Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна 30 глава





4) Таяу уаћыттыѓ iшiнде тџраћты жџмыс iстейтiн орыс-ћырѕыз (ћазаћ. – авт.) училищесi ашылатын болсын... Кенiшiмiздiѓ бiлiм беру орындары- нан алыста болѕандыѕынан балаларымызѕа бiлiм бере алмайтынымыз бы- лай тџрсын, тiптi олардыѓ ќрiп танып, жаза бiлуiне де жаѕдай жоћ. 5) Ћырѕыз (ћазаћ. – авт.) жџмысшылары тџратын казармалардаѕы жаѕ- дай шџѕыл тљрде жаћсартылсын. Казармалардыѓ есiк-терезелерiнiѓ жаћ- тауы жоћ, терезелерге ќйнек орнына ћап, ћџрым киiз тџтып ћойылѕан. Мџныѓ bзi гигиенаныѓ ешћандай талаптарына сай келмейдi... Ал ќкiмшiлiк бiздiѓ бџл жаѕдайларымызѕа барынша жаны ашымастыћпен ћарап келедi деуге ќбден болады... Бiз, осы петицияны жолдай отырып, мџндаѕы ћойылып отырѕан талап- тардыѓ толыћ орындалуы љшiн биылѕы 7 желтоћсаннан бастап бес кљн уаћыт беремiз». Бекмаханов Е.Б. Жетi томдыћ шыѕармалары. – Павлодар, 2005, 4-том, 172-бет.   1.Кенiш кiмнiѓ иелiгiнде едi? 2.Успенск мыс кенiшiнiѓ жџмысшыла- ры экономикалыћ сипатта ћандай талаптар ћойды? 3.Бiлiм беру саласын- даѕы негiзгi талаптарды атап айтыѓдар.

 

§36. ҰЙҒЫРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДIҢ ЖЕТIСУҒА ҚОНЫС АУДАРУЫ

ХIХ ғасырдың 70–80жылдарында ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдан Жетiсуға қоныс аудара бастады.

1. Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу аумағына қоныс аудару се бептерi. ХIХ ғасырдың 70–80жылдары патша үкiметiнiң бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетiсу жерiне қоныс аудара бас тады. Бұған дейiн олар Қытайдың Iле өлкесiнiң аумағында тұрып келген едi.

Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер ХVIII ғасырда және ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қытай үкiметiне қарсы бiрнеше рет көтерiлiс жасады. Олар өздерiнiң ұлттық тәуелсiздiгi жолын да күрестi. Алайда Қытай әскерлерi ол көтерiлiстердi аяусыз ба сыпжаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердiң күресi барысында Iле өлкесiнде Iле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттiк бiрлестiктiң құрылуы ондағы iшкi қарамақайшылықтарды асқындырып жiбердi. 1871 жылы Ресей әскерлерi ол аймақты жаулап алды. Патша үкiметi өлке тұрғындарының отбасылық iстерiне және өзара қарымқатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергiлiктi өкiмет органдары құрылды. Бiрақ оларды патша әкiмшiлiгi өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуiр тұрақтандырылғандай болды.

Алайда дүние жүзi жұртшылығының қысым жасауымен ол

өлкенi Қытайға қайтару жөнiнде келiссөздер жүргiзiле бастады.


Мiне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердiң бұдан былайғы тағ дыры туралы мәселе көтерiлдi. 1881 жылы екi империя арасында СанктПетербург бейбiт келiсiмшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бiр жылдың iшiнде Жетiсу облысының аумағына қоныс аударуы жөнiнде өздерi нақты шешiм қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергiлiктi халықтың пiкiрi сұрастырылды. Сөйтiп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тiлек бiлдiрдi.

2. Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсуға қоныс аударуы. Дүн гендердiң Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жыл дың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушы ларынан құтылу үшiн қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетiсу жерiне жетiп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердiң алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екiншi толқын 1884 жылы өттi. Ал ұйғырлар дың Жетiсу жерiне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейiн жалғасты. Олардың бiр бөлiгi көршiлес Қырғызстанға барып жайғасты.

Ұйғырлар мен дүнгендердi Қазақстан мен Орта Азияға қоныстан дыру арқылы патша үкiметi екi түрлi мақсат көздедi: бiрiншiден, Қы тайдың Құлжа өңiрiндегi экономикалық базасын осалдата түспек болды; екiншiден, әскерисаяси жағдай шиеленiсiп кете қалған жағ дайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретiнде пайдалануды мақ сат еттi. Алайда патша үкiметi бұл жөнiнде жергiлiктi қазақ халқының пiкiрiмен санаспады. Бұл кезде Жетiсу жерi мемлекеттiк меншiк деп жарияланып қойған болатын.

Ұйғырлар мен дүнгендер белгiлi бiр аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтiп қоныс аударушылар негiзiнен Жетiсу жерiндегi Верный және Жаркент уездерiне орналастырылды.

Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердiң саны бiрте бiрте арта түстi. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жеттi.

3. Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы. Ұйғырлар мен дүнген дер бұрынғы отырған жерлерiндегi өңделiп бапталған жерлерiн, жемiс берiп тұрған баубақшаларын, үйжайларын түгел тастап кет кен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуiр қиындықты бастарынан кешiрдi. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетiсуда ағаш өте қымбат болатын. Себетiн тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетiспедi. Ұйғырлардың шағын бiр бөлiгi Қытайдың Iле өлкесiне қайта көшiп кеттi.

Қоныс аударып келгендерге шағын жер телiмдерi берiлдi. Егер қоныс аударушы орыс шаруаларының әрбiр ер азаматына 20–25 десятинадан жер берiлсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5–7 десятинадан ғана жер алды.


Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетiспедi. Дүнгендерге арық қазып, егiндi қолдан суаратын жер лер бөлiндi. Ол жерлер құнарсыз едi, әрi олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бiрi ғана игерiлдi. Дүнген халқының бiр бөлiгi қайыршылық халге ұшырады. Қайыршыланып, қалаға көшiп кеткен дүнгендер өздерiнiң алғашқы орналасқан жерiндегi болыстарға алымсалық төлеп тұруға мiндеттi болды.

4. Ұйғырлардың шаруашылығы. Ұйғырлардың үйлерi өзендер мен көлдердiң жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Әр елдi мекеннiң өз мешiтi, дүкендерi мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау Қытайда Iле өлкесiнде тұрған кездерiнде сайлан ған болыс биледi. Басқару жүйесiнде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билiк өкiлдерi де болды.

Ұйғырлар негiзiнен тау етегiндегi егiншiлiкке неғұрлым қолайлы жерлерге орналасты. Егiстiк жерлердi суландыру үшiн бұрынғы ескi арықтарды жөндедi және жаңа арықканалдар қазды. Кейбiр канал дардың ұзындығы 40 шақырымға дейiн жеттi.

Ұйғырлар негiзiнен көкөнiс, дәндi дақылдар өсiрумен айналысты. Олардың егiс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлi дақылдар дың 4–5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түрiне дейiн ектi. Дәндi дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесi көбiрек болды. Суы мол жерлерде күрiш өсiрiлдi. Сондайақ майлы дақылдар (қара сора, кендiр, қыша) егiлдi. Жоңышқа егу де елеулi көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар баубақша ектi, жiбек құртын өсiрумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жемiс ағаштары көп өсiрiлдi. Мал шаруашылығы қосалқы кәсiп сипатында болды. Жұмыс көлiгi ретiнде өгiз, жылқы және есек ұстады.

Сыртқа барып жұмыс iстеуде жүк тасу кәсiбiмен көбiрек айна лысты. Ұйғырлар алыпсатарлықты да кәсiп еттi. Олар Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты. Олардың қалалар мен селоларда түрлi қолөнер кәсiпшiлiктерi де дамыды. Жаркент пен Верный қала ларында тұратын ұйғырлар етiк тiгумен, темiр ұсталығымен, зергер лiкпен, сабын қайнатумен т.б. әр түрлi кәсiптермен айналысты. Бай ұйғырлар кейiн казактар мен орыс шаруаларынан және жергiлiктi қазақтардан жер телiмдерiн жалға алып отырды. ХХ ғасырдың бас кезiнде ұйғырлардың су диiрмендерi, темiр ұстаханалары, май шай қайтын, былғары жасайтын, тон тiгетiн және терi илейтiн шағын зауыттары болды. Олардың дүкендерi, асханалары, күрiш ақтайтын шеберханалары да бар едi. Атақты бай ұйғырлардың бiрi Верный уезiнiң Жаркент болысында тұратын Уәли Ахун Юлдашев болды. Оның бiр өзi 10 мың десятинаға жуық жердi жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгердi. У.А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Iле өзенiне алғашқылардың бiрi болып жүргiздi.


 

Дүнген ақсүйектерi.

 

5. Дүнгендердiң кәсiпшiлiгi. Дүнгендердiң негiзгi шаруашылық кәсiбi егiншiлiк, баубақша өсiру, ұсақтүйек сауда жасау, басқа да әр түрлi кәсiп түрлерiмен айналысу болды. ХХ ғасырдың 80жыл дарынан бастап олар Жетiсуда алғашқылардың бiрi болып күрiш еге бастады. Баубақша өсiрумен, бағбандықпен айналысты. Дүн гендер орамжапырақ, пияз, сарымсақ, бұршақ, ас бұршақ, бұрыш, шомыр, сәбiз, аскөк, асқабақ, қияр сияқты алуан түрлi дақылдар өсiрудiң шеберi болды. Олар орыс шаруаларынан қызанақ және картоп өсiрудi де үйренiп алды.

Дүнгендерде мал өсiру қосалқы сипат алды. Жайылымның же тiспеушiлiгi мал өсiрудi едәуiр шектеуге мәжбүр еттi.

Дүнгендер жүк тасу кәсiбiмен айналысу үшiн жылқы мен өгiз ұстады. Жүк тасу әдетте ауыл шаруашылық жұмыстары аяқталып, жиынтерiн бiткеннен кейiн басталатын. Олар өздерi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн Әулиеатаға, Верныйға, Ташкентке, Жар кентке, сондайақ Шыңжанға алып барып сататын. Ал қайтарында Ресей мен Қытай өнеркәсiбi шығарған бұйымдарды ала келетiн.

Дүнгендер өз шаруашылықтарында аздаған сиыр, қой, ешкi ұста ды. Ал ауыл шаруашылық жұмыстарынан қолдары босаған кезде қамыстан ши тоқыды. Ол үшiн тайланған баубау қамысты пайдалан ды. Дүнгендердiң бiрқатарының май шайқайтын, күрiш кептiретiн, сiрке су дайындайтын шағын кәсiпорындары болды. Сынған ыдыс тарды құрсаулап жөндеудi кәсiп етушiлер де аз болған жоқ.

Материалдық тұрғыдан жағдайлары жақсарған дүнгендердiң ара сында да өз көпестерi шықты. 1905 жылы Жаркенттiң өзiнде ғана


167 дүнген көпесi болды. Олардың қытай тiлiнде сөйлесуi Қытаймен екi арадағы саудасаттықты монополияға айналдырып алуларына жағдай жасады.

6. Ұйғырлар мен дүнгендердiң мәдениетi. Ұйғырлар мен дүн гендердiң рухани мәдениетiн зерттеумен кезiнде Ш. Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, В.И. Роборовский және басқалары айналысқан болатын. Олар бұл халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениетi жөнiнде бай мағлұматтар қалдырды.

ХХ ғасырдың 20жылдарына дейiн дүнгендер Қытай иероглифiн, сонымен қатар араб алфавитiн пайдаланып келдi. Дүнгендердiң көп шiлiгi қазақ, орыс және қырғыз тiлдерiн жақсы бiлдi. Олардың өлең жырлары мен аңызәңгiмелерiнiң едәуiр бөлiгi Қытайда тұрғандағы ұлтазаттық қозғалысына арналған болатын. Дүнгендердiң сати ралық әзiл әңгiмелерi мен әндерi халық арасында кеңiнен тарады. Ақын Ву Сан байлар мен сараңдарды, екi жүздi, жәдiгөй жауыздарды айыптайтын, күлкi ететiн өлеңдер жазды. Дүнгендердiң ғажайып ертегiлерi бар. Ертегiлер мен аңыз әңгiме айтушылар фофуди деп аталады.

ХIХ ғасырда ұйғырларда халық арасынан шыққан Садыр Палуан, Назугум сияқты бiр топ атақшы әншiлер – қошықшылар болды. Олар ұйғыр халқының Цинь билеушiлерiне қарсы ұлтазаттық қоз ғалысын өздерiнiң өлеңжырларына арқау еттi. Ұйғыр ақындары ның шығармаларында 1916 жылғы оқиғалар да өз көрiнiсiн тапты. Ол кезде ұйғырлардың да еразаматтары майдан тылында жұмыс iстеу үшiн әскер қатарына шақырылған болатын.

Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға өздерiнiң бiрегей матери алдық және рухани мәдениетiн, өзiндiк ерекшелiгi бар шаруашылық кәсiбiн ала келдi. Жалпы алғанда қазақтар мен қоныс аударып кел ген ұйғыр, дүнгендердiң арасында татутәттi бейбiт қарымқатынас орнады. Олардың мұсылман дiнiнде болуы да едәуiр дәрежеде оң ықпал еттi. Алайда ұйғырлар мен дүнгендердiң қоныс аударып келуi қазақтардың онсыз да ауыр жер мәселесiнiң қиындап, нашарлай түсуiне де өз әсерiн тигiздi.

 

1.

?
Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстан аумағына қоныс аударуды неге қалады? 2. Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу аумағына қоныс ауда

руы қашан басталды? 3. Картадан қоныс аударушылардың орналасқан аймақтарын көрсетiңдер. 4. Қоныс аударушылар алғашқы кезде қандай қиындықтарды басынан кешiрдi? 5. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жаңа жерге жайғасқаннан кейiнгi шаруашылықтары қалай дамыды? 6. Ұйғыр және дүн ген халықтарының өзiндiк бiрегей мәдениетi туралы айтып берiңдер.

7. «Жетiсу облысының халықтары» (1897 жыл) деген тақырыпта мына тө мендегi кестенi толтырыңдар.


Халықтар Қоныс Тiлi Дiнi Халқының Айналысатын Жазусызуы
  аударып     саны негiзгi (арабша,
  келген     (1897 жылға шаруашылық кириллица,
  кезi     қарай) кәсiптерi қытай
            иероглифi)
Қазақтар            
Орыстар            
Ұйғырлар            
Дүнгендер            

*
Дуал – балшықтан қаланып, биiк етiп салынған қоршау.

Дүнгендер – ислам дiнiн ұстанатын қытай тiлдес халық.

Ұйғырлар – Қытайдың батысын, Қазақстан мен Орта Азия аймағын ме кендейтiн түркi тiлдес отырықшы халық. Маньчжурлар оларды «тараншы» деп атаған, ол жер жыртушы, диқан деген мағына бередi.

Пржевальский Николай Михайлович (1839–1888) – белгiлi орыс географы әрi саяхатшысы, Азия зерттеушiсi.

1881 жылѕы 24 аћпандаѕы Санкт-Петербург бейбiт келiсiмшартынан: «... Iле bлкесiнiѓ тџрѕындарына олардыѓ ћазiргi тџрып жатћан жерле- рiнде Ћытайдыѓ ћол астында ћала беруiне де, Ресейдiѓ жерiне bтiп, оныѓ ћарамаѕына bтуiне де ерiк берiледi. Ресейге ћоныс аударѕысы келетiндер бiр жыл iшiнде ойланып шешiм ћабылдауы тиiс...» Ћазаћстан тарихы. Халыћтар мен мќдениеттер. Оћу ћџралы. Алматы, 2000, 220-бет. 1.Ресей–Ћытай арасындаѕы Санкт-Петербург бейбiт келiсiмшарты ћашан жасалып едi? 2.Осы келiсiмшарт бойынша Iле bлкесiнiѓ тџрѕын- дарына ћандай ћџћыћ берiлдi?

 

§37. ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНОСТЫҚ ТОПТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСА БАСТАУЫ

ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанның байырғы халқы өлкенiң басым көпшiлiгiн құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар едi. Халықтың қалған бөлiгiн казактар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондайақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этнос тық топтар құрады.

1. Орыстар. Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шендi орыстар болды. Олар шекара шебiндегi әскери бекi нiстер мен станицаларда тұрды. Кейiн Қазақстанды отарлау әрекетi күшейген кезде казак әлеуметтiк тобына қоныс аударып келген ша руалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана бердi.


Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары шекарадағы әс керлердi, сондайақ КолывановВоскресенск зауыттарында, таукен өндiрiстерiнде iстейтiн жұмысшыларды азықтүлiкпен жабдықтау мiндетiн шешуге тиiс едi. Шаруаларды қазақ өлкесiне кеңiнен тарту үшiн патша үкiметi еркiн отарлау әдiсiн де, күш қолдана отырып, ерiксiз жер аудару тәсiлiн де қолданды. Кейде орыс шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқан қашқындардың есебiнен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Бұқтырма өзенiнiң аңғарына, Алтай тауының адам аяғы жете бермейтiн биiк қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтымақ бұзушы секта жiкшiлдерi қашып кете беретiн. Сiбiр әкiмшiлiгi қашқындардың кенттерiн жою және Бұқтырма аңғарына қашудың жолын кесу үшiн қанша күш жiгер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды.

Қазақстанда орыс халқының саны ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде қызу қарқынмен өстi. Бұл кезеңде Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi шаруалар Қазақстанға жаппай көшiрiле бас таған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс тардың саны 544 мың адамға жеттi. Олар қазақ өлкесiндегi бүкiл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негiзгi бөлiгiн қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейiн казактар (33 пай ыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құра ды. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есiмi қазақ даласына белгiлi болды. «Дударай» әнiн орыс қызы өзi ғашық болған қазақ жiгiтiне арнады.

2. Украиндықтар. Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында ХVIII ғасырдың екiншi жартысында пайда болды. Олар негiзiнен ұлтазаттық қозғалыстарына қатысқандар едi. Украиндық тардың елеулi бөлiгi қазақтың кеңбайтақ даласына ХIХ–ХХ ғасыр лар шебiнде, Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезiнде келдi. Қоныс аударушы украиндықтар негi зiнен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары едi.

Украиндықтардың басты шаруашылық кәсiбi егiншiлiк болды. Қазақ даласындағы белгiлi украиндық диқандардың бiрi Ақмола об лысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосының шаруасы Василий Марченко едi. 1913 жылы Романовтар әулетi билiгiнiң 300 жылдығын атап өту құрметiне ең үлгiлi шаруа шылық үшiн белгiленген арнайы сыйлықтардың бiрiн осы В. Мар ченко жеңiп алған болатын. Ол егiстiк топырағының құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудiң он танапты әдiсiн енгiздi: «Сель ский вестник», «Хлебороб» журналдарын үзбей оқып тұрды. Сол кездегi ең жаңа ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланды. Үй жануарларының тұқымын асылдандырумен де айналысты.


Патша үкiметiнiң шаруалардың қоныс аударуына қаншалықты отарландырушы сипат беруге тырысқанына қарамастан, украиндық тар мен жергiлiктi қазақтардың арасында достық, тiптi туыстық қа рымқатынастар қалыптаса түстi. Мәселен, 1905 жылы Киевте бол ған шеруге қатысқаны үшiн Ақмола облысының Ақмола уезiне жер аударылған Афанасий Латутаны Жоламан деген қазақ өкiл бала етiп асырап алып, оған Жақып Жоламанов деген есiм берген. Жақып қа зақ тiлiн меңгерiп алды және өз бетiнше iзденiп, исламның негiзiн де үйренiп, мұсылман дiнiн қабылдады. 1916 жылы қазақтардың ұлт азаттық көтерiлiсi кезiнде ол Қорғалжыңдағы көтерiлiсшiлердiң та нымал басшыларының бiрi болды.

1897 жылғы халық санағының деректерi бойынша Қазақстанда 87 мыңдай украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесiндегi бүкiл халықтың арасында алған өзiндiк үлесi 2 пайызға жуық едi. Украиндықтардың негiзгi топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшiлiгi (87 пайызы) шаруалар бол ды, бiрқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей казактары қатарында әскери қызмет еттi.

3. Татарлар. Қазақстанда татарлардың келуi патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн отарлауға кiрiскен кезiнен басталды. ХVIII–ХIХ ға сырларда патша үкiметi қазақ даласына ислам дiнiн тарату саясатын жүргiздi. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дiн қызметкерлерi қатарынан ғана жiберiлдi. Мұның өзi қазақтарды Орта Азиядағы дiни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсаты мен жасалды.

Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшiлiгi өздерiнiң жеке хатшылары етiп Орынборға таяу жердегi Сейiтов слободасы нан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татар көпестер Ресей мен қазақ даласы арасындағы саудасаттықтың дамуына байланысты

 

 

Ақмола қаласындағы

татар зиялылары.


өздерiнiң белсендiлiгiн күшейте түстi. Қазақтардың тiлiн, әдетғұрып және салтсанасын жақсы бiлгендiктен де татарлар саудасаттық саласында делдалдық рөл атқарды. Татар көпестерiнiң қазақ дала сындағы ықпалы мен беделi бiртебiрте күшейе түстi. Татарлардың ауқымды бiр тобын Қазақстан аумағына Едiл бойы губерниялары ның помещиктерi жер аудартып жiбердi. Татарлар өлкенiң iрi Пет ропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және

;скемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиi орналасқан жерлерiнде татар слободкалары пайда болды.

Бұл халықтың өкiлдерi қазақ даласында жаңа әдiспен оқытатын жәдидтiк мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықылас пен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттерi мен журналдарын көбiнесе татар көпестерi қаржыландырып тұрды. Кейiнiрек патша үкiметi ис ламның қазақ даласында күшейiп бара жатқанынан қауiптенiп, са уатты және iскер татарлардың қызметiнен бас тарта бастады. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейiн жеттi. Мұның өзi Қазақстандағы бүкiл халықтың 1,3 пайызы едi. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы казактар, 2 пайызы көпестер болды.



Поделиться:




Поиск по сайту

©2015-2024 poisk-ru.ru
Все права принадлежать их авторам. Данный сайт не претендует на авторства, а предоставляет бесплатное использование.
Дата создания страницы: 2017-12-12 Нарушение авторских прав и Нарушение персональных данных


Поиск по сайту: