың арасында да орасан зор бедел мен сыйқұрметке бөлендi. «Қазақтар жауға аттанғанда оның атын «Абылай! Абылай!» деп ұран етiп шапты. Ә. Бөкейханов өзiнiң «Қырғыздар» («Қазақтар».

– авт.) деген еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының ұран ретiнде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай!» деп ұран тастау тiптi Сiбiр казакорыстарында да бар. Олардың бiреуi өзiнiң ұлын 1904–1905 жылдардағы орысжапон соғысына аттанды рып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой сал...

«Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм». Ш. Уәлихановтың сөзiмен айтқанда Абылай «қазақ даласына ұлы iстер тындыру үшiн жiберiлген құдiреттi билеушi болды».

Қазақстан қалаларының бiрқатар басты көшелерi Абылай хан ның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және дүние жүзi тiлдерi университетiне Абылай ханның есiмi берiлген. Көкшетаудың етегiнде Абылай ханның құрметiне алып ескерткiш стелла орнатылған. Қазақтар аса көрнектi қазақ ханының есiмiн бүгiнде өздерiнiң перзенттерiне зор ықыласпен қояды.


?
1. Абылай хан туралы әңгiме айтып берiңдер. 2. Атақты қазақ билеушi сiнiң iшкi саясаты туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 3. Абылайдың патша үкiметiмен өзара қарымқатынасы қалай қалыптасты? 4. Абылай ханның қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы жүргiзген азаттық күресiнде атқарған рөлi туралы айтып берiңдер. 5. ХVIII ғасырдың екiншi жартысындағы қазаққытай қатынастары қандай едi? 6. Абылайдың қырғыздарға қарсы бiр емес, бiрнеше жорық жасауға мәжбүр болуының қандай себептерi бар едi?

7. Абылайдың қазақ тарихындағы алатын маңызы қандай? 8. Картадан Абылай ханның жорық жасаған елдерi мен аймақтарын көрсетiңдер. 9. Абылайды аса көрнектi мемлекет қайраткерi, дипломат, жауынгер және ел басқарушы ретiнде сипаттайтын қандай фольклорлық шығармаларды бiлесiңдер?

*
Боғдыхан – қытай императорының монғол тiлiндегi атауы.

Стелла – ескерткiш құлпытас.

Шежiре – қазақтардың генеалогиялық кестесi, тарихи жылнама.

Абылай хан (1711–1781) – қазақтың аса көрнектi ханы, жаңа заманның айбынды да беделдi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi. 1771 жылдан бастап қазақтың бүкiл үш

жүзiнiң ханы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – қазақтың әйгiлi ақынжырауы, мемлекет қайраткерi, Абылай ханның бас кеңесшiсi.

Уәли Абылайханұлы – 1781–1821 жылдары билiк еткен хан, Абылайдың үлкен ұлы әрi мұрагерi. 1782 жылы қаңтарда Қытай оның хан атағын бекiттi, ал сол жылы оны Ресей императрицасы II Екатерина Орта жүздiң ханы деп таныды.

Әмiрсана (1722–1757) – жоңғар нойоны, Давацидiң бақталасы, елдiң күйзелiске ұшыраған кезiнде Жоңғария ханы тағына отыруға үмiттендi. Әмiрсана 1755 жылы Қытайдың Цинь империясына қарсы көтерiлiс ұйымдастырды.

«...Сџлтан Абылай тап сол кезде кљн bткен сайын кљшейе тљстi. Gзiмен замандас ћырѕыздардыѓ (ћазаћтардыѓ. – авт.) ћай-ћайсысынан болса да ћулыѕы мен тќжiрибесi жаѕынан артыћ, аћыл-парасаты жаѕынан ќбден танымал, ћол астындаѕы халыћтыѓ саны жаѕынан ћуатты ќмiршi. Љш жљзге bзiнiѓ Орыс мемлекетiнiѓ императорымен де, Ћытай боѕдыханымен де ћарым-ћатынасы арћасында даѓћы артћан Абылайдыѓ бойында Орта жљз- дiѓ билеушiсi болуѕа ћажеттi ћџћыћтыѓ бќрi де сай едi. Gзiнiѓ артыћшы- лыћтарына ќбден сенiмдi ол bз жаћтастарыныѓ бќрiн де айбынымен, сали- ћалы мiнез-ћџлћымен таѓѕалдыра ћызыћтырып, bзiне тарта бiлетiн, bзiнiѓ жауларын кљш кbрсете ћорћыта алатын, ал ќрбiр ћалыптасћан наћты жаѕдайѕа ћарай bзiн бiрде орыстардыѓ ћол астында, бiрде ћытайлардыѓ ћол астында болѕандай џстай бiлетiн, бiраћ iс жљзiнде ешкiмдi мойында- майтын тќуелсiз билеушi едi. Оныѓ бџл ћасиетi ќсiресе 1771 жылдан кейiн ерекше айћын кbрiндi. Ол бџл кезде Ресейге сырттай болса да баѕынышты сияћты болып кbрiну туралы ойлауды да ћойды, екiжљздiлiк жасамай-аћ, bзiн наѕыз дербес те тќуелсiз ханмын деп атай бастады». Левшин А.И. Ћырѕыз-ћазаћ, немесе ћырѕыз-ћайсаћ ордалары мен да- ласыныѓ сипаттамасы. – Алматы, 1996, 254-бет. 1.Абылайдыѓ бойында ћандай ћасиеттер бар едi? 2.Сендер ћалай ойлайсыѓдар, ол bзiн Ресей мен Ћытайѕа тќуелсiз сезiне алды ма?


§9. ҚАЗАҚТАРДЫҢ Е.ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР К]ТЕРIЛIСIНЕ ҚАТЫСУЫ

1773–1775 жылдары Ресейде аса iрi шаруалар көтерiлiсiнiң бiрi болып өттi. Оны Емельян Пугаче в басқарды. Ол өзiн Ресейдiң III Петр патшасымын деп жариялады. Көтерiлiске шыққан шаруа лардың басым көпшiлiгiн Орал казактары құрады. Олар казактар дың ежелгi еркiндiгi мен артықшылықтарын жоюға, жергiлiктi әкiм шiлiктiң озбырлығына қарсы шықты. Бұл көтерiлiстiң өзiндiк ерекшелiктерiнiң бiрi – оған Ресей империясындағы әр түрлi халық тар өкiлдерiнiң: башқұрттардың, татарлардың, қалмақтардың бел сене қатысуы болды. Көтерiлiстен Кiшi жүз бен Орта жүз қазақ тарының бiр бөлiгi де сырт қалған жоқ.

1. Е. Пугачев бастаған шаруалар кHтерiлiсiне қазақтардың да қаты суының негiзгi себептерi. Осы көп ұлтты қозғалысқа қазақтардың да қатысуына түрткi болған бiрнеше негiзгi себеп бар едi. Бiрiншiден, мал жайылымы жетiспедi. Патша үкiметi қазақтар Ресейдiң қол ас тына өтудi қабылдаған бойдаақ олардың шекара шебiнiң iшкi жағы на өтуiне, сондайақ оған жақын көшiпқонуына қатаң тыйым салған болатын. Оның үстiне Ертiс өзенiнiң бойындағы шекара шебiнде енi 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойынан өтуге де тыйым салынды. 1771 жылы Едiл мен Жайық аралығындағы қалмақтардың үлкен бiр бөлiгi өздерiнiң тарихи отанына, Жоңғарияның қаңырап бос қалған жерiне жетуге көш бетiн түзедi (қараңыз: §7). Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтары, патша үкiметiнiң айдап салуымен Жоңғарияға көшiп бара жатқан қалмақтарды тасталқан етiп қыруға белсене қатысты. Қалмақтардың Едiл мен Жайық аралығындағы жайлаған жерiн ием денiп қалуға қазақтар заңды құқығымыз бар деген талап қойды. Бi рақ патша үкiметi бұл талапқа құлақ асқан жоқ, қазақтардың Жайық тың оң жақ өңiрiнен көшкен қалмақтардан босап қалған атамекен жерлерiне қайтадан қоныс аударуына үзiлдiкесiлдi қатаң тыйым салды.

Екiншiден, қазақ халқы өздерiнiң жер аумағында әскери бекi

нiстер салуға тiптi де келiсе алмады. Gйткенi мұның өзi көшпелi мал жайылымын елеулi түрде тарылтты. Үшiншiден, патша үкiметi 1752–1755 жылдары бұрын Орта жүз қазақтары емiнеркiн көшiп қонып жүрген Жаңаесiл аймағын басып алды. Төртiншiден, патша үкiметi барымташыларды ұстау үшiн «әскери iздестiру» деген сыл таумен қазақ даласына әскери топтарды әдейi жiберудi жиiлете түстi. Ал мұның өзi шынтуайтына келгенде, қазақ ауылдарын кә дiмгiдей ашықтанашық талантаражға салып тонаудың жымысқы тәсiлi болып шықты.

Қазақстандағы көтерiлiс Е. Пугачевтың жариялаған манифесiнiң

ықпалымен басталды. Көтерiлiстiң басшысы өзiнiң үндеуiнде қазақ


тарға жер, су, орман алқаптарын, қаружарақ, оқдәрi мен қорға сын, киiмкешек беруге, сондайақ олардың бұрынғы дәстүрлi әдет ғұрыптары бойынша өмiр сүруiне, дiни сенiмдерiн ұстануына рұқсат етемiн деген уәде бердi. Осының есесiне ол өзiнiң орыс патшасы деген мәртебесiн «қалпына келтiруге» әскери көмек көрсетудi сұра ды. Мұндай манифестер қазақтардың Е. Пугачев көтерiлiсшiлерi нiң қатарына жаппай қосылуына түрткi болған жалынды үгiт едi.

1773 жылы Е. Пугачев Кiшi жүздiң көшiқон аумағында құпия түрде болып қайтты. Ол қазақтардың жағдайымен жете танысуға қат ты ықылас бiлдiрдi. Олардың көмегiне Жайық казактарын көтеруден көп бұрын ие боламын деп үмiттендi. Е. Пугачев ел арасында ықпа лы күштi қазақ старшындарымен жиiжиi әңгiмелестi. Тап сол жыл дың аяқ кезiнде ол Кiшi жүз жерiне құрамында 400 адам бар жаса ғын ертiп тағы да келдi. Ол жасақтың құрамында орыстар, чуваштар, черемистер, башқұрттар, татарлар және қалмақтар болды. Көтерiлiс жетекшiсi өз жасағының құрамын қазақтарға көзбекөз көрсету арқылы әскерiнiң көп ұлтты екенiне кәмiл сендiргiсi келген едi.

Бiрқатар қазақ рулары Е. Пугачев көтерiлiсiне қолдау көрсету ге ықылас бiлдiрдi.

2. Қазақтардың кHтерiлiске қатысу барысы. Қазақтар шаруалар көтерiлiсiнiң алғашқы кезiнен бастапақ Ресей империясы шека расының Қазақстанмен шектесетiн бүкiл өн бойында шабуыл үстiне шабуыл жасап тұрды. Олар казактардың еккен егiнiн таптап кеттi, азықтүлiк тиелген арбалы керуендерiн талап әкетумен болды. Қазақ жасақтарының бiр бөлiгi Е. Пугачев көтерiлiсшiлерiнiң атты әскер полкына қабылданды. Қазақтардан құралған жасақ командирi бол ған атаман Андрей Овчинников Жайық казактары атты әскерлер пол кы құрамында шайқасты.

Нұралы хан қарамағында 1000 сарбазы бар қолымен Жайық қала сына келiп, Е. Пугачевке қызмет етуге әрқашан әзiр екенiн бiлдiрген. Бiрақ кейiнiрек екi жаққа да қосылмайтын бейтарап саясат ұстанды, тiптi патша әскерiне көмектесуге де уәде берген. Нұралы хан соғыс өртi шарпыған аймақтан алыс көшiп кетуге тырысты. Gзiнiң мұндай iс әрекетi арқылы хан өзара шайқас үстiндегi екi жақтың да көз алдында өз беделiн жоғалта бастады.

1773 жылы қазақтар Орынбордан Гурьевке (қазiргi Атырау) де йiнгi барлық әскери бекiнiстердi қоршауда ұстап тұрды. Бұған қарсы патша әскерлерiнiң кейбiр әскери күшi бөлiндi. Қазақ көтерiлiс шiлерiнiң жасақтары 1773 жылғы қазаннан 1774 жылғы наурызға дейiн Орынборға тiкелей шабуыл жасауға қатысты. Мәселен, қалаға тiке лей шабуыл жасауда Досалы сұлтан басқарған, құрамында 200 сарба зы бар әскери жасақ ерекше көзге түстi.

Қазақтардың бiрқатар жасақтары шекара шебiн кесiп өтiп, Едiл дiң бойындағы бекiнiстерге шабуыл жасады. Олар Царицын мен Аст


рахан түбiне дейiн барды. Жайық әскери бекiнiстер шебiндегi патша әскерлерi гарнизондарының жағдайы мүшкiл халде қалғаны сонша лық, жоғары әскери басшылық шағын бекiнiстердi тастап шығуға бұйрық беруге дейiн барды.

Қазақ рубасыларының бiр тобы Е. Пугачев көтерiлiсiне қолдау көрсетудi бiрден жақтады. Мәселен, Ералы, Досалы, Айшуақ, Сей далы сұлтандар көтерiлiсшiлер жағына шықты.

Қазақ жасақтары ұсақтүйек бекiнiстердi қоршауда ұстап, оларға тiкелей шабуыл жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар iрiiрi әрi бекiнiсi күштi қамалдарға да, атап айтқанда, Жайық қалашығына, Гурьевке, Орскiге (Ор), Саратовқа және Пензаға тiкелей жасалған шабуылдарға да белсене қатысты. Тек Орынбор қамалының түбiнде ғана және оған таяу маңайда бiрнеше мың қазақ сарбаздары соғыс ты. Бекiнiстерге тiкелей шабуыл жасау кезiнде олар бiрiншi кезекте оның iшкi жағындағы ағаштан салынған құрылыстарды өртеп жiберуге тырысты. Ол үшiн садақ жебесiнiң ұшына ағаш қабығын байлап, оған от қойып атқылауды қолданды. Қазақ жауынгерлерi зеңбiрек доптары келiп түскен бойда суға малынған киiзбен жауып, жарылдырмаудың да амалын тапты.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: