Отан соғысына қатысқандардың арасында шоқынған қазақтар да болды. Мәселен, 3Орынбор полкiнде қызмет еткен Яков Беля ков орыстың атақты әскери қолбасшысы, генералфельдмаршал М.И. Кутузовтың өз қолынан награда алған болатын. Кейiн ол от ставкаға шығып, өзiнiң туған ауылына қайтып оралады, қайтадан ислам дiнiн қабылдайды. Соғысқа қатысқан бiрқатар қазақтар найза, сойыл, айбалта, шоқпар, садақ сияқты ұлттық қаружарақтармен шайқасқа түстi. Оларға орыс халқы құрметпен қарады. Орыс армия сының құрамында мыңдаған қазақ шайқасқа қатысты.
4. 1812 жылғы Отан соғысы кезiнде қазақтардың Ресейге кHр сеткен кHмегi. Отан соғысы басталысымен қазақорыс сауда қаты насы күшейе түстi. Gйткенi майданға мал, азықтүлiк және киiм кешек көп керек болды. Iшкi Орданың, Кiшi жүз бен Орта жүздiң қазақтары орыс армиясына, Отан соғысы кезiнде майдан қажетiне киiз үйлер мен жылы киiмдер, қыруар көп жылқы бердi. Мәселен, Iшкi Орданың қазақтары 1804 жылдан 1815 жылға дейiн 47,2 мың жылқы жөнелттi. Шығыс Қазақстандағы Риддер, Зырян ке
нiштерiнде жұмыс iстейтiн қазақтар Ресейдi басқыншылардан қорғау үшiн 22 мың сом ақша жинады. Елтондағы тұз кенiште рiндегi қазақтар армияның мұқтажын өтеу үшiн миллион пұт тұз жiбердi. Қазақтар майданға қажеттi жүктi тегiн тасыды т.б. көмек терi аз болған жоқ.
5. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихи маңызы. Орыс халқының француз басқыншыларына қарсы жүргiз ген 1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың белсене қатысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Ол қазақ және орыс халықтары ның арасындағы қарымқатынастарды әлдеқайда жақсарта түсуге игi ықпал еттi. Мұның өзi жалпы құлдыққа түсу қатерi төнген кезде осы екi халықтың бiрлескен бiртұтас жауынгерлiк туыстығының ал ғашқы көрiнiсi болды. Қазақтар кескiлескен шайқас даласында жау ынгерлiк рухы әрқашан жоғары болатынын дәлелдеп шықты. Осы ның алдындағы жылдарда өздерiнiң жалпы жағдайы өте ауыр болға нына қарамай, тамаша ерлiк үлгiлерiн көрсеттi. Егер патша үкiме тiнiң Қазақстандағы отаршылдық экспансиясы шектен тыс күштi болмағанда қазақтардың Ресейге оның Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен көмегi әлдеқайда артық болар едi. Ал патша үкiметi 1810 жылы қазақтардың Елек қалашығы маңындағы жалпы көлемi 600 мың десятина келетiн қыруар көп жерлерiн тартып алған болатын. Мұның өзi қазақтардың тарапынан патша үкiметiне деген орасан зор ашуыза тудырды және ол қазақтардың көтерiлiс жасауына алып барып соқтырды.
|
1.
? |
қа ұшыраған қазақ халқын аман сақтап қалу үшiн патша үкiметi қандай шара лар қолданды? 3. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтардың көрсеткен ерлiгi мен батылдығы туралы мысал келтiрiңдер. 4. Соғыс жылдарында қазақтар патша үкiметiне қандай көмек түрлерiн көрсеттi? 5. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының қандай тарихи маңызы болды? 6. Қазақтардың, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың Отанды сыртқы жаулардан қор ғауға шақыратын мақалмәтелдерiн келтiрiңдер.
|
* |
тық байланыс, ынтымақтастық пен достық қарымқатынастың көрiнiсi.
Волконский Григорий Семенович (1742–1824) – Орынбордың әскери губерна торы (1803–1817).
Кутузов Михаил Илларионович (1745–1813) – орыстың әскери қолбасшысы, ге нералфельдмаршал. 1812 жылы француз басқыншыларына қарсы соғыста орыс армия сына қолбасшылық еткен.
I Наполеон Бонапарт (1769–1821) – әскери қолбасшы, 1812 жылы Ресейге әскери жорық жасаған Франция императоры.
«Он екiншi жылдыѓ ћатерлi оћиѕасы» кbп џлтты Орынбор bлкесi халћыныѓ барлыћ тобында ћызу пiкiр тудырды. Отансљйгiштiк тереѓ сезiм, туѕан жерге деген ыстыћ махаббат серпiн туѕызѕандыћтан да, орыс- тар, башћџрттар, татарлар, ћалмаћтар, мордвалар, чуваштар, ћазаћтар жќне басћа халыћтар Отанды ћорѕап ћалу љшiн кbкiрегiн оћћа тосып, ћауiп-ћатердiѓ бетiн ћайтарды». Футорянский И.В. Орынбор bлкесiнiѓ тарихы. Орынбор. Орынбор кiтап баспасы, 1996, 66-бет. 1.1812 жылѕы Отан соѕысына ћандай халыћтар ћатысты? 2.Француз шапћыншылыѕынан Отанды ћорѕап ћалуѕа Ресей халыћтарын жџмылдыр- ѕан ћандай кљш едi? |
|
§16. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫХАНДЫҚ БИЛIКТIҢ ЖОЙЫЛУЫ
1822 және 1824 жылдары патша үкiметi Орта жүз бен Кiшi жүздегi хан билiгiн жойды. Қазақтар өзiнiң мемлекеттiлiгiнен осы лайша айырылды.
1. Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары. ХIХ ғасыр дың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергi лiктi байырғы халық патша үкiметi тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертiс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бiр бөлiгi Ертiс өзенiнiң оң жағында «мәңгiлiк көшiпқонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтiп Орта жүз бiрi Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасында ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпағы бiрқата рының патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франция мен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ре сурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды
билiгiн – хан билiгiн бiржолата жоюға итермеледi. Gйткенi хан би лiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi келтiрген едi.
2. 1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр ге нералгубернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей импе раторы I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) туралы Жарғы » күшiне ендi.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржолата жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiкшығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып, отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқа ру жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.
Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша «Сiбiр әкiмшiлiгi орта лық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құры лымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер, кейiн осы мақ сатта Қазан татарларының молдаларын жiбере бастады».
3. Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың округтiк жүйесi енгiзiлетiн болды. Сөйтiп жаңа округтер құрылды. Округтер болыс тарға бөлiндi, ал болыстар ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20 болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды. Сыртқы округтегiлер Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.) облысына бiрiктiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сiбiр генералгубернаторы на бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Әкiмшiлiк бiрлiктерiн құру кезiнде патша үкiметi өзiне қолайлы жағдайды босқа жiберiп алмай, көшпелiлердiң рулық бөлiнiстерiн де ұмытқан жоқ. Олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бiр округтiң аумағынан екiн шi округке ауысуына ондағы өкiмет билiгiнiң келiсiмi бойынша рұқ сат етiлдi.
Округтердi сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды бо лыстар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтан дары мен ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және поли цейлiк қызметтердi қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтiк приказ (мекеме) құ рылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы таға йындайтын ресейлiк екi заседатель және сайланып қойылатын екi
«құрметтi қазақ» қатысуға тиiстi болды. Iшкi күзет Сiбiр казакта рынан iрiктелдi.
Қазақстанның 1822–1824 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiк бHлiнiсi
Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтан дар билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана қалды.
4. Сыртқы округтердегi сайлау тәртiбi. Ауыл старшындарын көш пелiлердiң өздерi сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызмет ке округтiк мекеме бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын.
Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өзде рiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құ қығын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым қазақ тардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай адамдардың патша үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы тиiс едi. Сол арқылы патша үкi метi Шыңғыс әулетiн билiк құрылымынан бiртебiрте шеттете бастады.
Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның құрметтi қа зақтардан iрiктелетiн екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекiтуiнсiз өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кiрiсе алмайтын. 1854 жыл дан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi емес адам дар да сайлана алатын болды.
5. Округтiк приказдың негiзгi мiндеттерi. Округтiк приказдың қа таң белгiленген мiндеттерi болды. Ол атап айтқанда, округтегi ха лықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; халыққа бiлiм беруге қамқор лық жасау; тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту; қарақшылық тонауды, барымтаны және өкiмет билiгiне бағынбау әрекеттерiне тыйым салу; өз бетiмен кетiп, озбырлық жа сауға жол бермеу; тергеудi және сот iстерiн әдiл жүргiзу; дiни на нымсенiмдерге байланысты проблемаларды шешу; көпестер ке руенiнiң жүрiстұрысын бақылау және олардың қауiпсiздiгiн қамта масыз ету; сондайақ жасақ (алымсалық) жинау. Округтiк приказ, сонымен қатар егiн шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиiс болды.
Округтiк приказдың басты қызметiнiң бiрi сот iсiн жүргiзу едi. Бiрақ бұл өте тиiмсiз болып шықты. Округтiк соттарға шағымда нып келушiлердiң қатары сирек болды. А. Гейнстiң айтуынша «при каздардың сот жүргiзу iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқталды. Ал билер соты даулы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен шешiп отырды. Сондықтан билер сотына қазақтар ғана емес, соны мен қатар әртектiлер мен казактар да үлкен құрметпен қарады».
6. Алымсалықтар. Басқарудың жаңа жобасын өмiрге бiртебiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн патша үкiметi барлық алымсалық түрлерiн өтеуге бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде
ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде төленетiн алым салық қана жиналып келдi.
Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң халқы мал басы ның санына қарай 100 бастан бiр бас мөлшерiнде жасақ төлеуге мiндеттi болды. Бiрақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Gйт кенi мұның өзi сауда керуенiн көбейту үшiн қажет едi. Алымсалық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлiк жағынан да көмек көр сетуге тиiс болды.
7. Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы. Округтiк приказдардағы ресейлiк заседательдер және казактар жер өңдеп, егiн салудың, баубақша өсiрудiң және омарта шаруашылығын жүргiзудiң үлгiсiн көрсетуге мiндеттi болды. Отырықшы өмiр сал тына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қа зақ отбасыларына жергiлiктi өкiмет билiгi тарапынан сыйлықтар берiлiп тұрды. Бiрақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуi бәрiбiр байқалған жоқ. Дәстүрлi мал шаруашылығымен айна лысып келген қазақ халқы егiншiлiкпен айналысуға жатырқай қарады. Мұның өзi сiңiрi шыққан кедейлердiң – жатақтардың ғана iсi саналды. Округтердiң халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндiрiп аламын десе де ерiктi болды. Тұз өндiру олардың өздерiнiң тұтыну қажетi үшiн де, руластарына сату және орыс тың алыпсатарлары үшiн де керек едi.
Патша үкiметi саудасаттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбiр
қазақ өзiнiң өндiрген өнiмiн округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерiн шетелдерге де, Сiбiр шекара шебiне де жiберiп тұру құқығын сақтап қалды. Тап осындай құқықты орыс көпестерi де пайдаланды. Сыртқы округтердi басып өтетiн сауда керуендерiнен ешқандай да баж салығы алын байтын тәртiп орнатылды.
8. Денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру салаларындағы жаңалықтар. «Жарғы» енгiзiлгенге дейiн қазақ даласында ем жасау iсiмен халық емшiлерi ғана (сынықшылар, бақсылар, тәуiптер және басқалары) айналысып келген болатын. Патша үкiметiнiң билiгi жүрiсiмен жағдай өзгере бастады. Әр округте екi емшi жұмыс iстей бастады. Тұрақты жұмыс iстейтiн ауруханалар пайда болды. Жер гiлiктi әкiмшiлiкке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткiзу мiндеттелдi.
«Жарғы» бойынша жергiлiктi билiк орындарына христиан дiнiн таратумен аты шыққан дiни миссионерлердiң қазақ даласындағы қызметiн күшейту тапсырылды. Бiрақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбүр етпей, кәдiмгiдей сенiмiн арттыру және көзiн жеткiзу» тәсiлi арқылы әрекет ету қажеттiгi ескертiлдi. Рас, кейiнгi оқиғалардың көрсеткенiндей, патша үкiметi бұл мiндеттi жүзеге асыра алған жоқ.
Gйткенi христиан дiнiн таратушы миссионерлерге қазақтар тарапы нан көрсетiлген қарсылық өте күштi болды.
«Жарғының» жағымды жақтарының бiрi округ тұрғындарының ба лаларын Ресейдiң iшкi аумағындағы губерниялардың оқу орындарына оқуға жiбере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтардың iлуде бiреуi ғана пайдалана алды. Оның үстiне, қазақтар өз балала рының орыстанып кетуi мен шоқындырылуынан қатты шошынды.
9. Орта жүзде 1822 жылдан кейiн орын алған оқиғалар. «Жарғы» қазақ даласына бiртебiрте енгiзiле бастады. Басқарудың жаңа тәртi бi ең әуелi шекара шебi маңындағы және «өздерiне қамқорлық жа сауды өтiнген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгiзiлдi. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерiстер енгiзiлген түрiнде 60жыл дардың ортасына дейiн қолданылып келдi. Жаңадан округтер ашу дың алдын ала белгiленген нақты жоспары болған жоқ едi. Шекара лық әкiмшiлiктен шенеунiктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бiрiнен соң бiрi жиi шығып тұрды. Олар басқару дың жаңа жүйесiн қабылдаудың көшпелi халыққа пайдалы да тиiмдi болатынын егжейтегжейлi түсiндiруге күш салып бақты. Рутайпа лардың өзара жер үшiн қақтығыстары және сұлтандардың арасын дағы өзара бақталастық патша үкiметiне округтердi көбiрек ашуға қолайлы болды.
Сөйтiп халықтың көшпелi тобының келiсiмiне қарай жаңа ок
ругтер құрыла бастады. Мәселен, 1824 жылы Қарқаралы және Көкше тау округтерi, 1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы Баян ауыл және Үшбұлақ және тағы басқалар.
1854 жылы Ертiстiң оң жағалауындағы қазақтар үшiн Семей iшкi округi ашылды. 1856 жылы Жетiсу жерiнде Алатау ерекше округi ашылды. Бұл екi округтi орыс офицерлерiнiң арасынан тағайындал ған бастықтар басқарды.
Батыс Сiбiрдiң генералгубернаторы мен Омбы облыстық бас қармасының бастығы Орта жүздi басқаруды қолға алды.
10. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жHнiндегi Жар ғы және Кiшi жүздегi хан билiгiнiң жойылуы. Орта жүздегi хан билi гiнiң жойылуы Кiшi жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңiлдеттi. Бұл кезде Кiшi жүз сұлтандарының арасындағы ала уыздық әлi тоқтаған жоқ едi. Хан билiгi әлсiреп, қол астындағы ха лық арасында беделiнен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесiнiң губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына
«Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) жөнiндегi Жарғының» жобасын жөнелттi. Бұл кезде Кiшi жүзде Шерғазы әлi де хан болып тұрған едi. Қазақтардың шекара шебiне және Орынбор өлкесiнiң iшкi округтерiне шабуыл жасауы жиiжиi қайталанумен болды. Орынбор өлкесiнiң бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшiн Азия комитетiне қайтадан жiберiлдi. Жарғының түпкiлiктi жобасын Ре
сей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде бiржолата бекiттi. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейiн ай сайын жалақы төленiп тұратын болды. Сөйтiп Кiшi жүздегi хан билiгi де жойылды.
Бұл реформа бойынша Кiшi жүз аумағы Жайықтың сырт жағын дағы үш округке бөлiндi. 1828 жылы ондағы әкiмшiлiк бiрлiктерiнiң аттары өзгертiлiп, Батыс, Орта және Шығыс округтерi деп аталды. Жүздегi өкiмет билiгi Орынбор губернаторына тiкелей бағынатын үш басқарушысұлтандардың қолына көштi.
Басқарушысұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырыл ды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100ден 200ге дейiн адам болды. Басқарушысұлтандар казак станицаларында және шекара шебiндегi бекiнiстерде тұратын болып белгiлендi. Мұның өзi олардың патша үкiметiне тәуелдi болуын күшейте түстi. Басқарушысұлтан дардың атқаратын негiзгi қызметi өздерiне қарайтын халықты «тәр тiп сақтайтын және патша үкiметiне әрқашан адал әрi айтқанын екi етпейтiн бағыныста» болатындай етiп ұстау едi. Кiшi жүздегi ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейiнгi барлық ла уазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзi тағайындайтын болды. Сайлау жүйесi жойылды.
11. Дистанциялардың құрылуы. Бұрын Кiшi жүз қазақтары рес ми құжаттарда шекара шебiне жақын және далалық жерлерде тұ ратындар деп екi топқа бөлiнетiн. Шекара шебiне жақын тұратын дар кейiн дистанцияларға, ал олар старшындықтар мен ауылдарға бөлiндi. Дистанциялар жаңа әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктерге ай налды. Оларды дистанция бастықтары басқарды. Уақыт өте келе дистанция бастықтарының билiгi алыстағы ауылдарда да жүргiзiлетiн болды. Дистанция бастықтары түтiн салығы деп аталған салықты жинаудың барысын қатты қадағалады. Әр үй басына салынатын
«түтiн салығының» мөлшерi 1,5 күмiс ақшаға (сомға) тең болатын. Жалданып жұмысқа тұрушылар үшiн айына 15 тиыннан алым енгiзiлдi. Оны уақытында төлемегендерге 30 күмiс тиыннан айып салынды.
12. «Орынбор қырғыздары (қазақтары. – авт.) туралы Ереже» (1844 ж.). «Орынбор қырғыздары туралы жарғының» кемшiлiк тұстары көп едi. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Ереже» шықты. Ендiгi жерде Орынбор әкiмшiлiгiне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бiр бөлiгi деп жарияланды. Кiшi жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргiздi. Оның құрамына төрағаның өзi, орынба сары, төрт кеңесшiсi және қазақтардан сайланатын төрт заседатель, ерекше тапсырмалар жөнiндегi шенеунiк, адам және мал дәрiгерi кiрдi. Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшiн мектеп ашу көзделдi.